Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы ақпарат



Кіріспе
1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2. . Ерекше қорылатын табиғи территориялар . қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау . биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» (73-74 баптар), ҚР «Білім туралы» заңдарында (3-бап) экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап көрсетілген.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал балаларға қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңейтуге ұмтылу тән.
Экологиялық ағарту осыны қанағаттандыра алады, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Қоғамның экологиялық мәдениеті негізі балалық шақтан қалыптасқан әр адамның экологиялық мәдениетінен тұрады.
1. «Экология және тұрақты даму»
2. А.Нұрғызарынов,Ж.Шілдебаев.Астана,2014.-344б.
3. «Экология» Г.С.Оспанова,Г.Т.Бозшатаева.Алматы,2002.-405 бет
4. «Оңтүстік Рабат» мақалалар мұрағаты.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Орындаған: Рустамова М.Р
Тексерген:Мурзалимова А.К
Тобы:ВМ-401

Жоспары:
Кіріспе
1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2. . Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара. ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы (73-74 баптар), ҚР Білім туралы заңдарында (3-бап) экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап көрсетілген.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал балаларға қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңейтуге ұмтылу тән.
Экологиялық ағарту осыны қанағаттандыра алады, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Қоғамның экологиялық мәдениеті негізі балалық шақтан қалыптасқан әр адамның экологиялық мәдениетінен тұрады.
Қазіргі таңда мектептердің басым көпшілігі бүгінгі күні осы бағытта балаларға үздіксіз экологиялық тәрбие мен білім беру ісін өзінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастыруда немесе кейбір мектептерде жекелеген пәндерде экологиялық білім мен тәрбие беріп оқушыларды экологиялық мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруда.Экологиялық білім беру мәселесі ұлттық педагогиканың негізгі арқауы десек те болады. Түркі жұрты табиғатпен тікелей қарым-қатынаста өмір сүргендіктен, табиғатқа деген қамқорлыққа үлкен жауапкершілікпен қараса, ұлы ақын Абай табиғаттың ерекше құбылыстарын өз туындыларын арқау ете отырып, ұлттық экологиялық мәдениеттің негізін қалады. Ал ұлттық білімнің негізін салушылар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және тағы басқалар қоршаған ортаны аялау, салауатты өмір сүру салтын құрудың ғылыми алғы шарттарын жасады. Гуманитарлық-экологиялық бағыттағы мектеп-гимназияның экологиялық білім және тәрбие беру кешенін жасауда Ресей ғалымдары Е.С.Сластенинаның, Н.А.Рыковтың, А.И.Щербаковтың және қазақстандық ғалымдар Ә.Бейсенованың, М.Сарыбековтың, Ж.Жатқанбаевтың, Е.Мәмбетқазиевтің ғылыми ұсыныстарын, сонымен қатар халықтық педагогика негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі бойынша профессор С.Қалиев, К.Қожахметов, К.Бөлеев және тағы басқа ғалымдардың зерттеу жұмыстары мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланылды және оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясының орта білім беру институтының әдіскер ғалымдары ұсынған ғылыми тұжырымдамалары басшылыққа алынды.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы, оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми негізделген білімді меңгеру, оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды дәлелдеп орнықтыру, қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз екенін ұғындыру, табиғи ортада дұрыс жүріп - тұрудың нормаларын сақтау, табиғат пен сырласа білу қабілетін дамыту, табиғат пен қайта түлеген ортаны жақсарту жөніндегі қызметті сауатты ұйымдастыру жатады. Міне, осы міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың табиғатқа деген қарым - қатынасын қалыптастыруға бағытталады.ХIX ғасырдың көрнекті қоғам қайраткері К.Маркс, қандай жұмыстың болса да экологиялық жағы еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласындығы орны толмас олқылықтар пайда болады.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Оқушылар табиғи ортаны күтуде, қорғауда, орман - тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды басқаратын қызметкерлерге көмектеседі. Жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмыстарына қатынасады.
Қазіргі кездегі жастар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі экологиялық білім мен тәрбие әлемдегі экологиялық деректерді ғылыми мағлұматтық білім мен тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Бұл үшін экологиялық білімнің негізгі көздері химия, физика, биология, география, астрономия пәндері. Экологиялық білім мен тәрбие беру қазіргі кезде барлық ғылымдар саласымен сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналуда.Қазіргі кездегі экологиялық проблемалардың туындауы, соның ішінде табиғи ортаға тигізетін адамның іс-әрекетінің шексіз өсуі және оның келеңсіз көріністері айқын байқалуда. Оған себеп табиғи ортаға деген көзқарастың, жауапкершілік сезімнің жетіспеуі. Жалпы әлемдік денгейде мойындалып отырған экологияландыру процесіне сәйкес ізгілік қасиеттерін, құндылық қатынастарын, теориялық - практикалық тенденциялары айқындала бастады. Біріншіденадамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру;
Екіншіден жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері арқылы дүниетанымын қалыптастыруға тәрбиелеу;
Үшіншіден қарым-қатынас негізінде білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ету.
Дамытушылық ұстанымы оқушылардың білім қорын балабақшадағы сәбилік кезінен бастап, бастауыш сынып, одан жоғары сыныптарға көтерілу деңгейлеріне үйлестіре отырып дамыту. Жоғары сыныптарға экологиялық жағдайларға өз бетінше баға беретіндей деңгейге бірте - бірте жеткізу.
Интеграциялау ұстанымы экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (биология, химия, география, физика, т.б) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих, қоғамтану т.б) арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адамнан қоғамдық деңгейге көтеру. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру.
Көрнекілік ұстанымы оқушыларға экологиялық білім беруде оқу үрдісінде көрнекі құралдар, диофильмдер, киносюжеттер, компьютерлік роликтер, кеппешөптер, коллекциялар, бейнекөріністер, индикаторды және табиғаттағы бақылаулар нәтижесін пайдалану.
Қабылдаушылық ұстаным экологиялық ғылымның мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып жатық әрі түсінікті тілмен берілуі. Өлкелік ұстанымэкологиялық білім беруде оқушылардың тұрмыстық салт - дәстүрлері, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру. Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық проблемаларды көтеру оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана-сезімін ояту.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8,5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді: 1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау); 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған Ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар және ерекше қорылатын табиғи территориялар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы мәлімет
Экологиялық білім берудегі этикалық, эстетикалық проблемалар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы мәлімет
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Экологиялық білім беру туралы
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
Пәндер