Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы



І Кіріспе
1.1 Жалпы әдебиет теориясы
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Әдебиеттегі методология
2.1.1 Әдеби шығармашылық методологиясы
2.1.2 Әдебиет теориясының методологиясы
2.2 Эстетикалық ой.пікірлер
2.2.1 Тууы
2.2.2 Даму тарихы
2.2.3 Кезеңдері
2.3 Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
2.4 Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар
ІІІ Қорытынды
Әдебиет теориясы әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдебишығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Ә. т. бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады.
1.З.Қабдолов « Сөз өнері» Алматы 1986ж
2.Б.Кенжебаев «Әдебиет теориясы» А 1982ж
3.Б.Кенжебаев «Әдебиет тарихы» А 1986ж

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы; Эстетикалық әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері; Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері: Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар;

ОРЫНДАҒАН:САКЕН Б.Қ.
ТЕКСЕРГЕН:ҚҰРМАМБАЕВА Қ.С.

СЕМЕЙ 2015
ЖОСПАР:
І Кіріспе
1.1 Жалпы әдебиет теориясы
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Әдебиеттегі методология
2.1.1 Әдеби шығармашылық методологиясы
2.1.2 Әдебиет теориясының методологиясы
2.2 Эстетикалық ой-пікірлер
2.2.1 Тууы
2.2.2 Даму тарихы
2.2.3 Кезеңдері
2.3 Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
2.4 Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар
ІІІ Қорытынды

Әдебиет теориясы әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол -- сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. -- зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдебишығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Ә. т. бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады. Жалпы, Ә. т. өз пәнінің даму сапасына (көркемдік, эстетик., стильдік т.б.) қарай үнемі өзгеріп отырады; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде таптауырын болған ғыл. тұжырымдардан ажырап, онда жаңа бағыттар қалыптасады. Ә. т-ның тарихы ежелгі дәуірдегі (Үндістан, Қытай, Ежелгі Грек, Ежелгі Түркі елдеріндегі т.б.) сөз өнеріне қойылған талаптардан басталады. Әлемдік Ә. т-ның бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің "Поэзия өнері туралы" трактатының, басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидің "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының" да Ә. т. тарихында алар орны ерекше. Ал қазіргі заманғы әлемдік әдебиеттану ғылымына зер салсақ, сөз өнерінің теориялық деңгейін жоғары биікке көтерген американдық ғалымдар Р. Уэллек пен О. Уорреннің "Әдебит теориясы" (1949) зерттеуі болып табылады. Ол түрік (1960 ж.), орыс (1978 ж.) т.б. тілдерге аударылған. Орыс әдебиеттану ғылымында Ә. т. бойынша орыс ғалымдары Б. В. Томашевский, Л. И. Тимофеев т.б-дың еңбектерін айтуға болады. Теор. болжам және филос. таным тұрғысынан М.М. Бахтиннің еңбектері (1895 -- 1975) ерекшеленеді. Онда көркем сөздің көп мағыналығы, үндестігі, көп дауыстылығы т.б. мәселелер терең талданған. Қазақ ғалымдарынан Ә. т. жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқышы" (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. "Әдебиет танытқыш" -- қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Ә. т. мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек. Онда сөз өнері ғылымына тән барлық факторлар қамтылып, ана тілінің қорынан ұғым-терминдер, жанрлар атаулары жасалып, жүйеленіп берілген. Түрлі идеологиялық тосқауылдарға қарамастан 20 ғ-дың 30- жылдары қазақ ғаламдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің "Әдебиет теориясы" (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың "Әдебиет тееориясының мәселелері" (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың "Әдебиет теориясының негіздері" атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып "Сөз өнері" деген атпен 2 рет (1976, 1982) қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Ә. т-ның бірден- бір оқулығы ретінде қызмет етіп келеді. З. Ахметовтың "Қазақ өлеңінің құрылысы" (1970), "Өлең сөздің теориясы" (1973) атты еңбектері -- осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды ғыл. зерттеулер. Ә. т-ның басты ғылыми ұғымдары мен терминдері жүйеленіп берілген "Әдебиеттану. Терминдер сөздігі" (1997, 1998) жарық көрді.
Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мың жылдықтың өзінде-ақ Көне Қытай, Үнді, Грекия ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл-күйлерге таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.с.с. бөленетіндігін әрі әлемге деген таза танымдық қатынастан оның өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін байқаған. Осы тебіреніс толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында көне дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, сұлулық, әсемдік және оған қарама-қарсы трагедиялық және комедиялық туралы алғашқы түсініктер қалыптасты. Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша экскурсия жасап, көз жүгіртіп өтсек, онда барлық философиялық ғылымдардың бесігі болып табылатын Грекиядан бастау заңды. Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдікті әлемнен де орын алады деген көзқарастарды айтады. Көнегректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Соның нәтижесінде адам әлемі микрокосм. Адамның өнері макрокосмға ұқсап бағуынан, еліктеуінен туады. Осылайша, гректік ойшылдардың көбі, олардың барлығы деп айта алмаймыз, өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған. Эстетикалық категория тұрғысындағы гармония ұғымын тұнғыг Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан, сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері үшін де әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен қоймай. өнер адам жанын да, тәнін де ауру кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген. Осы тұста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы катарсиске тоқталып кетейін. Катарсис (грек. тазарту) адам жаны мен тәнін тазарту, рухы және ағзалық сергектену дегенді білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис, әсіресе, музыка, поэзия мен трагедияны адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген. Пифагор және оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. Олардың түсінуінше, музыка ғарыш үндестігінің жердегі көрінсі болғандықтан тек жан сарайын тазалап ғана қоймайды, сонымен қатар, ағза ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген.Платон болса катарсисті өнердің бір түріне ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырады. Оның айтуынша, катарсис жан дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген мағынаға ие. Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсіресе трагедия жанрының адамның қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде жанды бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады. Калокагатия термині өзінің амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. Калокагатия термині грек тіліндегі екі сөздің қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді. Грек мәдениетіндегі калокагатия мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да, бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық тәрбиемен қатар музыкалық тәрбиеге де көңіл бөлінген. Яғни, риторика (шешендік өнер), грамматика, тарих, поэзия және т.с.с. басты назар аударылған. Эстетикаға калокагатия ұғымын енгізген Сократ дана болатын. Шынайы сұлулық ізгі сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл Еуропалық эстетиканың орталық принципіне айналып кетті.
Әдебиет теориясы әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Сөз өнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауын, әдістері мен методологиясын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен ағыс мәселелерін тексереді, талдайды. Сонда әдебиет теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны -- әдебиет, әдеби шығарма, әдеби процесс. Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетик. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
Әдеби үдеріс сипаты
Дандай Ысқақұлының әдеби сын тарихы
Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Қазіргі кезеңдегі әдеби-теориялық пайымдаулар
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі
Әдебиеттану мәселелері
Пәндер