Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)



І. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). 2.Ғ.Қараштың ізденіс жылдары.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Шәді төре Жәңгірұлы 1852 жылы бұрынғы Сырдария губерниясы, Түркістан уезі, Жылыбұлақ болысында (қазіргі Созақ ауданы) дүниеге келген. Ақын тоғыз жасында ауыл молдасында, келер жылы Шаян медресесінен дәріс алған. Шаянда оқып жүріп Шәді араб әдебиеті үлгілерімен таныс болады. 1864 жылы Шымкенттік Абдулла Шариф деген кісіден дәріс алып араб, парсы тілдерін меңгерген. Жас бала 13 жасында-ақ «Мың бір түн», «Тотынама», «Шаһнама» секілді шығыс ертегілері мен дастандарынан хабардар болған. Шымкентте екі жылдай жүріп ұстазының қолындағы араб әдебиеті қазынасын өз бетінше толық игеріп шығады. 1865 жылы Шымкентті Черняев әскері басып кірген соң, Абдулла Шариф Ташкентке кетеді. 1866 жылы Шәді де ұстазының артынан Ташкентке барып, Орта Азия ақындары мен ғұламаларынан дәріс алады. Араб, шығыс әдебиетін зерттеп, игереді. Шәді 1870 жылы еліне қайтады. Жеті жылдан соң әкссі қайтыс болады. Осы уақыттан бастап бас аяғы 40-тан астам хикаялы дастан, жырлар жазды. Шәді де діндар қаламгер болған. Оның діни негізде жазылған «Сияр-шәріп», «Фех-қайдан», «Ахуал-қиямет», «Назым Ахмет Жами», «Назым Ибраһим Халиолла», «Хазіреті Мұса мен Перғауын», «Мұсаның таурат алғаны» т.б. дастандары бар. Ол Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де діни мәтіндегі дастандарын жазуын тоқтатпады. Осы себепті 1931 жылы ауыл белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, жер аудартты.
Шәді бірқатар шығармаларын діни бағытта жазды. Өйткені ақын діни сауатты болумен қатар, шығыстың қисса-дастандарын жетік білген және діни көзқараста болды. Ол дінді өзіне идеал етіп ұстады. Ол дінді – ағартушылықтың, адамгершіліктің, тазалықтың қайнар көзі деп білді .
Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, жазған дастаны – «Назым сияр Шәриф» атты туындысы. Бұл шығармада Мұхаммедтің (ғ. с.) туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмір жолы суреттелген.
1.Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. – Алматы: Ғылым, 2003. – Т.10. – 456 б.
2.Жансүгіров І. Бес томдық шығармалар жин. Ү том. Алматы, 1988.
3. Жұмалиев Қажым.Қазақ әдебиеті туралы ІІ томдық зерттеулер.
4.Құнанбаев А.Шығармаларының ІІ том. жинағы Алматы, 1954, 57, 77. 95,2002.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы, 2006. - т. 6. - 249 - 292 бет
6.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.
7. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
8.Тәж-Мұрат М. Тұрлаусыз тұлға, Тауқыметті тағдыр//Кәбиса жыл: зерттеулер, эсселер, әдеби толғамдар.-Астана: Хұснихат, 2009.-400б.
9.Ермеков Қ. Философия негіздері.-Алматы: Казпресс, 2001.-280б.
10.Ғұмар Қараш. Көңілге Замана.-А.: Ғылым, 2000.-236б.
11.Тәж-Мұрат Мақсат. Ғұмар Қараш: өмірі мен шығармашылығы.-Ақтөбе: А-Поли¬графия, 2004.-384 б.
12.Арсланов Ж. Раддия.-Қазан, 1914.
13.Әжікеев Х. Ғұмар Қарашов туралы менің білетіндерім. Қолжазба, 2-4-б. ОҒК, Сирек қолжазбалар.
14. Ғұмар Қараш. Мұғалімдерге//Дұрыстық жолы, 1919.-№1.
15.Өзбекұлы С., Исмаилов А. Ғұмар Қараштың қоғамдық-саяси және құқықтық көзқарастары.-Алматы, 2005.-94б.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:  1.Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала).
2.Ғ.Қараштың ізденіс жылдары. 

Орындаған: Әшімханова К.Қ

Тексерген: Еспенбетов А.С.

Тобы: КЯ-313

Семей 2015 жыл

ЖОСПАР:
І. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). 2.Ғ.Қараштың
ізденіс жылдары. 
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Шәді төре Жәңгірұлы 1852 жылы бұрынғы Сырдария губерниясы, Түркістан
уезі, Жылыбұлақ болысында (қазіргі Созақ ауданы) дүниеге келген. Ақын тоғыз
жасында ауыл молдасында, келер жылы Шаян медресесінен дәріс алған. Шаянда
оқып жүріп Шәді араб әдебиеті үлгілерімен таныс болады. 1864 жылы
Шымкенттік Абдулла Шариф деген кісіден дәріс алып араб, парсы тілдерін
меңгерген. Жас бала 13 жасында-ақ Мың бір түн, Тотынама, Шаһнама
секілді шығыс ертегілері мен дастандарынан хабардар болған. Шымкентте екі
жылдай жүріп ұстазының қолындағы араб әдебиеті қазынасын өз бетінше толық
игеріп шығады. 1865 жылы Шымкентті Черняев әскері басып кірген соң, Абдулла
Шариф Ташкентке кетеді. 1866 жылы Шәді де ұстазының артынан Ташкентке
барып, Орта Азия ақындары мен ғұламаларынан дәріс алады. Араб, шығыс
әдебиетін зерттеп, игереді. Шәді 1870 жылы еліне қайтады. Жеті жылдан соң
әкссі қайтыс болады. Осы уақыттан бастап бас аяғы 40-тан астам хикаялы
дастан, жырлар жазды. Шәді де діндар қаламгер болған. Оның діни негізде
жазылған Сияр-шәріп, Фех-қайдан, Ахуал-қиямет, Назым Ахмет Жами,
Назым Ибраһим Халиолла, Хазіреті Мұса мен Перғауын, Мұсаның таурат
алғаны т.б. дастандары бар. Ол Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де діни
мәтіндегі дастандарын жазуын тоқтатпады. Осы себепті 1931 жылы ауыл
белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, жер аудартты. 
Шәді бірқатар шығармаларын діни бағытта жазды. Өйткені ақын діни сауатты
болумен қатар, шығыстың қисса-дастандарын жетік білген және діни көзқараста
болды. Ол дінді өзіне идеал етіп ұстады. Ол дінді – ағартушылықтың,
адамгершіліктің, тазалықтың қайнар көзі деп білді .
Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, жазған дастаны – Назым сияр Шәриф атты
туындысы. Бұл шығармада Мұхаммедтің (ғ. с.) туғаннан өлгенге дейінгі барлық
өмір жолы суреттелген. Ол кісі кіммен дос, кіммен күреңқабақ болды,
кәпірлермен қалай күресті, мұсылмандарды қалай қолдады, қанша баласы болды,
кімнің тәрбиесін көрді, қанша рет некеленді, әке-шешесі кім еді, туған-
туысы бәрі-бәрі түп-түгел жырда көрініс табады . 2.211
Ақынның Мұхаммед пайғамбар жайында қалам тербеуінің өзінде де көп мән бар.
Біріншіден, пайғамбар өмір тарихының халық арасына тарауын көздесе,
екіншіден, мұсылман ғалымдары арасындағы даулы мәселеге өзіндік көзқарасын
білдіріп отырады. Дастанның басынан-ақ Нұр сипатына ерекше тоқталуы соны
аңғартса керек. Өйткені орта ғасырлық ғұламалар Алланың алғаш жаратқан
нәрсесі жайында дауласып, әр түрлі пікірлерді ұстанған болатын. Кейбірі
алғаш жаратылған нәрсе пайғамбардың нұры десе, кейбірі қалам немесе ақыл
екенін алға тартқан еді 5.70
Біз Мұхаммедтің (ғ.с.) қалай өмірге келгенін де Назым сияр Шәрифтен
оқимыз:
Ғабдолла Әмина атты әйел алды,
Ибраһим тәртібімен некеленді.
Әуелі кездескенде Ғабдолламен,
Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті,
Пайғамбар тумай жатып өліп кетті.
Алланың әмірімен Мұхаммедті,
Құрсақта анасының жетім етті.
Ақынның мәліметі бойынша, соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (ғ.с.) тумай жатып
жетім қалғанын білеміз, көптеген діни қолжазбаларда Алланың елшісін жетім
өсті дейтін, ал қалай жетім қалғандығы жайында осы дастандай жан-жақты
түсіндіріп айтқан емес 2.211.
Шәді Жәңгірұлының Назым сияр Шәриф атты дастанында пайғамбарымыздың
жиырма бес жасында қырық жастағы Хадиша атты жесір әйелге үйленгенін де
жырлайды. Меғражға барып, Алланың көргенін де толғайды. Қаншама кәпірлерді
ислам дініне кіргізіп күндіз-түні аянбай, Алла жолында қызмет еткенін,
мүнафиықтарды (екі жүзді) ешқашан аямайтынын, күллі мұсылманды бір ел, әр
қырынан жырлапты.
Шәдінің пайғамбар тарихына арнаған Назым сияр Шәриф дастанынан басқа,
оның Ислам ғазауыттарын көрсететін Хайбар дастанын да жазған. Хайбар –
жердің аты. Мәдинеден бірнеше шақырым жерде орналасқан. Бұл соғыстың Ислам
тарихында алар орны ерекше. Себебі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың мүшріктерді
жеңіп, елдің сол қанатына шоғырланған жүгеттермен болған шешуші шайқасы
Хайбарда өткен болатын.
Адам ата жаратылғалы бері адамзат баласының қасы – Ібіліс. Оның көздегені
адам баласын дұрыс жолдан тайдырып, жаманшылыққа бастау болып табылады.
Әзәзіл Ібілістің бар айла-шарғысын ашып көрсететін ибн Жузидің Талбису
Иблис (Ібілістің айлакерлігі) деген еңбегі діндарлар арасына осы
еңбектің желісіне құрылған. Шығармада Барсиса деген діндардың хақ жолында
жүріп, қалайша Ібілістің тұзағына түскені жайында айтылады. Шайыр осы
шығармасы арқылы оқырманды өз нәпсісінің құлы болмауға шақырған 5.70.
Шәді Ахуал қиямет деген дастанынан оның құран тәпсірін жетік меңгергенін
көруге болады. Шығарманың екінші жартысын оқығанда адамның өлер алдындағы
сәтінен бастап, қабір азабына дейінгі аралықты суреттеген шайырдың еңбегіне
сүйсінбесе амалы жоқ 5.
Шәді ақын өлімді айтуда адамдарды қорқытудан аулақ. Тірлікте істеген әрбір
әрекеттің о дүниеге апарар сенің еншің екенін еске салады. Демек, адам
баласы тіршілікте істеген қателіктері үшін тіршілікте Алладан кешірім
сұрауы тиіс. Ақынның бұл көзқарасы түсінген кісіге имандылыққа шақырған
жаны таза адамның жүрегінен шыққан өсиет сөз екенін аңғаруға болады.
Кеңес заманында Шәді Жәңгірұлының туындысын идеямызға жат деп бүркемелеп,
жасырын ұстап келгені анық, осы бір жайды Ә. Тәжібаев ашына толғайды:
Бұған дейін Шәді туралы сөз айтылмайды, өйткені көркем әдебиеттерді тану
және оның ғылымын жасау, тарихын жазу ісіндегі солақайлықтар сонау бастан
Шәді еңбектерін жат көрсетіп, әдебиет оқитын қауымнан жабық ұстады да,
ақынның өмір тарихы да жаңа жұртшылыққа бейтаныс күйде қалды. Сондықтан
бұлдыр бейнені анық көру, жаңа бір ақынды тыңнан ашу, онымен тілдесу,
сырласу, оның мінез-құлқын, әдет-салтын, дүниеге қауымға, сұлулыққа
көзқарасын білу, қай жағынан алсақ та қажет екен. 2.221-222.
Шәді Жәңгірұлы жазған әдеби жәдігерлер қазақ, өзбек, қарақалпақ, түрікмен
халықтарына ортақ деп айтсақ артығы жоқ. Өйткені сол елдердің ауызша,
жазбаша қазыналарын меңгеріп, пайдасына жарата білген, шайырлармен
араласып, ақындық шеберлігін ұштаған адам. Түркі тілдес халықтарға ортақ
саналатын іргелі тақырыптарды өзінше қайтадан жазып шығу өздігінен
келмейтін жұмыс екені айқын.
Соған қарағанда, Шәді тынымсыз ізденудің, еңбектің адамы болған, оны
қасиетті туындыларынан тауып, танимыз, Шығыс классикалық әдебиетінің
назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік ағартушылық бағытта дәстүрлі
тақырыптарды жырлаған. Мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желі
тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған (Қазақ совет
энциклопедиясы. Алматы. 1978. 12т. 265-б).
Сөз өнері мен қолөнер зергерлігін қатар алып жүріп даңқы шыққан Шәді ақын
шығармаларының тигізген игі ықпалын оның еңбектерінен көруге болады.
Көзінің тірісінде жетпіс бес табақтай еңбегі баспа жүзін көрген Шәді шын
шабытқа дамыл бермеген қалам иесіне ұқсайды. Кітаби ақындардың ішінде шығыс
сюжетін қуалап қана қоймай, орыс халқының тарихын терең бойлаңқырап
зерттеген Шәді екен. Әр сөзі құйылғандай қорғасыннан деп шайырдың өзі
айтпақшы, оғын айдалаға бытырата бермей, жинақтап, шымырлап, ой елегінен
өткізіп барып көпке ұсынған көрінеді. Шәдінің шығыс әдебиетінің әуендерімен
байланысына барлай қарағанда не болса соны бері тарта бермей қазақ ұғымына,
санасына, ортасына, өнеріне жақыннан орнығып қалды- ау деген сюжеттерді
суыртпақтай шығарып, салмақты дүниеге айналдыра білген.
Сонымен қорыта айтқанда, кезінде түрлі діни мектеп-медреселерде оқып, араб,
парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген, сол арқылы араб поэзиясынан еркін
сусындаған, Ислам тарихы мен араб әдебиетін терең білетін қазақтың ғұлама
шайыры Шәді төре Жәңгірұлы қазақ көркем сөз өнерін мазмұн мен норма жағынан
байыта түсуге өзіндік үлес қосты. Ол шығыс классикалық поэзиясына тән
нәзирә дәстүрін жан-жақты меңгеріп, қазақ оқырманының талап-тілектеріне
сәйксс келетін шығармалар жазды. Мұның өзі, қазақ әдебиетін мазмұн,
тақырып, идея жағынан көріктеу құралдарымен байытуға үлкен әсерін тигізді.
Ғ.Қараштың ізденіс жылдары.
Ғұмар Қараш жастайынан оқуға құштарлығы оянып, білім алуды діни
тұрпатты мекемелерден бастағандықтан, сол дәуірде ислам дінін қайта
өркендету татар миссионерлері мен ағартушылық орындары арқылы қолға
алынғандықтан, ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылығының негізгі  беталыстарының
бірі де діни бағдарға негізделгендіктен, оның дүниетанымы да діннен, атап
айтқанда, ислам дінінен тыс бола алмады. Осы тұста, алдымен, оның діни
көзқарастарын сараптаудың негізгі ерекшеліктері мен қиындық тудыратын
қырларына тоқталып өтуіміз қажет. Бірінші, оның дінге қатысты көзқарастары
бастапқыда діни философияны негіздеп, кейіннен, дін философиясы аясында
өрбігендігі. Себебі, діни философия сенімді тек қана негіздей түсудің
теориялық-практикалық жақтарына көбірек назар аударса, дін философиясы оны
сырттан бақылайтын және баға беретін, сипаттайтын сараптамалармен жалғасын
табады. Ғұмар Қараш та жас кезінде және есейген шағында осындай екі бағытта
болды. Екінші, ойшылдың көзқарасы исламның әр түрлі ағымдарымен келіп
түйісетіндігі де және бір ағымның ішіндегі әр бағытты қолдағандығы да
айтарлықтай қиындықтар туғызады. Ол балаң кезінде таза софылықты ұстанса,
жас кезінде одан алшақтап, дәстүрлі исламға бет бұрды, одан кейін
жәдидшілдік бағытқа ауысты. Ал, жәдидшілдік ағымының өзі күні бүгінге дейін
толық зерттелмеген мұсылман дініндегі күрделі арналардың бірі болып отыр.
М. Тәжі-Мұрат айтқандай: Жәдидия – тереңіне бойлай бермейтін аса күрделі
құбылыс. Оны түгел толғау үшін жойқын зерттеу жазу керек. Үшінші, ол
өзінің ұстаздары сияқты діни көзқарастарын батыстық философиямен
араластырып жіберіп отырды. Оған орыс жазушыларының көзқарастары да,
еуропалық философтардың пікірлері де ұнағандықтан, дүниетанымын олармен
тоғыстыруы да заңды құбылыс. Бірақ, ол ислам дінінің философиясын да ұмыт
қалдырған жоқ еді. Дегенмен, оның діни идеяларын сараптауда, осындай
әртараптанған бағдар айтарлықтай қиындықтар туғызады. Осы тұста, Ғұмар
Қараштың көзқарастарын зерттеушілердің мына пікірін мысалға алуымызға
болады: Жалпы  Ғұмар араласқан тұлғаларды білуіміз Қарашты тануымызды,
кеңірек алғанда жәдидияның сырын ашу ісін көп жеңілдетеді. Осы тұрғыдан
келгенде Риза Фахретдиннің көзқарастары шейх әл-Ауғанидің, оның Мысырдағы
ізбасары, Европа Исламдағы модернизмнің негізін салушы деп ұлықтайтын
шайх Мұхаммед Ғабдуһудың пікірлерімен бір ізді басатындығын айту жөн. Бұл
топтың әлеуметтік-саяси көзқарастарының өре басы Исламдағы ханбалие
мазһабынан тарайтын бірқұдайшылдық сана (тауһид) болғанмен, бұл ағым уақыт
өте келе мұсылман қауымын заман талабына бейімдеу мақсатына орай ХVІІІ
ғасырдағы француз философтарынан, ХІХ ғасырдағы Батыс позитивистерінен,
әсіресе, олардың социологиялық теорияларынан көп нәрсе алған. Әсіресе,
Ғабдуһу Руссо, Локк, Бентам, Спенсер көзқарастарына сүйене отырып,  қоғамды
ғақыл және ғаділет негізінде тәрбиемен түзеуге болады деп сенген.
Төртінші, Ғұмар Қараш тек мұсылман дінінің әр түрлі ағымдарына елігіп
қойған жоқ,  сол бір ағымның ішіндегі әр түрлі арналардың қайсысын анық
ұстанғандығы да белгісіздеу сияқты болып көрінеді. Сондықтан, оның ұстанған
діни бағыты, мазһабы, оның ішіндегі жамағаты айқынсыздау болып тұрғандай
болады.  Қ.Ермеков өз зерттеуінде: Қараш өмір бойы туған қазақ ұлтын қалай
жеткеремін, қайтсем дұрыс жолға саламын, деп шарқ ұрып, сол үшін бар өмірін
сарп еткен ержүрек азамат ақын, көрнекті философ, кейбір жаңсақтық
көзқарастарды да басынан өткерген, бар ғұмыры шытырман драматизмге толы
қайраткер. Басқаша айтқанда, оның дүниетанымында елеулі қайшылықтар болды
дейді . Бесінші,  өмірінің соңғы жылдарындағы коммунист болуы оны еріксіз
түрде немесе сырттай ғана атеист болуға жетелейтіндігі сөзсіз. Атеист пен
теист те айтарлықтай бітіспес қайшылықты сенімдер. Яғни, ол жалған
коммунист немесе жалған діншіл болып шығуы да тиіс сияқты болып тұрады.
Бірақ, Ғұмар Қараштың келісімпаздық ұстанымы бұл екеуін бітістіріп, ерекше
бір төлтума кредоны жасап шығарған болуы да ықтимал. Сондықтан оның діни
көзқарастарын қолдаушылар да, сын айтушылар да кездесіп отырды. Алтыншы,
тілінің күрделілігі. Ғұмар Қараш өмір сүрген дәуір тұтасымен алғанда, басқа
халықтармен экономикалық болмаса да, мәдени сұхбаттастығы барынша дамыған
кезең болатын. Сондықтан, орысша, татарша, арабша сөздерді қазақша
мәтіндерде қолдану  сол дәуірдегі қазақ зиялыларының шығармашылық
туындыларында кездесіп қалатын дәстүрге айналды. Бұдан Ғұмар Қараш та тыс
бола алмады. Осы тұста, Шәңгерей өлеңдерін оқығанда деп аталған қысқаша
толғауын мысалға алуымызға болады: Көріп ғажап бұ ғазалны қалдым қайран,
Мафһумы неше түрлі алуан-алуан. Теріліп Пушкин, Лермонд қылса баян, Айта
алмас жүз мыңнан бірін ғаян [3,156б.]. Ал, мәтінді философиялық талдау
қашанда, әрбір сөздің мағынасын мұқият, шегіне жете түсінуді талап
ететіндігі баршамызға аян. Сондықтан, ол кірме сөздердің мағынасы неде және
қазақ тілінде қандай мағынада қолданып отыр, бұрмаланып кеткен жоқ па деген
сияқты сауалдар оның дүниетанымын тереңірек сараптау үшін негізгі
кедергілердің бірі болып табылады. Себебі, Ғұмар Қараш өзі Тіл-әдебиет
атты мақаласында атап өткендей, ол кезде баршаға ортақ қазіргі үлгідегі
әдеби немесе ғылыми тіл қалыптаса қоймағандығы да белгілі.        
  
Ғұмар Қараштың діни көзқарасын және дінге қатынасын таразылау үшін, ол
қозғаған мынадай мәселелерді анықтауды жолға қоюмыз қажет: дін мен
еуропалық үлгідегі білімнің арақатынасы; дін мен тұрмыс мәселелері; шынайы
сенім мен жалған сенім, дүмшелік; діндегі келісімпаздық (конвенционализм)
және төзімділік (толеранттылық), мұсылмандық қауым мен ұлт т.б.
 Ғұмар Қараш ислам діні ілімі бойынша барынша сауатты адам және оның осы
жазықтықтағы бағдары да дін мен ғылымның, білім мен сенімнің бірлігін
негіздейтін ұстанымдарының бірі бойынша ХХ ғасырдағы неотомизм ағымының
негізгі идеясына да жуықтайды. Себебі, ойшыл тек дін емес, ғылыми білімді
де сол дәуір үшін барынша толықтай меңгерген адам. Ол – ғылым мен дін
арасында айтарлықтай қайшылықты туындатпаса да, екеуінің түйісер тұсында
көп жағдайда ғылым мен білімге қарай бұрылып кетеді. Ислам дінінің
қағидаттары мен ұстанымдарын тұтастай ғылыми ағартушылыққа қарай ойыстырып
отырады. 
Айта кететін жайт, бүгінгі таңда орта ғасырдағы мұсылман әлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары
Ш.Жәңгіровтың мен Ғ.Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ. Қараштың ізденіс жылдары жайлы
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары жайлы мәлімет
Әсет Найманбаев шығармашылығының көркемдігі
Мақыш қалтайұлы жайлы
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Пәндер