Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы мәлімет
І Кіріспе
ІІ Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны
2.1. Қ.Мұхамедхановтың зерттеу.мақалалары
2.2 Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
3. 1 Қайым тапқан қайшылықтар
3.2 Қайым Мұхамедхановтың «АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІ» диссертациясы мен авторефератына берілген пікірлер
3.3 Қайым ағаның Карлагтағы тағдыры
ІІІ Тұжырым
ІV Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер.

Қайым Мұхамедханов – қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым. Сондай-ақ, Қ.Мұхамедхановтың әдебиеттану саласындағы көптеген мақалалары қазақ әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиеті даму бағыттарын белгіледі. Ғалымның ғылыми еңбектерімен қатар ақындық, жазушы-драматургтық, аудармашылық таланты да ерекше көзге түседі. Сонымен, ақын, аудармашы, қазақ әдебиеті тарихы мен теориясын терең білетін ғалым, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылықтарының білгір маманы, бір сөзбен айтсақ, нағыз энциклопедист.
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500- ден асады екен). Мысалы, «Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында», «Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов – алғашқы кәсіби қазақ суретшісі», «Қ.Еркебаев және С.Әлімбетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері», «Тағы да Айқыз туралы», «І.Бораганский», «Қаракерей Қабанбай», «Бұқар жырау», «Шешен Сабыржан», «Сабыржан Ғаббасов» және тағы басқа мақалаларындағы тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты. Ал, «Абайдың бұрын жарияланбаған өлеңдері», «Түзелгені қайсы? Түсініктері қайсы?», «Қазақ әдебиетінің адал досы», «Саади Ширази», «Құдай деген сөзден құдай сақтасын» және т.б. мақалаларындағы әдеби-танымдық, тарихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың болашақ зерттеулерінің ғылыми діңгегіне айналды.
Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес.

1) «Абайтану және Қайым Мұхамедханов» Алмахан Мұхаметқалиқызы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан – Ресей университеті, «Абай» орталығының директоры, Астана қаласы, «Абай-ақпарат»;
2) Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында.-Алматы, 2010.-164 б.
3) Мұхамедханов Қ. Абай кітабын алғаш шығарған Ілияс Бораганский.-Алматы,2009.-64 б.
4)«Қайымның қағидалары» мақаласы // Қазақ әдебиеті, №3, 16 қаңтар 2006 жыл
5)Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
6)Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2005.
7)Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2006.
8)http://www.cbssemey.kz/index.php?id=33&Itemid=1&lang=kz&option=com_content&view=article
9) [«Қазақ әдебиеті газеті» № 30 (3246), Айман Ақтанова,СМПИ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты ]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны
Орындаған: Тарпамбай Ә.С
Тексерген: Жүндібаева А.Қ
Қя-319 с
Семей-2015 ж
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны
2.1. Қ.Мұхамедхановтың зерттеу-мақалалары
2.2 Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы
3. 1 Қайым тапқан қайшылықтар
3.2 Қайым Мұхамедхановтың АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІ диссертациясы мен авторефератына берілген пікірлер
3.3 Қайым ағаның Карлагтағы тағдыры
ІІІ Тұжырым
ІV Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қайым Мұхамедханов - қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым. Сондай-ақ, Қ.Мұхамедхановтың әдебиеттану саласындағы көптеген мақалалары қазақ әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиеті даму бағыттарын белгіледі. Ғалымның ғылыми еңбектерімен қатар ақындық, жазушы-драматургтық, аудармашылық таланты да ерекше көзге түседі. Сонымен, ақын, аудармашы, қазақ әдебиеті тарихы мен теориясын терең білетін ғалым, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылықтарының білгір маманы, бір сөзбен айтсақ, нағыз энциклопедист.
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500- ден асады екен). Мысалы, Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында, Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов - алғашқы кәсіби қазақ суретшісі, Қ.Еркебаев және С.Әлімбетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері, Тағы да Айқыз туралы, І.Бораганский, Қаракерей Қабанбай, Бұқар жырау, Шешен Сабыржан, Сабыржан Ғаббасов және тағы басқа мақалаларындағы тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты. Ал, Абайдың бұрын жарияланбаған өлеңдері, Түзелгені қайсы? Түсініктері қайсы?, Қазақ әдебиетінің адал досы, Саади Ширази, Құдай деген сөзден құдай сақтасын және т.б. мақалаларындағы әдеби-танымдық, тарихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың болашақ зерттеулерінің ғылыми діңгегіне айналды.
Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Бұл туралы белгілі әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің Қайсар ғалым (1989, Жұлдыз) деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист, - деп бағалайды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шығармашылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шығармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ.Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі Әзім әңгімесі туралы Қ. Мұхамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай қаламынан шықпағаны туралы айтады. Және оған бірнеше дәлелді пікірлер келтіреді де поэма Ырсайдың Ысқағы деген Абай айналасындағы ақындікі дейді. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге үңіле назар аударып, зерттеген ғалымдар жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жатқан белестердің мол екені мен Қ.Мұхамедхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді. Бұл бір мысал ғана (Абай шығармаларының текстологиясы. 1959ж., 77-бетте). Абай өлеңдерінің текстологиялық зерттеулерінде де Қ.Мұхамедханов өзінің телегей білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ғалым Абайдың Сабырсыз, арсыз, еріншек, Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Сегіз аяқ, Қансонарда, Сап-сап көңілім, т. б. көптеген өлеңдерінің текстологиясымен қатар кімге арналғаны, қайда шыққанының тарихын да нақтылы, тың тұжырымдар арқылы дәлелдейді. Абай өлеңдер жинағының академиялық басылымдарында Қ.Мұхамедханов дайындаған түсініктемелерде де нақтылық пен ғылыми талдаудың жаңа қағидаларын көреміз. Бұл зерттеулер болашақ әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу нысандары деуге болады. Сондай-ақ, ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да шығармаларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі , Абай туралы және басқа да зерттеу еңбектерімен танысу
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі орнын таныту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Қ.Мұхамедхановтың зерттеу-мақалаларымен танусу
2. Қайым шығармаларындағы Абайдың ақын-шәкірттері
3. Қайым зерттеулерінің қазақ әдебиетіндегі орнын анықтау
Кілт сөздер: мақалалар, Абай, ақындық мектеп, шәкәрімтану.
ІІ Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны.

Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Бұл туралы белгілі әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің Қайсар ғалым (1989, Жұлдыз) деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист, - деп бағалайды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шығармашылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шығармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ.Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі Әзім әңгімесі туралы Қ. Мұхамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай қаламынан шықпағаны туралы айтады. Және оған бірнеше дәлелді пікірлер келтіреді де поэма Ырсайдың Ысқағы деген Абай айналасындағы ақындікі дейді. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге үңіле назар аударып, зерттеген ғалымдар жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жатқан белестердің мол екені мен Қ.Мұхамедхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді. Бұл бір мысал ғана (Абай шығармаларының текстологиясы. 1959ж., 77-бетте). Абай өлеңдерінің текстологиялық зерттеулерінде де Қ.Мұхамедханов өзінің телегей білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ғалым Абайдың Сабырсыз, арсыз, еріншек, Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Сегіз аяқ, Қансонарда, Сап-сап көңілім, т. б. көптеген өлеңдерінің текстологиясымен қатар кімге арналғаны, қайда шыққанының тарихын да нақтылы, тың тұжырымдар арқылы дәлелдейді. Абай өлеңдер жинағының академиялық басылымдарында Қ.Мұхамедханов дайындаған түсініктемелерде де нақтылық пен ғылыми талдаудың жаңа қағидаларын көреміз. Бұл зерттеулер болашақ әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу нысандары деуге болады. Сондай-ақ, ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да шығармаларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды. [Қазақ әдебиеті газеті № 30 (3246), Айман Ақтанова,СМПИ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты ].
Қайым Мұхамедханов қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты. Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми мақалалар жазды.
Ғалымның көлемді еңбегі Қаракерей Қабанбай батыр жыры.1945 жылы М.Әуезовтың басшылығымен Қазақ әдебиеті тарихынан бірінші томын даярлау қоға алынып, 1948 жылы І томы жарық көргені белгілі. Міне осы кітаптың Тарихи жырлар бөліміне кіретін Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға арналған халық жырлары туралы мақала жазу Қ.Мұхамедхановқа тапсырылады.
ҚАБАНБАЙ ТАРИХТА АБЫЛАЙ ЗАМАНЫНЫҢ БАС БАТЫРЫ БОЛЫП САНАЛСА, ХАЛЫҚ ЖЫРЫНДА ҚАБАНБАЙДЫҢ СОНДАЙЛЫҚ ЗОР ҚАСИЕТТЕРІН КӨРКЕМ СИПАТТАҒАН . ОЛ - ЕЛІНІҢ НАМЫСЫ ҮШІН ЖАНЫН ҚҰРБАН ЕТКЕН, ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМҚОР ЕРІ, АЛҒАН БЕТІНЕН ҚАЙТПАЙТЫН, ТАБАНДЫ, ҚАЖЫМАЙТЫН ҚАЖЫРЛЫ БАТЫР.
(Қайым МҰХАМЕДХАНОВ,филология ғылымдарының докторы, профессор.)
Жас-ғалым ұстазының ақыл-кеңесі, нұсқаған бағыты бойынша Қаракерей Қабанбай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр жырларының тарихи оқиғасына, көркемдік тіліне зерттеу жұмысын жүргізіп, әдеби талдау жасап академияға тапсырады. Бірақ бұл мақалалар түрлі идеологиялық кедергілермен жинаққа енбеді. Ғалым себебін: Қаракерей Қабанбай батыр да, Қанжығалы Бөгенбай батыр да әдебиет тарихы кітабына кіргізілмепті.
- Кейінірек: Бұл қалай? -деп Мұхаңанан сұрап едім:
- Қайтесің. Қалай дерің бар ма? Жоғарғы орындағылар сенің Қабанбайыңды да, Бөгенбайыңды да тарихқа кіргізіп дәріптеу керек емес деп тапты. Болды, деп қысқа қайырды да қойды-деп жазды.
1980 жылы Р.Бердібаевтің басшылығымен жарық көрген Қазақ тарихи жырларының мәселелері кітабының 18 ғасырдағы тарихи жырлар деп аталатын І бөлімінде Б.Абылқасымов былай деп жазады: Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай туралы шығармалар, бірде батырлық, бірде тарихи жыр санатына қосылып келеді. Кейбір зерттеушілер: Кейінгі дәуірдің эпостық жыры, Кенже эпос атауларын ұсынады.Біз Қабанбай батыр-тарихи жыр деп танимыз.Анығында бұл позиция қырықыншы жылдарда-ақ қалыптасқан еді.ССРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы даярлаған Қазақ әдебиеті тарихынан І томындағы тарихи жырлар тарауында Қабанбай батырға да орын берілді.
Қырық жылдан астам астам уақыт жарияланбай, шаң басып мұрағат түбінде қалған мақала 1991 жылы Қазақ әдебиеті газетінде жарияланады.
Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500- ден асады екен). Мысалы, Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында, Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов - алғашқы кәсіби қазақ суретшісі, Қ.Еркебаев және С.Әлімбетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері, Тағы да Айқыз туралы, І.Бораганский, Қаракерей Қабанбай, Бұқар жырау, Шешен Сабыржан, Сабыржан Ғаббасов және тағы басқа мақалаларындағы тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты.

Кілт сөздер: мақалалар, ақындық мектеп, ғылыми-зерттеу еңбектер, әнұран
Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау бойынша бұл -- әліптік ақиқат. Осы негізден шығарсақ, Қайым Мұхаметханұлының ғұмыры сексен сегіз жылды қамтыды.
Осы орайда Абай сөзіне ден қойсақ:
Ақыл мен жан - мен өзім, тән менікі,
Мені мен менікінің мағынасы екі.
"Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
"Менікі" өлсе өлсін, оған бекі, - дейді ақын.
Осы санаттағы ажалсыз "Меннің" иесі ең алдымен Абай ағаның өзі десек, ақын жолымен жүрген ізбасарлары мен рухани мұрагерлері де уақыт пен кеңістікте әлдебір межемен шектелмей, өмірлерін жалғастыра бермек. Сондай бірегейлердің бірі - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхаметханұлы.
Қалың жұртшылық бұл кісіні көбінесе кеңестік Қазақ республикасының мемлекеттік әнұранына мәтін жазған ақын ретінде біледі десек, екі тармақ өлең туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Қазақ жанының ұлы қасиетін жанартау жалынындай лапылдатып, асқақтата танытқан:
Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Ары мен азаттығының жолында қазақтың бары мен жаны құрбан екендігін кеңестік билікке (Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі он сегіз жылда Кеңес одағының әнұраны жоқ еді) алдын-ала ескерткен деп ұғынуға лайықты осы сөздердің ақиқатына 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл адамзат көз жеткізді. Намысына тиген, еркіндігін құрсаулаған империяның оспадар өктемдігіне бостандықсүйгіш қазақтың ұлдары мен қыздары бұратаналар ішінде қаһармандықпен бірінші болып қарсы шығып тәуелсіздікке жол ашты. Ақын Қайым желтоқсан қасіреті мен құдіретіне арнаған ғибратты тұжырымын сол кезде жырға айналдырып айтудан тайсалмаған болатын:
Қызыл қыршын қазақтың ұл-қыздарын,
Адал жүрек, ар-намыстың құлдарын,
Мәңгі бақи ел есінен кетер ме
Сөгіп, соғып, қанын төгіп қырғаның!
Ақын сөзінің азаматтық арқауы босаңсыған сәті жоқ. Елдік, адамшылық мұраттарды қозғайтын жайлардың баршасына қолма-қол үн қатудан айнымағандығын желтоқсаншыларға бағыштаған дұға-батасы, жендеттерге лағнет-қарғысы дерлік жоғарыда келтірілген үзінді дәлелдеп тұр емес пе?! Әрдайым ізгілікті көксеген жүрегінен бұрқ етіп атылған жыр шумақтары аз емес. Жариялану жайы, әрине, бөлек әңгіме. Коммунистік аңсарға кереғар өлең-жырға өріс берілмеген дәуірде әлгі тәрізді шығармалар, әлбетте, оқырманға беймәлім қала беретін. Сондай өзгеше бағалы суырыпсалма өнердің үздік бір мысалын жұрт назарына ұсыналық. Қасым Аманжоловпен және тағы бірер ақынмен отырған кезде бұлардың қасына жүзі жадау, ұлты чешен ақсақал келе қалады. Сол мезетте Қайым орнынан ұшып тұрып, қартты құшағына ала, былай деген екен:
Ат болсаң, тұяқтының тұлпарысың,
Құс болсаң, қияқтының сұңқарысың,
Бұл күнде азып-тозып қаңғып жүрген
Кешегі ер Шәмілдің ұрпағысың!
Осының өзі саналы оқырманды тебірентетін, бір дастанға бара-бар жеке шығармадай мейлінше әсерлі. "Халықтар көсемі" депортациялап, тирандық әңгіртаяқ соққысына ұшыратқан чешен ұлысының мүшкіл халге түсуімен байланысты бауырмалдық күйінішке қоса, мұнда Абылай мен Кенесары заманынан бері отарлық езгіден құтыла алмай, "коммунизм жұмағына" жұтылу қатерінде мұң шегіп отырған қазақтың да өңменін найзағай жарқылындай шарпып өтерлік серпін бар ғой.
Ақындық дарыны мен шеберлігін Қайым Мұхаметханұлы Карамзиннің "Сормаңдай Лиза" хикаясын өлеңмен қазақшаға аударуында таң қаларлықтай етіп көрсетті. Лермонтовтың "Вадим" хикаясын өлеңмен аударған Абай үлгісін, Пушкиннің "Дубровский" хикаясы мен "Боран" әңгімесін өлеңмен аударған Шәкәрім үлгісін жаңғыртты.
Ақын Қайым дүние азабынан ширыққан, түңіле дал болған, қайсарлана жігерленген көңіл әуенін де жеріне жеткізе жырлай алған. Мысалы:
Жай жүрсем, табалады "ұтылды" деп,
Қатты жүрсем, күндеді "құтырды" деп,
Орта жүрсем, онда да көре алмады,
"Бұл өзі ақылды адам сықылды" деп.
Мұхаметханұлының көркем шығармашылық талантының бір қыры драматургия саласында ашылған. Оның "Майданнан майданға", "Перне", "Комиссар Ғаббасов", "Ер Білісай" драмалары бойынша спектакльдер әлденеше маусым бойы театр сахналарынан түспей қойылып, көрермендер ықыласына бөленген. Бұлармен қатар татардың классик драматургы Шәріп Камалдың "Қажы әпенді үйленеді", әзірбайжанның атақты қаламгері Үзейір Ғажыбековтың "Аршын мал алан" комедияларын қазақшаға аударып, талай жыл бойында тұрақты репертуарлық қорға енгізді.
Алайда, тағдыр билігі солай шығар, ақын және драматург ретінде Қайым Мұхаметханұлының ықтимал әлеуеті барынша жарқырап, толық жүзеге асты десек, шындыққа обал болар еді. Мұның есесіне жазмыш Қайымға тауқыметі де мол, бақыт-зейнеті де қайырлы ғалымдықты сыбағалады. Бұл кісінің есімі мен ісінің жасампаздық, өміршеңдік кепілі - абайтанушылық, мұхтартанушылық, шәкәрімтанушылық ілімдері, барлығын жинақтағанда, алаштанушылық тарихы.
Ұлт рухының өзегін құрайтын осы аталған әдеби-мәдени-саяси құбылыстар Қайымды жарық дүниеге келген сәттен-ақ жөргектеген. Әкесі Мұхаметхан кезінде ілгерішіл көзқарасы мен әрекеті сайма-сай абзал азамат бейнесінде жұртқа кең танылған. Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап", "Абай", "Қазақ", "Шолпан", "Сана", "Сарыарқа", "Таң" сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен. Оның шаңырағындағы меймандос көңіл құрметін Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов, Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.
Әуезовті тұңғыш рет көргенде Қайым жеті жастағы бала екен. Бұл - 1923 жыл. Келесі жылы Әуезовті сегіз жастағы Қайым екінші рет көреді. Мұхаңның бастамасы және ұйытқылығы арқылы Семейде Абайды еске түсіру кеші өткізіледі. (Қайтыс болуының жиырма жылдығына орай). Бұл оқиғаның мәнін Мұхаметханұлының өз сөзімен білдіру жөн шығар: "Осы кешке үлкендермен бірге барып, Мұхтар Әуезовтің баяндамасын тыңдап, Көкбай ақынның Абай туралы естелік әңгімесін естіп, ұлы ақын жайында ең алғаш мағлұмат алғаным сол жолы еді". Үшінші көруі - 1925 жылы: Әуезовтің сахналық бір шығармасын "Ес аймақ" труппасы қоюға дайындап, Мұхаметхан ақсақалдың үйінде репетиция жасаған. Семейтаумен жалғасатын Көкен тауына 1926 жылы Мұхаң демалысқа келгенде он жастағы Қайым оны төртінші рет көрген. Тоғыз жылдан соң, яғни 1935 жылы, Мұхтар Әуезов өзінің болашақ роман-эпопеясын жазуға материал жинау мақсатымен Семейге келгенде, он тоғыз жастағы балғын жігіт Қайым даңқты жазушыны бесінші рет көреді, біршама еркін әңгімелесуіне мүмкіндік туады. Бұл кезде Қайымның әкесі таптық жау ретінде қудаланып, қамауға алынып, атылып кеткен. Бай баласы Қайым қауіп-қатерден әупірімдеп өтіп, мұғалімдік курсты аяқтап, институтқа түсуді ойластырып жүрген. Абай шығармаларына біржола ден қойып, Ыдырыс Мұстамбаевтың нағыз тарихилық маңыздағы мақалаларымен ынтыға танысуда еді. 1939 жылы мұғалімдік институтты аяқтаған тұста Қазақстан Жазушыларының екінші съезіне қатысу үшін Алматыға барады. Міне, осы алтыншы кездесуден кейін жиырма төрт жасында Қайым Мұхаметханұлы кемеңгер Әуезов үшін сенімді шәкірт-әріптеске, сүйікті ініге айналды. Мұхаңның ақыл-кеңесімен ғылыми ізденіс жолына түседі. Зерттеулерінің басты нысаны етіп Абай шығармашылығын алады. Семейдегі пединститутта оқытушылық қызметке кірісіп, Әуезовтің бағдарлы пікірлерінің қанаттандыруы арқасында 1940 жылы "Абайдың әдеби мектебі" айдарымен Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы, Әріп Тәңірбергенов шығармашылығы туралы ғылыми мақалалар топтамасын жариялайды. Содан бастап соңғы демі таусылғанша абайтану мәселелерінің жүйесінен қаламы босаған емес.
Абайды тану үстіне таныған сайын қазақты танудың саналуан проблемаларына да тереңдей түсті. Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай батырлар туралы халықтық поэмаларға тарихи-ғылыми, әдеби-ғылыми талдау жүргізген еңбегін "Қазақ әдебиеті тарихының" бірінші томына енгізіп, 1943 жылы әзірлеп береді.
Қайым Мұхаметханұлының ғалымдық тұлғасында орта ғасырлардағы оқымыстыларға тән әмбебаптық көріністері мол еді. Сондай кең қарымдылығына өз еңбектерінің ғана шеңберінде назар салайық. Өзекті желісі мен үзілмес тіні абайтану екені белгілі. Мұнда іргелі және қолданбалы сипаттарды тоғыстырушылық жөнімен, талдаулардың түбегейлі орнықтылығы жөнімен, жаңа бағытқа қарышты қадам жасағандығы жөнімен "Абай заманының ақындары" ("Абай айналасының ақындары"), "Абайдың ақындық мектебі", "Абай шығармаларының текстологиясы" сияқты монографиялары менмұндалап көзге бірден түседі. Әдебиет тарихына Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы, Мұқа Әділханұлы, Әсет Найманбайұлы, Әріп Тәңірбергенов, Көкбай Жанатайұлы, Тұрағұл Абайұлы, Уәйіс Шондыбаев, Кәкітай Ысқақов, Тайыр Жомартбаев, Иманбазар Қазанғапұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы сияқты дарындардың мұраларын тікелей жалғыз өзі әкеп қосты. Абайдың оншақты өлеңі Қайым Мұхаметханұлының жинап тапсыруымен академиялық басылымда жарық көрді.
Бұлардан тыс Құсайын Файызханов, Ілияс Бораганский, Бұқар жырау, Үмбетей, Махамбет, Шөже, Жанақ, Сәдір, Ақылбек Сабал, Ілияс Молдажанов шығармашылықтары туралы мақалалары мен Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны хақындағы очеркі және Қазақ кеңес энциклопедиясының он екі томдығына жасаған сыни саралау қорытындылары - зерттеушіліктің үздік үлгілері.
Осы дәрежедегі туындылардың үлкен шоғыры "Абай мұрагерлері" жинағын құраған. Алаш ардагерлерін ақтаңдақтардан арылтып, мәртебелі орындарына оралту ісіне Қайым Мұхаметханұлының қосқан үлесі қандай екендігін осы жинақтағы ғұмырнамалық, өнернамалық очерктер куәландырады. Мысалы, ол Шәкәрім шығармашылығын ақтау мәселесіне қозғау салып, 1987 жылы Колбинге дәйекті негіздемелік материал жолдаған болатын. 1960 жылдан бастап Шәкәрімнің баласы Ахат екеуі бірлесе атқарған жанқиярлық қимыл-әрекеттер аз болған жоқ.
Қайым Мұхаметханұлының зерттеушілік ізденістері нәтижесінде әдебиет пен көркемөнердің және қоғамдық-саяси тарихтың мазмұнын байытқан өлшеусіз қымбат қазыналар, мұрағаттық құжаттар - өз алдына бір төбе. Мысалы, атақты қиссашы, ақын Ақылбек Сабалдың 43 мың жолдық өлеңмен жазылған өмірбаянын, 376 дәптерге толтырылған қарасөздерін тауып, Әдебиет және өнер институтында ғылыми хабарлама жасағаны мәлім. Академик Ахмет Жұбанов өзінің "Замана бұлбұлдары", "Ғасырлар пернесі" монографияларында Мәди Бәпиұлы мен Естай Беркімбаев туралы құнды деректерді Қайым Мұхаметханұлы бергендігін ризалықпен атап көрсеткен. Кезінде Мұхтар Әуезовтің тапсырмасы бойынша "Абай жолы" романына да қажетті деректерді тауып, Мұхаңның көңілінен шығып отырғандығы және бар. (Мысалы, төртінші кітапта Сармолланың қастандықпен өлтірілу уақиғасына байланысты "табыт қағу", т.б.). Бұл жайды айғақтайтын ондаған хат 1951 жылы Қайым Мұхаметханұлы тұтқындалғанда тергеушілердің қолында кетіп, кейін қайтарылмай мүлде із-тозсыз жоғалған.
Ақын, драматург, ғалым Қайым Мұхаметханұлы жарты ғасыр бойы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында ұстаздық етіп, Әзілхан Нұршайықов, Кәмен Оразалин сияқты бүгінгі ақсақал қаламгерлерден бастап, бір қауым шәкірттеріне ілім құтын дарытып, адамгершілік тәлімін берген.
Иә, өзгесін былай қойғанда, Қайым Мұхаметханұлы Абай шығармаларының аса беделді мәтінтанушысы екенін білікті мамандар түгел мойындаған. Ал, бүтіндей абайтанушылық еңбегіне Мұхтар Әуезов, Зоя Кедрина, Ысқақ Дүйсенбаев, Митрофан Сильченко, Ханғали Сүйіншәлиев, Рәбиға Сыздықова, Әбіш Жиреншин, т.б. әр кезде оңды пікірлер білдірген.
Бәрін айт та, бірін айт, Қайым ағаның ең зор бағасы, Абай сөзіндегідей, "Адам деген даңқы бар" екендігінде. Ұлтын сүйген, ұлтының ардағы Абай мен Мұхтар үшін отқа түскен, сталиншілдік зұлматқа қарсы тұра білген,
"Тусаң ту!" дейтін Азаматтығында!
Атақ емес, ғылым үшін жаралған...
Ол - алаш арыстарының соңғы тұяғы, білімдарлығымен ғұламалыққа жеткен жан. Көзі ашық, көкірегі сәулелі, елшіл әкесі Мұхаметханның дастарқаны мен қаржы-қаражаты мол болған. Ол ырыс-дәулетіне мастанбай, ұлт мүддесіне жан байлығын да, мал байлығын да бүтіндей арнап, ерекше байсалды, өте мәдениетті ақсақал ретінде танылған.
Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Көкбай Жанатайұлы, Мұхтар Әуезов тағы басқа тарихи тұлғалар мұнда елдік істердің сан қилы мәселелерін талқылап, емін-еркін мәслихат құрған. Мұхаметханның үйіндегі жеке кітапханасында Дала уәлаяты, Айқап, Қазақ, Абай, Сары Арқа тігінділері мұқият жинақталып сақталған. Қазан төңкерісінен соңғы астан-кестен кезеңде байларды қудалау науқаны Мұхаметханға да ызғарын тигізген. Көреген, қамқор әкесі педагогтық курста сабақ беретін Ғалиақбар Төребаевқа баласын әкеліп, қанатының астына ала жүруді өтініш етеді. Қайымның Абай туралы тырнақалды ой-пікірлері осы курста оқып жүргенде білінген. Өлең жаза бастайды. Пединститутты үздік аяқтап, кафедрада оқытушылық қызметке қалдырылған соң, Қайымның зерттеушілік және ақындық шығармашылық ұмтылысы жаңа екпін алады. Ақылбайдың Дағыстан, Зұлыс, Мағауияның Медғат-Қасым, Еңлік-Кебек поэмалары туралы, Әубәкір Ақылбайұлы Абай немересі, Әріп Тәңірбергенов өмірі мен шығармалары туралы мақалалар жариялайды. Пединститутта аға оқытушылық қызметке тұрады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырады.
1943-1944 жылдары Қабанбай батыр мен Бөгенбай батыр туралы халықтық тарихи дастандарды зерттеп, Қазақ әдебиеті тарихының бірінші томына енгізілетін материал ретінде дайындап бітіреді. Абай шығармашылығын зерттеулері үздіксіз жүргізіледі. Соның нәтижесінде, Абайдың туғанына жүз жыл толуына арналған 1945 жылғы мерекелік басылымда Мұхаметханов іздеп тапқан тоғыз өлең енген. 1945-1950 жылдарда Мұхаметханов Абай мұражайында, пединститутта, Жазушылар одағының Семей бөлімшесінде қызмет істеп жүріп, өзінің зерттеу тақырыбы бойынша он бір мақала жариялайды. Абайдың әдеби мектебі бойынша кандидаттық диссертациясын жазып, тәмәмдайды. 1951 жылғы сәуірдің 7-сі күні академик М.О. Әуезов жетекшілігіндегі сол диссертацияны Ғылыми кеңесте қорғап шығады. Өкінішке қарай, көп ұзамай, әйгілі зобалаңға ұшырап, сталиншіл зұлмат биліктің қанды шеңгеліне ілінеді. Сол жылғы желтоқсанда 25 жылға бас бостандығынан айырылып кете барады. Айып - ұлтшылдық. Ал ұлтшылдық өзегі не десеңіз, ол - Абайды қорғау, Әуезовты қорғау. Алматыдағы әркімге мәлім сұр ғимараттың ыстық-суық камераларындағы тамұқтық азаптардан соң Қарлагтың дәмін татып, үш жылдан соң 1955 жылы толық ақталып, Семейге оралды. 1955-1959 жылдарда Қайым Мұхаметханұлы абайтану бойынша он бір мақала, екі жеке басылымдық кітап (Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Абай шығармаларының текстологиясы) баспадан шығарды. 1959 жылғы маусымның 12-сі күні Абай заманының ақындары (Абай айналасының ақындары) деген тақырыппен бұрынғы қорғалған кандидаттық диссертацияны қайтадан қорғады. Жетекшісі Мұхтар Омарханұлы еді.
1960 жылдардан бастап Қайым Мұхаметханұлы Шәкәрім шығармашылығын зерттеуге бел буып кірісті. Докторлық диссертация нысаны ретінде ыңғайлады. Шәкәрімді ақтау бойынша 1959 жылғы Қазақ әдебиетіндегі белгілі жарияланымнан соң аудан, облыс көлемінде ширек ғасырдан астам уақытқа созылған игі ниеттегі қимыл-әрекеттердің басы-қасында жүрді. Ең соңғы Колбинге жолданған материалдың сірескен қалың сеңді қозғаған ықпалына қазір әдеби-мәдени орта тегіс қанық. Қазақ әдебиеті газетінде Бұқар жырау, Үмбетей, Махамбет, Сәдір, Шөже, Жанақ, Ілияс Молдажанов, Ақылбек Сабал т.б. туралы зерттеулері жарияланды. Қазақ кеңес энциклопедиясының он екі томдығына сыни сараптамалық әдеби-мәдени-тарихи ғұмырнамалық очерктері - ғылыми мынандай дәрежені, анандай дәрежені көксеп жүргендер орындай алса ғой дерлік дүниелер.
Ғұлама ғалым, Ұлы Абайдың 150 жылдық әлемдік тойы қарсаңында Абайдың ақын шәкірттері деген үш томдық монографиясын жазды. Ол нағыз ұстаз, шын педагог еді. Қаншама шәкірт алдында отырса, соның ең озық-зерегіне арнап, соған лайықтап сөйлейтін. Қызыл сөзді, қысыр сөзді жек көретін. Бұқпантайламай тура жүрген адамды ұнататын ағаның қасиеттері айта түскен сайын арта беретіні шындық.
3.1 Қайым тапқан қайшылықтар
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма,
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
Қай қызығы татиды қу өмірдің,
Татуды араз, жақынды жат қыларға.
Өлеңнің, өнердің өлермендерін осылай сендірген Абай өлеңі осы. Азаттық аңсары биік, терең Мұхтар Әуезов пен қайыспаған қайсар Қайым Мұхаметхановты сөз сиқырына сұғынтып, орға құлатқан да, өзгелерден бөлекше биік шыңға шығарған да Абай өлеңінің сиқыры.
Қазақ әдебиетінің көсегесін көгертуге атсалысқан ақынның айнымас жырларын жаңа белеске көтерген аз ғалымдардың жуан ортасында жүріп, сөз сиқырының қиян шыңына көтерілу - айтуға ғана оңай. Мұхтар Әуезов арқылы көмбеде жатқан көп сырды алдымен ашқан Қайым Мұхаметханов тарихшылар айтпаған ақиқатты алдымен айтты. Ақын жырларының құдіретін түсіну, түйсіну үшін ақынның сырын, жұмбақ жанын ұғатын ұлағат иесі болу керек. Ақындықтың биігіне көтеріліп, сөз сиқырының кілтін аша білген Қайым Абай өлеңдерінің жанашыры, жақыны болды.
Қайым үшін Абай шығармаларын жинау, оларды бастырудағы текст өзгешеліктерін зерттеу мен анықтаудың мәні үлкен еді. Ақынның 1909 жылы басылып шыққан алғашқы өлеңдер жинағынан бастап, 1921, 1922, 1933, 1948, 1954 жылдары жарияланған өлеңдері тым асығыс, үстірт қаралғандықтан, берілген түсініктерде қайшылықтар, қателіктер көп кездеседі. Ақын шығармаларының жазылу тарихын, қате басылып жүрген жеке сөздерді түп нұсқасына келтіру жұмысын Қайым Мұхаметханов аса жауапты міндетке санады. 1909 жылы жарық көрген Абай жинағынан бастау алған өлеңдерінің мың сексен алты сөзіне түзету енгізді. Соған қарамай, Қайым 1945 жылы жарық көрген толық академиялық жинақты Абай шығармаларының жыл мезгілдерін белгілеу, текстологиялық кемшіліктер негізінде академиялық жинақ дәрежесіне көтеріле алған жоқ дейді.
Қайымның Абай шығармаларының текстологиясы жайында атты еңбегі 1959 жылы қолымызға тиді. Мұнда ақынның күні бүгінге дейін дау тудырып келе жатқан кейбір сөздері нақты дәлелдермен зерттелген. Ол кезде Қазақстанда полиграфия базасының болмауы, баспасөз мамандарының жоқтығы, Абайдың алғашқы жинақтарының сапалы болып шығуын қамтамасыз ете алмағандығын айтады автор. Абай өлеңдері Петерборда басылып жатқанда, Кәкітай мен Абайдың басқа балалары Семейде отырып корректурасын жүргізуі - осы қиындықтардың айғағы. Төте жазумен басылған жинақта қазақ сөздері дәлме-дәл берілмеген, грамматика ережелері сақталмаған.
Мүрсейіт ақын шығармаларын түгелдей түп нұсқадан көшірген емес. Ол да біршамасын ел аузынан жинақтаған. Сондықтан, Абай шығармаларын баспаға әзірлеуде тек 1909 жылы шыққан кітап пен Мүрсейіт қолжазбаларын ғана текстологиялық негізге алу жеткіліксіз екенін түсінген Қайым Абай шығармаларын көшірген басқа адамдардың да қолжазбаларын пайдаланды. Оразке Жандыбаев, Мәди Әсенов, Әкімал Мамырбаев, Сапарғали Әлімбетов, Әрхам Ысқақов, Рақымжан Машырқазов сияқты хакімнің жырларын жадында сақтап келген азаматтардың мағлұматтарымен салыстырды. Абай өлеңдерінің баспасында, көшірме қолжазбаларында кеткен қателіктердің көпшілігін түпнұсқасына келтіруде ақын шығармасының өзіне тән ерекшеліктері жетекші болды.
Ерекше көркемдік түр мен терең идеялық мазмұны қабысып жатқан Абай өлеңдерінің бөтен сөзбен былғанып тұрған жері болса, зер салып үңіле қарап, айнытпай тапты. Аңғармаған адамды адастырып әкететін жазба деректерге аса сақтықпен қараған Қайым қара өлеңге қайыспай қарымды еңбек етті. Ақынның Алланың өзі де рас, сөзі де рас өлеңі 1954 жылғы жинақта:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті, - деп басылған. Өлеңнің соңғы жолына үңіле қараған Қайым мағына, мазмұн, өлеңдік қисын жағынан ойсырап тұрғанын көрді. Осы өлеңнің келесі шумағындағы:
...Осы үш сүю болады иманға гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахиқ біл, - деген жолдарымен салыстырған абайтанушы әлгіні
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және сүй хақ жолы деп әділетті, - деп, түзету енгізеді. Абай айтып отырған үш сүюдің сыры осылай ашылады.
Абай 1882 жылы жазған Қансонарда бүркітші шығады аңға деген өлеңінде:
...Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.
Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға, - дейді. Осы жолдағы көре деген сөз өлеңнің мағынасын бұзып тұр. Осы өлеңге берілген түсініктемеде 1909 жылы басылым бойынша алынды делінген. Шындығында, олай емес екенін арабша жетік меңгерген Қайым Кере тұра қалады деп басылғанын дәлелдейді. Яғни, дұрыс басылған сөзді зерттеушілер бұрмалап жіберген. Түлкі аңшыны көргенде тұра қалмайды, қашады. Үстінен төніп келген бүркіттен қашып құтыла алмайтын болған соң, кере тұра қалады.
Әлі күнге дейін терең зерттеуді қажет ететін, ақынның жинағына 1933 жылдан бастап қана енген Қара сөздері - Қайым еңбектеріндегі жұлынды сала. Мүрсейіттен басқа да бірнеше адамдардың қолжазбаларында сақталған. Олардың ішінде бізге мәлімі - Дайырбай Қожанұлы мен Рақым Жандыбайұлының қолжазбалары. Ғақлия кітап деп аталатын қолжазбадағы сөздерді салыстырғанда осы күнге дейінгі жинақтарда басылып жүрген тәртібі, әрбір сөздерінің соңынан жазылған уақыты дерексіз, дәлелсіз ой-жота берілген дейді ғалым. Бұл сөздерде де қолжазба мен жинақтар арасында текстологиялық қайшылықтар әлденеше рет кездеседі. Отыз алтыншы сөзінде Абай ұят туралы айтып келіп, шын ұят екі түрлі болатынын түсіндіреді. Онда Біреуі - ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамды көргенде сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол, ұят істі қылған адамды есітгендіктен болады дейді. Қайымның көзіне түскен мұндағы бөтен сөз - есіткендіктен. Абайдың айтып отырған ой-пікірінің мағынасын кетіріп, сиқын алып тұрған сөздің дұрысы есіркегендіктен болады деп түсіндіреді ғалым. Қолжазбада, Абай жинақтарында дұрыс берілген сөз 1945, 1954 жылғы жинақтарда бұрмаланып басылған. Мұхтар Әуезов Абай жайын зерттеушілерге деген мақаласында өз пікірін айрықша қадап айтқан: Абай сөзі деген сөз - бір-ақ сөз болса да Абайша шықса жарасар. Абайдың Абайлығы да сонда шығар. Осы Абай өлеңдерінің санын көбейтейік деп өзеурегенше, бар сөзінің кенеуін кетірмейік. Абай сөзін көбейтеміз деп, көбік етіп алмайық деген ол.
Дүниеде ақылды адамдар көп, әйтсе де, өзге кісінің орнына өзін қойып, жүрегімен жүрегінің жылуын жалғастырып, бөліскендер некен-саяқ. Сал демеймін сөзіме ықыласыңды, Қайғылы өлең еттім өз басымды деп Абай айтқан бейнетқордың өзі Қайым Мұхаметханов.
Ендеше, Абайдай кемеңгердің алдында жүрген жүрісімен, азды-көпті ісімен жұртқа жақсылық жасап, жан шуағын тарата білген Қайымдай ғалымдардың ісі ойлы, сауатты, ниеті адал, бағыты дұрыс. Әрине, Абай салған жол өзінің ұшығына жеткен жоқ. Мерейлі шақ әлі алда. [http:www.astana-akshamy.kz?p=67 93]
3.2 ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІ ДИССЕРТАЦИЯСЫ МЕН АВТОРЕФЕРАТЫНА БЕРІЛГЕН ПІКІРЛЕР
О НАУЧНО - ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ ТРУДАХ ТОВ. МУХАМЕДХАНОВА
Занимаясь в течение ряда лет самостоятельной научно-исследовательской деятельностью в области изучения отдельных конкретных проблем истории казахской литературы, тов. Мухамедханов Габдулкаюм внес много ценного в абаеведение, в изучение наследия малоисследованных до сих пор поэтов, учеников Абая. Много ценного внесено им также в изучение ряда исторических поэм и точно также в определение путей и особенностей творчества отдельных современных акынов из Семипалатинской области.=
Указанные работы тов. Мухамедханова восполнили существовавшие проблемы в истории казахской литературы, как ценный свежий вклад, вошли соответствующими главами в первый том Истории казахской литературы, включились значительным пополнением в изданные труды Абая, и также вошли в ценный фонд накопленных научных данных о Поэтической школе Абая, о природе творчества современных советских акынов. Они же, т.е. упомянутые труды, помогли тов. Мухамедханову стать зрелым, теоретически и методологически вооруженным, продуктивным исследователем.
До работ тов. Мухамедханова Поэтическая школа Абая мыслилась больше отвлеченно, поверхностно. Лишь собранный тов. Мухамедхановым огромный материал творчества поэтов - Арипа, Магавьи, Акылбая и др., а также изучение биографии, взаимосвязи с Абаем - главой данной поэтической среды, раскрыли интересные, оригинальные факты литературных традиций, заимствований, творческого преодоления и дальнейшего расширения поисков в пределах одной, но многообразно-содержательной поэтической школы.
А большое количество собранных самим тов. Мухамедхановым произведений почти забытых, но талантливых поэтов-новаторов конца XIX столетия, воскресило для истории казахской литературы ряд дорогих имен. Это и позволило в дальнейшем вести исследования послеабаевского периода литературы на более учащенных рядах, на более разнообразных, чем было до сих пор, фактах художественного наследия прошлого.
И труд тов. Мухамедханова, именуемый Поэтическая школа Абая, общим объемом в 30 с лишним печатных листов, является, безусловно, достойным исследованием для предоставления его в качестве кандидатской диссертации.
Профессор АУЭЗОВ.
12 декабря 1945 г. г.Алма-Ата
1945 жылы Қ. Мұхамедханов ғылыми жұмысын қорғауға дайын болғандығы жетекшісі, профессор М. Әуезовтің пікірінен көрініп тұр.
***
***
Қайым Мұхамедхановтың Абайдың әдеби мектебі деген еңбегі туралы
Аса бағалы ғылыми еңбек. Абай мен байланысты қазақ әдебиеті тарихының жаңа тың бір мәселесін кеңінен зерттеп, белгілі бір ғылыми жүйеге келтірген. Бұрын аттары ғана аталып жүрген Абай төңірегіндегі ақындардың шығармаларына, өмірбаянына, өзі жинап зерттеген мағлұматтарға сүйене отырып, жаңа талдау анықтамалар береді.
Абай мектебінің әлеуметтік тарихи негіздерін, мәдениеттерін, салтын анықтап, ол мектептегі ақын жазушылардың шығармашылық салтын, стильдерін айқындау жөнінде де Қайым көп еңбек істеген.
Жалпы кіріспеден басқа әрбір ақынға, әрбір жазушыға жеке тоқталып, олардың шығармасындағы көркемдік, идеялық ерекшеліктерді де ашады. Сөйтіп, Қайымның еңбегі - Абайдың 100 жылдығына арналған бағалы тартудың бірі қалайда бұл еңбектің басылып шығуы аса қажет. Бұл еңбектің осы бір жинақ көлемінде басылып шығуының әдебиеттік, ғылымдық маңызы мынада:
1. Бұл материалдардың бірде-бірі бұл күнге дейін жарыққа шықпаған. Басылып шығумен қазақ әдебиеті тарихының жаңа бір соны арнасын жұртшылыққа кең таныстырады.
2. Абайдың балалары, жақын дос ақындарының шығармалары бір том кітап болып шығуы, орыс әдебиеті тарихындағы салт сияқты ғылымдық жағынан аса қызықты, құнды болады.
3. Абай төңірегіндегі бұл ақындардың шығармасын бір жинаққа кіргізбей, әрқайсысын бөліп-бөліп, жеке басуға болады. Кейбір ақындардың өлеңі өз алдын да бір кітап болып шығуға өте шығындық келтіреді.
Кітап басылар кезінде осы еңбектің ғылыми зерттеу бөлімдерінде, жалпы кітаптың тәртібі, құрылысы, материалдарды реттеп беруді түзетіп, жөндеп жіберетін мынадай кемшіліктерді атап көрсетемін:
1. Кіріспенің алғашқы алты бетін мүлде қысқартып жетінші беттегі Абайды қазақ әдебиетінің ұлы атасы дейтін болсақ дегеннен бастаса болады. Оның алдындағы алты жарым беттегі пікірді ықшамдап жарты бетте айтуға болды. Абай туралы жұрт айтып жүрген жалпы мақтау сөзді азайту қажет.
2. Абай патша үкіметіне жан-тәнімен қарсы болды. 12 бет деген сөйлемді жөндеу қажет.
3. Абайдың патша үкіметіне қарсылығы жайындағы жаңа материалдар аса қызықты. 12-16 бет. Бірақ осы тақырыпқа қандай қатынасы бар? Егер қатынасы болса - онда Абай патша үкіметіне қарсы төңкерісшілдік пікірдегі адамдарды да тәрбиелеуші орта болды дегенді дәлелдеп, айта түскен жөн. Әйтпесе, бұл материалды Абай шығармаларын талдаумен байланысты басқа еңбекке пайдаланған жөн.
4. Тұраш Горькийдің Ана романын аударған жоқ. 20 бет
5. Абайдың Әсетке деген өлеңі ақын Әсетке арналып, айтылған өлең сияқты емес; оның орнына оңбаған басқа, елдегі зұлым адамның біріне арналып, айтқанға ұқсайды. 25-27бет Сондықтан мұны зерттеп, анықтамайынша, ақындықпен, әдебиетпен байланысы жоқ бұл өлеңді әзір мысалға алмаса да болады.
6. Абайдың қара сөзі орынсыз келтірілген. Алып таста. 28 бетте
7. Мағауия, Ақылбай, Әріп жайларында жазылған жеке бөлімшелер беттелмеген. Беттелмегендіктен ол бөлімдердегі жеке кемшіліктерді бетін көрсетіп айтуға болмады, жалпы тәртібімен айтамыз.
8. Мағауияның Медғат-Қасымының, сол сияқты Ақылбайдың Дағыстан поэмаларының талдауын ғылыми мәселелерге байланыстырып берген жөн еді. Дағстандағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz