Республикада азық - түлік проблемасын шешуде шошқа шаруашылығының алатын орны


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
ІІ Әдебиетке шолу
2. 1 Шошқаның шығу тегі және негізгі тұқымдар
2. 2 Шошқа етінің сипаттамасы
ІІІ Негізгі бөлім
3. 1 Дипломдық жұмыстың әдістемесі
3. 2 Алтын диірмен аграрлық корпорациясының қысқаша сипаттамасы
3. 3 Қолданылған нормативттік құжаттар
3. 4 Терминдер мен анықтамалар
3. 5 Шошқа еті стандарттың негізгі талаптары
3. 5. 1 Жалпы талаптар
3. 5. 2 Таңбалау және орау
3. 5. 4 Қабылдау ережесі
3. 5. 5 Бақылау және сынау әдістері
3. 5. 6 Сақтау және тасымалдау
3. 6 Жаңа стандарт жобасын халықаралық талаптарымен салыстырып сәйкестендіру
ІV Жаңа стандартын еңгізудың экономикалық тиімділігі
V Еңбек қорғау
VІ Қорытындылар мен ұсыныстар
VІІ Пайдаланған әдебиет тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика қалыптасқан жағдайда еліміздің қамтамасыз етудің басты мәселелерінің бірі - жеткілікті азық - түлік қорын құру болып табылады. Осы аса маңызды бағытқа негізгі күш - жігерді шоғырландыру қазіргі кезеңінің бірінші дәрежелі міндеті болып саналады.
Республикада азық-түлік проблемасын шешуде шошқа шаруашылығының алатын орны ерекше. Бұл еліміздің ет қорын жедел түрде толықтыруға мүмкіндік беретін мал шаруашылығын айрықша саласы.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда өндірілетін барлық еттің 13 пайызы шошқа етінің үлесіне тиеді, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында 50 пайызға дейін жетеді.
Шошқа еті мен майның жоғарғы тағамдық қасиеттері дүние жүзінің көптеген елдерінде оны пайдаланудың артуына басты себеп болып отыр.
Мысалы, Данияның ет балансында шошқа етінің үлесі -69, Германияда -65, 9, Польшада-60, 5 пайызды құрайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының деректері бойынша 2000 жылы дүние жүзінде өндірілген жалпы ет көлемінің 38, 7 пайызы немесе 55 млн тоннасы шошқа етінің үлесіне тиген. Европа елдерінде шошқа етінің үлесі-55, Солтүстік Америкада -36 пайызға дейін жетеді, ал Шығыс және Африка елдерінде керісінше, олардың ұлттық әдет-ғұрпында байланысты бұл көрсеткіш 7-18 пайыздан аспайды.
Сонымен, қорыта келгенде өзінің жоғарғы өсімталдылығы, құрсақта даму кезеңінің қысқа болуы, тез жетілгіштігі, азықты өнімімен өтеу қабілетінің жоғарлығы мен сойыс өнімдерінің жоғарғы шығымдылығы сияқты құнды биологиялық ерекшеліктері шошқа шаруашылығын дүние жүзінде халықты етпен қамтамасыз ету проблемасын шешуде алдынғы қатарға шығарда.
Қазақстанда шошқа шаруашылығымен негізінген 15 облыс айналысады. Өсірілетін 13 тұқымның ішінде ең көп үлес ірі ақ тұқымға тиеді, ал отандық селекционерлер шығарған жетісу тұқымы - 4, 5, ақсайдың қара-ала шошқасыныңтұқымды тобы-0, 7 пайызды құрайды. Қалған тұқымдардың саны аз және олар негізінен өндірістік будандастыруда пайдалынылады.
ІІ Әдебиетке шолу
2. 1 Шошқаның шығу тегі және негізгі тұқымдар
Еуропалық тұқымдар
Ірі ақ қолтұқымды шошқа
ХІХ ғасырдың ортасында жергілікті марштық шошқаны романдық (неополитандық және португалдық, азиялық, сиамдық) шошқамен шағылыстыру үшін олар Англияға әкелінді.
Бастапқыда азықтандыру және күту жағдайын жетілдіру әсерімен жергілікті ағылшындық кескінсіз салпаңқұлақ ағылшындық қолтұқымды, өте тез пісіп жетілгіш бағытта өзгеру көзделді. Осылай азықтандыру және күту жағдайларын жасай отырып қолайлы жолмен шошқалардың листердік тобы шығарылды. Алайда бұл шошқалар баяу дамыды, ал ол өзіне деген жоғары талапты қанағаттандыра алмады. Міне, сондықтан тез пісіп жетілгіштігімен ерекшеленетін қытайлық және неополитандық әдейі әкелінген шошқалармен шағылыстыратын болды. 1851 жылы Йоркшир графтығынан келген тоқымашы Иосиф Тулей, Виндзор көрмесінде сапасы мен өсімі үздік шошқалар тобын көрсетті, тулейдің шошқалары Йоркширлік шошқалар деп аталды, олар ірі ақ тұқымды шошқаларды жасаудың негізгі ұйытқысы болды.
Тулей зауытындағы барлық жақсы жануарлар сол кезде әйгілі Самсон қабаны мен Матчлес мегежінінен шықты. Тулейге іле шала шошқалардың Йоркширлік қолтұқымын жетілдіруде Вейман мен Вальнердің зауыттары үлкен рөл атқарды.
Иосиф Тулейдің шошқаларының тобын жақсы деп танудан 34 жылдан кейін, 1885 жылы шошқа шаруашылығының Одағы кітап шығарып, онда Йоркширлік қолтұқымның 54 қабаны мен 61 мегежіні жазылып, қолтұқымдық ірі ақ шошқа деп қайтадан атады.
Ірі ақ шошқа қолтұқымның белгілері мынадай: түсі - ақ, терісінде ұсақ көкшіл немесе күңгірт дақтардың болуы ықтимал, қатпарсыз, қызғылт тартып тұрады, қылдары ұзын, жіңішке, тегіс, жібек тәрізді, бүкіл денесіне қыл қалың болып қаптай өседі, шошқаны қырынан қарағанда аздап қайқылау, денесі шамалас келеді, маңдай кең. көзі алшақтау орналасқан, үлкен басындағы терісі қатпарсыз болады.
Ірі ақ шошқаның қол тұқымдарын қолтұқым аралық шағылыстыруға және басқа мақсаттарға кең пайдаланып келеді. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде, тіпті біздің елде бұл шошқалардың рөлі жақсы белгілі, осы қол тұқым арқылы жергілікті шошқаларды жаңа қол тұқымды шошқаларға айналдырып, бордақылап, союға қажетті тауарлық жас төл алуға пайдалануда.
Беркшир қолтұқымы
Беркширлік қолтұқым да ірі ақ шошқа қолтұқымы сияқты ертеден мәдени қолтұқымға айналған шошқалардың бірі, бұлар да көптеген басқа қолтұқымдар алуға қатыстырылды және дүние жүзінде шошқа шаруашылығының дамуына үлкен ықпал жасады.
Ол Беркшир графтығында шығарылды, сондықтан солай аталған. Бұл шошқалар аталған графтықтағы және соған іргелес жатқан басқа графтықтардың (Уилтшир, Глоучестерни) ежелгі ағылшын шошқаларын қытайлық, сиамдалық, ішінара неаполитандық шошқалармен жүйесіз қиындықпен шағылыстыру арқылы алынған. Мұнда ертеректе жирен-қызыл түсті аборигендік шошқалар өсірілді, олардың тірілей массасы ірі (450-500 кг-ға дейін), ұзында терең тұлғасымен, дене құрылымы кейіпсіздеу, аяқтары едәуір биік, көп ұрпақ беретін, бірақ кешірек пісіп жетілетін қасиеті болады. Солардың негізінде беркширлік ғана емес, басқа да ағылшын текті шошқалар алынды. Явиндердің қытайлық жергілікті шошқаларды жетілдірумен барынша шұғылдануы, зауытшыларды жабайы шошқаның қанын құюмен айналысуға мәжбүр етті, сөйтіп беркширлік шошқалар дене бітімін орнықтыруға үлкен рөл атқарды.
Ежелгі беркширлік шошқаларға қарағанда осы заманғы беркширлік шошқалар ұсақтау келеді. Қабандарының тірілей салмағы - 200-280 кг, мегежіндерінікі - 160-200 кг, өте көп торай туады, бір туғанда 13-15 торай дүниеге келеді.
Беркширлік шошқа шаруашылығы көптеген елдерге айтарлықтай ықпал етті, біздің елімізге де оның әсері болады. Солардың көмегімен біздің елде ливендік, миргородтық, солтүстік кавказдық, т. б. қолтұқмдар өмірге келді.
Ландрас қолтұқымы
Ландрастық қолтұқымның тарихы 1895 жылдан басталады және дүниежүзінде әйгілі қолтұқымдардың бірі болып саналады. Оны барлық континент қолтұқым ретінде мақұлдаған. Қолтұқым жергілікті даттық шошқаларды (ютландық және зеландық) елге әкелінген ірі ақ шошқа қолтұқымның қабанымен шағылыстыру арқылы Данияда алынған болатын.
Ағылшынның тауар өткізетін негізгі рынок талаптарына сай шошқа алу үшін бұлай шағылыстыру жеткіліксіз болды, үздіксіз жоспарлы түрде асыл тұқымды жұмыстар жүргізуге тура келді. Ондай жұмыстарды асыл тұқымдық орталықтарда өткізе бастады, мұны 1896 жылдан ұйымдастыра бастап, 1959 жылы ондай жұмыстардың саны 256-ға жетті.
Ландрас қолтұқымы, кейінірек дүние жүзінің көптеген басқа қолтұқымдарын жетілдіруде, бақылау станцияларында өткізілген шошқаларды бақылауда, ұстап бордақылаудың даттық әдісі үлкен рөл атқарды. Мұндай станция ең бірінші рет 1907 жылы салынды.
Ересек қабанның массасы - 300-400 кг, мегежіндігі - 220-230 кг, төлді көп береді, бір жолы 10-12 торай туады.
Ландрастық қолтұқым шошқалары төлді көп береді, тез пісіп жетіледі, тез өседі, жемді тиімді пайдаланады, етті мол береді, ұшалары өте сапалы болады.
Қабанның тірілей салмағы орта есеппен - 300 кг, мегежіннің тұрқы 167 см, төс орамы - 149 см, төлді көп береді, 11 торай туады, тірілей массасы 253 кг, аталығының тұрқы 182 см, төс орамы 162 см болады.
Тірілей салмағының орташа тәуліктік өсімі - 707г, 1 кг өсімге 3, 97 азықтық өлшем жем жұмсалады. 139 күнде тірілей салмағы 105-110 кг жетеді.
Көп жылдық селекцияның арқасында ландрас қолтұқымы көптеген морфологиялық өзгерістерге душар болып, оның бордақылану және ет өнімділігі жоғарылады, денесінің ұзындығы ұлғайды, сөйтіп тұрқы жағынан майлы, етті-майлы бағыттағы шошқалардан айрықшаланды. Басқа тұқымдармен салыстырғанда, олар үлкен тірілей салмағы және жақсы дамыған ішкі ағзаларымен айқындалады. Ірі ақ шошқа тұқымына қарағанда, ландрас тұқымында омыртқа саны көбірек, сол себептен тұла бойы ұзын келеді. Өзінің ішкі мүшелерінің ерекшелігіне байланысты, ол рационның протеиндік бөлігін жақсы пайдаланып, денесіне етті майға қарағанда көбірек жинайды. Ландрас қабандарын шаруашылықтарда тұқым аралық шағылыстыруға, жаңа тұқымдар және тұқым топтарын шығаруға пайдаланады.
Кейінгі 10-12 жылда АО «Алтын - Диірмен» корпорациясының «Бекон» зауытында ландрас тұқымдарының қабандарын ірі ақ шошқа мегежіндерімен шағылыстырып, олардан аралас ұрпақтар алынады, будандардың еттік және бордақылау сапасы таза ұрпаққа қарағанда жоғары болады. Мегежіннің көптөлділігі 10-12 пайызға көтерілсе, ал алынатын 1 кг қосымша салмаққа кететін азық өлшем мөлшері 5-8 пайызға төмендейді.
Ландрас тұқымын әрі қарай жетілдіруде көңілді негізінен еттік бордақылау және дене бітімінің мықтылығына аудару қажет. Бақылау бордақылау кезінде 800 г дейін сөткелік өсім алып, 1 кг өсімге 3, 5 азық өлшемін жұмсауды керек етеді.
Дюрок тұқымы
Тұқым АҚШ-та 1860 жылы 2 қызыл түсті тұқымды (1 тұқым Нью-Джерси штаттарында) шағылыстыру арқылы алынған «дюрок-джерсейский» деген атқа ие болды. Алғашқы уақытта бұл тұқым май өнімділік бағыттары, кейіннен селекция жүргізіле отырып ет бағыттағы типке айналдырылды. Кеңес одағына 1976 жылы Украинаға алынып келінді. Шошқалардың дене құрылымы басқа малдарға қарағанда өзгеше: кеудесі кең және терең қабырғалары оқшаулы, арқасы аркаобразные, жамбас еті жақсы жетілген, аяқтары биік, түзу қойылған. Басы үлкен, кең, жақ сүйегі жеңіл. Бұл тұқым шошқалары өте жуас. Қабандарының тірілей салмағы 336 кг, дененің ұзындығы 170-183 см, мегежіндерінің салмағы 250-330 кг, дене ұзындығы 170-180 см-ге жетеді.
Қабандар мен мегежіндерінің тірілей салмағының өсу қабілетінде айырмашылығы жоқ бірден-бір шошқа тұқымы болып табылады. Ал басқа тұқымдарда айырмашылық 100 кг-ға дейін жетеді. Бұл тұқымның кемшілігі: мегежін бір туғанда 8, 5 торай, екінші тумада - 9, 5 торай әкеледі. Бірақ торайлардың салмағы 2 айлығында 17, 5кг дейін тартады. Қазіргі уақытта асылдандыру жұмысы 5 ізбен, 17 ұямен жүргізіледі. Ірі ақ шошқа тұқымының мегежінін дюроктың қабанымен шағылыстырғанда төлдің саны 0, 15 торайға, торайларды енесінен айырғандағы салмағы 1, 5 кг көтеріледі. Алтын-Диірмен корпорациясының «Бекон» шошқа зауытына бұл тұқым 1997 жылы Ресейден алынып келінген. Қазіргі уақытта жоғарыдағы тәсілді пайдалана отырып будан торайлар алынады. Бордақылауға қойылған ірі малдар 600-700 г тәуліктік салмақ қосады, 100кг салмаққа 180-190 күнде жетеді. Қабандарды өндірістік шағылыстыру әдісімен пайдалана отырып ет өнімділігін арттыруға болады.
Отандық шошқа тұқымдары
Осыған дейін социалистік даму жылдары деп аталып келген уақыт ішінде 17 түрлі жоғары өнімді жаңа шошқа тұқымдары пайда болды, оның 16-сы ресми түрде бекітілген. Соңғы уақыттарда бізде шошқалардың жаңа тұқымдық көптеген топтары пайда болды.
Жеке шаруашылықтарда аборигендік, онша жақсы емес ұзын құлақты және қысқа құлақты шошқаларды өсірді, ал аз ғана асыл тұқымды шошқалар помещиктердің жеке меншігіндегі шаруашылықтарда ғана болды.
Алайда бірқатар аудандарда жергілікті шошқаларды шетелден әкелінген мәдени тұқымдардың қабандармен будандастыру арқылы, кейбір жетілдірілген топтар пайда болды.
Елімізге әкелінген негізгі тұқымдар - ірі ақ, беркшир, ақ қысқа құлақ, ақ ұзын құлақ, ірі қара және ландрас болды.
Осы тұқымдарды пайдалана отырып 20-шы жылдардан бастап ғалымдар отандық жоғары өнімді жаңа шошқа түрлерін шығару жөніндегі жұмысты кеңейту. Оларды шығару жолында мамандар жаңа тұқымның осы аймаққа әкелінген шошқаларға қарағанда өнімділігі, биологиялық шаруашылық пайдалы қасиеттері және климаттық жағдайға бейімделуі жағынан асып түсуіне ат салысты.
Украиндық ақ далалық тұқым
Біздің елімізде жасалған екінші тұқым - украиндық ақ далалық шошқа тұқымы болды. Оны жасаумен академик М. И. Иванов айналысты. Оның алдына қойған мақсаты - тұқымның дене бітімінің мықтылығын, оның құрғақшылық жағдайға төзімділігінің сай келуін қамтамасыз ету болды.
Осындай жұмыс нәтижесінде академик М. Ф. Иванов біздің елімізде тұқым алу ісіне айтарлықтай дәрежеде ықпал ететін жаңа әдіс ұсынды. Бұл әдістің негізгі қағидалары мынандай:
- Жергілікті мегежіндер мен мәдени тұқым өндіруші будандардың алғашқы ұрпақтарының жақсы мегежіндерін будандастыру жолымен жас буданның қажетті түрін алу және оның жеткілікті қорын жасау, сонымен қатар алға қойылған мақсатқа жауап бермейтін малдың барлығын жарамсыздыққа шығару;
- Жақсы будан малдың екінші ұрпағының тұқым қуалаушылығын туыстық шағылыстыру және қатаң жарамсыздандыру арқылы нығайту;
- Тұқымды одан әрі жетілдіру үшін тектес емес топта пайда болған жақсы қабандар мен мегежіндерді пайдалану;
- Қажетті сапаны қалыптастыру үшін мақсатты түрде іріктеу;
- Жас малды белгілі аймаққа тән толыққұнды азық мөлшерімен қамтамасыз ету.
М. И. Иванов селекция барысында дене бітімінің мықтылығына, өсу және даму көрсеткіштеріне баса назар аударды.
Қазіргі уақытта украиндық ақ дала тұқымы ең көп тараған тұқымның бірі. Сондай-ақ, даму және өнімділігі жағынан ірі ақ тұқымның айырмашылығы шамалы, қабандардың тірілей салмағы - 300-340кг, мегежіндер - 210-230 кг, көптөлділігі - 11-12 торай, сүттілігі - 70-80кг. Бордақылау сапасы мынадай: тәуліктік қосымша салмағы - 701г, 1кг, қосымша салмаққа жем - шөп шығыны - 4, 12 кг, 100кг тірі салмақты 192 күнде алуға болады.
Шошқаның бұл түрін көбінесе Украинаның оңтүстігінде өсіреді. Молдавияда, Орта Азия, солтүстік Кавказда кездеседі.
Украиналық ақ дала тұқымын одан әрі жетілдіру - оның еттік қасиеттерін және тез өсушілігін арттыру деген сөз.
Миргородтық тұқым
Украинада ұзақ селекция барысында жергілікті украиндық қара ала шошқаларды беркшир, орташа ақ және ішінара ірі ақ және темвор тұқымдарымен күрделі будандастыру арқылы пайда болған.
Бұл тұқыммен жұмыс тіпті ХІХ ғасырда Полтава губерниясының, Миргород уезінде басталған. Бұл аймақ ежелден жоғары өнімді, тез өсетін ірі шошқаларымен, әртүрлі жергілікті азықты жақсы пайдаланумен атағы шыққан болатын.
Қазіргі уақытта гендік құрылымы бойынша бұл тұқым 2 жүйе және 34 тұқымдастан тұрады.
Қара ала шошқалардың дене бітімі әдетте мықты, етті-майлылығы жағынан өнімді болып келеді. Жайылымды және көлемді құнарлы азықты жақсы пайдаланады, тез өседі, 5-6 айлық кезінде етке жарамды. Ересек қабандарының тірілей салмағы 230-250кг, мегежіндердікі - 200-220кг. Мегежіндердің көп ұрпақтылығы - 10-11 торай, сүттілі, 48-50кг. Бақылаулы бордақылаудағы жас төлдің салмағы 180-185 күнде 100кг жетеді, яғни тәулігіне 680-700г қосымша салмақ береді, 1 кг қосымша салмақ үшін 4, 1-4, 2кг азықтық өлшем жұмсалады.
Сібірлік солтүстік тұқым
Сібір шошқаларын ірі ақ тұқыммен қарапайым будандастыру және инбридингті мақсатты қолдану селекция жолымен алынады.
Бұл алдын-ала жасалған әдіс және жақсы жоспарланған жүйе бойынша алынған украиндық ақ дала тұқымынан кейінгі сан жағынан екінші отандық тұқым.
Сібірлік солтүстік тұқым 1942 жылы бекітілген.
Шошқаның бұл тұқымы ақ түсті, етті-майлы бағытта, өнімді, дене бітімі мықты. Сыртқы бейнесі жағынан олар айтарлықтай дәрежеде ірі ақ шошқа тұқымымен ұқсас, дегенмен оларға қарағанда денесінің жүндестілігімен, сібірдің қатаң жағдайына бейімделгіштігімен ерекшеленеді. Жоғары бордақылық және еттік жағынан өнімді. Кейбір қабандардың торайлары 185-190 күнде 100 кг-дық тірілей салмақ береді, яғни тәулігіне 700-800 г қосымша салмақ қосады және 1 кг салмақ үшін 3, 51-3, 87 кг азық мөлшері жұмсалады.
Брейтовтық тұқым
Бұл тұқым Ярославль облысында шыққан. Мұнда ХХ ғасырдың барысында жергілікті шошқаларды сырттан әкелінген даттық, жетілдірілген ұзын құлақ, орташа ақ және басқа мәдени тұқымдармен будандастыру нәтижесінде алынған жоғары өнімді шошқалар. Мұның бәрі шошқаларды жүйемен будандастыруды жүргізуге оң ықпал етті.
Брейтовтық шошқалар ірі болып келеді (ересек қабандарының тірілей салмағы - 300-320 кг, мегежіндер - 230-250 кг) салбырап тұратын ұзын құлақты. Басы орташа, пішіні айтарлықтай бүгіңкі болып келеді. Мойны қысқа, етті, арқасы мен сегізкөзі кең, тік, аяқтары ұзын емес, мықты, төзімді тұяқтарымен дұрыс қойылған, терісі тығыз, кейде қатпарлы, түгі қалың, ақ кейде үлкен емес қара таңбалысы да кездеседі. Бұл шошқалар дене бітімі тығыз, еттілігі жағынан дамыған, жайылымды жақсы пайдаланады, құнарлы жем-шөппен көп қоректенеді, ерекше жоғары өндіргіштік қасиеттерімен ерекшеленеді, мегежіндер жақсы аналық қасиетімен сипатталады, 10-12 торай туады.
Уржумдық тұқым
Бұл тұқым Киров облысында жергілікті шошқаларды ірі ақ тұқымның қабандарымен ұзақ шағылыстыру нәтижесінде, жас шошқаларды интенсивті өсіру кезінде жоғары өнімді қабандар мен мегежіндерді іріктеу және таңдау арқылы пайда болды. Тұқымды шығаруға жергілікті ірі салпаңқұлақ шошқалар негіз болды. Мұнда ХІХ ғасырда ірі ақ шошқалар әкелініп, оларды жергілікті шошқалармен будандастырады. Әсіресе, бұл жұмыс бұрынғы Уржум уезінде кең өріс алды.
Уржум тұқымының шошқалары ірі, ересек қабандарының тірілей салмағы - 300кг, мегежіндер - 240кг, денесінің ұзындығы 182-166см, етті, аяқтары ұзын, мықты. Басы орташа, танауы сәл дөңес, құлақтары орташа. Сан еттері жақсы дамыған. Терісі жұмсақ, қыртыссыз, денесі ұсақ, нәзік түкпен жабылған. Түсі ерекше аппақ.
Мегежіндер өнімділігі жоғары - 12 торай, сүттілігі 71-4кг. Жас шошқа тез өсуге бейім, 183 күнде тірілей салмағы 100 жетеді. Негізгі өнімділік бағыты - ет және бекон алу үшін пайдаланады.
Муром тұқымы
Муром шаруашылықтарында және Владимир облысының, оған жақын аудандарында өсірілетін жергілікті шошқаларды алдымен Литов, содан кейін ірі ақ шошқалармен будандастыру нәтижесінде алынып, 1957 жылы бекітілген.
Бұл шошқалар өнімділігі жағынан етті-майлы. Олардың денесі ұзын емес, орташа, тура кескінді және құлақтары алға қарай салпиған, жоны тегіс, сәл дөңес, сегізкөзі төмен түскен, сан еттері жұмыр, бүйірлері шығыңқы, аяқтары аса ұзын емес, бірақ тұяқтары мықты. Терісі жұмсақ, тегіс. Түсі ақ. Айтарлықтай ірі болып келеді, ересек қабандарының орташа тірілей салмағы - 307 кг, мегежіндікі - 248 кг. Осыған сәйкес денесінің ұзындығы 179 және 166см. Мегежіндер 11 торайға дейін туады. Сүттілігі 56кг, бордақылауға қойылған жас төлдің тірілей салмағы 190 күнде 100кг жетеді. Орташа тәуліктік қосымша салмақ 734 г. 1 кг қосымша салмақ үшін жем-шөп шығыны 3, 97 кг азық өлшемін құрайды.
2. 2 Шошқа етінің сипаттамасы
Халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында мал шаруашылығының тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсіруді дамытудың маңызы зор.
Шошңа еті мен майы тағамдық құнарлығы мен дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мәселен, 1 кг шошқа етінде 2500 ккал, ал сиыр етінде-1500ккал энергия бар. Шошқаның тұтас етінде орташа алғанда 52 пайыз сүйек бұлшық ет, 38 пайыз май және 10 пайыз сүйек ұлпалары бар. Ет өнеркәсібінің бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының және басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің зерттеулеріне қарағанда шошқа еті бағалы белоктарға, барлық аминқышқылдарына, минералдық заттар мен В тобының витаминдеріне бай. Адам ағзасын ауыстырылмайтын май қышқылдармен қамтамасыз етудің маңызы көзі-тері май ұлпасы-қыртысмай жоғары тағамдық құнарлылығымен бағаланады. Қыртысмайдың бұндай тағамдық қасиетімен үлкен практикалық мәні бар, сондықтан да ол елеулі мөлшерде /20-25 пайыз/ әртүрлі шұжықтарға қосылады. Шошқа еті мен қыртыс майының қорытылуы 90-98% -ға дейін жетеді. Шошқа еті жақсы консервіленеді, оны тұздау мен қақтау бұл тағамның құнарын арттыра түседі. Шошқа етінен шұжықтардың әртүрлі сорттары, сан еттері, ветчина, рулеттер, буженина, грудинка, корейка, және т. б. жоғары сапалы тағамдардың өте мол ассортименті дайындалады.
Шошқа еті мен майыныңжоғары тағамдық қасиеті дүниежүзінің көптеген елдеріне шошқа еті пайдаланудың үлес салмағының артуына себепші болып отыр. Мәселен, ет балансында шошқа етінің үлесі Данияда-69, ГФР-да-65, 9, Польшада-60, 5% болып отыр.
Шошқаны сойған кезде, оның майы мен етінің басқа терісі, қылшығы, ішек-қарны, қаны сияқты өнеркәсіпке қажетті көптеген бағалы шикізаттар алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz