Әлеуметтану – әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
1. Әлеуметтану . әлеуметтік . гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
2. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
3. ХХ ғ әлеуметтануы
4. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
5. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер

Әлеуметтік философия адамның өмір сүруінің түпкі себептерінің мәңгі негіздерін дара тұлғалардың әлеуметтік өзара қатынастарын анықтайтын, белгілейтін қозғаушы күшін, қайнар көзін түсіндіруде жетекші қызмет атқарады. Дүниенің философиялық ұғынылуы шындықтың теориялық танымының жоғары тұрпаты ретінде ғылыми білімнің ең дамыған ұйымдастыру түрі болып табылады. Нақ пәлсапа шеңберінде білімді талдау мен тұтастау, жалпылау қарапайым құбылыстардан мазмұнға жету, жеке деректерден оның жалпы дүниелік мағынасын анықтау амалдары өз кемеліне жетті. Әлеуметтік өмірді ұғынуда пәлсапалық ойлауға жалпылық ғана емес, тұтастық, концептуалдық тән. Ол социологияға қарағанда жалпылығы кеңірек теориялық және тәсілнамалық негіз жасайды. Қоғамның мәнін тұтас алып көрсететін әлеуметтік философия әлеуметтануға қоғамның жеке бөлшектерін осы тұтас тығыз байланыспен қарауға мүмкіндік береді. Әлеуметтану жалпы заңдылықтарға сүйеніп, өзінің мәні мен объектісіне сай нақты әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерін сипаттайтын заңдар мен ұғымдарды зертейді. Екінші жағынан, әлеуметтану қоғамдық өмірге нақты талдау жасап беріп, әлеуметтік философияның ғылыми ұғымдары мен пәндік мазмұнын байытуға мүмкіндік туғызады. Ақиқат өмірімен, тәжірибемен, оның байланыстарын кеңейту мен тереңдету арқылы қағидаларын дәлелдеп және нақтылап береді. Бірақ, бір – бірімен тығыз байланысы мен өзара енуі олардың өздері ғана айналысатын мәселелерін ауыстырмаса керек.
Ш.Қ.Қарабаев «Әлеуметтану негіздері», Алматы 2008 жыл
1. Әлеуметтану – әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
5 – 10 беттер
2. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары 90 – 97 беттер
3. ХХ ғ әлеуметтануы 48 – 71 бет
4. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде137 – 144 бет
5. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер 97 – 101 бет

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
1. Әлеуметтану - әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
2. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
3. ХХ ғ әлеуметтануы
4. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
5. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
Орындаған: Мұса Мадина
Тексерген: Мамырбеков А. М.
Топ: Қ - 509
Семей 2015 жыл
1) Әлеуметтану - әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Әлеуметтік философия адамның өмір сүруінің түпкі себептерінің мәңгі негіздерін дара тұлғалардың әлеуметтік өзара қатынастарын анықтайтын, белгілейтін қозғаушы күшін, қайнар көзін түсіндіруде жетекші қызмет атқарады. Дүниенің философиялық ұғынылуы шындықтың теориялық танымының жоғары тұрпаты ретінде ғылыми білімнің ең дамыған ұйымдастыру түрі болып табылады. Нақ пәлсапа шеңберінде білімді талдау мен тұтастау, жалпылау қарапайым құбылыстардан мазмұнға жету, жеке деректерден оның жалпы дүниелік мағынасын анықтау амалдары өз кемеліне жетті. Әлеуметтік өмірді ұғынуда пәлсапалық ойлауға жалпылық ғана емес, тұтастық, концептуалдық тән. Ол социологияға қарағанда жалпылығы кеңірек теориялық және тәсілнамалық негіз жасайды. Қоғамның мәнін тұтас алып көрсететін әлеуметтік философия әлеуметтануға қоғамның жеке бөлшектерін осы тұтас тығыз байланыспен қарауға мүмкіндік береді. Әлеуметтану жалпы заңдылықтарға сүйеніп, өзінің мәні мен объектісіне сай нақты әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерін сипаттайтын заңдар мен ұғымдарды зертейді. Екінші жағынан, әлеуметтану қоғамдық өмірге нақты талдау жасап беріп, әлеуметтік философияның ғылыми ұғымдары мен пәндік мазмұнын байытуға мүмкіндік туғызады. Ақиқат өмірімен, тәжірибемен, оның байланыстарын кеңейту мен тереңдету арқылы қағидаларын дәлелдеп және нақтылап береді. Бірақ, бір - бірімен тығыз байланысы мен өзара енуі олардың өздері ғана айналысатын мәселелерін ауыстырмаса керек.
Жалпы социология - қоғамды тұтас алып, бірыңғай жүйе ретінде өзгеше және бөлінбейтін, бүтін организм деп қарайды. Ал жеке гуманитарлық пәндер қоғамның бір саласын - экономиканы, құқықты, тарихты, психологияны, дінді, саяси жүйені зерттейді. Алымен тарихты қарағанымыз абзал. Тарих өз дамуы мен білімі арқылы социологияның қалыптасуын қамтамасыз етті. Тарихты жинайтын әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты мағлұматтар жалпы социологиялық заңдарды ашуға мүмкіндік туғызады. Бірақ бұл заңдардың тұжырымын табиғи ғылымның өзі емес, социология ғылымы жасайды. Жалпы әеуметтану тарихы көрсеткен әлеуметтік құбылыстың белгілі түрінің жалпы қасиеттерін анықтап береді. Егер де тарихи деректермен оқиғаларды суреттесе, социология ұғымдарға сүйеніп жалпылайды және тұжырымдайды. Ал оны тарих өз пәнін тереңдеп көрсетуге қайтадан пайдаланады.
Экономикалық ғылымдар қоғамдағы өмірге қажетті материалдық құрылғыларды өндіру мен айырбастау, бөлу мен тұтыну саласына байланысты заңдарды зерттейді. Экономика пәні адамдардың өндірістік қатынастары мен оның негізінде қалыптасатын экономикалық қызметтердің түрін зертейді. Бұл қоғамдық қатынастардың айқындаушысы болғанымен, бір түрі ғана. Ал социология тұтастық туралы экономикаға қарағанда ауқымдылау білім беретіндіктен, экономикалық ғылымдар оған сүйенуге тиіс. Олар өндірістік дамуды дара адамның әлеуметтік дамуымен ұштастыруға жете көңіл бөле алмайды. Әлеуметтану экономиканың ұйымдық, техникалық басқару мақсаттарын шешудегі қызметкерлердің мінез - құлқын талдайды. Адамның білімінің, еркінің, уәждерінің, дәлелдерінің, ықыласының және олардың еңбек өнімділігін арттыруына, өнімнің сапасына, халық шаруашылығының әлеуметтік тиімділігін жоғарылатуға олардың жасайтын ықпалын көрсетіп, социология, экономика ғылымдарына өз көмегін тигізеді. Яғни, адамсыз өндірістің болмайтынына баса назар аударады. Өз кезегінде, әрине социологияда өзінің жеке әлеуметтік құбылыстарды зерттеулеріне экономика ашқан заңдарды қолдануы тиіс.
Саяси ғылымдар саясатты қоғамдық үдерістер, қатынастар мен институттардың жиынтығы ретінде алып қарайды. Осылар арқылы дау - дамайлы жағдайлар мен қоғамдық мүдделерді саналы түрде реттейді және әлеуметтік қауымның жалпы істері мен тіршілік әрекеттеріне қатысты шешімдері қабылданады және жүзеге асады. Яғни, 1) әлеуметтік қауымдар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектісі мен объектісі болады. 2) саяси қызмет жеке адам мен оның қауымдарының негізгі тіршілік әрекеті тұрпатының бірі болып қаралды. 3) саясат кең, күрделі және көпқырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласында көрінеді, әрі қоғамның дамуын тұтас алғанда көп жағынан айқындайды.
Тағы бір дәлелі - саяси әлеуметтанудың жеке теория ретінде социология аясында қалыптасуы. Сонымен қатар, саясаттану мен әлеуметтану - екі түрлі ғылымдар. Біріншісі - қоғамның саяси өмірін, ал екіншісі - әлеуметтік шындықты зерттейді. Сондықтан бұл қоғамдық құбылысты олар өзінің пәні мен әдісі тұрғысынан қарайды. Саясаттану саяси білікті ұйымдастыру құрылымын жалпы қоғамның даму заңдарының аясында қарайды. Ал әлеуметтану билікті, саяси қатынастар мен әлеуметтік құрылымның бейнесі ретінде зерттейді.
Сол сияқты құқықтану - құқықты ерекше мөлшердің жүйесі ретінде, оның қоғамдағы атқаратын қызметін, қоғамдық қатынастарды реттейтін жағдайларын зерттейтін ғылым. Ал әлеуметтану құқықты, құқықтық қатынастарды әлеуметтік тұрғыдан алып қарайды. Әлеуметтану ілімі заңның пайда болу себептерін, құқықтық мөлшердің қалыптасу үрдісіне әртүрлі жайттардың ықпал жасауын, құқықтың атқаратын әлеуметтік қызметтері арқылы құқықтың әлеуметтік әрекетін зерттейді, заң қалыптары мен талаптарының жеке тұлғаның әлеуметтік жүрісм - тұрысына айналу үдерістерін ашып береді, әлеуметтік қатынастардың құқықтық тұрпатына ауысуын көрсетеді. Құқық социологиясы құқықты тұтастың, бүкіл қоғамдық өмірдің бөлігі ретінде, құқықтық салада слциологиялық заңдылықтардың өзгеше көрінуін зерттейді. Әлеуметтанудың мақсаты - құқыққа жасайтын әлеуметтік факторлардың, әлеуметтік қатынастардың, институттар мен ұйымдардың ықпалын анықтау. Құқықтану мен әлеуметтанудың өзара әрекет етуінің нәтижесінде социологияның маңызды бір саласы - құқық әлеуметтануы қалыптасты.
Осы сияқты басқа да қоғамдық ғылымдар мен әлеуметтанудың арасында тығыз өзара байланыс пен өзара ықпалы бар. Осындай бірлескен әлеуметтік пәндердің жиынтығы қоғамды біртұтас организм ретінде терең, әрі жан - жақты тануға мүмкіндік береді.
2) ХХ ғасырдың әлеуметтануы
ХХ ғасырдың басында Францияда қоғамдық - саяси қатынастардың дамуы өзінің биік деңгейіне жетті. Әлеуметтанудың осы қолайлы жағдайының О.Конт (1798 - 1857) туып, өскен ортасына тікелей әсері тиді. Ол Сен - Симонның ғылыми хатшысы болып, алапат революциның қорқынышты кезеңдерін басынан өткізіп, ғылыми ізденістер барысында өз ұстазының революциялық теориясына эволюциялық әлеуметтану теориясын қарсы қойды. Осы түсініктерін О.Конт Позитивтік философияның мазсұндамасында баяндап берді. Бұл еңбегінде ол барлық ғылымдарды топтастырады және әлеуметтану адамзат туралы ғылым деп анықтайды. О.Конт әлеуметтік құрылымның бастапқы бөлшегі ретінде жанұяны атайды. Жанұядағы кездесетін қатынастар қоғамдағы билейтін қатынастардың табиғи негізі болып табылады. Олар теңсіздік пен бағынушылық. Конттың тапсыруы бойынша қоғамның құрылымның негізгі 4 тап құрайды: ғылым, философия, эстетика. Таптардың өзара ынтымақтастықта еңбек етуі қоғамның әлеуметтік сілкіністерсіз эволюциялық дамуына жол ашады. Осыны уағыздайтын Конт революцияға да, демократияға да қарсы болады. Сондықтан өз ғылымының басты мақстаны берік тәртіпті орнатуға жетуді және өрлеу жолымен жүруді үйретуінде деп баянайды. Конт адамзаттың дамуының 3 кезеңіне сипаттама береді. 1. Теологиялық, 2. Метафизикалық, 3. Позитивтік. Конттың тағы бір маңызды тұжырымы қоғам туралы ғылымды қалыптастырудың қажетті екенін дәлелдеген жаңалығы: еңбек бөлінісі мен кооперация арқылы әлеуметтік және кәсіби топтар пайда болатынын, қоғамдағы әртүрлілік кең өріс жаятынын, адамдардың тұрмыс халі өрлей беретінін түсіндірді.
Конттан кейін әлеуметтану ғылымын дамытқан ағылшын ғалымы - Г.Спенсер (1820 - 1903). Ол әлеуметтанудағы биологиялық бағыттың негізін қалады. Оның көзқарастары 3 томдық Социология негіздерінде суреттеліп берілді. Ол қоғамды адамның организміне ұқсастырады, оның әр мүшесі сияқты, әр тап пен әлеуметік жік белгілі қызметтерін атқарады.
О. Конт жеке адамның қоғамға толық бағынышты болуын дәріптесе, Г.Спенсер керісінше қоғамды дара тұлғаның мақсаттарын жетілдіруші құралы деп қараған. Спенсердің пікірінше, адамдар бастапқы кезеңнен бірге ынтымақтасып өмір сүрудің олар үшін ұтымды екенін түсінген. Спенсердің көзқарасының негізінде бірліктердің қасиеттерін анықтайды деген жалпы қағида жатты.
К. Маркс (1818 - 1883) социологияда жарық із қалдырды және түрлі пайымдауларды дүниеге әкелді ол - ленинизм, сталинизм, троцкизм, маоизм сияқты марксизмнің нұсқалары. Марксизмді оларға толық теңестіруге болмайды, өйткені олар марксизмнің абыройын өзінің саяси іс - әрекеттерін заңдастыру үшін пайдаланған. Ал шындығында марксизмнің 50 жылдық кезеңінде қоғамның өзгеруімен бірге Маркс пен Энгельстің дүниетанымыда өзгеріске ұшыраған. Бірақ кеңестік дәуірде Марксизмді қасаң қағидаға айналдырып, басқа әлеуметтік мәдени ақиқат жағдайында жеткілікті шығармамен қолдана алмады.
Маркс пен Энгельс кез келген қоғамды талдауда өндіріс күшінің, ғылыми және техникалық білімнің, адамдар арасындағы материалдық қатынастардың жағдайын анықтайды.
Р. Мертон - құрылымдық функционалдық мектептің екінші маңызды өкілі. Спенсердің биологиялық көзқарастарын одан әрі дамытып, Мертон функционализм негізін қалайды. Мертонның орта деңгейдегі теориялары мысалы, әлеуметтік рөлдер, әлеуметтік мәртебе, референттік топтар сияқты адами шындықпен тығыз байланысты. Мертонның ғылыми қағидасы мағыналық және ұғымдылық көрнекілікпен тартымды әрі құнды.
М. Вебер (1864 - 1920) ең ірі социолог ретінде әлеуметтану ғылымының орнығып дамуына зор үлес қосты. Вебердің көзқарасының қалыптасуына тәрбиеленген ортасы - дәулетті, немістің атақты ғалымдары қонақта болатын отбасының өмірі үлкен ықпал етті. Вебер жас кезінде әкесінің ұстанған жолын қолдаған, бірақ уақыт өте шешесінің ықпалымен протестанттық дүниетанымды дұрыс деп тапты.
Э. Дюркгейм (1858 - 1917) Конт пен Тард сияқты биологиялық немесе психикалық жағын әспеттемей, ол әлеуметтік құбылыстың шығу себептерін іздейді. Оның іргелі сенімдеріне сай қоғамның негізін ерекше, нақтылық, шындық құрайды, ол адамдарды бірыңғай біріктіріп, араларында өзгеше сипаттағы ынтымақтастық орнықтырады, сондықтан өзінің жалпы жеке заңдары болады. Дюркгейм әлеуметтік деректерді: 1) морфологиялық (жадығаттық) және 2) руханилық деп бөлді.
П. Сорокин (1889 - 1968) - тегі орыс американдық социолог, 40 - тан аса кітап, бірнеше жүз мақала жазған ірі ғалым. Оның шығармалары әлеуметтанудың дамуының сапалық жаңа кезеңін бастайды. Сорокин қоғамдық ғылымдардың осы күнге дейін жинағандарының негізінде интегралды әлеуметтануды жасайды. Әлеуметтану - дейді Сорокин, ерекше сыртқы болмысына ие болатын және тікелей байқауға жарайтын әлеуметтік құбылыстарды, яғни әрекеттестікте болатын адамдардың жүріс - тұрысын зерттейді. Сорокиннің пайымдауынша, революция бұқараның өмірінің материалдық және рухани жағдайларын жақсартудағы ең нашар жолы, өйткені ол неге қолы жетсе де, оған жеткізетін тым үлкен, шамасы келмейтін ұлы құн төленеді. Бірте - бірте әлеуметтік даму тарихының, деп жазады Сорокин. Сорокин арамтамақ, парақор, әрі дарынсыз, дамудың, ілгерілеудің тұсауына айналған ақсүйектер тобын жақтамайтынын айқын көрсетеді.
Т. Парсонс (1902 - 1979). 1930 жылы АҚШта көптеген эмпирикалық деректердің жиналған кезі, оның негізінде жеке қорытулар, ойтұжырымдар жасалынды, бірақ жалпы социологиялық теорияның қажеттілігі сезілді. Бұл мақсатты шешуді Т.Парсонс өз міндетіне алды.
3) Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
Қандай да ғылым болмасын белгілі бір объективтік қажеттіліктерге, өмір сұранысына байланысты пайда болады. Сондықтан біздің нақтылы ғылым туралы біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болмау үшін әрбір ғылымның шығу, пайда болу тарихын білу қажет.
Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның Заңдар, Мемлекет туралы еңбектері мен Аристотельдің Саясат, т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.
Платонның Мемлекет туралы еңбегіндегі негізгі тұжырым әлеуметтік мәселелерді сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасау болып табылады. Қоғам басшысынан бастап бұзылады деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел. Платонның ойынша, мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді.
Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жету болып табылады. Бұған белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі.Бұл мәселелер жаңа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz