Оқушыны медициналық – гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық - гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу.

Тобы : ҚЯ-413

Орындаған : Әнеш А. Б.

Тексерген : Құнанбаева Н. С.

Семей 2015

Жоспар:

  1. Ішкі секрециялық бездер.
  2. Жыныстық жетілу
  3. Оқушыны медициналық - гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу.

Ішкі секрециялық бездердің өнімі г о р м о н - өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті күллі организмге өсер етеді. Осыған байланысты ішкі секрециялық бездер қан тамырларыңа бай келеді.

Гормондардың қасиеттері: а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.

Эпифиз- ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме) . Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды.

Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады.
1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады.
2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік бездер мен айыршық без (тимус) жатады.
3. Хромофинді бездер тобына бүйрек үсті безі жатады.
4- топқа үйқы безінің аралық бөлігі жатады.
5- топқа жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі жатады.

Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеу үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Олардың негізгілері мынадай:
1. Экомия немесе экстрипация - алып тастау. Бұл безді толық немесе бөлектеп алып тастау әдісі. Операцияда белгілі бір безді алып тастағанда, олардың реттейтін қызметтері бұзылады. Мысалы, қалқансерік бездерін алып тастағанда жүйке ет қоздырғыштығы жоғарылап, қатты жиырылады. Бұл реакция ағзада паратгормонның жетіспеушілігімен қандағы кальций деңгейінің күрт төмендеп, жасушаның қозғыштығына әсер етуінен пайда болады.
2. Эндокринді бездерден алынған сықпаларды және химиялық жағынан таза гормондармен гормондық препараттарды кәдімгі немесе безі алынған жануарларға енгізу.
3. Эндокринді бездерді трансплантациялау, алмастырып тізу. Жануарларда зерттелетін безді алып тастап, пайда болған өзгерістерді бақылау. Одан кейін алып тастаған безді қанмен қамтамасыздандыра отырып дененің басқа бөлігіне отырғызады. Егер осыдан кейін бұзылған функциялар қалпына келсе, бездің ішкі сөлінісі бар деген сөз.
4. Парабиоз әдісі екі жануардың тиісті қан тамыларын жалғастырып, қан айналасын ортақтастыру содан кейін біреуінің безін, я бездерін алып тастап оның жеке қызметіндегі өзгерістерді зерттеу.
5. Ішкі секреция бездерін эксплантатция әдісі арқылы зерттеу. Без немесе оның бір бөлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып оның тіршілік жағдайын зерттеу. Бездің қоректік ортада гормон жасушаның саны мен сапасына әр түрлі прцестердің әсерін зерттеу.
6. Биологиялық сұйықтардағы (қан, линфа несеп т. б) гормондар мен олардың метоболиттерінің мөлшерін химиялық иммунобиологиялық және басқа әдістер арқылы зерттеу.
7. Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу әдістері.
8. Флюрестцияланатын қарсы денелер ең дәл дұрыс әдіс. Кейбір гормондардың қай жерде көбірек орналасқанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көбінесе гистохимиялық зерттеу әдісімен қоса жүргізіледі.
9. Клиникоанатомиялық әдіс. Ауруханаларда ішкі секреция бездері өзгерген адамды бақылап, зерттеу. Өлген адамдағы, белгілі бір бездің гипер және гипофункциялық, патологиялық - анатомиялық және гистологтялық, сонымен қатар денедегі нысаны ұлпаларда пайда болатын өзгерістер зерттелуде.

Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. Бұл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқынырақ. Бұл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны 1 жасқа дейін біркелкі, 1 жастан бастап жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды, оның мөлшері де айтарлықтай ұлғаймайды. Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айында және 1 жасқа дейін күшті болады, сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады. Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады. Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыз балалардың өсуі мен дамуы бірдей болады. Олар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілер мен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді.

Бұл кезеңде ер балаларда жыныс безінің ұрық жасайтын түтіктері жіңішке, әлсіз және оның өзі де әлі жіктеле қоймаған эмбриондық эпителий клеткаларының бір қабатынан ғана тұрады. Қыз балаларда аналық жыныс безі эмбриондық кезеңде фолликулалардан тұрады. Олардың өсуі өте баяу. Қабықтанған фолликулалардың саны өте аз, ал Грааф көпіршігі мүлде болмайды. Бұл мезгілде ер және қыз балалардың несебінде андрогендік және эстрогендік гормондар біршамада және аз болады. Бүл гормондар жыныс безінде түзілмей, тек бүйрек үсті безінің қыртыс қабатында өнеді.

Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Осы уақыттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекші жыныс белгілері: көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, сондықтан баланың сымбаты өзгереді, әр адамға тән қасаға түктері пайда болады. 15 жастан аса қолтығында түктер өседі, сақал-мұрты шыға бастайды, сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды. 18 жастан аса жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады. Ер бала біртіндеп ержетіп, жігіт, одан әрі ересек адам болады. Қыз балалардың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталып, 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды. Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда емшегі өседі. 13-15 жастан бастап бойы жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. 16-18 жаста бойжеткеңдер толық жыныстық жетіледі. Бұл өзгерістер қыз баланың организміндегі жыныстық өзгерістердің пайда болуына байланысты. Жыныстық жетілу мерзімі жалпы алғанда балалар мен жастардың тұқым қуалайтын қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауа райына, ұлттық ерекшеліктеріне т. б. сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Балаларды жыныстық тәрбиелеу. Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі бұл кезеңнің көптеген қиындықтарына тағы да біреуін қосады - бұл жыныстық тәрбие мәселесі.

Сонымен, қорыта келгенде, балалар мен жастарға жыныстық тәрбие беру ата-анасы мен мұғалімдердің ғана міндеті емес, бұл ел, халық үшін маңызды жалпы міндет.

Әлем халықтарының үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс көңіл бөлу деп қарауға болады. Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады.

Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Балаға гигиеналық тәрбие берудің негізі бала-бақшада басталады, одан ары қарай мектепте тереңірек түсініктер беріледі. Оның негізгі бөлімдері:

  • Оқу үрдісінде гигиена негіздерінен сабақ беру;
  • Мектеп оқушыларының мектептен тыс санитарлық ерікті жұмыстарын жүргізу;
  • Оқушылармен мектептен тыс санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • Ата-аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу т. с. с. болып табылады.
  • Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жұмысы - мектептің оқу бағдарламасының міндетті түрдегі құрамды бөлігі болып табылады.
  • Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы. Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегі талаптардан тұрады:
  • Денешынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы;
  • Мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы;
  • Тағам тану гигиенасы;
  • Қоғамдық және жеке бас гигиенасы;
  • Жарақаттанудың алдын алу;
  • Политехникалық оқытудың гигиенасы;
  • Жыныс тәрбиесі.

Бұл саладан ең маңызды мәселе қажетті тақырыптарды мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай бөліп алу болып табылады. Балалардың жас мөлшерлері жалпы қабылданған 3 топқа бөлінеді:

  • 7-9 жастағы балалар (1-3 сыныптар) ;
  • 10-14 жастағы балалар (4-7 сыныптар) ;
  • 15-17 жастардағы жасөспірімдер (8-11 сыныптар) ;

Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің мағнасы тереңдей түседі. Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене тұлғасының дұрыстығы туралы мәліметтер кіреді. Мұнда олар іс-әрекеттің дене тұлғасының қалыптасуына әсерін, де-нешынықтыру жаттығуларының, қимыл-қозғалыстың, демалыстың организмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. Балаларды таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру де маңызды гигиеналық дағды болып табылады.

Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбына күн тәртібі, үйдегі және мектептегі сабақ оқу гигиенасы, демалыс тәртібі мен ұйқы гигиенасының мәселелері кіреді. Балалар жас мөлшеріне байланысты өздерінің күн тәртібінің элементтерінің ең дұрыс ұзақтығын білуі оны өмірде дұрыс пайдалана білуі керек. 10 жастан бастап мектеп оқушылары өздеріне ыңғайлы күн тәртібін құрастыра алуы тиіс.

Жоғарғы сынып оқушылары қажу мен қатты қажудың физиологиялық маңызы туралы мағлұмат алып, бір күндегі, аптадағы, жыл бойындағы ақыл-ой қызмет қабілетінің динамикасы туралы түсінігі болуы керек. Барлық жастағы оқушылар түнгі ұйқының жағдайы мен ұзақтығын дұрыс бағалай білгені дұрыс.

Кішкене жастағы балалардың тамақтану гигиенасы дастарқан басында отыру, салфетка, ыдыс-аяқтарды пайдалана білуден тұрады. Мұнда асықпай тамақ ішу, тамақ ішкен кезде сөйлемей, алаңдамай отыру дағдыларына үйренеді. Одан ересек жаста мектеп оқушылары тамақтың сандық және сапалық нормалары, минералдық заттар мен витаминдер, тамақтану тәртібі, астың қорытылу механизмі туралы ақпарат алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі секрециялық бездер
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
Оқушыны медициналық -гигиеналық жане жыныстық тәрбиелеу. Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу
Ішкі секреция бездері. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбилеу
Оқушыны медициналық- гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу туралы ақпарат
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигеналық және жыныстық тәрбиелеу
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу туралы ақпарат
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары
Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz