Қант


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қант

Орындаған : Рақымғожа Е. Е.

Тобы: ТП-315

Тексерген : Касымов С. К.

Семей қ., 2015 жыл

Жоспар:

1. Қант

2. Қант қызылшасы

3. Ең алғаш қантты қай ел жасаған?

4. Қанттың пайдасы мен зияны

5. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қант

A.

Сахароза кристалдары.

Қант - қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім. Ақ, сары немесе қоңыр түсті, тәтті дәмді кристалл. Қант және шақпақ қант (рафинад) түрінде шығарылады. 100 г қанттың энергетикалық құндылығы (калориялылығы) 1, 68 МДж (400 ккал) шамасында. Құрамы жағынан қанттардың көпшілігі - көмірсутектің сумен қосылысы Сn(Н 2 О) m. Мысалы, гексоза С 6 Н 12 О 6 , сахарозаС 12 Н 22 О 11 , сондықтан оларды көмірсулар деп те атайды. Қант кондитер, нан пісіру, консервілеу, шарап жасау, т. б. өндірістерде пайдаланылады.

Тағам ретінде қолданылатын қант адам организмінің қалыпты тіршілік етуіне бірден бір қажет химиялық заттар - қанттар мен көмірсулар тобына жатады. Көмірсу және май алмасуының бұзылуымен бірге жүретін кейбір ауруларда (диабет, семіру) қантты пайдалануды бірден шектеген жөн. Дене еңбегімен жеткілікті дәрежеде айналыспағанда, әсіресе қарт адамдарға қантты мөлшерден тыс пайдалану жүрек-қан тамыр ауруларын туғызады. Қант күрделі (крахмал, лактоза, сахароза) және қарапайым (глюкоза, фруктоза) болып екі топқа бөлінеді. Ең кең тараған күрделі қант - крахмал - нанның, картоптың, жарманың құрамында болады. Көкөністерде, жемістерде және басқа кейбір азық-түліктерде крахмалдан басқа, лактоза (сүт қапты), өзіндік ас қанты - сахароза (қызылша немесе қант құрағы) бар. Бұл өнімдерде жай қант та кездеседі, олардың ішінде ең жиі тарағаны глюкоза (виноград қапты) және (жеміс-жидек қанты) . Глюкозаның көп мөлшері - жүзім шырынында, ал фруктозанікі - жеміс-жидектер мен балда болады. Қарапайым қант (әсіресе глюкоза) организмге жеңіл сіңеді және бәрінен де көп мөлшерде энергия береді, сондықтан оларды шұғыл түрде адамның әл-қуатын молайтатын заттар қажет болған кезде пайдаланған жөн.

Ас қантын - сахарозаны - қант қызылшасының тамырынан және қант құрағынан алады. Ас қорыту кезінде әлсіз қышқылдар мен ферменттердің әсерімен ас қанты глюкоза мен фруктозаға бөлініп организмге тез сіңеді. Ас қанты 200ᵒС-тан жоғары қыздырылғанда бояғыш заттар (яғни қанттың карамельденуі) пайда болысымен жіктеле бастайды; бұл процестер кондитер өнеркәсібінде кең қолданылады. Қоюланған (64%-тен астам)

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e6/Sorbitol.png/200px-Sorbitol.png

Сорбит

қант ерітіндісін консервілеуге болады, қайнатпа, джем, сондай-ақ жеміс пен жидекті консервілеуде қанттың қолданылуы осыған негізделген. Қант орнына қолданылатын заттар бұларға сорбит пен ксилит жатады. Оларды қантты пайдалануға болмайтын жағдайда (қант диабетімен ауырғанда, семіргенде) қолданады.

Сорбит - ақ түсті, тәтті, иіссіз, суда жақсы еритін кристалды ұнтақ. Ол шетеннің жемісінде және көптеген жеміс-жидектердің құрамында болады. Сорбиттің тәттілігі қантқа қарағанда 2 есе аз. Организмге сіңгеннен кейін, қандағы қант мөлшерін арттырмайды. Диабетпен ауырғандардың ұзақ уақыт бойына тәулігіне 100 г-ға дейін сорбитті пайдалануы оның толығынан зиянсыз екендігін анықтады. Сондай-ақ оны өт қызметін жақсартуға да пайдаланады.

Ксилит те сорбит сияқты қолданылады. 50 г-нан артық пайдалануға болмайды.

Қант өндірісі - қант қызылшасы мен қант құрағынан кристалды ақ ұнтақ қант және шақпақ-қант өндіру. Біздің елімізде қант құрамында 17, 5% қант болатын қант қызылшасынан өндіріледі. Қант өндірісінің негізгі процестері: қызылшаны жуу, жапыр ақшалап турау, диффузиялық аппараттарда өңдеу, диффузиялық шырынды тазарту (дефекация, сатурация, сульфитация), тазартылған шырынды булау, қою шырынды құрғақ заттары 92, 5% болғанша қайнату, центрифугалау, ұнтақ кептіру, салқындату; мұның нәтижесінде ұнтақ қант алынады кесек қант құмшекер қанттан жасалады.

2. Қант қызылшасы

A.

Қант қызылшасы .

Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) - қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 - 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 100 - 125 күн. Қант қызылшасы - құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0, 7% күл, 0, 1% май және 1, 2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3, 6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 - 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы - жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3, 5 - 4, 5 мм және 4, 5 - 5, 5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5, 6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6, 5 - 7, 5) . Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылданҚазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.

3. Ең алғаш қантты қай ел жасаған?

Қант . . . Осы бір тәтті ең алғаш қай елде белгілі болды екен? Ол қалай пайда болды? Қант жасауды адамдар қалай үйренді? Ол қалай жасалады?
Әрине, бұл сұрақтар сені де қызықтырмауы мүмкін емес. Сен бұл туралы білетін де боларсың . . . Бірақ өзіміз күнде жеп жүрген қанттың тарихын біреу білсе, біреу біле бермес. Сондықтан, білетінімізді ортаға салып көрелік.
Аралардың бал жасайтынын, оларды қолдан өсіруді ертеден-ақ білген көптеген елдер қантпен мүлде таныс емес еді. Бірақ ежелгі гректер «Үндістанда бал арасыз-ақ бал беретін қамыстың бар екендігін» айтып жүрді. Шынында да Үндістанда есте қалмаған өте ерте заманнан бергі қант қамысы деп аталатын өсімдіктен тәтті шәрбат жасауды білген. Кейіннен оны өңдеп қатты қант жасауды да алдымен білген үнділер болыпты. Үндістанның Бенгалия ауданын «қант елі» деп те атаған екен.
Дәл осы үнді жерінен қант қамысы парсы, араб сияқты өзге де жылы аймақтағы елдерге сапар шекті. Қант парсы және үнді көпестерінің арқасында Мысыр еліне жетіп, ол бірден емдік дәрі-дәрмек ретінде қолданыла бастады. Әйгілі саяхатшы Христофор Колумб өзінің саяхаты кезінде қант қамысын Куба аралына әкелді. Көптеген жерде тамырын жая қоймаған қамыс осы Куба аралының топырағында жақсы өсе бастады. Ол кезде қант Еуропа елдері үшін «жабайы тағам» деп аталыпты.
Аңыз
Үнділер алғашында қант жасаудың әдісін құпияда ұстапты. Ол үшін көптеген аңыздар да ойлап тапқан екен. Соның бірі былай дейді. Қант үнді жеріне разылық ретінде аспаннан қар сияқты ұлпа болып жауыпты. Сондай-ақ оны сиқыршылар ай жаңадан туған кезде оның жерге бағытталған мүйізінен алады екен.
Қант қызылшасын кімдер өсіре бастады?
Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғашқылардың бірі болып қант қызылшасын Мысып жерінде өсіре бастаған екен. Бірақ оны қант алу үшін емес, құлдарға тағам ретінде ғана қолданыпты.
Қант қызылшасының құрамында қанттың көптігін 1747 жылы Андреас Маргграф ашқан екен. Ол қант қамысының Еуропа жерінде өспейтініне көз жеткізген соң, оның орнын басатын өсімдіктікті іздей бастайды. Себебі, бұл уақытта қант Еуропа жеріне Куба, Мексика, Бразилия және АҚШ жерінен жеткізілетін еді. Сондықтан да оның бағасы тым қымбат болды.
Селекционерлер қолда бар өсімдіктердің құрамын тексерік шықты. Ең қолайлысы әрі құрамынан қант алуға болатын қант қызылшасы болып шықты. Маргграфтың ойлап тапқан жетістігін оның шәкірті Франц Карл Ахард қана іске асыра алды. Ол өмірінің барлығын қант қызылшасынан қант алуға жұмсап, 1801 жылы арнайы фабриканы жабдықтады.
Шақпақ қантты кім ойлап тапты?
Төртбұрышты үлгідегі шақпақ (рафинад) қантын ең бірінші болып чех оқымыстысы Рад Кристоф Яков ойлап тапқан. Ол өзінің ең бірінші Ол өзінің ең бірінші 350 түйірден тұратын бір қорап шақпақ қантын әйеліне тарту еткен. Бұл 1841 жылы болатын. Содан кейін бас көтермей жұмыс істеп тәжірибесін жалғастырды. Алғашқы шақпақ қанттар сатылымға 1843 жылы шыға бастады. Радтың саудаға шыққан алғашқы шақпақ қанттары бір қорапта 250 түйір болды және олар «Шай қанты» деп аталды.
Қант қалай жасалады?
Алдымен теріліп әкелінген қызылша үлкен астауға салынады. Содан кейін бірінен соң бірі кезекте тұрған машиналар жоғары көтеріп, жуын, оны майда тіліктерге кеседі. Тіліктерден шырын бөлінеді. Бірақ түсі ақ қызылша қара сөл бөледі. Осы сөлдер үлкен ыдыста жиналып түтікшелер арқылы өңдеуден өткенде, оның түсі мөлдір болады.
Қызылшадан алынған сөл қою болуы үшін үлкен мұнарада оның құрамындағы артық суларды буландырып шығарып тастайды. Шыққан затты тағы да тазартудан өткізіп, оған қант ұлпаларын себеді. Ұлпалар қоймалжың шәрбатқа араласып түйіршік болып «өсе» бастайды. Осылай қант кристалдары пайда болады. Кристалдарды арнайы қондырғыда жуып кептірген соң шекер пайда болады. Ал шекерден шақпақ қант жасалады. Міне, бір түйір қант жасалу үшін үлкен жұмыстар істеліп, көп тер төгіледі.
Маңызды мәліметтер
•Қанттың орыс тіліндегі «сахар» сөзі арабтың «суккар» және санскриттегі «саркара» атауымен туыстас.
•Тарих мамандарының айтуынша, Үндістанмен қатар Қытай да қанттың отаны саналады.
•Саудаға түскен ең алғашқы қант сатып алған адамның байлығының қандай дәрежеде екеніндігін көрсететін болған.
•Қант қамысын алдымен парсылар, содан кейін барып арабтар оны Мысыр жеріне апарып өсірген.
•Мұнан 2000 жыл бұрын үндістандықтар қант кристалдарын жасай білген. Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Үндістан жеріне жеткенде араларсыз «бал» алынып жатқандығын көріп таң қалыпты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасынан қант өндіру технологиясы
Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік
Мал азықтық қант қызылшасын сақтау
Қант қызылшасын өсіру
Малазықтық қант қызылшасының сақталуы
Қант өндіру
Диффузиялық шырынды тазарту
Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл
Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы жайлы
Қант қызылшасы өндірісін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz