Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет



I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
2. Шошқаларды ұстаудың жүйелері
3. Шошқаларға арналған қоралар және оларға қойылатын санитарлық.гигиеналық талаптар
4. Қабандар гигиенасы
5. Аналық шошқалардың гигиенасы
6. Торайлардың гигиенасы
1. Енесінің бауырындағы торайлардың гигиенасы
2. Енесінен бөліп алынған торайлардың гигиенасы
7. Шошқаларды бордақылау гигиенасы
ІІІ ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе ірілендірілген комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық профилактикасы жалпы және арнайы шаралардан тұрады. Бұл прфилактиканың негізі – жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни ветеринариялық-санитарлық және зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.
Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан жоғарғы мәдениетті шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сәйкес тұрғызылған мал қоралары мен, малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне ылайықталған технологиямен және ветеринариялық-санитарлық объектілермен қамтамасыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы жұмыстардың ритімді (жүйелі) жүріп, жиі мал тобының алмасуы, механикаландырылған және автоматизацияланған процесстердің қолданылуы т.б. ұйымдастыру және ветеринариялық профилактикаға белгілі бір шамалы әсерлер тигізеді. Сондықтан ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық шаралар шошқа өнімдерін өндірудегі технологиялық процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі және сапасы ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.
1. Садуақасов С. М. «Ауыл шаруашылық малдары мен құстардың гигиенасы» (ІІ кітабы). Оқулық. Алматы, 2010 ж. 88-89 бет.
2. Мырзабеков Ж. Б., Ибрагимов П. Ш. «Ветеринариялық гигиена». Оқулық. Алматы; ҚазҰАУ, «Агроуниверситет» баспасы, 2011 ж. 336-345 бет.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №2

Тақырыбы: Шошқаның гигиенасы

Орындған:Тұрхан. Ж
Тексерген:Садуақасов М С

2015ЖЫЛ

I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
2. Шошқаларды ұстаудың жүйелері
3. Шошқаларға арналған қоралар және оларға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
4. Қабандар гигиенасы
5. Аналық шошқалардың гигиенасы
6. Торайлардың гигиенасы
1. Енесінің бауырындағы торайлардың гигиенасы
2. Енесінен бөліп алынған торайлардың гигиенасы
7. Шошқаларды бордақылау гигиенасы
ІІІ ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

I КІРІСПЕ
Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе ірілендірілген комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық профилактикасы жалпы және арнайы шаралардан тұрады. Бұл прфилактиканың негізі - жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни ветеринариялық-санитарлық және зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.
Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан жоғарғы мәдениетті шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сәйкес тұрғызылған мал қоралары мен, малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне ылайықталған технологиямен және ветеринариялық-санитарлық объектілермен қамтамасыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы жұмыстардың ритімді (жүйелі) жүріп, жиі мал тобының алмасуы, механикаландырылған және автоматизацияланған процесстердің қолданылуы т.б. ұйымдастыру және ветеринариялық профилактикаға белгілі бір шамалы әсерлер тигізеді. Сондықтан ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық шаралар шошқа өнімдерін өндірудегі технологиялық процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі және сапасы ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
Шошқа шаруашылықтары негізінен үш бағытта жұмыс істейді: аяқталған өндірістік цикл мен, репродукторлы және ет өндіру.
Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде механикаландырған және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз (поток) өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға, немесе бір қорадан екінші қораға ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен айырған және жас торайларды кезекті мезгілдерінде бір жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп отырады. Шошқа фермаларының типі және размерлері, ұстау жүйелері, және қосымша салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер ораймен ауа райының ерекшеліктеріне байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары тұқымдық және өнімдік болып бөлінеді.
Тұқымдық бағыттағы фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды жоғарғы өнімді малдармен қамтамасыз ету болып саналады.

2. Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Шошқаның биологиялық ерекшеліктері олардың ауруларына қарсы шаралар белгілеуде негізгі фактор болып саналады.
Шошқа етін өндіру технологиясында өсірудің 1, 2 және 3 фазалы әдістері қолданылады:
* бір фазалы әдісте торайларды олар торайланған станоктарда өсіріп, бордақылайды;
* екі фазалы әдісте торайларды торайлау цехынан, енесінен ажыратылған торайлар цехына ауыстырып, сол жерде бордақылайды;
* үш фазалы әдісте торайларды үш жерден өткізеді: торайлау, өсіру және бордақылау.
Шошқа шаруашылықтарында оларды ұстаудың екі түрі қолданылады:
серуенге шығарып және серуенге шығармай.
Серуендетіп бағудың өзі 2 түрлі варианттарға бөлінеді:
* уақтылы серуендету (бұл жүйеде шошқаны жекеленген немесе топтық станоктарда ұстап, уақтылы серуендету алаңына шығарып тұрады);
* өз еркімен серуендету (бұл жүйеде шошқалар тотық станоктарда ұсталып серуенге өз еркімен кіріп-шығып тұрады).
Серуенсіз жүйені бордақылайтын малдарға қолданады. Оларды топтық станоктарда 15-30 бастан ұстайды. Ірі өндірістерде серуенсіз жүйені барлық жастағы малдарға қолданады. [1]

3. Шошқаларға арналған қоралар және оларға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Шошқа шаруашылықтарында әрбір өндірістік топтың жануарларын жеке қораларда орналастырады. Осыны ескере отырып, бұндай шаруашылықтарда қабандарға, бойдақ және ұрықтанған мегежіндерге, буаз мегежіндерге, бордақылауға арналған және карантиндік қоралар салынады. Барлық қорада топтап ұстауға арналған екі немесе төрт қатарлы орналасқан станоктар болады.
Шошқа шаруашылықтарында жануарларды бөлектеп ұстайтын болғандықтан, қораларда малдың жасын, физиологиялық жағдайын және өнімділігін ескере отырып, қалыпты микроклимат параметрлерін сақтауды талап етеді:
* температура (емізілетін торайлар үшін - 22-30˚C, ал мегежіндер үшін - 16-18˚C);
* ауа ылғалдылығы (70%-дан аспауы тиіс);
* аммиак концентрациясы (33-36 мгм3-дан аспауы тиіс) және т.б.
Станоктардың түрі мен конструкциясы шошқаларды күтіп-ұстаудың түріне байланысты болады. Гигиеналық талаптарға сай келетін станок үш бөлімнен тұрады: мегежіндерді ұстайтын - ортасында, дем алатын және торайларды азықтандыратын - шеттерінде.
Станокта нипельді және табақшалы автосуарғыш бар.
Станоктың көлемімен бірге шошқаны азықтандыру жабдықтарының әр басқа арналған ұзындығының да үлкен маңызы бар, әсіресе жануарларды топтап ұстаған кезде.
Станоктардың еденін негізінде құрама етіп жасайды: қилаңғыш торлы, ал дем алатын жерді тегіс.
Бокстың алдыңғы қабырғасында мегежінге азық беруге арналған науашық болады.
Боксты келесі торайлатуға дайындағанда оны тазалайды, дезинфекциялайды, желдетеді, құрғатады және жылытады.
Шошқалары өз еркімен серуендетіп ұстауға арналған қораларды климаты жұмсақ аймақтарда салады.

4. Қабандар гигиенасы
Қабандарға арналған қоралар максимальды сыйымдылығы 100 бастан көп емес есебінде салынса, әдетте қолдан ұрықтандыру пункітмен бірге тұрғызылады. Бұл ғимараттарда келесі бөлмелер қарастырылады: станоктар тұрған бөлме, төсеніш пен құрал-жабдықтарға арналған бөлме, қызметкерлерге арналған бөлме.
Қабандарды пайдалану тәртібін оның жасына, қоңдылығына, түріне және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып бекітеді.
Ірі шаруашылықтарда қабандарды интенсивті пайдалану 2,5-3 жылға дейін созылады.
Қолдан ұрықтандыру кезінде қабандарды пайдалану интенсивтілігі артады. Ұрықтандыру үшін пайдаланатын қабандарды жұқпалы аурулары жоқ шаруашылықтардан алады.
Күнделікті активті моцион қабандарды май басудан сақтап, ыстық белсенділікті және шүйе сапасын арттырады.
Жан-жақты азықтандыру шәует сапасын арттырады.
Қабандарға арналған рацион әртүрлі азықтардан құралуы тиіс. Рацин құрамында құрамды жем азықтар 70-80%, шырынды азықтар 10-15% , шөп ұны 3-5%, жануар текті азықтар 6-8% болуы керек. Сұйық азықтар қабандарға берілмейді. Қабанды мегежінге азықтандырған соң 1-2 сағаттан кейін қосады.
Қабандардың ерте жарамсыз болуының негізгі себептеріне моционның жеткіліксіздігі, жануарларды топтап ұстау және оларды еденде ұстау болып табылады. [2]

5. Аналық шошқалардың гигиенасы
Аналық шошқаларды дұрыс азықтандыру және күтіп-бағу олардың денсаулығы мен өнімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Мегежін шошқалардың денсаулығы жақсы болса ғана олардың болашақ төлдерінің эмбрионалдық және постэмбрионалдық (туғаннан кейінгі) өсіп-жетілуіне тікелей әсерін тигізеді. Жас алғашқы торайлайтын мегежін шошқалардың жасы және салмағы зор рөл атқарады. Жас шошқаларды алғашқы шағылыстан өткізу мерзімі өнімдік фермаларда 10 айлығынан (салмағы 110 кг), тұқымы фермаларда - 11-12 айлығында (тірі салмағы -120-140 кг) бастаған ең қалыпты жас болып есептеледі. Жетілмеген жас мегежіндердің организмдегі жатырдағы төлдің өсуі мен сүт түзілу процесстері қатар жүреді де, аналық жүдеп арыйды, олардың желіндерінде сүт түзілу процесстері нашарлап, көбінесе туған торайлардың өсіп-жетілуі төмен болады.
Буаздық мерзіміне қарап мегежін шошқаларды жекелеп немесе шағын топтармен ұстайды.
Қалыпты жағдайда жыл ішінде әр мегежін шошқаны 2-2,2 рет тудырып орта есеппен 9-10 торайлардан, яғни жиыны 20-22 бастан алады. Буаз шошқалардың құнарлы заттарға сұранысы, олардың денсаулығын қалыпты жағдайда ұстап тұруға, жатыр ішіндегі ұрықтың өсіп-дамуына, олардың мүшелерінің қалыптасуына, желіндегі уыздың түзілуіне т.б. байланысты болады.
Ұрықтанған аналық клеткалар 3-5 тәуліктен соң жатырдың қабырғасына бекіп, ал плаценттің (төл сыртындағы қабаты-шуы) түзілуі буаздықтың 15-20 тәулігінде ғана жүреді де, бұл күндері жатырдағы төлдің қорғанысы нашар болып, шамалы сыртқы ортаның әсерінен (суық су ішу, суық өту, қысылып, соғылысу т.б.) іш тастау кездеседі.
Буаз шошқаларды торайлайтын орындарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Қабандар (шошқа)
Мал майларын шыжғырудың технологиясы және гигиенасы, майларды үздіксіз шыжғыру. Субөнімдерді санитариялық сараптау және оларды алғашқы өндеу технологиясының негіздері мен гигиенасы
Жануарларды серуендету
Жартылай қакталған шұжықтар
Шошқа өнімдерін өндіру технологиясы, гигиенасы және санитариясы
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Шырышты субөнімдерді тазалау
Шошқаларды семірту үшін азық қолдану
Шошқа гигиенасы
Пәндер