Орман шаруашылығын жоспарлау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Орман шаруашылығын жоспарлау
Дайындаған: Сатмұхамбетов Ә. Б.
ЛД-211
Тексерген: доцент Тойкин С. Х
Семей
2015
Жоспар
Кіріспе
1. Орман ресурстарын ұтымды пайдалануды жоспарлау
2. Орман шаруашылығында өртке қарсы іс шараларды жоспарлау
Қортынды
Пайдаланган әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бiздiң елiмiздегi ормандар жүйесi негiзiнен, солтүстiк және шығыс аймақтарында шоғырланған орманның бiрнеше типтерi бар. Олар - сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. текше километр жерiн өсiмдiктер мен орман алып жатыр. Республикада ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негiзгi себептерi - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруi мен айнала қоршаған ортаның ластануы. Орманды қорғау бiздiң мiндетiмiз.
Орманның адам мен биосфера үшiн маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсiмдiк жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуiне ықпал етедi. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдердi қоректендiредi. Орман аң мен құстың мекенi, дәрi дәрмектiң өсiмдiктер мен жемiс-жидектердiң панасы әр қолайлы тiршiлiк ортасы болып табылады.
Ормандардың егiстiк алқаптарын қорғаудағы да рөлi зор. Орманды жерде топырақтың, су және жел эрозиясы болмайды. Ал, ормансыз жердiң топырағы кеуiп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшiн де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын да қасиетi бар. Мысалы: бiр гектар орман бiр күнде 220-280 кг. көмiр қышқыл газын сiңiрiп, 180-200 кг оттек бөлiп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.
Орман сонымен қатар денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендерi, т. б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес. Сирек өсiмдiктердiң қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесiп, отап, құрылыс материалы үшiн пайдалануды азайту керек. Қазiрдiң өзiнде Iле шыршасы, самырсын, шетен, ырғау, торанғыл, долана, шырғанақ, емен, т. б. ағаштары қорғауды қажет етiп отыр. Әсiресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты - жасанды жолмен орман қорын көбейту.
Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауiптi нәрсе - өрт. Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар - орман зиянкестерi, кемiрушiлер, ұсақ жәндiктер, өсiмдiк аурулар паразиттер, санырауқұлақтар мен вирустар. Зиянкестердiң кесiрiнен құрылыс материалдары үшiн дайындалатын ағаштардың 45 пайызы сапасыз болып шығады. Кей жылдары жүздеген гектар ормандағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келедi. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте қоршаған орта мен барлық тiрi ағзалар үшiн ұқыптылықты қажет етедi.
1. Орман ресурстарын ұтымды пайдалануды жоспарлау
Орманды пайдалануды тәртіптеу, ағаш ресурстарын ұтымды пайдалану, сақтау және қорғау, ағаш өсіруді жолға қойып, алынатын өнімді көбейту, халық шаруашылығы мен азаматтардың ағаш өнімдері жөніндегі қажетін өтеу көзделген. Су қорларын сақтауға, климатты жұмсартуға, санитарлық - тазалық пен денсаулыққа ағаштардың тигізетін әсерін толық пайдалану көрсетілген. Орманды пайдалануда заңдылықты кушейтуге назар аударылған.
Кодексте Қазақстандағы орман - тоғай, ағаш ресурстары мемлекет меншігі деп жарияланып, олардың тек пайдалануға берілетіні айтылған.
Ормандарды пайдалану түрлері мынадай:
- ағаш дайындау;
- ағаш түбірлерін қазып, артық бұтақтарды, тамырдан тараған жіңішке бұталарды кесу;
- ағаш қалдықтарын (қабықтарды, қираған бұтақтарды, шіріген түбірлерді т. б. ) жинау;
- ормандағы шөпті шауып, мал жаю, бал араларын орналастыру;
- ормандағы жабайы жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, емдік және техникалық - шикізатқа жарайтын өсімдіктерді жинау;
- ғылыми зерттеу жүмыстарын жүргізу;
- денсаулық сақтау және мәдениетті демалу қажеттеріне пайдалану;
- аң аулау үшін пайдалану.
Ормандарды пайдалану ережесін бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылып, тигізген зиянның орнын толтыруға міндетті.
Орманды пайдалану Ережесі мынадай жағдайларда бұзылған болып саналады:
- рұқсатсыз, өз бетімен ағаш кессе немесе ормандыбүлдірсе;
- қалдық сулармен, химиялық эаттармен, өндірісқалдықтарымен орманды ластаса;
- орман өсімдіктерін, көшеттерді, жас ағаштарды жұлса, қиратса;
- рұқсатсыз, өз бетімен мемлекеттік орман қорынажататын жерлерде қүрылыстар салса, мал бақса, шөп шапса;
- рұқсатсыз немесе билет сатып алмай жеміс, жидек, жаңғақ, саңыраукұлақ т. б. терсе;
- ормандағы белгілерді қиратса;
- ормандағы пайдалы жануарлар дүниесін жойса.
Орман қорғау кодексі ағаш ресурстарын ұтымды пайдалануды, жыл сайын кесуге жататын ағаш мөлшерін анықтап, ағаш пайдалану ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.
2. Орман шаруашылығында өртке қарсы іс шараларды жоспарлау
Өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптар 1. Орман иеленушілер және орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы іс-шаралардың жылдық жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлейді және оны іске асырады. Жоспар мынадай екі бөлімнен тұрады: 1) өртке қарсы алдын алу іс-шаралары; 2) орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру. 2. Жоспардың бірінші бөлімінде шекарасында орман пайдалануға берілген орман қоры учаскесі (учаскелері) орналасқан орман мекемесінің орман орналастыру материалдарына және ормандарды өртке қарсы орналастыру жоспарларына негізделген жұмыстардың нақты көлемдері мен оларды өткізу орындары көзделеді. Жоспарланатын іс-шаралар іс-әрекеттің дәйектілігін, бұрын орындалған жұмыстардың жалғастырылуын көздеуге және орман иеленушілер мен орман пайдаланушылардың орман қорының көршілес учаскелерінде атқарып жатқан жұмыстарымен байланыстыруды көздейді. Жоспардың бұл бөлімінде қайда және қандай мерзімде өртке қарсы жыралар қазылатыны, өртке төзімді орман шеті құрылатыны, минералды және өртке қарсы басқа да қорғаныштық жолақтар тартылатыны, орман шаруашылығы және өртке қарсы жолдар, өрт сөндіру суаттары, өрт қадағалау мұнаралары, мачталар, тікұшақ келіп қонатын алаңшалар, телефон байланысы желілері салынатыны, радио байланысы ұйымдастырылатыны көрсетіледі. Жоспарға сондай-ақ бұрыннан бар өртке қарсы жыралар мен жолақтарға күтім жасау, өрт қадағалау мұнаралары мен өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техниканы, жолдарды жөндеу, уақытша өрт күзетшілерін жалдау жөніндегі жұмыстар енгізіледі. Барлық жұмыстар үшін күнтізбелік орындалу мерзімдері және осы жұмыстардың орындалуына жауапты адамдар, көлемі мен құны белгіленеді. 3. Жоспардың екінші бөлімінде өрттерді өз күштерімен де, бұл өрттерді қандай да бір себептермен орман пайдаланушының күштерімен және құралдарымен құрықтау мүмкін емес жағдайлар да сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар көзделеді. Соңғы жағдайда мемлекеттік орман иеленушімен келісе отырып орман өртін сөндіруге жіберілетін аталған орман мекемесінің күштері мен техникалық құралдары, сондай-ақ орман қорының тиісті учаскесінде орналасқан аудандағы елді мекендерде орналасқан өзге де ұйымдардың күштері мен техникалық құралдары айқындалады. Жоспарда орман өрттерін сөндіру, орман өрттерін сөндірумен айналысып жатқан адамдарды тамақтандыру мен медициналық көмекті, байланысты ұйымдастыру үшін ерікті қоғамдық құрамалар (командалар) құру, сондай ақ өрт қауіпі бар маусымға жанар-жағар май материалдарының қорын жасау орман пайдаланушының есебінен қарастырылады. 4. Орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылардың өртке қарсы іс-шаралардың жоспарлары үстіміздегі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей келісу үшін мемлекеттік орман иеленушілерге беріледі. Орман пайдаланушының өртке қарсы іс-шараларының жоспары мемлекеттік орман иеленушімен келісіп алынады және оны орман пайдаланушының өзі бекітеді.
Қорытынды
Мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман молықтыруды жоспарлау
1) мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, мемлекеттiк орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттiк ұйымдарды жоспарлау . 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтарға, мемлекеттiк ботаникалық бақтарға, мемлекеттiк дендрологиялық саябақтарды жоспарлау. Орманның орта құрайтын және ортаны қорғайтын функцияларының сақталуын, сондай-ақ екпелердi, дәрi-дәрмектiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзуге, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өзге де талаптарды орындау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz