Көпжылдық шөптердің тұқымдық егістерінің сапасын бағалау



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
 Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығына сипаттама
 Агротехникалық ерекшеліктері
 Мемлекеттік үлгі қалыптармен мөлшерленетін (МҮҚ) себу сапа көрсеткіштері.
 Мемлекеттік үлгі қалыптармен мөлшерленбейтін себу сапа көрсеткіштері.
 Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым сапасын әдісі мен техникасы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тұқым шаруашылығы – ауыл шаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сорттары мен будандарының жоғары сапалық сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамасызз етумен қатар ,тұқымдық дәннің сорттық , биологиялық және өнім беру қасиеттерінің сақталуын қадағалап отыратын ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бір саласы.
Тұқым шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті атқарады .Біріншісі, белгілі бір аймаққа енгізілген жаңа сорттың жоғары сапалы тұқымын қажетті мөлшерге дейін көбейту.Бірақ жалпылама көбейтудің нәтижесінде және сортты ұзақ пайдаланудың әсерінен ,олардың өнімділігі азаяды. Екіншісі,аудандастырылған өндірістегі сорттық тұқымның сапасын анықтау.Сондықтан , тұқым шаруашылығында сорт алмастыру және сорт жаңарту қызметтері жүргізіледі. Тұқым жаңарту негізгі элита болып табылады.Элита француз тілінен аударғанда өте жақсы деген мағынаны білдіреді.Яғни , бұл дегеніміз – сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы.Сорттың генетикалық тұрғыда сақталуын қадағалауда жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.Егістікте жыл сайын егістік сапасын жақсарту үшін агротехникалық шараларды қолданып отыру керек.
Тұқым шаруашылығының негізгі міндеті-сортты тұқымдарды көбейту, олардың тазалығын,биологиялық және өнімділік қасиетін сақтау болып табылады. Бұл мал шаруашылығынөркендетудің ең басты көзі алдымен жемшөп негізінен табиғи жайылымдар мен шабындықтарды түбегейлі жақсартумаен бірге ол жерден, әсіресе суармалы егістіктерден сапалы пішен дайындау арқылы қолжетеді. Әріне бұл міндет көпжылдық шөптердің егіс көлемі мен олардың өнімін арттыру арқылы шешіледі. Сондықтан да көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығын дұрыс жолға қою керек. Бірақ көптеген колхоздармен совхоздарда шөп тұқымының жоқтығы оның егіс көлемін кеңейтуге кедергі жасап келеді. Әрбір шаруашщылықта жылма-жыл жеткілікті мөлшерде жоғары сапалы шөп тұқымаы болмайынша, өзіндік құны арзан жем-шөп дайындау, екпе шөптердің көлемін арттыру және табиғи жайылымдар мен шабындықтарды жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді суармалы екпе жайылым және шабындық жасау мүмкін емес.
1. Т.Н.Нұрғасенов, Ә.Х.Қалиев, С.Е.Сүлейменова, С.С.Асқанбаева «Өсімдіктер селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері» «Фолиант» баспасы. Астана-2007 ж; 292-300 беттер
2. Қ.К.Әрінов,Қ.М.Мұсынов,А.Қ.Апушев,Н.А.Серікпаев,Н.А.Шестакова,С.С.Арыстанғұлов. «Өсімдік шаруашылығы» Алматы,2011ж. 88-118 беттер аралығынан
3. Əубəкіров Қ.Ə., Атақұлов Т.А., Каракальчев А.С. Ə 79 «Мал азығын өндіру практикумы». -Алматы, «Агроуниверситет» баспасы, 2009ж. 352-361 беттер.
4. http://www.sadyk.ru/kormovie-travi/mnogoletnie-zlakovie-travi
5. http://studopedia.ru/9_48627_kirispe.html
6. http://t3.kaznau.kz/

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БАӨЖ

БАӨЖ

Тақырыбы: Көпжылдық шөптердің тұқымдық егістерінің сапасын бағалау

Орындаған: Шәріпова М.С
Тобы: АГ-313
Курс: III
Тексерген: Сагандыков С.Н

Семей - 2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығына сипаттама
Агротехникалық ерекшеліктері
Мемлекеттік үлгі қалыптармен мөлшерленетін (МҮҚ) себу сапа көрсеткіштері.
Мемлекеттік үлгі қалыптармен мөлшерленбейтін себу сапа көрсеткіштері.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым сапасын әдісі мен техникасы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тұқым шаруашылығы - ауыл шаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сорттары мен будандарының жоғары сапалық сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамасызз етумен қатар ,тұқымдық дәннің сорттық , биологиялық және өнім беру қасиеттерінің сақталуын қадағалап отыратын ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бір саласы.
Тұқым шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті атқарады .Біріншісі, белгілі бір аймаққа енгізілген жаңа сорттың жоғары сапалы тұқымын қажетті мөлшерге дейін көбейту.Бірақ жалпылама көбейтудің нәтижесінде және сортты ұзақ пайдаланудың әсерінен ,олардың өнімділігі азаяды. Екіншісі,аудандастырылған өндірістегі сорттық тұқымның сапасын анықтау.Сондықтан , тұқым шаруашылығында сорт алмастыру және сорт жаңарту қызметтері жүргізіледі. Тұқым жаңарту негізгі элита болып табылады.Элита француз тілінен аударғанда өте жақсы деген мағынаны білдіреді.Яғни , бұл дегеніміз - сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы.Сорттың генетикалық тұрғыда сақталуын қадағалауда жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.Егістікте жыл сайын егістік сапасын жақсарту үшін агротехникалық шараларды қолданып отыру керек.

Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығына сипаттама

1. Тұқым шаруашылығының негізгі міндеті-сортты тұқымдарды көбейту, олардың тазалығын,биологиялық және өнімділік қасиетін сақтау болып табылады. Бұл мал шаруашылығынөркендетудің ең басты көзі алдымен жемшөп негізінен табиғи жайылымдар мен шабындықтарды түбегейлі жақсартумаен бірге ол жерден, әсіресе суармалы егістіктерден сапалы пішен дайындау арқылы қолжетеді. Әріне бұл міндет көпжылдық шөптердің егіс көлемі мен олардың өнімін арттыру арқылы шешіледі. Сондықтан да көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығын дұрыс жолға қою керек. Бірақ көптеген колхоздармен совхоздарда шөп тұқымының жоқтығы оның егіс көлемін кеңейтуге кедергі жасап келеді. Әрбір шаруашщылықта жылма-жыл жеткілікті мөлшерде жоғары сапалы шөп тұқымаы болмайынша, өзіндік құны арзан жем-шөп дайындау, екпе шөптердің көлемін арттыру және табиғи жайылымдар мен шабындықтарды жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді суармалы екпе жайылым және шабындық жасау мүмкін емес.
Республика шаруашылықтарында қазіргі уақытта шөп тұқымын өсіруді дұрыс ұйымдастырып, оның көлемін кеңейту және өнімін арттыру үшін қажетті мүмкіншіліктердің бәрі бар.Шөп тұқымын өндіруге материалдық ынталандыру шаралары арттырылды және мемлекетке сату бағасы жоғарылады.Мысалы жоңышқаның бір центнер тұқымның бағасы 300 сомнан асты.
Көптеген аудандарда аудандастырылған шөп соттарының жоғары репродукциялы- товарлы тұқымдарын өсіретін шаруашылықтар құрылады. Республикамызда мұндай колхоздар мен совхоздар қазірдің өзінде 110-ға жетті.
Елімізде ауыл шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтттарының облыстық, мемлекеттік ауыл шаруашылығы жоғар оқу орындарының көптеген саналатын тәжірибе және оқу шаруашылықтары қабылданған тұқым шаруашылығы жүйесіне сәйкес шөптің элита бірінші репродукциялы тұқымдарын өндірумен шұғылданады.
Бұл шаруашылықтарда жаңадан аудандастырылған шөп тұқымын өсіріп,бұрыннан келе жатқан сорттарды жақсарту жұмыстарымен шұғылданады. Сонымен бір жағдайда тұқымды сорт алмастыруға және екінші ретте сорт жақсартуға пайдаланады. Колхоздармен совхоздарда сорт 5-6 жылдан кейін бір рет жаңартылады.
Жоғарыдағы тәжірибе шаруашылықтардың арнаулы тұқым шаруашылығына элита тұқымы келіп түседі. Олар бірінші және екінші репродукциялы тұқым өсіріп көбейтеді. Ал колхоздар мен совхоздар өздерінің тұқым учаскілеріне екінші және үшінші репродукциялы тұқымдар өсіреді. Малазығы үшін үшінші және одан да кейінгі репродукциялар қолданылады.
Көпжылдық шөптердің тұқымын алуға бірінші кластан төмен сорттар пайдаланбайды. Егер шаруашылықта аудандастырылған шөптің сортты тұқымы болмаған жағдайда, шабындық пен жайылымдық жерлерден ең жақсы жергілікті сорт тұқымын жинап алады.
Жаңадан жинап алған тұқымды кептіру керек ижәне күн көзіне дегдітіп, жел жақсы алмасатын қоймаға сақтайды.
Көпшілік астық тұқымдас өсімдіктердің тұқымы қауызды, қылтанақты болғандықтан тұқым себу кезінде бір-біріне жабысып, жерге түсуі нашарлайды. Сондықтан да қылтықсыз арпабас, шалғындық түлкіқұйрық биік үйбидайық тұқымын арнаулы елеуіштен өткізіп, олардың сусу қасиетін жоғарлатады. Бұл жұмысты тұқым себуден 1,5-2 ай бұрын жүргізеді. Ондағы мақсат- тұқымның өнгіштігін жоғалтпау.
Кейбір өсімдіктер тұқымын,ының қабығы өте қатты болады. Мысалы, бұршақ тұқымдас өсімдіктер тұқымының қабығын бұзады. Мұндай тұқымдардың өніп шығуы жылдамдайды. Оған қосымша бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымын нитрогинмен дәрілейді.
Көпжылдық шөп тұқымын себуге 2-3 жеті бұрын түрлі аурулар мен зиянкестерге қарсы улы заттармен өңдейді. Бұл жұмысты арнаулы жерлерде, ауылдан, мал қораларынан қашық жерде жүргізеді. Тұқымның әрбір центнеріне 100-200г улы зат қажет.
Сапалы тұқым- мол өнімнің кепілі. Сол себепті ұрық алу үшін көп жылдық шөптерді жақсы алғы дақылдардан кейн орналастыру керек.
Қазақстанның қуаншылық орманды- далдалы, далалы және қуаң далалы аймақтарында ылғалды ойпат жерлерді тұқымдық шөп егуге қалдырады. Сор, жеңіл, құмдақ, қышқыл топырақты және арам шөп мол өсетін жерлер жарамайды.Ең жақсы алғы дақыл- отамалы дақылдар (картоп, тамыржемістілер), орташа- күздік дақылдар (қара бидай және бидай) және бір жылдық бұршақ тұқымдас шөптер:сиыржоңышқа және мал азғындық бұршақ, нашар алғы дақылдар - сұлы, арпа және бір жылдық үйбидайық.
Жоңышқа, қызыл беде тұқымын орман немесе бұталы жерге жақын еккенде тозаңдатқыш жабайы аралар көп болады.
Көпжылдық шөптердің селекциялық және жергілікті сорттарын іріктеп алып (суперэлита) питомник жасаған кезде жаңадан егілетін сорттың тұқымын алдын ала солтұқым көбейтілген учаскіден алынады. Егер ондай учаске бірнешеу болса, онда питомникке егілген тұқым егіні ең бітік шыққан учаскелерден алынады да, себер алдында араластырады. Ірітелген тұқым егілетін питомникке кең таралған тұқым сорттры себілетін болса, онда тұқым ғылыми- зерттеу мекемелерінің тұқым учаскелерінен ғана емес, сонымаен қатар колхоздар мен совхоздарының егістерінен де тікелей тандап алынады.
Топырақ, ауа райы жоғары агротехника жағдайында өскен учаскелерден іріктеліп алынған тұқым материалы да себер алдында араластырылады. Бұл оның өңгіштігін арттырады.

Агротехникалық ерекшеліктері. Арнаулы тұқымдық алқаптарда тұқым өсіргенде негізіне, тұқымның жоғары өнімін алуына мүмкіндік жасайтын мынадай технология элементтерін белгілей отырып көпшілік мақұлдаған шөптерді мал азығына өсіру технологиясын қолданған жөн:
1.Ылғалдылығы жоғары учаскелерде орналастыру.
2.Ең жақсы арамшөптерден таза алғы дақылдардан кейін, ең жақсысы тыңайтқыш енгізілген сүртанаптан кейін орналастыру.
3. Бұршақ тұқымдас шөптерді тозаңдатқыш жәндіктердің ұялары орналасатын жерлерді ескере отырып, орман маңайына және т.б жерлерге орналастыру.
4. Себу мерзімін сақтау арқылы қуаншылық аудандарда ерте көктемде, астық тұқымдастарды қысқа қарай себуге болады (тамыз айының бірінші он күндігі).
5. Топырақты ұқыпты түрде өндеу және себу алдында міндетті түрде тығыздау.
6. Кең қатарлы әдіспен себу- бұршақ тұқымдастар 45-60см, астық тұқымдастар 23-46 немесе 30-45см.
7. Себу мөлшерін мал азығына себу мөлшерімен салыстырғанда төмендету.

2. Қазақстанда тұқымды себу сапасына талдау біріңғай әдістемелермен мемлекеттік тұқым сапасына сараптама жасау лабороторияларында (зертханаларда) жүргізіледі. Себу сапа көрсеткіштерін екі топқа бөлуге болады:
1. Мемлекеттік үлгі қалыптармен (МҮҚ) мөлшерленетін себу сапа көрсеткіштері (тұқымның қоспалардан - қоқыстардан - тазалығы және санмен есептегендегі қоспалар мөлшері; лабораториялық өнгіштік; тұқымның ылғалдылығы; аурулар және зиянкестермен зақымдануы);
2. Мемлекеттік үлгі қалыптармен (МҮҚ) мөлшерленбейтін себу сапа көрсеткіштері (тұқымның ірілігі мен біркелкілігі; тұқымның тіршілікке қабілеттілігі;тұқымның өсу күші; 1000 тұқымның массасы; тұқымның себуге жарамдылығы т.б.).
Мемлекеттік үлгі қалыптармен мөлшерленетін (МҮҚ) себу сапа көрсеткіштері. Тұқымның тазалығы - егістік жадығаттың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Егістік жадығаттың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың пайызбен көрсетілген массасын атайды. Тазалықты анықтағанда көптеген дақылдарда (шөптерден басқа) 1 кг тұқымға есептегендегі басқа мәдени өсімдіктер мен арамшөптердің тұқым санын ескереді.Тұқым тазалығы , қоспа мөлшері мен саны әрбір дақыл үшін жеке-жеке МҮҚ- мен мөлшерленеді. Неғұрлым қоспалар аз болса, солғұрлым тұқым тазалығы жоғары. Таза тұқымдар өзінің биологиялық белгілерін (өнгіштік, тіршілік ұзақтығы т.б.) жақсы сақтайды және себуге аз мөлшерде жұмсалады.
Тұқымдық жадығатты тазалаудың міндеті- мүмкіндігінше, барлық қоспаларды негізгі дақыл тұқымынан аластату. Қазіргі заманғы тұқымтазалағыш машиналарда мұны толық іске асыру мүмкін болмай тұр. Сондықтан тұқымның себу және сорттық сапа көрсеткіштерінде аздаған мөлшерде қоспалар рұқсат етілген. Мысалы, дәнді дақылдардың 1 және 2 - сыныптарында (кластарында) тиісінше 1 және 2 % қоспа болады. Тұқым тазалығын немесе негізгі дақылдың сандық және сапа көрсеткішін тұқым тобынан сұрыпталған орташа үлгіден бөлініп алынған белгілі бір мөлшердегі екі шөкім бойынша анықтайды.
Талданып отырған дақылдағы қоспаға (қоқысқа) бөтен қоспалар мен кемтар тұқымдар жатады. Бөтен қоспаларға мыналар жатады: басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары; арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары; қара күйе қапшықтары және олардың бөліктері; қастауыш( спорынья) және басқа саңырауқұлақ склероцийлері; тірі зиянкестер мен олардың балапан құрттары; бидай нематодасы мен галдары; топырақ кесектері, өсімдіктердің сабақ және басқа бөліктерінің сынықтары; өлі зиянкестер мен олардың балапан құрттары (личинкалары). Кемтар тұқымдарға жататындар: ұсақ және семген тұқымдар; езілген (жаншылған) тұқымдар; өнген тұқымдар (тамыршасы немесе өскіні тұқым ұзындығының кем дегенде жартысына жеткендері); шіріген тұқымдар; ұрылған және зиянкестермен жарақаттанған (тұқымның жартысы және одан көп бөлігі жоғалған) тұқымдар. Қолданыстағы үлгіқалыптар бойынша карантинді арамшөп тұқымдары бар тұқымдық жадығат себуге (отырғызуға) рұқсат етілмейді. Карантинді арамшөптер тізімі еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігінің ( ҚР АШМ-нің) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің карантині жөніндегі мемлекеттік инспекциясымен (комитетпен) тұрақты түрде қайта қаралып отырады.
Құрамында улы арамшөп тұқымдары бар тұқымдық жадығат себуге (отырғызуға) рұқсат етілмейді.
Көптеген арамшөптер тұқымдары мәдени армшөптер тұқымдарынан жеңіл ажыратылады, әсіресе ірі тұқымды дақылдарда, алайда, қиын бөлінетін арамшөптер тұқымдары да бар. Олардың тұқымдары пішіні, мөлшері және аэродинамикалық қасиеттері бойынша ластанатын мәдени өсімдіктер тұқымдарымен ұқсас, сондықтан тазалағанда оларды бөліп шығару қиынның-қиыны. Атап айтқанда Қазақстанда бидай мен қарақұмық дақылдарында қиын бөлінетін (ажыратылатын) арамшөпке татар қарақұмығы, ал арпа мен сұлыда-қара сұлы жатады. Бұл арамшөптер апробация кезінде мемлекеттік үлгіқалыптармен мөлшерленеді және олардың үлесі 5%-дан асып кеткенде егістік сорттық топтан шығарылып тасталады (жарамсыз деп танылады).
Басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары да МҮҚ-пен мөлшерленеді, өйткені әрбір келесі ұрпақпен бұл тұқымдар мөлшері артып отырады, әсіресе бұл ластаушылардың көбею коэффициенті айтарлықтай жоғары болғанда. Сонымен қатар қиын бөлінетін мәдени өсімдіктерге ерекше көңіл аударған дұрыс - бидайда бұл арпа мен қарақұмық, ал арпада - бидай мен сұлы.
Егістік жадығатта тірі зиянкестер мен олардың балапан құрттары да (личинкалары) болмауға тиіс, тек қана 3-сыныпта (класта) тұқымға әр килограмға шаққанда астық кенесінің 20 данадан аспағаны рұқсат етіледі.
Ұрықсыз тұқымдарды қазіргі қолданыстағы тұқым тазалағыш машиналарда бөліп алу мүмкін емес, осыған орай оларды таза тұқымдарға жатқызады. Тұқымның өнгіштігін анықтағанда мұндай тұқымдар аталған көрсеткішті азайтады.
Тұқым тазалығы себу сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі болғандықтан ол МҮҚ- тда тиісті сыныптарына (класына) байланысты мөлшерленген және үш немесе екі сынып белгіленген, әрі ондай тұқымдар кондициялы деп есептеледі де егістікке пайдалануға рұқсат етіледі; танаптық (екпе) дақылдардың көпшілігіне (бидай, тары, арпа, асбұршақ, күнбағыс және басқалары) үш сынып (І-сынып тазалығы - 99%, ІІ-де - 98%, ІІІ-де - 97%), ал мал азықтық шөптердің көпшілігінде (еркекшөп, егістік жоңышқа, түйе жоңышқа, судан шөбі т.б.) - екі сынып (дақылына қарай І-де 98-95%, ІІ-де-96-90%).
Басқа өсімдіктер тұқымының қоспасы. Мемлекеттік үлгіқалып (МҮҚ) талаптары бойынша тұқымның тазалығын пайыз өлшем бірлігімен негізінен жалпы қоспалар (қоқыс) мөлшерін анықтайды. Сонымен қатар тұқымның егістік сапасына 1кг тұқым үлгісіне есптегендегі мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдарының жеке-жеке сандары ескеріледі және ол көптеген танаптық дақылдар үшін МҮҚ - пен мөлшерленген. Атап айтқанда, І,ІІ,ІІІ-ші сыныпты (класты) бидай тұқымдарында тиісінше барлығы - 10, 40, 200 данакг тұқым рұқсат етілсе, оның ішінде арамшөптер тұқымдары - тиісінше 5, 20, 70 данакг; тарыда - І, ІІ және ІІІ - сыныптарында барлық басқа қоспалар тиісінше - 16, 100және 200 данакг; ал тек қана арамшөптер саны тиісінше - 10, 75 және 150 данакг; күнбағыста бұл көрсеткіштер тиісінше - 5, 15, 35 және 2, 5, 15 данакг, ал майлы зығырда - тиісінше сыныбына қарай 200-150, 550-500 және 1550 данакг. Ал жекелеген дақылдарға (жоңышқа, еркекшөп, судан шөбі т.б.) басқа өсімдіктер тұқымдары (мәдени, арамшөп) сыныбына қарай санмен емес пайызбен белгіленген.
Мемлекеттік үлгіқалыптармен (МҮҚ) тиісті тұқымдық сыныптарға сәйкес маңызды ауыл шаруашылығы дақылдары үшін төмендегідей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру теориясы
Паразитті емес арамшөптер
Ауыспалы егісті жобалау
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІКТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Себу тәсілі
Тұқым және оны егістікке пайдалану
Жалпы өсімдік тұқымына жалпы сипаттама беру, олардың дамуына талдау жасау
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Жер шаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны, міндеттері мен кемшілішгі
Пәндер