ЯЭҚ сораптары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультеті
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: ЯЭҚ сораптары
МазмұныОрындаған: Даулетханов Е. Д.
Топ: ТФ-205
Тексерген: Нургалиев Д. Н.
Семей 2015
Кіріспе3
Ядролық энергетикалық қондырғылардың сораптары және оның түрлері4
Қоректендіруші сораптар9
Циркуляциялық сораптар11
Тоңазытатын судың сораптары12
Конденсатты сораптар12
Жылулық сораптар12
Көлемді сораптар мен гидроқозғалтқыштар20
Басқа да сорап түрлері22
Қорытынды23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі24
КіріспеЖүйеге суды беру үшін немесе оны циркуляциямен қамтамасыз ету үшін осьтік немесе центрге тартқыш сораптар қолданылады. Егер су көздері өзен немесе көл болатын болса, онда сораптарды арнайы ғимараттарда - көз жағасында жабдықталған сорапты станцияларда орнатылады. Мұнда тек электрқозғалтқыштары жұмыстық қалақшалардан 3÷4 м биіктікте орналасқан вертикальді білігі бар осьтік сораптар ғана орнатылады. Мұндай конструкция көздегі судың деңгейі толқындаған кезде электрқозғалтқыштың батып кетуінің алдын алады.
АЭС сорапты станцияларында негізгі циркуляциялық сораптармен қоса судың шығыны өте аз болған режимде немесе авариялық кезде тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету үшін шығыны аз болатын техникалық судың сораптары орнатылады. Бұл сораптардың қозғалтқыштары қоректендіру көзінің жүйесіне қосылған болып табылады.
Ядролық энергетикалық қондырғылардың сораптары және оның түрлеріЖүйеге суды беру үшін немесе оны циркуляциямен қамтамасыз ету үшін осьтік немесе центрге тартқыш сораптар қолданылады. Егер су көздері өзен немесе көл болатын болса, онда сораптарды арнайы ғимараттарда - көз жағасында жабдықталған сорапты станцияларда орнатылады. Мұнда тек электрқозғалтқыштары жұмыстық қалақшалардан 3÷4 м биіктікте орналасқан вертикальді білігі бар осьтік сораптар ғана орнатылады. Мұндай конструкция көздегі судың деңгейі толқындаған кезде электрқозғалтқыштың батып кетуінің алдын алады.
Сорапты станцияларда блок немесе блоктар тобының судың есептік шығынына тең суммарлы шығыны бар саны төрттен кем емес сораптар орнатылады. Резервті сораптар тек қана коррозияға байланысты жиі жөндеуге ұшырайтын сораптары теңіз суымен қамтамасыз етілген кезде орнатылады.
АЭС сорапты станцияларында негізгі циркуляциялық сораптармен қоса судың шығыны өте аз болған режимде немесе авариялық кезде тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету үшін шығыны аз болатын техникалық судың сораптары орнатылады. Бұл сораптардың қозғалтқыштары қоректендіру көзінің жүйесіне қосылған блып табылады.
Градирнялар немесе шашыратқыш бассейндері бар екі циркуляциондық сораптар кері сумен қамтамасыз етілген кезде бір блокқа немесе конденсациялық бөлменің тура өзінде немесе оның қасында жабдықталған турбиналық бөлімшеде орнатылады. әрбір сораптың берілісі жалпы шығынның 60 % тең болып қабылданады. Көршілес турбиналардың тегеуріндік сызықтары жабқыштары бар қоспалармен жабдықталады, ол бойынша жұмыста жұмыс істеуші сораптардың саны аз болған кезде су шығыны да аз болғанда немесе турбиналардың бір сорапы авариялық тоқтаған кезде суды беруге болады.
Циркуляциондық сораптарды жетілдіретін тегеуріндер мына формуламен анықталады:
мұндағы h Г. - су берілісінің геодезиялық биіктігі, м;
- оның жекелеген бөліктер кедергісінің суммасы ретінде анықталатын жүйенің гидравликалық кедергісі, м.
Жазықтық жердің шарты үшін геодезиялық биіктіктің берілісі 5÷10 м аспайды. Туранүктелі және суытқыштары бар кері кедергісі 45÷80 кПа. Градирнялары және шашыратқыш бассейндері бар жүйелерде сораптар үлкен тегеурінді жетілдіру керек. Суды бұл кезде оросительді қондырғының жоғарғы бөлігіне беру керек немесе шашыратқыш соплолардың кедергісін жеңу керек.
Сораптардың тегеурінін азайту үшін конденсатордан судың сильфонды құймасын пайдалану керек (1 сурет) . Суреттегі бұл азаю құйманың жоғарғы нүктесі мен қолданылатын құдықтағы су деңгейінің пьезометрлік биіктігіне сәйкес келеді. Заманауи конденсациялық қондырғы үшін биіктік 4÷7 м (40÷70 Кп) жетеді.
1-суқабылдағыш; 2-өздігінен ағатын канал; 3- қабылдау құдығы; 4-циркуляциялық сорап; 5 - конденсатор; 6 - ағызуқұбыры; 7-сифонды құдық.
1 сурет. Сифонның жұмыс жасау сызбасы
Берілетін судың мөлшерін реттеу жұмысшы сораптар санын басқа айналу жиілігіне өзгерту арқылы немесе осьтік сораптар қалақшаларын айналдыру арқылы жүзеге асырылады.
Мысал ретінде 2-суретте қуатты электрстанция үшін сораптық станцияның типтік жобасы көрсетілген. Станция бірнеше отсектарден (орнатылған сораптар саны бойынша) тұрады. әрбір отсек суқабылдағыш бөліктен, сору камерасынан және сораптық бөлмеден тұрады. Жобада көздегі су деңгейінің толқындануы 3, 5 мм тең болған кездегі қалыпты жұмыс көрсетілген.
1-циркуляциялық сорап; 2-тазарту торлары; 3-күштік су таратқыш; 4-өзгертілетін құдық;
2-сурет. Жағадағы сораптық станция
Су сорапты станцияға қиық, канал, бір ұшы өзен немес көлдің негізгі жеріне шығарылған бетонды түтік сияқты батып тұрған жүгенше сияқты болып келетін су қабылдағыш жабдықтан келіп түседі. Судан қоқыстарды, балдырларды және басқа да ластануларды алып тастау үшін сорапты станцияның су қабылдағыш бөлігіне ұяшықтары 5÷10 мм болып келетін айналатын торлар және қадамы 100÷150 мм болатын болат жолақ түріндегі қозғалмайтын торлар орнатылады. Айналатын торлар ұсталынған ластануларды су ағынымен шаю арқылы тазаланады. Қозғалмайтын торлар тот болып жиналып қалған ластануларды арнайы щеткалармен тазалайды, бұл щеткалардан олар су бөгетінен төмен жақтағы өзенге жуылады немесе автотранспортпен қоқыстыққа шығарылады.
Циркуляциялық сораптың әрқайсысында сору және тегеурін жүйелерінде задвижкалары бар, ол арқылы сораптарды өшіріп, жөндеу жүргізуге болады.
ЖЭС мен АЭС 20-дан аса сорап түрлері қолданылады. Технологиялық жұмысқа арналған жоғары сапалы сораптар төмендегідей болады: қоректендіруші, циркуляциялық, аздап қоректендіруші, конденсатты, жүйелі, багерлік, мазуттық. Технологиялық сораптардан басқа электростанцияларда өртке қарсы және басқа жұмыстарға арналған сораптар орнатылады. Сораптарды таңдау үшін қажет сұйықты беру нақты жылулық сызбаны есептеу арқылы анықтайды, ал қасымдар айырымы (кПа) келесі түрде анықталады:
,
мұндағы Р Н және Р К - сәйкесінше тордың басындағы және соңындағы қысым, кПа;
h - геодезиялық тегеурін, тордың басындағы және соңындағы биіктік айырмаларына тең, м;
g- еркін түсу үдеуі, м/с 2 ;
-
үдетуші және сорушы трактінің жиынтық кедергісі, кПа;
-
cұйықтық тығыздығы, кг/м
3
.
Сорапты қондырғыны жобалаған кезде сораптың кавитациясыз жұмысы қамтамасыз етілу керек.
3, а-суретте көрсетілген қондырғы схемасы үшін H
ВС
Н
ДОП
болса бұл талап орындалады; 3, б-суретте көрсетілген схема үшін H
ВС
Н
ДОП
болса, сору биіктігінің (м) абсолютті мәндері бойынша орындалады.
Н кос мәні мына формула бойынша анықталады:
Н кос =H 1 -0. 25(H 2 -H 1 )
Н 1 және Н 2 мәндері сәйкесінше тең болады:
мұндағы Р Б - 3, а-сурет схемасы үшін барометрлік қысым немесе 3, б- сурет схемасы үшін резервуардағы абсолютті қысым;
Р Н - сорылатын сұйық температурасы кезіндегі байытылу қысымы, Па;
n - сорап білігінің айналу жиілігі, айн/мин;
C - келесідей формула бойынша анықталатын кавитацияға сораптың тұрақтылық коэффициенті:
Сораптардың конструкциялық типі формула бойынша анықталатын және сораптың тезжүрістілік коэффициентімен өрнектелетін берілуі қатынасы мен тегеурініне байланысты анықталады:
мұндағы n - айналу жиілігі, айн/мин; H - тегеурін, м; . Q - беріліс, м 3 /с.
а - ашық құдықтан су сору; б - қысымдағы резервуардан сору ;
3-сурет. Сораптарды қосудың негізгі екі түрі
Қоректендіруші сораптарБұл барлық электростанциялардың экономикалық көрсеткіштеріне әсерін тигізетін өз қажеттіліктерінің ең қуатты агрегаты. қоректендіруші сораптарды таңдаған кезде көптеген факторлар, мысалы, электростанцияның жұмыс шарты, бу немесе қоректендіруші судың параметрі, жылулық схеманың ерекшеліктері.
Қоректендіруші қондырғының берілісі бу қазандықтарының өнімділіген 5 % артық болып қабылданады.
Қоректендіруші судың температурасы жоғары болған кезде сорапта кавитацияның пайда болу ықтималдығы артады. Сондықтан будың критикалықтан кейінгі параметрларымен бірге блоктарда және қоректендіруші сораптардың турбиналық приводтарында суды негізгі сораптардың сорғышына беретін алдын ала қосылған қосылған (бустерлі) сораптар орнатылады. Бустерлі сораптың қажеттілігі су бағанының қысымы және деаэратордағы бастапқы қысым жоғарыда қарастырылған кавитациялық жұмыс шартын қанағаттандырмаған жағдайда туындайды.
Қоректендіруші қондырғыны таңдаған кезде сорап приводы типін таңдауға ерекше мән беріледі. Электрстанцияларда электрлік немесе турбиналық привод қолданылады. Шет елдерде, әсіресе, АҚШ-да гидромуфта арқылы турбогенератор білігінен сораптар приводы қолданылады. Ал біздің елімізде бұндай тип кең таралмаған.
Қоректендіруші қондырғыларда резервті сораптар қарастырылады. Оқшауланған ЖЭС-та электрприводты негізгі сораптармен қоса станцияны нөлден бастап қосу үшін турбоприводты кем дегенде екі сорап орнатылады. Жүйеге қосылған блоксыз ЖЭС-тарда резервті сораптар қондырғыдағы негізгі сораптар саны кем дегенде төртке тең болатын болса қарастырылады.
ЖЭС блоктарында электрприводты бір сорап орнатылады. Критикалықтан кейінгі параметрлі бар блоктар сораптарында турбиналық қолданылады. Негізгі сорапқа қосымша ретінде негізгі сораптың 30÷50 % тең берілісті мен электрприводты резервті сораптар қолданылады. Қондырғы блогында екі сорап орнатылған кезде резерв қарастырылмайды.
Циркуляциялық сораптарАЭС реакторлы контурының циркуляциялық сораптары реакторлы қондырғының ең жауапты агрегаттарына жатады. Жылутасымалдағыш радиоактивтілігі мен қауіпсіздік шарттары сорап констукциясына келесідей талаптарды негіздейді: жылутасымалдағыштың салньик пен разъемдер арқылы ағып кетуін болдырмау; минимальді уақытта жөндеу жұмыстары кезінде жинау және шашуға мүмкіндік беретін конструкциясының қарапайымдылығы; жұмыстың жоғарғы сенімділігі; сораптар жылутасымалдағышты смазка немесе коррозия өнімдерімен ластамау керек.
Циркуляциялық сораптар салыстырмалы тегеурін кезінде (циркуляциялық түйіннің гидравликалық кедергісі 500÷1000 кПа) үлкен берілістермен қамтамасыз ету керек. Бұндай талаптарға тезжүрістілік коэффициенті 400÷600 тең диагональді типті сораптар сәйкес келеді.
Циркуляциялық сораптың берілісі реактордың номинальді қуаты кезінде бір түйіндегі жылутасымалдағыш шығынына сәйкес келу керек. түйінде резервті сораптар орнатылмайды, себебі сорап тоқтаған кезде немесе түйін өшірілген кезде реактордың суытылуы басқа түйін сораптарының жұмысымен қамтамасыз етіледі. Сораптың барлық электрқозғалтқыштары бірдей уақытта өшірілген кезде реактордың суытылуы бірінші моментте инерциялық шығарылу нәтижесінде, одан кейін авариялық суыту жүйесінің қосылуы нәтижесінде қамтамсыз етіледі.
Циркуляциялық сорап берілісін реттеу әр түрлі іске асырылады. Кейбір замануи АЭС-тарда реттеу мүлдем қарастырылмаған, ал жылутасымалдағыштың суммарлы берілісіің өзгерісі жұмысшы сораптар санын өзгерту арқылы жүзеге асады. Берілісті реттеу задвижкалар көмегімен және жұмысшы дөңгелектің айналу жиілігін өзгерту арқылы дросселдеу әдісі қолданылады. Соңғы әдіс екіжылдамдықты электрқозғалтқыш немесе қоректендіру тізбегінде электрлік ток жиілігін түрлендіргіштің болуымен әске асырылады. Кейбір елдерде осы мақсатта айналу жиілігінің тегіс реттелуін қамтамасыз ететін арнайы бу турбинасының көмегімен сорап приводтары қолданылады.
Тоңазытатын судың сораптарыТоңазытатын судың сораптары вертикальді немесе горизантальді білікпен орындалады. Бірінішісі жағалық сораптық станцияларда, екіншісі - турбиналық зал бөлмесінде орнатылады. Вертикальді орындалған кезде сорап электрқозғалтқышы көздегі су деңгейінен 2÷2, 5 м биіктікте орналасады, ол деңгей толқынданған кезде оны батып кетуден сақтайды.
Сораптарды таңдаған кезде керекті беріліс су шығыны максимал болатын жаздық режим жұмысы бойынша анықталады. Қысымның төмендеуі жүйенің гидравликалық кедергісі бойынша анықталады.
Конденсатты сораптарКонденсатты сораптар турбинаға екеу немесе үшеу болып орнатылады. Екі сорап орнатылған кезде оның әрбіреуі конденсаттың толық шығынымен, ал үш сорап орнатылған кезде - шығынның 50 % таңдалынады. Конденсат тазалағыш болған кезде сүзгілерден кейін орнатылатын сораптардың екінші тобы қарастырылады.
Жылулық сораптарБіріншілікті энергияның (тұтынушы отын) шығынын ақырғы тұтынушыға энергияны беруді жоғарылатыу немесе төмендетусіз оның түрленуінің рационалды әдісі есебінен төмендетуга талпыну - қазіргі заманғы жылутехниканың басты тенденциясы. Бұл ғимараттардың және өндірістік объектілерді жылумен қамтамасыз ету жүйелеріне жатады.
Төмен температуралық жылу күйінде соңғы энергия түрінде бере отырып (су 100 о С төмен немесе ауа 50 о С төмен), бұл жүйелер жану өнімдерін 1500 о С - ға дейін қыздырылатын қазандықтардағы жоғары сапалы отынды қыздыру үшін немесе электр энергияны падаланады.
Республиканың энергобалансында энергоресурстардың үштен бірі ұқоғамдық инфраструктураға келеді /2/.
Жеке үйлер мен коттедждерді жылуландырудың дәстүрлі жолы - бұл әр түрлі модификациядағы қазандықтар. Сонымен қатар ақырғы жылдар жылуландыру мен сумен қамтамтудың басқа альтернативалық жүйелері қолданыла бастады. Бірақ осы уақытқа дейін Қазақстанның құрылыс рыногында тұрарлық альтернативалық техника және жылу және сумен қамтудың технологиясы пайдаланылмайды. Бұл «жылу сораптары», яғни жылулық жабдықтар, су қоймаларының, жер бедерінің, екінші жылу ресурстың энергиясын пайдалану үшін жасалған.
Мұндай жабдықтар тұтынушының қажеттіліктеріне байланысты әр түрлі конфигурацияларда көрсетілген, жеке үйлер мен коттедждер үшін, сонымен қатар ірі қоғамдық - әлеуметтік ғимараттар үшін де пайдаланылады.
Жылу сораптарын қолданатын жылуландыру қондырғылары жылу алу процессінің тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуы мүмкін.
Жылу сорапты қондырғылар (ЖСҚ), аз қайнайтын жұмысшы заттарындағы жылудинамикалық циклды жүзеге асыра отырып жаңаратын төмен потенциалды жылу энергиясын қошаған ортаданқамтып алады, жылумен қамтуға қажетті деңгейге дейін оның потенциалын көтереді, отынды тура жағу кезіндегіге қарағанда 1, 5 - 2, 5 есе біріншілікті энергияны шығындайды. Жылу сорапты қондырғыларын қолдану - бұл жаңармайтын энергоресурстарды қорғап қалу және қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар атмосфераға СО 2 (парниктік газ) шығарылуының азаюы.
Қазіргі уақытта көптеп жылу сораптарын қолдану мен өндіру АҚШ-та, Жапонияда, Герамнияда, Францияда, Швецияда, Данияда, Канадада, Ресейде және т. б. мемлекеттерде жүзеге асырылуда. Шетелдік көп мамандар осы жылу сораптарының кейінгіде көптеп пайдаланылып қоймай, сонымен қатар жылумен қамтамасыз етудің төмен температуралық жүйелерде негізгі орын алады деп есептейді.
Кез келген мемлекеттегі жылу сораптарының өндірісі бірінші кезекте өзінің ішкі рыногының қажеттілігін қанағаттандыру үшін негізделген.
Германияда сулы, сонымен қатар ауалы жылыту жүйелерінде және ауаның желдету жүйелерінде пайдаланылатын бірнеше мыңдаған ЖСҚ пайдалануда. Электр жетекті жылу сораптары басты орында. Сонымен қатар дизелдьік және газдық қозғалтқыштардан әкелінетін жүздеген жоғары қуатты ЖСҚ пайдаланылады. Жылудың қайнар көзі ретінде ауа (сыртқы және сорылмалы), грунт, су және т. б. қолданылады. Ірі жылу қондырғылары негізінен жылумен қамтудың центрленген жүйелерінде жұмыс істейді. 4 МВт дейінгі бірлікті жылу қуатты оншақты абсорбционды жылу сораптары жасалған.
Қазіргі кезде Германияда барлық дамыған мемлекеттер арасындағы бюджеттен ең кең мөлшерде өкіметтік датация бөлінеді: жылу сорптарының пайдаланылуына жіберілген 1 кВт жылу қуаты үшін 300 марка төленеді. Сонымен бірге центрленген және жеке жылумен қамту үшін газ тәрізді және сұйвқ отынды үнемді жекеленген қазандықтарды өндіруден Герамния әлемде бірінші орындардың бірін алуда. Жылу сораптары бойынша Берлиндегі бойынша 1997 жылы әлемде 90 милион жылу сораптары орнатылған.
90 жылдардың басында АҚШ - та жылу сораптарының 6 млн. -нан астамы пайдалансыта болған, олардың ішіндегі жартысынан көбі тұрғын үй коммуналды секторда орнатылған. Жылу қондырғыларынң 50 - ден сатам фирмалар шығарады, коттедж типтес жаңа салынып жатқан үйлердің 30 % ЖСҚ - мен қамтылады.
Жапонияда әр жылда 500 мың дана шығарады. АҚШ, Жапонияда және басқа да мемлекетерде жазғы ауа желдету мен жылуландыру үшін жасалған, ауа - ауалы реверсивті жылу сорапты қондырғылар кең тараған, осы уақытта Еуропада су - сулы және су - ауалы жылу сорапты қондырғылар пайдаланылуда.
Швецияда және басқа да скандинавиялық мемлекеттерде арзан электр энергияның болуы және тұғындық аудандар мен ірі өндірістік объектілерді центрленген жылумен қамту жүйелерін кеңінен пайдалану ірі ЖСҚ - жың дамуына әкеледі.
Финляндияда, Швецияда және Норвегияда ЖСҚ - ны пайдалану пайызы 30 % құрайды. Ең жақсы мысал Стокгольмдегі 320 МВт қуатты жылу сорапты станция жатады. +2 о С дейін суытылатын +4 о С температуралы Балтық теңізінің суы жылу қайнар көзі ретінде пайдаланылады. Жазда температура жоғарылайды, ал сонымен бірге станция тиімділігі де станция теңіз жағалауындағы 6 баржада орналастырылған.
Нидерландыда, Данияда және осы аймақтың басқа мемлекеттерінде отынның қол жеткізілетін түрі газ болып табылады, сондықтан газ қозғалтқыштарынан және абсорбционды жетекті жылу сораптары тез жетілуде.
Швейцарияда бірінші жылу сорапты қондырғылар 30 жылдарда салынған. Қазір он мыңдаған ЖСҚ - лар пайдаланылуда, негізінен, кіші жылу қуаттылар.
Центрленген жылумен қамту жүйелерінде жұмыс істеуге арналған ірі қондырғылар салынған. Олардыың ең ірісі болып Лозанне қаласындағы электр жетекті 7, 0 МВт жылу қуатты қондырғы табылады. Швейцариялық энергия үнемдеудің ұлттық бағдарламасы алдыңғы үш жылда жылу сораптарымен жылу өндіруді үш есе көтеру қарастырылады. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін қомақты қаражат бөлінуде.
Жылу қуаттылықтары бойынша жұмыс сітеп тұрған жылу сораптардың құрылысы әр мемлекетте әр түрлі. Егер Жапония үшін жылу сорабының орташа қуаты 10 кВт аспаса, онда Швецияда ол 100 кВт жуық.
«Ресейдің дәстүрлі емес энергетикасын дамыту» Ресей Федерациясының Минторэнерго бағдарламасы тұрғындық - коммуналдық секторда ЖСҚ пайдалану, сонымен қатар центрленген жылумен қамьамасыз ету жүйелерінде де пайдалануды қарастырады. Энергоүнемдеудің аймақтық бағдарламалары шеңберінде және жылумен қамтудың дәстүрлі жүйелерін жылу сорапты қондырғылармен алмастыру жұмыстары жүзеге асады (Новосибирск ауданы, Нижегородск ауданы, Норильск, Нюренгри, Якутия, Дивногорск) орташа бір жылдық жылу қуаттарын енгізу 100 МВт жуық болады. Осымен Ресейде жылу сорапты қондырғыларды пайдаланып, оларды тарату жүзеге аспақшы.
Қазақстан Республикаында бүгінгі таңда Yellow Pages - Қазақстанның тауарлар және қызмет көрсетудің индустриялық - коммерциялық сөздіктің мәліметі бойынша жылу сорапты қондырғыларды шығаратын фирмалар жоқ.
KOMPASS сөздігінің мәліметі бойынша республикада ғимаратты жылумен қамту үшін жылу сораптарын орнатылуы жүзеге асады, сонымен қатар бірнеше ұйымадар ЖСҚ бойынша жобалық жұмыстар жасауа.
«Энергия және ресурс үнемдеуші жабдықтар және технологиялар» атты тоғыз Қазақстандық халықаралық көрменің (1998 - 2006 ж. ж. ) арнайы каталогтарында ЖСҚ туралы мәліметтер жоқ.
АИЭС және ВКТУ - да ЖСҚ - ды пайдалану бойынша енгізулік және ғылыми - зертеулік жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі уақытта жылу сораптарының әлемдік паркінің жылулық қуаты, минималды бағалау бойынша, 250 мың МВт құрайды, жылдық бір жылдық өндірілуі - 1 млрд. Гкал, бұл 80 млн. т. у. т. көлемге дейінгі органикалық отынды сырып тастауға сәйкес келеді.
Әлемдік тәжірибе шарасыз энергетикалық және экологиялық мәселелер жылу сораптарын кеңінен қолдану қажеттілігін көрсетеді.
Әлемдік энегетикалық кеңестің болжамы бойынша 2020 жылға таман дамыған мемлекеттерде жылумен қамтудың (коммуналды және өндірістік) 75 % жылу сораптары көмегімен жүзеге асады.
1976 жылы МИРЭС жылу сораптары бойынша халықаралық комитет құрды және негізгі түсініктер қабылданды.
Пайдаланылатын жылу тасымалдағыш пен жылудың қайнар көзіне байланысты жылу сораптары және жылуландыратын жылу сорапты жүйелері келесідей түрде бөлінеді: ауа - ауа, ауа - су, су - ауа, су - су, грунт - ауа, грунт - су.
ЖСҚ - дың негізгі маңыздылығы - пайдаланылатын энергия (электрлік, жылулық) түріне байланысты әмбебаптығы.
ЖСҚ - ң тағы бір ерекшелігі - қуаттылықтың кең диапазоны (үлестен мың киловатқа дейін), кез келген жылу көзінің қуатынан асып кетеді, сонымен қатар кіші және орташа ЖЭО қуатынан да асып кетеді.
ЖСҚ -ны пайдалану энергяиның жаңаратын қайнар көзін (күн, жел, биоэнергия) пайдаланатын басқа технологиялармен бірге бірлесетін аралас сызбанұсқаларда қолайлы, ол бірлескен жүйелердің параметрлерін жақсартуға және жоғары үнемдік көрсеткіштерге жету үшін қажет.
Осы ерекшеліктер бар әлемде және дамыған мемлекеттерде ЖСҚ - ын кеңінен қолдануға және көптеп таралуына мүмкіндік береді.
Жылумен қамтудың жылу сорабын органикалық немесе локальды пайдалану туралыемес, ал осы мақсаттар үшін органикалық отынды тура жағудан бас тарту туралы шарт қойылып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz