Акциз салығын есептеу механизмі және төлену тәртібі жайлы мәлімет


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: А кциз салығын есептеу механизмі және төлену тәртібі

Орындаған: Базарбаева А. Б

Топ: ЭН-301

Тексерген: Акишева Д. М

Семей 2015 жыл

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны
2. 2 Акциздер және оның Қазақстан Республикасы салық жұйесіндегі орны

2. 3 Акциз салығының механизмі және төлену тәртібі
ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазқстан халқы үшін ең актуалды мәселелелердің бірі болып Республикамыздағы салық жұйесін нарықтық экономика талаптары мен халықаралық стандарттарға сай келтіру болып тұр. Салық жұйесі кәсіпорындармен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеудің маңызды құралы болғандықтан, қазіргі уақыт салық салынатын ұлттық табыстың өсуімен сипатталады.
Салық - мемлекеттік ұлттық табыстың бір бөлігі, ол өзіндік айналымға ие болып келе жатыр. Ол мемлекеттің рөлі мен қайта құрылған құнның бөлінуіне қаншалықты кірісетіндігін көрсетеді. Салықтың өндіріс процесі мен капитал айналымына әсерін анықтау үшін, салықтың ұлттық табыс қана емес ішкі жалпы сатылымдағы да орнын білу қажет, сонымен бірге салықтың айналу процесімен өнімнің жалпы қайта құрылуын байланыстыру керек.
Салық нарық экономикасына тән құбылыс және ол оның элементі. Кез - келген елде салық салу белгілі қағидаларға негізделуі керек, олар салық саласына негіз салған идеялар мен қағидалар. Қай уақытта болмасын бұл қағидалар халықтың ерекше назарына ие болған, өйткені оларға елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайымен азаматтардың тыңыштығы тәуелді. Оқымыстылармен мемлекеттік қызметкерлер негізгі ретінде тұрлі қағидаларды бөліп шығарады. Адамзаттың мыңдаған жылдар тарихында, салықты қолдану бойынша жиналған тәжірибесі көрсеткендей салық, барлық елдердің дамуына әсер етті. Соңғы жарты ғасыр ішінде жүргізілген зерттеулер, қазіргі салық салу жұйесінің ғылыми негізделген және универсалды қағидаларын құруға мүмкіндік берді.
Осылайша өткен ұрпақтардың қателіктері мен кемшіліктері ескеріле отырып, көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер шешілді, мемлекеттің реттейтін, халықаралық қауымдастықпен біріккен және әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика құрылды, салық ауыртпалығы мен қоғам қажеттіліктерінің пропорциясы да жақсара тұсті, мұнда мемлекеттің мұқтаждығы да жеке және коллективті салық төлеушілердің мұмкіншіліктері де ескерілді. Салық салудың осы негізгі қағидалары 1995 ж. 1 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Салық Және Бюджетке Төленетін Басқа да Міндетті Төлемдер» туралы жарлығында өз орнын тапты.
Негізгі қағидалардың қатарына ең алдымен мыналарды енгізу қажет:
1. Қандай да болмасын салық реформасын халық қолдамаса ол жұзеге аспайды, сондықтан ол әділ болуы керек және халық оны әділ деп тұсінуі керек.
2. Салық төлеушілердің барлық табыстары, қандай жолмен табылғаны мен жұмсалғанынан тәуелсіз, салықпен салынуы біркелкі болуы тиіс, яғни горизонтальді теңдік қағидасының сақталуын қамтамасыз ету қажет.
3. Вертикальді теңдік қағидасы бойынша, салық заңнамасы барлық салық төлеушілердің міндеттері мен құқықтарын, олардың табысы мен қоғамдағы орнына қарамастан тең ғылуы тиіс.
4. Салық заңнамасы максималды тұрде қарапайым жазылуы тиіс, яғни кез - келген салық төлеуші оны еркін қабылдап оңай орындауы тиіс. Егер ол шамадан тыс үлкен және қиын болатын болса онда ол салық әкімшілігінің де жұмсысын қиындата тұседі.
Салық салудың бұл қағидалары орындалуы үшін, салық төлеушілер мен акциз салығының объектілерін толық және өз уақытылы есептелуін қамтамасыз ету, акциз салығының бюджетке толық және уақытылы түсуін қадағалаудың тиімді нысандары мен әдістерін қолдану керек. Осыған байланысты осы дипломдық жұмыстың тақырыбы актуалды болып табылады.

А кциз салығын есептеу механизмі

Қазіргі таңдағы салық жұйесінің қиындығы, оның тез өзгергіштігі коммерциялық кәсіпорындардың, қаржы жағдайына жауапты бухгалтерлер мен қаржы қызметкерлерінің көз алмай бақылап отыруларын керек ететіндігінде.
Салық жалпы қоғамдық өнімнің, ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, өндірістің дамуы мақсатында және мемлекет пен халықтың тұрлі қажеттіліктері мақсатында бөлінуіне және қайта бөлінуіне байланысты экономикалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан олар мемлекет пен шаруашылық жұргізуші субъектілер және халық арасындағы қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.
Салық салу механизмі, қандайда экономикалық жүйеде болмасын күрделі болып келеді. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі, оның тиімділігінен әлеуметтік және экономикалық саясаттың жүзеге асуы тәуелді.
Салық салу теориясындағы ең қиын мәселе бұл салықты аудару мәселесі.
Соның арасында, салық саясатындағы мемлекеттік биліктің барлық топшыламасын жоққа шығара алатындықтан, бұл мәселенің тәжірибелік маңызы зор. Салықты аудару тек қана белгілі жағдайларда ғана жүзеге асады. Алдымен, салық төлеу нарықтық операциялармен байланысты болғанда - сату, сатып алу, жалға беру. Бұнда, салық төлеуші, нарық операцисын салықпен байланыстырып, бағаны салық көлеміне өсіреді. Ал, акцизделген тауар өндіруші, бұл тауарды сатқанда бағаға акциз соммасын қосып оны сатып алушыға жүктеуге тырысады.

Қазақстан Республикасында акциз «Салық және Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер» туралы заң және №36 «Акциз салығын есептеу және төлеу тәртібі» туралы нұсқаулама негізінде өндіріледі.
Акциз тауарға салынатын, өнім бағасына қосылатын жанама салық болып табылады. Акциз Қазақстанда жасалған және Қазақстанға импортталатын тауарларға және ойын бизнесіне салынады. Экспортталатын акциздік тауарлар акцизделмейді, тек қана егер тауар өндіруші тауардың экспортқа кететінін растайтын болса, алайда бұл, Қазақстан қатысқан халықаралық келісімдерге қайшы келмесе. Акцизделетін тауарды экспортқа шығарарда, тауардың иесі төлеген акциз, оның осы салық тұрі бойыкша болашақ төлемдер шотына алынады немесе салық органының ол берген өтінішін алғаннан кейін 60 күн ішінде қайтарылып береді. Бұл тәртіп тауар иесінің акциз төлегенін және тауардың экспортқа кеткенін растайтын құжаты бар болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Акциз жиналымынының толықтығын қамтамасыз ету үшін және акцизделетін кейбір тауарлардың заңсыз енгзілуі, өндірілуі мен сатылуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының үкіметі акцизделетін тауарларды акциз маркаларының жаңа түрімен таңбалануы керек деген үкім шығарды. Бұған отандық тауар өндірушілер мен шетел тауарын импорттаушы тұлғалар жауапты деп тапты. Сонымен бірге акциз маркаларының жаңа түрлерін шығаратын кәсіпорын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Банкнот Фабрикасы болады деп шешті.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне қарасты Салық Комитеті мен Кеден Комитеттері отандық және шетелдік акцизделетін тауарларды акциз маркаларының жаңа түрімен таңбалау үшін, акциз маркаларының жаңа түрін жасап шығару жөнінде, Ұлттық Банктің айтылған Банкнот Фабрикасымен келісім шартқа отыруы керек. Келісім шарт бойынша Банкнот Фабрикасы алькогольдік өнімдердің акциз маркаларына міндетті тұрде жеті саннан тұратын реттік номері мен сериясын салуы тиіс және ол иридисценттік қағаздан жасап шығарылуы керек. Шарап және қатайтылған сусындардың акциз ставкаларының айырмасы мол болғандықтан олардың акциз маркалары әр түрлі болу керектігі де есепке алынды.

Әр мемлекет өзінің нақты тәуелсіздігіне, бір жағынан қоғамның бір қалыпты жан - жақты дамуын, халықтың әл - қуатын, ел қазынасына салықтық түсімдерді және мемлекеттің жалпы экономикалық жағдайының күшеюін қамтамасыз ететін, екінші жағынан шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметке деген ынтасын төмендетпейтін салық салу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акциз салығын есептеу механизмі және төлену тәртібі
«Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( syllabus)
Қосылған құнға салынатын салықтың теориялық негiздерi
Салықтардың мәні, объективті қажеттілігі, мазмұны және салық жүйесінің дамуы
Корпоративтік табыс салығы: алыну механизмі және жетілдіру мәселелері жөнінде
Қазақстан Республикасы салық жүйесі
Жанама салықтарды есептеу және төлеу механизмі және олардың бюджеттегі орны
Қосылған құнға салынатын салықтың жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы салық саясатының даму кезеңдері
Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz