ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРО

Тақырыбы: ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері

Орындаған: Кабидолдин А. С

Топ:ОП-413

Тексерген:Готман Л. А

2015ж

Жоспар

Кіріспе

1 Меншіктің мәні, түрлері және жекешелендіру негіздері

1. 1 Меншік мемлекет иелігіне алу

1. 2 Жекешелендіру жолдары мен түрлері

2 Жекешелендіру кезеңдері

2. 1 Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жекешелендіру-нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың алдыңғы позициялардың алуын көрсететін қозғалысты анықтайды. Оның жүргізуді нарықтық қатынастың пәрменділігіне байланысты болады . Жекешелендіру меншіктің барлық түріне мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалыпты жағдай жасайды . Адамдарға меншікті қайтарумен байланысты өндірушілерден бәсекелесуге жарамды -жарамды өнім түрлерің өндіруге деген ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады.

Меншіктің мәні, түрлері және жекешелендіру негіздері

1. 1 Меншік мемлекет иелігіне алу

Қазақстан Республикасында мемлекеттің алуан түрлері мен формаларын қалыптастыру мемлекттенген меншікті қайта құру жолымен немесе мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады. Меншік туралы Занның 1-бабында мемлекет иелігіне алу мемлекет кәсіпорындардың шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіліктерін тікелей шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіліктерін тікелей шаруашылықты жүргізуге субьектілерге беру арқылы қайта құру. Ал жекешелендіру жеке меншік обьектілерін азаматтардың және басқа да заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру дегенді білдіреді . Әрине мұнда мемлекеттің иелігінен алу мен жекешелендірудің ара жігін ажырата білген жөн . Айталық мемлекет иелігінен алу кезінде мемлекеттің мүліктің толық немесе ішінара меншік иесі ретінде қала отырып, шаруашылық жүргізуші субьектілерге шаруашылықты басқару құқығын ғана береді . Ал жекешелендіруге келетін болсақ, мұнда меншік обьектісі мемлекеттен біржола бөлінеді . Яғни меншік басқару құқығына да иелік өзгереді . Бұл субьектілер енді мемлекеттік тұтқаның иелері емес.

1. 2 Жекешелендіру жолдары мен түрлері

Кәсіпорын-халық шаруашылығының бастапқы ұясы . Материалдық және материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету кәсіпорындарында жасалады. Сондықтан кәсіпорындар экономикасы, олардың орталықпен банктермен және басқа несие беретін мекемелермен қарым-қатынасы өтпелі кезеңдегі теория мен практиканың қатты көніл бөлетің нысанасы болуы керек . Бұл орайда кәсіпорын іс -әрекетінің тиімділігін арттыру үшін олардың мәртебесін өзгерту қатаң жұмыс ырғағы бар мемлекеттік кәсіпорындарыңды біршама кең көлемді дербестікке ауыстыру керек . Кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде ең қиын оның әдістері мен түрлерін анықтау ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік және жергілікті басқару мекемелерімен кәсіпорын арасындағы қарым-қатынас механизмін жасау болып табылады . 1990 жылы мемлекетке өндірістік қорлардың 90-95 паызы тиесілі болған . 1992 жылдан бастап бей мемлекеттендіру, жекешелендіру мен бәсеке туралы, монополиялық іс-әрекетті шектеу туралы зандардың қабылдауынан мемлекеттік кәсіпорын үлесінің едәуір азайғаның байқауға болады . Сонымен қатар орталық пен кәсіпорын қарым-қатынас механизмін, бастапқыда ойлағандай, қалыптастыру оңай болмай шықты.

2 Жекешелендіру кезеңдері

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

1. Кіші жекешелендіру - еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2. Жаппай жекешелендіру - орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

3. Жеке жобалық жекешелендіру - ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

  1. 1. 1991-1992 ж. ж. - мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.
  2. 2. 1993-1995 ж. ж. - халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.
  3. 3. 1996-1998 ж. ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншікүлесінарттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.
  4. 4. 1999-2000 ж. ж. - мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

- шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

- бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнесты дамыту;

- жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

Қорытынды

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.

Жеке меншіктің дамуы XIX - ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР-дағы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
ҚР-ның жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу жолдары
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері туралы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz