Ауески ауруы. Шошқа лептоспирозы жайлы



1.Ауески ауруы. Қоздырушысы . Патанатомиялық өзегрістер.
2. шошқа лептоспирозы, қоздырушысы.
Ауески ауруы (Morbus Aujesztcy, болезнь Ауески) - жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышыма белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902 ж сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы А. Ауески. Біраз елдерде бұдан бұрын да белгілі болған, ал 1930 жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылыгына тигізер зияны айтарлықтай. Әсіресе торайлар өте сезімтал, 80-90%-ға дейін қырылады. Ересек шошқалар төзімді, ал басқа жануарлардың жасы да, ересегі де, әдетте өліп қалады. Ауырып жазылған шошқаның өсуі баяулап, асыл тұқымды жануарлар құнын жояды. Карантин мен басқа да шаралар шаруашылыққа зор зиян келтіреді.
Қоздырушысы - Suid herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастыгына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.
Жетілген вириондары 180-190 нм, липопротеидгі қабығы бар. Барлық ауыл- шаруашылық малдары, терісі бағалы аңдар, жабайы жануарлар мен кемірушілер үшін зардапты. Қолдан жұқтыруға үй қояны өте сезімтал, сондықтан оны балау үшін биосынамаға пайдаланады. Табиғатта уыттылығы әр түрлі штаммдары кездескенімен бұл вирус антигендік қасиеті жағынан біркелкі.
Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатын- дар: шошқа, ит, мысық және синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы аңдар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Кей жағдайда адам да ауырады. Барлық жануарлардың жас төлдерінің, әсіресе торайлардың ересектерімен салыстырғанда ауруға бейімділігі өте жоғары.
1. Сайдулдин Т.С. Індеттанужәнежануарлардыңжұқпалыаурулары. - Алматы, «Полиграфия-сервис и Кº», 2009, 516 б.
2. Смирнова Н.И. Руководство к практическим занятиям по ветеринарной микробиологии. – Минск, 1977, 187 с.
3. Стоянова Н.А., Дайтер А.Б. Лептоспироз в вопросах и ответах.- Санкт-Петербург, 1991, 34 с.
4. Тимаков В.Д. и др. Микробиология.– М., «Медицина», 1980, 351 с.
5. Томеску В., Гаврилэ И., Гаврилэ Д. Зоонозы. Болезни животных, передающиеся человеку /перевод с рум. Л.Х.Левенгуля/ - М.: Колос, 1982, 319 б.
6. Толысбаев Б.Т., Бияшев К.Б. Микробиология және иммунология. Алматы, Нур-принт, 2008,- 493 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ауески ауруы. Шошқа лептоспирозы.

Орындаған: Қатренова Г.М
Тексерген: Нуркенова М.К.

Семей қаласы 2015

Жоспар
1. Ауески ауруы. Қоздырушысы . Патанатомиялық өзегрістер.
2. шошқа лептоспирозы, қоздырушысы.

Ауески ауруы (Morbus Aujesztcy, болезнь Ауески) - жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышыма белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902 ж сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы А. Ауески. Біраз елдерде бұдан бұрын да белгілі болған, ал 1930 жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылыгына тигізер зияны айтарлықтай. Әсіресе торайлар өте сезімтал, 80-90%-ға дейін қырылады. Ересек шошқалар төзімді, ал басқа жануарлардың жасы да, ересегі де, әдетте өліп қалады. Ауырып жазылған шошқаның өсуі баяулап, асыл тұқымды жануарлар құнын жояды. Карантин мен басқа да шаралар шаруашылыққа зор зиян келтіреді.
Қоздырушысы - Suid herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастыгына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.
Жетілген вириондары 180-190 нм, липопротеидгі қабығы бар. Барлық ауыл- шаруашылық малдары, терісі бағалы аңдар, жабайы жануарлар мен кемірушілер үшін зардапты. Қолдан жұқтыруға үй қояны өте сезімтал, сондықтан оны балау үшін биосынамаға пайдаланады. Табиғатта уыттылығы әр түрлі штаммдары кездескенімен бұл вирус антигендік қасиеті жағынан біркелкі.
Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатын- дар: шошқа, ит, мысық және синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы аңдар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Кей жағдайда адам да ауырады. Барлық жануарлардың жас төлдерінің, әсіресе торайлардың ересектерімен салыстырғанда ауруға бейімділігі өте жоғары.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар вирусты тұмсығынан, көзінен, қынаптан аққан сұйықтықтармен, несеппен және сүтпен бірге бөліп шығарады. Бұл ауру сиыр, қой, ешкі, ит, мысықта өте ауыр өтеді де, әдетте ауырған жануар өледі. Сондықтан да олардың арасында вирус алып жүру орын алмайды да, індеттің қаулауы одан ары өрбімей тез өліп қалады. Шошқа мен синантропты кемірушілер жеңіл ауырады. Жазылып кеткеннен соң ұзақ уақыт бойы шошқа 2-3 жылға дейін, кемірушілер бірнеше ай бойы вирус алып жүреді. Сондықтан олардың инфекция қоздырушысының бастауы ретінде ауру таратудағы маңызы зор.
Вирустың денеге ену жолына, жануарлардың түр және жас ерекшеліктеріне қарай дерттің дамуы әр түрлі өтеді.
Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары арқылы енгенде вирус инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез, ал басқа жануарларда баяу көбейеді. Аз уақыттан кейін ол жүйке мен сөл жолдары арқылы миға жетеді де, вирустың көбеюі ми мен оның қабықгарының жіті қабынуына әкеп соғады. Бұндай жағдай жануарларда, әсіресе ет қоректілерде сонымен қатар торайларда энцефаломиелиттің клиникалық белгілері білінеді.
Тері арқылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп, гематогендік және лимфогендік жолмен денеге тарағанымен миды онша зақымдай қоймайды. Вирустың пантроптылығы әсіресе шошқада байқалады да, соның нәтижесінде қоздырушы барлық ішкі ағзаларда жиналып, жүйкені зақымдаумен қатар өте ауыр септицемия тудырады. Оның нәтижесінде дененің ыстығы көтеріліп, әртүрлі ағзаларда домбығу мен қанталау (геморрагиялық диатез) байқалады. Аурудың нәтижесінде минеральдық заттар белок және көмірсу алмасуы бұзылады, орталық жүйке жүйесі мен теріде ацетилхолин мен гистаминнің мөлшері өзгереді де, дене қышынады (гиперестезия). Дерт процесі тыныс және ас қорыту жүйесін қамтығанда өкпе домбығып, пневмония байқалады, іш өтеді.

Патанатомиялық өзгерістер. Шошқа, күзен және бұлғыннан бас- қа өлген жануарлардың денесінде үйкелген жерлерінің жүні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауески ауруы. Шошқа лептоспирозы
Ауески және лептоспироз аурулары
Вакцина егу профилактикасы
Ауру қоздырушысы стирохет тұқымдастарына жататын leptospira түрінің патогендік микроорганизмдері
Аурудын дамуы мен сыртқы белгілері
Лептоспироз туралы мәліметтер
Лептоспироз індетінің эпизотологиялық ахуалы
Лептоспироздың экпресс - диагностикасына проф Б. К. Ильясовтың толық емес гемагглютинация тестісін қолдану
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Пәндер