Новокаинмен тежеу


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы:

Тексерген: Ахметжанов О. Н.

Орындаған: Бахытова Г. Б

Семей, 2015-2016

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Новокаин туралы түсінік

2. Новокаинмен тежеу

3. Мойынның ваго-симпатикалық жүйке жүйесін новокаинмен

тежеудің техникасы.

4. А. И. Федотовтың әдісі бойынша мойынның төменгі симпатикалық (каудалды) түйінін новокаинмен тежеу.

5. Н. А. Уразаев ұсынған ірі қара малының мойын тұсындағы жұлдызша нерв түйінін новокаинмен тежеу әдісі.

Г. А. Кононовтың әдісі

6. К. Геров ұсынған новокаинмен тежеу әдісінің техникасы


ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Малдәрігерлік тәжірибеде көбінесе соматикалық және вегатативті нерв талшықтарының сезімталдығын уақытша тоқтата тұратын дәрілерді жиі қолданады. Ондай дәрілер новокаин және оған ұқсас препараттар- анестезин, дикаин, кокаин, капкаин, совкаин, тримекаин және т . б.

Новокаин - ауруды басатын дәрі-дәрмек тобына жататын шипалық зат; парааминобензой қышқылы, диэтиламиноэтил эфирінің гидрохлориді. Н - ұнтақ күйінде түссіз кристалды зат. Оның судағы ерітіндісі ағзаның бір бөлігіне және жұлынға анестезия жасауда, қан тамыры тарылғанда, сондай-ақ антибиотиктерді еріту үшін де қолданылады.

http://www.kz.all.biz/img/kz/catalog/87159.jpeg http://www.vetkomeks.ru/upload/iblock/0ad/0ad79ade2f8e5e4e927a75d6b134d86a.jpg

Новокаин нейротропты дәрілік заттардың қатарына жатады. Оның әсері рефлекс доғасының барлық бөліктерінде де байқалады. Сіңгеннен кейін тікелей орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Синапстарда қозу процесінің берілуі қиындайды. Себебі, ол ацетилхолиннің түзілуін азайтады, шеткергі холинореактивті жүйесіндегі қозу процесін төмендетеді. Жұлын миының нейрондарының синапстары қатты, ал сопақша мидың нейрондарының синапстары аздап қажиды. Холинергиялық ганглия нервтерінің адренергиялық нервтерге қарағанда новокаинға сезімталдығы жоғарырақ болып келеді. Жүрек, өкпелер мен ішектердің рецепторларының қозуын тежейді; олардың көптеген рефлекстерін қажытады.

Тежеу әдісінде көбінесе новокаинның 0, 25 % - ды ертіндісін қолданады. Ертіндіні 100 - 1000 мл мөлшерінде қабыну ошағындағы жүйкелердің бойымен еңгізеді. Әсері 15-25 минуттан кейін басталып, 2-10 күнге дейін созылады. Новокаинмен тежеу ем ретінде тимпанияда, энтералгияда, жатырдың қабынуында және басқа да бірталай ауруларда: пододерматитте, ұзақ уақыт жазылмайтын жараларда, жіті іріңді артриттер мен шелдің іріңдеп қабынуында қолданылады.

Новокаинды жұлындық анестезия үшін де қолдануға болады. Ол үшін оның 1-2 %-ды ерітіндісін омыртқа өзегінің эпидуралды кеңістігіне еңгізеді. Малдәрігерлік тәжірибеде төменгі сегізкөз және құймышақ анестезиялары қолданылады. Бірқатар реттерде новокаин ерітіндісін артерияға жіберіп емдейді. Атап айтқанда, жылқының тұяғының аймағында болатын іріңді өлі еттену процестерінде оның 1 %-ды ерітіндісін 0, 1 % мөлшерінде этакридинмен қосып 30-60 мл-ден араға 3-4 күн салып 3-5 рет жібереді. Новокаинның 0, 25 %-ды ерітіндісін гипертонияда, ішек түйілуінде венаға еңгізеді.

Мойынның ваго-симпатикалық жүйке жүйесін новокаинмен

тежеудің техникасы. Вегетативті орталықтарды тітіркендіргенде рефлекс арқылы өкпе тіндерінде дистрофиялық өзгерістер пайда болады. Көптеген авторлар ондай өзгерістердің жоғарғы мойынның симпатикалық түйіндерін сілтілер мен қышқылдар арқылы тітіркендіргенде де пайда болатынын анықтаған. Онда альвеоллалардың арасындағы тіндердегі капиллярлардың гиперемиясы, ісінуі және альвеолла қуысына қан элементтерінің шығуы, қабынудың пайда болуы байқалған. Жүйке орталықтарын скипидармен тітіркендіру арқылы өкпенің қабынуын тудыру осыған негізделген. Кезеген жүйкені скипидармен тітркендіргенде малдарда ошақты бронхопневмония, жүрек көрсеткіштерінің өзгеруі және кезеген жүйкенің қабынуы байқалады. Ондай өзгерістер малдардың организмінің реактивтілігіне тікелей байланысты болып келеді. Мысалы, үй қояндарының кезеген жүйкелерін тітіркендіру өкпенің бір жақты қабынуын туғызса, теңіз шошқаларында екі жақты қабыну мен эмфизема дамыған.

А. Д. Сперанский өкпе қабынуларының патогенезіндегі жүйке жүйесінің ролін экспериментті түрде дәлелдеген. Өкпе қабынуларының дамуында жүйкелік-дистрофиялық өзгерістердің әсерлері туралы келесі тұжырымдарға келген:

  1. Жүйке жүйесіне әртүрлі әсерлердің нәтижесінде өкпе тіндерінде терең өзгерістер болуы мүмкін;
  2. Ол өзгерістер тітікендіргіштердің сапасына және тітіркендіру орнына байланысты болады;
  3. Малдарға жасалған эксперименттердегі өкпе тіндеріндегі терең өзгерістер бас ми мен жұлынның жоғарғы сегменттерінің бағаналарына тікелей механикалық және химиялық тітіркендірулердің нәтижесі;
  4. Шеткергі тіндердегі осындай өзгерістер жылдам, кейде бірнеше минуттың ішінде дамуы мүмкін;
  5. Тиісті аймақтағы жүйке жүйесін қалпына келтірмейінше өкпе ауруын жазу мүмкін емес.

Г. В. Домрачевтың пікірінше кейбір жағдайларда өкпелердің қабынуының негізінде организмнің реактивтілік және сенсибилизациялық құбылыстары басты рөл атқаруы мүмкін. Бұл процесте симпатикалық жүйке жүйесі негізгі рөл атқарады.

Көптеген авторлардың пікірінше мойынның жоғарғы симпатикалық түйіндерін тітіркендіргенде гипофизде нейрогенді тітіркену пайда болады. Оған жауап ретінде қанға вазопрессин гормоны көптеп бөліне бастайды. Ол гормон өкпедегі қан айналу процесін өзгертеді, қабыну процесінің дамуына себепші болады. Ал ол түйінді новокаинмен тежегенде қабыну ошағынан бас ми қабына баратын импульстар үзіледі, осы аймақтағы жүйкелік қарым-қатынас қалыптасады.

2010-009

. И. Федотовтың кау -

далды мойын симпатикалық

түйінін новокаинмен тежеу әдісі.

1 - VII мойын омыртқасының қа -

наты, 2 - ерітінді жіберетін жер.

А. И. Федотовтың әдісі бойынша мойынның төменгі симпатикалық (каудалды) түйінін новокаинмен тежеу. Бұл әдіс жылқы малына қолданылады. Жылқыны станокқа тұрғызып бекітеді де, алдыңғы аяғын артқа қарай жылжытады. Саусақпен сипалау арқылы 7-ші мойын омыртқасының қанатын және қабырғаның жоғарғы үштік бөлігінің алдыңғы шетін табады. Омыртқа қанатының алдыңғы бұрышынан тік сызық түсіреді, ал қабырғаның алдыңғы шетінен көлденең сызық жүргізеді. Осы екі сызықтың түйіліскен жері ине кіргізетін нүкте болып табылады. Тәжірибе жүзінде көптеген малдарда бұл нүкте 7-ші мойын омыртқасынан 2, 5-3, 5 см төмен, ал қабырғаның алдыңғы шетінен 3, 5-4, 5 см алда болады. Инені қисайта отырып алға, төмен бағыттап 2, 5-4 см тереңдікке (малдың қоңдылығына байланысты) 150 - 200 мл 0, 5 %-ды новокаин ертіндісін жібереді. Мұндай жағдайда Бобровтың аппаратын қолданған дұрыс. Керек болған жағдайда тежеуді 4-5 күннен кейін қайталауға болады .

Мұндай тежеу шошқаларға Г. А. Кононовтың әдісі бойынша жүргізіледі. Малды бір жағына жатқызып бекітеді де, тиісті алдыңғы аяғын артқа қарай жылжытады. Инені жауырын сүйегінің мойын тұсының краниалды шетінен 7-ші мойын омыртқасының қанатының төменгі артқы шетіне қарай бағыттап еңгізеді. Одан кейін ненің үшін 5-8º-қа жоғары бағыттап 1-1, 5 см-дей жылжытады да, новокаинның 0, 5 %-ды ертіндісін 0, 5 мл/кг мөлшерінде жібереді .

2010-011

Шошқаның жұлдызды түйі-

нін тежеу үлгісі. 1 - новокаин ерітін -

дісін жіберетін жер.

Н. А. Уразаев ұсынған ірі қара малының мойын тұсындағы жұлдызша нерв түйінін новокаинмен тежеу әдісі.

Автор бұл әдісті бұзаулардың өкпе ауруларын емдеу үшін қолданған. Ол үшін бұзауды тұрған бойында бекітіп ұстап, тежеу жасайтын жақтың алдыңғы аяғын мүмкіндігінше артқа қарай тартып ұстайды. Сипалау арқылы 6-шы мойын омыртқасының көлденең қанатының үшін табады да, одан 3-4 см төменірек жерде ине еңгізетін нүктені анықтайды. Иненің үшін артқы жаққа қарай бағыттап, бұзаудың қоңдылығына қарай, 3-8 см тереңдікке еңгізеді. Новокаин ертіндісін 0, 45 %-ды хлорлы натрий ертіндісінде дайындайды. Тежеу үшін новокаинның 0, 25 %-ды ертіндісін 1 мл/кг мөлшерінде малдың екі жағынан кезекпен жібереді.

2010-010

Сиырдың жұлдызды түйінін

новокаинмен тежеу әдісі. 1 - новокаин

ерітіндісін жіберетін жер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Новакаин блокадасын қолдану әдістері
Хирургиялық ауруларды емдеуде новокайн блокадасын қолдану
Сиырдың желінінің нервтері
Хирургиялық ауруларды емдеуде новокаин блокадасын қолдану жайлы мәлімет
Нефросклероз
Үштік жүйкенің салдануы, этиологиясы, диагностикасы, емі
Ірі қара малдың конъюнктивиальды қапшығының құрамын гельминтологиялық зерттеу
Салдану және жартылай салдану, емдеу
Сульфаниламид препараттарының қолдану көрсеткіші
Еритін стрептоцид - еритін стрептоцид
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz