Девиантты мінез-құлық және бұқаралық ақпарат құралдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультеті

Девиантты мінез-құлық және бұқаралық ақпарат құралдары

Орындаған: Төлеуова Ж. Қ.,

П-225 топ студенті

Тексерген: Тұрғанбаева Б. Ш.

Семей 2015 жыл


Девиантты мінез-құлық жəне бұқаралық ақпарат құралдары

Қоғамның қазіргі күйінің үрей тудыратын симптомы - мінезқұлқында ауытқушылық бар кəмелетке толмаған балалар санының өсуі болып табылады. Мінез-құлықтың асоциалды, агрессивті, деструктивті, аддиктивті формаларының көріну үдерісіне бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), əсіресе теледидар, компьютерлік ойындар, видеофильмдер жəне т. б. үлкен əсер етеді.

БАҚ-тың теріс ықпалын жақтаушылар адамдар агрессивті болуға өзгелердің агрессивті əрекеттерін бақылай отырып үйренеді деген фактіге сүйенеді. М. Хьюсман зерттеушілер тобымен бірге 20 жыл бойы телехабарлар мен агрессивтіліктің арақатыстылығын бақылаған (Бэрон. Агрессия) . Олар 30 жаста жасаған қылмыстың ауырлығы 8 жастағы көретін телехабарлармен сəйкес келетіндігін анықтаған.

Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасу механизмі (БАҚ) мынандай болуы мүмкін:

Агрессивті мінез-құлықтың бақылау арқылы қалыптасуы бірнеше шарттар орындалғанда ғана мүмкін:

  • біріншіден, көрген хабар шынайы болуы жəне баурап алуы қажет;
  • екіншіден, көрген хабарды агрессия ретінде қабылдау қажет;
  • үшіншіден, агрессия көрермен өзін агрессормен теңдестіргенде ғана агрессия үлгі бола алады, нақты тұлға үшін агрессияның ықтимал нысаны фильмдегі агрессияның құрбанымен ассоцияланады.

Еліктеп үйренудің келесі принципиалды шарты агрессия нəтижесінде кейіпкер мақсатына жетеді немесе агрессордық кейпіне кіреді.

БАҚ-тың девиантты мінез-құлыққа ықпалын зерттеу үшін зерттеу əдістері жəне бұл мəселеде əртүрлі ғылыми психологиялық теорияларды білу керек.

Бұндай теориялар мен əдістер төмендегі ғылыми бағыттар болып табылады:

1. Бихевиористтік психология қойнауында туындаған, А. Бандура мен оның əріптестері тұжырымдаған əлеуметтік ілім теориясы. Осы аталған теорияға сəйкес, адам айналасындағылардың іс-əрекеттеріне қарап мінез-құлық үлгілерін меңгереді. Бұл жағдайда БАҚ жəне оның рөлі өте маңызды, себебі бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілетін көрсетілімдер ілім көзі болады. А. Бандураның тəжірибелерінде ересек адам қуыршақты балғамен ұру арқылы агрессивтіліктің осы тəрізді ұшқындарының мүмкін екендігін көрсетті, бұл балада болатын бастаудың босаңсуына əкеледі. Үлкендердің үрмелі қуыршақты ұруын балалардың бақылауы үлкендердің осы тəрізді əрекеттері жазылып алынған кинопленканы көрумен ауыстырылған, бұның да əсері ұқсас болған, яғни балалар осы секілді мінез-құлықты қайталаған. Осылайша, зорлық-зомбылық əрекеттерін бақылау зорлық-зомбылықпен байланысты ойлардың белсендірілденуіне əкеліп соғады.

2. Когнитивтік (танымдық) теория - ақпаратты алу, меңгеру үдерісінде соңынан қайтадан еске түсіруде адамдар жəне оқиғалар туралы тұлғаның еске түсіруін реттейтін "схема" қатысады. Бұл ақпараттардың барлық түрлерін өңдеудің жалпы сипаттамасы.

3. Тарату, əдетке айналдыру теориясы - бұл теорияның негізгі ережелерінің бірі БАҚ-тың ұзаққа созылған қайталанбалы ықпалы (əсіресе теледидар, компьютерлік ойындар) балалардың шынайы жəне əлеуметтік əлем туралы түсініктерін үнемі өзгертеді.

4 . Əлеуметтену теориясы - тарату, əдетке айналдыру теориясымен ортақ белгілері көп, əсіресе БАҚ-тың ұзаққа созылатын əсер ету үдерісімен байланысы бар, адамдардың əлем туралы білімге қажеттілігін қамтамасыз етеді, өз рөлін жəне ондағы маңыздылығын анықтайды, жеке тұлғаның өнегелі-моральдық қасиеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді.

5. Идентификация - қандай да бір телебағдарламаның əсерінен туындаған адамның эмоционалды күйі. Бұл өзін кейіпкермен салыстыру мен эмпатиялық əсерленушілік деңгейіне байланысты.

6. Қолдану жəне қанағаттану теориясы - адамдарды Бұқаралық ақпарат құралдарының қандай да бір түрін таңдауға, сонымен қатар шешім қабылдау мен өнімді қолдануда мақсаттарды анықтауда аудиторияның белсенді рөліне түрткі болатын факторларға үлкен мəн береді.

Телебағдарламалардың мінез-құлықтың ауытқуына тікелей немесе жанама əсер ететін мəтіндері (бұл жерде мəтін деп кез келген ақпаратты, мазмұнды, бейнені жəне т. б. түсінеміз) саны төмендегідей формамен жүзеге асады:

1. Зорлық-зомбылыққа бейімделу - БАҚ тұтынушыларының зорлық-зомбылық құндылықтарын белсенді бейімдеуі;

2. Девиантты мінез-құлықты ақтау - девиантты мінез-құлықты түсіндіру, кешіру үшін қолданылатын дəлелдер;

3. Девиантты мінез-құлықты батырлық ету - бұл жоғары идеалы миссияны орындауға іс-əрекетті немесе қылықты жатқызу есебінде дəріптеу;

4. Девиантты мінез-құлықты насихаттау - девиантты мінезқұлықты көрсетуге бағытталған қандай да бір көзқарасты, идеяны, ілімді, білімді тарату жəне түсіндіру;

5. Девиантты мінез-құлықты иелену - меншіктену орындау барысында зорлық-зомбылық кездесетін міндеттерді адам ашық түрде өз мойнына алуда жүзеге асады;

6. Девиантты мінез-құлыққа арандату - арандатушылық, девиантты мінез-құлықтың пайда болуына əкелуі мүмкін ісəрекетке біреуді итермелеу.

Қолданылған әдебиет:

1. А. Т. Ақажанова - Девиантология: Оқуқұралы. - Алматы: Нұр - пресс, 2009. - 126б

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының әсерін теориялық тұрғыда негіздеп, оның түзету жолдарын ұсыну
Девиантты мінез - құлық жəне бұқаралық ақпарат құралдары
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлық мәселесінің теориялық аспектілері
Девианнттық мінез-құлық әлеуметтануының өзектілігі
Жастар арасындағы девиациялық мінез-құлық
Деструктивті мінез құлық
«Девиантты мінез – құлқы бар балаларды анықтау және оқыту проблемаларын шешудің болашақ даму жолдары»
Девиантты мінез-құлық социологиясы
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz