Дүниеге қөзқарас және онын типтері. Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі.Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері жайлы мәлімет



1. Дүниеге қөзқарас және онын типтері
2. Ежелгі Қытай философиясы
3. Философиядағы адам мәселесі
4. Гносеология және эпистемология
5. Диалектика және онын әдістері
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса «Үлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені жағапай қоршаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бүл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде? деген осындай және мыңдаған басқа сұракгар адамның ойына оқтын-октын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.
Алайда қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды, өйткені соңғыға тек қана абстрактілік ой-өріс дамуының негізінде Дүниені үгымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractio — латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылыстың әртүрлі жактарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия — Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз (mithos — грек сөзі, баян, аңыз, logos — грек сөзі, ілім деген магына береді).
Миф — табиғат, қоғам және адам жөніндегі алгашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasia — грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі — мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаган табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байла- нысты болса керек.
Бірақ тереңірек қарасақ, әртүрлі халықтардың дүниеге қойған сұрақтары, ізденістерінің бір-біріне ұқсас жақтарын да көруге болады. Олар: Дүние қалай пайда болды? Кім адамды тудырды? Адам неге өледі? Адамдардың сөйлейтін тілдері неге әртүрлі? Аспан мен жер неге бір-бірінен бөлінген? т.с.с.
Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауаптар бүгінгі адамдарды қанағаттандырмайды, оған ол тұрпайы болып көрінеді, өйткені мифтерде табигаттың қүбылыстары сиқырлы күштер арқылы түсін- діріледі. Мифтер — адамзаттың «балалық тарихындагы» туынды- лары. Сол кездегі адамдар мифтердегі айтылатын сиқырлы күштер- ге өзінің ықпалын тигізе алатынына кэміл сенді. Сонымен олар жагалай қоршаған ортаны, табиғаттың зор күштерін қнялдық жолмен түсінуге жэне игеруге тырысты.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкірім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:  1.Дүниеге қөзқарас және онын типтері 2.Ежелгі Қытай философиясы
3.Философиядағы адам мәселесі 4.Гносеология және эпистемология 5.
Диалектика және онын әдістері

Дайындаған: Муханаев К.К
Тобы: ЭН-401

Семей қаласы 2015 – жыл.
Мазмұны
1. Дүниеге қөзқарас және онын типтері
2. Ежелгі Қытай философиясы
3. Философиядағы адам мәселесі
4. Гносеология және эпистемология
5. Диалектика және онын әдістері

1. Дүниеге қөзқарас және онын типтері
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл
Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным
қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса Үлы
мәртебелі Табиғат неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар
ма екен? Мені жағапай қоршаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай
әсем? Ертең-ақ бүл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен
бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде? деген осындай
және мыңдаған басқа сұракгар адамның ойына оқтын-октын келеді. Әрбір адам
өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне
қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас
қалыптастырады.
Алайда қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды,
өйткені соңғыға тек қана абстрактілік ой-өріс дамуының негізінде Дүниені
үгымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractio — латын сөзі, ой арқылы заттың,
құбылыстың әртүрлі жактарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса,
философия — Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның
шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз (mithos — грек сөзі,
баян, аңыз, logos — грек сөзі, ілім деген магына береді).
Миф — табиғат, қоғам және адам жөніндегі алгашқы тұрпайы фантастикалық
түсініктер (phantasia — грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы
әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне
қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу
жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі — мифтердің
Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды.
Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен
түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары
халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаган
табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байла-
нысты болса керек.
Бірақ тереңірек қарасақ, әртүрлі халықтардың дүниеге қойған сұрақтары,
ізденістерінің бір-біріне ұқсас жақтарын да көруге болады. Олар: Дүние
қалай пайда болды? Кім адамды тудырды? Адам неге өледі? Адамдардың
сөйлейтін тілдері неге әртүрлі? Аспан мен жер неге бір-бірінен бөлінген?
т.с.с.
Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауаптар бүгінгі адамдарды
қанағаттандырмайды, оған ол тұрпайы болып көрінеді, өйткені мифтерде
табигаттың қүбылыстары сиқырлы күштер арқылы түсін- діріледі. Мифтер —
адамзаттың балалық тарихындагы туынды- лары. Сол кездегі адамдар
мифтердегі айтылатын сиқырлы күштер- ге өзінің ықпалын тигізе алатынына
кэміл сенді. Сонымен олар жагалай қоршаған ортаны, табиғаттың зор күштерін
қнялдық жолмен түсінуге жэне игеруге тырысты.
Жалпылай келе, эртүрлі халықтардың мифтерін бслгілі бір топтарға бөлуге
болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космо- гоннилық (cosmos — грек
сөзі, әлем, genesis — грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда
көбінесе Дүниенің алғашқы жагдайы хаос (chaos — грек сөзі, шексіз шашылган
бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті
арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тэртіп келіп, әртүрлі табиғаттың
құбылыстары дүниеге келеді.
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап
өтуге болады?
Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде
өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер. дін, саясат, мораль сияқты
құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті галымдар
қогамдық сананың синкре- тнкалық түрі деп есептейді (synkretismos — грек
сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген магына береді).
Екінші ерекшелігі — мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жагалай қоршаган
ортаны антропоморфнзациялау, адамның өзін- дік мэндік қасиеттерін бүкіл
табиғатқа таратуы, табиғатгың құбы- лыстары мен заттарын олардың адам
сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкэрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін
аспаннан жауган нөсердің мифте Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны
жөніндегі қияли ойлары.
Үшіншіден, мифте элі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаган орта, әлеуметтік
қатынастар көркем соз арқылы бейнеленеді.
Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында
антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (antropos – грек сөзі, адам, centrum
— латын сөзі, орта, әртүрлі қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі).
Бұл мифтер: Дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол өлген
кезде оның денесінен Дүние жаратылады, — деген пікір айтады.
Көне заманда күн мен ай, аспан мен жүлдыздар жөніндегі аңыздар адамдардың
омірінде кең орын алган. Күннің сәулесінің жер бетіндегі тіршіліктің
өміріне тигізетін шешуші рөлі сол заманда-ақ анықталып, Күн Құдайы негізгі
табынатын құдайлардың біріне айналган. Сонау көне заманда пайда болған
дөңгелек күнге ұқсатылып жасалған. Мысалы, біздің ертедегі бабаларымыз
аспанға (тәңір, қытайша — тян) табынып: Жер мен тіршілікті, адамды
жаратқан — сол аспан Құдайы, — деп есептеген.
Жагалай қоршаган ортадагы өзгерістер, қайталау үрдістері, жыл
маусымдарының, күн мен түннің ауысып отыруы, жер сілкіну, дауыл, топан су,
т.с.с құбылыстар көне мифтерде жүлдыздар мен планеталардың орналасуымен,
солардың ықпалымен түсіндірілді. Аспандагы жұлдыздардан тұратын фигуралар
жердегі ахуалды, болашақта болатын оқиғаларды анықтайды, — деп есептелді.
Бүгінгі асгрологиялық болжамдар (astron — грек сөзі, жүлдыз) сол көне
замандағы пайда болган мифтерге сүйенеді.
Мифологиядағы тагы бір ерекшелік — ол адамның жан дүние- сін, сезімдерін
ерекше Құдайдың іс-әрекетінен шыгаруы. Бұл сонау көне заманда пайда бола
бастаған діннің, адамның өз ішкі рухани өміріне үңіліп, таным жолына қоя
бастағанының кепілі болып табылады. Мысалы, грек мифологиясындагы
кейіпкерлер ғашық сезіміне шомылса, ал Афродита: Ғашықтық — Құдайдың ісі,
— деп түсінеді. Егер еске түсіру Құдайы — Мнемосина көмек берсе, адам есіне
өткен оқиғаларды түсіреді, егер Муза Құдайлары көмектессе, онда адамга
шабыт бітіп, ол өнерде шыгармашылық туындыларын жасайды.
Бүгінгі өмірде ғылым мен техниканың, гуманитарлық пәндер- дің дамуына
қарамастан (humanitas — латын сөзі, адамгершілік, адамзат), мифтерге сену,
олардың жаңа түрлерін тудыру осы уақытқа шейін жалғасып келе жатыр. Мысалы,
адамдардың ғарыштағы басқа саналы пенделерге кездесуге деген бітпес іңкэрі
неше түрлі аспаннан ұшып келген тарелкалар жөнінде, ондагы жандардың адамга
ұқсас екені, жер қызының ғарыштан келген жігітке гашық болғаны жөніндегі
мифтерді атап өтуге болады. Сонымен бүгінгі таңда, сонау мыңцаған жылдар
өткен замандағы сияқты, қазіргі мифтің мазмұнынан біз жоғарыда көрсетілген
антропоморфизациялауды байқаймыз.
Әсіресе қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық қиын- дықтар, адамның
рухани өмірінің өзегін құрайтын құндылықтардың күрт өзгеруі қогам өмірі
жөнінде, билік басында отырған адамдар, олардың отбасылары, өмір салты
жөнінде неше түрлі мифтерді тудырып отыр. Әрине, оларды тудыратын — халық,
бұл мифтерде адамдардың жақсы өмірге деген іңкэрі, өмірдегі болып жатқан
көп эділетсіздіктерді қабылдамауы байқалады.
Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.
Біріншіден, дін мифологиялық санага қараганда, адамның абстрактылық ойлау
қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік,
шексіздік, эсемдік, ізгілік жэне т.б. ұғымдардың пайда болуы).
Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, эсіресе қогам өміріндегі себептік-
салдарлық, қажеттік жэне кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды
сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкэрі. Бірақ олардың мэнін дұрыс
түсіне алмаганнан кейін, адамдар табиғаттагы заңдылықтарды неше түрлі
қүдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамга керек багытта
өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.
Үшіншіден, адамның элеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-
зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қараганда басымды- лығы оның көкейінде
бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды
армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.
Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген
қиялын оятып, оның мэңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек
деген ойын тугызды.
Басқа қогамдагы сан алуан қүбылыстар сияқты дін де тарихи өзгерістерге
түсіп, өзінің әртүрлі багыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш
негізгі дүниежүзілік діндер бар. Хрнстиан дініндегі негізгі идея —
эсхатология (eschatos — соңғы, грек сөзі, logos — ілім) тарихтың, Дүниенің
соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі жэне өлген адамдарды
таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жүмаққа аттандыру.
Христиан дінінің негізгі қағидасы — сүГііспеншілік жэне оны уагыздауда осы
дін өте биік ягни, жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін
дэрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).
Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды — Алланы, оның қүдіретті
күшін мойындайды. Бүл діннің негізгі ерекшелігі — Құрандагы жазылған
қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйле- сімді түрде ретке келтіріп
отыруга тиіс. Сондықтан Ислам діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа
белсенді ықпал жасауға тырысады (Ауганстан, Пэкістан, Иран). Ислам діні
басым елдерде, шариғаттың негізінде өмір сүретін исламдық құқықтық мемлекет
орнату идеясы көптеген адамдардың мақсатына айналуда.
Ислам дінінің негізгі қағидасы — мейірімділік, қайыршыға, кемтар адамдарга
қол ұшын беру (садақа), зекет төлеу (адамның өз еркімен элеуметтік салаға
кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар.
Бұлардың бэрі де ислам дінінің әлеуметтік-демократиялық жақтарының үлкен
ықпалын көрсетеді.
Үшінші дүниежүзілік дін — Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі — оның
этикалық-практикалық багыттануы (ethos — грек сөзі, эдет-ғұрып, prakticos —
грек сөзі, белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам
зардап шегеді. Оның себебі — адамның өмірге деген құштарлығында, оның
қызыгына тоймауын- да. Ал зардаптан құтылу үшін адам бүл бейнеленген
болмыстан бас тартуы керек. Ол үшін адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне
көтері- ліп, бейнесіз болмысқа өтуі керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардап-
тан құтыла алады. Дүниежүзілік мэдениетте мұндай өмірден бас тартуга
шақыратын бірде-бір философия жоқ сияқты.
Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі — ахішса (зиян- дық жасамау)
қағидасы, яғни өмір сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, зорлық-зомбылық
арқылы залымдыққа қарсы тұрмау, адамдар мен халықтардың арасында жеңген де,
жеңілген де болмауга тиіс.
Буддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы Дүниеден лэззат іздеген, гедонизм
(gedone — грек сөзі, рахат, ләззат) жолына түсіп, жер бетінде экологиялық
дагдарыс туғызган қазіргі Батыс цивили- зациясына наразылық көзбен қарайтын
миллиондаған адамдардың жүрегіне жақсы үялайды.
XX ғасырда бұрынғы Кеңес Одагының шеңберінде социалис- тік қоғам құру
барысында жаца ағарған дінді адамдардың жан дүниесіне кіргізу (маркснзм-
ленинизм) амалы, бұрынғы діндермен күресу, оларды қоғамның рухани өмірінен
сырттату саясаты жүр- гізілді. Жалпы алғанда, марксизмді Батыс Европа ой
жүйесінің логикалық соңы ретінде қарауға болады. Бұл ілім бойынша адамзат
болашақта жер-бетін, қогам өмірін қайта өзгертіп, сол өзгерісті жасау
барысында жаңа адам дүниеге келеді. Оған мемлекеттік басшылық, заңдар керек
емес. Ол тек қана адамгершілік нормалардың шеңберінен шықпай өмір сүреді.
Жаңа адам жан- жақты жэне үйлесімді түрде өзінің дарындары мен қабілеттерін
дамытып, өзіне керек барлық қажеттіктерін кедергісіз өтей алады.
Алайда мүндай жердегі жұмақ орнатуға бағышталған орасан зор ерлік жэне
сонымен қатар қайғылы да аянышты әлеуметтік тәжірибе 70 жылдан кейін
қоғамды тарихи тұйыктыққа әкеліп тіреді. Коммунизмнен күдер үзген
миллиондаған адамдар өздерінің өмірлерінің мэн-мағынасын іздеу жолында
бүгінгі таңда бұрынғы дүниежүзілік діндердің шеңберіне қайта оралды.
Алайда қазіргі адамзатты бірде-бір дүниежүзілік дін толығы- нан
қанағаттандырмайды. Сондықтан, бір жагынан алғанда, қайшы- лықтарға толы
цивилизацияға бүкіл адамзаттың басын біріктіретін бір гана дін болуы қажет
сияқты. XIX гасырдың ортасында Иран топырағында пайда болған Бахаизм діні
сол рөлді өз мойнына алып орындауга тырысуда.
Екінші жағынан, XX ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыс, миллиондаган
адамдардың қырылуы, ғылым мен техниканың жетіс- тіктерін пайдалану
жолындағы теріс салдарлар, тірі табигаттың әлсіреуі көп адамдардың қайтадан
көне табиғатқа табынатын діндерге жаңа дәрежеде қайтып оралғысы келетінін
сездіртеді.
2. Ежелгі Қытай философиясы. Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік
деңгейде танымал мемле- кеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз.
Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен
күнге күшейтіп отырған кершіміздің ұлттық болмысын, философиялық
дүниетанымын, адамгершіліктік ұста-нымдарын танып-білу біз үшін
аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның
философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне Қытай
философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай
қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII –VI
ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мек-тептер
мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:
1) Ең басты ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни
философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерешелік сол
Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей
туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік құрған
мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван, барлық билік соның қолында, ол
әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі
деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер – чжухоу, беделді отбасылар
– дафу және ши, ең төменде -ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң
тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы,
әрине, жоғары мен төменнің арасындағы қатынастарды қалыптастыруға,
реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.
2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі
туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты
мәселесі – адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай
философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп
танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам – қарапайым
микрокосм. табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін
жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті – осы жіптерді
үзбей, жеке белсенділік көрсетпей, өзінен жоғарыға, езінен үлкенге қызмет
етіп. табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін
жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену., Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе
– жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, мемлекет, ал жетілген қоғам
жетілген адамгершілікке ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді.
3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі
мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және
қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мөселелеріне басты назар аударылды.
Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық
категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.
4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді
инь-ян мектебі немесе натурфилософтар, моистер және дао-сизм мектебінің
өкілдері ғана қарастырды.
Бірақ табиғи құбылыстарды да Қытай ойшылдары әлеуметтік және адамгершілік
құбылыстармен байланысты қарастырды. Дүниенің бес ба-стауы: су, от, ағаш,
металл, жер және табиғаттың бес құбылысы: жаңбыр, күнщуақ, ыстық, суық және
жел бар деп түсінген және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниеге қөзқарас пен оның типтері жайлы
Философиядағы адам мәселесі жайлы
Дүниеге қөзқарас пен оның типтері
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
Дүниеге қөзқарас және онын типтері.Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері
Дүниеге қөзқарас және онын типтері. Ежелгі Қытай философиясы. Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері туралы ақпарат
Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері
Дүниеге көзқарас туралы ақпарат
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер