Бруцелла


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ

Тексерген: Нуркенов Марал Кариполлаевна

Орындаған: Сансызбаев Нуртай

Тақырып: Бруцелла

Семей 2015

ЖОСПАР:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Бруцеллездің алдын алу
  4. Лабороторлы диогностика
  5. Вакцина
  6. Қорытынды

1. Бруцелл - бруцеллёз ауруының микробтары. Бруцеллді 1886 ж. ағылшын дәрігері Брюс Мальта аралында бруцеллезден өлген сарбаздардың көк бауырынан тапқан. Кейіннен бұл аурудың адамға малдан жұғатыны анықталған. Сипаттама:Үй жануарларында Бруцеллдің 3 түрі кездеседі. Олар: сиыр Бруцеллі, шошқа Бруцеллі және қой мен ешкі Бруцеллі. Бруцелл домалақ, сопақ және таяқша тәріздес боп келетін өте ұсақ микробтар, олар ауру малдың өтінде, қанында және сүтінде болады. Бруцелл етте, сүтте, суда, топырақта өте ұзақ сақталады. Бруцеллёз (мальта қызбасы) . Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін, клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т. б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру. Бруцеллез (brucellessis) - жануарлар мен адамдарда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Көптеген жануарларда іш тастаумен және шуы түспеумен, ені қабынумен, өмір сүру қабілеті жоқ төлдердің тууымен және қысырлықпен байқалады. Бруцеллездің қоздырғыштары 1866 жылы ешкілер мен қойлардың мальта безгегі (Brucella melitensis) ауруына себеп болған ешкі сүтінде табылған бактерияларды анықтаған Д. Брюс атымен аталған Brucella тобы болып табылады. Бруцеллез әлемнің көптеген елдерінде - Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада, Азия және Еуропаның, оның ішінде ТМД-ның кейбір елдерінде (Украина, Ресей, Қазақстан) кең таралған. Экономикалық зияны дұрыс төл алмаудан (іш тастаулар 60% жануарларда тіркеле алады), қысырлық, өндірімділіктің төмендеуі, карантиндық іс-шараларды өткізуге жұмсалатын үлкен шығындардан құралады. Адамдардың бұл аурумен ауруы мүгедектікке (буындардың зақымдануы жиі болады) және кейде тіпті өлімге әкеле алады. Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бруцеллез жөнінде біріктірілген сараптаушы комитеті келесі топтастыруды ұсынады, осыған қарағанда Brucella туыстастығы 6 түрге бөлінеді: Brucella melitensis, Brucella abortus, Brucella suis, Brucella neotome, Brucella ovis, Brucella canis. Бруцеллалар жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60 градуста 30 мин., 80-85 градуста - 5 минут ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта өледі, топырықта тіршілігін 100 күн, суда - 114 күн сақтайды. Қоздырушы азық-түлікте ұзақ уақыт сақталады. Төменгі температураға өте төзімді болады (қатырылған етте 5 ай, сүт өнімдерінде - 1, 5 айға дейін сақталады) . Бруцеллездің қоздырушысы әр түрлі дезинфекциялық заттарға сезімтал: 2% карбол қышқылының ерітіндісі мен күйдіргіш натр, лизолдың 3% ерітіндісі хлорлы әктің және хлораминнің 0, 2-1% ерітінділері қоздырушыны бірнеше минутта өлтіреді.

2 . Адам бруцеллезінде індеттің негізгі көзі қой, ешкі, сиректеу ірі қара мал, түйе, шошқа, марал және тағы басқа жануарлар болып табылады. Бруцеллез індетінің таралуында адам ролінің эпидемиологиялық маңызы жоқ. Бруцеллез адамдарға әр түрлі жолдармен жұғады. Індет көбінесе жанасқанда (ауру малмен немесе олардың өнімдерін, шикізаттарын пайдаланғанда) немесе алиментарлық жолмен жұғады. Мал өнімдері мен шикізаттарының эпидемиологиялық маңызы көп мөлшерде ластанғанымен айқындалады, сонымен қатар ол бруцелланың түріне, және оның вируленттілігі мен ұзақ уақыт сақталуына байланысты. Мысалы, ластанған сүтте бруцеллалар 10 күннен аса, ішкі ұлпаларда, сүйекте, бұлшық ет пен лимфа бездерінде бір айдан аса, жүнде - 3 ай сақталады. Адамдар бруцеллезге жанасу арқылы, не аэрогендік жолмен бруцелланың вирулентті өсінімен жұмыс істегенде шалдығады. Қой мен ешкінің Brucella melitensis түрі қоздыратын адам бруцеллезіне көктем-жазғы маусымдылық тән, ол малдың төлдеуіне байланысты. Бруцеллез адамға ірі қарадан жұққанда маусымдылық соншалықты байқалмайды, ол ауру көбінесе сүт және сүт өнімдері арқылы жұғуына, сонымен қатар сауын мерзімі көпке созылуына байланысты. Адамның бруцеллезі - ауыр созылмалы індет. Жасырын кезеңі 1-2 аптаға, ал кейбірде 2 айға дейін созылады. Жасырын кезеңнің мерзімі организмге енген микробтардың санына, олардың вируленттігіне және организмнің төзімділігіне байланысты. Жасырын кезеңнен кейін адамның бруцеллезі жіті түрінде байқалып, дененің қызуы 3-7 күн бойы 39-40 о С көтеріліп тұрады. Дененің қызуы тоңазумен және қатты терлеумен қатар болады. Емді дер кезінде қолданғанда адам сауығып кетеді. Бірақ көбінесе аурудың белгілері ұлғайып рецедивті бруцеллез түрінде байқалып немесе қозғалу аппаратының, жүйке, несеп-жыныс және жүрек-қан жүйесінің зақымдануымен сипатталатын созылмалы процеске ауысып кетеді. Жануарларда бруцеллездің клиникасы әртүрлі болады. Аурудың негізгі белгісі іш тастау болады, ол кезеңде іш тастаған төлмен, шарана суымен, плацентамен, жыныс органдарының сұйығымен көп уақытқа дейін сыртқы орта ластанады. Бруцеллалар сыртқа ауырған малдың несепімен және сүтімен шығады. Сонымен қатар малдың терісі, қорадағы мал орны, төсеніш, жем-шөптің қалдықтары, құрал-саймандар, мал қора, жайылым және суаттар ластанады. Жануарларда іш тастаудан басқа орхит, бурсит, эндометрит, мастит байқалады. Індет сонымен қатар жасырын түрде өтеді, тек арнайы зерттеу нәтижесінде ғана анықталуы мүмкін.

3. Бруцеллездің алдын алуы

Жануарлардың бруцеллезімен күресу келесі шараларға бағытталған:

1) жануарлардың бруцеллезінің алдын алуға;

2) бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға;

3) бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.

Бруцеллезге жаппай тексеру үшін әлбетте әртүрлі серологиялық әдістерді қолданады, олардың ішінде ресми тестілердің нәтижелері ең дұрысы деп саналады. Бруцеллездің диагностикасы үшін ресми тестілер болып комплементі байланыстыру реакциясы (КБР) және иммуно-ферменттік анализ (ИФА) табылады. Ал іш тасталған төлді бруцеллездің антигенін табу үшін биологиялық сынама қойып бактериологиялық зерттеулер жүргізіп тексереді. Сиырларды (қашарларды), інгенді буаздығына қарамастан, бірақ туғанынан 14 күннен кейін, аналық қойды және мегежінді төлдегенінен 1 айдан кейін, сондай-ақ ұсақ малдың төлдерінен басқа, жас малдарды 4-6 айлығынан бастап тексереді. Бруцеллезге қарсы егілмеген ірі қара малды және қойды, осы ауруға, вакцинаны қолдану нұсқамасында белгіленген тәртіпте және уақытта тексереді, сондай-ақ осы ауру бойынша жағдайға баға береді. Оң нәтиже берген малдарды тез арада табыннан оқшаулайды және оларды айқындаған уақыттан бастап 5 күн ішінде етке сояды. Күдікті нәтиже берген жануарлар 15-20 күннен кейін кешенді серологиялық әдістермен қайта зерттеледі. Оң және қайтадан күдікті нәтижелер алынса бруцеллезге диагноз анықталды деп есептеледі және жануарлар етке сойылады. Ауру мал тұрған қораларға дезинфекция жүргізеді (әрбір ауру мал анықталғаннан соң) . Ауырған жануар тұрған қора жайларды дезинфекциялау үшін - хлорлы әктің судағы ерітіндісімен; құрамында 2 процент белсенді хлоры бар немесе ДП-2 препаратымен; формальдегидтің ерітіндісімен (70 процент формалин және 3 процент күйдіргіш натрий) ; 2 процент күйдіргіш натрийдің ыстық ерітіндісі; 2 процент формальдегидтің ерітіндісі; 0, 5 процентті глутарь альдегидтің ерітіндісі; 5 процент техникалық фенолды натрий немесе карбол қышқылы; эстостерил-1 құрамында 0, 5 процент мүсәтір қышқылы бар; немесе басқада дезинфекциялық заттар пайдалынады. Ветеринариялық-санитариялық шараларға санитариялық режимді және мал шаруашылығы нысандарында шектеу шараларын сақтау, фермаларды қоршау және зоналарға бөлу, ветсанжібергіш және дезбөгеттер жасау, мал өнімдері мен шикізаттарын залалсыздандыру, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау кіреді.

Экстрактардың иммуноэлектрофорезі арқылы бруцеллалар антигендерінің 10-14 фракциясы анықталды. Бруцеллаларды жалпы туыстық антиген, басқа әртүрлі соматикалық антигендері. Соның ішінде түрлік М (В. melitensis), А(В. Аbortus) және R (кедір-бұдырлы формалары) антигендері бар.

Резистенттілігі:олар қоршаған ортада жоғары тұрақтылыққа ие, ылғалды топырақта және суда екі-үш айға дейін, 11-130С температурада 4. 5 ай ақпайтын суларда 3 ай, сүтте 273 күн, майда 142 күн, ірімшікте 1 жыл, айранда 11 күн сақталады. Бірақ олар жоғары температураға сезімтал болып келеді. Сонымен қоса, бруцеллалар әр түрлі химиялық дезенфектанттарға сезімтал.

Патогендік факторлары: Бруцеллалар экзотоксин түзбейді, олардың патогенділігі экзотоксинге және фагоцитозды тежеу қабілеттілігіне байланысты. Фагоцитозды тежейтін нақты факторлары әлі толық зерттелінбеген. Сонымен қоса, бруцеллалардың патогенділігі гиалуронидаза және басқа ферменттермен байланысты. Бруцеллалар күшті аллергенді қасиетке ие, ол бруцеллездің патогенезін және клиникасын анықтайды.

Эпидемиялогия ерекшеліктері:бруцеллалардың негізгі тасымалдаушылары қойлар, ешкілер, ірі қара мал, шошқалар және солтүстік бұғылар болып табылады. Бірақта олар басқа көптеген жануарларға берілу мүмкіндігі жоғары. Әсіресе эпидемиялогиялық қауіптілігі В. melitensis-ѕ ірі қара малға өтуі, себебі осы кезде ол адам үшін патогенділік қасиеті сақталынады. Кездесетін бруцеллездің 95-97% В. melitensis әсерінен болады. В. Аbortus аурудың латентті түрін туғызады, бірақ 1-3% клиникалық белгілері көрінеді.

Жануарларда бруцеллез жалпы ауру түрінде өтеді, және оның көрінуі әр түрлі болып келеді. Ірі және ұсақ қара малға инфекционды аборттар тән. Шошқаларда аборттар сирек кездеседі. Ауру (созылмалы сепсис) буындарды, жұмыртқаларды зақымдаумен өтеді. Ауру арқылы жануарлардан қоздырғыш сүт, зәр, нәжіс, ірің, әсіресе ұрықты түсіру кезінде, ұрық маңы қабықшалармен сыртқа шығады. Адам жануарлардан контактты немесе контакты-тұрмыстық жолмен (80-90% барлық ауруларынан) зақымдалады. Алиментарлы жолмен пастеризациядан өтпеген сүт, сүттен жасалған тамақ және су арқылы зақымдалады. Контактты және контактты-тұрмыстық жолмен зақымдалған жануарлармен жұмыс істейтін барлық адамдар зақымдала алады (бақташылар, сауыншылар, ветеринарлы қызметшілер және басқалары) . Осы кезде бруцеллалар адам ағзасына тері және ауыз, мұрын, көздің шырышты қабықтары арқылы енеді (кір қол арқылы) . Патогенез бен клиникасының ерекшеліктері: бруцеллез кезіндегі инкубациялық период 1 аптадан бірнеше айларға созылады. Лимфалық жолдар арқылы қоздырушы лимфа түйіндеріне түседі; көбейіп, «біріншілік бруцеллезді комплекс» түзеді, оның локализациясы кіру қақпасына сәйкес келеді, көбінесе ауыз қуысының, жұтқыншақтың, мойын, жақасты лимфа түйіндері мен ішектің лимфалық аппараты зақымдалады. Лимфалық түйіндерден қоздырғыш қанға түсіп, қан ағымымен таңдамалы лимфа-гемопоэтикалық жүйенің ұлпаларын зақымдайды. Бактериямия мен процестің генерализациясы ағзаның аллергизациясына әкеледі. Бруцеллез созылмалы сепсис түрінде өтеді. Жасуша ішінде болуын және көбеюін бруцеллаларға антиденелердің де, химиялық заттардың әсер етуіне де кедергі жасайды. Сонымен қоса, олар жасуша ішінде а-формаға айналуы мүмкін және осындай күйде ағзада ұзақ уақытқа дейін сақталады, ал бастапқы формаға келіп ауру рецидивін туғыза алды. Бруцеллез клиникасы әртүрлі және күрделі. Оның клиникасы ағзаның аллергизациясына және интоксикатциясына, инфекционды процеске қандай мүшелер мен ұлпалар қатысатындығына байланысты. Лимфалық, тамырлық, гипатолиональды, жүйкелік және тірек қимыл жүйелері жиі зақымдалады. Бруцеллезге ұзақ ағымды ауру тән, ауыр жағдайларға көпке созыған жұмыс қабілеттілігінің жоғалуына және уақытша мүгедектілікке алып келеді, бірақ ауру толығымен жазылып кетуімен аяқталады.

Постинфекционды иммунитет. Ұзақ, мықты, бірақ қайталануы мүмкін. Иммунитеті қиылысқан Т-лимфоциттер мен макрофактарға байланысты иммунитеті бар адамдар мен жануарларды фагоцитозы аяқталған болып келеді. Антиденелердің қызметі фагоцитарлы активтілігін күшейтуіне негізделген, оң аллергиялық реакция ағзаның сенсибилизациясын ғана емес, иммунитетінің барын көрсетеді. Иммунитеттің бұзылуы қоздырғыштың көп мөлшерімен немесе оның жоғары вируленттілігі кезінде байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бруцеллезді серологиялық балау
Бруцеллезді балаудың жедел әдісі
Патогенді бактериялардың антигендік құрылымы
Аса қауіпті аурулар және бактериологиялық қарулар
Бруцеллез жайлы мәліметтер
Бруцеллез
Бруцеллезді балау, сақтандыру шаралары
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Бруцеллездің алдын алу
Ботулизм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz