Тамыр-түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы ақпарат



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1. Тамыр.түйнектердің құрылысы
1.2. Тамыр түйнектерді өсіру технологиясы
III. Қорытынды бөлім
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тамыр түйнек (tuber) – өзгерген сабақ; өсімдіктің бір не бірнеше сабақ буыны аралығынан дамиды. Жер үсті түйнегі әдетте негізгі (мысалы, кольраби) немесе жанама бұтақтардан (эпифитті орхидеялар) өсіп жетіледі де олардың жасыл жапырақтары болады. Жер асты түйнегі жапырақтары редукцияға ұшыраған, ерте түсіп қалатын қабыршаққа айналған. Кейде түйнек гипокотиль жолымен (тұқымжарнақ астындағы иін – тамыр мойны мен тұқымжарнақ аралығындағы өскін сабағының бөлігі) дамиды (мыс., цикламен). Ұсақ түйнектер өсімдіктің жапырақ қолтығынан (фикария), көбінесе, гүлшоғырының айналасында (таран) немесе өнім бүршіктері ретінде (кейбір күрделі споралы өсімдіктердің жапырақтарында түзіліп, түскен кезде жаңа өсімдікке бастама беретін қосымша бүршіктер) түзіледі. Түйнекте қоректік заттар қоры, көбінесе крахмал, т.б. көмірсулар мол жиналады. Түйнектін мен сүректің паренхималық клеткаларынан, кейде сабақ өзегінен өседі. Түйнек әдетте көбеюге, өсімдіктің қыстап шығуына қажет, Түйнекпен жаңа өсімдік дамиды. Түйнектің бір жылдық, көп жылдық түрлері бар. Көптеген өсімдіктердің түйнегі тағамға, малға жем ретінде пайдаланылады. Бұлар тамыржеміс (жер асты ет-женді органдарын пайдалану үшін өсірілетін өсімдіктер) деп аталады. Тамыржемісте қант, минералды тұздар, витаминдер, каротин болады. Тамыр жемістілерге картоп, жер алмұрты, қызылша, жартылай қантты және азықтық қызылша, брюква, тарна, ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, шомыр, балдыркөк түйнегі, сәбіз т.б. жатады. Оларды тамаққа мал азығы және дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады. Сәбіз (лат. Daucus) - адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай тағы бір өсімдік – сәбіз. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді. Пайдалы қасиет сәбіз шырынында көбірек сақталады. Сондықтан да оны кішкентай бөбектер, болашақ және бала емізетін аналар, асқазан, бүйрек, жүрек, қант диабеті ауруына шалдыққан жандардың көбірек пайдаланғаны жөн. Ересек адам күніне 1 стақан сәбіз шырынын пайдаланса, әбден жеткілікті. Тек сәбіз шырыны тұрып қалмауы керек. Ұзақ тұрып қалса, шырынның сапасы өзгеріп, емдік қасиеті жоғалады.
«Агрохимия және тыңайтқыш қолдану» Р. Елешов, А. Сапаров, Ә. Балғабаев, Е. Туктугулов
«Өсімдікті химиялық қорғау» А. О. Сағитов, Г.Ж. Исенова, Г.О. Рвайдарова, Ө. С. Нұржанов, Т. Ж. Қалмақбаев
«Өсімдік шаруашылығы» Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев,Оқулық, Алматы 2011
«Астықтану және диқаншылық негіздері» Ә. Ізтаев, Б. Отыншиев, Алматы «Қайнар» баспасы, 1994
«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы» Ж. С. Жүргенов, Алматы,2011
«Өсімдік шаруашылығы негізінде азықтану» Ә.І. Ізтаев, С. Б. Ермекбаев, Алматы, 2014
«Мал азығының қоректілігін бағалау және мал азықтандыру» Ә.Ә. Егеубаев, Қ. А. Ахметов

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Тамыр-түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы

Орындаған: Мырзабекова Т. М.
Тексерген: Татенов А. Б.
Топ: ТЖ - 305

Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1. Тамыр-түйнектердің құрылысы
1.2. Тамыр түйнектерді өсіру технологиясы
III. Қорытынды бөлім
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тамыр түйнек (tuber) - өзгерген сабақ; өсімдіктің бір не бірнеше сабақ буыны аралығынан дамиды. Жер үсті түйнегі әдетте негізгі (мысалы, кольраби) немесе жанама бұтақтардан (эпифитті орхидеялар) өсіп жетіледі де олардың жасыл жапырақтары болады. Жер асты түйнегі жапырақтары редукцияға ұшыраған, ерте түсіп қалатын қабыршаққа айналған. Кейде түйнек гипокотиль жолымен (тұқымжарнақ астындағы иін - тамыр мойны мен тұқымжарнақ аралығындағы өскін сабағының бөлігі) дамиды (мыс., цикламен). Ұсақ түйнектер өсімдіктің жапырақ қолтығынан (фикария), көбінесе, гүлшоғырының айналасында (таран) немесе өнім бүршіктері ретінде (кейбір күрделі споралы өсімдіктердің жапырақтарында түзіліп, түскен кезде жаңа өсімдікке бастама беретін қосымша бүршіктер) түзіледі. Түйнекте қоректік заттар қоры, көбінесе крахмал, т.б. көмірсулар мол жиналады. Түйнектін мен сүректің паренхималық клеткаларынан, кейде сабақ өзегінен өседі. Түйнек әдетте көбеюге, өсімдіктің қыстап шығуына қажет, Түйнекпен жаңа өсімдік дамиды. Түйнектің бір жылдық, көп жылдық түрлері бар. Көптеген өсімдіктердің түйнегі тағамға, малға жем ретінде пайдаланылады. Бұлар тамыржеміс (жер асты ет-женді органдарын пайдалану үшін өсірілетін өсімдіктер) деп аталады. Тамыржемісте қант, минералды тұздар, витаминдер, каротин болады. Тамыр жемістілерге картоп, жер алмұрты, қызылша, жартылай қантты және азықтық қызылша, брюква, тарна, ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, шомыр, балдыркөк түйнегі, сәбіз т.б. жатады. Оларды тамаққа мал азығы және дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады. Сәбіз (лат. Daucus) - адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай тағы бір өсімдік - сәбіз. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді. Пайдалы қасиет сәбіз шырынында көбірек сақталады. Сондықтан да оны кішкентай бөбектер, болашақ және бала емізетін аналар, асқазан, бүйрек, жүрек, қант диабеті ауруына шалдыққан жандардың көбірек пайдаланғаны жөн. Ересек адам күніне 1 стақан сәбіз шырынын пайдаланса, әбден жеткілікті. Тек сәбіз шырыны тұрып қалмауы керек. Ұзақ тұрып қалса, шырынның сапасы өзгеріп, емдік қасиеті жоғалады.
Картоп - өте маңызды ауыл шаруашылық дақыл. Картоп түйнегі, ең алдымен кеңінен әр түрлі тағамдарға пайдаланылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін береді және адамның бір күндік рационында айтарлықтай орын алады. Картоп түйнегінде 22-25 % құрғақ зат, оның ішінде 80-85 % крахмал және 3 %-ға дейін белокты заттар болады. Картоп ақуызы өзінің биологиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар ақуызынан анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында және жануарлар организімдерінде синтезделмейтін амин қышқылдары (ванилин, лизин, трифтофан, лейцин т. б.) көп. Шомыр (Raphanus satіvus) - орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық өсімдік; крестгүлділер тұқымдасына жататын, суыққа төзімді өсімдік.Бірінші жылы жапырағы өсіп, тамыр жемісі жетіледі, екінші жылы гүлдеп, тұқым береді. Оның тамыржемісінде 1,58% қант, 1,92% белок, 1,55% клетчатка, 1,07% күл, сондай-ақ С витамині (8,3 - 29,0 мг%) және ферменттер болады. Тамыр жемісі жас күйінде тағамға, кейде дәрі жасауға пайдаланылады. Шомырдың ерте және кеш (күзде) пісетін сорттары бар. Шалқан (Brassіs rapa) -- орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс; қырыққабаттар тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік туысы; көкөніс дақылы. Жеуге жарамды тамыржемісі ақ немесе сары түсті болады.Бірінші жылы жапырағы мен етжеңді тамыр жемісі жетіледі, екінші жылы гүлдейді және тұқым береді. Гүлшоғыры қалқанша тәрізді, түсі қызғылт сары, сарғыш. Жемісі -- сопақша келген бұршаққын. Шалқан жәндіктер арқылы айқас тозаңданады, суыққа төзімді, ылғал сүйгіш өсімдік. 12 -- 20°С темп-рада жақсы өседі. Вегетациялық дәуірі 60 -- 85 тәулік. Тамыржемісінде 8,5 -- 16,9% құрғақ зат (оның жартысы қант), 22 -- 73 мг% С, В1, В2 витамині, каротин, қыша майы, тағы басқа болады.
Тамыр-түйнектердің құрылысы
Сәбіз - барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Асханалық сұрпы онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ , қантты. Асханалық сұрыптарының ең таңдаулысы Нантская 4, Витаминная 6, Лосиноостровская ІЗ. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Оның егіс көлемі 5 мың гектарға жуық . Гектарынан 120 центнерден өнім алынады. Қазақстанда аудандастырылған негізгі сұрыптары: Бирючекутская 414, Витаминная 6, Консервная, Мирзои сарысы 304, Мирзои қызылы 228, Нантская 4, Шантанэ 2461. Жаңа жиналған сәбіз -- құнарлы тағам. Адам организмінде тез арада А витаминіне айналатын каротин құрамы (6 -- 9 мг %), басқа көкөністердегіден көп. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Сәбізді ең дұрысы 0 градус С температурада сақтаған жөн. Сәбізді жаңа жиналған күйінде де, кептіріп те, өңдеп те пайдаланады, оны сұйық және қою тағамдарға, соусқа, винегретке т. б. қосады. Сәбіз шырынының езбесінің т. б. диеталық және емдік қасиеті бар. Кептірілген сәбізді сорпаға, борщқа, щиге т. б. көкөніс тағамдарына қосады (пайдаланар алдында 30 минуттей салқын суға салып жібітеді). Сәбізді тураған, тұтастай және үгітілген күйінде тамаққа қосады. Сәл қуырылған не қақталған (қабыршақтанғанша) сәбізді ыстық сорпаға қосса дәмі мен иісі жақсарады. Майға қуырылған сәбізді сорпаға не соусқа әзір болардан 15 -- 20 минут бұрын салып дәмін кіргізеді, витаминдерін байытады. Сәбізге май қотанда, оның құрамындағы каротині еріп, жақсы сіңеді.


Сәбіз - сабағының бойы 1 метрге дейін жететеін, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Бірінші жылы жуан тамырынан бірнеше жапырақ шығады, ал екінші жылы сабағы өсіп шығып, гүлдеп, тұқым береді. Сәбізді ботаникалық тұрғыдан аса сипаттаудың қажеті жоқ, себебі ол көпшілік қауымға белгілі мәдени өсімдік.Қазақстанның оңтүстігінде өсіріледі. Дәрілік шикізат ретінде және витаминдік дәрі ретінде өсімдіктің түбір түйнегі мен дәні - тұқымы күз кезінде жинап алынады. Оның тамыр - жемісінің құрамында каротин, В тобындағы витаминдер, крахмал, қант, А витамині, азотты заттар, минералды тұздар, флавноидтар, органикалық қышқылдар бар. Дәндерінің құрамында эфир майлары және флавоиол қосындылары, каротин бар.Сәбіз құрамында қант, ақуыз, пектин заттары, минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар. Сәбіз - негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60-қа жуық түріАфрика, Австралия, Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл-сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстандаөсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген. Сәбіздің барлық дерлік мәдени түрі оның табиғи немесе жабайы түрінен селекция нәтижесінде алынған. Дегенмен, сәбіздің алғашқыда тамыры үшін емес, хош иісті жапырақтарына бола өсірілгенін айта кету керек. Сәбіздің мәдени түрі Еуропаға тек X-XIII ғасырларда келген. Көптеген кітаптарда сәбіздің сол кезеңнен бастап қана тағам ретінде қолданылғаны жайлы деректер бар. Сәбіздің құрамында каротиндор-каротин, фитоен, фитофлуен, ликопин; В, В2 витаминдері, аскорбин қышқылы, 3-15 % мөлшерінде қант, және аз мөлшерде эфир майы бар. Сәбіздің тамыры жеуге жарамды, және ол тағам индустриясында үлкен орын алады. Сонымен қатар сәбіз медицинада да қолданылады. Көбінесе,авитаминозды емдеуде үлкен сұранысқа ие. Көмірсутек айналымын қалпына келтіріп, жасуша аралық қышқыл түзу процесіне қатысады және иммунитеттіарттырады. Сәбіз тұқымдарынан алынған эфир майы косметика саласында пайдаланылады. Мал дәрігерлігі практикасында сәбіздің тамыры витаминдік азық ретінде асыл тұқымды бұқаларға, айғырларғы, қошқарларға беріледі. Оны ұсақтап, жемге араластырып береді. Малға күндік берілу мөлшері : бұқа мен айғырға - 0,5 - 1,5 кг, қошқарға - 0,3 - 0,8 кг. Сәбіз жапырағын да малға дәреумендік азық ретінде беруге болады. Оның тұқымдық дәнінен жасалған тұнба ( 1:10 ) малдың асқазан - ішек жұмысын жақсартуға, ішектегі желді айдауға, бүйректегі, қуықтағы тасты шығаруға пайдаланылады. Сәбіз төресі. Тазартылып, жуылған сәбізді жұмсарғанша (ең дұрысы бұға) пісіреді, сонан соң ұсақтап үгеді де, оған қою сүт, тұз, қажетінше қант қосып, қайнатады, жақсылап араластырады. Езбеге қаймақ не сары май қосып, ыстықтай дастарқанға қояды. Табақшадағы езбенің жиегіне қытырлақ нан (сүт,жұмыртқа, қант қоспасына батырылған нанды майға қуырып алады) қойса тіптен жақсы. 500 г тазартылған сәбізге: 1 стақан сүт соусы, дәмі татығанша қант пен тұз керек.
Бұқтырылған сәбіз
Бұқтырылған сәбіз. Тазартылып, жуылған сәбізді сопақшалап не төртбұрыштап кесіп, кастрөлдегі ыстық суға салады да, оған қажетінше сары май, қант, тұз қосады. Ыдыстың қақпағын жауып, жұмсарғанша бұқтырады. Осыдан кейін ыстық сүт құйып, ұнға шыланған сары май (2 шай қасық) қосады да, үнемі араластыра отырып қайнатады. Мұны әртүрлі қою тағамға гарнир ретінде немесе сары маймен, қуырылған нанмен бірге жеуге де болады. 500 г тазартылған сәбізге: і ' г стақан сүт, 6 шай қасық ыстық су, қажетінше сары май, тұз, қант қажет

Сүзбе қосылған сәбіз запеканкасы

Сәбіз котлеті секілді әзірленген қойыртпаққа, сүзілген не ет тартқыштан өткізілген сүзбе, қант, жұмыртқа, тұз қосып, осының барлығын араластырады. Содан кейін оны ішін маймен сылап, қатқан нан ұнтағы себілген табаға салып, бетін тегістеп, нан ұнтағын сеуіп, май бүркіп, баптағаннан кейін, бу пешінеқойып, қызылкүрең тартқанша (20 -- 25 минут) пісіреді. Запеканканы дастарқанға әкелгенде, қаймақты не қаймақ соусын бөлек қояды. 1 кг тазартылған сәбізге: 500 г сүзбе, 3 ас қасық жарма, 3 жұмыртқа, 3 ас қасық қант, 3 ас қасықсары май, 3 ас қасық кепкен нан ұнтағы керек.
Алма қосылған сәбіз (шикідей)
Сәбізді ірі үккішпен үгіп, оған ұсақтан туралған алма, лимон шырынын, цедра, қант қосып, мұның барлығын жақсылап араластырады. Лимон шырынының орнына апельсин шырынын да пайдалануға болады. Мұны салқын ет тағамдарына тұздық, не гарнир ретінде пайдаланған жөн. 300 г сәбізге: 300 г алма, 2лимон, бір шымшым тұз, 2 ас қасық қант қажет. Ақжелкен қосылған сәбіз. Сәбізді үккішпен үгіп, оған ақжелкен мен сірке суын қосады. Оны пісірілген етке, қуырдаққа, котлетке т. б. тағамдарға қосып жейді. 200 г сәбізге: 4 ас қасық езілген ақжелкен, сірке суын қосқан 1 в стақан су, қажетінше тұз бен қант қажет.


Асбұршақ қосылған сәбіз

Тазартылып, жуылған сәбізді төртбұрыштап кесіп, кастрөлге салады да, оған 3 ас қасық консервіленген асбұршақсуын және сары май қосып, ыдыстың қақпаған жауып, жұмсарғанша бұқтырады. Сонан соң оған асбұршақ, тұз бен қант (қажетінше), сүт, ұн себілген (3 шай қасық) сары май қосып, үнемі араластыра отырып, 8 -- 10 минут қайнатады. 500 г тазартылған сәбізге: 11 2 стақан сүт, 6 шай қасық сары май, 250 г консервіленген асбұршақ қосылады.

Картоп - түйнекті алқа, ақтүйнек -- алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл. Сабағының көп бөлігі топырақ астында болады. Ұзын мұртшалар шығарады (ұзындығы 15-20, кейбір түрлерінде 40-50 см). Жапырағы қою жасыл, сабақта кезектесіп орналасады. Гүлі ақ, күлгін түсті, сабақ басында шоғырланған болады, гүлі 5 күлтелі. Отаны - Оңтүстік Америка, күні бүгінге дейін осы аймақта табиғи жағдайда өсетін жабайы картоп түрлерін кездестіруге болады. Картоп шаруашылығы Голландияда басқа елдермен салыстырғанда едәуір жақсы дамыған. Голландияда картоптың орташа өнімділігі 400-500 цга құрайды. Жыл сайын Голландия картоптың жалпы түсімінің үштен екісінен астамын экспорттайды екен. Голландиялық ғалымдар мен картоп өсіруші фермерлер, зор тәжірибеге ие бола отырып, картоп өсіру технологиясының дамуына зор үлесін қосты

Картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді. Дегенмен, судың шамадан артық болуы да картопқа зиян. Картоптан көп өнім алу үшін, сабағын топыраққа көміп 2-3 рет түптеу қажет. Картоптың жер бетіне өсіп шығуы үшін және гүлдеу, түйін салу уақытында өте көп тыңайтқыш пайдаланылады. Мысалы, 1 гектар жерден өсіп шыққан 200-250 ц картопқа 100-175 кг азот, 40-50 кг фосфор және 140-230 кг калий жұмсалады. Сонымен қатар қопсыту жұмыстарын жиі жүргізу керек. Крахмал өндірісінде қолданылады. Бәрімізге белгілі, картопты көптеген елдерде екінші нан деп атайды. Өйткені, өзінің құнарлығымен және дәмімен үлкен орын алатын картоп барлық елдер дастарханындағы тағам құрамында болады. Картоптан көп мөлшерде крахмал алынады.

Тамыр-түйнектерді өсіру технологиясы
Сәбіз - дәмді мінездеме және тойымдылық арқылы аса бағалы болып табылады. Оны шикі түрінде жеуге болады, түрлі тамақтарды дайындау үшін пайдалауға болады. Сәбізді 4000 жылдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамыр түйнектерді құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы
Тамыр-түйнектілердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Тамыр түйнектерді құрылысымен танысу және оның технологиясы
Тамыр – түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Технология пәнін оқытуда оқытудың белсенді әдістерін қолдану жолдары
Картоп егетін және жинайтын машиналар
Жапырақтардың микроскопиялық талдауы
Картоп өнімі және оны сақтау технологиясы
Тұқымның өну энергиясы мен лабораториялық өнгіштігін анықтау
Картоптың жаңа сорттары мен будандардың экологиялық иілімділігін бағалау
Пәндер