Драмадағы тарихи тұлға.Қазіргі қазақ комедиясы



Д р ам а (грекше сігата — қимыл, әрекет) — әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға катысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр—“әдебиет-тің ең қиын түрі” (Горький). Белинскийдің байыптауына бақсақ, эпос пен лирика “ақиқат әлемнің екі қиыры” болса, драма — сол екі қиырдың қосындысынан туған “үшінші, тірі, өз алдына бөлек”, аралық әлем — “поэзияның жоғарғы тегі, өнердің биік өрі”.
Қазақ әдебиетінде драматургия жанры тек Мұхтар Әуезов қана ашқан жаңалық. Одан бұрын қазақтың ұлттық әдебиетінде ауызға аларлық пьесаның өзі түгіл, исі де болған жоқ. Қазақ драматургиясының алғашқы жолын Мұхтар Әуезовтің қаламынан 1917 жылы туған «Еңлік – Кебек» пьесасы тартты. Осыдан баталған қазақ драматургиясының тарихына Мұхтардың өзі жиырмадан астам пьеса қосты.
Абайды 17 жыл зерттеп, 12 жыл жазған Мұхаң «Еңлік – Кебек» пьесасын сонау 1917 жылдан 1956 жылға дейін үзбей жазып, 5 нұсқасын жасапты. Неге? Оның бір себебі – Мұхаң үшін «Еңлік – Кебек» «Абай жолындай» ауқымды эпикалық шығарманың бас-аяғы жинақы, кішкене бір түрі есебінде болған. Қайта-қайта жазды, он ойланып, мың толғанды. Өмірінің соңғы кезіне дейін. Себебі «Еңлік – Кебек» - тарихи шығарма.
Қазақ театр өнерінің ең алғашқы классикалық үлгісін жасаған да осы Мұхаң. Оның басты дәлелі 1917 жылдың 7-маусымында ашылған қазақша сахнаның алғашқы шымылдығы. Дәл осы күні Қарауылда Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебек» спектаклі алғаш рет сахналанды. Сөйтіп, бүгінге дейін жалғасып келе жатқан театр өнерінің алғашқы тырнақалды қадамы жасалынды. Бұл жерде нақты драматургиялық шығарманың материалы туралы да айта кеткеннің ағаттығы жоқ. «Еңлік – Кебек» оқиғасының өзі, ақиқатында, Матай мен Тобықты арасындағы дүркіреп өткен жесір дауы ғой. Еңлік – Матайдың қызы. Кебек – Тобықтының батыры. Қазақы дәстүрге сай, сонымен бірге Еңлік Найманның жесірі де. Соңынан драмаға ұласқан жанжалды оқиғаның себепті салдары осы. Яғни, тарихта болған оқиға.
Тарихи оқиға, тарихи тұлға дегеннен шығады. Кезінде осы оқиғаны ұлы Абайдың да қағазға түсіртіп, елге таратуға бастамшы болғаны рас. Абайдың ұсынысымен жырдың алғашқы нұсқасын жазған – Мағауия. Алайда Мағауия дастанын Абай ел арасына таратпай тоқтатып тастаған. Себебі дастандағы Кеңгірбай бейнесі жергілікті жұрт наразылығын тудырады деп ойлаған. Абай бұдан кейінгі нұсқаны Шәкәрімге жаздырады. Бұл нұсқа біршама жеңілдеу және Кеңгірбай бейнесі жалпылама түрде айтылады. Мұхтар Әуезов 18 жасында Мағауия нұсқасын басшылыққа ала отырып, спектакль жазған. Ал 1917 жылдың 7-маусымында Қарауылда Тұрағұлдың үлкен қызы Ақиланың ұзатылу тойында қазақ жұрты үшін таңқаларлық жағдайда екі қазақ үйді қабаттап тігіп, осы пьесаны қояды. Бұл – Ақиланың Оразбай баласы Медеудің Саниязына ұзатылу тойы еді. Осы тойдың өтуіне, ерекшелігіне ой тастаған және «Еңлік – Кебек» спектаклінің қойылуына мұрындық болған – Тұрағұл.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті филология факультеті

Өздік жұмыс

Тақырыбы: Драмадағы тарихи тұлға.Қазіргі қазақ комедиясы (конспект).

Орындаған: Муксимова Т.М.
Тобы: Қ-213
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С..

Семей 2015

Драмадағы тарихи тұлға.
Д р ам а (грекше сігата -- қимыл, әрекет) -- әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға катысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр -- "әдебиет-тің ең қиын түрі" (Горький). Белинскийдің байыптауына бақсақ, эпос пен лирика "ақиқат әлемнің екі қиыры" болса, драма -- сол екі қиырдың қосындысынан туған "үшінші, тірі, өз алдына бөлек", аралық әлем -- "поэзияның жоғарғы тегі, өнердің биік өрі".
Қазақ әдебиетінде драматургия жанры тек Мұхтар Әуезов қана ашқан жаңалық. Одан бұрын қазақтың ұлттық әдебиетінде ауызға аларлық пьесаның өзі түгіл, исі де болған жоқ. Қазақ драматургиясының алғашқы жолын Мұхтар Әуезовтің қаламынан 1917 жылы туған Еңлік - Кебек пьесасы тартты. Осыдан баталған қазақ драматургиясының тарихына Мұхтардың өзі жиырмадан астам пьеса қосты.
Абайды 17 жыл зерттеп, 12 жыл жазған Мұхаң Еңлік - Кебек пьесасын сонау 1917 жылдан 1956 жылға дейін үзбей жазып, 5 нұсқасын жасапты. Неге? Оның бір себебі - Мұхаң үшін Еңлік - Кебек Абай жолындай ауқымды эпикалық шығарманың бас-аяғы жинақы, кішкене бір түрі есебінде болған. Қайта-қайта жазды, он ойланып, мың толғанды. Өмірінің соңғы кезіне дейін. Себебі Еңлік - Кебек - тарихи шығарма.
Қазақ театр өнерінің ең алғашқы классикалық үлгісін жасаған да осы Мұхаң. Оның басты дәлелі 1917 жылдың 7-маусымында ашылған қазақша сахнаның алғашқы шымылдығы. Дәл осы күні Қарауылда Мұхтар Әуезовтің Еңлік - Кебек спектаклі алғаш рет сахналанды. Сөйтіп, бүгінге дейін жалғасып келе жатқан театр өнерінің алғашқы тырнақалды қадамы жасалынды. Бұл жерде нақты драматургиялық шығарманың материалы туралы да айта кеткеннің ағаттығы жоқ. Еңлік - Кебек оқиғасының өзі, ақиқатында, Матай мен Тобықты арасындағы дүркіреп өткен жесір дауы ғой. Еңлік - Матайдың қызы. Кебек - Тобықтының батыры. Қазақы дәстүрге сай, сонымен бірге Еңлік Найманның жесірі де. Соңынан драмаға ұласқан жанжалды оқиғаның себепті салдары осы. Яғни, тарихта болған оқиға.
Тарихи оқиға, тарихи тұлға дегеннен шығады. Кезінде осы оқиғаны ұлы Абайдың да қағазға түсіртіп, елге таратуға бастамшы болғаны рас. Абайдың ұсынысымен жырдың алғашқы нұсқасын жазған - Мағауия. Алайда Мағауия дастанын Абай ел арасына таратпай тоқтатып тастаған. Себебі дастандағы Кеңгірбай бейнесі жергілікті жұрт наразылығын тудырады деп ойлаған. Абай бұдан кейінгі нұсқаны Шәкәрімге жаздырады. Бұл нұсқа біршама жеңілдеу және Кеңгірбай бейнесі жалпылама түрде айтылады. Мұхтар Әуезов 18 жасында Мағауия нұсқасын басшылыққа ала отырып, спектакль жазған. Ал 1917 жылдың 7-маусымында Қарауылда Тұрағұлдың үлкен қызы Ақиланың ұзатылу тойында қазақ жұрты үшін таңқаларлық жағдайда екі қазақ үйді қабаттап тігіп, осы пьесаны қояды. Бұл - Ақиланың Оразбай баласы Медеудің Саниязына ұзатылу тойы еді. Осы тойдың өтуіне, ерекшелігіне ой тастаған және Еңлік - Кебек спектаклінің қойылуына мұрындық болған - Тұрағұл.
Жоғарыда айтылып өткендей Еңлік - Кебектің алғашқы нұсқасы сахналанғанына тоқтар болсақ. Ол той Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында өткен. Демек, қазақ кәсіби сахна өнерінің кіндігі кесілген жері де осы Ойқұдық. Ойқұдық атауы - бір жағынан символикалық әдемі атау. Ойдың құдығы, ойдың құтысы, ой-сана, театр дегенді білдірсе керек.
Ойқұдық ойыны, қазақ жерінде тұңғыш классиканың тууына және режиссер мамандығының бастауына себеп болып, драмадағы драматург, суфлер, администратор, деген қаракетті істердің қазығын қақты. Осылайша Мұхаң 20 жасында театр өнерінің бар буынын түгендеп, алғашқы классикалық үлгісін жасады.
Ұзақ жылдарға созылған терең ізденістің, қат-қабат шырғалаңдардан адаспай тура жол тауып, ұлы мақсаттан ауытқымаған зор шығармашылық қажыр-қайраттың нәтижесінде дүниеге келген төрт томдық эпопея дүние жүзі әдебиетінің көркін асырып, кемел төрінен орын алды. Тек түркі тілдес әдебиеттерде ғана емес, күллі шығыс әдебиетінде бүгінгі әлемдік кітапханада ұлттық болмысты ғана емес, көшпелі өркениет пен шығыстық психологияны, оның философиялық төркіндері мен әлеуметтік астарларын Абай жолындай кең қарымды жеткізген басқа шығарманы әлі күнге таба алмайсыз. Батыс классикасының ең үздік туындыларымен үзеңгілес тұра алады.
Абай жолы қазақты әлемге танытып қана қойған жоқ. Ең бастысы қазақ халқы Абай жолы арқылы өзін де тереңірек түсінді, жақсырақ таныды. Романдағы Абай өз елінің, өз жерінің бүкіл асылы мен ажарын, биік ойы мен ақтық сезімін, арман-мұратын, рухани қуатын бойына жинақтаған ұлы тұлға десек, Әуезов сомдаған қазақ болмысын адамзат өркениетінен лайықты орын иемденуге тиісті тұтас бір әлемнің тұңғиық шежіресі деп бағалауымыз керек.
Ұлы шығарма - қашанда өзінің мәңгі көкейкестілігімен ұлы. Абай жолы романындағы өжет рух пен алғыр ойды, дарын мен күш-жігерді ел бірлігіне емес, өзімшілдікке, ұлттық намысқа емес, жікшіл есептерге тәрк етіп жүрген рухани сергелдеңдердің бүгінгі күнге еш қатысы жоқ десек, қателескен болар едік. Эпопеядағы әлеуметтік астары мол көріністер қазіргі заманның ең өткір мәселелерімен тереңнен ұштасып жатыр.
Әуезов Абайды тану арқылы өз халқының тыныс-тіршілігін терең білді, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынды. Әуезовті әлемдік биіктерге жетелеген де, бағыт сілтеген де - Ұлы Абай! Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі - дейді. Осындай ғаламат өнегені өз басынан кешірген сезімтал суреткердің Абай туралы төрт томдық ғажайып эпопея жазуы - тарихи заңдылық десек, шындықтан ауытқымаймыз.
Осы рухпен шабыттанған Мұхтар Әуезов шығармашылығы - ХХ ғасырдың әсемділігімен ғажайып, әсерлілігімен сиқырлы қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Кезінде А.С.Пушкин поэзиясы славян тілді әдебиетке қалай әсер етсе, М.О.Әуезовтің шығармалары түркі тілдес әдебиеттерге дәл солай әсер етті деп айтуға толық негіз бар.
М.Әуезов жайында айтылар сөз көп. Әр дарынның табиғаты әр басқа. Мұхтар Әуезов табиғаты тіпті ерекше. Ол - 1917 жылы жазған Адамдық негізі - әйел деп аталатын публицистикалық мақаласының өзінде елдік, мемлекеттік ойлар айтыпты. Ел боламын десең - бесігіңді түзе! деген М.Әуезов сөзін қазақтың әрбір шаңырағы өз маңдайшасына ойып жазып қойса, жарасарлықтай.
Мұхтар қазақ мәдениетінде жаңалықтар тууына асыға талпынды, бұл жолдан күш-қабілетін де аямады. Сол үшін де ол тұңғыш қазақ драмасының Еңлік - Кебек, тұңғыш опера либреттосының Айман - Шолпан, бірінші қазақ эпопеясының Абай жолы авторы, ұлы ақын творчествосының тұңғыш зерттеушісі болған еді. Оның қазақ даласына, таудағы жайлау өміріне қаншалықты құштарлықпен, нәзік сезіммен ынтық болғаны бәрімізге де аян.
Қазіргі қазақ комедиясы.
Драматургияның бір түрі -- комедия (грекше Һ-тосііа -- күлкілі кызық, ән) -- өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі мінді сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күлдіргі пьеса. Комедия, трагедияға керісінше, "өмірдің биік поэзиялық сәттерін" суреттемейді, қарапайым "күнделік прозасын, ұсақ-түйегін, кездейсоқ жәйттарын" (Белинский) суреттейді.Комедия- грек тілінен аударғанда көңілді сауық, әуезді ән дегенді білдіреді. Комедия- өмір құбылысының немесе мінездің, іс әрекеттің күлкілік жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драмалық шығарманың бір түрі.
Комедия жанрлық жағынан бірнеше түрге бөлінеді.Олар: лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс.Комедияның алғашқы элементі Ежелгі Грецияда жүзім шарап тәңірі Диониске құрмет ізет көрсетуге арналған сауық кештерін көңілді өткізу, еңбек қуанышын атап өту дәстүрінен басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі аристофан болды. Комедия- өмірдегі және адам әрекеті мен мінез-құлқындағы сан алуан жағымсыз жайтты шенеп, әшкерелеп күлкі ететін күшті құрал.Комедияның оқиғасы көбіне жеңіл қайшылықтарға құрылады. Оқиғаның байланысы да, дамуыда шиеленістері де адам әрекетінің әр қилығына негізделеді. Комедия жазудың асқан шеберлері шекспир, мольер, бомарше болса қазақ әдебиетінде комедиялық шығарманы алғаш Б.Майлин шаншар молда, Талтаңбайдың тәртібі атты шығармаларын жазды. М.Әуезовтың Айман- Шолпан, Ә.Тәжібаевтың Той боларда, К.Мұқамеджановтың Бөлтірік бөрік астында атты шығармалары қазақ даласына өте танымал шығармалар.
Комедияның куші -- күлкіде, күлкінің күші -- шыншылдық пен табиғилықта. Шыншыл һәм табиғи күлкі терең мазмұнды тартыстан туып, толық қанды юморлық, не сатиралық образдарға көркем жинақталып, парасатты, биік идеяға шебер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драмадағы тарихи тұлға.қазіргі қазақ комедиясы (конспект)
Драмадағы тарихи тұлға. Қазіргі қазақ комедиясы туралы ақпарат
Қазақ драматургиясының жанрлары
Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
Драмадағы тарихилық. Қазіргі қазақ комедиясы
Комедия. Драмадағы тарихи тұлға
АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДАҒЫ ТАРТЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Драма мен театр байланысы
Драмалық шығармалар оқыту
Пәндер