Өзін-өзі тану тұлғаның өзін- өзі жүзеге асыруының шарты ретінде жайлы ақпарат


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Информатика мамандығы

СӨЖ

Тақырыбы: Өзін-өзі тану тұлғаның өзін- өзі жүзеге асыруының шарты ретінде.

Орындаған: Арнабек Н. А.

Тексерген: Серикбаева Н. Б.

Тобы: Т-441

Семей 2015 жыл

Жоспары:

  1. Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы.
  2. Тұлғаның дамуының әртүрлі жас сатылары.
  3. Өзін-өзі тану пәнінің жеке тұлғаға әсері.

1. «Өзін-өзі таныту» және «өзін-өзі жүзеге асыру» ұғымдарының өзара байланыстары адамның таныту феноменіне қатысты тұжырымдамалар өзін-өзі таныту мен өзін-өзі жүзеге асыруды мәні бойынша жақын, синоним ұғымдар деп сипаттайды. Адамның өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы өз дамуының ішкі тенденциясын толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы (Ф. Перлз бастаған), адамның өзі бола алатын тұлға болып шығуға ұмтылуы және басқа да тұжырымдамалар осы екі түсінікті бір кешенде қарастыру керектігін айтады. Олар бірін бірі толықтырып отырады және көптеген жағдайларда синонимдер секілді қолданылады. Л. А. Коростылеваның пікірінше, «өзін-өзі таныту» және «өзін-өзі жүзеге асыру» терминдерінің интерпретациясындағы кейбір айырмашылықтар тұлғаның көрініс табуының әртүрлі жақтарымен байланысты. Оның пікірінше, тұлға тіршілік етуінің ішкі және сыртқы жағынан байқалады. Бұл жағынан алғанда таныту үрдісі тұлғаның ішкі аспекті ретінде, ал таныту сыртқы аспект ретінде көрініс табады. Онымен қоймай, Л. А. Коростылева өзін-өзі таныту ұғымын өзін-өзі жүзеге асырудың жоғарғы деңгейі ретінде суреттейді. Оның пікірінше, «ең толық өзін-өзі жүзеге асыру мән-өмірлік және құндылық бағыттарын жүзеге асырудан тұрады, яғни мәндік, аутентикалық өзін-өзі жүзеге асыру - танытуға деген қажеттіліктерді өзінің қабілеттері мен дарындарын жүзеге асыруға ұмтылу ретінде жүзеге асыру орын алады. Мұндай өзін-өзі жүзеге асыруды өзін-өзі беру, өзін-өзі іске асыру деп атайды. Өзін-өзі жүзеге асырушы тұлғаның танытушы деп аталуы сирек емес. Таныту ықтимал өзін-өзі жүзеге асырудың қайнар көзі ретінде түсініледі. Өмірдің мағынасы - ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.

«Өзін-өзі» тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік - экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.

Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.

  • Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.
  • Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.
  • Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.
  • Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы - этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік .

Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы.

Р. С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:

  • Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т. б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
  • Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.
  • Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.

С. В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген. Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi.

Л. Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi.

Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.

Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:

  • - өзiн-өзi тану - психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
  • - өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
  • - өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.

Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Австриялық психолог және психиатр З. Фрейд ығыстыруға агрессивтi және сексуалды тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру. З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.

Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.

  • Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.
  • Жауапкершілікті өз мойнына алу.
  • Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.
  • Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару .

Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды «Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады. Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты) . Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды. Сонымен, В. Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi. Позитивтi мәнi - кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы. Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа. Психологияда өзін-өзі тану саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану керек.

2. Даму - адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн- дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.

Адам өмірі төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:

1) пренатальды (құрсақтағы)

2) балалық шақ

3) ересек балалық шақтың

4) ересек шақ

5) егде шақ, қарттық

Балалық шақтың өзі 4 кезеңнен тұрады:

1 - нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін)

2 - ерте балалық щақ кезеңі (1 жастан 3 жасқа дейін) - функционалды тәуелсіздік пен сөйлеу тілінің даму кезеңі.

3 - Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі (3 жастан 6 жасқа дейін) - бала жеке тұлғасы мен таным процестерінің дамуымен сипатталады.

4 - бастауыш мектеп жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін) баланың әлеуметтік топқа енуіне және ақыл-ой іскерліктері мен білімдерінің дамуына сәйкес келеді.

Ересек балалық шақ екі кезеңге бөлінеді:

  1. Жеткіншек кезеңі баланың жыныстық дамуына сәйкес келіп, 11 жастан 15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Осы жас шамасында жеткіншектің дене бітімінің өзгеруіне байланысты, өзін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алады.
  2. 16 жастан 23 жасқа дейінгі балғын шақ кезеңінде адам ересектікке бет алады.

Бір жас шамасынан келесі жас шамасына өтуде адамның қоршаған ортамен қатынастарының бұрынғы қалпының бұзылуымен және басқа адамдармен, басқа әлеммен өзара қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуымен байланысты дағдарыстар орын алады. Мұның барлығы адамның өзі үшін және оның әлеуметтік ортасы үшін мәнді психологиялық қиыншылықтарымен сипатталады.

1 жас, 3 жас, 7 жас, 13-14 жас, 17-18 жас шамаларына сай дағдарыстар кездеседі.

Жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін мынадай факторларды бөліп көрсетеміз: 1) биологиялық тұқымқуалаушылық. 2) Физикалық орта. 3) Мәдениет 4) Топтық тәжірибе. 5) Индивидуалды тәжірибе.

Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырмашылығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны жасай алмайды. Себебі мәдениет те әлеуметтік тәжірибе арқылы беріледі.

Физикалық орта. Кейбір зерттеушілер физикалық қоршаған ортаға жеке тұлғаның дамуында үлкен роль берді. Атақты социолог П. Сорокин 1928 ж. басылған еңбектерінде Конфуций, Аристотель, Гиппократтан бастап, қазіргі кезеңнің географы Эллиот Хантингтонға дейінгі көптеген ғалымдар теорияларын кеңейтті. Мұнда жеке тұлға тәртібіндегі топтық ерекшеліктер негізінен ауа-райындағы географиялық ерекшеліктермен табиғи ресурстардағы ерекшеліктерме, н анықталады. Ғалымдардың бұл тобына философ Г. В. Плеханов пен Л. Н. Гумилевті де жатқызамыз. Бұл зерттеушілер жасаған теориялар ұлттық сананы ақтау үшін негіз болып табылады, бірақ жеке тұлғаның дамуына физикалық факторлардың шешуші әсерін ақтай алмайды, шындығында ұқсас физикалық және географиялық жағдайда жеке тұлғаның әртүрлі типтері қалыптасады және керісінше жеке тұлғаның ұқсас топтық белгілері қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында дамиды. Осыған байланысты физикалық орта әлеуметтік топтың мәдени ерекшеліктеріне әсер ете алады., бірақ тұлғаның жеке қалыптасуына әсері шамалы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде туралы ақпарат
Өзін –өзі тану тұлғаның өзін өзі жүзеге асыруының шарты ретінде
Өзін –өзі танудың бала тәрбиесіндегі рөлі
Конституциялық құқық. Құқықтық норма
Оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру жолдарын қарастыру
Ойлау ұғымына түсініктеме
Өзін-өзі тану шығармашылығы
Қаржы - несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Білім беру ұйымдарында мұғалімдердің кәсіби даярлығын дамыту
Өзін-өзі тану, өзіндік сана сезім, өзін-өзі бағалау мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz