Резидент еместердің табыстарының салық есебі туралы ақпарат


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

Есеп және аудит кафедрасы

Салық есебі пәні

СӨЖ №2

Тақырыбы: Резидент еместердің табыстарының салық есебі

Орындаған: Нурсейтова Айдана

УА-205

Тексерген: Сарсенбаева А. А

2015 жыл

Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

Резидент емес жеке тұлғаның мынадай табыстарына осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген ставкалар бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салынады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, шетелдік персоналдың осы тармаққа сәйкес айқындалған табыстарының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы жүргізеді.
Шетелдік валютамен табысты төлеу кезінде төлем көзінен салық салынатын табыс мөлшері табыс төлеу күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.
Бюджетке резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы тармаққа сәйкес салық ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.
Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.
Салық агенті резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстайды.
Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің шетелдік персоналды ұсынуы кезінде мұндай персоналдың Қазақстан Республикасындағы қызметінен алынған табысына төлем көзінен жеке табыс салығы салынады.
Бұл ретте резидент емес жеке тұлғалардың табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты мұндай персонал алатын өзге материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Шетелдік персонал табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті резидент емес заңды тұлғаға шетелдік персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер үшін табыс төленген кезде жүргізеді.
Жеке табыс салығын төлеуді резидент емес жеке тұлға салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын табыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын резидент емес жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу жағдайында, резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуге және ағымдағы салық кезеңі ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейінгі кезеңге табыс етіледі.

Резидент емес заңды тұлғалардың таза табысынан 15% мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.

Резидент еместердің Қазақстан Республикасының көзінен алатын табыс түрлерінің қатарына мыналар жатады:

  • өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табыстары;
  • басқару, қаржылық, аудиторлық, маркетингтік т. б. көрсеткен кызметтерінен алынған табысы;
  • мүліктердің құнының өсімінің арқасында алынған табыстары;
  • талап ету құқына жеңілдік жасаудың арқасында алынған табыстары;
  • айыппұл және өсімдерден түскен табысы, бұл айыппұлдар мен өсімдер өз міндеттемесін тиісті орындамаған резиденттерге де, резидент еместерге де салынады;
  • дивиденд түрінде алынған табыстары және үлестік қатысудан алғантабыстары;
  • роялти нысанында алынған табыстары;
  • жалға беруден алған табыстары;
  • халықаралық тасымалдау процесінде транспорттық қызмет көрсетуден алған табысы;
  • резиденттердің төлеген ұтыстары;
  • тегін алынған мүліктерден түсетін табысы;
  • басқа да қызметтерден түсетін табыстары.

Қазақстанда қызмет ететін резидент еместердің алатын табысынан мына төмендегі мөлшерлемеде табыс салық ұсталынады:

  • дивиденттерден және қатыстық үлестерден алатын табысынан жәнесыйақысынан - 15% (1) ;
  • тәуекелділікті сақтандыру келісім-шарты бойынша төленетін сақтандыру пайдасынан - 10% (2) ;
  • қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру төлемінен -5% (3) ;
  • халықаралық байланыста тасымалдау қызметін көрсеткен табысынан -5% (4) ;
  • Салық Кодекстің 178 бабы бойынша алынатын табысынан - 20% (1-ші мен 4-ші бабын қоспағанда) салықтар ұсталады (5) .

Мыналар кірмейді:

  • Қазақстан Республикасының аймағында сыртқы сауда операцияларыбойынша тауарларды жеткізумен байланысты төлемдер;
  • банк-резиденттердің корреспонденттік шоттарын жүргізу және ашуменбайланысты керсеткен қызметінен алынатын табыстар;
  • бағалы қағаздарды сату кезінде олардың құнының өсімінен алынатынтабыстар;
  • мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
  • шикі мұнай өнімдерінің сапасы бойынша төленетін төлемдер (Қазақстан Республикасының тыс жерлерінде) ;
  • сатып алушы-резиденттердің төлеген бағалы қағаздардағы қарыздарбойынша есептелген марапаттау сомасы.

Резидент, резидент емес есепке қою тәртібі.
Жалпы ереже (175-бап)
Осы бөлім резидент емес жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарына корпорациялық және жеке табыс салығын салу ерекшеліктерін ашады.

Резиденттер мен резидент еместер (176-бап)

  1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан немесе осы баптың 4-тармағында аталған жеке тұлғалар Салық Кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.
  2. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үздіксіз он екі айлық кезеңде кемінде бір жүз сексен үш күнтізбелік күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.

Егер ағымдағы салық кезеңінде және өткен екі салық кезеңінде Қазақстан Республикасында болған күндердің санына мынадай:
ағымдағы салық кезеңінде болған күндердің санына - 1;
өткен бірінші салық кезеңінде болған күндердің санына -1/3;
өткен екінші салық кезеңінде болған күндердің санына - 1/6 коэффициенттерін әрбір салық кезеңіне қолдана отырып анықталған күндердің саны кемінде бір жүз сексен үш күнтізбелік күн болған жеке тұлға да ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде Қазақстан Республикасында отыз күнтізбелік күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты болатын адам деп танылмайды.
Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылда резидент болмаса, ол тұлға Қазақстан Республикасында болатын соңғы күнінен кейінгі кезең үшін осы тармақтың мақсатында резидент емес ретінде қаралады.
3. Мынадай шарттар бір мезгілде орындалған жағдайда:

  1. жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болса немесе оның Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтияр хаты) болса;
  2. жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;
  3. кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығындағы немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі Қазақстан Республикасында бар болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан деп қарастырылады. 4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген мынадай жеке тұлғалар:мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жібергендер, оның ішінде дипломатиялық консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған жеке түлғалардың отбасы мүшелері; тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшелері; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының меншігі немесе Қазақстан Республикасының субъектілері болып табылатын объекгілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтіндер; оқу немесе практикадан өту мақсатымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүрген студенттер, стажерлар мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудің бүкіл кезеңінде; сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңінде Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке түлғалар деп танылады. 5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) өздерініңтиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге заңды тұлғалар да Салық Кодексітің мақсатында резидентгер деп танылады. Негізгі басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажет стратегиялық коммерциялық шешімдерді қабылдайтын орын тиімді басқару орны (нақты басқару органы) деп танылады. 6. Осы баптың ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар Салық Кодексітің мақсатында резидент еместер деп танылады. Резидент еместің тұрақты мекемесі(177-бап) 1. Кәсіпкерлік қызметті, оның ішінде уәкілетті тұлға арқылы жүзеге асыры-латын қызметті толық немесе ішінара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орны, атап айтқанда:
  1. қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, тауарларды өндірумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, берумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;
  2. қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, резидент еместің кез келген басқару орны, филиалы, бөлімшесі, өкілдігі, бюросы, кеңсесі, офисі, кабинеті, агенттігі, фабрикасы, шеберханасы, цехы, зертханасы, дүкені, қоймасы;
  3. қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, көмірсутектерін өндіру орындарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кеніш, мұнай және (немесе) газ скважинасы, карьер, жер үсті немесе теңіз мұнаралары және (немесе) скважиналары;
  4. қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, құбырмен, газ құбырымен, табиғи ресурстарды барлаумен және (немесе) игерумен, құрал-жабдықтарды орнатумен, монтаждаумен, құрастырумен, жөнге келтірумен, іске қосумен және (немесе) қызмет көрсетумен байланысты қызметті жүзеге асыратын (оның ішінде бақылау және байқау қызметін жүзеге асыратын) кез келген орын;
  5. қызмет көрсету мерзімдеріне қарамастан, ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлік желілер мен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлік немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп танылады.

2. Құрылыс алаңы, монтаждау немесе құрастыру объектісі, жобалау жұмыстарын жүргізу, жұмысты жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, тұрақты мекеме құрады.
Бұл ретте, атап айтқанда, жылжымайтын мүлік объектілерін тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру, оның ішінде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) монтаждау жұмыстарын жүргізу, көпірлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық технологиялық немесе өзге де жабдықтарды және (немесе) басқа да осыған ұқсас жұмыстарды жүзеге асыру орны құрылыс алаңы (объектісі) деп түсініледі.
Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берілген объектіні (орындалған жұмыстың көлемін) қабылдау туралы актіге қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейінгі күннен бастап өзінің іс-әрекетін тоқтатады.
3. Резидент емес, сондай-ақ егер:

  1. уәкілетті агент арқылы Қазақстан Республикасында сақтандыру сыйлықтарын жинауды жүргізсе және (немесе) сақтандыру және қайта сақгандыру тәуекелін жүзеге асырса;

2) Қазақстан Республикасының аумағында қызметшілер немесе осы мақсаттар үшін жалданған қызметкер арқылы осы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үзіліссіз он екі айлық кезеңде үздіксіз күнтізбелік тоқсан күннен астам қызмет көрсетсе;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«корпоративтік табыс салығы және Қазақстан Республикасында компаниялар қызметіне оның әсері (ауезов ауданының салық басқармасы мысалында)»
Резидент еместердің табыстарының салық есебі
Жеке табыс салығы бойынша салық салу объектілерін сипаттау
Табыс пен шығыстың есебі мен ішкі аудиті
Жеке табыс салығы және төлем көзінен салық салынатын табыстар
Салық салынатын табысты түзету
Бюджеттік есеп - айрысу есебінің түрлері
Салық салынатын табыс түзету және залалды көшіру
Салық салынатын табыс ставкаға салық сомасы
Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың табысына салық салу мен өндіріп алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz