Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: : Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары

Тексерген: Мухаметжанова О. Т.

Орындаған: Қаирбекова А. С

Тобы: АГ - 313

Семей 2015 жыл

Жоспар:

  1. Егістік тәжірибе туралы түсінік
  2. Егістік тәжірибе сапасына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар .
  3. Егістік-зертханалық тәжірбиелер
  4. Егістік тәжірибе әдістемесіндегі негізгі ұғымдар
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Егістік тәжірибе дегеніміз - табиғатта ауыл шаруашылығы өндірісіне жақындастырылған жағдайда арнайы бекітілген учаскеде түрлі факторлардың немесе агротехникалық шаралардың өсімдік өнімі мен оның сапасына және топырақ құнарлылығына тигізетін әсерін анықтау мақсатында орын- далатын зерттеу әдісі. Академик В. Е. Егоровтың анықтамасы бойынша егістік тәжірибе егіншіліктің бас төрешісі және агротехникалық шаралардың мұхиттарындағы жол көрсетeші болып саналады. Егістік тәжірибе өсімдік шаруашылығында, егіншілікте, селекцияда, агрохимияда басқа да көптеген ауыл шаруашылығы ғылымдарының салаларында кеңінен қолданылады. Агрохимияда егістік тәжірибе көмегімен өсімдік қоректенуінің кейбір теориялық және практикалық мәселелерін, атап айтқанда, тыңайтқыштың дақыл өнімі мен сапасына әсерін зерттейді. Академик Д. Н. Прянишников «егістік тәжірибе - тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігін анықтаудың басты әдісі», - деген болатын. Агрохимиялық зерттеуде ауыспалы егісте тыңайтқыштарды орналастыру тыңайтқыш қолдану жүйесінің қолайлы, әрі тиімді түрлерін анықтау, тыңайтқыштарды агротехникалық шаралар- мен үйлестіре зерттеу сияқты мәселелерді шешуде егістік тәжірибенің маңызы зор. Осыған орай егістік тәжірибе шаруашылық экономикасын одан ары арттырудың негізгі көзі болып табылады. Өйткені барлық агротехникалық шара- лар - дақылдардың жаңа сjрттарын шығару, тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану, топырақты өңдеу мен суару жүйелері егістік тәжірибелер арқылы өндіріске енгізіледі. Егістік тәжірибе химиялық, физикалық, микробиологиялық тағы басқа тәсілдер көмегімен толықтырылып тұрады. Агрохимиялық зерттеу жұмыстарында егістік тәжірибенің маңызын шектейтін жағдайлар да кездеседі. Оның нәтижесі нақты топырақ пен климатқа тәуелді болатындақтан уча- ске топырағын мұқият әрі жан-жақты талдау және басқа зерттеу тәсілдерімен ұштастыру тыянақты, әрі кең көлемді мәліметтер алуға көмектеседі. Топырақ құнарлылығын жақсартқанмен, ауа райын өзгерту мүмкін емес. Сондықтан өсімдіктің бүкіл вегетациялық кезеңдерінде сыртқы орта жағдайларының қалай әсер ететініне үнемі көңіл бөлінуі тиіс. Сонымен қатар, сыртқы факторлар мәдени өсімдіктерге ғана емес, топырақтағы микроорганизмдерге әсер ететінін ескеру керек. Сондықтан, егістік тәжірибе жүргізгенде мүмкіндігінше сыртқы орта факторларының әсерін тіркеп отыру қажет. Тыңайтқыштардың әсерін егістік тәжірибелер жүргізу арқылы шешетін зерттеулер өте көп. Мысалы, олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

- тыңайтқыштардың түрлерінің тиімділігін зерттеу;

- тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерінің әсерін зерттеу;

- тыңайтқыштарды беру мерзімінің әсерін зерттеу;

- органикалық және минералды тыңайтқыштарды үйлестіріп қолданудың әсерін зерттеу;

- жасыл тыңайтқышты пайдаланудың тиімділігін анықтау;

- минералды және органикалық тыңайтқыштардың салыстырмалы әсерін зерттеу;

- тыңайтқыштарды басқа агротехникалық шаралар мен үйлестірудің тиімділігін зерттеу;

- тыңайтқыштардың топырақтың қоректік режиміне тигізетін әсерін зерттеу; - тыңайтқыштардың топырақтың биологиялық белсенділігінің өзгеруіне әсерін зерттеу.

- зерттеуші керекті құбылыстың пайда болуын күтпей, өзі құрастырып жасап, бөлшектеп, талдап, әрі қайтадан жинақтауы тиіс. Құбылысты тереңірек зерттегісі келсе, жанама жағдайларды молырақ туғызуға талпынуы керек. Сонда ғана зерттеудің нәтижелігі мен себептерін толығынан ұғынады; - зерттеуші тәжірибе жұмысын басынан аяғында дейін ойға салып, көзге елестетпейінше тәсілдер арқылы мәселені анықтай алмайды. Ол тәжірибе жүргізуге кедергі болатын жағдайларды жекелеп жою жолдарын іздестіруі керек;

- зерттеуші тәжірибе жұмысының қандай да болмасын мәселесіне орынды сұрақтар қою арқылы арала- сып, нәтижелеріне әсер ететін жағдайларды сақтылық, салмақтылық және ұстамдылық қасиеттермен талдауы қажет. Мұнда салақтық пен еріншектікке негізделген қөзқарас болуы мүмкін емес. Себебі егістік тәжірибеде шешілген мәселе өндірісте қолданылады. Зерттеуші енжарлық, сылбырлық, еріншектік сияқты қасиеттерден аулақ болып, керісінше, еңбекқор, табанды, қабілетті, ынталы болуы керек.

Егістік тәжірибе түрлері

Егістік тәжірибе жүргізілетін орнына, мақсатына, зерттелетін факторлар мен тәжірибенің санына, ұзақтығына, нысандардың қамтылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Жүргізілетін орны мен қойылған мақсаттарына қарай егістік тәжірибелерді тұрақты (стационарлық) және шаруашылық жағдайында орындалатын тәжірибелер болып бөлінеді.

Тұрақты тәжірибелерді ғылыми мекемелер (тәжірибе стансалары, ғылыми-зерттеу институттары) мен жоғары оқу орындары егін алқаптарында арнайы дайындалған уча- скелерде жүргізеді. Бұл тәжірибелердің басты мақсаты - әр түрлі орта факторларымен тыңайтқыштардың, басқа да агротехникалық шаралардың ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнім деңгейі әрі оның сапасы- на әсерін салыстырмалы түрде зерттеу. Әдетте тұрақты тәжірибелерді бөлшектеген сызбалар арқылы орналастыра- ды. Факторлар мен тәсілдердің әсерлерін тереңірек анықтау үшін қосымша бақылаулар және зертханалық талдаулар жүргізіледі. Мұндай тәжірибелер өсімдіктер мен зерттелетін факторлар арасындағы байланыстарды және үрдістердің әсерінің заңдылықтарын анықтау үшін орындалады. Олардың қорытындылары белгілі бір аймақтың топырақ- климат жағдайларына арналады.

Ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайларындағы тәжірибелер тікелей ұжымдардың егіс алқаптарында жүргізіледі. Ол үшін арнайы учаске немесе ауыспалы егіс бөлінеді. Мұндай тәжірибелердің мақсаты - тұрақты тәжірибеден алынған нәтижелерді тексеру және айқындау. Сонымен қатар өндірістік тәжірибелерде сызбалар онша көп бөлшектенбейді, тұрақты тәжірибемен салыстырғанда 44 45 мөлдек көлемі үлкендеу және варианттар саны аздау болады. Мұндай тәжірибелер көмегімен агротехникалық тәсілдердің тиімділігін тексерумен қатар, олардың шаруашылыққа жарамдылығын экономикалық жағынан бағалайды.

Тұрақты тәжірибелер зерттеу жұмыстарының мақсатына сәйкес негізгі және уақытша деп бөледі. Негізгі тәжірибелер мұқият дайындалған, әрі сарапталған бағдарлама бойын- ша көбінесе ұзақ мерзім орындалады. Олардың жүргізу әдістемесіне ерекше әрі қатаң талап қойылады. Уақытша тұрақты тәжірибелер қосымша мәліметтер жи- нау үшін көбінесе ауыспалы егістен тыс, қысқа мерзімде орындалады. Қысқа мерзім жүргізілетін тәжірибелермен 2-3 жыл уақытта тыңайтқыш қолданудың дақыл өніміне әсерін анықтайды.

Мөлдек көлемі 5-20 шаршы метрден аспайтын егістік тәжірибелерді егістік- зертханалық тәжірибелер деп айта- ды. Егістік-зертханалық тәжірибелерде агротехникалық шаралар (тұқым себу, тыңайтқыш енгізу, арам шөптерді отау т. б. ) қолмен атқарылады және негізгі тұрақты тәжірибемен қатар жүргізіледі. Олардың өздеріне сыз- басы мен тақырыбына сәйкес арнайы әдістеме даярлана- ды.

Егістік-зертханалық тәжірибелер көмегімен көбіне жаңадан шығарылған минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін бағалайды. Сонымен қатар топырақтағы үрдістердің, тыңайтқыштардың және өсімдік организміндегі физиологиялық құбылыстардың өзгеруін тереңірек зерттеуге болады.

Егістік тәжірибені зерттелетін жағдайлар мен тәсілдердің және факторлар саны бойынша бір факторлы (жай), көп факторлы (кешенді) болып бөледі. Бір факторлыға қандай да болмасын бір тәсілдің әсерін зерттейтін тәжірибе жатады (мысалы, тыңайтқыш түрі, мөлшері, мерзімі, тұқымды себу әдісі, топырақты жырту тереңдігі, суару тәсілі) .

Дақыл өніміне бір мезгілде (уақытша) екі немесе бірнеше тәсілдің әерін зерттейтін тәжірибені көп факторлы дейді (мысалы, тыңайтқыш мөлшері, суару саны, топырақты өңдеу тәсілдері) . Мұндай тәжірибеде факторлар- ды бірлестіре қолданғанда үстеме өнім және факторлардың әсерінен алынған өнімнің арифметикалық қосындысынан артық болса, факторлардың өзара әсері басымды деп санала- ды. Мысалы, суарылған бірақ тыңайтқыш берілмеген бидай өнімі 20 ц, тыңайтқыш берілген суарылмаған бидай өнімі 10 ц, ал суару мен тыңайтқышты бірлестіре қолданғанда 40 ц өнім алынған болса, үстеме өнім басым болғаны 40 - (20+10) =10 ц. Егер жеке факторлардың арифметикалық қосындысының әсері факторларды бірлестіре қолданудың әсерінінен жоғары болса, үстеме өнімді болымсыз дейді. Мысалы, картоптың гектарынан NPK бергеннен 120 ц, көң енгізуден 110 ц, ал NPK мен көңді бірге қолданғанда 180 ц өнім жиналды. Мұнда факторлардың өзара әсері болымсыз: 180 - (120+110) = - 50 ц.

Көп факторлы тәжірибенің негізгі мақсаты жеке факторлар арасындағы ішкі байланысты анықтау. Сондықтан оның зертханалық және егістік зерттеулерінің бағдарламасы жан - жақты ойластырылып дайындалуы тиіс. Егістік тәжірибені орындау мерзімінің ұзақтығына қарай біржылдық және көпжылдық деп бөледі. Дақылға тыңайтқыш әсерін бір вегетациялық маусым бойы зерттейтін тәжірибені біржылдық дейді. Тәжірибе жыл сайын жаңа учаскеде 3-4 жыл орындалады. Сон- да ғана әр жылдардағы ауа-райының жағдайында егілген дақылға тыңайтқыш әсері жеткілікті болып есептеледі. Біржылдық тәжірибе көмегімен дақылдың өзіне тікелей берілген тыңайтқыш әсерін зерттейді. Мысалы, күздік бидайды азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру, микротыңайтқыштардың судағы ерітіндісімен өсімдікті та- мырдан тыс үстеп қоректендіру. Бір-ақ рет немесе жүйелі түрде жыл сайын қолданылатын тыңайтқыш әсерін көптеген дақылдарға бірнеше жыл зерттейтін тәжірибені көпжылдық деп атайды. Әдетте мұндай 46 47 тәжірибелер ауыспалы егісте жүргізіледі. Оларға тұрақты учаскеде 10 жылдан 50 жылға дейін, тіпті одан да ұзақ уақыт жүргізілетін бір факторлы және көпфакторлы егістік тәжірибелерді жатқызуға болады. Көпжылдық ұзақ мерзімді егіс тәжірибелерінің басты мақсаты - агротехникалық тәсілдердің немесе факторлардың дақылдардың өнімі мен оның сапасына және топырақ құнарлылығына әсерін зерттеу. Дүние жүзінде мұндай тәжірибелер дамыған елдерде өсімдіктердің өсіп дамуында негізгі тіршілік факторларының әсерін анықтау үшін жүргізіледі. Мысалы, Ұлыбританиядағы Ротамстед ауыл шаруашылық тәжірибе стансасында 1843 жылдан бастап күні бүгінге дейін органикалық және минералды тыңайтқыштардың түрі, мерзімі, мөлшері, беру әдісінің ауыспалы егіс дақылдары мен топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне әсері зерттелуде. Мазмұндары, сызбалары мен әдістемелері бірдей әр түрлі топырақ-климат және шаруашылық жағдайларында қиыстырылып бір мерзімде жүргізілетін тәжірибені географиялық тәжірибе дейді. Бұл тәжірибенің басты мақсаты - тыңайтқыш тиімділігіне табиғи жағдайлардың тигізетін әсерін анықтау. Географиялық тәжірибе зерттейтін мәселелерді төрт топқа бөледі:

1. Тыңайту жүйесін құрастыру үшін ауыспалы егіс дақылдарына ұзақ мерзімге бір-ақ рет және жүйелі түрде жыл сайын тыңайтқыштарды қолдану. 2. Негізгі минералдық тыңайтқыштардың мөлшері мен арақатынасын зерттеу.

3. Тыңайтқышты топыраққа енгізудің әртүрлі тәсілдерін бағалау.

4. Тыңайтқыштардың жаңа түрлерінің тиімділігін анықтау

Егістік тәжірибе әдістемесіндегі негізгі ұғымдар

Егістік тәжірибе жүргізу жұмысында ең жауапты мәселе оның әдістемесін дайындау. Әдістеме қажетті мәліметтердің сапалы болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Егістік тәжірибе арнайы даярланған сызба бойынша салынады. Сызба - белгілі варианттардың жиынтығы. Сызба зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты анықталады. Мысалы, тыңайтқыштармен жүргізілетін тәжірибелерде - олардың түрлері, мөлшері, мерзімі, беру әдісі және т. б. Тәжірибенің сызбасын құрастырғанда әдістемелік талаптардың ең маңыздысының бірі - зерттелетін фактордың жеке бөліну принципін сақтау, яғни зерттелуге тиісті фактор бөлекше болып, басқа жағдайлар бірдей болуы тиіс.

Тәжірибенің ең қарапайым сызбасы екі варианттан тұрады:

1. тыңайтқышсыз

2. тыңайтқышпен.

Тәжірибе жүргізгенде барлық зерттелетін факторлар үшін егілетін өсімдіктерге ортақ жағдай жасаудың және зерттелетін әдіске сезімтал тәжірибелік дақылды дұрыс таңдаудың да мәні зор.

Бір немесе бірнеше мөлдекте өсімдіктерді өсіру тәсілдерінің жиынтығын тәжірибе варианты дейді. Вариант тәжірибе сызбасының құрамдас бөлігі болып саналады. Зерттелетін факторлардың нәтижелерін салыстыратын ва- риантты тәжірибе сызбасының бақылау (стандарт) варианты деп атайды. Варианттарды тәжірибе учаскесіндегі мөлдектерге дайындалған жоспар бойынша орналыстырады. Тәжірибе учаскесінің көлемі мен пішіні бірдей тікбұрышты құрамдас бөлігін мөлдек дейді.

Әрбір варианттың аттас мөлдектірінің санын тәжірибенің кеңістіктегі қайталануы дейді. Тәжірибе учаскесінің топырағының құнарлылығының біркелкі болмауы, өсімдіктердің жекеленген биологиялық айырмашылықтары, олардың зақымдануы, ауруға шалдығуы т. б. жағдайлар тәжірибенің қайталануын талап етеді. Әрбір варианттың нақтылы өнімін анықтау үшін тәжірибе учаскесіндегі мөлдектер бірнеше рет қайталанылады. Өйткені бірнеше рет қайталанған мөлдектерден анықталған орташа көрсеткіш жеке мөлдек мәліметіне қарағанда сенімді, әрі дәлірек болады. Варианттың қайталау санын көбейткенде тәжірибе зерттеуінде қателік кемиді.

Егістік тәжірибенің өзін бірнеше жыл бойы жүргізу мерзіммен қайталануы болып саналады. Бұдан тәжірибе қорытындысы сенімді болып шығады және зерттеудегі тәсілдердің тиімділігі туралы қосымша мәліметтер алынады. Тәжірибенің мерзімдік қайталануы көбінесе тыңайтқыштардың кейіңгі әсерін анықтау үшін және ауы- спалы егістің тыңайтқыш қолдану жүйесін зерттеуде пайдаланылады.

Егістік тәжірибе сапасына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар .

Егіс тәжірибесінің зерттеу жұмысының нәтижелі болуы оның әдістемелік талаптарының орындалуына тікелей байланысты. Олар мыналар:

1. Тәжірибенің репрезентативтілігі немесе сәйкестігі.

2. Салыстырмалықтың болуы және жалғыз ғана өзгешілік принципін сақтау. 3. Тәжірибе мәліметтерінің мәнінің тиянақты, әрі дәл болуы.

4. Тәжірибе қорытындысының дұрыстығы.

5. Тәжірибені құжаттау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары туралы
Ауыл шаруашылығында жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар
Егістік тәжірибеде орындалатын бақылау жұмыстары
Оқу тәжірибе участогіндегі өткізілетін сабақтар
Егістік тәжірибелер жүргізу
Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
Күріш арнайы ауыспалы егісіндегі минималды нөлдік технологиясын зерттеп, күріш дақылдарын өсіру технологиясының экономикалық тиімділігін бағалау
Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу жайлы ақпарат
Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz