Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу жайлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

“Техникалық физика және жылуэнергетика” кафедрасы

“Инженерлік экология” пәнінен

ОӨЖ

Тақырыбы: Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу

Орындаған: Қалиева Қымбат

Оқу тобы: ТЭ-215

Тексерген: аға оқытушы Сейсенбаева М. К

Семей 2015ж

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Ауаны шартқа сәйкестендірудегі энергия үнемдеу 4

2 Энергия үнемдеу заңы 5

3 Энергия үнемдеудің шекті әдісі 6

4. Энергия үнемдеу технологиясы 7

Қорытынды 11

Пайдаланылған әдебиеттер 12

Кіріспе

Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында қазіргі уақытта энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешенін шешетін басым міндеттр болып табылады. Осы міндетті шешпей елдің дамуын ұстау мүмкін емес.
Мемлекет басшысы энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2015 жылға қарай 10%-ға, 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету бойынша міндетті алға қойды.
Энергия үнемдеу саясатын жүргізу үшін негіз қолданыстағы нормативтік база болып табылады. ҚР Президенті 2012 жылғы 13 қаңтарда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және Кейбір заңнамалық актілерге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдарына қол қойды. .
Энергия ресурстардың көп өндірілмеген шығындарды біз тұрғын үй және бюджеттік секторда көреміз, осыған байланысты өткен жылдан бастап осы сектордағы бюджеттік қаражатқа «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамытуорталығы» АҚ энергия аудитін жүргізді

1 Ауаны шартқа сәйкестендірудегі энергия үнемдеу

Қоршаған ортадағы зиянды қалдықтарды ешқандай шығынсыз жоятын құрылғылардың жабдықталуына арналған, энергия өндіретін және энергия тұтынатын технологиялардың кері әсері жойылады деп болжанып отыр. Энергия өндірісін жаңартуға және кеңейтуге қажетті инвестициялық ресурстардың біраз бөлігі шығарылуда. Осы энергоресурстарды шығару есебінде энергия шығаратын және энергия өңдейтін салалардың экспортты потенциалдары өседі.

Басқа да эффектілер бұл жерде артық болмайды. Сонымен қатар өндіріс шығындары мен тұрғындардың энергия тасымалдағыштарға берілетін шығындары белгілі бір деңгеймен шектеледі. Энергия тасығыштардың бағасының көтерілуінен финанс жағдай мен инфляция эффектісін төмендететін болсақ, соның әсерінен ұлттық қордағы жаңармайтын отын ресурстарын пайдалану мерзімі ұзарады және де үнемдеу құрылғысын өндіру арқасында өнеркәсіптің технологиялық деңгейі артады. Көздеген мақсаттарға жетуге арналған іс-шараларды жүзеге асыру; ұйымдық басқару схемасын әр түрлі деңгейде ұсыну; энергия үнемдеу мен финанс қаражатының экономикалық стимулдарын; ғылыми-техникалық, технологиялық іс-шараларын жүзеге асыруға көптеген қолдаулар болып жатыр.

Энергия үнемдеу саласындағы саясат - энергия үнемдеусаласындағы құқықты, ұйымдарды және финастық-қаражатты реттеу қызметі. Сонымен қатар, басқа да түсініктер бар: отын-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану - осы уақыттағы техника мен технологияның даму деңгейі бойынша жоғарынәтижелі, техника жағынан мүмкіндігі мол, отын-энергетикалық ресурстарын үнемді пайдаланатын және технологияның қоршаған ортаға әсерін бір уақытта азайтатын іс-шара. Отын-энергетикалық ресурстарын үнемді пайдаланудың көрсеткіштері - кез келген өнімге, жұмысқа немесе қызметтерге арналған отын мен энергияның салыстырмалы шығынын белгілі мөлшерге регламенттау (белгілі тәртіпке келтіру) . Энергия үнемдеу объектілері - отын-энергетикалық ресурстар мен жылу және электр энергияларының барлық түрлерін шығаратын, өңдейтін, бір жерден екінші жерге таситын, сақтайтын және қолданылатын процестер.

2 Энергия үнемдеу заңы

Энергияны үнемдеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қабылданады. Ол негізгі заңнан, сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілерінен тұрады.

Осы заңның 3-ші бөлімінде энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері айтылған.

Оларға мыналар жатады:

  • отын-энергетикалық ресурстарын, оларды шығару көлемінің өсімі бойынша тиімді пайдалануды арттыру және электр энергияларын өндіруді арттыру приоритеті;
  • адамның денсаулығын сақтау және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету, отын-энергетикалық ресурстармен энергияны шығару, өндіру, өңдеу, бір жерден екінші жерге тасу және қолдану кездерінде қоршаған ортаны қорғау приориттері;
  • энергия үнемдеу саласындағы емлкеттік реттеулерді жүзеге асыру;
  • энергияны үнемдеуге деген қолдаулар қажеттілігі, жаңартылатын энергия көзін қолдану шаралары;
  • өндірілген және шығарылған отын-энергетикалық ресурстарын дұрыс есептеу міндеттері;
  • отынэнергетикалық ресурстарды өндірушілер мен тұтынушылардың қызығушылығын байланыстыру;
  • энергия үнемдеудегі жүйелік келісім;
  • энергия үнемдеу саласындағы ақпараттарды, білімдерді және ғылыми-зерттеу қызметтерін жүзеге асыру.

Осы заңның 4-ші бөлімінде энергияны үнемдеудің негізгі бағыттары көрсетілген. Оларға мыналар жатады:

  • ұлттық экономиканың интенсивті дамуына арналған энергияны өндіру мен тұтынуды тұрақтандыру;
  • энергияны өндіру мен тұтыну режимдерінің қолайлылығы;
  • жұмыс істеп тұрған және реттелген объекттің, технологияның және құралдардың энергия үнемдеу өнімдеріне тәжірибе жүргізу;
  • жаңартылатын энергия көздерін дамыту;
  • екінші энергетикалық ресурстар мен қалдықтарды пайдалану;
  • тиімді энергия шығаруға байланысты озық технологиялардың, техникалардың, өнімдердің жоспарларын жүзеге асыру;
  • ғылыми зерттеулер мен энергияны үнемдеу облысындағы жаңа басқару құралдарын енгізу;
  • отын-энергетикалық ресурстарды шығару, өңдеу, бір жерден екінші жерге тасу, сақтау және тұтыну кездерінде шығынды азайту;
  • энергоресурстардың үнемделуін қамтамасыз ететін, жаңа құрылыс нормалары мен тәртібін енгізу.

Заңның 2-ші тарауында энергия үнемдеуді мемлкеттік реттеу туралы айтылған. Энергия үнемдеу жүесінің ұйымдары және энергоресурсты есептеу тәртібі мен бақылау тәртібі қарастырылады.

Заңның 12-ші бөлімі энергия үнемдеуді зерттеуге арналған.

Энергия үнемдеуді зерттеу энергетикалық ресурстарды тиімді қолдану бағалары мен тұрғындардың отын-энергетикалық ресурстарды қамтамасыз етуге кеткен шығындарын төмендету мақсатында жүргізіледі.

Энергияны үнемдеу зерттеулеріне жататындар:

  • өндіріс күштерін дамыту және тарату схемаларының жоспарлары, халықшаруашылық саласын дамыту жоспарлары, энергия үнемдеудің аудандық схемамасы, энергия үнемдеуге байланысты техникалық документтер;
  • техникалық-экономикалық дәлелдемелер, жаңа құрылыстар және негізгі объектілер мен жылына 500 тонна және одан көп отын-энергетикалық ресуртарды тұтынатын өндіріс орындарын үлкейту (қайта құру, техникалық қайта жабдықтау, модернизация) проектілері.

Энергияны үнемдеу зерттеулері Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатымен жүзеге асады.

Заңның келесі тарауларында экономикалық механизмдер қарастырылады және энергия үнемдеуді реттеу жағдайлары анықталған. Жаңартылатын энергетикалық ресурстарды қолдану сұрақтары және де энергия үнемдеу саласындағы ғылыми зерттеулермен, ақпараттармен қамтамасыз ету жағдайлары және энергия үнемдеу саласындағы халықаралық қатынастар туралы айтылған.

Энергияны үнемдеуге байланысты нормативті құқықты база әрдайым кеңейіп, жүзеге асып отырмақ.

3 Энергия үнемдеудің шекті әдісі

Энергия үнемдеу мәселесі - қазіргі ғылыми тәжірибелерге қойылған ең негізгі мәселелердің бірі. Ол жылутехнологиясына негізделген өнеркәсіпті өндіріс салаларына маңызды болып саналады. Бұл жерде отын, жылу энергияларының біраз қорын үнемдеу мәселесі ғана емес, сонымен қатар оларды тәжірибе жүзінде кеңінен қолдану мәселесі де қрастырылып отыр.

Бұл қорларды жүзеге асыру тек қана өнеркәсіптік өндірістің прогесс саласында жүреді.

Жылу технологиясының энергетика саласындағы басты міндеті - принципиальді жаңа қалдықсыз жылутехнологиялық жүйелерді қайта құру мен жүзеге асыруға арналған энергия үнемдейтін жылутехнологиялық құрылғыларды өңдеу, зерттеу және жасап шығару т. б.

Мұндай тапсырмаларды орындау үшін ең алдымен жылутехнологиялық эенергетика саласын зерттеу қажет және де ғылыми ізденістің тиімді әдісін өңдеуді тездету керек.

Осы зерттеулер мына бағытта болу керек:

  • (өнеркәсіптік өндірістің негізгі жылутехникалық энергия сыйымдылығының саласындағы) отын энергетикалық ресурстардың салыстырмалы шығынының төмен деңгейін құру;
  • Отын энергетикалық ресурстардың салыстырмалы шығын қорының азаюын табу;
  • Осы қорларды толықтай пайдаланатын техникалық құралдарды, әдістерді, негізгі бағыттарды өңдеу;

Энергия үнемдейтін жылутехнологиялың әдістемесі осындай әдіспен қалыптасады және олардың мынадай бағыттары бар:

  • энергия үнемдейтін технологияны жақсартуға арналған энергия үнемдейтін жылулық сызбалар;
  • энергия үнемдейтін құрылғылар;

Энергия үнемдейтін технологияның бірінші негізгі бағытын қарастырайық.

4. Энергия үнемдеу технологиясы

Жылутехнологиясы - заттардың жылулық жағдайын өзгерту негізінде берілген өнімдердің негізгі шикізаттар мен материалдарды жасап шығаратын әдістердің жиынтығы. Жылутехнологиясына сәйкес энергия үнемдеуші дегеніміз - шикізат материалын тауарлық өнімге түрлендіру процесіндегі жылуды тұтынудың барынша төмен деңгейі сейкес келетін технология немесе технологияның энергия үнемдеу коэффициентінің максимал мәні сейкес келетін технология.

Жылутехнологиясының энергия үнемдеуші коэффициентін төмендететін маңызды факторларға келесілер жатады:

  • жылудың технологиялық өнімдер арқылы қоршаған ортаға таралуы;
  • қондырғы жұмысының периодты режимінде жүзеге асатын, технология қатарының көпоперациялылығы, ол негізінде қоршаған ортадағы жартылайөнімнің мура және ұзын конткатілерінің көптеген мөлшерімен сәйкес келеді;
  • технологиялық процестердің көпсулы нұсқаларының қолданылуы (мысалы: цементті клинкердің өндірісінің ылғал әдісі) ;
  • шикізат материалдарының алдын-ала механикалық өңдеудің энергия сыйымдылық кезеңінің болуы;
  • тауар ретінде сатылмайтын технологиялық қалдықтардың бар болуы.

Энергия үнемдей технологиясының жоғары мүмкіндектері технологияның қалдықсыз принциптерін жүзеге асыру кезінде ашылады.

Қалдықсыз жылутехнологиясының келесідей бес принциптерін көрсетуге болады:

  • негізгі шикізаттың, жартылай дайындалған өнімнің, материалдардың барлық компененттерінің кешенді және тауарлық шығарылуын қамтамасыз ету, яғни технология ресурс үнемдейтін болу керек;
  • негізгі шикізатты, жартылай дайындалған өнімді, материалдарды комплексті өңдеу процесіндегі теориялық қажетті, жалпы энергия тұтынудың төменгі деңгейінің болуы, яғни технология энергия үнемдейтін болу керек;
  • технологияда суды қолданудың ең төменгі деңгейінің болуы, яғни технология азсулы болу керек;
  • қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, яғни технология экологиялық түрде дамыған болу крек;
  • адамға қажетті жағдайларды жасау, яғни технология қауіпсіз және жеңіл басқарылатын болу керек.

Осы принциптердің бағыты бойынша қалыптасқан негізгі жылутехнологиялар энергия үнемдеудің жоғарғы деңгейіне потенциальді түрде бағытталады.

Жылутехнологиясындағы энергия үнемдейтін іс-шаралар келесідей үш топқа бөлінеді. Утилизациялық (қолданылатын), оған жылу қалдықтары мен энергия потенциалдарын қолдану шаралары жатады. Энергетикалық модернизация - жұмыс істеп тұрған қондырғылар мен жүйелердегі жылу мен энергияның төмендеуі. Іс-шаралардың осы екі топтары дәстүрлі болып табылады және олардың энергия үнемдейтін эффекттен айырмашылығы болмайды. Осы шаралардың үшінші тобына - интенсивті энергия үнемдеу жатады. Интенсивті энергия үнемдеу интенсивті энергия үнемдеу резервінің потенциалы деп аталатын жылуэнергетикалық объектідегі біркезеңді, ірімасштабты энергия үнемдейтін эффектінің ұлғаюының принципальді жаңа міндетін атқарады. Ол технология мен техниканың принципальді негізінің өзгеру базасында және технологиялық өнімнің сапасын ұлғайту және оны толықтай қолдану базаларында ұлғаяды.

Максималды энергия үнемдейтін эффект - тек қана жабық жылутехнологиялық кешеннің энергетикалық аналыз негізінде және интенсивті энергия энергия үнемдеу іс-шаралардың негізінде ұлғаяды.

Мемлкеттің жылутехнологиялық кешенінде экономикалық ресурстардың шекті толық қорын қарқынды энергия үнемдеудің іс-шараларын келесі топқа біріктіруге болады:

  • технологиялық;
  • энергетикалық;
  • жылутехникалық;
  • техникалық.

Технологиялық шараларға, мысалы төмен энергия сыйымдылықты альтернативті шикізатты қолдану, азсулы жылутехнологиялық операцияларды қабылдау, үздіксіз технологиялық операциялар мен қалдықсыз технологияларды, жылудың шекті технологиялық регенерациясын және өнімнің жрғары сапасын қамтамасыз ету шаралары жатады. Ол отын-энергетикалық ресурстардың көпоперациялы технология резервіне арналған энергия үнемдейтін технологияны қалыптастырады. Бірақ оларды жүзеге асыру үшін күрделі энергетикалық, жылутехнологиялық және техникалық шешімдер қажет.

Энергетикалық шараларға - технологиялық обънектілердің энергия үнемдейтін жылулық схемалары мен энергияның энергиря үнемдейтін көздері жатады. Энергетикалық жетілген эталонға жылутехнологиялық объектілердің термодинамикалық идеальды модельдердін жатқызуға болады. Энергетикалық іс-шаралар құрамына дәстүрлі энергия көзінен басқа (дәстүрлі емес энергия көздерін қолдану) энергиялар да кіреді.

Жылутехникалық шаралар тобы жаңа іздеу және жалпылай алғандағы жылутехнологиялық процесс ұйымының жаңа жылутехникалық әдістерін жүзеге асырады.

Техникалық шаралар тобы жаңа ұрпақтың энергия үнемдейтін технологиялық құрылғыларын қолдануды қарастырады.

Осы қарастырылған іс-шаралар энергия үнемдеудің мүмкін болатын резервін жүзеге асырады және оның әдісінің тәжірибелік жетістігінің кең спектріне демонстрация жасайды.

Энергия үнемдейтін тиімді жүйені құруға арналған екінші іргелі негізгі - энергия үнемдейтін жылулық сызбаларды дайындаудан тұрады. Бұл бағытта тапсырманы жақсы орындау үшін нақты жылутехникалық процестердің жоғарғы энергоүнемділігіне жетудің принципиальді жолдарын толықтай көрсететін жылулық сызбалардың көптеген нұсқаларын қарастырған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу туралы ақпарат
Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу
Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу жайлы мәлімет
Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергияны үнемдеу бағдарламасы
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу жайлы ақпарат
Кәсіпорынның энергетикалық балансына шығындарды жіктеу
Энергияны үнемдеу
ҒИМАРАТТА БАЛАМА ЭНЕРГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Автономны энергияны үнемдеуші экоүй жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz