Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. Өндірістік есептің ұйымдастырылуын теориялық
тұрғыдан зерттеу.
1. 1 "Шымкентсыра" АҚ сыра . . . 5
1. 2 Шығындар түсінігі, олардың жіктелуі мен есептеудің
маңыздылығы . . . 8
- Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру . . . 15
2. Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері
2. 1. Өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын
калькуляциялаудың жалпы ережелері . . . 22
2. 2 Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялау әдістері . . . 28
2. 3 "Шымкентсыра" АҚ-да өндіріс пен өндірістік
есепті ұйымдатыру ерекшеліктері . . . 38
3. Өндірістік шығындарды талдау және оларды есепке алу
әдістерін жетілдіру жолдары
3. 1. Кәсіпорын бойынша өндірістік шығындарды талдау . . . 49
3. 2. Тауарлық өнімнің бір теңгесіне жұмсалған шығындарды талдау
әдістерін жетілдіру жолдары . . . 52
- Өнім өндіру мен өткізу барысында талдаудың міндеттері мен
ақпараттық қамтамасыз етуі . . . 55
Қ о р ы т ы н д ы . . . 65
Пайдаланган әдебиеттер . . . 66
Кіріспе
Қазіргі таңда кәсіпорынды басқарудың ғылыми тәсілін дамыту қажеттілігі туындап, ақпараттық жүйелер кеңінен дамып, бухгалтерлік есеп және аудит мәліметтеріне талап күшеюде. Соның ішінде өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясына басты назар аударылуда. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмысында аталған учаскелердің бухгалтерлік есеп жүйесінде "басқару есебі" деп бөлінуі жай емес.
Басқармалық ақпарат қазіргі жағдайда өндірісті басқарудың ажырамас бөлігі, ал басқару есебі басқарманың барлық деңгейін жеткілікті түрде қажет ақпаратпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнына және өндірістің рентабельділігіне өндірістік шығындардың құрамы, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы, салалық ерекшеліктері үлкен ықпал етеді. Сондықтан өнеркәсіптің барлық салаларында басты назар капиталдық, еңбек, қаржы ресурстарын, табиғат байлықтарын дұрыс және тиімді пайдалануға, артық шығындарды жоюға аударылуы тиіс. Аталған мәселелердің қазіргі уақыттағы өзектілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.
Дипломдық жұмыс Шымкент сыра зауытының нақты материалдары негізінде орындалды. Шымкент сыра зауыты эксплуатацияға 1976 жылы желтоқсан айында енгізілді. Бұған дейін Шымкент қаласында сыра 1974 жылы салынған "Южказпиво" зауытында өндірілетін еді.
1978 жылы ақпан айында жаңадан салынған сыра өндіру зауытының базасында алкагольсіз сусындар өнеркәсібінің Шымкент өндірістік бірлестігі құрылды. Оның құрамына Қызыл-Орда, Кентау қалаларының алкагольсіз сусын зауыттары және Шымкенттегі бұрынғы "Южказпиво" зауыты кірді.
1986 жылы Қазақ ССР тамақ өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен Қызыл-Орда зауыты дербес өндірістік бөлім ретінде бөлініп шықты. Қазіргі кезде зауыт "Шымкент сыра" акционерлік қоғамы ретінде тіркелген.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты "Шымкентсыра" АҚ өндірістік шығындар есебін жүргізу және өзіндік құнды калькуляциялаудың ерекшеліктерімен танысып, алдыңғы қатарлы шетелдік әдістермен салыстыру негізінде сыра өнімдерінің өзіндік құнын бақылау мен шығындар есебін ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған кейбір мәселелерді зерттеу болып табылады.
Өндірістік есептің ұйымдастырылуы өндіріс ерекшеліктеріне тікелей байланысты болғандықтан жұмыстың бірінші тарауында зерттеліп отырған кәсіпорындағы сыра өндірісінің технологиясы қарастырылып, шығындардың жіктелуі мен олардың есебін жүргізу тәртібі зерттелді.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауы шығындар есебін жүргізу әдістеріне қысқаша сипаттама беріліп, "Шымкентсыра" АҚ өндірістік шығындар есебін жүргізу және сыраның өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктерін қарастыруға арналды.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында сыра өндірісіне жұмсалатын шығындар жан-жақты талданып, шығындар есебін ұйымдастыруды жетілдіру және өзіндік құнды төментету жолдары ұсынылды. Дипломдық жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдардың озық еңбектері, заң және нормативтік актілер, статистикалық ақпараттар, баспа материалдары және "Шымкентсыра" АҚ есептік мәліметтері қолданылды. Жұмыс нақты мысалдарға, есептеулерге негізделген сипатта орындалғандықтан, практикалық құндылығы жоғары деп есептейміз.
1. Өндірістік есептің ұйымдастырылуын
теориялық тұрғыдан зерттеу
- "Шымкентсыра" АҚ сыра өндірісінің технологиясы
Сыра - жағымды қышқылтым дәмі бар, хош иісті әлсіз алкогольді сусын. Сыра өндірісі - бірнеше технологиялық элементтерден тұратын күрделі және ұзақ процесс: солод өндірісі, сыра суслосын алу, сыра суслосын ашыту, қайта ашыту (пісіру), сыраны фильтрациялау, ыдыстарға құю. Сыра өндірісіндегі негізгі шикізаттар арпа, хмель және су болып табылады.
Арпа "Шымкентсыра" зауытына теміржол вагондарымен жеткізіледі және зауыттың өз теміржол торабы арқылы элеваторға қабылданады. Шикізаттың ұзақ уақыт бойы сақталуына көп көңіл бөлінеді. Дән сақтаудың екі негізгі әдісі бар - қамбалық және силостық. Қарастырылып отырған кәсіпорында шикізатты сақтаудың силостық әдісі қолданылады. Силостық дән сақтау қоймалары дән қабылдау, тазалау машиналарымен жабдықталған. Қойманың сыйымдылығы 5868 куб. м, яғни 4200 тонна дән қабылдай алады.
Шикізатты қабылдау және өндіріске босату операциялары келесі тәртіпте орындалады. Теміржол вагондарынан түсірілген дән бункерге құйылады. Бұл жерден ленталық транспортер арқылы дәнді автоматты таразыға көтеретінтік транспортерға жеткізіледі. Өлшенген дән тазартылады және силостық ленталық транспортер арқылы жылжи отырып, түсіру щиттерінің көмегімен силостарға бөлінеді.
Өндіріске босату кезінде дән силос конусының орталығындағы течкадан ленталық транспортерға, содан соң тік транспортер арқылы автоматты таразыға беріледі. Өлшенген дән қайта тазартудан өтіп, өндіріске жіберіледі. Арпа мен солод өндіріске пневмотранспортер арқылы жеткізіледі. Қондырғының өнімділігі 15 т/сағ, пневмотрассаның ұзақтығы 200 м, ал көтерілу биіктігі 25 м.
Қазіргі уақытта "Шымкентсыра" акционерлік қоғамында сыраның бір ғана сорты - 11% ашық түсті "Шымкентское оригинальное" өндіріледі. Сыраның бұл сортын өндіруде арпа солоды, тығыздалған хмель және хмель экстракты қолданылады. Өндірістің технологиялық схемасы келесі кезеңдерден тұрады:
- сыра суслосын дайындау;
- ашыту және қайта ашыту (пісіру) ;
- фильтрациялау және дайын сыраны ыдыстарға құю.
Сыра өндіру процесінің алғашқы және ең негізгі кезеңі сыра суслосын дайындау болып табылады. Ол бірнеше технологиялық операциялардан тұрады: арпа солодын тазалау және ұсақтауға дайындау, солодты сумен шайқау, шайқалған солодты қантпен араластыру, суслоны фильтрациялау, суслоны қайнату және хмельмен араластыру, хмель қосылған суслоны суыту. Бұл операциялардың барлығы қайнату цехындағы арнайы жабдықтарда жүзеге асырылады. Қайнату цехы бір мезгілде 9 тонна дән қабылдай алатын алты қазандықпен жабдықталған. Қайнату қазандықтары тотықпайтын болаттан, ал қақпақтары мен бу шығаратын құбырлары мыстан жасалған. Электрқозғағыштарды іске қосу, қайнату процесін бақылау орталық басқару пультінен орындалады.
Дайын болған сыра суслосы ашыту цехына беріліп, мұнда ашыту, пісіру, фильтрациялау процестері жүзеге асырылады.
Ашыту - бұл күрделі биохимиялық процесс, яғни сыра суслосын микроорганизмдер көмегімен өзгерту. Сусло ашытқының (дрожжи) көмегімен 5-10 С температурада ашытылады. Бұл процесс ашыту цехының жертөлелерінде орындалады, мұнда әрқайсысы 2 ашытқы даярлау және 10 ашыту танктерінен тұратын 6 линиямен жабдықталған. Ашыту танктері тотықпайтын болаттан жасалған, пайдалы сыйымдылығы 25 куб. м.
Суытылған сусло алдымен ашытқымен араластыру танктеріне, сосын ашыту танктеріне беріледі. "Шымкентское оригинальное" сырасын өндіруде ашытқы қосу нормасы 0, 7 л/Гл, ашытудың ең жоғары температурасы 7-8 С, ал ашыту ұзақтығы 7-8 тәулік. Ашыту процесі кәсіпорынның бас технологы бекіткен арнайы температуралық кесте бойынша жүргізіледі.
Ашыған сыра қайта ашыту және пісіру үшін лагер цехының танктеріне беріледі. Сыраны қайта ашытуға көлденең танктердің 50 куб. м. 32 данасы және 100 куб м. 44 данасы қарастырылған. Олардың жалпы сыйымдылығы 6000 куб м.
Лагер танктерінен сыра насостар арқылы тоңазытқышқа, одан әрі фильтрпресске жіберіледі. Мұнда дайын сыра тазартылып, ашық түсті сыра алу үшін кизельгур фильтрлерінен өткізіледі. Тазартылған сыра сығылған ауамен ыдыстарға құю машиналарына айдалады.
Сыраны ыдыстарға құюдың бірқатар технологиялық ерекшеліктері бар. Сыраға қосылған көмірқышқыл газының тиісті мөлшерден азайып кетпеуі үшін артық қысымды пайдаланады. Оған жағдай жасау үшін шөлмектің ішіне алдын-ала қажетті қысым беріп, содан соң сырамен толтырады. Сырамен толтырылған шөлмектер көмірқышқыл газы ұшып кетпес үшін жылдам кронен-пробкалармен бекітіледі.
Дайын шөлмектер транспортер арқылы бракеражға беріледі. Мұнда арнайы машиналарда сәулелі экран көмегімен толық толтырылмаған, жақсы бекітілмеген т. . б жарамайтын шөлмектер анықталады. Ақау анықталған шөлмектердегі сыраны төгіп, қайта өңдеуге лагер цехына қайтарады. Қайтарылатын сыраның мөлшері 4-5% жетеді.
Бракераждан соң шөлмектерге автоматты машиналарда этикетка жапсырылады. Сыра 20 С температурада 7-10 күн сақталады. Мерзімі өткен сыраның дәмі мен түсі өзгеріп, пайдалануға жарамсыз болады. Сыра қасиеттерінің өзгеруінің басты себебі микроорганизмдердің дамуы болып табылады. Сыраның биологиялық тұрақтылығын жоғарлату үшін оны пастерилизациялайды, бұл кезде жағымсыз микроорганизмдер өледі. "Шымкентсыра" зауытында сыра герметикалық бекітілген шөлмектерде пастерленеді.
Сыраны ыдыстарға құю цехы толығымен автоматтандырылған 4 линиямен жабдықталған. Мұнда ыдысты жәшіктен алу, шөлмекті жуу, 2 сәулеллі экран, құю - бекіту, этикетка жапсыру, дайын өнімді жәшіктерге жайғастыру автоматтары орналастырылған. Линияда 14 адамнан тұратын бригада қызмет етеді. Линияның өнімділігі - сағатына 12000 шөлмек.
- Шығындар түсінігі, олардың жіктелуі мен
есептеудің маңыздылығы
Қаржылардың жұмсалуын бақылау сондай-ақ баға деңгейін оның негізгі элементтері бойынша негізделуін жүзеге асыру үшін өнімнің өзіндік құнына енгізілетін және қаржылық нәтижелерге тікелей жатқызылатын шығындарды ғылыми негіздеудің маңызы зор. Бұл сұрақты өзіндік құнды экономикалық категория ретінде қарастыра отырып шешкен дұрыс. Өзіндік құнға енгізілетін шығындар мен басқа қор көздері есебінен жабылатын шығындардың шектелуі негізінен өнімнің өзіндік құнын өндіріске жұмсаған қаржылар мен еңбек ақы қорына, сондай-ақ өндірісті кеңейту мен қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталатын қосымша өнім құнына бөлу арқылы анықталады. Қосымша өнім құнының есебінен жабылатын жекелеген шығын түрлері өнімінің өзіндік құнына енгізіледі, бұл ресурстарды тиімді пайдаланудағы кәсіпорындардың материалдық қызығушылығын туғызу міндеттеріне байланысты.
Кәсіпорын қызметі алынған табыс көрсеткіштерінің негізінде бағаланатын болғандықтан, өзіндік құнды өндірістік шығындарға негіздеген дұрыс.
"Шымкентсыра" АҚ - да өндірістік шығындарды келесідей топтастыру қабылданған:
Шығындар өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына қосылуына байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей шығындар өнімнің өзіндік құнына тікелей және бөгетсіз енуі мүмкін өнімнің жеке түрінің өндірісімен байланысты шығындар. Оған жататындар: материал мен отын, өнімін дайындаған үшн жалақы, әлеуметтік аударымдар, яғни өндірістің технологиялық процессімен байланысты шығындар. Тікелей шығындардың барлығы калькуляциялық шоттарда көрініс табады.
Жанама шығындар өнімнің бірнеше түрінің өндіруімен байланысты шығындар (құрылғыларды ұстау және эксплуатациялау жөніндегі шығындар, цехтық шығындар т. б) бұл шығындар өнімінің өзіндік құнына оларды бөлу арқылы енгізіледі. Өндірістік шығындар.
Өндірістік шығындар құрамы бойынша бір элементтік және кешенді болып бөлінеді, оның құрамына әртүрлі элементтерге жататын шығындар кіргізіледі.
Өндірістік процестегі шығындар эконмикалық рөліне байланысты негізгі және үстеме шығындар болып бөлінеді.
Негізгі шығындар - өндірістік процесте өнімді дайындауға кіргізілетін шығындар. Ол өнім өндірумен тікелей қатысты. Оған жататындар: шикізат пен материалдар, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы және одан аударымдар, технологиялық мақсаттағы отын мен энергия шығындары, жабдықтарды іске қосу және күту шығындары жатқызылады.
Үстеме шығындар - өндірісті басқару мен қызмет көрсету мен байланысты шығындар.
Шығындар өндіріс көлеміне байланысты шартты тұрақты және шартты өзгермелі болып бөлінеді.
Шартты тұрақты шығындарға өнім шығару көлемі өзгерген кезде мөлшері өзгермейтін шығындар жатады. Өндірістің жайларын жылытуға, жарық беруге арналған шығындар жалпы өндірістік қызметкерлердің жалақысы, негізгі құралдар амортизациясы т. б.
Шартты өзгермелі шығындарға өнім шығару көлемінің өзгеруіне сәйкес мөлшері ұлғайып, не азайып отыратын шығындар жатады. Бұл шикізат пен негізгі материалдар, жұмысшылардың жалақысы, технологиялық мақсатта отын мен энергия.
Жоспармен қамтылу дәрежесіне қарай жоспарланған және жоспарланбаған деп бөлінеді.
Жоспарлы шығындар өндірістік бағдарлама негізінде анықталады, яғни өндірістік бағдарламаны орындау үшін қанша шикізат, материал, еңбек ресурстары керек екені көрсетеді.
Жоспардан тыс шығындарға ақаудан болған шығындар, т. б. өндірістік емес шығындар (материалдардың жетіспеушілігі мен бұзылуы, табиғи зиян нормаларынан тыс шығындар, аяқталмаған өндірістег жетіспеушіліктер т. б. ) жатқызылады.
Сонымен қатар барлық шығындар өдірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік шығындарға өнім өндірумен тікелей байланысты шығындар, ал өдірістік емес шығындарға өнімді өткізумен байланысты шығындар жатқызылады. Бұлай етіп бөлу өнімді өндіруге кеткен шығындарды, сондай-ақ олардың ара қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Шығындарды топтастыру мәселесін өзіндік құнның құрылымына байланысты экономикалық негізде шешуге шешуге болады. Түрлі шығындардың деңгейін төмендету мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, өзіндік құнды төмендетудің жалпы қарқыны өзіндік құн құрылымымен қатар әрбір жекелеген шығын түрінің төмендеу қарқынына да байланысты болады. Мұнда материалдық шығындар мен еңбекақы шығындарының ара қатынасы, сондай-ақ материалдық шығындардың құрамы маңызды роль атқарады.
Өнімнің өзіндік құнының құрылымы шығындардың топтастыруына сәйкес болуы керек. Шығындарды топтастырудың негізгі принципі оларды экономикалық элементтері және калькуляция баптары бойынша бөлу болып табылады.
Шығындар бастапқы экономикалық элементтері бойынша келесідей топтастырылады:
1. Материалдық шығындар;
2. Еңбек ақы шығындары;
3. Еңбекақыдан аударымдар;
4. Амортизациялық аударымдар;
5. Басқа да шығындар.
Бұлай етіп топтастыру экономикалық табиғаты біркелкі болғанда және бірнеше өнімнің шығындарын жинақтағанда қолданылады. Ол кәсіпорынның материалдық ресурстарға жалпы қажеттілігін, негізгі құралдардың амортизация сомасын, еңбек ақы шығындарын т. б. анықтауға мүмкіндік береді.
Осы элементтердің әрқайсысы бойынша шығындар жөніндегі мәліметтер 8010 " Негізгі өндіріс " шотында жинақталады.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары экономикалық элементтер бойынша барлық шығындар есебі олардың шаруашылық процестері арасында бөлінуін қамтамасыз етеді. Бірақ шығындар құрамын бақылау және өзіндік құнды есептеу үшін өндірістік процесте не жұмсағандығымен қатар, бұл шығындардың қандай мақсаттарға бөлінгендігін, олардың технологиялық процеске қатынасын ескеру керек. Шығындар есебін осылайша жургізу өзіндік құнды оның құрамдас бөлімдері бойынша, сондай-ақ өнімнің кейбір түрлері бойынша талдауға мүмкіндік береді. Сондықтан да өзіндік құн есебін жүргізу және калькуляциялауда өндіріспен және өнім өткізумен байланысты шығындар баптар бойынша топтастырылады.
"Шымкенсыра" АҚ өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есебін жүргізу және калькуляциялауда шығындарды келесі баптар бойынша топтастыру қабылданған:
1. Шикізат пен материалдар;
2. Қайтымды қалдықтар;
3. Қосымша материалдар;
4. Технологиялық мақсаттағы жылу;
5. Технологиялық мақсаттағы энергия;
6. Технологиялық мақсаттағы суық ауа;
7. Жұмысшылардың негізгі еңбекақысы;
- Жұмысшылардың қосымша еңбекақысы;
- Еңбекақыдан аударылатын аударымдар;
- Үстеме шығындар;
Енді осы баптарды жеке-жеке қарастырайық:
"Шикізат пен материалдар" - дайындалған өнімнің негізін құрайтын немесе оны дайындау кезінде қажетті компонент болып табылатын шикізат пен материалдағы жұмсалатын шығындар.
Шикізат пен материалдар негізгі және қосымша болып бөлінеді. "Шымкентсыра" АҚ негізгі шикізат пен материалдар:
- арпа;
- хмель;
- су.
Қосымша материалдар:
- кизельгур;
- фильтркартон;
- келкалоид;
- тұрақтандырғыш заттар;
- аскорбин қышқылы;
- каустикалық сода;
- келгонит;
- солод;
- сыра ашытқысы;
- монокальций фосфаты;
- тұзды қышқыл;
- кроненпробка;
- этикетка т. б. (Қосымша 1)
Кәсіпорында материалдар мен шикізаттарға жұмсалатын шығындардың үлесі жоғары 47. 3 % (Қосымша 2) Өзіндік құн негізін осы шығындар құрағандықтан, материалдық ресурстардың есебін жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді.
Кәсіпорында қосымша өңдеусіз қайта пайдаланылатын немесе сыртқа сатылатын шикізаттар мен материалдар құны "Қайтымды қалдықтар" бабы бойынша көрсетіледі. "Шымкентсыра" АҚ қайтымды қалдықтарға сыра дробинасы, көмірқышқылы және сыра ашытқысы жатады. Олар келесі тәртіпте бағаланады:
Сыра дробинасы - негізгі шикізат құнынан сатылу бағасы бойынша шегеріледі;
Көмірқышқылы - өндіріс процесінде қышқылды жинақтайтын қондырғыны эксплуатациялау шығындарының негізінде;
Сыра ашытқысы - өндіріске босатылған ашытқы құнының 50 % мөлшерінде.
"Технологиялық мақсаттағы жылу энергиясы" бабында негізгі өндірістің тікелей технологиялық қажеттіліктеріне жұмсалған жылу энергиясы бойынша шығындар сомасы көрсетіледі. Жылу энергиясы бойынша жоспарлық шығындар өнім бірлігіне жұмсалатын энергия нормасының негізінде жекелеген отын түрлерінің құнын ескере отырып есептеледі. Оған көлік - дайындау шығындары және жылу қазандықтарын күту шығындарының сметасы қосылады.
"Технологиялық мақсаттағы электр энергиясы" бабына негізгі өндірістің технологиялық қажеттілігіне жұмсалған электр энергиясы бойынша шығындар кіреді. Электр энергиясы бойынша шығындар оны сатып алуға, трансформациялауға және цех подстанцияларына жеткізу шығындарынан тұрады.
Сыра суслосын салқындатуға және өндірістік процесстерді тиісті температуралық режимде сақтауға арналған суық ауаға жұмсалған шығындар "Технологиялық мақсаттағы суық ауа" бабы бойынша көрсетіледі. Суық ауа шығындары өнімнің жекелеген түрлеріне сыра өндірудің технологиялық процесінің ұзақтығы негізінде есептелген коэффициенттерге пропорционалды түрде жатқызылады.
"Жұмысшылардың негізгі еңбекақысы" бабы бойынша өндірістік жұмысшыларға, сондай-ақ өнім өндірумен тікелей байланысты инженер, технолог мамндарға есептелген негізгі жалақы сомалары көрсетіледі. Егер өндірістік жұмысшылардың бір бөлігін тікелей белгісі бойынша өнімнің жекелеген түрлеріне жатқызу мүмкін болмаса, онда оны жұмыс көлемін, жұмыс орындарының тізімін, қызмет көрсету нормаларын ескере отырып сметалық ставканы есептеу негізінде өнімнің өзіндік құнына жатқызылады.
"Жұмысшылардың қосымша еңбекақысы" бабында еңбек жөніндегі заң актілерімен немесе ұжымдық шарттармен қарастырылған өндірісте жұмыс істелмеген уақыт үшін төленетін төлемдер, кезекті және қосымша демалыс ақы т. б. сомасы бейнеленеді.
"Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" бабы бойынша еңбекақыдан ұсталып, бюджетке аударылатын сомалар көрсетіледі.
"Үстеме шығындар" бабы бойынша "Шымкентсыра" АҚ келесідей шығындар көрсетіледі:
- Негізгі өндірістегі амортизация
- Көмекші өндірістегі амортизация
- Негізгі өндіріс бойынша жөндеу шығындары
- Көмекші өндіріс бойынша жөндеу шығындары
- Ведомстводан тыс күзет
- Жалпызауыттық ғимараттарды күтіп ұстау
- Көлік құралдарын күтіп ұстау
- Лабораторияны күтіп ұстау
- Еңбекті қорғау бойынша шығындар
- Суға ақы төлеу
- Басқа да шығындар - канцелярлық, типографиялық, байланыс
- Өнімді сату бойынша шығындар
- Банк қызметіне ақы төлеу
- Материалдық емес активтердің тозуы
- Іссапар шығындары
- Сынған ыдыстарды есептен шығару шығындары
- Автокөлік жалдау шығындары т. б. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
Өндірістік шығындар есебін жүргізу бухгалтерлік есеп жұмысының ең маңызды бөлімі болып табылады. Шығындар есебі дұрыс ұйымдастырылып, нақты жүргізіліп, қажетті көрсеткіштер жедел түрде тез арада қамтамасыз етілуі қажет.
8010-шы “Негізгі өндіріс” бөлімшесінің шоттары түрлі мақсаттарға арналған. 8011-8015 аралығындағы шоттар транзиттік шоттар болып саналады. Бұл шоттар негізгі өндіріске жұмсалған материалдардың, өндіріс жұмысшыладың еңбегіне ақы төлеу, еңбек ақыдан аударымдар, амортизациялық аударымдар және басқа да шығындардың экономикалық элементтері бойынша сомасын анықтауға арналған. 8011-8015 шоттардың дебеті бойынша бір элементтік шығындар сомасы көшіріліп жазылады. Олар әр айдың соңында 8010“Негізгі өндіріс” жинақтаушы шотына жатқызылады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансында есепті кезеңде өндірістік шығындар есептелген шығындар кезең басында және кезең соңында толық көрініс таба алмайды. Бұл шығындар баланста бөлшектеніп көрсетіледі, яғни аяқталмаған өндіріс қалдықтарының нақты сомалары арқылы 1340, 1341, 1342, 1343 шоттарда есептелетін қалдық сомаларында, мұнда аяқталмаған негізгі өндіріс, аяқталмаған өзіндік өндірістің шалафабрикаттары, аяқталмаған көмекші өндіріс, басқа да аяқталмаған өндіріс көрсетіледі және тауарлы - материалдық құндылықтардың өткізілмеген қалдықтары нақты өзіндік құн арқылы. Ай басында 1340 - 1343 шотта көрсетілетін аяқталмаған өндіріс қалдықтары шоттың кредитінен 8010-8040 шоттарының дебетіне көшіріледі. Ал кезең соңында аяқталмаған өндірістің нақты өзіндік құнына сай сомалар 8010-8040 шоттарының кредитінен 1340-1343 шоттарының дебетіне жазылады. Негізгі өндіріс - өткізуге арналған өнімдерді шығаруға, сондай - ақ завод ішіндегі тұтынуға арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндіріс.
"Шымкентсыра" АҚ - да келесідей негізгі өндіріс түрлері бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz