Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

РЕФЕРАТ

Тақырып : «Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде ; Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты»

Орындаған:Нурмухамбетова. Ж. Қ

ФИ-311, 3-Курс.

Тексерген: Жумашбекова . С. К

Семей-2015

Мектеп - педагогикалық жүйе жəне басқару нысаны

Жоспары:

1. Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні

2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары

3. Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты

4. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және тарихы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі.

1. Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні

Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару əрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:

- мектеп түрі мен мақсаты;

- ақпараттық жабдықталуы( оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері, ата-аналар тапсырыстары) ;

- мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін) ;

- оқу жоспарының мектептік баламасы;

- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дəрісбаян-тəжірибелік, мектептің əрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық жəне т. б. ) ;

- оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тəртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында) ;

- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-əдістемелік, əлеуметтік-психологиялық) .

Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан- ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дəл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген, əрқилы əдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.

Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар - педагогикалық ұжым жəне оның басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В. А. Сластенин) . Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:

Бірінші деңгей- мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.

Екінші деңгей- мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.

Үшінші деңгей- оқу барысында жəне оқудан тыс білім-тəрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.

Төртінші деңгей- сыныптық жəне жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-субъектті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші - субъект ролін де атқарады.

Сатысына қарай əрбір басқару субъекті бір уақытта жоғары деңгейлі басқарудың объекті - нысаны болып есептеледі.

Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі- жалпы мектептік жəне сынып ұжымы; екіншісі- оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) жəне т. б. Педагогикалық жəне оқушылар ұжымдарының өзара бірлестік іс-əрекеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен жалпы білім беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.

2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары

Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:

- мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау) ;

- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ пен əр жылға жоспар түзу) ;

- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру жəне бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру) ;

- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру) ;

- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау) ;

- қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру) ;

- педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру) .

Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады: 1) ұйымдастыру- бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау жəне т. б. ) жəне 2) басқарушылар іс-əрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау) .

Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:

- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру) ;

- əкімшілік - ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т. б. ) ;

- психологиялық - педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру) ;

- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру) ;

- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау) .

Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.

Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік -психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі.

Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай - педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.

Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның ббарлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асрылып кедеді. Дегенмен, басқару- қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа боып табылады. Өйткені көп басқару қызметі орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тәртіп алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады. Қорыта айтқанда, 20 ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан- жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, 20- ғасырдың басындағы Нью- Ланардегі Робер Оуеннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірибесін ешбір бассшы өз тәжірибесінде қолданған емес. Басқаша айтқанда, соңгғы ғасырға дейін басқарудың ғылыми- әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.

Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредарик У. Тейлордың «Ғылыми басқакру қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой- саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизенсті жпандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай келе, мынада йтоқтамға келеді: «дәстүрл әдістің орнына - ғылымо, қарама- қарсылықтың орнына - үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау . . . »

Кең мағынасыда алғанда, басқару дегеніміз- қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғаттағы тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф. Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген:

  • тірі организмдерді (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;
  • қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері

«Техникалық жүйелердегі басқару дегеніміз» - адамның көрінеу қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен механизмдермен) басқару. Бұл жүйелермен техникалық ғылымдар айналысады.

«биологиялық жүйелерді басқару» - тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару. Ол басқару процесіне философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы- жаратылыстану ғылымы зерттейтін тақырып.

«Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару дегеніміз»- шын мәнінде келгенде адамдарды басқару. Қоғамның ең басты «өндіргіш күші» ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады. Зерттеу объекті - әлеуметтік- экономикаық жүйелер, ал пәні өндірісті басқару жүйесі болады. Француз экономисі, «саяси экономия» деген терминнің авторы Антуан Монкретьеннің ( шамамен 1575-1621) өзі де елдің шаруашылығын ең алдымен мемлекеттік басқару объектісі деп ойлаған болатын. Басқарудың бұл жағы әлеуметтік ғылымдар зерттейтін тақырып. Басты ерекшелігі басқарудың нысаналылығында, саналы көзқараста болып табылады.

Бұл жүйе саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік (әлеуметтік қатынастар) басқару болып бөлінеді - олар қоғам өмірінің тиісті салаларын көрсетеді.

Қоғам өмірінің осы салаларын негізге алғанда әлеуметтік басқару үш түрге: экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, қоғам өмірінің, рухани саласын басқару түрлеріне бөлінеді.

Әлеуметтік экономикалық процестердің өздері тұрақты және үздіксіз болғандықтан, экономиканы басқару үздіксіз сипатталады.

Бұл жүйенің факторлары: еңбек бөлінісі, мамандандыру, кооперация, қоғам өмірінің үздіксіздігі, нысаналылық.

Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.

Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:

  • Басқару дегеніміз жүйенің жаңа сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг) ;
  • Басқару - не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор) .

Басқа да бірқатар анықтамалар бар.

Жалпы қорытынды мынандай: басқарудың нақты тарихи және саяси сипатын барлық (басқару анқтымасының) авторлары атап көрсетеді. Оның нысаналылығы атап айтылады.

Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы еңбек бөлісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік экономикалық аспект), белгілі бір мақсатт іске асырумен байланысты.

Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрстеуд басқару буындарынан тұрады.

Бұл арада оларардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты обектісі сол. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын - ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды.

Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез- келген қызметінің басты белгісі - нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән.

Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы мынада: басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасайды.

Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шарушылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңтайлы енуі қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, басқарудың перспективалы мақсаттарының бірі оны кәсіпорындар мен аймақтар деңгейінде демократияландыруды одан әрі тереңдете түсуі тиіс.

Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері дербес ғылым болып табылады. Оны жеке ғылымға бөлу факторлары мыналар: а) басқарудың әлеуметтік маңызы; ә) эмпериктік білім жинақтау; б) ғылымды дамытудың материалдық мүмкіндіктері.

Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері үш бөліктен тұрады, олар ғылымның пәні, әдісі, теориясы.

«Басқарудың ғылыми негіздері» және «басқару теориясы» (ғылым) деген ұғымдарының ара жігін ажырата білуі керек.

Басқару теориясы басқару практикасында объективті заңдарды саналы пайдаланудың формаларын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен бір тұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын және басқарудың барлық бөліктерін тұтас етіп( белгілі жүйеге) интеграциялау заңдарын тұжырымдауға тиіс.

Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен қағидаларын зерттейді, ал сөздің тар мағынасында алғанда ол басшылық теориясы деп аталады. Екіші бөлігі басқару өнері деп аталады. Ол нақты тәжірибе негізінен алынған тәжірибелік қорытындылар арқылы басшылардың белгілі бір категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген жиынтығын қалптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі.

Басқару ғылымның пәні экономиканы басқару процесінде пайда болатын қызметкерлердің қатынасы болып табылады немесе басқа бір анықтамасы- басқару қатынасын басқару ғылымының пәні деп анықтауға болады.

Басқару қатынастары аса маңызды әлеуметтік - экономиклық категория болып табылады. Өндірісті басқару теориясында бұл категорияның ерекше орын алу себебі - оның зерттейтін пәні- басқару қатынастары болуына байланысты.

Басқару қатынастары мынандай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден басқарушы және басқарылушы жүйелер арсындағы, яғни тікелей басқару субъектісі мен тікелей өндіру объектісі арасындағы қатынастарға, екіншіден басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады:

а) басқару сатылары арасындабасқару аппаратының арасындағы қатынастар ( тік байланыстар) ;

ә) әрбір сатыны басқару буындарының арасында. б) басқарушы жүйенің әртүрлі сатыларындағы аттас функционалдық басқару буындары арасындағы қатнастар: мысалы министрліктің оспар- экономикалық бөлімі арасындағы қатынастар және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде
Мектеп педагогикалық жүйе, ғылыми басқару нысаны ретінде
Педагогикалық менеджмент
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін арттыруда менеджер тұлғасының рөлі
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидасы жайлы
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде.Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде. педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты туралы ақпарат
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны
Басқару құрылымының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz