П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін кезең бойынша қалыптастыру теориясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
МӨЖ №12
Тақырыбы: П. Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетін кезең бойынша қалыптастыру теориясы
Оқытушы: Кулмышева Н. А. п. ғ. к.
Магистрант: Өмірбек А. Ө
6М010300 “Педагогика және психология"
Семей 2015
П. Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекеттін кезең бойынша қалыптастыру теориясы
Жоспар:
1. П. Я. Гальперин өмірі
2. Гальпериннің ақыл-ой әркеттін кезең бойынша қалыптастыру теориясы
Гальперин Пётр Яковлевич (1902-1988) - психолог, Ресей Федерациясы ғылымының еңбегі сіңірген қайраткері (1980) . Пед. ғ. д-ры (1965), проф. (1966) . Ақыл-ой әрекеттерін саты-сатымен қалыптастыру теориясын ұсынды, Гальперин пікірінше, ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру процесі 5 сатыдан өтеді.
Гальперин П. Я. (1902-1988) - Харьковтағы психологтар мектебінің мүшесі, ақыл-ой әрекетін жоспарлап қалыптастыру деген айрықша теорияның және психология пәнінің мәселесін диалектикалық - материалистік рухта шешуде субъект іс - әрекетінің бағдарлылығы ілімінің авторы. Гальперин теориясы педагогикалық психологияда, ересектерді оқыту психологиясында, педагогикалық төмендеп кеткен балаларды, интеллектің дамуын психодиагностикалауда кең өрісті қолданылады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Гальперин іс-әрекеттік қатынас идеясын басшылыққа ала жараланғандардың қимыл-қозғалысын қайта қалпына келтірумен айналысқан. Гальпериннің біраз еңбектері нұсқа, зейін, инстинктер, психология тарихы т. б. сол сияқты бағыттарға арналған. Негізгі еңбектері: "Әрекеттің ақыл-ойлығы және ғылым пәні" (1974), "Психологияға кіріспе" (1976), т. б.
П. Я. Гальперин оқытудың алдына мүлдем жаңа міндеттер қойды: қалыптасатын кез-келген әрекетті олардың қалыптасуға тиісті қасиеттерінің жиынтығымен баяндау; әрекеттердің дұрыстығын басқару және қателердің алдын алу үшін қажетті және жеткілікті бағдарлар жүйесін әзірлеу. П. Я. Гальперин меңгерілетін пәндік әрекетті екі бөлікке бөлген: оны түсіне білу және оны орындай алу білігі. Бірінші бөлік бағдарлану рөлін ойнайды да бағдарланушылық деп аталады, екіншісі - орындаушылық деп аталады. П. Я. Гальперин бағдарланушы бөлікке ерекше мән берген, оны «басқарушы инстанция» деп санаған, соңынан оны «штурман картасы» деп атаған. П. Я. Гальпериннің және оның шәкірттерінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде:
« …а. Әрекеттермен бірге сезімдік бейнелер мен осы әрекеттердің пәні туралы ұғымдар қалыптасады. Әрекеттердің, бейнелер мен ұғымдардың қалыптасуы бір процестің екі әртүрлі жақтарын құрайды. Сонымен қатар, әрекеттер схемасы мен пәндер схемасы көбінде бір-бірін алмастыра алады, пәннің белгілі қасиеттері әрекеттің белгілі әдістерін анықтай бастайды, ал әрекеттің әрбір буынының соңында оның пәнінің белгілі қасиеттері бар деп саналады.
б. Ақыл-ой жағы идеалды жақтардың біреуін ғана құрастырады. Қабылдау жағы басқа. Жеке адам әрекетінің үшінші дербес жағы болып сөйлеу жағы бола алуы мүмкін. Қалай алсаңыз да ақыл-ой еңбектік жағы тек әрекеттің сөйлеу формасының негізінде пайда болады.
в. Әрекет идеалды жаққа немесе толығымен немесе өзінің бағыттану бөлігінде ғана көшіріледі. Осы соңғы жағдайда әрекеттің орындаушылық бөлігі материалдық жақта қалады да және бағдарланушы бөлікпен бірге өзгере отырып, ең соңында қозғалыс дағдысына айналады.
г. Әрекеттің идеалды жаққа, атап айтқанда ақыл-ой жағына көшуі оның пәндік мазмұнының осы әрбір жақтардың құралы арқылы бейнеленуі арқылы беріледі және әрекет формаларының көпретті, тізбекті түрде өзгеруімен көрінеді.
д. Әрекеттің ақыл-ой жағына көшуі, интериоризациялауы оның өзгеруінің тек бір ғана бағытын құрастырады. Басқа, сөзсіз болатын және маңыздылығы одан төмен емес ағымдар өзгерістер құрайды: әрекеттер буынының толықтығын, оларды бөлу өлшемдері, оларды меңгеру өлшемдері, қарқыны мен күштік көрсеткіштердің ырғағы. Бұл өзгерістер біріншіден, кері байланыстың формасы мен орындалу әдісінің ауысуымын, екіншіден, қол жеткізілген әрекеттің сапасын анықтайды. Осы өзгерістердің біріншілері идеалды орындалған әрекеттерді бірдемеге тап қылады, ол барып өзін-өзі байқауда психикалық процесс ретінде ашылады; екіншілері әрекеттің иімділік, ақыл-парасаттылық, саналылық, сындарлық сияқты қасиеттерін қалыптастыруды басқаруға мүмкіндік береді».
П. Я. Гальперин орындалатын әрекеттердің негізгі сипаттамасы ақыл-парасаттылық деп санаған. Байқап көру және қателесу типі бойынша дәстүрлі оқытумен салыстырғанда П. Я. Гальперин екінші, әсіресе үшінші оқыту типінің басымды жақтарын негіздемеледі, онда оқушы әрекетінің толық бағыттану негізі жүзеге асырылады.
Берілген теория Н. Ф. Талызинаның әзірлеген басқару теориясы позициясынан басқару бағдарламасы ретіндегі оқыту процесін бағдарламалаудың іргетасы болды және П. Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетін жоспарлы қалыптастыру туралы теориясының негізінде Н. Ф. Талызина оқу процесін бағдарламалаудың жаңа бағытының негізгі элементтерін дайындайды. Оның мақсаты - оқушылардың танымдық әрекетінің бастапқы деңгейін анықтау; жаңа қалыптасушы танымдық әрекеттерді анықтау; оқыту мазмұнынын ақыл-ой әрекеттерінің жүйесі ретінде анықтау; бағыттанудың үшінші типі бойынша ауқымды көлемде білім игерудің жалпыланған құралдары ретінде құралдарын анықтау, яғни меңгерудің негізгі бес сатысын анықтау, оның әрбіреуінде әрекеттерге өзіндік талаптар қойылады; әрекеттің алгоритмін әзірлеу (ұсынымдар жүйесі) ; кері байланыс және оның негізінде үйрету процесін реттеу.
Бағдарламалаудың осы бағытын жүзеге асыру үшін әрекеттердің жалпы сипаттамасы маңызды болып саналады: формасы бойынша (материалдық, сөйлеуден тыс, «ішінен сөйлеу», ақыл-ойлық) ; жалпылану дәрежесі бойынша; толық баяндалуы бойынша, әрекеттерді меңгеру сатысы бойынша және ол дайын түрде беріле ме немесе өз бетімен игеріле ме. Әрекетте бағыттанушылық, орындаушылық және бақылаушылық функциялар ажыратылады. Н. Ф. Талызинаға сәйкес, « адамның кез-келген әрекеті басқарудың микрожүйесі болып табылады, оған «басқарушы орган» (әрекеттің бағыттанушы бөлігі), атқарушы, «жұмыс органы» (әрекеттің атқарушылық бөлігі), қадағалаушы және салыстырушы механизм (әрекеттің бақылаушы бөлігі) » [208, 66 б. ] . Ақыл-ой әрекеттерін қалыптастырудың орталық буыны оның бағыттанушы негізі болып табылады, ол толыққандылығымен, жалпылануы мен әрекетті өз бетімен меңгерудің дәрежесімен сипатталады. Әрекеттердің бағыттанушы негізінің үшінші типі, толыққандылық оптиумымен, жалпылануымен, өз беттілігімен ерекшеленіп, ақыл-ой әрекеттерінің аса тиімді қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқытудағы қолданылып жүрген тәсілдерді өзара салыстыра келе, Н. Ф. Талызина бағдарламалаудың бихевиористік теориясымен салыстырғанда ой-еңбегі әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы «аса тиімді құрылымды бағдарламалайды және құрады (танымдық әрекеттер жүйесі) » дейді. Бұл адамның дамуын шын мәнінде басқару. Сол уақытта, С. Д. Смирнов бұл «оқытуға біртіндеп кірісу әрекетін жүзеге асырудың» үлгісі болып табылады дейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Колесников В. Н. Лекции по психологии индивидуальности. М. : 1996.
- Фрейд З. Основные психологические теории в психоанализе. СПб: 1998.
- Юнг К. Современный психоанализ. М. : 1997.
- Фресс П., Пиаже Ж. Экспериментальная психология. М. : 1972.
- Гарбузов В. И. Практическая психотерапия. М. : 2004.
- Андреева Г. М. Социальная психология. М. : 1980.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
МӨЖ №13
Тақырыбы: Еңбек - адам әрекетінің тарихи алғашқы түрі ретінде
Оқытушы: Кулмышева Н. А. п. ғ. к.
Магистрант: Өмірбек А. Ө
6М010300 “Педагогика және психология"
Семей 2015
Еңбек-адам әрекетінің тарихи алғашқы түрі ретінде
Жоспар:
- Еңбек туралы түсінік
- Еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
- Е. А. Климов ұсынған «Мамандықтардың төрт қабатты жіктеуі»
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі - еңбек болып табылады. Ал еңбек әрекетіне араласқан адамның басты ерекшеліктерінің бірі - оның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет - адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті - күрделі құбылыс. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттердің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.
Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың еңбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды, сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның еңбекке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуына бейімделуінен көрінеді. Олай болса адамның еңбек әрекетіне араласуының басты көрсеткіші оның кәсіби бейімделуімен байланысты. «Кәсіби бейімделу» - бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Оның алғашқы кезеңі өндірістік тәжірибе кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады.
Мамандық таңдау мәселесі туралы отандық ғалым Ж. Аймауытов: « . . . қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс» - деп ерекше сипаттама берген.
Ал Ф. Парсонс мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керектігін ескертеді.
Еңбек үстінде адам қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын қалыптастырады. Еңбек ету барысында өзіне-өзі қызмет ету қабілеті, тәжірибелік іскерлігі, дербестігі, икемділігі, қарым-қатынас ережелері, ынтасы мен тапқырлығы шыңдала түседі.
Психологияда іс-әрекеттің жетекші түрі деген ұғым бар. Белгілі бір жас кезеңіндегі бала психикасында, оның психикалық үрдістерінде және тұлғаның психикалық қасиеттерінде басты, маңызды өзгерістер тудыратын іс-әрекет түрін жетекші дейміз.
Еңбек мәселесін психология ғылымында оның еңбек психологиясы атты саласы қарастырады. Еңбек психологиясы - еңбек іс-әрекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясының обьектісі - индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларындағы әрекеті. Еңбек психологиясының негіздері медицинаның, физиологияның, техниканың, социология мен саяси экономиканың ықпал әсерімен қалыптасты. Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты-басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, өмірлік жағдайларды жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу міндеттерімен тығыз байланысты.
Еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері төмендегі мәселелер қарастырады:
1. кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінің психологиялық ерекшеліктері (оның құралы, жағдайы, мазмұны ұйымдасытырлуы, қателер талдауы, мамандықтың жіктелінуі және тб. ) ;
2. еңбектің қауіпсізідігіне, сенімділігіне, құндылығына адамның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы;
3. адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасуының психологиялық заңдылықтары (еңбекке кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу, кәсіби дайындық, бейімделу ) ;
4. еңбек субьектісінің қызметтік жағдайы (зорығу, эмоциялық қысым, стресс және тб) ;
5. адам мен техниканың өзара қатынасының психологиялық заңдылықтары;
6. жаңа техниканы эксплуатациялау және құрастыру процесіндегі инженерлік-психологиялық қамтасыздық (жоба, бағалау) .
Тұлғаның мамандық таңдау мен мамандыққа бағдарлануы туралы В. Д. Шадриков, Т. В. Кудрявцев, К. А. Абульханова-Славская, Ю. П. Поваренокв, Е. А. Климов еңбектерінде қарастырылған. Еңбек әрекетінің өзіндік құрылымы еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Ал еңбектің өнімділігі сол еңбек етуші субьектілердің білімі, жағдайы, еңбектегі қатынасы, еңбектің ұйымдастырылуына және тб. байланысты. Адамның психикалық өмірінің жан - жақты дамуы белгілі әрекетпен байланысты. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс - әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор.
Е. А. Климов көп жақты факторларға негізделіп «Мамандықтардың төрт қабатты жіктеуін» ұсынды. Бірінші қабаты мамандық типтеріне байланысты бес жүйеден құралған:
1. адам - тірі табиғат - агроном, микробиолог және тб. ;
2. адам - техника - слесарь, механик, оператор, тб. ;
3. адам-адам - дәрігер, мұғалім, сатушы және тб. ;
4. адам -белгі жүйесі - математик, редактор және тб. ;
5. адам - көркемдік бейне - дирижор, суретші, артист және тб.
Екінші қабаты еңбектің мақсатына сай үш түрлі класқа топталған:
1. гностикалық мамандық ( грекше - білім) - дегустатор, контролер, социолог тб. ;
2. көркемделуші мамандық - малшы-шебер, токарь, мұғалім, бухгалтер тб. ;
3. ізденуші мамандық - бақылаушы-ұшқыш, инженер-конструктор, тәрбиеші тб.
Үшінші қабатта еңбектің негігі құралдары арқылы жоғарыдағы мамандықтар бөлінеді:
1. қол еңбек мамандығы;
2. қол-машина еңбек мамандығы;
3. автоматтандырылған және автоматты жүйедегі мамандықтар.
4. еңбектің қызметтік құралдарымен байланысты мамандық;
Төртінші қабатта еңбек жағдайының белгілері бойынша топтастырылады:
1. бірқалыпты микроклиматты бөлмедегі жұмыс - зертханашы, есепші тб. ;
2. ашық ауаудағы жұмыс - агроном, инспектор, тб. ;
3. ерекше жағдайдағы жұмыс - шахтер, өрт сөндіруші тб. ;
4. жоғары жауапкершілікті қажет ететін жұмыс - тәрбиеші, мұғалім, дәрігер.
Кәсіби іс-әрекет мотивтерінің құрылымына мінездеме беру үшін Б. Н. Додонов ұсыныстарын қолдануға болады. Кез келген іс-әрекеттің төменде көрсетілген факторлар жиынтығы - оның себептері бола алады. Олар мыналар:
1. іс-әрекеттің жүру барысынан рахат алу, қанағаттану;
2. іс-әрекеттен өнім немесе қорытынды алу (жасайтын өнім, білім, тәжірибе жинақтау және тб. ) ;
3. іс-әрекет үшін марапатталу (жалақы, қызметінің жоғарлауы, табысқа жету және тб. ) ;
4. іс-әрекеттен ауытқу және оны дұрыс орындамау жағдайында болатын шаралардан аулақ болуға ұмтылу, жауапқа тартылуды болдырмау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz