Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 . 5

1 . тарау

Жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 . 38

1.1 Шетелдік қазақтардың тілі жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 . 9
1.2 Ресей және басқа жақын шетелдік аймақтағы қазақтардың
тілінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.13
1.3 Тәжікстан қазақтары тілінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14 . 17
1.4 Өзбекстан қазақтары тілінің зеттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17. 23
1.5 Түрікменстан қазақтарының тілдік зерттелуі жайы ... ... ... ... ... ... ... 24 . 34
1.6 Қарақалпақ қазақтарының тілдік зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35 . 40

Алыс шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39 . 58

2.1 Ауған . Иран қазақтары тілінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41 . 51
2.2 Қытай қазақтары тілінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52 . 56
2.3 Моңғолиядағы қазақтардың тілінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56. 61

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62 . 65

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66 . 67
К і р і с п е

Жұмыстың жалпы сипаты. Дүние жүзінің өркениетті елдерінің бәрінде этиникалық ортасынан сырт жерлерде өз қандастарымен мәдени-рухани, оқу-білім саласында байланыс жасап, оларға әр қырынан үнемі қолдау көрсетіп отыру, сонымен қатар олардың ата жұртына оралуына мүмкіндіктер жасап, көмектесу ежелден бар дәстүр. Қазақ диаспорасының тағдыр-талайына өркениетке иек артқан Қазақстан Республикасы бей-жай қарай алмайтындығының басты себебі – Қазақстан шетелдегі қазақ ұлты өкілдерінің бірден-бір тарихи Отаны. Сондықтан да, Қазақстан олардың қазақ ұлтының бір бөлшегі ретінде қай елде жүрмесін, қай қоғамда өмір сүрмесін ұлттық құндылықтары ана тілін, мәдени-рухани байлығын сақтап, дамуына әрқашан да қамқорлық жасайды. Президент Жарлығымен бекітілген «Шетелдегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы», осының айқын дәлелі болады. Қандай да бір ұлттың ұлттық қасиетін, ұлттық құндылықтарын қалыптасуы, кемелденіп өркендеп дамуы, әлемге әйгілі болуы, не болмаса уақыт ағымымен басқа ұлтқа сіңісіп жоқ болып кетуі, бір сөзбен айтқанда, ұлт тағдырын тіл тағдырына сай шешеді. Демек, тіл – қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттың өміршеңдігінің бірегей белгісі. Этникалық ортасынан тыс жерлерде өмір сүріп отырған қазақ ұлтының өкілдері қай мемлекетте болмасын ұлттың аз санды құрамына жатады. Қазақ диаспорасын ғылыми түрде зерттеу соңғы кезеңдерде көтеріліп жүрген мәселелерге жатады. Бірақ, Кеңестер Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіз егемен ел болып жеке құрылғаннан кейін, елімізде қалыптасқан тілдік жағдаятқа байланысты өзіндік тілдік ұстанымын жасады.
Әлеуметтік тұрғыдан тілді зерттеуші белгілі ғалым Б.Хасанов шетелдерде шоғырланған қазақтардың тілін, өмірін зерттеу қазақ тіл білімі үшін ғана емес, дүниежүзі әлеуметтік лингвистикасы үшін мәні зор екенін атай келе, былай дейді: «Жер жаһанның 40 елінде қоныс тепкен қазақтың «қазақ» болып қалуының бірден-бір куәсі – оның сақталған тілі. Бұған дәлел сол – оның ана тілінің көптеген елдерде қазақ өмірінің төрт негізгі саласында, атап айтқанда, тұрмыста, қоғамдық өмір мен көркем шығармашылық, ауыз әдебиеті саласында тиянақты қолданылуы» (1,8б)
Белгілі бір тарихи себептерге байланысты елден бөлініп, жырақтап қалған осы бір саны бүгінгі күнде миллионнан асқан қандастарымыздың тілі қандай дәрежеде, қандай сипатта екенін зерттеу, оны жалпы халықтық мемлекеттік қазақ тілі деңгейінің аясында қарастыру – тіл білімінің бүгінгі таңдағы басты мақсаттарының бірі екені даусыз.
«Совершенно не исследованы диалектные особенности казахов, проживающих за пределами Казахстана. …Казахи живут в северных округах Синьцзян Китайской народной Республики, а также в юго-западных аймахах Монгольской Республики. Все эти районы пока остаются не изученными» /1,9/. Одан беріде Қазақстан территориясынан тыс аймақтардың ішінде Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Ресей қазақтарының тілі зерттеліп, монографиялық еңбектер жарық көрді. Ал шетелде тұратын диаспораның тілін зерттеуде тек Монғолиядағы қазақтардың тілі мен Ауған, Иран қазақтарының тілі ғана зерттеліп, ғылыми нысанаға айналды.
КСРО кезінде диаспора туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізбек былай тұрсын, олар туралы мәселе қозғаудың өзі қажеттілік болып саналмаған. Соған қарамастан қазақ диаспорасы, деген айдармен шықпағанмен, шеттегі қазақтар жайында жарық көрген саусақпен санарлық зерттеулер мен еңбектер кездеседі. Олардың қатарында У.Х.Шамкеновтың, А.Н.Коноваловтың, И.Қабышұлының, Ингвар Сванбергдің, К.С.Абдикадырова, Ғ.О.Басаров, А.Министің зерттеулері мен Б.Кәмилашұлының, Ғ.Мендикулованың кандидаттық диссертациялары және 1983-1984 ж.ж. А.Төлеубаевтың басшылығымен Орынбор, Астрахань облыстарына жүргізілген этнографиялық экспедицияның нәтижелері қазақ диаспорасын зерттеу жұмысындағы ғылыми жаңалықтарға қосатын үлес болып табылады.
Осы орайда біздің дипломдық жұмысымыз бұрын-соңды арнайы қарастырылып, ғылыми тұрғыдан екі-үшеуі зерттелген болса, ал кейбіреуі тек аталып қана қойған шет елдерде тұратын әр түрлі тілдің ортасында көптен бері жасап келе жатқан қазақ қандастарымыздың тіл ерекшеліктеріне бағышталып отыр.
Зерттеудің өзектілігі. Шетелдегі қазақтар негізінен екі түрлі жолмен пайда болды. Бірі, орыс пен қытай империялары қазақ жерін түгелдей отарлағаннан кейін оны бөліске салған кезде елімен, жерімен басқа елдің боданында қалған қазақ ирриденттері (Қытай, Ресей, Өзбекстандағы қазақтар), екіншісі, Қытай мен Ресейде жүргізілген революциялық төңкерістер, саяси қуғын-сүргін, таптық күрес, геноцид, тәркілеу т.б. толып жатқан зұлматтар кесірінен тарихи Отанынан бас сауғалап басқа елді паналағандар, яғни диаспора соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда 1,5 млн., Өзбекстанда 1,5 млн., Ресейде 1 миллионға жуық, ал Қырғызстанда 70 мың, Түркіменстанда 100 мың, Моңғолияда 100 мың қазақ бар деп есепетейді. Сондай-ақ, Еуропа, Америка, Азияның жиырмадай елінде шамамен 25 мыңдай қазақ жүрген көрінеді.
Мәселенің өзектілігі бұл тақырыптың қазақ диалектологиясында да алғаш зерттелуінде ғана емес, сонымен қатар оның көлемінің ауқымдылығы мен күрделігіне байланысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай деген екен:
«Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім. Ол шетел тілінде сөйлесе тіпті жақсы. Бірақ ол шетел тілінде орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса – ол кешірілмес күнә, Сол себепті де мемлекеттік тіл – біздің мемлекетімізді құлатпай ұстап тұратын мықты діңгек екенін ұрпақтарымыз біліп өсуге тиіс» (2,19-20 б.)
Ал жоғарыда айтқандай , әлемнің көптеген елінде өмір сүріп отырған қазақ диаспоралары мен ирриденттерінің сүйенген жалғыз тірегі – ана тілі. Алайда, ұлттық тілінің жайы әр елде әр түрлі жағдайда. Біреуінде қалыпты жағдайда өмір сүрсе, енді біреуінде тіпті мүшкіл.
Шетелдегі қазақтардың ана тілінің тағдыры сол елдердегі ұсталынып отырған тіл саясатына тәуелді болады екен. Осыған байланысты шетелдегі қазақтардың өз туған ана тілінде оқып, білім алу мәселесі Қазақстан Республикасы Парламентінің де үнемі назарында болуға тиіс.
Көп мәдениеттердің тоғысқан ортасында алыс шетелдердегі қазақтардың ана тілін қандай күйде болса да сақтап қалуының өзі игі іс деп ойлаймыз, дегенмен
жасы үлкендерге қарағанда жастар мен төменгі сынып жасындағы балалар шетел тілдеріне бет бұра бастаған. Тұтастану кең өріс алып отырған қазірдің өзінде, дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде шашыраған 5 миллионға жуық біртұтас қазақ халқының құрамдас бөліктері ғана емес, жалпы исі қазақ халқы бірін-бірі түсіне алмайтын кезеңге келу қаупі туындап отыр. Өйткені біртұтас қазақ халқының бірі кириллица, бірі араб, бірі латын жазуын қолданса, алыс шет елдегі қазақтар әрқайсысы өздері өмір сүріп тіршілік етіп отырған дамыған елдерде үстем этностардың жазуын қолданады. Шетелдегі қазақтар әрқайсысы өздері тұратын этнолингвистік ортаның тіліне, мәдениетіне жақын болса, тарихи отандағы қазақтар тіліне жақын. Мәселен, «Қазақстанда, Қытайда, Моңғолияда, Түркияда тұратын 1 отбасынан тараған етжақын туыс адамдар өзара жазысқан хаттарын оқи алмай өзі тұрған ауыл-аймақтан сол жазуға сауатты бір жан таппай, айлап тіпті жылдап зарыққанына мен өзім куә болдым», - дейді Қ.Ғабитхан. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының «Ана тілім алтын бесігім» атты ғылыми-практикалық конференциясында.
Шетелдегі қазақтардың ана тілін сақтап қалуына қол ұшын беру бүгінгі өркениетке қадам басқан Қазақстан мемлекетінің шешуге тиісті аса маңызды мәселелерінің бірі болғаны даусыз. Бұл мәселе мемлекеттік тілді қалыптастырып, даму бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде қаралуға тиісті деп ойлаймыз. Өйткені, қазақ диаспорасындағы ана тілі елімізде мемлекеттік тілдің сөздік қорын байытуда, оның түрлі салалардағы қызмет аясын ұлғайтуда ықпалды күш болатындығы сөзсіз.
«Біз әлемдік мәдениеттің құндылықтарымен үндесіп жатқан жаңа заманға қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Ұлтты күшейтудің бір тетігі – тіл. Өйткені, толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болу мүмкін емес», - деген Елбасы сөзі осыны айғақтайды.
Бізге белгілі болған жайт, ол шетелдегі қазақтар өздері тұратын елдердің тілін меңгерген «қай жердің» қазағы қалай сөйлейтінін, әдеби тіл нормасы тұрғысынан сипаттап беру, сол арқылы шетел қазақтары тілдік өмірін жақсартуға өз үлесімізді қоса отырып, қазақ әдеби тілінің тұтастығы мен бірыңғай нормасының жер-жерде мұқият сақталуын қамтамасыз етуге ат салысу, қазақ шоғыры мұқтажын өтеу жолындағы республика үкіметі жұмыстарының дұрыс жолға қойылуына ғылыми-практикалық ұсыныстары жасау арқылы себепші болу, «қазақ тілінің дүние жүзінде таралу картасын жасау керек», - деп ойлаймын дейді лингвист ғалым Б.Хасанұлы (3,74 б.)
Өзін, өзінің ұлтын, дәстүрлі мәдениетін құрметтейтін адам қаншама көп мәдениеттердің тоғысқан ортасында болғанымен өз ана тілін ұмытпай ұлтының тілін, салт-дәстүрін, мәдени-рухани болмысын сақтауға қызмет етеді деп ойлаймын.
Зерттеу нысаны. Шетелдік қазақтар тіл ерекшеліктерінің зерттелуі.
Зерттеудің мақсаты.
- Қазақ диалектологиясы саласында шетелдік қазақтардың тілі азды-көпті зерттелгенімен, олар бір жүйеге түсірілмеген. Сондықтан да олардың басын қосып, біртұтас құбылыс ретінде зерттелу бағытын жүйелеу – біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі мақсаты болды.
- Осылайша жүйелі қарастыру нәтижесінде біз жалпы шетелдік қазақтардың тілдік жағдайын жалпы тіл білімі тұрғысынан, қазақ әдеби тілі тұрғысынан анықтауды көздедік.
- Шетелдік қазақтар ұғымына анықтама беріліп, олардың тілдік ерекшеліктеріне қатысты зерттеулер бізге түсіру мақсат еттік.
- Осыған қатысты біз өз зерттеуімізді «әдеби тіл» ұғымын шетелдік қазақтар, әсіресе «Қытай қазақтары» тұрғысынан қайта қарау қажеттігін көтереміз.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері.
Жүйелеу, сипаттау әдістері.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
• Шетелдегі қазақтардың зерттелу жайын, біртұтас жүйелі құбылыс ретінде қарастыру, зерттелу жайына баға беру.
• Қазақ әдеби тілінің келешегін шетелдік қазақтар тұрғысынан бағалау.
• Қазақтар көп орналасқан Қытай, Моңғол қазақтарының тілдік жағдайын қазақ әдеби тілі тұрғысынан бүгінгі орнын анықтау.
• Шетелдік қазақтардың тілінің зерттелу қажетті проблемаларын анықтау.
Зерттелу жұмысының теориялық-практикалық маңызы.
• Зерттеудің нәтижелері қазақ тілінің диалектілеріне проблемалар теориялық жаңа тұжырымдар қосуы мүмкін.
• Зерттеудің нәтижелері қазақ диалектологиясы саласы бойынша жоғарғы оқу орындарында арнайы курс, арнайы семинарлар жүргізуге көмегі тиуі мүмкін.
• Зерттеу нәтижелерінде жалпы шетелдік қазақтардың зерттелуіне қатысты библиографиялық көрсеткіштер, сөздіктер, жасауға көмегі тиуі мүмкін.
• Ж.О.О.-ғы қазақ диалектологиясына қосымша материал ретінде енгізілуі мүмкін.
Жұмыстың құрылымы.
Диплом жұмысы 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1 С.Мұстафаұлы. Қытай қазақтары тілінің тұрақты тіркестеріндегі жергілікті ерекшеліктер, авторефетат-А,2002.-26б.
2 Н.Назарбаев. 2030 жылғы стратегиясы -А,2001.-56б
3 Шетелдегі қазақ диаспорасы және Ана тілді сақтау мәселелері. -А,2000.-144б
4 А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы -А,1962.-102б
5 Қазақ диаспорасының бүгіні және ертеңі -А,2004.-160б
6 Ф.Сағындықова. Тәжікстандағы қазақтар тіліндегі кейбір ерекшеліктер -А,1990.15-29б
7 Т.Айдаров. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері -А,1975.-123б
8 Ю.Абдувалиев. Фонетико-морфологические особенности Ташкентского говора казахского языка, автореферат-1967.-36стр.
9 О.Қошабаева. Өзбекстандағы қазақтар, автореферат -А,1994.26б
10 Т.Айдаров. Өзбекстанда тұратын қазақтардың тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы, Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы, 1967 №1(74-75б)
11 М.Қашқари. Диуани луғат-ат түрік- 1961.2т.-189-198б
12 Материалы к историко-этнографическому атласу средней Азии и Казахстана.-М.-Л.- 1961. -33стр
13 Т.Нұрмағанбетов. Түркменстандағы қазақтардың тілі.-А,1974.-230б
14 Очерки из истории туркменского народа и Туркменистана в YІІІ-ХІв.в Ашхабад.-1954.-252-262стр
15 І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі.- А,1962.-235б
16 Г.Калиев. Некоторые особенности Аральского говара казахского языка,канд.дисс.-А,1954.-27стр
17 Ж.Досқараев. Байғанин ауданында тұратын қазақтардың тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер. Жинақ: Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 2-шығуы,-А,1960.-230б
18 Б.Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі.-А,1992.-251б
19 П.М.Мелиоранский. Краткая грамматика казак-киргизского языка. Ч.1спб.,-1897.-71стр
20 Ә.Құрышжанов. Қарақалпақ АССР-ында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір ерекшеліктер. Жинақ: Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 5шығуы.-А,1963.-147б
21 Ж.Досқараев және Ғ.Мусабаев. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері.А,Қаз.ССР Ғылым Академиясының баспасы,-1951
22 Құрманәлиев К. Омбы облысының Называевск, Есілкөл аудандарында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір лексикалық ерекшеліктер. – А, 1990. -203-207б.
23 О.Нақысбеков, А.Иманбаев. Астрахан, Волгаград экспедициясының материалдарынан. –А, 1990. -134-148б.
24 К.Саттаров. Народно – поэтическое творчество казахов кентского оазиса. Автореферат. –А, 1973. -26б.
25 Записи императорского русского географического общества. Том 10. спб., 1883 стр.90.
26 Н.И.Ильминский. Материалом к изучению киргизского наречия. – Казань, -1861.стр.185.
27 Б.Бұхатұлы. Моңғол қазақтарының тілі және оның кейбір Алтай тілдеріне қатысы. – А, 1993. -230б.
28 Үдербаев А.Ж. Моңғолиядағы қазақ диаспорасының тіліндегі фонетикалық ареал құбылыстарды салыстырмалы зерттеу. Кан.дисс. –А, 2002. -159б.
29 Б.Бәмішұлы. Моңғолия қазағының тілі. –А, 2006. автореферат.
30 Болатов.Ж. Қытайдан келген қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. – А, 1990. -38-51б.
31 Жүнісов Н. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. –А, 1981. – 136б.
32 Болатов Ж. Қошағаш қазақтарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. –А,1962. -120б.
33 Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер. –Астана, 2005. -5-24б.
34 Қазақстан диаспорасы және қазақ диаспорасы. –А,1997. -230б.
35 Қазақ диаспорасының ғылыми – зерттеу мәселелері. –А, 1992. -200б.
36 Ескекбаев Д., Б.Төлеубаев. Орынбор қазақтары. –А, 2004. -160б.
37 Қазақ диаспорасы. –А,2005. -260б.
38 Ауған, Иран қазақтарының тіліндегі кейбір фонетикалық ерекшеліктер. Ізденіс, 1997. -11-16б.
39 Ауған, Иран қазақтарының адам есімдеріне байланысты ерекшеліктері. Қ.Р.ҒМ-ҒА хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, 1997. №1 45-47б.
40 Нұрмұратов Е. Жаһандану жағдайындағы қазақ диаспорасының мәселелері. –А,2003. -68-77б.
41 Қазақ – Иран мәдени байланыстарының өткені мен болашағы. –А, 2001. -360б.
42 Мәсімханұлы. Қытай қазақтары поэзиясындағы ұлт – азаттық идея. –А, 1999. -230б.
43 Қозғанбаев Г. Моңғолиядағы қазақ диаспорасы. –А, 1999. -28б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 – 5

1 – тарау

Жақын шетелдік қазақтар тілінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..6 – 38

1. Шетелдік қазақтардың тілі
жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 – 9
2. Ресей және басқа жақын шетелдік аймақтағы қазақтардың
тілінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..9–13
3. Тәжікстан қазақтары тілінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 14 – 17
4. Өзбекстан қазақтары тілінің
зеттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17– 23
5. Түрікменстан қазақтарының тілдік зерттелуі
жайы ... ... ... ... ... ... ... 24 – 34
6. Қарақалпақ қазақтарының тілдік
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...35 – 40

Алыс шетелдік қазақтар тілінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...39 – 58

2.1 Ауған – Иран қазақтары тілінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...41 – 51
2.2 Қытай қазақтары тілінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..52 – 56
2.3 Моңғолиядағы қазақтардың тілінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..56- 61

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...62 – 65
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .66 - 67

К і р і с п е

Жұмыстың жалпы сипаты. Дүние жүзінің өркениетті елдерінің бәрінде
этиникалық ортасынан сырт жерлерде өз қандастарымен мәдени-рухани, оқу-
білім саласында байланыс жасап, оларға әр қырынан үнемі қолдау көрсетіп
отыру, сонымен қатар олардың ата жұртына оралуына мүмкіндіктер жасап,
көмектесу ежелден бар дәстүр. Қазақ диаспорасының тағдыр-талайына
өркениетке иек артқан Қазақстан Республикасы бей-жай қарай алмайтындығының
басты себебі – Қазақстан шетелдегі қазақ ұлты өкілдерінің бірден-бір тарихи
Отаны. Сондықтан да, Қазақстан олардың қазақ ұлтының бір бөлшегі ретінде
қай елде жүрмесін, қай қоғамда өмір сүрмесін ұлттық құндылықтары ана тілін,
мәдени-рухани байлығын сақтап, дамуына әрқашан да қамқорлық жасайды.
Президент Жарлығымен бекітілген Шетелдегі отандастарды қолдаудың
мемлекеттік бағдарламасы, осының айқын дәлелі болады. Қандай да бір ұлттың
ұлттық қасиетін, ұлттық құндылықтарын қалыптасуы, кемелденіп өркендеп
дамуы, әлемге әйгілі болуы, не болмаса уақыт ағымымен басқа ұлтқа сіңісіп
жоқ болып кетуі, бір сөзбен айтқанда, ұлт тағдырын тіл тағдырына сай
шешеді. Демек, тіл – қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттың өміршеңдігінің
бірегей белгісі. Этникалық ортасынан тыс жерлерде өмір сүріп отырған қазақ
ұлтының өкілдері қай мемлекетте болмасын ұлттың аз санды құрамына жатады.
Қазақ диаспорасын ғылыми түрде зерттеу соңғы кезеңдерде көтеріліп жүрген
мәселелерге жатады. Бірақ, Кеңестер Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіз егемен
ел болып жеке құрылғаннан кейін, елімізде қалыптасқан тілдік жағдаятқа
байланысты өзіндік тілдік ұстанымын жасады.
Әлеуметтік тұрғыдан тілді зерттеуші белгілі ғалым Б.Хасанов шетелдерде
шоғырланған қазақтардың тілін, өмірін зерттеу қазақ тіл білімі үшін ғана
емес, дүниежүзі әлеуметтік лингвистикасы үшін мәні зор екенін атай келе,
былай дейді: Жер жаһанның 40 елінде қоныс тепкен қазақтың қазақ болып
қалуының бірден-бір куәсі – оның сақталған тілі. Бұған дәлел сол – оның ана
тілінің көптеген елдерде қазақ өмірінің төрт негізгі саласында, атап
айтқанда, тұрмыста, қоғамдық өмір мен көркем шығармашылық, ауыз әдебиеті
саласында тиянақты қолданылуы (1,8б)
Белгілі бір тарихи себептерге байланысты елден бөлініп, жырақтап
қалған осы бір саны бүгінгі күнде миллионнан асқан қандастарымыздың тілі
қандай дәрежеде, қандай сипатта екенін зерттеу, оны жалпы халықтық
мемлекеттік қазақ тілі деңгейінің аясында қарастыру – тіл білімінің бүгінгі
таңдағы басты мақсаттарының бірі екені даусыз.
Совершенно не исследованы диалектные особенности казахов, проживающих
за пределами Казахстана. ...Казахи живут в северных округах Синьцзян
Китайской народной Республики, а также в юго-западных аймахах Монгольской
Республики. Все эти районы пока остаются не изученными 1,9. Одан беріде
Қазақстан территориясынан тыс аймақтардың ішінде Өзбекстан, Қарақалпақстан,
Түркіменстан, Ресей қазақтарының тілі зерттеліп, монографиялық еңбектер
жарық көрді. Ал шетелде тұратын диаспораның тілін зерттеуде тек
Монғолиядағы қазақтардың тілі мен Ауған, Иран қазақтарының тілі ғана
зерттеліп, ғылыми нысанаға айналды.
КСРО кезінде диаспора туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізбек былай
тұрсын, олар туралы мәселе қозғаудың өзі қажеттілік болып саналмаған. Соған
қарамастан қазақ диаспорасы, деген айдармен шықпағанмен, шеттегі қазақтар
жайында жарық көрген саусақпен санарлық зерттеулер мен еңбектер кездеседі.
Олардың қатарында У.Х.Шамкеновтың, А.Н.Коноваловтың, И.Қабышұлының, Ингвар
Сванбергдің, К.С.Абдикадырова, Ғ.О.Басаров, А.Министің зерттеулері мен
Б.Кәмилашұлының, Ғ.Мендикулованың кандидаттық диссертациялары және 1983-
1984 ж.ж. А.Төлеубаевтың басшылығымен Орынбор, Астрахань облыстарына
жүргізілген этнографиялық экспедицияның нәтижелері қазақ диаспорасын
зерттеу жұмысындағы ғылыми жаңалықтарға қосатын үлес болып табылады.
Осы орайда біздің дипломдық жұмысымыз бұрын-соңды арнайы қарастырылып,
ғылыми тұрғыдан екі-үшеуі зерттелген болса, ал кейбіреуі тек аталып қана
қойған шет елдерде тұратын әр түрлі тілдің ортасында көптен бері жасап келе
жатқан қазақ қандастарымыздың тіл ерекшеліктеріне бағышталып отыр.
Зерттеудің өзектілігі. Шетелдегі қазақтар негізінен екі түрлі жолмен
пайда болды. Бірі, орыс пен қытай империялары қазақ жерін түгелдей
отарлағаннан кейін оны бөліске салған кезде елімен, жерімен басқа елдің
боданында қалған қазақ ирриденттері (Қытай, Ресей, Өзбекстандағы қазақтар),
екіншісі, Қытай мен Ресейде жүргізілген революциялық төңкерістер, саяси
қуғын-сүргін, таптық күрес, геноцид, тәркілеу т.б. толып жатқан зұлматтар
кесірінен тарихи Отанынан бас сауғалап басқа елді паналағандар, яғни
диаспора соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда 1,5 млн., Өзбекстанда 1,5 млн.,
Ресейде 1 миллионға жуық, ал Қырғызстанда 70 мың, Түркіменстанда 100 мың,
Моңғолияда 100 мың қазақ бар деп есепетейді. Сондай-ақ, Еуропа, Америка,
Азияның жиырмадай елінде шамамен 25 мыңдай қазақ жүрген көрінеді.
Мәселенің өзектілігі бұл тақырыптың қазақ диалектологиясында да алғаш
зерттелуінде ғана емес, сонымен қатар оның көлемінің ауқымдылығы мен
күрделігіне байланысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай деген екен:
Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім. Ол шетел
тілінде сөйлесе тіпті жақсы. Бірақ ол шетел тілінде орап, ана тілін
тұншықтырып, көміп тастаса – ол кешірілмес күнә, Сол себепті де
мемлекеттік тіл – біздің мемлекетімізді құлатпай ұстап тұратын мықты діңгек
екенін ұрпақтарымыз біліп өсуге тиіс (2,19-20 б.)
Ал жоғарыда айтқандай , әлемнің көптеген елінде өмір сүріп отырған
қазақ диаспоралары мен ирриденттерінің сүйенген жалғыз тірегі – ана тілі.
Алайда, ұлттық тілінің жайы әр елде әр түрлі жағдайда. Біреуінде қалыпты
жағдайда өмір сүрсе, енді біреуінде тіпті мүшкіл.
Шетелдегі қазақтардың ана тілінің тағдыры сол елдердегі ұсталынып
отырған тіл саясатына тәуелді болады екен. Осыған байланысты шетелдегі
қазақтардың өз туған ана тілінде оқып, білім алу мәселесі Қазақстан
Республикасы Парламентінің де үнемі назарында болуға тиіс.
Көп мәдениеттердің тоғысқан ортасында алыс шетелдердегі қазақтардың
ана тілін қандай күйде болса да сақтап қалуының өзі игі іс деп
ойлаймыз, дегенмен
жасы үлкендерге қарағанда жастар мен төменгі сынып жасындағы балалар шетел
тілдеріне бет бұра бастаған. Тұтастану кең өріс алып отырған қазірдің
өзінде, дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде шашыраған 5 миллионға жуық
біртұтас қазақ халқының құрамдас бөліктері ғана емес, жалпы исі қазақ халқы
бірін-бірі түсіне алмайтын кезеңге келу қаупі туындап отыр. Өйткені
біртұтас қазақ халқының бірі кириллица, бірі араб, бірі латын жазуын
қолданса, алыс шет елдегі қазақтар әрқайсысы өздері өмір сүріп тіршілік
етіп отырған дамыған елдерде үстем этностардың жазуын қолданады. Шетелдегі
қазақтар әрқайсысы өздері тұратын этнолингвистік ортаның тіліне,
мәдениетіне жақын болса, тарихи отандағы қазақтар тіліне жақын. Мәселен,
Қазақстанда, Қытайда, Моңғолияда, Түркияда тұратын 1 отбасынан тараған
етжақын туыс адамдар өзара жазысқан хаттарын оқи алмай өзі тұрған ауыл-
аймақтан сол жазуға сауатты бір жан таппай, айлап тіпті жылдап зарыққанына
мен өзім куә болдым, - дейді Қ.Ғабитхан. Дүние жүзі қазақтары
қауымдастығының Ана тілім алтын бесігім атты ғылыми-практикалық
конференциясында.
Шетелдегі қазақтардың ана тілін сақтап қалуына қол ұшын беру бүгінгі
өркениетке қадам басқан Қазақстан мемлекетінің шешуге тиісті аса маңызды
мәселелерінің бірі болғаны даусыз. Бұл мәселе мемлекеттік тілді
қалыптастырып, даму бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде қаралуға тиісті
деп ойлаймыз. Өйткені, қазақ диаспорасындағы ана тілі елімізде мемлекеттік
тілдің сөздік қорын байытуда, оның түрлі салалардағы қызмет аясын ұлғайтуда
ықпалды күш болатындығы сөзсіз.
Біз әлемдік мәдениеттің құндылықтарымен үндесіп жатқан жаңа заманға
қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Ұлтты күшейтудің бір
тетігі – тіл. Өйткені, толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болу мүмкін емес,
- деген Елбасы сөзі осыны айғақтайды.
Бізге белгілі болған жайт, ол шетелдегі қазақтар өздері тұратын
елдердің тілін меңгерген қай жердің қазағы қалай сөйлейтінін, әдеби тіл
нормасы тұрғысынан сипаттап беру, сол арқылы шетел қазақтары тілдік өмірін
жақсартуға өз үлесімізді қоса отырып, қазақ әдеби тілінің тұтастығы мен
бірыңғай нормасының жер-жерде мұқият сақталуын қамтамасыз етуге ат салысу,
қазақ шоғыры мұқтажын өтеу жолындағы республика үкіметі жұмыстарының дұрыс
жолға қойылуына ғылыми-практикалық ұсыныстары жасау арқылы себепші болу,
қазақ тілінің дүние жүзінде таралу картасын жасау керек, - деп ойлаймын
дейді лингвист ғалым Б.Хасанұлы (3,74 б.)
Өзін, өзінің ұлтын, дәстүрлі мәдениетін құрметтейтін адам қаншама көп
мәдениеттердің тоғысқан ортасында болғанымен өз ана тілін ұмытпай ұлтының
тілін, салт-дәстүрін, мәдени-рухани болмысын сақтауға қызмет етеді деп
ойлаймын.
Зерттеу нысаны. Шетелдік қазақтар тіл ерекшеліктерінің зерттелуі.
Зерттеудің мақсаты.
- Қазақ диалектологиясы саласында шетелдік қазақтардың тілі азды-көпті
зерттелгенімен, олар бір жүйеге түсірілмеген. Сондықтан да олардың басын
қосып, біртұтас құбылыс ретінде зерттелу бағытын жүйелеу – біздің дипломдық
жұмысымыздың негізгі мақсаты болды.
- Осылайша жүйелі қарастыру нәтижесінде біз жалпы шетелдік қазақтардың
тілдік жағдайын жалпы тіл білімі тұрғысынан, қазақ әдеби тілі тұрғысынан
анықтауды көздедік.
- Шетелдік қазақтар ұғымына анықтама беріліп, олардың тілдік
ерекшеліктеріне қатысты зерттеулер бізге түсіру мақсат еттік.
- Осыған қатысты біз өз зерттеуімізді әдеби тіл ұғымын шетелдік
қазақтар, әсіресе Қытай қазақтары тұрғысынан қайта қарау қажеттігін
көтереміз.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері.
Жүйелеу, сипаттау әдістері.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
• Шетелдегі қазақтардың зерттелу жайын, біртұтас жүйелі құбылыс
ретінде қарастыру, зерттелу жайына баға беру.
• Қазақ әдеби тілінің келешегін шетелдік қазақтар тұрғысынан
бағалау.
• Қазақтар көп орналасқан Қытай, Моңғол қазақтарының тілдік жағдайын
қазақ әдеби тілі тұрғысынан бүгінгі орнын анықтау.
• Шетелдік қазақтардың тілінің зерттелу қажетті проблемаларын
анықтау.
Зерттелу жұмысының теориялық-практикалық маңызы.
• Зерттеудің нәтижелері қазақ тілінің диалектілеріне проблемалар
теориялық жаңа тұжырымдар қосуы мүмкін.
• Зерттеудің нәтижелері қазақ диалектологиясы саласы бойынша жоғарғы
оқу орындарында арнайы курс, арнайы семинарлар жүргізуге көмегі тиуі
мүмкін.
• Зерттеу нәтижелерінде жалпы шетелдік қазақтардың зерттелуіне
қатысты библиографиялық көрсеткіштер, сөздіктер, жасауға көмегі тиуі
мүмкін.
• Ж.О.О.-ғы қазақ диалектологиясына қосымша материал ретінде
енгізілуі мүмкін.
Жұмыстың құрылымы.
Диплом жұмысы 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімі мен қосымшадан тұрады.

І-Тарау. ЖАҚЫН ШЕТЕЛДІК ҚАЗАҚТАР ТІЛІНІҢ
ЗЕРТТЕЛУІ

1.1. Шетелдік қазақтардың тілі жайында

Қазақ диаспорасының кешенді мәселелерін зерттеу барысында назар
аударатын ерекше мәселе – алыс және жақын шет елдерде өмір сүріп жатқан
қандастарымыздың өзіндік ұлттық санасының түрлі деңгейдегі көріністері және
этникалық дүниетанымындағы күрделі өзгерістерді зерделеу.
Алыс және жақын шет елдегі тегі қазақтың жалпы саны 6 млн. 500 мың
(метис пен маргиналдарымызбен бірге). Салыстыру үшін айталық, бұл моңғол (6
млн.) санымен теу, манчужурлардан (4 млн.) көп.
Өзбекстандағы бұл таза қазақтар. Ал маргиналдары мен метистерді қосып
есептесек қазақ-өзбек болып жүргендермен бірге, ондағы исі қазақтар бүгінде
3,0 млн-ға жетіп жығылады. (Ондағы құрама, қоңырат, қыпшақ, наймандармен
бірге).
Ресейде ғана емес, Украина мен Белоруссия, Балтық пен Молдова әбден
орыстанған дүбара-метис, не мәңгүрт қазақтар тағы баршылық (шамасы 250 мың
болады).
Қырғызстанда да ашаршылық кезінде сіңіп кеткен қазақ-қырғыздар
баршылық. Шамамен 200 мыңға жетіп қалады.
Қытай мемлекетінің ресми статистикалық көрсеткіші бойынша, жобамен
метистерді қосқанда 2,0 миллионнан астам қазақ бар.
Осының 800-900 мыңы алыс диаспоралар болса, ал (12-13 %-і) енді 5,5,
(87-88 %-і) жақын жердегі, өз атамекеніндегі ирриденттеріміз.
Қазіргі жаһандану заманында этнодиаспоралық кеңістік қазақтар үшін әр
елде, тіптен ТМД-ның ішкі жағдайында да әр түрлі ерекшеліктерге толы.
Мәселен, Ресейдегі этнодиаспоралық кеңістік қазақтың этникалық тобы орыс
тілінде сөйлейтін тұрғындар категориясы шеңберінде қалу қаупі бар. Бұл
өткен тоталитарлық кезеңнің қазіргі заманға жеткізген өзіндік сыйы деуге
болады. Өкінішке орай осыған ұқсас жағдай басқа алыс-жақын елдерде
(Өзбекстанда, Моңғолияда, Қытайда, Түркияда, Еуропа елдерінде) орын алып
отыр.
Әрине, қазақ диаспорасы өкілдерінде бұл үрдістердің неге апарып
соғатынын түсіну жоғары деңгейде дей аламыз. Сондықтан да болар үнемі
қазіргі кезеңде ұлттық тілдің мән-мағынасын арттырудың жолдарын іздестіру
әрекеттері жасалуда. Бұл ұлттық өзіндік саланың бірте өзін-өзі барынша
тұтастанған күйде анық күйде анықтауға ұмтылуы.
ТМД-ның ішінде тараған қазақ диаспорасына қандай жағдайда да және
алыстағы елдердегі қазақ топтарының өзіндік сапасын сақтау, дамыту
үрдістері қалай жүріп отырған деген заңды сұрақ туындайды.
Ресей республикасында тұратын 700 мыңға жуық қазақтардың жартысына
жуығы өздерінің өмір сүріп жатқан жерлерін ежелгі мекеніміз деп есептейді.
Ресейде халқының саны жағынан қазақ диаспорасы 11 орында деп есептелінеді.
Шынымен де қазіргі Ресей мен Қазақстанның шекарасы кезінде Кеңес үкіметінің
орашолақ жүргізе салған сызығымен анықталған. Сөйтіп, ежелден келе жатқан
қазақ ауылдары өздерінің тілінде, дінінде ұлттық бедерін жоғалтпай дамып
келе жатқан кезеңін 1950 жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың басында Ресейдің
(Қазақстанның өзінде де) қазақ мектептерін жабу, қазақ шоғырларын ыдыратып,
өзіндік санасының біртұтастығы күштірек халықтардың (орыс, неміс,
деревнялары) шылауында кетуіне әкеліп соқтырады. Сөйтіп тоталитарлық
мемлекет тарапынан саналы түрде этникалық бәсекелесу саясаты жүргізіледі.
Үлкендер жағы болмаса, жастар түгелімен еуропо-орталық негізде тәрбиеленіп,
ойлау мен түйсіну орыс тілінде жүріп отырды. Соған қарамастан Ресейдің
қазақтары (Орынбор, Омбы, Астрахань, Саратов, Волгоград облыстары)
өздерінің тілін, дінін, халықтың салт-дәстүрін жоғалтқан жоқ деуге болады.
Ресейдегі қазақ диаспорасының саналы азаматтары соңғы кезеңде өздерінің жас
ұрпақтарына ана тілінде де білім беріп, тәрбиелеу мақсатында көптеген
талпыныстар жасауда, бірақ қазіргі кезеңнің экономикалық қиындығы, тапшылық
пен қымбатшылық оған қол байлау болып отыр. Осы деректің өзінен Ресейдегі
қазақ қауымы бір үлкен этникалық күш және Қазақстан үшін саяси әлеуметтік
одақтас екенін байқауға болады.
Ал енді Орталық Азиядағы өзіндік ерекшелігімен көзге түсті.
Өзбекстанда өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының өзіндік санасына келетін
болсақ, онда бұл республикадағы қазақтар өздерінің ұлттық келбетін, салт-
дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін (мұсылмандық діни сананың да ықпалы
зор) және бұл рухани құрылымдарды қоғамда негізінен жақсы сақтай білген.
Әрине елдегі этникалық үлкен және түпкілікті халық - өзбектердің өмір
салты, мәдениеті мен салт-дәстүрі өзінің ықпалын этникалық топтарға тигізуі
заңды құбылыс. Бірақ кезінде тарихи тұрғылықты қазақтармен қоса аштық
заманда көшіп барған қазақ жұртының өз тілінде мектептерден сауат ашуға
мүмкіндіктері аз жерлерде өзбекше білім алу тіпті өзбек ұлтының өкілімін
деп жаздыру деректері айтылуда. Жақын аймақтарда болсын, алыс аймақта
болсын өмір сүріп жатқан қандастарымыздың, көрген-білгеніміз бен
зерттеулерімізден жасайтын басты қорытынды – шетелдегі қазақтардың ұлттық
өсіп-өркендеуі бұрын-соңды болмаған қиын жағдайға душар болып отыр.
Бұған дәлел ретінде өткен ғасырдың басында қазақтың тұңғыш тіл ғалымы
әрі рухани көсемі А.Байтұрсынұлы: Әр ұлтқа төрт нәрсе керек. Олар: тіл,
діл, дін және жазу. Осылары болса ғана әр халық өзінше халық Егер бұлардан
айырылса, ол ел халық болудан қалады. Тілі жоғалған халықтың өзі де
жоғалады деген еді. (Тіл және қоғам, 44-45 б.)
Әлемдік тәжірибеге қарағанда да бірлікке келген кемелді тілі, жазуы
мен әліпбиі бар халықтар өркениетке қарай бет алса, тіл мен жазуы
қолданыстан шығып қалған, бірлікке келген тіл мен жазуы, әліпбиі жоқ
халықтар бет-бетімен ыдырап жоқ болуда.
Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұрын бір елдің ықпалында болған қазақ
халқының үлкен бір тобы қазір өзге шетел болып сонда тұрып жатыр. Кейбір
мәліметтер бойынша, олардың жалпы саны 2,5-3 миллионға жуық. Яғни
Өзбекстанда – 1,5-2 миллион, Ресейде – 1 миллион, Түрікменстанда – 100 мың,
Қырғызстанда 45 мың, өзгелерінде жиыны – 50 мыңға жуық, - дейді Қайрат
Ғабитханұлы. Бұл, яғни жақын (шетелдегі) аймақтағы қазақтар тобына
жатқыздым. Бұлардың іщінде Өзбекстанда аз болса да қазақ мектептері бар.
Кей баспалардан қазақ тілінде кітаптар, бірді-екілі газет-журнал жарық
көрген. Алайда 2 миллионға жуық қазақтар үшін бұл аздық етеді.
Кешелі бері Өзбекстан қазақтарының саны мен тіл сапасын сөзге шыққан
ағайындар біршама таразылап, салмағын да анықтап беріп жатыр. Әрине,
сырттай қарап, баға беру оңай. Бірақ бір нәрсені ұмытпау керек. Ол -
Өзбекстан қазақтарының диаспораға қосылмайтындығы. Өзбекстан қазақтары өз
елінде, өз жерінде жасап жатқан біртұтас халық. Ол жақта қазақтың тарихы
тұнып тұр.
Рас, соңғы кездері Өзбекстан қазақтарының тілі шұбарланып барады.
Себебі, олар дәл қазір рухани аштықта. Қазақстаннан барып тұратын қазақша
газет-журналдар, көркем әдебиет қазір Өзбекстанда жоқтың қасы. Ал
Қазақстанның радио-теледидар хабарларын Өзбекстандағы барша қазақ көріп,
тыңдай алмайды. Қазақстаннан бұрын барып тұратын әдебиет, мәдениет
майталмандары ат ізін салмай қойғаны қашан, - дейді Гүлнәр Байжанова (3,
113-114 б.)
Түркменстандағы жағдай да осыған жақын. Қазақ мектептерінің саны аз,
қазақ тілінде басылымдар жоқ. Бұл Түркменстанның ерекше жағдайы, ондағы
кейбір тұрғындарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер қазақ диаспорасы
өкілдерінің біршама бөлігінің қоныс аудару талпынысын шектейді. Бұл бір
жағынан әлеуметтік деңгейі төмен азаматтар үшін өзіндік реттеуші фактор. Ал
Қырғызстан, Тәжікстан, Украина т.б. жақын шет елдерде қазақтардың жан саны
аз болғандықтан оларда ондай мүмкіндіктер қазірше жоқ.
Ал енді ең үлкен көршіміз Ресейге келсем, онда миллиондай қазақтар
тұрады. Оның үстіне Қазақстанға көрші үш облысқа шоғырлы қоныстанған.
Осылай бола тұра қазақ мектептері мен басылымдарының болмауына адамның іші
ашиды. Кейбір ұлтым деген ер азаматтар онда бірді-екілі басылым
әзірлегенімен ондағы қазақтардың басым көпшілігінің өз ана тілін білмеуі
салдарынан таралмай жататын сияқты. Салыстыра қарағанда Ресейдегі бір
миллиондай қазақтардың ана тілінің жағдайы ең төмен дәрежеде және мүшкіл
халде деуге болады. Салыстырып қарасақ, Қазақстандағы және Ресейдегі кейбір
басылымдарда айтылғандай, Қазақстанда орыс тілі қуғынға ұшырап құрып бара
ма, әлде Ресейдегі қазақтардың ана тілі құрып бара ма? Солай бола тұра
Ресейдің билік тұтқасын ұстаған адамдар мен Ресей думасы әр кездері
шетелдегі қандастарының тілін қызғыштай қорып, демеу көрсетеді. Олар үшін
бұлай істеу бір есептен дұрыс шығар. Ана тілдері қазақтың тіліндей мүшкіл
халде болмаса да орыс болсын, қытай болсын, неміс болсын өз тілдерін
мемлекеттік деңгейде қолданудың сыртында оның шетелдерде тұратын
қандастарында дұрыс қолданыс табуына мемлекеттік дәрежеде қолдап, жәрдем
көрсетіп отыр. Әрине шетелде тұратын ағайындар өзін де, ұлтының болашағын
да ойлайды.
Қазақ халқының тіл жазуының бүгінгі хал-күйіне қарасаң, шала-жансар
туып қызығына тоймаған бала сияқты, өте қиын күйінде қалып отыр, - дей
келе Қайрат Ғабитханұлы, (Тіл және қоғам, 48-49 б.) төмендегідей
топтастырады:
1. Қолданылып отырған жазу-графикасы бірдей емес. Біреуі кириллица,
бірі араб, тағы біреуі латын жазуын қолданады. Әріптердің саны да әр түрлі,
бірінде 42, бірінде 33, тағы бірінде және басқаша. А.Байтұрсынұлы Қазақ
сөзін жазу үшін 28 әріп жетеді, - деп осы негізде кезінде қазақтың ортақ
әліпбиінің негізін салумен бірге фонология теориясындағы айырым белгісі
әдісін қолдану арқылы қазақ тілі дыбыс жүйесін тұңғыш рет 9 дауысты, 19
дауыссыз деп анықтап берген болатын (4, 28-29 б.) Ал қазір ең болмағанда
қолдануға тиісті тіл дыбыстарының орны ғылыми жағынан дұрыс анықталып, оған
лайықты әріп тұрақтанып, бір ғана жазу үлгісімен әліпбиді қолданып отырған
жоқ. Бас-басына әр түрлі жазу мен әліпби қолданып отыр.

1.2. Ресей және басқа жақын шетелдік аймақтағы
қазақтардың тілінің зерттелуі

Тіл – ұлттық сананың киелі де мәйегі. Тіл – тірлік пен бірліктің де,
ынтымақ пен ырыстың да, тіршілік пен бейбітшіліктің де негізгі басы.
Мойындау мен табынудың да, мойындату мен табынудың да басталуы, таңдану мен
таңғалудың да, таңдандыру мен таңғалдырудың да басы осы тілден басталады.
әлемдегі таңдау мен дамудың басы, ұлттық рухани байлықтың да, рухани баюдың
да негізгі бастауы да осы тіл арқылы көркейіп, даралана дамиды.
Ұлттық қадір-қасиетті жою ұрпақты түбегейлі надандыққа, мәңгүрттікке,
кещелікке құлатып, күйрете өшірудің де, рухани жұтатудың да, сатқындық
жолға түсірудің де, қастандықтың да басы осы тіл арқылы іс-жүзіне асырылып,
зұлымдықтың сан қилы нақты айла-амалдары, әдіс-тәсілдері ширайды.
Саясаттағы небір әрекеттер атаулының бәрі тіл мен діл арқылы жоспарланып,
оны жүзеге асыру құпиясы аса терең әрі нәзік келеді. Ол ұрпақтың бойындағы
ұлттық нәзік қабілеттің, намысқойлық пен адалдықтың рухында жатыр. Ұлтына
деген қамқорлық жасаудағы рухты тіоілту кемеңгерлік пен көрегенділіктің
ірілігінде, кісілігінде, тұлғалылығында жатыр- дейді Молдағали Матқанұлы
(3, 123-124).
Ал, қазақ мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік тіл мен басқа да
тілдерді үйрету бөлімінің бастығы Ғалым Тыныбай былай дейді:
Бұл күнде өзінің қазақ екенін ұмытып, тілден, діннен қол үзген
замандастарымыз бен жастарымыз кең-байтақ еліміздің қай жерінде болмасын
баршылық. Ана тілінде жөн сұрасаң көктен түскендей бетіңе бажырая қарап,
екі иығын кезек қомдап жылыстай беретін жастар көп. Бойымызға анамыздың ақ
сүтімен сіңген ана тіліміз сөйлеуден қалып, көңілден көше бастағанын,
жастар мінезінің басқа халық мінезіне ауысқанын көргенде жаның ауырады.
Осыған орай, Ресей қазақтары жайлы сөз қозғасам. Бүгінгі Ресейде әр
түрлі деректер бойынша 800 мыңнан 1 млн.-ға жуық этностық қазақтар тұрады.
ТМД-елдерінде 1 млн. 815 мыңдай қазақ болса, соның 40 пайызы ресейліктер
деген дерек бар. Олардың басым көпшілігі Ресейдің Қазақстанмен шектес
аймақтарында, атап айтқанда Алтай Республикасында, Астрахань, Орынбор,
Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов, Волгоград, Екатеринбург, Новосібір,
Тюмень және басқа облыстарында тұрады. Мәскеу мен Санкт-Петербург
қалаларында 10 мыңдай қазақ өмір сүріп жатыр.
Ресей қазақтарының 70 пайызына дейіні ауылдық жерлерде тұрады.
Мысалы, Орынбор облысында 197474 қазақ бар. Облыстың Адамов ауданы
тұрғындарының – 31,2, Ақбұлақтың 24,4, Белясевтің – 23, Домбаровтың – 41,5,
Первомай ауданының – 22,3, Соль-Илецкінің 22,5, Ясный ауданының – 52,2
пайызын қазақтар құрайды. (Егемен Қазақстан, 10 б.) Ресейдің тегін сапалы
білімі, зейнетке шығу жасының төмендігі, басқа да жағдайлар негізінен
Ресеймен шекаралас тоғыз облыстағы қазақтарды қоныс аударуға итермелейді.
Әсіресе, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік
Қазақстан облыстарынан 1994-1997 жылдары қазақтар сегіз-он мыңдап Ресейге
көшіп отырған. 1998 жылдан қоныс аудару толастай бастаған. 2001 жылы 4613
қазақ Ресейге көшіп кеткен. Сонымен қазақ диаспорасының саны 13778 адамға
өсіп, бүгін шамамен 700 000 құрайды деуге болады.
Қазақтар - Ресейдегі ірі диаспоралардың бірі. Олар сан жағынан мари,
аварлармен тең, ұлттық республика статусы бар еврей, бурят, осетин,
кабардин, якуттардан басым. Ресей ғалымдарының салыстырмалы зерттеулері
бойынша, қазақтар орыс, тува, қалмақ және Сібірдің ұсақ халықтарымен қатар
өлім-жітімі көп, адамдары аз өмір сүретін этностар тобына жатады.
Ресейде қарқынды ассимиляциялық процестердің негізінде, диаспоралардың
бір бөлігі орысқа сіңісіп бара жатыр, сондықтан ұсақ халықтардың нақты
саны, ал олардың ішінде қазақтардың да, ресми көрсеткіштерден азырақ деген
пікір жиі айтылады. Орыстану процесі ресей қазақтары түгілі өз еліміздегі
қазақтардың арасында әлі жүріп жатқан тұста, қазақ диаспорасы ол індеттен
аман деп айту қиын. Дегенмен, Ресей қазақтары жарым-жартылай, әсіресе ана
тілін білмейтіндердің көп екенін ескерсек, ассимиляцияға ұшырағанымен,
ұлттық санасы жағынан әзірше қазақ болып келеді (5, 78-79 б.)
Диаспора – мәдени ғана этноэкономикалық, этноәлеуметтік, этносаяси да
қауымдастық, - дейді А.Айталы. Әрине, ана тілін, әдебиетін, мәдениетін,
өнерін, дінін насихаттау, олардың дамуына жағдай жасап, ұлттық сананы
тереңдету, әрине, көпшілік арасына кеңінен қолдау табатын іс.
Кеңес Одағының ыдырауы ресейлік қазақтарға жаңа саяси және әлеуметтік
жағдай туғызып, жаңа мәртебе берді. Одақ тұсында РСФСР да тұратын қазақтар
өздерін диаспора ретінде сезінген жоқ. Себебі КСРО барлық ұлттардың ортақ
отаны болды. Ал әлемдік кеңестікте тәуелсіз Қазақ мемлекетінің пайда болуы,
басқа республикалардағы қазақтарды диаспораға айналдырды. Сонымен бірге
Қазақстанның дербестікке қол жеткізуі қазақ диаспорасының ұлттық санасын
оятып, ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін білуге, бүгіні мен ертеңін тануға
ынталандырды. Қазақтар, басқа да диаспора өкілдеріне орыстардың да
көзқарасы өзгерді.
Қай елде де диаспора ұстараның жүзіндей шиеленісті жағдайда өмір
кешеді. Ол мекендеген мемлекет ең алдымен байырғы, мемлекет құрушы ұлттың
экономикалық, саяси, демографиялық, тіл және мәдени мүддесін нығайтуға
барынша күш салады. Ал тарихи отаны болса, қожа елдің ішкі ісіне
араласпай, диаспораның этникалық қауымдастық ретінде сақталып қалғанын
қолдайды. Кейде осы екі тенденция бір біріне қайшы келіп, дау жанжалдар да
туып жатады. Ресей қазақтары да осындай түйінді қолдарына ұстап отыр. Бір
жағынан қожа елдің заңын силап, тілін, мәдениетін бойына сіңіріп, ешкімге
есесін жібермей өмір сүру екінші жағынан, ассисмиляцияға қарсы тұрып,
ұлттық құндылықтарды сақтау.
Бірақ қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени
өміріне шешуші әсер ететін Ресейдің ұлттық саясаты, ұлттық мәселелер
төңірегіндегі саяси ахуал социалистік қоғамдық жүйенің күйреуі,
тоталитаризм қалдырған бюрократиялық мұраның іздері, Ресейдегі
демократиялық процестердің қайшылықты дамуы қазақ диаспорасының жағдайына
тікелей әсер етіп отыр. Байырғы ұсақ ұлттар мен ұлыстардың, диаспоралардың
заңды талаптары аяқ асты болып отырғаны да шындық. Ең басты қиындық
ресейлік орыстардың дисапоралардың ұлттық сана-сезімі, тілі, мәдениетіне
деген сұранысының өсуіне, жалпы жанданып жаңаруына немқұрайлы,
астамшылықпен қарауы болып отыр (Жизнь национальностей, 2000. - № 2, 3 б.)
Бұл көптеген ұлттардың өкпе назын тудырады. Бір кездегі Ресей Премьер-
министрі С.Кириенконың мына бір сөзі сол астамшылық саясаттың көрінісін
айқын білдіреді.
Все национальные проблемы оттого, что мы ими занимаемся. Не будем
заниматься – не будет и проблем (Полис, 1999, № 2. – 35 б.)
Осы орайда Ресей қазақтарының Астрахань, Волгоград экспедициясының
материалдарынан О.Нақысбеков, А.Иманбаев 1987 ж. Европа тілдері
лингвистикалық атласының жұмысына байланысты Жайық өзенінің батыс жағында
тұратын қазақтар тілінің ерекшелігін жиюға барып қайтады. Ол сапарларында
Европаға кіретін Қазақстанның батыс өңірлеріндегі Орал, Гурьев және
Астрахань, Волгоград облыстарының кейбір аудандарын аралап, аталған атласқа
арналған сұраулықты толтырып, материал жинайды. Бірақ, бір ескертетін жәйт,
жоғарыдағы аталған ғалым-зерттеушілер Астрахань, Волгоград қазақтарының
тіліндегі кейбір лексикалық ерекшеліктеріне тоқталады.(23,134-148б)
Аталған облыстардағы қазақтар осындағы орыс халқымен ерте кезден жиі
араласып, қарым-қатынас жасайды. Газет-журналдар да орыс тілінде, қазақ
оқушылары да орыс мектептерінде оқуда. Әрине, сөз жоқ осының бәрі
жергілікті қазақтар тіліне орыс тілінің әсерін мол тигізеді. Оған
Қазақстанда және басқа жерлерде тұратын қазақтарда күнделікті айтылып
жүрген нағыз қазақ сөздерінің орнына бұл өңірде орыс сөздерінің
қолданылатынына мына төмендегі сөздерді мысал ретінде дәлелдейді
зеттеушілер. Олар мыналар: күтір (хутор), ток (қырман), рандан арба
(қалқанды арба), горшок (құмыра), турба (моржа, түтіндік), дышел (жетек),
кнут (қамшы), мастит (желін сау), екинокок (төсекпе ауруы), сап (сақау
ауруы), сыпь (бөртпе), брюшный тип (кезік), оспа (шешек), мелкопородный
(жабы), ләпке (дүкен), нырок (үйрек), крыса (атжалман), черепаха (тасбақа),
жашмен (арпа), снопа (бау), агрек (шала), атғот (шөпшар), көпкен (шөмеле),
борона (жырма), салом (сабан), мекен (топан), поветель (шырмауық).
Үй-жай, құрылысқа байланысты сөздер: Ас сарай (шошала; астық, тамақ
қоятын үй), стена қабырға (үй қабырғасы), арқалық бел ағаш (үйдің
мәскесі), тас (кірпіш), қызыл тас (күйген кірпіш), саздан жасалған тас
(шикі кірпіш), ақ балшық ақ бор (ізвес), ілгіш (есіктің ілгегі), қазақ
пеш (түтіндігі көлденең келген пеш түрі), орыс пеш (түтіндігі тік жүретін
түрі), тұрба мүрже (мұржа, түтіндік), қармақ кілт (ілгек; біздің үйдің
сыртында ішінде қармақ бар ғой), лапас (жан-жағы ашық, үсті жабық далда).
Көрпе-жастық, төсек-орын, алашаға байланысты сөздер: теру алаша
(ұзатқан қызға арнап тоқылатын алаша: қыз ұзатқанда көзімдей көрсін деп бір
теру алаша жасап береді), қақпа алаша (жүні боялмаған, бір түсті жіптен
жасалған, жай жүннен жасалған алаша), терме алаша (әр түрлі, түсті жіптен
бедерлі ою салып жасаған алаша), алма теру (алманың суретін, жапырағын
салып теру); көз теру кілем бояуларына салынатын өрнек, өрнегі бірінің
ішінен бірі шығып түскен түрі), төсекше жайма (төсейтін көрпе), жамылғы
көрпе (жамылатын көрпе), жабын (перде: терезе жабын, есік жабын), жастық
(екі адамдық жастық), көпшік (бір кісілік жастық).
Киім-кешек, мата атауларына байланысты сөздер: желек (жас келін
бүркенетін шашақты қызыл шарқат, орамал), кәзекей көкірекше (расына жүн
салмай тіккен кеуде киім), кеудеше (арасына жүн салып тіккен кеуде киім),
жадағай (астарланған жұқа мол бешпет: жадағай – осы күнгі плащ тәрізді),
тер орамал (мұрын сүртетін орамал), деңбіт (күміс белдік), белбеу (әрі
теріден, әрі шүберектен жасалған белдік).
Ыдыс-аяқ және үй бұйымдарына байланысты сөздер: самар (қымыз құятын
табақ), сорпа кесе (үлкен кесе), жайдақ шам (лампасыз шам), шөлмек
(бутылка).
Тағам атауларына байланысты сөздер: секер (ірі қант), уақ песок (ұсақ
қант), піскен қаймақ (піскен сүт беті); т.б.
Әдет-ғұрыпқа, ойын атауларына байланысты сөздер: тентек кәде (келін
алуға барған кезде берілетін кәде: тентек кәде беру қыз аулында болады.
Жігіт жағынан барған құдалар қыз аулына барған кезде, біраз отырған соң екі-
үш кісі айқайлап келеді. Сонда берілетін кәде), балдақ жасыру (сақина
жасыру ойыны) т.б.
Астрахань, Волгоград қазақтары тілінде ұшырайтын біраз сөздер бүкіл
батыс диалектіге тән болғанымен, Маңғыстау, Ақтөбе, Орынбор қазақтары
тілімен салыстырғанда өзгешеліктері де бар.
Ал, К.Құрманәлиев Омбы облысының Называевск, Есілкөл аудандарында
тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір лексикалық ерекшеліктер (22, 203-207
б.) атты мақаласы бойынша біраз сөз қозғасам. Бұл еңбек Қазақ ССР Ғылым
академиясының Тіл білімі институтының тарапынан 1988 жылы (қазан) айында
Омбы облысында тұратын қазақтардың тіліндегі ерекшеліктерді жинау
мақсатымен экспедиция ұйымдастырылған екен.
Бұл мақала осы облыстың Называевск және Есілкөл аудандарындағы
қазақтардың тіл ерекшеліктері бойынша жиналған материалдар негізінде
жазылған.
Этникалық құрамына назар аударатын болсақ, Называевск ауданындағы
қазақтардың бәрі дерлік керейлер. Ал, Есілкөл ауданында, керей, уақ,
қарауыл рулары бар. Тіл жағынан келгенде, бұл рулардың бір-бірінен
айтарлықтай айырмашылығы байқалмайды.
Жергілікті халық тілінде кездесетін ерекшеліктердің көбі – лексикалық
ерекшеліктер. Фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктер де азды-көпті
кездесіп отырады. Мысалы, фонетикалық ерекшеліктерден төмендегі дыбыс
алмасуларын көрсетуге болады. сш: мәші-мәсі. Тоқтай тұр, мәшімді киіп
алайын; лд: сіңді-сіңлі. Менің бір сіңдім Омбыда института оқиды; дт:
дағдыр – тағдыр. Е, балам, оның бәрі дағдырдың ісі ғой; үө: шөберек –
шүберек. Шөберекті әкелген жоқсыңдар ма?; іы: шылдахана-шілдехана. Ертең
Мұқанның үйінде шылдахана болады; дм: жұмырдық-жұдырық.
Тамақ атауларына байланысты сөздер: бүкпе-қарынға салып қатырып қойған
ет. Іркіт – ашыған айран. Іркітті ішуге болмайды; Шалап – су қосылған
айран. Шалапты шөлдегенде ішкен жақсы.
Ыдыс-аяқ және үй бұйымдарына байланысты сөздер: ши + (құрт жаю үшін
және мал сойғанда ет астына салу үшін шыбықтан тоқылып жасалған төрт
бұрышты нәрсе). Піспе шелек (ағаш шелек). Қазір ондай піспе шелектер тым
аз ғой.
Үй шаруашылығына байланысты сөздер: белдік (есіктің тақтайларын ұстап
тұратын көлденең шегелеген ағаш). Шыны (терезенің әйнегі). Терезенің шынысы
сынып қалыпты.
Киім-кешекке байланысты сөздер: қыл-қыбыр (драптан жұқарақ мата).
Сүзгі (марля, дәке). Кейбір ауылдарда ақтық, ақырет сөздері марля
мағынасында қолданылады.
Әдет-ғұрыптарға байланысты сөздер: аромытқа (малды сойған ер кісіге
ақысы есебінде берілетін ет);
Жоғарыдағы жиналған материалдарға қарағанда, жергілікті халық тіліне
орыс тілінің әсері күшті екендігі байқалады. Тұрғындарының басым көпшілігі
орыстар болып, олармен күнделікті тіршілікте араласып тұратындықтан, халық
тілінде орыс сөздері өте көп кездеседі. Орыс сөздері жергілікті халық
тілінің сөйлеу нормасына лайықталып айтылады. Мысалы, арбыз – ор. – арбуз;
помыш – ор. – помощь; істене – ор. – стена.
Бірақ, бұл аталған еңбектерден ұғатынымыз, зерттеушілеріміздің
жұмыстарынан бір байқалатын құбылыс ол – тіл білімінің тек бір саласын ғана
қарастырғандығында. Ол – лексикалық яғни, бізге белгілі болғандай, Ресей
қазақтарының тілінің әлі де болса зерттелмей тұрған, қыр-сыры жетерлік
екендігі.

1.2. Тәжікстан қазақтары тілінің
зерттелуі

Тәжік жерінде тұратын қазақтардың тілі жөніндегі мәлімет күні бүгінге
дейін тым тапшы. Қазақ ССР Ғылым академиясының диалектологиялық
экспедициясының бұл өлкеде тұңғыш болуы – 1974 жыл. Колхозабадта өткен
халық санағының дерегіне қарағанда, онда екі мыңға жуық, Вахшта мың жарымға
жуық қазақ бар. қазақтардың бұл өңірге орналасуындағы бір ерекшелік, олар
бытыраңды түрде емес, ауыл-ауыл болып, совхоз орталықтарында, совхоз
бөлімшелерінде шоғыр, жинақы орналасқан. Мәселен, Вахш ауданының Москва
совхозында, Колхозабадтың өз басында халықтың көпшілігі қазақ екен.
Осылайша шоғырланып орналасқан себепті олардың тілінің негізгі структуралық
белгілері көп заман бойы өзге тілдік қоршауда болуына қарамастан, әлі күнге
бағзы қалпында жақсы сақталған. Жергілікті қазақтардың тілінің дыбыстық
жүйесін, грамматикалық құбылысын, сөз байлығын – бұлардың қай-қайсысын
алсақ та, олардың бойында қазақ тіліне жалпы ортақ белгілердің мол екені
айқын сезіледі. Дегенмен, бұл жердегі қазақтардың недәуір ықпал жасағанын
мойындамасқа болмайды.
Бір халық пен екінші бір халықтың арасында болатын тарихи, мәдени,
әлеуметтік, экономикалық байланыстың халық тілінде де өз ізін, өз табын
қалдырары даусыз. Әрі оның үстіне қазіргі уақытта бұл жердегі қазақ
балаларының ана тілінде оқымай, өзбек тілінде оқитынын ескерсек, жағдайдың
бұлай болуын түсіну қиын емес. Аталған аудандардың қай-қайсын алсақ та,
ондағы қазақ тұрғындары балаларының бар-баршасы өзбек мектептерінде
оқитынын көреміз. Мұның былай болуы қазақтардың қоныс жағдайына байланысты:
мұндағы қазақтардың барлығы ағайын халық - өзбек жұртымен жақын-жуық
орналасқан. Вахш, Колхозабад, Қорғантөбе аудандары халқының көпшілігі -
өзбектер. Қазақтардың отырған қоныстарындағы мектептердің бәрі - өзбек
мектебі. Аталған аудандардың бәрінде де 50-60 жылдарға дейін қазақ
мектептері болған. Кейінгі жылдардағы аудандастыру, жаңадан совхоздар
ашумен байланысты жергілікті халықтың көпшілігі өзбектер болғандықтан, ол
мектептердің бәрі өзбек мектебімен біріктіріліп, кейін олар өзбек
мектептерінің құрамына енген. Қазір сабақ, оқу жұмысы өзбек тілінде
жүргізіледі. Сондықтан да кейінгі буын – қазақ жастарының тілі өзбек
тілінің әсеріне молырақ ұшыраған. Ал аға буын, жас шамасы елу-алпысты
төңіректеген қазақ өкілдерінің тілін алсақ, олардың тілінде өзбек
элементінің азырақ екенін жоғарыда айттық. Ел аузынан жинаған деректерге
қарағанда, қазақтардың осы қонысқа ірге тебуі – 20-30 жылдардың төңірегі.
Қорғантөбе ауданының өз табаны – ежелден өзбек жұртының қонысы.
Мұндағы өзбектердің көпшілігі – қыпшақтар. Олардың арасында өзбектердің
қатаған, таз руларына жататындары да бар. Вахш ауданында да недәуір
өзбектер бар. Өзбектердің көпшілігі Вахш, Колхозабад аудандарында өлкенің
негізгі тұрғындары тәжіктермен аралас орналасқан. Әр тілде сөйлейтін
халықтың бір қоныстың ауқымында осылайша аралас-құралас отыруы олардың әдет-
ғұрпында, тұрмысында, мәдени өмірінде, соның ішінде тілінде едәуір ортақ
белгілердің пайда болуына себеп болған.
Әңгіме болып отырған өлке қазақтарының тілінде кездесетін жергілікті
халық тіліне тән тілдік белгілерді, негізінен алғанда, үш салаға бөлуге
болады. Осы салалардың басты біреуі – жергілікті халық тілінің дыбыстық
жүйесі. Сол тәрізді, тілдің грамматикалық құрылысына қатысты жергілікті
халық тіліне тән құбылыстар да бұл өлкеде аз емес. Сонымен қатар халық
тілінің сөз байлығын, сөйлеу машығын бейнелейтін ерекше тұрған өзіндік
белгілері де бұл жердегі халықтың тілінде біраз бар екенін байқадық. Осы
аталған белгілердің ішінен тілдің дыбыс жүйесіне тән төмендегі
ерекшеліктерді көрсетуге болады.
Ұяң п мен қатаң б дауысыздарының алмасуына көңіл бөлінген.Тәжікстан
республика-сында тұратын қазақтардың тілінен дерек жинаған 1974 жылы барған
экспедицияның, сондай-ақ 1976 жылы барған экспедицияның материалдарының
ішінде көбірек көзге шалнатын дыбыстық ерекшеліктердің бір тобы – осы пб
дауысыздарының алмасуына байланысты. Алмасудың осы түріне байланысты
жазылып алынған деректерге қарағанда, бұл өңірде тұратын қазақтардың
тілінде сөздің бас позициясында көбіне-көп көпшілік қазақ говорларындағы
ұяң б орнына қатаң дауыссыз п қолданатындығы көрінеді: пүтүн (бүтін),
пітіріп (бітіріп), пұтұ (бұты), пал (бал), пітісіпті (бітісіпті), пітіру
(бітіру), полат (болат), песін (бесін), пайлайды (байлайды), пәтия (батия),
пата (бата), пал ашты (бал ашты) пәкі (бәкі), палуан (балуан), пешене
(бешенее). Сөз басының п дауыссызына байланысты қатаң айтылуы – қазақ
говорларында көптен байқалып келе жатқан құбылыс. Бұған дейін қағаз бетіне
түсірілген диалектологиялық жазбалар мен зерттеулердің мәліметіне сүйенсек,
бұл секілді фонетикалық құбылыстың жиірек байқалатын жері – қазақ халқы
тараған өңірдің оңтүстігі. Бірқатар зерттеушілердің пікіріне қарағанда,
сөздің басқы шебінде қатаң дауыссыз п-ның қолданылуы көршілес халықтардың
тілдік ықпалына байланысты. Бұлай болатыны, түркі текті тілдердің жалпы
дыбыстық жүйесі тұрғысынан алып қарайтын болсақ, қазақ тілі сөз басында ұяң
б дыбысын молырақ қолданатын тілдер қатарында екені белгілі. Ал оңтүстік
өлкеде тұратын қазақтардың ежелден бірге өсіп, біте қайнасқан көршілестері
– туысқан өзбек, қарақалпақ, түрікпен халықтарының тілін алатын болсақ,
олардың тілінде сөз басында жұмсалуы некен-саяқ. Бұл құбылысты өзге тілдік
ықпал нәтижесінде қалыптасқан құбылыс деп айтуымызға дәлел боларлық тағы
бір жағдай бар. Ол: осы оңтүстіктен жазылып алынған барлық сөздердің
басында да қазақ жерінің өзге өңірінде (Қазақстанның батысы, солтүстігі,
шығысы) п-ның орнына үнемі ұяң б дауысызының айтылуы. Оның үстіне, осындағы
бас позициясында п қолданылатын осындай қатаң дауыссыздан басталатын
варианты жаңағы көршілес тілдерден табуымыз. Біздің дерегіміз Тәжікстандағы
өзбек арасындағы қазақтардан жиналғандықтан, біз осы деректердің бір тобын
өзбек тілінің, соның ішінде өзбектің халық диалектілерінің дерегімен
салыстырып көрелік.
Әңгіме болып отырған Өзбек Қазақ тілінің
батыс, солтүстік
қазақтардың тілінде тілінде
шығыс говорларында

полат пулат
болат
пал аш фол оч
бал аш
пәтияпата фотиха
бата
палуан пахлавон
балуан
пешене пешана
бешене

Жоғарыда келтірілген салыстырма мысалдардан аңғаратынымыз – Тәжікстан
жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі аталған сөздердің анлаутындағы
қатаңдықтың өзбек тілінің мәліметімен сәйкесуі. Әрі ол сөздердің анлаутының
басқа қазақ говорларында ұяң айтылуы. Демек, бұл оңтүстік говорына да тән
қасиет сияқты. Жаңағы жоғарыда көрсетілген деректер бойынша батыс,
солтүстік-шығыс өлкенің тұрғындарының бұл сөздердің құрамында б қолданатыны
бұрыннан айтылып келе жатыр. Оңтүстік-шығыста палуан Шолақ десе, солтүстік-
батысты Балуан Шолақ дейді. Мысалы, Біржан сал, Ақан, Әсет, Палуан Шолақ,
Солардың жолын қудың, әнін салып (шашубай ақын). Егерде намаз, палуан,
пасық шықса, Олардан ыбырат алып жұрт не білмек (Майлы). Бір сөзге тиянақты
болмай палуан, Имендің де ізденген өнерпаздан (К.Әзірбаев). Жауырыны
қақпақтай, балуан жігіт Бұланбай (Ғ.Мүсірепов). Пейілі жаман адамның
іздегені дау болат (Қарақалпақ қазақтары). Біздіңше, осы сөздерге қатысты
аталған фонетикалық құбылыстың өзбек тілінің әсері нәтижесінде пайда болған
құбылыс екенін аңғару үшін осы мысалдардың өзі де жеткілікті сияқты. Түркі
текті тілдердің жалпы фонетикалық жүйесінде сөз басындағы п, б
дауыссыздарының бірінің орнына бірі қолданылатын дыбыстар екені қашаннан
мәлім. Сөз басында қатаң п-ны қолдану түркі тілдері ішінде көбінесе чуваш,
хакас, алтай, шор, тува тілдеріне тән. Ал қазақ, қырғыз тілдері болса,
бұлар сөз басында ұяң б қолданатын тілдер қатарында. Осы дыбыстық құбылысты
аралас қолданатын түркі тілдері де бар. Соның бірі - өзбек, қарақалпақ,
түрікпен тілдері десек болады. Бұл құбылысты сөздің басында біз зерттеген
өлкенің қазағының тілінен кездестіруімізді өзбек тілінің ықпалы деп
топшылауымызда осындай мән бар.
Осы өңірге кең тараған фонетикалық құбылыстардың бірі деп с мен ш
дауыссыздарының алмасуын атауға болады. Түркі тілдерінің дыбыс құрылысында
кең тараған фонетикалық белгілердің біреуі осы құбылысқа байланысты. Осы
дыбыстардың алмасуына қарай барша түркі тілдерін екі фонетикалық жүйеге
ажыратуға болар еді. Олардың біреуін с дыбысын қолданатын тілдер, екіншісін
ш дыбысын қолданатын тілдер десек болады. Орта Азиялық лингвистикалық
региондағы тілдерді алатын болсақ, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінен басқа
тілдердің бәрі де ш-ны көбірек қолданатын тілдер қатарына жатады. Мәселен,
қырғыз, өзбек, түрікпен тілдерін алатын болсақ, қазақтағы бас, тас тәрізді
сөздердің осы тілдерде баш, таш секілді формада айтылатынын білеміз. Ал
қарақалпақ тілі болса, бұл сөздердің қазақтағыдай бас, тас болып с-мен
айтылатыны және белгілі. Осыған қарағанда, Тәжікстанның ішкі қоныстарындағы
қазақ говорындағы с орнына ш-ның қолданылуын өзбек тілінің әсерімен
байланысты туған құбылыс деп тануға болады. Оның бер жағында біздің
қолымыздағы дыбыс алмасуының осы түріне байланысты деректердің бәрі өзбек
тілінің материалымен үйлесім табады. Мысалы, шорпа, (сорпа), өзбекшесі
шурва, шерт (серт), өзбекшесі шерт, шерік (серік), өзбекшесі шерик, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
Қазақ диаспорасы бар елдерде Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу
ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ТАРИХЫ
Тыйым салынған атаулар
ҚАЗАҚ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
Казақ тілі — қазақ халқының ана тілі
Пәндер