Лексикалық дағдыларды қалыптастыру


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе3-6

I бөлім Шетел тілін оқытудың жалпы мазмұны, оның құрамдас бөліктері және мақсаттары

1. 1. Шетел тілін тілдік емес жоғарғы оқу орнында оқытудың мазмұны 7-12

1. 2. Шетел тілін оқытуда лексиканың маңызы және оны меңгеру жолдары 12-14

II бөлім Лексикалық дағдыларды қалыптастыру

2. 1. Лексиканы іріктеу критерийлері 15-17

2. 2. Экономикалық сөздіктің сипаттамасы және оны іріктеу қағидалары17-19

2. 3. Шетел тілін оқытуда лексикалық материалмен жұмыс 19-23

III бөлім Сөздік минимуммен жұмыс жасау әдістемесі

3. 1. Экономикалық сөздікпен жұмыс жасауға арналған әдістемелік нұсқаулар 23-28

3. 2. Тәжірибелік оқытуға арналған тапсырмалар мен жаттығулар29-37

3. 3. Тәжірибелік оқытудың қорытындысы38

Қорытынды39-40

Қолданылған әдебиеттер42-43

Қосымша материал: Экономикалық сөздік45-60

Кіріспе

Қазақстан республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бастап шетел тілдерінің мәртебесі жоғарылады. Мемлекетіміздің шет елдермен халықаралық қатынасы дүниежүзілік мемлекеттер арасындағы интеграциялық үрдісінің дамуымен байланысты өркендеуде. Елімізде шетелдік ұйымдар мен инвесторлардың, компаниялардың, банктердің қатары да өсуде. Сондықтан да шетел тілін жетік игерген мамандарға деген қажеттілік күннен-күнге артуда.

Әлемдік білім алу кеңістігінде (шет ел тілін оқыту) интеграциялық процестердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында шет ел тілін оқыту өзекті біліктілігі жоғары дәрежеде маманданған білім жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесінің бөлінбес бөлігі болып табылады.

Тәуелсіздік мемлекет болу - қазақ халқының ежелден аңсаған арманы болатын. Тағдыр осыдан жеті жыл бұрын халқымызға армандаған тәуелсіздігін сыйлады. Мемлекетіміздің егемендік жолмен дамуының алғашқы жылдары, өтпелі кезеңнің қандай да болсын қиыншылықтарын басымыздан кешіре тұрсақ та, біздің халқымыздың, қоғамымыздың, саяси күштеріміздің бойынан жас мемлекетімізді нығайту, экономиканы реформалау, құқықтық демократиялық қоғам орнату, рухани бірлік пен ұлтаралық келісім ахуалын қалыптастыру жөніндегі ұлан-ғасыр жұмыстарды батыл бастауға ерік-жігер мен ақыл-парасат жеткілікті өмір көрсетіп отыр.

Шетел тілін арнайы кәсіби тіл ретінде оқыту өзіндік мән-мазмұны, құрылымы бар толық аяқталған курс болып табылады. Қазіргі заман тілдері; тіл үйрету, оқыту, бағалау, европа одағы қолдаған жалпы европалық біліктілік стандартына қол жеткізуге бағытталған. Демек, мектеп қабырғасында шет ел тілін үйренудің негізі қаланса, ол жоғарғы оқу орынында болашақ мамандарға шет ел тіліне кәсіптік бағдар беріледі.

Осыдан келіп оқытылатын тілдік материалды іріктеу және оны негізгі білім беру кешенін ұйымдастыруға енгізу келіп шығады. Алайда студенттер шет елдердің сөйлеген сөзін түсініп, газет, журнал, кітаптардағы текстерді оқып, олардың мазмұнын сөздіктің көмегімен түсіндіруі қажет етеді.

Осы ұсынылып отырған зерттеу жұмысында іріктеліп жасалатын сөздік тілдік емес жоғарғы оқу орнында экономика мамандығы бойынша шетел тілін оқитын студенттер үшін маңызды.

Қазіргі таңда шетел тілін тілдік емес жоғарғы оқу орнында үйрету барысында оқыту мазмұнына қандай компоненттер кіретінін анықтау, соның ішінде лексикамен жұмысқа көңіл бөлу аса маңызды. Сонымен қатар «Экономика» мамандығы бойынша сөздікті іріктеу (ағылшын тілі) - көп зерттелмеген салалардың бірі. Осыған байланысты біз зерттеліп отырған тақырыпты таңдауды жөн көрдік. Тақырыптың өзектілігі осыған негізделеді.

Біздің алға қойған мақсатымыз зерттеу жүргізу барысында арнайы лексикамен жұмыс істеудің теориялық негіздеріне сүйене отырып, белгілі әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар беру. Шетел тілін тілдік емес жоғары оқу орнында оқытуды, атап айтқанда, оның негізінде экономика мамандығы бойынша ағылшынша-орысша-қазақша сөздер минимумын жасап, лексикалық материалмен жұмыс жасау жолдарын терең арнайы зерттеу.

Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек.

а) лексикалық материалды іріктеу жолдарын анықтау;

ә) арнайы сөздік жасауға қойылатын талаптарды анықтау

б) экономикалық сөздік құрастыру

в) экономикалық сөздікпен жұмыс жасауға арналған әдістемелік нұсқаулар беру.

Зерттеу нысаны Экононмика мамандығында оқитын орыс және қазақ бөлім студенттеріне шетел тілін (ағылшын тілі) оқыту процесі.

Зерттеу пәні - шетел тілін оқытудың мазмұнының бір компоненті ретінде арнайы лексикалық материалмен жұмыс жасау, лексикалық дағдыларды қалыптастыру қарастырылады.

Зерттеу әдістері Алға қойған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін төмендегідей зерттеу әдістері қолданылады.

- зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдістемелік әдебиеттерді сын көзбен талдау,

- студенттердің арнайы лексиканы (экономикалық) қолдануын сабақ барысында бақылау,

- экономикалық лексиканы меңгеруге байланысты тест жұмысын жасау,

- ғылыми-тәжірибелік оқытуды жүргізу.

Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық құндылығы Жұмыс барысында жасалған тұжырымдар осы мәселенің одан әрі зерттелуіне негіз бола алады. Бұл еңбекті жоғарғы оқу орнындарының оқытушылары студенттерге лекция оқығанда пайдалануына болады. Зерттеу жұмысы бойынша арнайы курс оқуға, семинарлар жүргізуге қолдануға болады. Сол сияқты мектеп мұғалімдері үшін де бұл еңбек өте пайдалы көмекші құрал бола алады.

- студенттердің сөздік қорын экономика мамандығы бойынша дамытуда лексикалық минимумды іріктеу қағидаларын анықтау,

- жұмыс барысында зерттеудің теориялық әдістемесін жасау.

Зерттеуде қарастырылатын мәселелер сөздіктер жасау ісінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Шетел тілдерінен орыс, қазақ тілдеріне немесе керісінше орыс, қазақ тілдерінен ағылшын тіліне тікелей экономикалық сөздікпен, яғни 3 тілде қолдану өте құнды.

Ғылыми жаңалығы. Біздің зерттеу жұмысымыздың бірден-бір жаңалығы «экономика» мамандығы бойынша лексикалық минимумды іріктеу, соның негізінде сөздік жасау аса маңызды.

Тіліміздің жедел қарқынмен дамуының арқасында сөздікті қолдану мәселесі негізгі болып, бұл мәселелердің шешімін талап етеді.

-жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі тілдік емес жоғары оқу орнында білім беруде қолдануға ұсынылады.

-жасалынатын сөздік ағылшын тілі практика сабағында студенттерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Сонымен қатар осы оқу құралы кез келген оқу орнында шетел тілін оқыту барысында қолдануға болады. Бұл жұмыстың нәтижесі экономистердің құжаттарын, мәтіндерін аудару теориясына да өз үлесін қоса алады. Зерттеу жұмысының нәтижесі ағылшынша-орысша -қазақша сөздіктер оқу құралын жасауға септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Ғылыми болжам. Егер арнайы лексикамен (экономикалық) жұмыс істеуде оны меңгеруге тиімді болатын әдіс-тәсілдерді қолдансақ, арнайы лексиканы меңгеру ұтымды болмақ.

I ТАРАУ Шетел тілін оқытудың жалпы мазмұны, оның құрамдас бөліктері және мақсаттары

1. 1. Шетел тілін тілдік емес жоғарғы оқу орнында оқытудың мазмұны

Оқытудың жалпы мазмұны және оның құрамдас бөліктері тіл құбылыстарының, тақырыптардың, мәтіндердің тек бір шамалы бөлігін қамтиды. Осыған орай, методикада «тіл мен сөз материалдарының минимумы» деген ұғым бар. Бұл ұғымға алға қойған міндетті шешуге қажетті тілдік материалдың ең аз көлемі, тақырыптар минимумы мен мәтіндер минимумы жатады. Әр минимум белгілі критерийлерге сүйене отырып іріктеледі. Осы жерде минимумдарды іріктеп алуды неден бастау керек деген сұрақ туады.

Іріктеліп алынуға тиісті оқыту мазмұнының бірінші әлементі - тақырып минимумы, яғни әуелі тақырып минимумын іріктеп алу керек, өйткені тақырыпты білмей тұрып, мәтіндерді, сөздерді іріктеу мүмкін емес. Сонан соң сол тақырыптарға сәйкес тіл материалы мен мәтіндер минимумын іріктеуге кірісу керек.

Тіл материалын (лексиканы, фонетиканы, грамматиканы) іріктеп алуда жетекші рольді лексика атқарады. Ең алдымен лексика іріктеліп алынып, соған сәйкес грамматикалық материал іріктеледі. Грамматикалық ережелер сөздермен жұмыс істеуге жетекші болуға тиіс. Ол үшін іріктеп алынған грамматикалық ережелер көптеген сөздерді қамтуы керек. Әйтпесе, олар өз қызметін атқара алмайды. Сондықтан әуелі лексикалық минимумды, сонан соң сөздермен жұмыс істеуге лайықты, оларды жинақтап қорытатын грамматикалық ережелерді іріктеп алу керек. Бұдан кейін тіл материалы мен тақырыптар минимумын ескере отырып, мәтіндер мен ана тілінде жоқ ұғымдарды іріктеп алуға болады.

Лингвистика мен әдістеме ғылымдарында әдетте продуктивті сөзде қолданылатын тілдік материал - активтік материал, ал рецептивтік сөздегі тілдік материал - пассивтік материал деп аталады. Бұлардың айырмашылығын лексиканы меңгерудегі ерекшелік арқылы көрсетуге болады. Белгілі бір сөзді қолдвну үшін (активтік материал) сол сөздің өзін, оның грамматикалық формаларын, мағыналарын және ең бастысы оның басқа сөздермен тіркесу мүмкіндігін білу керек. Рецептивтік сөзде (пассивтік материал) сөздің тіркесуін білудің қажеті жоқ, өйткені тыңдаушы (оқырман) сөздерді өзі тіркестірмейді, тіркестер дайын күйде берілген. Бұл жерде айтылған (немесе жазылған) сөзді басқа сөздерден ажырата білу керек, оны танып, мағынасымен ұштастыра білу керек.

Алайда активтік сөзбен пассивтік сөздің қиындығы бірдей емес, олардың сипаттары да әр түрлі болады. Сол сияқты грамматикалық материалдардың да активті түрде меңгерілуге тиістілері мен пассивті түрде меңгерілетіндері бар.

Әр адамның активтік тіл материалы пассивтік тіл материалынан ана тілінің өзінде әлдеқайда кем болады. Шетел тілін оқытуда да продуктивтік сөз үшін қажетті активтік тіл материалы рецептивтік сөз үшін қажетті пассивтік материалдан әлдеқайда кемірек болуы керек, сонымен қатар активтік түрде меңгерілетін тілдік материал (лексика, грамматика) пассивтік миинмумның құрамына соның бір бөлігі ретінде кіруге тиіс.

Шетел тілін оқытуда білім, іскерлік, дағдылар үлкен рөл атқарады. Сондықтан оқыту процесін дұрыс ұйымдастыру үшін бұлардың арақатынасын, оларды меңгеретін ретін білу керек.

Шетел тілін оқытуда білім деп сөздерді олардың мағыналарын, формаларын білуді, сондай-ақ рецептивтік сөз бен продуктивтік сөз процесінде осы тілдік материалмен істелетін операцияларға қажетті мәліметтерді меңгеруді айтамыз.

Сонымен, шетел тілінде сөзді меңгеруге байланысты дағды деп рецептивтік және продуктивтік сөз процесінде лексикалық материалды қолдану әрекетін автоматтандыру деп айтуға болады.

В. А. Бухбиндер мен В. Штраустың баспасынан шыққан «Основы методики преподавания иностранных языков» атты оқулықта авторлар оқытудың мазмұнына тіл материалын, іскерліктер мен дағдыларды, сөз материалын және ана тілінде жоқ тіл құбылыстарын енгізуді ұсынады. [6]

Ал сөз материалы деген ұғымға Г. В. Рогованың пікірі бойынша, сөз үлгілері, монолог және диалог түріндегі айтылымдар үлгісі, белгілі тақырыптарды қамтитын мәтіндер мен ситуациялар кіреді. Бұл мәтіндерде әр түрлі функционалдық стильдер; яғни көркем мәтіндер, қоғамдық-саяси мен ғылыми-көпшілік стильдер көрініс табады. [31]

Сонымен қатар оқытудың мазмұнына сөз материалын да енгізу керек деген ұсыныс орынды сияқты. Олай болса, оқытудың мазмұны мынадай компонеттерден тұрады: арнайы іріктеліп алынған, меңгеруге жататын тіл материалы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және орфографиялық материал) ; ауызша және жазбаша сөзді дамытуға негіз болып табылатын тақырыптар; ауызша және жазбаша мәтіндер; оқушылардың ана тілінде жоқ тіл құбылыстары; фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық дағдылар; оқыту барысында анықтама әдебиетті қолдану іскерлігі; сөз материалы (сөз үлгілері, монолог пен диалог түріндегі айтылымдар үлгілері) .

Яғни, әдістемелік әдебиеттерді талдай отырып, біз шетел тілін оқыту мазмұнын төмендегі сызбадан көрсетеміз.

Шетел тілге оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-ол практикада әр түрлі ситуацияларда қолдана білу керек. Жоғарыда берілген оқытудың негізі а) (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, елтанымдық, лингвоелтанымдық), ә) қарым-қатынас процесінде қандай құралдарды қолдануын білу. б) дағды мен іскерлік оқыту барысында-тілді қарым-қатынас туралы ретінде қолдану,

в) сфера, тақырып, ситуациялар онда оқыту мазмұны жүзеге асыралады., г) мәдениет -оқыту мазмұнының материалды негізін құрайды. Оқыту мазмұны тұрақты емес. Оны мемлекеттік стандарт, оқыту бағдарламасы анықтайды. Әдістемелік проблемалардың маңыздысының бірі-оқыту мазмұнын әрбір оқыту орнына лайықты етіп таңдау болып табылады. Қазіргі кезде бұл таңдау 2 принцип бойынша жүзеге асырылады. 1-принцип-алға қойылған оқыту мақсатына жету үшін тілдік мазмұнының жетекшелігі мен қажеттілігі. 2-принцип-оқыту мазмұнын меңгеру үшін қол жететіндей болу. Бұнда оқушы таңдап алынған материалды меңгеруге мүмкіншілігі туралы сөз болып отыр. Бұл жерде тілге құрал ретінде баса назар аударайық. Арнайы шетел тілін үйрететін жоғары оқу орындарында жетік маман қалыптастыру ерекше орын алуы тиіс. Оның маңызы тілді оқытуда, үйренуде тілдік емес басқа маман иелеріне, өз мамандықтарына қатысты шетел тілін жетік меңгеруіне атсалысу. Соған байланысты жаңа технологиялық оқыту тәсілімен қолданатын оқу орындар сапалы білімді қадағалаудағы жаңа тәсілді нығайтуға негізделген.

Тіл үйретуде сондай-ақ жоғары оқу орнына сай оқу бағдарламасы қажет. Шет ел тілін меңгеруде студенттер төмендегідей дағдыларды білуі тиіс:

- фонетика: дыбыстардың оқылу ережелері және алфавиттегі әріптерді сөз тіркесінде, әріп тіркестерінде, дұрыс айту;

- орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкес келетін әріптер мен әріп тіркесін жаза білу, негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің орфография жағынан дұрыстығы сәйкестігін білу;

- лексика: сөзжасам үлгілері, көп мағыналы сөздердің контекстегі мағынасы, оқытылатын мамандыққа байланысты терминдер мен лексикалық құрылымдарды меңгеру;

- грамматика: негізгі қаржы және экономика мамандықтары саласында жиі кездесетін грамматикалық құбылыстарды меңгеру.

Студенттер мынадай іскерліктерді де меңгеруі керек:

оқу: мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқу; мәтінне қажетті ақпаратты табу; оқыған мәтіннің мағынасын түсіну және есте сақтау;

жазу: іс-қағазын толтыру, қысқа тұжырым жазу, құрастыру, іскерлік, ресми және жеке адамның шағын хатын жазу;

- аударма: аударма ережелеріне сәйкес сөздікті қолданып, шет ел тіліндегі мәтінді қазақ тілінде немесе орыс тілінде аудару;

- аудирование (тыңдап түсіну) : шет ел тілінде айтылған сөйлемдерді түсіну.

-сөйлеу: сөйлеу ережелеріне сәйкес өз ойын, пікірін шет ел тілінде қалыптасқан тілдік нормаға сай жеткізу, сұрақ қою, жауап беру, оқытылған тақырып бойынша шет ел тілінде әңгімелесе білу. Өзі оқыған, тыңдаған мәтін мазмұнын айтып беру. [16 ]

Біздің зерттеу жұмысымызда лексика маңызды орын алады. Лексикаға байланысты төмендегі ұғымдар, білімдер шет тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім үшін рөлі зор. [17 ]

Сөз - лексикалық жүйенің басты бірлігі. Тілдегі номинацияның негізгі тәсілдері. Лексиканың этимологиялық негіздері. Семасиология. Лексикалық бірліктердің семантикасы. Сөздің функционалдық аспекттегі семантикасы. Сөз мағыналарын ажырату әдістері және мағына компоннетерін анықтау. Ана тілі мен шетел тілдеріндегі сәйкес сөздердің мағыналық құрылымының ұлттық - мәдени ерекшеліктері. Сөздің мағыналық құрылымының тарихи өзгермелілігі. Тілдің лексикалық жүйесіндегі семантикалық топтар.

Омонимия және оның тілдің лексикалық жүйесіндегі орны. Омонимияның көздері. Сөз тудыру. Сөздің морфологиялық және деривациялық құрылымы. Сөз құрылымының тарихи өзгермелілігі. Тілдегі сөз құрылымын морфемдік және сөз тудыру тәсілі тұрғысынан талдаудың принциптері мен әдістері.

Сөз тудыру моделі туралы ұғым. Сөз тудыру жүйесінің негізгі және кешенді бірліктері. Сөз тудыру жүйесіндегі функционалдық аспект. Тілдегі сөз тудыру тәсілдері. Сөз тудырудың ұлттық - мәдени ерекшеліктері. Кірме сөздер - тілдің сөздік қорын байытудың тәсілдері мен жолдарының бірі.

Лексикалық бірліктердің тіркесуі. Валенттілік туралы ұғым. Еркін және тұрақты сөз тіркестері. Фразеологиялық бірліктер. Фразеологиялық бірлікпен сөздің бір-біріне сәйкестігі. Фразеологиялық бірліктерді топтау. Сөздік қордың әлеуметтік және территориялық ажыратылуы. Лексикографияның негіздері. [18 ]

Тілдік емес жоғары оқу орнында оқытылатын пәндердің студенттерге жалпы білім беруде өзіндік үлесі бар. Шетел тілі де студенттердің жалпы білім деңгейін көтеруге атсалысады. Шетел тілін үйрену студенттердің логикалық ой-өрісін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда, мәтінге, тақырыпқа жоспар құру, жоспарға, суретке қарап, әңгіме айту студенттердің логикалық жүйелі ойлауын дамытады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында студенттер оның жүйесі, ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алады. Мысалы, белгілік және белгісіздік категориясы, ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі шақ жүйесінің ерекшеліктері туралы білімін толықтыра түседі. Бұл мағлұматтар студенттердің жалпы білім деңгейін арттырады. Ал болашақ мамандыққа байланысты лексикаға байланысты үйретудің орны ерекше.

1. 2. Шетел тілін оқытуда лексиканың маңызы және оны меңгеру жолдары

Оқу процесінде студенттер меңгеруге тиісті шетел тілі аспектілерінің ішінде аса маңыздысы - лексика. Өйткені шамалы болса да, сөздік қорын игермей шетел тілін іс жүзінде игеру мүмкін емес.

Басқа білім салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алуының себебі мынада: кейбір грамматикалық материалды меңгермегендіктен, сөзде грамматикалық қателер бола тұрса да, адамдар арасында қатынас болуы мүмкін, олар бір-бірімен түсінісе алады.

Ал басқа біреудің сөзін түсіну үшін немесе өз ойын айтып жеткізу үшін қажетті лексиканы білмеген жағдайда коммуникация бола алмайды, яғни басқа адамның сөзін түсіне алмаймыз, өз ойымызды да айтып жеткізе алмаймыз. Сондықтан шетел тілін оқытуда лексиканы меңгерудің маңызы ерекше, олай болса, лексикаға көп көңіл бөлу керек. Әрине, бұл айтылғаннан лексиканы меңгеру өз алдына оқыту мақсаты екен деген қорытынды шықпау керек. Маңызы қандай зор болғанмен, лексиканы меңгеру оқытудың мақсаты емес, тек сол мақсатқа жетудің өте маңызды құралы. Сонымен лексиканы лексика үшін емес, оны сөзде қолдана алу үшін меңгеру керек, яғни басқа адамдардың сөзін оқып немесе тыңдап-түсіну, өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде жеткізу үшін қажетті лексиканы қолдана алатындай шамада меңгеру жөн. Онсыз шетел тілінде сөз іскерліктері мен дағдыларын меңгеру мүмкін емес.

Шетел тілін оқытуда лексиканы меңгертуге қойылған мақсат бойынша студенттер шет елдіктердің сөйлеген сөзін түсініп, газет, журнал, кітаптардағы мәтіндерді оқып, олардың мазмұнын сөздіктің көмегімен түсінулері қажет етеді. Әдістеме саласында алдыңғы қатарлы әдіскерлердің бірі болып саналған К. А. Ганшинаның пайымдауынша, шетел тілін оқытуда ең алдымен жетекші орын мәтінді оқуға берілген. [13 ]

Ал лексика тек сол мәтіннің мазмұнын түсінуге керекті құрал ретінде ғана пайдаланылған.

Лексика сөйлем арқылы түсіндіріліп, керекті құралдармен әрі қарай пысықтау, бекіту жұмыстары жүргізілген. Жаңа сөзді меңгеруде студенттерден төмендегідей нақты іскерліктер талап етілді.

- таныс емес сөздерді ережелерге сай оқи алу;

- өтілген грамматикалық және лексикалық материалдар негізінде құрылған мәтіндерді сөздіктің көмегінсіз оқи, түсіне және аудара алу;

- оқытушының шетел тілінде қойған сұрағына жауап бере алу;

- өтілген материалдарға құралған оқытушының кішігірім әңгімелерін түсіне алу;

Қазіргі кезде республикамызда демократиялық, экономикалық, саяси және әлеуметтік өзгерістер болып жатқанда жоғары оқу орнында шетел тілдерін оқыту да оған жаңа тұрғыдан қарауды талап етуде. Республикамыз өз алдына егеменді ел болуына байланысты шетел тілдерін оқытудың жаңа кезеңі туды. Сол себепті де оқу бағдарламасы, оқу және әдіскерлік құралдары түгелдей қайтадан жасауды қажет етіп отыр. Бүгінде пәндерді оқытуда шәкірттердің жеке басының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып оқыту көзделуде. Сондай-ақ студенттердің елтану, лингвоелтану, экономикалық, психологиялық, мәдени-информациялық білімін көтеру арқылы оларды болашақ мамандыққа дайындауға үлкен мән берілуде.

II ТАРАУ Лексикалық дағдыларды қалыптастыру

2. 1. Лексиканы іріктеу критерийлері

Шетел тілдерін оқыту барысында сол тілдің барлық сөздік қорын меңгеру мүмкін емес, өйткені шетел тілін оқытуға бөлінген уақыт шектелген. Совет методикасында лексикалық минимумды іріктеудің негізгі принциптерін біршама толық түрде қамтыған И. В. Рахманов ең әуелі активтік сөздік пен пассивтік сөздікті ажырату қажеттігін атап көрсетеді. [29] Ол әуелі пассивтік сөздікті іріктеу принциптерін келтіреді: 1) сөздердің тіркесу қабілеті, 2) стильдік шектелмегендігі, 3) семантикалық құндылығы, 4) сөз тудыру құндылығы, 5) көп мағыналылығы, 6) көмекші сөз ретінде қолданылу мүмкіндігі және 7) жиілігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілінің лексикалық дағдыларын оқыту технологиялары
Рецептивті лексикалық дағдылар
Табиғи әдіс негізінде пайда болған шет тілдерін оқыту әдісі
Шет тілі сабағының түрлері
Қазақ тілі сабақтарында ауызекі және ауызекі сөйлеуді дамыту
Грамматикамен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тілдік төрт дағды
Шет тілін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz