Аймақтың инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары


Аймақтың инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары
Жоспар:
- Инвестиция тартудың жалпы тиімділік факторлары
- Капитал салынымдарын арттыру тәсілдері мен жолдары
- Аймақтың инвестициялық тартымдылығын жақсартуды мемлекеттік реттеу
Пайдаланылған әдебиеттер
Соңғы жылдары Қазақстанның аймақтар саласында инвестициялық белсенділікті жандандыру - тұрақты экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі жолы болып табылады.
Қазақстанның инвестициялық саясаты отандық және шетелдік инвестицияны тарту қажеттілігінен шығады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық саласына қолайлы инвестициялық климатты қалыптасытудың механизмдерін жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу мен қолдау жолдарын қарастыруымыз керек.
Аймақтарға келіп түсетін инвестицияларды арттыруды микро, яғни кәсіпорын деңгейінде қарастырсақ, салынған капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді және осы факторларды үлкен екі топқа бөліп қарастыруға болады - ішкі және сыртқы орта факторлары.
Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің бір жолы әкімшілік- құқықтық механизм көмегімен жүзеге асырылады. Яғни, басқару деңгейлері арасында мемлекеттік функционалдық өкілеттіліктерді бөлуді, әділетті бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін заңдарды шығару мен жүзеге асыру қажет. Осындай жүйе аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандырады және аймақтарда қалыптасқан жағдай үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырады. Қазіргі таңда аймақтардың дамуы бір деңгейде болмай тұр. Сол себепті экономикасы артта қалған аймақтарға экономикасы дамыған аймақтардан көмек көрсетілуде. Сол себепті барлық аймақтардың экономикасын теңестіру үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп және жекелеген артта қалған аймақтарды қолдау мен ынталандыру үшін қосымша экономикалық механизмдер қолдану қажет. Артта қалған аймақтарды қолдау мен ынталандыру механизмінде негізгі орын инвестицияларға беріледі. Сол себептен мемлекеттің инвестицияны реттеу жүйесі 3 кезеңмен жүргізіледі:
кезеңде - ең алдымен жобалардың басымдылығын анықтау және қажеті инвестициялық жиынтыққа бөлу, яғни инвестиция бөлетін аймақтардың басты мәселелерін анықтап, аймақтарды инновациялық технологиямен, өнірістермен және логистикалық инфраструктура мен дамыту қажеттілігін анықтау;
кезеңде - мемлекеттің инвестициямен көмек көрсету жобасының басты мақсаты жобаларға құрылымдық-функционалдық талдау жасау, яғни аймақтарды дамытудағы табиғи және экономикалық, экологиялық жағдайларына байланысты өнеркәсіп, инновация үрдісімен дамыту барысынталдау;
кезеңде - ақырғы этап бұнда зертелген аймақтарды инвестициямен қамтамасыз етіп және бөлін қаражатты мемлекет тарапынан реттеліп, бақылап отыру .
1 сурет. Аймақтарға инвестицияның тиімділік факторлары
Қазіргі уақытта аймақтық салаларына салынған инвестициялардың қайтарымдылығының төмен деңгейде болуына 2-топтың факторларының әсері мол. Ол мыналармен анықталады: инфляция, баға диспаритеті, несиеге жоғары пайыз қойылымы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қатысты дұрыс ойластырылмаған салық саясаты т. б.
Капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігін төмендегілердің есебінен арттыруға болады:
- тәжірибеде өзін-өзі ақтап шыққан үлгілік жобаларды кеңінен қолдану, бұл объектіні жобалауға кететін уақыт пен ақша шығ ынын айтарлықтай төмендетеді, сондай-ақ тиімсіз жобаларды таңдау мүмкіндігінің тәуекелін азайтады;
- объектінің құрылысы мен оны игеруге кететін мерзімін қысқарту, нәтижесінде аяқталмаған құрылыс көлемі азаяды, сонымен қатар, күтілген экономикалық әсер алуға қажет уақыт та азаяды;
- салынымдардың жинақтылығын қамтамасыз ету (мысалы, мал шаруашылығында мал қораларын, азықтандыру орындарының құрылыс көлемі мен негізгі отарды құру шығындарын оңтайлы үйлестіру керек) ;
- тиімді жобаларға капиталдық салынымдарды салудың басымдылығы, бірінші кезекте қолданыстағы объектілердің қайта жөндеуімен байланысты (қайта жөндеуге салынған салынымдар жаңа объектінің құрылысымен салыстырғанда 2-3 есе тез қайтарылады;
- инвестициялардың маңызды объектілерге шоғырлануы, олардың ұсақ құрылыстарға шашырамауы;
- үнемділік режимін сақтауы;
- ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдану
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Аймақтарды дамыту және де мәселелерді шешу үшін келесідей факторларды атап өткен жөн. Олар келесідей:
- табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикасын жақсарту;
- аймақтарды инновациялық технологиялармен жабдықтау;
- аймақтардағы экологиялық мәселелерге жіті назар аудару .
Аталған факторларды жүзеге асыру барысында әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да ат салысулары талап етіледі. Осымен байланысты аумақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:
- біріншісі - макродеңгейде аймақ экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру;
- екіншісі - мезодеңгейде тиімді аймақтық менеджмент механизмін қалыптастыру;
- үшіншісі - жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдіру.
Инвестициялық қолдау, сонымен қатар, туризм саласын қамтып отыр. Өйткені, бұл сала аймақтардың табысын және жұмысбастылықты өсірудің маңызды көзі. Инвестициялық жобаларды дайындау барысында барлық қаржы көздерінің ішінде басымдық жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, еңбекті көп қажет ететін жобаларға беріледі. Экологиялық және экономикалық жағдайы төмен аймақтарға қолдау инвестицияларынан негізгі көздері мемлекеттік бюджет қаражаттары мен заңға қайшы келмейтін басқа да көздер бола алады. Жоғарыда ұсынылған механизмдер әрбір аумақтағы проблемаларға қатысты қолданылады. Сонымен қатар, атап өтетін жайт, бұл шаралар проблемалы аумақтардың жергілікті атқарушы органдарымен, шағын және орта бизнес субъектілерімен қолданатын болса ғана оң нәтиже береді. Жергілікті атқарушы органдар өз тарапынан мыналар бойынша саясат жүргізуі қажет:
- аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, инвестициялар еркін құйылуға жағдай жасау;
- шағын және орта кәсіпорындарды күшейту шараларын жүргізу;
- аймақтарда бизнес-инкубаторлар мен ақпараттық орталықтарды құру арқылы зерттеулерді, инновацияларды, ҒЗТКЖ-ын және технологиялар трансфертін инвестициялық қолдау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz