Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу

Орындаған Сембаев М. О.

Тексерген: Ахметжанов О. Н.

Семей 2015

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Тақия қарын
  2. Зонд арқылы тақия қарынды емдеу
  3. Зондты енгізу тәсілі
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қарын (лат. ventriculus -, гр gaster - қарын) - ас қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын - бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді.

Сиырдың қарны көпбөлімді қарын қатарына жатады . Қарын қоректің қорын жинайды, оны механикалық өңдеуден өткiзiп, ас қорыту жолының артқы жақ бөлiгiне жылжытады; қорекке асқазан сөлi әсер етiп, химиялық өңдеу өтедi; анемияға қарсы себепшарттар секрециясы жүредi, ол қоректен В12 витаминiн сiңiруге мүмкiндiк туғызады; түрлi заттарды сiңiредi (су, тұз, қант, басқа) ; сыртқа заттек алмасу өнiмдерiн кiлегейлi қабық арқылы шығарады (ол бүйрек жеткiлiксiздiгiнде күшейедi) ; қарын эндокриндi қызмет атқарады-бiрталай гормондарды, биологиялық белсендi заттарды өндiредi. өз кезегінде: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар бөлімдерінен құралған. Бұлардың алдыңғы үшеуінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал ұлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Ұлтабар - безді қарын. Қарындағы азық механикалық және биологиялық өңдеулерден өтіп, химиялық жолмен қорытылады. Қарындағы биологиялық өңдеу нәтижесінде түзілген газ тәрізді және кейбір ерітінді заттар алдыңғы қарын бөлімдерінің қабырғалары арқылы-ақ қан және лимфа тамырларына сіңіріле бастайды.

Негізгі бөлім

Зонд (французша: sonde) - медициналық құрал. Зондты қолдану арқылы іш қуысын, қуыс органдарды, ішкі жараны т. б. зерттеп, емдейді. Зонд қай органға қолданылуына қарай металдан (күміс, болат) не жұмсақ серпімді заттан, әр түрлі пішінде жасалады. Асқазанды жуып-шаюға қолданады. Зондпен жараның тереңдігін, көлемін, т. б. анықтап, қарын сөлін, өт алады.

Зонд енгізу- диагностикалық немесе емдеу мақсатында қуысты мүшелерге арнайы құрал зондты енгізу болып табылады. Диагностикалық және емдік дәрілерді жібереді. Хирургияда зондтар көмегімем жараның бар жоғын, болса аймағын, бағытын, қарынның беткейін қарап, бөгде заттардың бар жоғын анықтайды. Зонд көмегімен асқазанды газдардан босатып, уланған кезде шаяды, қалдық азықтардан, бөгде заттардан босатады, дәрілік заттар енгізеді. Зондты енгізбес бұрын оны жуып, 3%-дық карбол қышқылының ерітіндісімен дезинфекциялайды. Резинкалы зонды вазелинмен майлайды. Тіндерді зақымдамас үшін зондты күш салмай енгізу қажет. Ірі қара малдар мен жылқыларға зонд енгізгенде олардың мұрын қуысының краниальды бөлігіндегі қалташалы қатпарларды ескеру керек, себебі зондтың ұшы сол жерге тұрып қалуы мүмкін. Жылқыларға зондты мұрын қуысының төменгі бөлігімен енгізеді.

Жарақатты ретикулит. Тақия қарынның жарақаттануы бөгде заттардан(металл, шыны, сүйек) болады. Жарақат орны қабынады, температурасы көтеріледі, қан құрамы өзгереді. Бұл бөгде заттар қарынды, диафрагманы және соның маңайындағы органдарды -жүректі, өкпені жарақаттануы немесе тесуі мүмкін. Осындай кезде тақия қарыннан бөгде заттарды шығаруға зонд енгізеді.

Көптеген сүтті сиырларда (55-87%) тақия қарында темір заттардың бар екендігі белгілі болады. Нәтижесінде ол қабынуды- ретикулитті тудырады. Асқазан жиырылған кезде, егер үкір заттар болса, олар асқазанның өзін, құрсақ қуысындағы (бауыр, диафрагма, ішек), кеуде қуысындағы (жүрек, өкпе) көршілес ағзаларды да зақымдайды.

Тақия қарынның жарақатты ауруының басты этиологиялық факторы болып жайылымдағы, азықтағы темірлерден бітелуі.

Темір заттарды тақия қарыннан табу үшін темір индикатор Метокс 351 қолданылады. Құралды тақия қарын аймағына жақындатып, дыбыстық, жарықтық индикаторлар көмегімен бөгде заттардың бар жоғын анықтаған.

Бөгде темір затты шығару үшін магнитті зондты қолданған. Зонд енгізбестен 1 күн бұрын малды аш қалдырады, бірақ су беруді тоқтатпайды, 1, 5-2 литр су шамасында. Су берудің мақсаты зонд сумен қоса жақсы жұтылып, әлі қарай өтуі үшін. Магнитті ұшы бар зондты тақия қарында 20 мин ұстап, алып шыққан.

Зондты енгізу тәсілі:

Ірі қараға зондтты ауыз кергіш арқылы енгізеді. Ірі қара үшін ағаштан жасалған зондтты қолданылады. Зондтты мал тұрып тұрған кезде енгізеді және енгізбес бұрын мүйізінен екінші адам ұстап тұру қажет, екінші адамның ненізгі жұмысы басты жоғары қаратып ұстап тұру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы ақпарат
Зонд. Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы мәлімет
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу. Зонтты қолдану ережелері
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы мәлімет
Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары
Күйіс қайтаратын малдың қарындарының аурулары
Жануарлардың ішкі аурулары кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz