Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
СӨЖ
Тақырыбы: 1. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары; 2. Өзге тілден енген сөздер; 3. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні; 4. Лексикография.
Орындаған: Әбілмажинова Ж. С.
Тексерген: Қалиева С. Е.
Тобы: ФИ 403
Семей 2015ж
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Қазақ тілінің сөздік құрамы. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс - жағдайын, күнкөріс - тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәдени тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз. Алайда, тілдегі сөздердің барлығы бірдей осы тілде сөйлейтіндерге түп - түгел таныс болмауы мүмкін. Кейбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап емес.
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне қарай актив және пассив сөздер деп екіге бөлінеді.
Актив сөздер - күн сайын жиі қолданылатын сөздер.
Пассив сөздер - сирек пайдаланылатын, мән - мағынасын түсінгенімен, күн сайын қолданылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге, көбінесе, ғылыми - техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады.
Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры. Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, неізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді.
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады.
- Негізгі сөздік қорға тән басты белгі - тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді. Оған неғұрлым кейін пайда болып, жалпыхалықтық сипат алған, қазақтың байырғы сөздері, кейбір кірме сөздер де кіреді.
- Негізгі сөздік қорға тән екінші басты белгі - оның сөз тудыруға ұйытқы болатындығы.
- Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі - оның жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күнделікті өмірінде үнемі қоданып отырады.
- Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасы мынадай жәйіттерден нақты көрінеді.
- Негізгі сөздік қор мен сөздік құрам бір - бірін толықтырып, жаңартып отырады. Тіл дамуының бір кезеңіндегі негізгі сөздік қорға енген сөздер, онығ екінші бір кезеңінде сөздік құрамға ауысады. Мысалы: шидем, асадал, қорамсақ, кит кию, отқа салар, малай, дүре т. б сөздер бір кезде халық өмірінде аса қажет ұғымдарды білдіріп, негізгі сөздік қорда болса, жаңа заманда ол ұғымдардың ескіріп, қолданылмауына байланысты сөздік құрамға ауысып, оның пассив қабатынан орын алады. Керісінше, сөздік құрамдағы электр, радио, телефон, фирма, бригада, вокзал т. б сөздер тілге кейін енгеніне қарамастан, жалпыхалықтық сипат алып, негізгі сөздік қорға ауысып отыр.
- Негізгі сөздік қордың сөз тудыруға ұйытқы болатын қасиетінің арқасында сөздік құрам үнемі жетіліп, толығып отырады. Негізгі сөздік қор сөзжасам тәсілдері арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесінің даму бағытын анықтап, ірдайым сабақтастырып, байланыстырып отырады.
Қазақтың байырғы төл сөздері. Төл сөздер тек қазақ тіліне тән және түркі халықтарына ортақ сөздерден тұрады. Түркі тілдеріне ортақ сөздердің көпшілігі қазақ тілінің де төл сөзі болып келеді. Мысалы: бас, су, тіл, аяқ (зат есім), сары, жаман, жақсы (сын есім), бір, екі, үш (сан есім), кел, кет, отыр (етістік), сен, сен, ол (есімдік) т. б. Түркі тілдеріне ортақ сөздердің қазақтың өз сөздерінен ешқандай айырмашылығы білінбейді. Тек кейбір сөздерде ғана фонетикалық өзгерістерге ұшырағаны немесе көне пішінін сақтағаны білінуі мүмкін.
Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиевтің көрсетуінше, байырғы төл сөздер дегеніміз - халқымыздың өмір тіршілігі, тұрмысы, шаруашылығы, мәдениеті, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жапыхалықтық сипат алған сөздер.
Қазіргі қазақ төл сөздерінің жасалу жолдары 4 түрге бөлінеді: 1. Лексика - семантикалық, 2. Фонетикалық, 3. Синтетикалық, 4. Аналитикалық.
- Лексика - семантикалық тәсіл арқылы сөз жасау жолдары сөздердің сан жағынан емес, спа жағынан баюын көрсетеді.
- Фонтикалық жолмен жасалған сөздер әуелі дыбыстардың алмасуы, қосылып айтылуы және түсіріліп айтылуы арқылы вариантты сөз ретінде қолданыла келе жеке - жеке мағынаға ие болу арқылы қалыптасады. Мысалы: өкімет( власть ) - үкімет (правительство) болып тілімізде қолданылуы дыбыстардың (Ө-Ү) алмасуы арқылы пайда болған.
- Синтетикалық тәсіл. Синтетикалық сөз жасау тәсілі 3 түрлі жолмен жасалады.
- Қазақтың төл сөздеріне, осы тілдің өз қосымшалары жалғану арқылы жасалған сөздер. Мысалы: сүзбе, сыпырғы, бірік, қысқы, қатынас, шегеле т. б
- Басқа тілден енген сөздерге қазақтың төл қосымшалары жалғану арқылы жасалған сөздер. Мысалы: Иран тілдерінен енгендос, гүл, шәкіртсөздері қазақ тіл қосымшалары қосылыпдостық, гүлден, шәкірттіксөздері жасалған. Араб тілінің ауқат, қаһарман сөздерінен ауқатты, қаһармандық т. б жаңа төл сөз жасалған. Орыс тілі арқылы енген сөздерден партиялық, спортшы, бетондау т. б сөздер жасалады.
- Қазақтың төл сөзіне басқа тілден енген қосымшалар жалғанып та сөздер жасалады. Мысалы: іскер, тыңгер, әсемпаз, түйекеш т. б.
- Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздер. Күрделі сөздер негізінен бірігу, қосарлану, тіркесу жолдарымен жасалады.
- Бірігу арқылы жасалған сөздерге қолғап, әжептәуір, сексен, әкет, өйткені, анағұрлым т. б. жатады.
- Қос сөздерге аяқ - табақ, құрбы - құрдас, үлкен - кішілі, у-шу, қысы - жазы, күні - түні т. б.
- Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сөздер. Мысалы: аяқ киім, кәрі жілік, ат жақты, көк ала, он бес, бауыр басу т. б [1. 56-60бет ]
Өзге тілден енген сөздер
Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер, әрбір тілдің лексикасында да бар. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге болады. Ағылшын тілі лексикасында ағылшындық төл сөздер 30% шамасында ғана, ал өзгелері басқа тілдерден енген. Болгар тілінде түрік тілінен енген сөздердің саны өте көп. Мәселенің осы жағынан ескерте келіп, көрнекті тюрколог Н. К. Дмитриев: «Болгар сөздігі мен тілінің қалыптасып жасалуында түрік тілінің атқарған қызметі роман тілдері элементтерінің ағылшын тілінің жасалуында атқарған қызметінен кем емес», - деп жазды.
Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың халықтардың тілдерінде орыс тілінен енген көптеген сөз бар. Орыс тілінен түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне, ертеректе еніп қалыптасқан сөздердің сінісіп кеткені соншалық, олардың басқа тілдік сөздер екені бірден аңғарылмайды да. Мысалы: доға, қамыт, бишік, жәшік, самауыр, бәтеңке, сәтен, барқыт.
Осы сияқты түркі тілдерінен де орыс тіліне бірсыпыра сөздер ауысқан. Мысалы: арба, арбуз, арык, бай, балык, барыш, буран, деньги, изюм, камыш.
Қазақ тілінде орыс тілінен енген одеколон, араб тілінен енген табиғат деген сөздердің білдіретін ұғымы қазақтың иіссу, жаратылыс деген төл сөздерінің ұғымынан басқаша емес. Километр - шақырым, доктор - дәрігер, шекер - қант, қайрат - күш тәрізді синонимдік қатарлар жайында да осыны айту қажет. Бұл синонимдік қатарлардың да алдыңғы сыңарлары - басқа тілдік сөздер.
Шығу төркіні жағынан алып қарағанда, сөздердің тілден тілге ауысыуының тікелей ауысу және жанама түрде ауысу деп аталатын екі түрі болады. Бірінші тәсіл бойынша белгілі бір сөздер бір тілден екінші тілге тікелей енеді де, екінші тәсіл бойынша кейбір сөздер бір тілден екінші тілге тікелей тікелей емес, басқа бір тіл арқылы енеді. Мысалы: қазақ тіліне көшір, түрме деген сөздер орыс тілінен енген. Ал бұларды шығу тегі жағынан алып қарасақ, олар неміс тілінің сөздері болып табылады. Олар неміс тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне енген.
Тіл - тілдің лексикасында ауызша енген кірме сөздер де, жазбаша енген кірме сөздер де бар.
Ауызша түрде енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне байланысты зат атаулары болып келеді.
Жазбаша немесе кітаби кірме сөздер көбінесе ғылыми - техникалық әдебиет пен өнер т. б. арқылы енген және солардың белгілі бір саласына бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. [2. 201-206бет]
Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
Қай халықта болсын тілдің негізгі қызметі коммуникативтік функция бола тұра сөйлеуші не жазған кісінің әңгіме болып жатқан мәселеге көзқарасын, эмоционалды қатынасын қоса жеткізеді. Бұл заңдылық қазақ тілі лексикасының әрі күрделі, әрі кең ауқымды екенін көрсетеді. Қазақ тілі лексикасы 2топқа бөлінеді. 1) Эмоционалды - экспрессивті лексика; 2) Белгілі стильге тән лексика.
Эмоционалды - экспрессивті сөздер. Эмоционалды - экспрессивті сөздерді түсіну үшін оны эмоционалды - экспрессивті бояуы жоқ сөздерден ажырата білу керек. Мысалы: бас, аяқ, жұмыс, т. б сөздерден сөйлеушінің зат не қимылға көзқарасы көрінбейді. Сондықтан мұндай сөздерді бейтарап лексика деп атайды. Бейтарап сөздер мен эмоционалды - экспрессивті сөздерді ажырату үшін синонимдес сөздерді салыстырған жөн. Мысалы: алдамшы, суайт, өтірікші сөздерін бір - бірімен салыстырсақ, өтірікші сөзі бейтарап болады да, алдамшы, суайт, өсекші сөздеріне сөйлеушінің көзқарасында жек көру, менсінбеу аңғарылатындай бояу бар. Мысалы: тою - милығу, жүзі - бет-әлпеті, ұрлау - жымқыру, сөйлеу - сарнау, т. б сөздердің біріншісі бейтарап сөз болса, екінші, үшінші қатардағылар экспрессивті бояулы сөздер екені аңғарылады.
Қазақ тіл білімінде эмоционалды лексика жайында алғаш сөз еткен І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев сияқты ғалымдар эмоционалды лексиканы екі топқа бөліп қарастырады: а) эмоционалды мәні бар сөздер; ә) кішірейту, аялау, үлекейту немесе құрметтеу мағынасындағы аффикстердің жалғануы арқылы пайда болған сөздер Ал Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев өздерінің «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбегінде эмоционалды- экспрессивті лексикаға мынадай анықтама береді: « Сөздер зат, құбылысты, олардың белгі-қасиетін, болмаса іс-әрекетін ғана атап білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивті-эмоционалды лексика деп аталады» [3, 170бет] .
Сөйлеушінің не жазған кісінің көзқарас, пікірінің түріне қарай экспрессивті бояулы сөздер жағымды және жағымсыз белгілерді аңғартатын сөздер болып екіге бөлінеді.
Эмоционалды - экспрессивті бояулы сөздер адамның көңіл-күйіне, қуаныш-қайғысына, психикалық процеске байланысты айтылады. Сондықтан да эмоционалды - экспрессивті сөздер жағымды және жағымсыз болып екіге бөлінеді. Жағымды экспрессивті - эмоционалды сөздер көңілді, сезім мен қуаныш қалыпты, таңырқау, сүйсіну мән-мағыналарын береді. Мысалы: ғаламат (өзгеріс), ғажайып (көрініс), керемет(әуен) т. б. Жағымсыз эмоционалды - экспрессивті сөздер төмен санау, менсінбеу, жек көру т. б. мін-мағынаны аңғартады. Мысалы: шүңірек (көз), арбиған (дене), сүмеғдеу, болбыр т. б.
Белгілі стильге тән лексика. Қазіргі қазақ тілі лексикасы эмоционалды - экспрессивті бояулы болу, болмауына қарай ғана бөлінбейді, стильдік тармақтарға қарай да икемделеді. Мысалы: іскер, ысылған, тіс қаққан, әккі, тәжірибелі деген синонимдес сөздерді алсақ, тәжірибелі, ысылған, іскер сөздері бейтарап болады да, барлық стильде қолданыла береді. Ал, тіс қаққан көркем әдебиет, публицистикада қолданылуға бейім келеді. Тіліміздегі сөздердің қай стильде қолданылуына байланысты саралануы қайтып өзгермейтін, түпкілікті жайт емес. Ол әр түрлі қолданыста өзгеріп, бірінен - біріне өтіп отыруы да немесе бейтарап лексика ретінде қалуы да мүмкін. Керісінше бейтарап лексика құрамынан шығып, белгілі стильге тән мән - мағынаға ие болуы да мүмкін. Сондықтан қазақ лексикасы стиль жағынан 1) стильаралық (бейтарап) лексика; 2) стильдік тармақтарға тән бейімделген лексикалар деп бөлінеді.
Бейтарап лексика деп стильдік тармақтың белгілі бір түріне ыңғайланбаған, қай мәтінде де қолдануға келе беретін сөздерді айтады. Оған су, нан, теңіз, көл, дала, ағаш т. б. сөздер жатады. Стильдік тармаққа сараланған сөздерге белгілі бір стильде қолданылып қалыптасқан сөздер жатады. Сондықтан қазақ тілі лексикасын 1) сөйлеу тілі лексикасы; 2) кітаби лексика деп екі топқа бөлуге болады.
Сөйлеу тілі лексикасы - қарым-қатынас жасау мақсатында еркін сөйлеу үшін алдын ала дайындықсыз қолданылатын сөздер. Бұл сөздер тұрмыста ғана жұмсалып қоймайды, адам еңбек ететін, тіршілік жасайтын салалардың барлығында да пайдаланылады.
Кітаби лексикаға сөйлеу тілінің тұрмыстық - қарапайым лексикасынан, диалектизмдерден өзге әдеби нормаға енген, ғылыми, публицистикалық, ресми, көркем әдебиет стиліне қолданылатын сөздер жатады. [1. 75-78бет] [4. ]
Лексикография.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz