Экономиканы мемлекеттік реттеу жайлы мәлімет



1. Мемлекеттің ақша.несие саясаты
2. Бюджет салық.саясаты
3. ҚР Әлеуметтік саясаты
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие саясяты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:
1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.
1. Серіков Б., Өндіріс экономикасы және ұйымдастыру негіздері, оқу құралы, Алматы- almaprint. – 2010ж.
2. Ералы А.Қ., Қабылбеков М.Т. Кәсіпорын экономикасы, ҚазҰТУ, 2004 ж.
3. Оразалин Қ.Ж., Есайдер У.С., Төлегенов Б.Т. Кәсіпорын экономикасы (теория, тест сұрақтары, есептер). Оқу құралы, Алматы, АТУ баспасы, 2007.
4. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2004ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Факультет: Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар

Кафедра: Құқықтану

СӨЖ

Тақырыбы: Экономиканы мемлекеттік реттеу

Орындаған: Умерзакова А.А.
Тобы: ЮР-407
Тексерген: Габдуллина Л.Б

Семей 2015

Жоспар:

1. Мемлекеттің ақша-несие саясаты

2. Бюджет салық-саясаты

3. ҚР Әлеуметтік саясаты

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның
тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа
шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясяты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін,
сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгерт уге жалпы банк жүйесінің қызметін
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономик алық деңгейдегі субъектісі -
Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан
реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша
массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайы на байланысты ақша- несие
саясатының екі түрі болады:

1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен,
айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген
бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (АНС)
жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ, ақша-несие
саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ
Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми
мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің
ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді.
Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді
және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары,
төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның
кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.

АНС-ның мақсаты — инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын
қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді.

  Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына
тікелей бақылауға арналған):

• несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе
шектеу;
• коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.

Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен
ұсынысқа ықпал етуге арналаған):

• ашық нарықтағы операциялар;
• міндетті резервтік талаптар;
• несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде
қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа
мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми
сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

• ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
• ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;
• РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
• овернайт займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
• овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
• банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

ҚР Бюджет саясаты

Бюджет саясаты - заң шығарушы (өкілдікті) және атқарушы
органдар бюджеттік қатынастарды дамыту бағыттарын айқындаумен және оларды
азаматтың, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін пайдаланудың нақты
жолдарын әзірлеумен байланысты жүзеге асырылатын шаралар мен қабылданатын
шешімдердің жиынтығы. Бюджет саясатының мазмұны алуан қырлы және оны
әзірлеу кезеңдерінің тізбектілігін ғана емес, сонымен бірге оның атқарымдық
және уақыттық жақтарын да қамтиды. Мемлекеттің қаржы саясатының бір бөлігі
ретінде Бюджет саясаты экономикалық саясаттың түп қазығы, ұйытқысы және
мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік саясатын жүзеге асыру құралы болып
табылады. Нарық жағдайында бюджет саясаты — мемлекеттің қоғамдық өндіріске
экономикалық ықпал етуінің негізгі бағыттарын айқындаудың басты тұтқасы.
Бюджет саясатын әзірлеуге заң шығарушы (өкілдікті) және атқарушы органдар
қатысады. Қазіргі Қазақстанның конституциялық құрылымы бойынша бюджет
саясатын әзірлеуде

Қазақстан Республикасының Президентіне басымдық беріледі, ол өзінің
жыл сайынғы жолдауында бюджет саясатының ағымдағы жылға арналған және
келешектегі негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындап береді.

Бюджет қатынастары – мемлекетпен, халық, мекемелер,кәсіпорындар
арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ,
онда бір жағынан мемлекет кәсіпорындар, мекеме мен халық қаражаттарын ала
отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің
мемлекеттік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және
коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы
реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету
нысандары әр түрлі болуы мүмкін: кәсіпорындарды қаржыландыру және
қаражаттандыру; мемлекеттік инвестицияларды іске асыру; өнеркәсіптің
қорғаныс салаларының айырбасталымын қаржыландыру арқылы экономиканың
құрылымдық қайта құруына әсер ету. Осыған орай , бюджет саясатының
қалыптасуы , оның іске асуының бағытталуы барлық кезде тек экономикалық
даму үрдістерімен ғана байланысты емес, сондай-ақ саяси кеудемсоқтықты
көрсетеді. Егер, бюджет саясатының бағытталуы экономиканың дамуы
заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, ал ол көпшілік дауыс пен көптеген
түзетулер нәтижесінде анықталса, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай,
үнемі өзгерту үстінде болады. Макроэкономикалық реттеудің
маңызды құралы болып бюджет саясаты табылады, ол салық салу мен мемлекеттік
шығындарды өзгерту арқылы іскерлік белсенділік деңгейіне мемлекеттің әсерін
көрсетеді.
Бюджет саясаты ұдайы өндірістік кезең аяқталуының нәтижесінде
жинақталған, қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша мемлекеттің қаржы
саясатының экономикалық мазмұнын анағұрлым толық көрсетеді, олардың
мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылықтарының пайдаланылуы
және бөлінуі. Қаржы ағындарының қозғалысына реттеудің бастапқы принципі
жиынтық тұтынудың өсуіне бағытталған ұдайы өндіріс үдерісінің барлық
қатысушыларының мүдделерін ымыраға жеткізуден тұрады. Бюджет- бюджет
саясатының негізгі құралы ретінде мемлекеттің қаржы жүйесінің барлық
буындарын біріктіреді. Үлкен қаржы ағындарымен басқарудың қажеттілігі
осыменен шартталған яғни бұған қоса экономиканы реформалауға арналған шетел
несиелері мен инвестициялары елдің төлем балансын өзгерту мен жалпы
қоғамдық өнімнің қозғалысына бюджет саясатының белсенді әсері де
шартталған.Бюджет саясаты бюджеттің белгілі бір механизмін әзірлеу,
қарастыру, бекіту, орындау, бақылау, бюджеттің орындалуы туралы есептің
қызмет етуінің әр түрлі бюджет деңгейінің өзара байланысына негізделген.
Егер, дамыған елдерде ортақ валютаөқаржылық жүйені жасау бөлігінде қуатты
және қаржы саласында орталықтан бағытталған беталыстар айқын түрде көрініс
табады.Ал, бұрынғы кеңес үкіметі аумағында қаржы жүйесінің жергілікті
деңгейлерін өзін-өзі қаржыландыру, жеке аймақтар мен жергілікті көздерінің
мәні мен рөлін күшейту және егеменділіктің қалыптасуының қажеттілігі
жандандырылады. Республикада бюджет жүйесінің дамуы аймақтық деңгейдің
тұтас шаруашылық кешенінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында
қаржы жүйесінің ортақ шеңберіндегі қаржы буындарының жергілікті және
орталық өзара әсерінің тиімді нұсқасын іздеу жолында.Бюджет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық қатынастарының теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұнын сипаттау арқылы тиімді мемлекеттік реттеу механизмдерін ұсыну
Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі
Кәсіпкерлік және үй экономикасы
Қазақстан Республикасында сапа жүйесін сертификаттау
АӨҚО инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму жолдары
Пәндер