Мектепке дейінгі ұйымда балаларды оқытудың психологиялық негіздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымда балаларды оқытудың психологиялық негіздері
Орындаған: Байкен Қымбат
П-223
Тексерген: Кошкимбаева Р. Х.
Семей 2015
БҰҰ Бас Ассамблясы қабылдаған (1989 г. ) ҚР «Баланың құқықтары туралы» Конвенциясына сәйкес баланың білім алуы оның толық мөлшердегі тұлғалық, ақыл-ойының, дарындарының дамуы мен физикалық қабілеттеріне қарай бағытталуы тиіс (29 - бап) .
Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың Мемлекеттік жалпы міндетті білім берудің жаңа стандарты баланың бес білім беру салаларының үйлесімді бірігуі арқылы дамуын қарастырады: денсаулық, таным, қатынас, шығармашылық және әлеуметтік орта.
1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі ерте балалық шақ бала өмірінің ерекше кезеңі. Бұл уақытта бала ағзасы тез қарқынмен өсіп, үлкендердің балаға әсер етуі неғұрлым тікелей және ұзақ мерзімде болады. Бір жастағы бала сенсорлық, сөйлеу, манипуляциялық қимыл дағдыларын меңгеруден сенситивті кезеңге өтеді. Сөйлеу белсенділігі қалыптасады. Бала жеке сөздерді анық айта бастайды.
3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерісінің - сезіну мен қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.
Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді. Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап-сезу, есту, иіскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.
Сөз - 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерістерін дамытуда жетекші орын алады. Балалардың сөздік қорын заттардың сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.
Бес жасар бала үшін үлкен адам тек білімнің көзі ғана емес, сонымен қатар айнала қоршаған әлемнің қыр-сырын білетін, әлеуметтік қатынастардың үлгісі, адами әрекеттердің қағидалары мен білімдерінің көзі болып табылады. Бала үшін өзін мазалаған мәселелерімен, қызықтырған сұрақтарымен, пікірімен үлкендермен бөлісу өте маңызды. Сондықтан ол адами қарым-қатынастар мен адамгершілік қағидалар туралы сұрақтарды көп қоя бастайды. Мұның себебі баланың күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардан туындаған алаңдаушылығымен байланысты.
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту процесі арнайы бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады:
«Біз мектепке барамыз» бағдарламасы 5-6 жас
«Зерек бала» бағдарламасы 4-5 жас аралығы
«Алғашқы қадам бағдарламасы» 1-3 жас аралығы
Балалабақшада оқыту әрекетінің ерекшелігі
Сәбилер тобы 1-3 жас аралығы
«Таным» білім беру саласы
Заттарды өлшемдеріне қарай таңдап ажыратады: үлкен, кіші, кішірек деген сөзді түсінеді. Үлкендердің көмегімен бірнеше шеңберден пирамида жинайды. Айналасындағы үлкендерге қызығушылық пайда болғанын білдіріп, оларға еліктейді, жануарларды дауыстарынан таниды.
«Қатынас» білім беру саласы
Үлкендердің көңілін аудару үшін кейбір жеке сөздерді айта алады. Тапсырмаларды орындайды, өзінің әрекетін сөздер мен тіркестер арқылы толықтырады.
Бөлмедегі заттар, жануарлар, өсімдіктер мен адамдардың белгілерін білдіретін сөздерді түсінеді.
«Денсаулық» білім беру саласы
Бір жастағы бала ересектің көмегімен орамалмен қолданып, түбікке сұрана алады. Эмоционалды көңіл-күй пайда болады: көздеген мақсатына жеткеніне қуану, дәміне қарай тамақты таңдау дағдылары, өзіне жақын адамдарды тану.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
Айналасындағылардың ым-ишарасы мен дауыс екпінін түсінеді. Балалармен қарым-қатынаста болуға тырысады. Өзінің жақсы, жағымды әрекеттері (ойыншықты ұсыну, қолын сүрту, бас киімін киюге көмектесу, аяқ киімін әкелу) мен жағымсыз әрекеттерін (қызғанады, кері итереді, ойыншықты тығып қояды) біледі. Үлкендердің айтқанын орындау керектігін түсінеді.
«Шығармашылық» білім беру саласы
Ырғақты музыкаға қосылып отырып-тұру, басын шайқау, бір аяқпен екінші аяққа кезек басып иілу қозғалыстарын орындайды. Заттардың түрлі пішіндері мен түстеріне қызығушылық білдіреді. Бөлме жиһазы мен ойыыншықтардың ерекшеліктерін ескереді. Қарындаштар мен фломастерлерді, дайын жапсырма пішіндерді (аппликация) қолданып үйренеді.
Ортаңғы топ 4-5 жас аралығы
баланың дене күшінің сапасы мен қозғалыс белсенділігін арттыру. Денсаулық сақтау құзіреттілігін меңгерген, өз денсаулығын жете түсініп қарайтын және салауатты өмір салтын сақтайтын тұлғаны қалыптастыру.
қоршаған әлемді қабылдауға, меңгерген білім-білік дағдыларын қолдануға қабілетті, танымдық құзіреттіліктерді меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.
тілдік құзіреттілікті меңгерген, ана тілі мен мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндігі бар және үлкендермен және құрдастарымен еркін қатынас жасайтын мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.
эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілетін қарастыратын шығармашылық құзіреттілігін меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру. - заттардың ерекшеліктеріне тән түрлі пластикалық материалдардан мүсіндеу іскерліктерін дамыту;
- заттарды бейнелеу тәсілдері мен мәнерлеу құралдарын өз еркімен таңдап алуға үйрету;
- шығармашылық әрекеттер үдерісіне, көркем шығармаларға, халық шығармашылығына жағымды қатынасын білдіру іскерліктеріне тәрбиелеу.
- өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер, қозғалыс пен байланыс құралдары, қарапайым зерттеу-іздеу әрекеттері туралы ұғымдарын кеңейту;
- заттар арасындағы байланыстардың себеп-салдарын, құбылыстар мен оқиғаларды түсіну іскерліктерін қалыптастыру;
- заттар әлемі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Ересек жас 5-6 жас
«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін меңгеру, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруі, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.
«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz