ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СРО
Тақырыбы: 1. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. 2. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. 3. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату.
Тексерген: Еспенбетов. А. С
Орындаған: Серик. А
Топ: КЯ-313
Семей, 2015
Жоспар:
1. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі
2 Қазақ әдебиетінің қоғам өзгеріне тигізген ықпалы мен әсері, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күрес
3. ХХғ. б. қазақ әдебиетінің даму бағыттары, діни-ағартушылық бағыт өкілдері
4. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Қазақ даласының Россияға қосылыуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX ғасырдың басы-қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне м. мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы-әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы -табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т. б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу-XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық.
Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық-зомбылық, езіп қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды. Қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырып, ағарту ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азамаииар ел арасында көптеп кездесетін. Бұл тұстағы, яғни XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек.
XIX ғасырдағы Абай қара сөздерінің Ыбырай әңгімелерінің ізімен XX ғасырдың басындағы қазақ ұлтының болмысын қара сөзді шығармалар арқылы суреттеуді мақсат тұтқан. Міржақыптың, Спандиярдың, Сұлтанмахмұттың ұмтылыстары өз нәтижесін бермей қойған жоқ. Қазақ прозасының қанатын кеңге жая бастағанының куәсіндей роман жанры дүниеге келді. Қазақ қаламгерлері ұлтымыздың басындағы қасіретті жағдайларды шығармаларына басты тақырып ете алып, оларды мейлінше терең ашып көрсетуге тырысты. М. Дулатов жазған қазақ әдебиетіндегі алғашықы роман - «Бақытсыз Жамал» 1910 жылы дүниеге келді. Оған қанаттаса өздері роман деп атаған Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» (1912), М. Кәшімовтың «Мұңлы Мәриям» атты ұзақ әңгімелері, С. Көбеевтің «Қалың мал» (1913), Торайғыровтың «Қамар сұлу» (1914) романдары жарыққа шықты. Жаңа ғасыр басындағы өзекті мәселелерді көркем өнерде бейнелеуге әдебиетіміздегі тың да тосын жанрлардың бірі дрматургия қосылды. Қазақ драматургиясының тырнақ алды туындылары жазылған сәттен-ақ қолданысқа түсіп, далалық сипаттағы шағын сахналарда қойыла бастады. Мұнда ең алдымен Б. Серкебаев аты ауызға ілінері сөзсіз. Оның қолжазба күйіндегі пьесалары - «Жер дауы» (1912), «Қызыл бұзау» (1913), «Бақсы»(1914), «Әйел теңдігі» (1915), «Ғазиза» (1915) белгілі болған. Абай дәстүрін дамыту үшін, Абайтанудың алғашқы қадамдарының жасалды ("Қазақтың бас ақыны", "Абай", "Абай (Ибраһим) Құнанбаев" т. б. ) .
Қазақ ауыз әдебиеті, қазақтың жазба әдебиеті жайлы түрлі әдеби-сын мақалалардың жазылды. Сынның түрлі жанрларының пайда болды. Замана шындығын нақты ашуда көлемді жанрлардың (поэма, ұзақ әңгіме, роман) пайда болуы. Кейбірі жанр табиғатына, көркемдік талапқа сай жазылмаса да, жазба әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосқаны ("Мұңлы Мариям", "Қыз көрелік") . Поэзиядағы эпикалық жанрдың белең алды. Ш. Құдайбердиев, М. Сералин, М. Жұмабаев, С. Торайғыров сияқты айтулы шеберлері қалыптасты. Поэма жанрын С. Сейфуллин. І Жасүгіров сынды жаңа ақындық дарындардың жаңа үлгідегі керемет туындылары толықтырды. Жалпы алғанда XXғасырдың басындағы әдебиеттің кейінгі әдебиеттің дамуына жаңа арналар ашқаны белгілі. Қазақ әдебиетінің нағыз кәсіптік әдебиет деңгейіне көтерілуіне сол тұстағы ақын-жазушылардың өлшеусіз үлес қосты.
«Қазақ әдебиеті тарихының» алтыншы кітабы ХХ ғасырдың басындағы әдеби даму заңдылықтарының басты ерекшеліктерін саралап көрсетуге, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың мұраларын талдап зерделеуге арналды.
Сонымен, он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» төртінші - бесінші, алтыншы кітаптары тұтас бір дәуірдегі әдеби процестің ішкі-сыртқы заңдылықтарын сарлап көрсетеді де социалистік реализм әдебиеті алдындағы көркемсөз шежіресін қамтиды.
Бұл белесті кезең де әдебиеттің өз уақытына сай жедел дамыған, жаңғыру үрдісі кең, мазмұны барынша бай әдебиет болуымен ерекшеленеді. Әр жылдарда оның тарихи-теориялық мәселелері де жан-жақты байсалды зерттеліп отырды. Академиялық зерттеу еңбектерінің ішінде 1961 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» үштомдығының тұтас бір кітабы осы ХХ ғасыр әдебиетінің тарихына арналған еді. Осы кезеңнің әдеби талдаулары өткен ғасырдың өзінде көрінекті әдебиетшілердің жарыққа шығарған жинақтарында жарияланды. М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев, Ш. Елеукенов, М. Қаратаев, М. Жармұхамбет, т. б. әдебиет зерттеушілердің еңбектерінде талданды. ХХ ғасырдың басындағы көркем шығармалар да қазіргі заманғы зақ әдебиетінің тарихында елеулі із қалдырды, әрі олар ХХ ғасырдың бастауында тұрып әдебиеттің одан әрі дамуына жол ашқан еді.
Ғалымдар мен әдебиетшілер осы кезеңдегі әдебиет тарихына арналған еңбектерін әр жылдарда жариялап жұртшылық назарына ұсынып отырды. Бұл орайда С. Сейфуллиннің, «Қазақ әдебиеті» (1932 ж. ), С. Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932 ж. ), т. б. еңбектер өз мәнін жоғалтқан жоқ. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты академиялық көптомдық зерттеу еңбегі әдебиет тарихын, оның ішінде ХХ ғасыр әдебиетінің шығармаларын зерттеудегі межелі бір белес болса, одан кейінгі кезеңдерде де ХХ ғасыр әдебиеті жайында белгілі ғалымдардың, қаламгерлердің зерттеу еңбектері мен көзқарастары түрлі деңгейде жарияланып отырды.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін оның алдындағы Алаш ұранды әдебиет, ұлттық-демократтық бағыттағы өзге де туындылар мен жазушылар еңбектеріне көзқарас өзгерді. Біртіндеп қуғын-сүргін науқанына ұшырап, ұзақ жылдар бойы қапаста қалды.
ХХ ғасырдың басындағы әдебиет тынысын зерделеуге арналған бесінші томда бұрынғы зерттеу жұмыстарына да методологиялық тұрғыдан назар аудара отырып, көптеген әдеби мұралар жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында рухани дүниенің жаңғыруына, әдебиетті жаңа ұлттық таным өресінен тануға ұмтылыс басымдықпен жүргені аян. Сол мақсатта көптеген бұрыннан мағлұм шығармалар мен авторлардың дүниетаным тұжырымдары тарихи шындыққа сәйкес талданды. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ қоғамының тарихы арасындағы жанды байланысқа баса назар аударылып, содан туындайтын көркемдік шындық пен тарихи шындықтың аражігіне жете көңіл бөлінді. Жаңа реалистік, демократтық-ағартушылық әдебиет пен дәстүрлі әдебиеттің өзара үндестігі мен көркемдік-эстетикалық бағыттарының аражігі ескеріліп сөз болды. Ұлттық әдебиетті жедел дамытқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин тұлғалары мен әдебиеттегі мәртебелі жаңашылдық қызметіне арнайы назар аударылды. Сол арқылы Алаш ұранды кезеңнің көркемдік шындығы зерделенді. Ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл ұлы жаңашыл дарындардың дәстүр жалғастығы ХХ ғасырда да қанат жайды. Абай мектебі, Абай дәстүрі мен дүниетанымы ХХ ғасырдан бастап жаңа қазақ әдебиетінің алтын арқауына айналды. Осы кезеңде қазақ әдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн мен халықтық мұрат жағынан жедел өсіп өркендеді. Әдебиеттің поэтикасы байыды, тәжірибесі молықты. Баспасөз бен әдебиет байланысы артты. Қоғам мен әдебиет аралығындағы байланыс барынша айқындық сипат алды. Әдеби байланыс өрістеді. Тұтастай алғанда, ХХ ғасырдың басында әдебиет жаңа сипаттармен толысып, ұлттық сананың сара көрінісіне жол ашты. Қазақ әдебиеті тарихының алтыншы томы осындай басты-басты сипаттарымен ерекшеленеді.
Алтыншы томды әзірлеуге әдебиеттанудың көрінекті мамандары қатысты. Осы дәуір заңдылықтары туралы терең із қалдырған ірі зерттеушілердің көзқарастары мен еңбектері де ұжымдық зерттеу ісінде өзіндік орнын тапты. Көптеген ақындардың шығармалары мен өмірбаян деректері туралы қысқа тұжырымды шолу дәйектері ұсынылды. Он бес көрінекті ақынға арнайы монографиялық портреттер (сымбаттамалар) әзірленді. Алтыншы томның алығсөзін, кіріспесін («ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті») филология ғылымдарының докторы, профессор, зерттеу жобасының жетекшісі А. Қ. Егеубаев жазды. Жалпы шолу бөлімінде ұсынылған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы тұсындағы әдебиет, Абайдың ақындық мектебі, Алаш ардагерлері, басылымдар мен кітаптар, әдеби байланыстар туралы тараулар мен жекелеген ақындар шығармашылығы туралы тармақтарды, ақындардың өмірбаяны мен шығармашылық қызметі жөніндегі деректемелерді ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Нұрғали, филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жармұхамедұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Тебегенов, филология ғылымдарының докторы, профессор Д. Қамзабекұлы, филология ғылымдарының кандидаты С. Сүтжанов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С. Қорабай, филология ғылымдарының кандидаттары: Т. Әлбеков, Қ. Раев, кіші ғылыми қызметкерлер Ж. Керімбек пен А. Сейітова әзірледі.
Монографиялық тарауларға ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С. Қирабаев («Сұлтанмахмұт Торайғыров», «Спандияр Көбеев»), филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ысмағұлов («Ахмет Байтұрсынов», «Міржақып Дулатов»), филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Мәшһүр Жүсіп («Мәшһүр Жүсіп Көпееев»), филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Әбдіғазиев («Шәкерім Құдайбердіұлы», «Нарманбет Орманбетұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Кәкішев, филология ғылымдарының кандидаты С. Жұмағұл, («Сәбит Дөнентаев»), филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Тебегенов (Тайыр Жомартбаев), филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ө. Әбдіманұлы («Бернияз Күлеев»), филология ғылымдарының докторы С. Бәйменше («Жиенғали Тілепбергенов»), филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Ергөбек («Мұхаметжан Сералин»), филология ғылымдарының кандидаты Қ. Сыдиқов («Ғұмар Қараш» ) зерттеулері қосылды.
XX ғасыр басындағы саяси-экономикалық жағдай Абай өмір сүрген дәуірден бөлек еді. 1968 жылғы капитализмге жол ашқан низамның ескі құрылысты біраз ыдыратып, «күрт өзгеріс» туғызуына қарамастан, крепостнойлық тәртіп жойылмай, қазақ даласында феодализм, отаршылдық саясат толығымен өмір сүріп келді. Сонымен қатар бұл кезеңде капитализм нышаны едәуір айқындалып, оның да қайшылықтары көзге түседі. Қала, сауда, зауыт, фабрика, темір жолдың дамуы соның айғағы. Капитализм ағымы ауыл шаршуашылығына да еніп, шаруалардың жаппай кедейленуі, байларға арзан жұмыс қолы болып жұтауы күшейе түседі. Сөйтіп феодалдық және капиталистік қанау елді қос тақымға алады. Оның үстіне би, болыс, ұлықтардың жемі болған бұқара халық патшалық-отаршылдық езгіде болды. Ел басына түскен алым-салықтың ауыртпалығын шаруалар көтерді. Ұрлық, өтірік, барымта, айтыс-тартыс, зорлық-зомбылық және парақорлық дегеннің шегі болмады. Ұзамай-ақ, Ресей жерінде халық азаттығы күресінің теңізі шалқып, тап кщүресінің ұлы бір кезеңі басталып кетеді. Оның бастамасы 1905 жылғы буржуазиялық-демократиялық төңкеріс болған-ды.
Сөйтіп 1900-1917 жылдар арасы революциялық қимылдар дәуірі болғанды. Бұл кезеңдегі басты міндет - патшаны, одан соң қанаушыларды биліктен қуу еді.
Бұл тарихи қозғалыстан қазақ даласы да шет қалған жоқ. Ресейдегі 1905 жыл идеясы бізде 1916 жыл оқиғасын тудырды.
1905 жыл оқиғасы қазақ даласында түрліше бағыттағы газет журналдардың шығуына, сол негізде қоғамдық ойдың жетілуіне біршама жол ашты. Бұл кезге дейін қазақ тілінде шығып тұрған «Дала уалаятының газеті» (Семей 1888-1902) ғана болса. 1907 жылы «Қазақ» (Тройцк), 1911 жылы «Қазақстан» (Орда) газеттері шығып, ұзамай қайта жабылып қалады. Осылардың ішінен Тройцкідегі демократиялық бағытта болған «Айқап» журналының шығуы (1911-1915) Қазақстандағы қоғамдық саяси ой-сананың күрт өскендігінің жарқын белгісі болды. Оның редакторы - М. Сералин еді.
«Айқап» журналымен қатар қазақ оқымыстылары Орынбордан «Қазақ» газетін де шығарды (1913-1918) .
1917 жылы «Сарыарқа» (Семей), «Үш жүз» (Петропавл), «Бірлік туы» (Ташкент) газеттері шығады.
«Айқап» журналы өз маңына прогресшіл-днмократиялық бағыттағы жазушыларды топтастырса, «Қазақ» газетінің төңірегінде де қазақ оқымыстылары аз болған жоқ. Сонымен қатар жазба әдебиетке бейімднлгне Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұхамеджан Сералин, Шәкәрім Құдайбердиев, т. б. қаламгерлердің жинақтары жарық көрді.
ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму бағыты. 1920-30 жылдардағы қазақ прозасы мен поэзиясы. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлардың қалыптасу және даму ерекшеліктері. Осы кезең қазақ әдебиетінің зерттелуі. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945) . Ұлы Отан соғысына арналған, соған қатысты оқиғаларды бейнелейтін романдар, әңгіме-повестер. 1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі прозаның, дармалық шығармалардың дамуы. 1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі поэзияның дамуы. Қазіргі қазақ прозасының әдеби процестен алар орнын айқындай отырып, қазақ прозасының даму ерекшеліктерін, қазіргі роман, повесть, әңгiме жанрларының өзiндiк табиғатын айқындау. Әдеби процестiң бiрден-бiр қозғаушы көзi қазақ прозасының даму тарихына үлес қосқан жазушылар жөнiнде мағлұматтар жинау. Қазақ прозасының қайнар көзi әңгiме жанрының әдебиеттi дамытуға қосқан үлесiн анықтау. Роман, повесть, әңгіме жанрларының теориялық ұғымын, әдебиет тарихынан алар орнын, әдеби сынына қатысын талдап, түсінік беру. Прозаның даму барасындағы әдеби шығармашылық байланыстар туралы мағлұматтар беру.
Бұл бағыттың да ағартушылық сипаттары мол. Оған Н. Наушабаев, М. Қалтаев, Әбубәкір Кердері, Мәшһүр Жүсіп, Т. Ізтілеуов, Ш. Жәңгіров сияқты басқа да ақындарды жатқызамыз. Өздерінің стилі жағынан бұлар қазақ арасына кеңінен тараған шығыс әдебиетінің соңғы бір көрінісі болған-ды.
Бұл ақын-жазушылар оқулықтарда кейде “кітапшыл ақындар” аталып жүрді; бұларды біздегі кейбір әдебиетшілер “кітаби ақындар” деп атауды орынды көреді. Өз еңбектерінде солай деп атайды.
Біздіңше ол дұрыс емес. Себебі кітаби ақын, жазушы деген ат ерте уақыттағы, қоғам
өмірімен қарым-қатынасы, байланысы жоқ, тек ескі діни кітаптарда бастырып қана отырған. Апқын-жазушыны көзге елестетеді. Бұл атауды феодалдық дәуірдегі әдебиетте: өлең, жыр сияқты көркем шығарманы бірқатар ақын-жазушыны ауызша айтып, бірқатар ақын-жазушылар жазып, ктап етіп шығарып отырғанда қолдануға болар еді.
Рас, XX басындағы аталған ақын-жазушылардың көрген мектебі, оқып нәр, азық алған әдебиеті - ертедегі араб, парсы әдеьиеті, қазақтың, татардың, азербайжанның, Орта Азия халықтарының бұрынғы әдебиеті, Шығыстық әдеьи дәстүрі еді.
Бұлардың кейбіреулері, біраз ретте, араб, парсы хикаяларын, “Мың бір түн”, “Шахнама”, “Тотының тоқсан тарауы”, әңгімелерін, қазақтың ертек, аңыздарын бұрынғы шығыс әдебиеті дәстүрінде қисса, дастан, мысал, назым етіп жазды; шығармаларынды кітап, араб, парсы сөздерін, діни сөздерді көбірек кірістірді.
Дегенмен, тұтас алғанда бұл ақын -жазушылар азды-көптіөмірмен байланысты болды; қоғам өмірімен араласты; шығармаларының тақырыбын көбіне қазақ халқының өз тұстарындағы қоғамдық өмірінен алып жазды; азды-көпті қазақ өмірінің күнделікті әлеуметтік мәселесін сөз етті.
Қазақтың XX ғасыр басындағы кітап шығарып, газет-журналдарға өлең-жыр, әңгіме, мақала жазып көбірек көрінген, жалпы алғанда демократиялық-ағартушылық бағытта болған ақын, жазушылары - Мұхаметжан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әріп Тәңірбергенов, Спандияр Көбеев, Сәбит Дөнентаев, Бекет Өтетілеудв, Әкірам Ғалиев тағы басқалар.
Бұл ақын-жазушылар қазақша-жаңаша, орысша оқыды; дүниелік ғылым, білім алды; қазақтың, Орта Азия халықтарының, татардың бұрынғы, өз тұстарындағы әдебиеті мен мәдениетінен, орыс халқының бұрынғы өз тұстарындағы үлгілі әдебиеті мен мәдениетінен нәр алды; осылардың жақсы дәстүрінде тәрбиеленді. Жазушы, әлеумет қайраткері ретінде, әдебиет майданына 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық төңкерістің елімізде сонан кейінгі болған саяси-әлеуметтік жағдайдың нәтижесінде шықты.
Осыдан бұл ақын, жазушылар қазақ арасындағы барлық ескілік қалдығын, дінді теңсіздікті, патшы өкіметінің отаршылдық саясатын, бектік-феодалдық, капиталистік қанауды сынады; халықтың бостандығын, теңдігін, бақытты өмірн, әйелдің бас-бостандығын, теңдігін аңсады және сол жолда қызмет етті.
1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар қазақ халқының ежедгі ауыз әдебиеті дәстүріндегі жаңа дәуірде, ел өмірінде болған жаңа озқиғаға байланысты шығарылған жаңа, патриоттық ерлік жырлар. Соған орай ол жырлардың бұрынғы ауыз әдебиетіне ұқсасьығы да, өзіндік тіл, стиль, жанр ерекшелігі де бар, ауыз әдебиетіне тән реализм негізінде жасалған реалистік халық поэзиясы.
1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар қазақ халқының сол жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тәжірибесінен туды; қазақ кеңес поэзиясы кеңестік социалистік қоғам өмірінің шындығынан туды.
Ұлы Қазан социалистік төңкерісіне дейінгі дәуірде азды-көпті өлең жазып, кітап бастырып, халық арасында атағы шыққан ақын-жазушылардан Ақмолда, Әбубәкір, Нұржан, МәшһүрЖүсіп, Шәһді, Мақыш сияқтылар мұсылманша, ескіше оқыған, діни тәлім-тәрбие алғандар еді. Бұлардың кейбірі Бұхара, Ташкент, кейбірі Уфа, Қазанда, кейбірі Орынбор, Троицкіде мектеп, медресе бітірген, Кейбірі Мекеге барып қайтқан молда, қажылар болатын да, ал көьі ел арасында молда, қажы болып жүрген діни көзқарастаға адамдар еді.
Олардың әдеби мектебі, оқып үлгі нәр алған әдебиеті, ертедегі арап, парсы, қазақ, татар, азербайжан, Орта Азия халықтарының ескі әдебиеті, шығыстық әдеби дәстүр болатын.
Бұлардың бірсыпырасы күнделікті өмірден алып, өз тұстарында болып жатқан қоғамдық оқиғаларға байланысты өлең, жыр жазды; оларын қазақтың бұрынғы ауыз әдебиеті, жеке ақындар дәстүрінде жазды. Ол шығармаларында қайсібір кездерде дүниеқоңыз байларды, надан молдаларды, парақор би-болыстарды, ел арасындағы жолсыздықты сынады; оларды Шариғат, низамы жөнімен түзетуді ойлады. Сөйте тұрса да бұлардың бұлардың бірқатары кейде қазақ халқының бұрынғы ру-ақсақалдық, хандық заманын дәріптеп жазды; өз тұстарындағы буржуазияшыл-ұльшылдыққа, реакцяшыл панисламизм, пантюркизмге іш тартты, қат-қабат қайшылықтар мен қателіктерге ұрынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz