Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ.Тарау Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық.географиялық жағдайы мен балық шаруашылығын дамытудың алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1. Облыс экономикасына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2. Су ресурсының шаруашылықтағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.3. Облыста тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
ІІ.Тарау Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
2.1. Шардара ауданынан жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... .. 27
2.2. Шардара су қоймасындағы балық шаруашылығы және оның даму мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
32
2.3. Шардара су қоймасында балық шаруашылығының даму келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
35
2.4. Шардара су қоймасында суды қорғау мәселелері ... ... ... ... ... . 36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Балық шаруашылығы – балықты өндіру және өңдеумен айналысатын тамақ өнеркәсібінің бір саласы. Тамақ өнеркәсібінің бір саласы ретінде балық шаруашылығы ХYII - ғасырда пайда болды. Балық шаруашылығы Қазақстан республикасы территориясында негізінен Каспий және Арал теңіздерінде жүргізілді. Шардара су қоймасында балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400-ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Шардара су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Оңтүстік Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Шардара су қоймасы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы балықты ең көп аулайтын су қоймасы.
Жұмыстың мақсаты: Шардара су қоймасында балық аулаудың тарихы мен қазіргі жағдайына тоқтала отырып, мұнда балық аулаудың облыс экономикасындағы алатын орнын айқындау.
Жұмыстың міндеті: Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына жалпы сипаттама бере отырып, оның экономикасында тамақ өнеркәсібінің алатын орнын анықтап, Шардара су қоймасында балық аулау шаруашылығының даму жағдайына талдау жасау.
Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы мен қазіргі жағдайы туралы көптеген мәліметтерді Қазақстан республикасы балық шаруашылығының ғылыми - зерттеу институтының мәліметіне алуға болады. Бұл мәселемен осы аталған институттың ғалымдары Сариев Б. және Жамалов С. айналысқан.

І-тарау. Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы мен балық шаруашылығын дамытудың алғы шарттары
1.1. Облыс экономикасына жалпы сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері жазықты, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территориясының солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан. Облыс жерінен Сырдария, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал шаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған./1/
Оңтүстік Қазақстан облысының көп ғасырлық тарихы бар. Мұнда Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл өлке ертедегі мәдениет пен цивилизацияның орталығы. Ертедегі Оңтүстік Қазақстан облысында көне түрік қағанаты заманында көне мәдениет ошақтары - Исфиджаб (Сайрам), Отырар, Сығанақ, Яссы, Әулие-Ата қалалары дамыған. Мұнде әлемдік маңызы бар ғылыми және білім орталықтары болған.
Оңтүстік Қазақстан облысы ауқымды өндірістік-экономикалық әлеуетімен, еңбек ресурстарының көптігімен ерекшеленетін аумақ.
Оңтүстік Қазақстан облысы әруақытта өнеркәсіп ошақтары мен аграрлық секторы қатар дамыған аймақ ретінде көзге түседі. Облыстың динамикалық және комплексті дамуында қажетті шикізаттар жеткілікті мөлшерде кездеседі. Мұнда силикатты шикізаттар, түсті металдардың кен орындары және уранның республика бойынша 50 % бар. Қолайлы ауа райы мен ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің молдығы ауыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуға жағдай жасайды. Соңғы 15 жылда ірі өнеркәсіп орындарының тоқырауына қарамастан облыс индустриалды - аграрлы өлке болып табылады. Бүгінгі күнде Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша трансформатордың 98 % , дәрі-дәрмектің 70 %, республикада өндірілетін минералды сулардың жартысына жуығын, мотор майлары мен бензиннің 40 % , республика бойынша мақта және оның өнімдерінің барлығын береді.
Оңтүстік Қазақстан облысы экономикалық дамуы жөнінен 2006 жылғы мәлімет бойынша тұрақты дамыған, дағдарыстан шыққан облыс болып табылады. 2005 жылмен салыстырғанда өнім 110,8 пайызға артқанын байқауға болады. Яғни, облыс экономикасы жыл сайын өркендеп келе жатыр.
Оңтүстік Қазақстан ежелден өнеркәсібі ерекше дамыған өңір саналады. Химфарм, қорғасын, фосфор, цемент, шина, полиметалл, уран, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндірумен танылған. Еліміз егемендік алып, экономикамыз ілгерілеген сайын облыстың экономикасының өркендеп келе жатқанын байқауға болады.
Облыстың өнеркәсібі өз өнімдерін әлемнің 37 еліне экспортқа шығарады, 66 елінен өнімдер алады. Экспортталатын өнімдер ішінде мақта өнімдері - 43,3 % , металлургия өнеркәсібі - 14,5 % , минералдық өнімдер - 17,2 % , мал және өсімдік өнімдері - 17,3 % , химия өнімдері - 4,3 %. Ал импорт құрылымында машиналар, машина жабдықтары, көлік құралдары, түрлі приборлар мен аппараттар 42,8 % , химия өнімдері - 18,8 % құрайды. Облыста қазіргі таңды «Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды - инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» жасалған. Өнім сапасын халықаралық стандартқа сай ету жұмыстары жан-жақты жандандырылуда. /2/
Адам өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін көп суды қолданады. Ол тұрғындарды сумен қамсыздандыру, түрлі өндірістерді, жерді суғару, көлікті және балық шаруашылығын дамыту, денсаулық сақтау мен туризм үшін қажетті. Сусыз өмір сүретін қандай да бір шаруашылық саласын көру мүмкін емес.
ХХ ғасыр өндірістің күрт өсуімен, әсіресе, суқоймалық салалар мен энергетиканың ұдайы дамуы мен сипатталады. Бұл өспелі көлемде интенсивті суды тұтынуға алып келе жатыр, сондықтан қазір су қорларының таусылып қалмауының алдын алу үшін тез арада шаралар қолдану керек.
Қазіргі жағдайда, әсіресе халық шаруашылығының болашақта дамуын қарастырғанда, су шаруашылық комплекстерінің маңызы зор, олар ауыл шаруашылығының қажеттілігін ескере тұра су қорларының пландық дамуына арналған әлеуметтік-экономикалық және техникалық жұмыстар жүргізуі қажет. /3/
Су шаруашылық комплексінің мүшелері: сумен қамту, су тарту, гидротехникалық мелиорация, гидроэнергетика, су көлігі, сал ағызу, балық шаруашылығы, денсаулық сақтау, су туризмі. Сонымен гидротехникалық мелиорацияға тек жер суаратын және құрғататын жұмыстары емес, тағы судың кері әсерін тигізбеу шараларын іске асырады су тасқынынан сақтау, су эрозиясымен, селмен, сырғымамен, жағалаулардың бұзылуымен, батпақтылықпен және сортаңданумен күрес.
Қазіргі кезеңде әр су шаруашылық комплексі келесі негізгі шарттарды қанағаттандыруы керек:
- судың мөлшері мен сапасына байланысты мүшелердің сұранысын орынды түрде қамтамасыз ету;
- табиғи жағдайдың күйреуіне және ағынды су мен су қоймаларды сақтауға кепілдік беріп, олардың ластануы мен құрғауына жол бермеу керек;
- барлық мүшелердің пайдалануына өте үлкен нәтижелікті қамтамасыз ету;
- су шаруашылық құрылғыларлың (бөгендер, гидростанциялар, насос құрылғылар, каналдар, құбырлар және т.б.) тиімді пайдалану жүйесіне кепілдік беру және олардың беріктігін қамтамасыз ету.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. М.Ш.Ярмухамедов. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Алматы.,1997
2. Шардара аудандық статистикалық комитетінің мәліметтері
3. Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жылдық есебі. Астана, 2005.
4. К.Б.Ахметова. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. - Алматы,1994
5. Е.А. Ахметов и др. География современного мира. Алматы.,2003
6. Е.А. Туркебаев. Рыночная экономика Алматы.,1998
7. Регионы Казахстан. Ежеквартальник.
8. Суверенный Казахстан и социально-экономическая география. Под ред. Увалиева Т.О.- Алматы,1998
9. Нұрын шашқан Оңтүстік. Энциклопедия. Шымкен,2004
10. Ускенбаев С.И. Чардаринское водохранилище. Шымкент, 2004
11. http/www. uko.kz. Официальный сайт Южно-казахстанской области
12. http/www.old. cru. ru.
13. С.Халимов., А. Эргашев Проблемы развития рыбной промышленности в Чардаринской водохрналище. Шымкент., 2002
14. Казахстан и его регионы. Ежеквартальник. Алматы,2005 № 1
15. Ковда В.А. Биосфера, почвы и их использование. М.1974. 124 стр.
16. Боровский В.М. Что нас ждет завтра. газ.Вечерняя Алма-Ата. 22/11-1975.
17. Урланис Б.И. Народонаселение. Исследования, публицистика. М. Статистика. 1976. 356.
18. Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық комитетінің мәліметтері.
19. Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Статистикалық комитет мәліметтері. Шымкент, 2006
20. Шарадара аудандық ауыл шаруашылығы департаментінің есебі. Шардара, 2006

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс
экономикасындағы орны

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ-Тарау Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық-географиялық
жағдайы мен балық шаруашылығын дамытудың алғы
шарттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
Облыс экономикасына жалпы 4
1.1. сипаттама ... ... ... ... ... ... . .
Су ресурсының шаруашылықтағы
1.2. маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
Облыста тамақ өнеркәсібін дамыту
1.3. мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ІІ-Тарау Шардара су қоймасында балық шаруашылығының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
Шардара ауданынан жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... .. 27
2.1.
Шардара су қоймасындағы балық шаруашылығы және оның даму
2.2. мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
... ... ... ... ... ... ... .
Шардара су қоймасында балық шаруашылығының даму
2.3. келешегі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 35
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
Шардара су қоймасында суды қорғау 36
2.4. мәселелері ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 46
... ... ... ... ... ... ... ... .. .

Пайдаланылған әдебиеттер 48
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Балық шаруашылығы – балықты өндіру
және өңдеумен айналысатын тамақ өнеркәсібінің бір саласы. Тамақ
өнеркәсібінің бір саласы ретінде балық шаруашылығы ХYII - ғасырда пайда
болды. Балық шаруашылығы Қазақстан республикасы территориясында негізінен
Каспий және Арал теңіздерінде жүргізілді. Шардара су қоймасында балық аулау
1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400-ден 1652
тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей
бастады. Шардара су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен
балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Оңтүстік Қазақстанда
балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Шардара су қоймасы – Оңтүстік
Қазақстан облысындағы балықты ең көп аулайтын су қоймасы.
Жұмыстың мақсаты: Шардара су қоймасында балық аулаудың тарихы мен
қазіргі жағдайына тоқтала отырып, мұнда балық аулаудың облыс
экономикасындағы алатын орнын айқындау.
Жұмыстың міндеті: Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына жалпы
сипаттама бере отырып, оның экономикасында тамақ өнеркәсібінің алатын орнын
анықтап, Шардара су қоймасында балық аулау шаруашылығының даму жағдайына
талдау жасау.
Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы мен қазіргі жағдайы
туралы көптеген мәліметтерді Қазақстан республикасы балық шаруашылығының
ғылыми - зерттеу институтының мәліметіне алуға болады. Бұл мәселемен осы
аталған институттың ғалымдары Сариев Б. және Жамалов С. айналысқан.

І-тарау. Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы мен балық
шаруашылығын дамытудың алғы шарттары
1.1. Облыс экономикасына жалпы сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде
орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан
республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен,
солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері
жазықты, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы.
Территориясының солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл
зонасында орналасқан. Облыс жерінен Сырдария, Арыс, Келес секілді ірі
өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған орай
мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал шаруашылығының кейбір салалары жақсы
дамыған.1
Оңтүстік Қазақстан облысының көп ғасырлық тарихы бар. Мұнда Ұлы Жібек
жолы өткен. Бұл өлке ертедегі мәдениет пен цивилизацияның орталығы.
Ертедегі Оңтүстік Қазақстан облысында көне түрік қағанаты заманында көне
мәдениет ошақтары - Исфиджаб (Сайрам), Отырар, Сығанақ, Яссы, Әулие-Ата
қалалары дамыған. Мұнде әлемдік маңызы бар ғылыми және білім орталықтары
болған.
Оңтүстік Қазақстан облысы ауқымды өндірістік-экономикалық әлеуетімен,
еңбек ресурстарының көптігімен ерекшеленетін аумақ.
Оңтүстік Қазақстан облысы әруақытта өнеркәсіп ошақтары мен аграрлық
секторы қатар дамыған аймақ ретінде көзге түседі. Облыстың динамикалық және
комплексті дамуында қажетті шикізаттар жеткілікті мөлшерде кездеседі. Мұнда
силикатты шикізаттар, түсті металдардың кен орындары және уранның
республика бойынша 50 % бар. Қолайлы ауа райы мен ауыл шаруашылығына
жарамды жерлердің молдығы ауыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуға
жағдай жасайды. Соңғы 15 жылда ірі өнеркәсіп орындарының тоқырауына
қарамастан облыс индустриалды - аграрлы өлке болып табылады. Бүгінгі күнде
Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша трансформатордың 98 % , дәрі-
дәрмектің 70 %, республикада өндірілетін минералды сулардың жартысына
жуығын, мотор майлары мен бензиннің 40 % , республика бойынша мақта және
оның өнімдерінің барлығын береді.
Оңтүстік Қазақстан облысы экономикалық дамуы жөнінен 2006 жылғы
мәлімет бойынша тұрақты дамыған, дағдарыстан шыққан облыс болып табылады.
2005 жылмен салыстырғанда өнім 110,8 пайызға артқанын байқауға болады.
Яғни, облыс экономикасы жыл сайын өркендеп келе жатыр.
Оңтүстік Қазақстан ежелден өнеркәсібі ерекше дамыған өңір саналады.
Химфарм, қорғасын, фосфор, цемент, шина, полиметалл, уран, сондай-ақ жеңіл
өнеркәсіп бұйымдарын өндірумен танылған. Еліміз егемендік алып,
экономикамыз ілгерілеген сайын облыстың экономикасының өркендеп келе
жатқанын байқауға болады.
Облыстың өнеркәсібі өз өнімдерін әлемнің 37 еліне экспортқа шығарады,
66 елінен өнімдер алады. Экспортталатын өнімдер ішінде мақта өнімдері -
43,3 % , металлургия өнеркәсібі - 14,5 % , минералдық өнімдер - 17,2 % ,
мал және өсімдік өнімдері - 17,3 % , химия өнімдері - 4,3 %. Ал импорт
құрылымында машиналар, машина жабдықтары, көлік құралдары, түрлі приборлар
мен аппараттар 42,8 % , химия өнімдері - 18,8 % құрайды. Облыста қазіргі
таңды Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды - инновациялық дамуының
2004-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалған. Өнім сапасын
халықаралық стандартқа сай ету жұмыстары жан-жақты жандандырылуда. 2
Адам өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін көп суды қолданады. Ол
тұрғындарды сумен қамсыздандыру, түрлі өндірістерді, жерді суғару, көлікті
және балық шаруашылығын дамыту, денсаулық сақтау мен туризм үшін қажетті.
Сусыз өмір сүретін қандай да бір шаруашылық саласын көру мүмкін емес.
ХХ ғасыр өндірістің күрт өсуімен, әсіресе, суқоймалық салалар мен
энергетиканың ұдайы дамуы мен сипатталады. Бұл өспелі көлемде интенсивті
суды тұтынуға алып келе жатыр, сондықтан қазір су қорларының таусылып
қалмауының алдын алу үшін тез арада шаралар қолдану керек.
Қазіргі жағдайда, әсіресе халық шаруашылығының болашақта дамуын
қарастырғанда, су шаруашылық комплекстерінің маңызы зор, олар ауыл
шаруашылығының қажеттілігін ескере тұра су қорларының пландық дамуына
арналған әлеуметтік-экономикалық және техникалық жұмыстар жүргізуі қажет.
3
Су шаруашылық комплексінің мүшелері: сумен қамту, су тарту,
гидротехникалық мелиорация, гидроэнергетика, су көлігі, сал ағызу, балық
шаруашылығы, денсаулық сақтау, су туризмі. Сонымен гидротехникалық
мелиорацияға тек жер суаратын және құрғататын жұмыстары емес, тағы судың
кері әсерін тигізбеу шараларын іске асырады су тасқынынан сақтау, су
эрозиясымен, селмен, сырғымамен, жағалаулардың бұзылуымен, батпақтылықпен
және сортаңданумен күрес.
Қазіргі кезеңде әр су шаруашылық комплексі келесі негізгі шарттарды
қанағаттандыруы керек:
- судың мөлшері мен сапасына байланысты мүшелердің сұранысын орынды
түрде қамтамасыз ету;
- табиғи жағдайдың күйреуіне және ағынды су мен су қоймаларды
сақтауға кепілдік беріп, олардың ластануы мен құрғауына жол бермеу
керек;
- барлық мүшелердің пайдалануына өте үлкен нәтижелікті қамтамасыз
ету;
- су шаруашылық құрылғыларлың (бөгендер, гидростанциялар, насос
құрылғылар, каналдар, құбырлар және т.б.) тиімді пайдалану жүйесіне
кепілдік беру және олардың беріктігін қамтамасыз ету.

1.2. Су ресурсының шаруашылықтағы маңызы
Қазір республикада ірі су комплекстері көп. Электроэнергияны өндіруге
байланысты, осы су торабы зоналарында басқа комплекс мүшелерінің
сұраныстары жақсы шешілуде, атап айтқанда: қалаларды, өндіріс орындарын,
жылу электростанцияларын, жер суландыруды, су көліктерін және сал
ағызуларды сумен қамсыздандыру. Осы құрылған су қоймалардың көпшілігінде
қайта балық өндіруге жағдайлар бар.
Су шаруашылық комплекстерді құрғанда әр өзен бассейні бір су
шаруашылық жүйе ретінде қарастырылады, барлық элементтері - өзендер,
көлдер, жылғалар, әуіттер, суқоймалар, батпақтар және жер асты сулары бір
- бірімен байланысты және өзіндік гидрологиялық тепе - теңдігін сақтайды.
Сондықтан бір немесе бірнеше элементтерді пайдаланғанда, толық жүйенің
нормальді іс-әрекетін бұзбау керек. 4
Су пайдалану мен қайтымсыз шығындар үздіксіз өсуде, сондықтан суды өте
бағалы шикізат түрі деп қарастыру қажет. Оның шығындалуы және су көздерінің
ластануы мен құрғауынан сақтау үшін радикалды шаралар қолдану керек.

1.3. Облыста тамақ өнеркәсібін дамыту мәселері
Тамақ өнеркәсібі – аграрлық - өнеркәсіптік кешеннің негізгі өңдеуші
саласы. Оны өңдеу үшін қажетті шикізат (астық, ет, сүт, қант қызылшасы,
картоп) алып отыратын ауыл шаруашылығымен, шаруашылықтың басқа салаларына
қарағанда өте тығыз байланысты. Бұл сала өсімдік және мал шаруашылығына
едәуір әсер етеді. Ол ең алдымен, өнімнің қолданылу аясын кеңейтіп, ауыл
шаруашылық өндірісінің тауарлығын арттырып, жаңа шикізат базаларының
дамуына ықпал жасайды. 5
Тамақ өнеркәсібінің жеке салаларының орналасуы мен даму ерекшеліктері:
а) қант
б) ет және консерві
в) ұн тарту және жарма
г) балық
д) май шайқау
е) сүт және май өңдеу
ж) жеміс және консервілеу
Шикізат және тұтыну факторларының әсері дәрежесі бойынша тамақ өнеркәсібін
үш топқа бөлуге болады.
1. Шикізт көздеріне (шикізат жұмсау мөлшері жоғары) жақын орналасқан -
қант, спирт, май шайқау, сүт-консерві, крахмал - сірне жасау сияқты
салалары.
2. Дайын өнімді тұтынатын жерлерге жақын орналасқан салалар –
наубайхана, сыра қайнату, сүт, макарон, кондитер бұйымдарын дайындау
салалары.
3. Шикізат көзіне де, тұтынушыларға да жақын орналасқан – ет, балық
консервілеу, ұн тарту, шарап ашыту, темекі өңдеу сияқты салалар.
Пайдаланылатын шикізатының сипатына қарай тамақ өнеркәсібінің құрамына
20 - дан астам шағын сала кіреді. Олардың саны жаңа бағалы тамақ өнімінің
пайда болуына және ұзақ мерзімге сақтауға келетін өнімнің (түрлі
консервілер, концентраттар, бұқтырылған және тоңазытылған ет, балық,
жемістер және т.б.) көбеюіне қарай өсіп отырады. 6
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары технологиялық процесс сатылары бойынша
маманданады. Осы тұрғыдан оларды өзара байланысты екі топқа біріктіруге
болады. Бұл топтарға енетіндер:
1. Өңделмеген шикізатты пайдаланатын май шайқау, қант, жарма, шай,
консерві, балық өңдеу сияқты салалар.
Бұл жағдайда ауылшаруашылық шикізатын алғаш ұқсататын кәсіпорындар сол
шикізат көздеріне жақын орналасдаы.
2. Наубайхана, кеспе, кондитерлік бұйымдар жасау, шай өлшеу сияқты
алғашқы өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар. Олар тұтыну
аймағының ортасына орналасады.
Балық және балық өңдеу өнеркәсібі облыста Шардара су қоймасында
дамыған.
Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы маңызды және жақсы дамыған
экономикалық аудандардың бiрi. Ауыл шаруашылығына мамандануы Оңтүстік
Қазақстанға шекаралас жатқан Орта Азияны еске түсiредi. Бұл – Қазақстанның
бағалы техникалық және дәндi дақылдар өсiретiн суғармалы аймағы.
Республикада бақша, жүзiм өсiру мен қой шаруашылығынан бiрiншi орынды
иемденедi. Шардара су қоймасының суы ауыл шаруашылығы жерлерін суарумен
айналысады.
Оңтүстік Қазақстан азық - түлiк және жеңiл өнеркәсiп дамыған орталық.
Тау кен өнеркәсiбi де жоғары деңгейде жолға қойылған (полиметалл, фосфорит,
қорғасын өндiрiсi).
Қазақстан Республикасы егемендігін алған жылдан бастап аграрлы
реформалар жасай бастады. Жер реформасы туралы және Шаруа (фермер)
қожалықтары туралы заңдар қабылданды. 1992-1997 жылдары Кәсіпорындар
туралы, Жол туралы, 2003 жылы Жер кодексі заңы, сонымен қатар көптеген
ауылшаруашылығын қайта қалыптастыру бойынша нормативтік және құқықтық
құжаттар қабылданды. Мұндай ресми құжаттар агро өндірістік, экономикалық
және еңбек қатынастарының түбегейлі өзгеруіне бағытталды, агроөнеркәсіп
өндірісінде жеке меншік бағыттың жедел қалыптасуына, шаруашылықтың жаңа
түрлерінің құрылуына құқықтық тұрғыдан негіз болып табылады. Мұның өзі
Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің дамуында көптеген өзгерістерге әкеліп
соқты.
Келешекте агроөнеркәсіп экономикасының дамуы жоғарыдағы қабылданған
заң құжаттарын іс - жүзіне асыру дәрежесіне тікелей байланысты.
Агроөнеркәсіп өндірісінің келешектегі экономикалық өсуі, олардың өндірісті
кооперация негізінде дамытып, дайын өнім дайындау, бұларды сақтау, өңдеу
және өңделген дайын өнімдердің сатылуын жақсы жолға қоюға байланысты. 7
Агроөнеркәсіп өндірісін кооперация негізінде дамыту, ауыл
тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтары мен шағын, маманданбаған, шаруа
(фермер) қожалықтарының тауар өндірісін ғылыми ұйымдастырудың ең ескі
түрлерінің бірі күйінде қалып келеді.
Дамыған шетел өндірістерінде кең тараған кооперативтердің бірі ауыл
шаруашылық кооперациясы. Оларда табысы мол кооперация қызметін атқарушы
кәсіпорындар ішінде, азық-түлік өнімдерін өндіру, өңдеу және өңделген дайын
өнімдерді сататын кооперативтер көптеп ұйымдастырылған. Мысалы, Батыс
Еуропада ауыл шаруашылық кооперативтері төмендегі түрдегі қызметтермен
шұғылданады:
- сүт өнімдерін өңдеу;
- ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін, материалды -техникалық
ресурстарды қамтамасыз ету, ішкі нарықта өнімді сату және экспортқа шығару;
- астықты жинау және өңдеу;
- ет және ет өнімдерін өңдеу;
Кооперативтер малды сатып алып, етін қайта өңдейді, ішкі және сыртқы
нарықта ет және ет өнімдерінің сатылуын ұйымдастырып қадағалайды.
- Жеміс - жидек, жүзім өндіру және оларды өңдеу.
Ауыл шаруашылық коорперациясының өзіне тән ерекшеліктері төмендегі
бағыттармен жүзеге асады:
- өндірістік кооперативтерге мүше болу еркін және кооператив
мүшелерінің экономикалық мүддесіне негізделінуі керек.
- шаруашылық кооперативтерін басқару жүйесі тұрғыдағы демократиялық
келісушілікке қарай өзін - өзі басқару туындайды.
- Коорперация мүшелері қажетті деңгейде табыспен қамтамасыз етіледі.
Тауар өндірушілердің кооперация негізінде бірлесуі, ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілерінің тұрмыс жағдайының тез арада жоғары деңгейге
көтерілуіне қолайлы жағдай туындайды. Мұндай бағыттар мен шаралар Дания
елдері кооператив қозғалысындағы тәжірибеден көруге болады. 8
Алғашқы ауыл шаруашылық кооперативтері Данияда ХІХ ғасырдың соңында
басталса, содан бері олар елдің әлеуметтік -экономикалық дамуына үлкен үлес
қосуда. Оларда, кооперативтер арқылы өндіріс, жоғарғы деңгейде, тұрақты
дамуы қалыптасты.
Дания кооперативтері қазіргі кездерде ауыл шаруашылық өнімдерін
өндіру, шикізатты өңдеу және сатудан басқа, өндіріске құрал -жабдық,
саймандарды үлестіру, несие беру, сақтандыру тағы басқа қызметтерді атқарып
келеді.
Ауыл шаруашылық кооперациясы Израил агроөнеркәсіп кешенінде де маңызды
орында. Бұл елдің табиғи ресурстары, әсіресе су мен егін егетін жері
тапшылықта болғанымен, олар агроөнеркәсіп өндірісін интенсивті жүйеде
жүргізу арқылы ауыл шаруашылығын, жоғары табысты салаға айналдырды. 80 %
ауыл шаруашылық өндірісі, бұл жерде, екі кооперативтік құрылым: Киббуца
және Машаваларда жүргізілуде.
Біріншісі, жеке жанұяға қатысты шаруашылықтардың өндірістік,
тұтынушылық, әлеуметтік, қоғамдық қызметтерін бірге ұйымдастыру мақсатында,
толық коммуна түріндегі, кооперативтік бірлесу болса, екіншісі, бір топ
жеке шаруа (фермер) қожалықтары өнімдерін сату және өндірістік құрал -
жабдық, саймандарды сатып алу мақсатында, кооперация негізінде бірлескен.
Израил агроөнеркәсіп өндірісінде, әр жылғы ауыл шаруашылық өнімінің
экспортқа шығарылуы орта есеппен 1,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұлардың
тәжірибесін үйрену Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытуға зор әсер
етеді.
Қазақстанның меншіктіктің көп түрлілігі жағдайында, ауыл шаруашылығын
кооперация негізінде дамыту, аграрлық сектордың жаңа сапада қайта
қалыптасуына алып келеді. 9
Біздің пайымдауымызша өндірістік кооперативтер басқа да құқықтық
ұйымдастыру түрлерімен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындары деңгейінде
немесе шаруа (фермер) қожалықтарының бірлесуі негізінде құрылуы, яғни
көлбеу кооперациялық бірлесуі арқылы дамуы керек.
Қазақстанның салалық және аймақтық ерекшеліктеріне тән кооперативтік
шаруашылықтар арасында тік байланысты кооперация құрылымдарын (ауыл
шаруашылық және тұтыну кооперативтерін) дамытуға болады.
Ауыл шаруашылық кооперативтері, шаруашылық өнімдерін: астық, мақта,
сүт, ет және тағы басқа өнімдерді үлкен көлемде өндіруде, толық кешенді
технология жүйелерін пайдалану бағытын өз уақытында ұйымдастыру керек. Олар
кооперациялық бірігу негізінде, арнайы, қажетті, өнімділігі жоғары техника,
технологияларды өз уақытында сатып алып, өндіріске білікті ауыл шаруашылық
мамандарды қатыстыру арқылы, өзіндік құны төмен, бәсекелестікке жауап
берерлік сапалы өнім шығаруға мүмкіншілік туғызар еді.
Шаруа (фермер) қожалықтары мен тұрғындардың жеке қосалқы
шаруашылықтары өнімділігі жоғары, арнайы техника мен машиналарды алуға,
білікті ауыл мамандарының қызметінен пайдалануға қаржылық мүмкіншіліктері
жоқ. Сондықтан қазірше қолда бар, ескі техникалардың қуатын толық және
тиімді пайдалана алмауда. Себебі, шағын ұйымдардағы, техникаларды
пайдаланатын жер және өндіріс көлемі өте төменгі дәрежеде және шағын
аймақтарға орналасқан.
Бұның барлығы, өндірісте қол еңбегі үлес салмағының артуына, өнімнің
өзіндік құны деңгейінің жоғары болып, сапасыз өнім өндірілуіне әкеп
соқтырады. Олардың өндірген аз мөлшердегі ауыл шаруашылық өнімін, қаладағы
тұтынушыларға жеткізу, сату, олар үшін, үлкен шығын және қиыншылыққа
айналуда, себебі алып - сатушы қызмет атқаратын делдал кәсіпкерлер мен
кәсіпорындар, көп көлемде, көтерме бағада, арзан өнім сататын, сенімді, ірі
ауыл шаруашылық кәсіпорындармен жүргізгісі келеді. 10
Жоғарыда да айтылғандарды қорыта келгенде:
- агроөнеркәсіп өндірісінде кооперациялау процесін дамыту, кең
көлемде арнайы техника, технологияларды бірлесе пайдаланып,
нарықтың сұраныс талабына сай, бәсекелік үстемділігі жоғары өнім
өндіруге мүмкіншілік тудырады;
- тік байланысты өндірістік кооператив құрылымдары өндіріс айналасына
тез түседі ауыл шаруашылық өнімдерін өз уақытында өңдеп, соңғы
тұтынушыға қажетті дайын өнімдерді сатып, өнімдерді арнайы
қондырғылар орнатылған көліктердің тасымалдауға, яғни, өнімнің
төгіліп - шашылмауына, бұзылмауына қол жеткізеді;
- Ауыл экономикасын дамыту бағдарламасына сай, мемлекет тарапынан
агроөнеркәсіп өндірістеріне берілетін несие, кепілдікке қоятын
өндірістік құрал - жабдықтары мен жері бар, сенімді, ірі
кооперативтік кәсіпорындарға бірінші кезекте берілуі
қарастырылады;
- ауыл шаруашылық кооператив құрылымдары, нарық жағдайында, тауар
өндірушілерді, монополистерден және сенімсіз делдал сатып
алушылардың кері іс - әрекетінен қорғайды;
- агро өнеркәсіп кооперативтік шаруашылықтар, айналасындағы
өндірістік құрал - жабдықтарды, техника мен технологиялар қуатын
толық өз уақытында пайдалануына, білікті ауыл мамандарының қызмет
атқаруына мүмкіндік туғызады.
Келешекте Қазақстанның аграрлық саясатында ауыл шаруашылық өндірісінде
кооперацияны дамыту, стратегиялық басымды бағытқа айналуы қажет. Агро
өнеркәсіп өндірісінің кооперация негізінде дамуы шаруашылықтарда өндіріс
тиімділігін артыруға жаңа мүмкіншіліктер ашады және жалпы агроөнеркәсіп
кешенінде экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларының барлығында да
еліміздің ауыл шаруашылық өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері оның
назарынан тыс қалған емес.
Бұл саланың дамуына ел Президентінің баса назар аударатыны түсінікті
де. Елде жүзеге асырылған экономикалық реформа жылдары күйзеліске,
қиындыққа аса қатты ұшыраған саланың бірі, әрине, ауыл шаруашылығы
өнеркәсіп кешені болды. 11
Президент жолдауында үстіміздегі жылы (2005 жыл) ауыл шаруашылығы
өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса көп
қаржы бөлінетіні атап көрсетілген және бұл рекордтық сан делінген. Осыған
байланысты Президентіміздің тапсырмасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан
Республикасының Үкіметімен әкімдіктер ауыл шаруашылығын және тұтастай
агроөнеркәсіп кешенінің алдағы уақытта одан әрі дамуын айқындайтын
еліміздің аграрлық азық -түлік саясатын әзірлеуі қажет.
Президент жолдауында Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды
дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заң қабылдау қажет делінген. Бұл өте
орынды және дер кезінде үкімет алдына қойылған міндет.
Біздің пікірімізше Қазақстан Республикасының Парламенті аталған заңнан
басқа тағы екі заң қабылдаса тіпті жол болар еді. Оның біріншісі Қазақстан
Республикасындағы агроөнеркәсіптік өндірісті кооперациялау және
интеграциялау (бірлестіру) туралы, екіншісі Қазақстан Республикасындағы
шаруа қожалықтары, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындары және агро фирмалар
туралы болса. Сонда Жер Кодексін басшылыққа ала отырып Республикада
әртүрлі шаруашылық нысандарын өндіріс тиімділігін арттыруға себебі
тиетіндей етіп ұйымдастыруға жеңілдік туар еді.
Президент жолдауында бүкіл дүние жүзілік сауда ұйымына кіруге
байланысты отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру қажеттігі айтылған. Бұл да толғағы жеткен мәселенің бірі екендігі
даусыз. Осыған байланысты елімізде өнеркәсіптің ауыл шаруашылық өнімдерін
өңдейтін саласын шапшаң дамытудың маңызы ерекше және ол кезек күттірмейтін
мәселе. Сапасы жоғары, бағасы төмен дайын өнім шығармай бәсекеге түсе
алмайтынымыз белгілі. Қазақстанда астық, мақта, жүн, т.б. сияқты шикізаттар
баршылық. Мәселе осы шикізаттардан тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының
басын ауыл шаруашылығымен біріктіре отырып сапасы жоғары, бәсекеге
қабілетті өнім шығара білуде бұл жерде жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту
үшін, олардың кәсіпорындарында жаңа техника мен озат технологияны енгізу
үшін инвестиция табу қажеттігі туындайды. Бұл іске шетелдік компаниялар мен
кәсіпорындарын тарту міндеті тұр. 12
Ауыл шаруашылығы құрылымын қайта құру мен аграрлық реформаның негізгі
бағытының бірі – фермерлікті дамыту. Қазіргі кезде шаруа (фермер)
қожалықтары ауылдағы негізгі азық - түлікпен қамтушы ғана емес, сондай -
ақ, негізгі жұмыс орны, отбасы табысының қайнар көзі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы саласында шағын аграрлық бизнес шаруа қожалықтарының
дамуымен сипатталады. Оңтүстік Қазақстан облысында шаруа қожалықтары 90
жылддардан бастап белсенді дами бастады. Статистикалық мәліметтер бойынша
Оңтүстік Қазақстан облысында облысында шаруа қожалықтарының саны 1990 жылы
38 ғана болса, 2004 жыл басында 39374 болып отыр. Қазіргі кезде облыстағы
шаруа қожалықтарындағы ауыл шаруашылығына арналған пайдалы жер 2437,5 мың
гектарды (бөлінген жердің 86,5(-і ) егістік жер – 569,9 мың гектарды
(23,4() алды. Фермерлердің үлесімі ауыл шаруашылық пайдалы жерінің 17 (
және егістіктің 53 ( тиесілі болды.
Облыс жұртшылығының 50 ( астамы ауылдық жерлерде қоныстанған. Демек,
облыстық әлеуметтік – экономикалық жағдайының дамуы ауыл шаруашылығы
саласының тұрақтануы мен жандануына тікелей байланысты. Аграрлық сектордың
дамуында мемлекеттік қолдаулармен қатар шаруашылықтардың арасындағы өзара
интеграциялық байланыстардың қалыптасуымен дамуы елеулі роль атқарады.
Экономикалық механизмдердің нарық қызметіндегі негізгі элементтері мен
тетіктерінің жетілмеуі және тауарды тарату жүйесіндегі ірі интеграциялайтын
субъектілердің дамымауының салдарынан салынған қор қайтарымы мен тауар
қозғалысы бәсеңдейді және өндірісті кеңейтуді айтпағанның өзінде, жай ұдайы
өндірісті тоқтатады. Қашанда біріккен өндіріс жүйесі, бытыраңқы ұсақ түріне
қарағанда басым түсетіні белгілі. Яғни, өндірісті кооперативтік
шоғырландыру жағдайы бұл орайда тиімдірек. Кооперация терминінің өзі
латынның cooperatio сөзінен шыққан, ынтымақтасу, бірлесіп жұмыс
істеу дегенді білдіреді. Кооперация теориясының негізін салушылардың бірі,
экономист – ғалым А.В.Чаяновтың кооперация дегеніміз - шаруаның еңбегін
жеңілдету және оның өмірін жақсарту дегенді. Ол кооперацияның көмегімен
шаруалардың жағдайын түзеу және жаңа ғылыми жетістіктерді шаруа игілігіне
айналдыруды ұйымдастыру мәселесін басты нысан ретінде қарастырған. Бұл
мәселе бүгін де маңызды болып отыр. Ауылды өркендетуде кооперативтік
негіздерді қолдану осыған жауап бере алады.
Әлемдік тәжірибеде аграрлық өндірісті кооперация процесі арқылы дамыту
кең өріс алуда.
Ауыл шаруашылығы кооперативінің кең тарауының мәні жеке жер меншігіне
негізделген ұсақ фермерлік шаруашылықтармен әртүрлі қызмет түрлері
жүйесінде ірі өндірісті коодинациялаудың тиімді формасы болып табылады.
Кооперацияның фермерлерді тарту себебі, еркін әріптестік жағдайында
олар өздерінің толық шаруашылық дербестігін, басқарушылық шешім қабылдау
үшін жауапкершілігін сақтайды. Кооперативтер фермерлердің қызығушылығын
қорғау функциясын атқарады және агроөндіріс кешеніндегі экономикалық мықты
әріптестермен нарықтық байланыс жүйесінде бәсекелестік қабілет деңгейін
арттырады.
Еуропа елдерінде фермерлік кооперативтер дайын азық - түлік
өнімдерінің бүкіл көлемінің 60 ( дейін қамтамасыз етеді әрі фермер
шаруашылықтарын өндіріс құралдарымен жабдықтайды, олар өндірген ауыл
шаруашылық өнімдерін дайындауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асырады. АҚШ -
та кооперативтер елде өндірілген барлық тауарлы ауыл шаруашылық өнімдерінің
30 ( рынокке шығарады және ауыл шаруашылығына өндіріс құралдарының 25( -
ына дейін жеткізілім жасайды. 13
Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жер көлемі жағынан аз
шаруа қожалықтарының саны басым, яғни ұсақ шаруашылықтардың өнім беру
көлемі де шамалы болатыны белгілі. Кезінде ірі шаруашылықтар тартылғанда
біреу үлкен, біреулері алақандай ғана жерге ие болды. Ауылда – жермен,
малмен шұғылданып өскенімен жеке шаруашылықтың иесі болып, оны дөңгелетіп
кету оңай емес. Фермер – экономист, есепші, агроном, зоотехник сияқты
бірқатар мамандардан хабардар болу керек. Әйтпесе шет елдердегідей
фермерлер арнайы кеңес беретін немесе қызмет көрсететін кооперативтерге
бірігуі қажет.
Сауалнама жүргізілген шаруа қожалықтары иелерімен сұхбаттасқанда олар:
іріленіп, бірінің жоғын бірі толтырып, іс қылғанға не жетсін. Бір жағынан
қорқыныш та жоқ емес, ол бірігуде – совхоздарды бөлген кездегідей момын
шаруа тағы да ескісінен де айрылып қалмай ма? Жерін игере алмай жалға
бергендердің алшақтаған алпауыттан ақысын ала алмай, басын соғып қалғанын
көзіміз көрді. Осы орайда істің жөнін сұрап, мәселенің мәнін түсіндіретін
бір орын – фермерлердің орталығы немесе ауылда бір маманы болса деп
ойлайсың. Ауыл әкімі ондаған жүздеген фермерлермен бас қатырып отыра ма?
Оған кейбіреулерінің уақыты, құлқы жоқ. Кейбірі істің мән - жайын өздері де
білмейді - дейді шаруа адам.
Кооперацияға сұралған фермерлердің 81,8 ( оң көзқарас білдіреді, ал
18,3 ( бұл процеске қатысқысы келмейтіндер болып шығады. Шаруашылық аралық
кооперативтерді құруға келісетіндер шамалы және орташа жер үлестері бар
фермерлер болып отыр. Яғни, фермерлерде жер учаскелерін ірілендіру
қажеттілігі мен арнайы білімдерінің (бұл топтағылардың 87,7( орта және
арнайы білім алғандар) жоқтығы фермерлік шаруашылықтар кооперациясын құруға
итермелейді. Фермер аралық кооперативтерге бірігуге келіспейтіндерге
келетін болсақ, мүлде жас фермерлердің үлесі басым, жер үлесі үлкендеу
шаруашылықтар, жалпы айтқанда тек өз күштеріне сенетіндер.
Әртүрлі шаруашылықаралық кооперацияның маңыздылығын шаруа (фермер)
қожалықтарының иелерінің бағалауы бойынша жасалған талдауда фермерлер аса
көңіл бөлген ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау бойынша шаруашылық
кооперациясы (70 ( сұралғандардың 5 балдық баға берген), ауыл шаруашылық
өнімдерін өткізу бойынша Шаруашылықаралық кооперация (64 (), техникалық
қызмет көрсету және жөндеу бойынша шаруашылықаралық кооперация (49 (),
техниканы бірігіп пайдалану бойынша шаруашылықаралық кооперациясы (44 ()
болды. 14
Әрине, өз жеке шаруашылығына өзі ие болғысы келетін шаруашылықтарға
кооперативтерге бірігу сенімсіздік туғызуы мүмкін. Бірақ жеке шаруаның
үздіксіз өндіріс (өндіру, өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау) жүйесін жасауға
шамасы келе бермейді. Сондықтан да шаруалар кооперацияға біріккені тиімді.
Бұл ерікті бірлестік және ол біреудің күштеуімен ұйымдастырылмайды. Тек
оның тиімді жақтарын дәлелдеп шаруа қожалықтарына түсіндіру қажет.
А.В.Чаянов былай деп тұжырымдайды: коорператив – ең алдымен одаққа
кіргеннен кейін жойылып кетпейді, бұрынғысынша сақ шаруашылық ретінде қала
береді. Олар тек өздерінің кейбір жұмыс бөлігін (өнімді өңдеу, сақтау,
сату, тасымалдау), бірлесіп атқаратын одақтық ұйымға бірігеді. Яғни,
өнімді өндіру бір бағытта, бір жобамен, бір жерден ұйымдастырылады.
Ауыл шаруашылығы экономика мәселелері туралы әдебиеттерді талдай
отырып, келесідей қорытындылар жасауға болады, атап айтар болсақ,
кооперацияға соңғы кезде көп көңіл бөлінуінің себебі, бұл әріптестік өзара
қарым - қатынастағы шаруашылықтандырудың ең әділетті жүйесі болып табылады.
Шаруашылықтандырудың акционерлік принципінде лидердің реформасында мүліктің
ең төмен бағалауының есебінен қомақты капиталды жекешелендіріп алуға
мүмкіндігі бар. Бұл тенденция, әсіресе, агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші
өндірістерінде және қызмет көрсету салаларында кездеседі. Соның нәтижесінде
ауылдық тауар өндірушілер бұл объектілерді жоғалтып алды. Яғни, кооперация
принциптері бойынша кооперативте ешкім ешқашан кооператив мүшелерінің
есебінен байи алмайды.
Агроөнеркәсіп кешені салаларының арасындағы өзара координациялық
байланысының ажырауының салдары еңбек нәтижесін бөлуде әділетсіздікке әкеп
соқтырды, яғни ауылдық тауар өндірушілер өнім өндіру циклында 213 шығын
жұмсап, тұтыну бағасы бойынша 113 -і ғана пайда табады. Ал кооперацияда
жұмсаған еңбегіне сәйкес экономикалық нәтижені бөлуді қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылық кооперациясы – ұсақ тауар өндірісінің бөлінбейтін серігі
болып табылады. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарының
әрекеттері дәлелдегендей, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет жасауы
құқықтық дербестігін сақтай отырып, өздерінің материалдық -техникалық және
еңбек ресурстарын кооперациялағанда ғана жүзеге асады. Шаруашылықтандырудың
кооперативтік жүйесі тұрақты жүйе. Мысалы, Германияда соңғы төрт жылда 20
мың әртүрлі коммерциялық құрылымдар банкроттыққа ұшыраған, бірақ олардың
ішінде бірде бір кооперативтер болмаған. Ауыл шаруашылығы, агросервис,
өңдеу және өткізу салаларының арасындағы өндірістік байланыстың бұзылуы
салдарынан барлық агрөнеркәсіп кешенінің салаларына зор нұқсан келтірілді.
Бұдан келіп баға диспаритеті, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне
монополизм, кәсіпорындардың шығынмен жұмыс жасауы және тағы басқа негативті
жағдайлар етек ала бастады.
Сондықтан да ауылдағы экономикалық проблемаларды шешуде ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілерінің, агросервистік кәсіпорындардың, өңдеуші
өнеркәсіптердің және сауда ұйымдарының күштерін біріктірудің маңызы зор.
Әрине, дала-дүкен циклына бірден біріктірудің жағдайы келмес, бірақ бұл
кешенде еңбектің соңғы нәтижесі – тұтыну бағасын қалыптастыратын ауыл
шаруашылық өнімдерін өңдеу және өткізу қызметтері көрініс табады. Ғалым –
экономистердің көзқарастарымен бөлісе отырып, көп укладты экономика
жағдайында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін, оның нақты
формаларын жасап, енгізу керек:
• Ауыл шаруашылық несие коорперативтері туралы, ауылдық сақтандыру
туралы, жеке қосалқы шаруашылық азаматтары туралы заңдар;
• Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері және ауыл шаруашылық тұтыну
кооперативтерінің үлгілік жарғысы;
• Агроөнеркәсіп кешеніндегі аймақтық деңгейдегі кооперациялық және
интеграциялық құрылымдардың дамуына қолдау жасау туралы заң;
Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудың тұрақты деңгейін
қамтамасыз ету, шикізаттарды аймақтық азық-түлік қорына сатып алу, осы
сатып алғандарды кооперативтік және интеграциялық құрылымдар бойынша дер
кезінде тарату және жеткізу мақсатында экономикалық және тағы басқа
жеңілдіктерді ұсыну. 15
Еліміздегі кооперацияны дамытуда кооперациялық қайта құру жолымен
өткен елдер тәжірибесіндегі жағымды және жағымсыз жақтарын ескеру керек.
Осыны негізге ала отырып кооперативтік қозғалыстың жалпы шарттарын құруға
болады:
• Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік потенциалын және ауылдағы ірі
өндіріс технологиясын сақтау;
• Шаруаның рынокка ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның балық шаруашылығы
Шардара ауданының туристік әлеуетін анықтау және туризмнің жағдайы мен даму мүмкіншіліктерін талдау
Қазақстанда ауланатын балық түрлері
Ауруды тарататын ауру балықтар
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Қопа көлінің қазіргі экологиялық жағдайына сипаттама беру
Шардара су қоймасының суының сапасы
Шардара ауданы географиялық орны
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛҚҰМ КАНАЛЫНА СУ ЖІБЕРГІШ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖОБАСЫ
ОҚО шардара ауданына тарихи- географиялық және әлеуметтік, экономикалық сипаттама
Пәндер