Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының жағдайы және дамуы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ
ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.1 Шығыс Қазақстандағы орман қорларының географиялық жағдайы 8
1.2 Шығыс қазақстан орман шаруашылығының тарихы 17
1.3 Орманды жерлердің жер бедері мен топырақ ерекшеліктері 20

2 АҒАШ ДАЙЫНДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ
МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ 28
2.1 Орманның халық шаруашылық маңызы 31
2.2 Орманның рекреациялық және экологиялық рөлі 35

3 ОРМАНДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨБЕЙТУ ШАРАЛАРЫ 37
3.1 Орманды өрттен қорғау шаралары 31
3.2 Орман ағаштарының көшеттерін өсіру шаралары 47

ҚОРТЫНДЫ 50

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52

ҚОСЫМША А Шығыс Қазақстан және Қазақстан Республикасы
бойынша орман көрсеткіштері 54

ҚОСЫМША Б Саны басым және жақсы отырғызылған ағаш
қорларыныңтаралуы 55

ҚОСЫМША В Орман шаруашылығындағы негізгі жұмыстарды жүргізу 56
КІРІСПЕ

Қазір республикамыздың халық шаруашылығының барлық саласы күшті қарқынмен өркендеп келеді. Әсіресе алуан алып құрылыстар көлемінің ұлғаюы, ағаш материалдарының барған сайын мол тұтынылуы орман байлығын көбейткен үстіне көбейте түсуді талап етеді. Бұл үшін ағаш өсірудің жаңа кешенді әдістерін, ұтымды жолдарын тауып, тиімді шаралар қолдану қажет.
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылға арналған орнықты дамытуға көшу тұжырымдамасына сәйкес елдің экономикалық дамуы бірнеше аспектілерге байланысты. Оның ішінде «Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру» жер, су, орман минералдар және өзге де ресурстарды пайдаланудың экологиялық әдістерді қоса алғанда табиғатты пайдалануға деген осы заманғы ғылыми көзқарасты енгізу; табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың қандай да түрін болдырмау және жолын кесу, қаскөйлікке және биологиялық ресурс объектілерімен өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес; шаруашылықтың барлық салаларына ресурс үнемдейтін және қалдықсыз технологияларды енгізуді ынталандыру. Бұл мәселелер экологиялық орнықтылық шарттарының бір саласы. Яғни, Қазақстан Республикасының табиғи жүйелерінің өздігінен реттелу қабілетін және антропогендік қызмет салдарынан орнын толтыруды қолдау үшін жергілікті ландшафтық биологиялық әр алуандықты сақтау қалпына келтіру жөніндегі негізгі ғылыми шаралар жүзеге асырылатын болды. Ол өз кезегінде тыңғылықты және алдын ала ғылыми зерттеулерді қажет етеді.
Осыған байланысты Қазақстан аймақтарының табиғи ресурстарын, оның ішінде Шығыс Қазақстанның орман ресурстарын зерттеулер өз өзектілігін жойған емес.
Орман ресурстары Шығыс Қазақстанның табиғи экожүиесінің құрамдас бөлігі, негізгі ресурстардың бірі болып табылады, және аймақ территориясының 25% жуығын алып жатыр. Сондықтан бұл саладағы мәселелерді жүйелеп, орман қорларының жағдайын сипаттау және бар проблемаларды талдау, осы жұмыстың мақсаты болып келеді.
Орман ресурстарының тікелей өнеркәсіптік маңызынан басқа, оның топырақтағы ылғалды сақтау, топырақты жел эрозиясынан қорғау, сауықтыру, эстетикалық сияқты қызметтер атқарады. Олар бағалы жануарлар мекені, азықтық және дәрі-дәрмектік өсімдіктердің өсу ортасы болып табылады. Аталған эстетикалық және сауықтыру сияқты атқаратын қызметтерінің үлкен әлеуметтік құндылығы бар.
Қазақстан халықаралық келісімдермен және міндеттермен үйлестірілген қоршаған ортаны қорғау жайында эффективті заңнама құруда едәуір артта қалды. () Ұлттық орман саясаты әлі қалыптаспаған, тек 2004 жылыдң 14 мамырында үкімет «Қазақстан ормандары» бағдарламасын бекітті, 2004-2006 жылдарға, жаңа «Орман Кодексі» қабылданды. Мұндай жағдай елдің орман ресурстарын пайдалануды, тиімді орман технологияларын дамытуды, орман ресурстарын қалпына келтіруді тежейді. Бұл тұрғыда орман ресурстарының қазіргі жағдайын зерттеп, даму болашағын болжауға арналған осы жұмысымыз саладағы жиналған мәселелерді шешуге тамшыдай болса да үлес қосады деген үміттеміз.
Осы тақырыптың негізгі ұстанымдары ғылыми конференцияда баяндалды, сондай – ақ курстық жұмыс жазылып өте жақсы деген бағаға қорғалды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ө. Орынбаев. Қазақстан ормандары.-Алматы.-1972.-142 б.
2. Ауыл шаруашылығын өркендету жүйесі жөніндегі ұсыныстар (Шығыс Қазақстан облысы).-Алматы.-1991.-353 б.
3. Ахметов М. Егоренков С. Егін қорғайтын орман алқаптаоын өсіру.-Алматы: Қайнар. -1970.- 145 б.
4. Дәуренбеков Ж. Аскаров Ә. Жасыл әлемге саяхат.-Алматы: Қайнар.-1985.-160 б.
5. Н.Толепбергенов.Жасыл орман – ел дәулеті. – Алматы,Қайнар-1984. – 156 б.
6. А.В.Чигаркин. Геоэкология иохрана природы Казахстана.-Алматы.- 2003.-337 с.
7. К.М.Джаналеева .Антропогенное ландшафтоведение.Алматы. – 2001.- 162 с.
8. Бейсембаев М.У. Лесопажарная классификация горной территории. Рудного Алтая.Казахстан – 1990.-98 с.
9 . Вдовина Т.А. Лесные экосистемы. Красноярск – 1987.-25 с.
10. Гвоздиков.А.И. Лесовастанавление в Казакстане.-Алматы,198с. -102 с.
11. Фурсов.В.И. Экологическая проблемы окружающей среды.-Алматы,1991.-23с.
12. Демина.Т.А. Экология природопользование,охрана окружающей среды.Москва,1995.-152с.
13.И.С.Мелехов. Лесоведение. Москва .Издательства.Лесная,промышленость,1980. -160с.
14.В.Г.Атрохин. Лесоводства. Издательства,Лесная промышленость, Москва,1970. -185с.
15.А.В.Егорина, Ю.К.Зинченко, Е.С.Зинченко. Физическая география Восточного Казахстана Западный и Восточный субрегионы, Усты-Каменогорск, 2003. -181с.
16. Альдербаев М.А Казахский лес. Миф и реальность. М , 1986. – 132с.
17. С.Г Синшине Лес и охрана природы. М «Лесная промышленность» 1980.- 124с.
18. Бауер В.В. Технология выращивания лесных культур крупномерным поссадочным материалом в условиях Казахстанского Алтая. Урал : ЛЕСОТЕХ институт 1986. - 318с.
19. А.М. Мушегян. Деревья и кустарники Казахстана. Алматы., 1962.- 158с
20. Есеналиев.А. Табиғат байлықтарды қорғау мен ұтымды пайдалану. Заң №4,56б.
21. Қазақстан республикасының кодкестері мен заңдары: Жер кодексі (2003); Су кодексі (2003); Орман кодексі (2003);Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң (1997); Экологиялық сараптама туралы заң (1992).
22. 2000-2024 жылдардағы Қазақстанның ауыл, орман және балық шаруашылығындағы статистикалық жинақ. Алматы, 2005ж.
23. География және табиғат.2004(1,2),2005(2).
24. Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы. Егемен Қазақстан,№320.2003.10 желтоқсан.
25. Коган. А.М, Коган. В.Н. Влияние условий выращивание на, рост посадочного материала хвойных пород в Восточном Казахстане. Вест.Науки Казахстана, 1990. – 96 с

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ
ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
5
1.1 Шығыс Қазақстандағы орман қорларының географиялық жағдайы 8
1.2 Шығыс қазақстан орман шаруашылығының тарихы
17
1.3 Орманды жерлердің жер бедері мен топырақ ерекшеліктері
20
2 АҒАШ ДАЙЫНДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ
МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ
28
2.1 Орманның халық шаруашылық маңызы
31
2.2 Орманның рекреациялық және экологиялық рөлі
35
3 ОРМАНДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨБЕЙТУ ШАРАЛАРЫ 37
3.1 Орманды өрттен қорғау шаралары
31
3.2 Орман ағаштарының көшеттерін өсіру шаралары
47
ҚОРТЫНДЫ
50
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
52
ҚОСЫМША А Шығыс Қазақстан және Қазақстан Республикасы
бойынша орман көрсеткіштері
54
ҚОСЫМША Б Саны басым және жақсы отырғызылған ағаш
қорларыныңтаралуы
55
ҚОСЫМША В Орман шаруашылығындағы негізгі жұмыстарды жүргізу 56

КІРІСПЕ

Қазір республикамыздың халық шаруашылығының барлық саласы күшті
қарқынмен өркендеп келеді. Әсіресе алуан алып құрылыстар көлемінің ұлғаюы,
ағаш материалдарының барған сайын мол тұтынылуы орман байлығын көбейткен
үстіне көбейте түсуді талап етеді. Бұл үшін ағаш өсірудің жаңа кешенді
әдістерін, ұтымды жолдарын тауып, тиімді шаралар қолдану қажет.
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылға арналған орнықты дамытуға
көшу тұжырымдамасына сәйкес елдің экономикалық дамуы бірнеше аспектілерге
байланысты. Оның ішінде Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру жер,
су, орман минералдар және өзге де ресурстарды пайдаланудың экологиялық
әдістерді қоса алғанда табиғатты пайдалануға деген осы заманғы ғылыми
көзқарасты енгізу; табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың қандай да түрін
болдырмау және жолын кесу, қаскөйлікке және биологиялық ресурс
объектілерімен өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес; шаруашылықтың
барлық салаларына ресурс үнемдейтін және қалдықсыз технологияларды енгізуді
ынталандыру. Бұл мәселелер экологиялық орнықтылық шарттарының бір саласы.
Яғни, Қазақстан Республикасының табиғи жүйелерінің өздігінен реттелу
қабілетін және антропогендік қызмет салдарынан орнын толтыруды қолдау үшін
жергілікті ландшафтық биологиялық әр алуандықты сақтау қалпына келтіру
жөніндегі негізгі ғылыми шаралар жүзеге асырылатын болды. Ол өз кезегінде
тыңғылықты және алдын ала ғылыми зерттеулерді қажет етеді.
Осыған байланысты Қазақстан аймақтарының табиғи ресурстарын, оның
ішінде Шығыс Қазақстанның орман ресурстарын зерттеулер өз өзектілігін
жойған емес.
Орман ресурстары Шығыс Қазақстанның табиғи экожүиесінің құрамдас
бөлігі, негізгі ресурстардың бірі болып табылады, және аймақ
территориясының 25% жуығын алып жатыр. Сондықтан бұл саладағы мәселелерді
жүйелеп, орман қорларының жағдайын сипаттау және бар проблемаларды талдау,
осы жұмыстың мақсаты болып келеді.
Орман ресурстарының тікелей өнеркәсіптік маңызынан басқа, оның
топырақтағы ылғалды сақтау, топырақты жел эрозиясынан қорғау, сауықтыру,
эстетикалық сияқты қызметтер атқарады. Олар бағалы жануарлар мекені,
азықтық және дәрі-дәрмектік өсімдіктердің өсу ортасы болып табылады.
Аталған эстетикалық және сауықтыру сияқты атқаратын қызметтерінің үлкен
әлеуметтік құндылығы бар.
Қазақстан халықаралық келісімдермен және міндеттермен үйлестірілген
қоршаған ортаны қорғау жайында эффективті заңнама құруда едәуір артта
қалды. () Ұлттық орман саясаты әлі қалыптаспаған, тек 2004 жылыдң 14
мамырында үкімет Қазақстан ормандары бағдарламасын бекітті, 2004-2006
жылдарға, жаңа Орман Кодексі қабылданды. Мұндай жағдай елдің орман
ресурстарын пайдалануды, тиімді орман технологияларын дамытуды, орман
ресурстарын қалпына келтіруді тежейді. Бұл тұрғыда орман ресурстарының
қазіргі жағдайын зерттеп, даму болашағын болжауға арналған осы жұмысымыз
саладағы жиналған мәселелерді шешуге тамшыдай болса да үлес қосады деген
үміттеміз.
Осы тақырыптың негізгі ұстанымдары ғылыми конференцияда баяндалды,
сондай – ақ курстық жұмыс жазылып өте жақсы деген бағаға қорғалды.

1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ
ДАМУЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ

Орман шаруашылығы жөнінде қазақ тілінде жазылған әдебиеттердің
болмауы қалың бұқара арасында орман туралы олардың ана тілінде түсінік -
насихат жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан да кейбіреулер
орман табиғаттың таусылмайтын байлығы, оны мөлшерсіз қалай болса солай
пайдалануға болады деп теріс түсінеді.
Қазіргі дәуір - күрделі техника мен электр дәуірі, атом дәуірі. Ғылым
мен техниканың шарықтап дамуы нәтижесінде сапасы мен төзімділігі табиғи
материалдардан кем түспейтін жасанды материалдардың алуан түр-лері
шығарылып, халық шаруашылығының барлық саласында ойдағыдай қолданылуда.
Осыған байланысты ғасырлар бойы адам тіршілігінде мейлінше пайдалы
роль атқарып келген ағаштың маңызы бірте - бірте азайып, келешекте тіпті
қажеті болмай қалады деген ұшқалақ пікірлер айтылып та жүр. Бірақ бұл ешбір
негізсіз, ойланбай айтылған тайыз пікір. Қоғамдық цивилизация өркендеп,
ғылым мен техника дамыған сайын ағаштың халық шаруашылығындағы маңызы
кемімейтіні былай тұрсын, қайта үздіксіз артып, ұлғая түседі. Мұны дәлелдеу
үшін қазіргі кезде ағаштың қай салада, қандай мөлшерде пайдаланылатынын
айтсақ, соның өзі жеткілікті.
Ең алдымен жасанды материалдардың алуан түрін шығаратын жаңа
өнеркәсіп тараулары пайда болды десек, солардың өзі ағашсыз ешбір дамып,
өркендей алмақ емес. Немесе құрылысты алыңыз. Осы заманғы көп қабатты
зәулім үйлер, алып заводтар мен фабрикалар кірпіштен, бетоннан, темірден
салынатын болды. Бірақ осыған байланысты ағаштың құрылыстағы ролі азайды
ма? Тіпті де азайған жоқ. Қайта құрылысқа ағаш материалдары бұрынғыдан
анағұрлым көп жұмсалады. Өйткені тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары ғана
емес, түтас қалалар жаңадан салынуда. Соңғы жылдары Қазақстанның өзінде
ғана көптеген өнеркәсіпорындары жаңадан салынды және салынып та жатыр, ескі
қалалар жаңартылып, кеңейтіліп бейнесін бүтіндей өзгертуде.
Орман ресурстарының басты бағыты ағаш дайындаудан басқа топырақтағы
ылғалды сақтау, сауықтыру, эстетикалық сияқты қызметтер атқарды.
Орман ресурстарын пайдалну төлемдері оны экономикалық тұрғыдан
реттеу, тиімді және кешенді пайдалануға ынталандыру, басқару, қорғау,
сақтау және орман ресурстарын жаңғырту үшін республикалық және жергілікті
бюджеттердің қаражатын құрастыру үшін, сонымен бірге жекелеген орман
пайдаланушыларға біркелкі бастапқы қаржылық – экономикалық жағдай туғызу
мақсатында қойылады [1, б.142].
Еліміздің орман алқабының негізгі бөлігі орманды дала зонасында,
нақтырақ айтқанда, көпшілігі еліміздің Ресеймен шектесетін солтүстік
бөлігінде және Алтай, Алатау; Тянь-Шань тауларының бөктерлерінде таралған.
Республикамыздың 2,5 млн тұрғыны орманды жерларде өмір сүруде. Ормандар
өздері тұрған өңірдің табиғатына ғана әсер етіп қоймайды. Мысалы, Шығыс
Қазақстан облысындағы орман алқабының жай - күйі Ертіс суының деңгейіне,
яғни өзен ағып өтетін Павлодар, Семей, тағы бақа да қалалар және
обылыстарға қатысты.
Шығыс Қазақстан ормандарынгың таралуы облыстың жер бедері мен климат
ерекшеліктеріне байланысты. Орманның таралуының маңызды геоэкологиялық
факторына, сонымен қатар, тау жыныстарының литологиясы жатады. Мысалы,
Қалбаның қарағайлы ормандары қышқылды және орта құрамды тау жыныстары
(граниттер, диориттер және т.б) бар учаскелерге байланған.
Орман массивтері таулы тайгалық және біраз таулы далалық зонада
орналасқан. Олар Сауыр, Қалба тау жотасы Кенді және Оңтүстік Алтай тау
массивтері. Онда қылқан жапырақты аралас ормандар өседі.
Кенді Алтайдың территориясы Батыс Алтай орман өсімдік провинциясына
жатады және оның обсалюттік биіктігі 250 - ден 2000м Ертіс, Оба өзендерінің
аңғарларының Холзун, Листвяго, Иванов жоталары және т.б) мұнда самырсын,
шырша, жапырақша кедір қайың, көктерек, терек және басқалары өседі. Шығыс
Қазақстан атап айтқанда Оңтүстік Алтай Қазақстанның орман және ағаш өңдеу
өнеркәсібінде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта орман массивтеріне
табиғатты қорғау және су сақтаушы экологиялық рөлі ерекше маңызға ие болып
келеді. Мысалы соңғы уақытта өрттер, заңды және браконерлік тұтастай
кесулер, аурулар, техногендік ластаулар орманды қалпына келтірудің толық
дерлік тоқтатылуы салдарынан Шығыс Қазақстанның ормандарының ауданы 25% -ға
азайды, соның салдарынан облыс өзендері жыл сайын ағымның 1,5 млрд шаршы
метр жерді жоғалтады. Ертіс маңындағы реликті қарағайлы орманның қазіргі
жағдайы мен болашағы баршамызды ойландыратыны сөзсіз. Ал, орман алқабының
отқа орануы жайлы ғалымдар, орман шаруашылығының мамандары және қоғамдық
ақпарат құралдарының өкілдері дабыл қағуда.
Дүние жүзінде өте сирек кездесетін жолақ қарағайлы ормандар Қазақстан
Республикасы бойынша Семей өңірінде және Павлодар облысында ғана көптеп
кездеседі. Аталмыш ормандардың сирек кездесетін қарағайлы орман аталу
себебі, мұндай орман қоры дүние жүзінде тек бірнеше мемлекеттерде, дәлірек
айтсақ Канада мен Ресей мемлекеттерінің территориясында ғана өсетіндіктен
сирек кездесетін деген атқа иелік етті.
Семей өңіріндегі бұл орман алқабы Ертіс өзенінің бойлай ұзындығы 480
шақырымға ені 80 шақырымға созылатын таза қарағайлы алқапты құрайды. Бұл
қарағайдың ерекшелігі – құмды жерде өседі де, тігінен тік тамыр жіберіп,
жердің астынан су алады да, құм бетіне жайқалған жасыл шөп шығарады.
Сондықтан да бұл өңірдегі қарағайдың бұл түріне көз салушылар, қасақана өрт
қоюшылар көбейді.
Ертіс өзенінің оң жағалауында құмды қарағайлы таспа пайда болып, олар
өздерінің тамырын 6метр тереңге жіберетін қасиеттерімен Ертіс өзенінің
аңғарын құм басудан сақтап қалған.
Егерде бұл маңда қарағай ормандар болмағанда Ертіс өзенінің арнасынан
баяғыда – ақ құм мен топырақ басып қалған болар еді. Ал бұл жағдайда тек
Семей өңірінің ғана экологиясына ғана емес онымаен көршілес жатқан
аймақтардың да экологиясына да кері әсерін тигізбей қоймас еді.
Ал біздің еліміздегі қарағайлы орман Ресейдің Алтай өлкесіндегі жолақ
қарағайлы орманының табиғи жалғасы болып табылады. Өткенді білмей,
болашаққа дұрыс көз жібере алмайтынымыз белгілі. Кейінен Қазақстан кеңестер
одағының құрамына кіргеннен бастап еліміздегі бүкіл орман қоры мемлекет
меншігі болып, сонымен қатар мемлекет қамқорлығына алынған еді [2, б.353].
Негізінен, қарағай тобына жататын қылқан жапырақты ағаштар өндіріске
пайдаланылады, сондықтан да оларға деген сұраныс көп. Егер тиісті шектеу
жасалмаса, сортаң жерлердің топырағына мелиорациялау жүргізіліп, орнына
балашықтар көптеп отырғызылмаса орман қорымыз азайып, келешекте қарағайлы
орманды өлкеден, түбірлі өлкеге айналуымыз ғажап емес. Себебі, өртенген
қарағайдың орнына отырғызылған қарағай балашығының алып қарағайға айналуы
үшін ең азы шамамен 40-50 жылдай уақыт кетеді.

1. Шығыс Қазақстандағы орман қорларының географиялық жағдайы
мен дамуы

Қазақстан орман жердің 21,2 млн. га бөлігін алып жатыр,оның ішінде
ағашты алқап – 9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0 - 2,4 млн текше метрге дейін
ағаш дайындалады.Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады
деуге болады. Еліміз жылына 11млн. га текше метрге жуық ағаш өнімдерін
тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Орман
негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Шығыс Қазақстан облысының ормандары Қазақстан Алтайы мен Сауырдың
қоңыр қылқан жапырақты тайгасы мен жапырақты ормандары кіретін Шығыс аймағы
мен Ертіс бойының қарағайлы орман жолдары және Семей аймағына бөлінеді.
Облыстың мемлекеттiк орман қорының ауданы 3,6 млн. га. Шығыс
Қазақстанда бүкіл Қазақстан пайдаланатын ағаш қорының 75% пайызы
шоғырланған. Облыстың орманды жерлері 6,2 % құрайды. Орманды құрайтын
негізгі ағаш тұқымдары - қарағай, майқарағай, шырша, самырсын, балқарағай,
жалпақ жапырақты және қатты жапырақты ағаштар.
Оңтүстік Алтайда Сібір жапырақшалары негізгі орман қалыптастырушы
фактор болып табылады. Ол 200метр биіктікке дейін көтеріледі немесе тік
беткейлі жерлерден қоңыржай ылғалды ашық далалы беткейлерге ауысады.

.

Сурет 1 Шығыс Қазақстан орман қорларындағы жалпы ормандардың көлемі

Таулы жапырақты орман көбінесе ашық сирек парктерде бейімделген.
Мұндағы ұзын бұталар күнді жақсы өткізеді.
Биік таулы белдеуде Кенді және Оңтүстік Алтайдың мүлдем орман
болмауы мен сипатталады. Бұл белдеуде таулы шөптер, өскіндер, домалақ
жапырақты қайың тасты тундрада таралған (сурет 1).
Орман шаруашылығын жүргізу үшін облыста 13 мемлекеттік мекеме жұмыс
атқарады. Олардың негізгі міндеттері орманды өрттен және өз еркімен кесуден
сақтау, орманды қайта қалпына келтіру, орманды қорғау іс- шаралары жүргізу
болып табылады (сурет 2).

Сурет 2 Жылдар бойынша орман отырғызулар және өрттер саны
Орман шараушылығын жүргізудің тиімділігін арттыру мен орманды қайта
қалпына келтіру жұмыстарының көлемін арттыруға бағытталған Жасыл ел 2005 -
2007 жылдарға республикалық және аймақтық бағдарламаларында орман
шаруашылығы дамуының алдағы болашағы жайында айтылған.
2007 жылы ШҚО бойынша ағаш отырғызудың көлемін жылына 1900 гектарға,
ағаш отырғызу материалдарын жылына 22 млн. данаға дейін жеткізу
жоспарланған. Облыстағы бірегей тұқымдарды сақтау үшін жалпы көлемі 1,7
млн. гектар болатын 18 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды. Бұлар
Марқакөл және Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары, Катонқарағай
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Семей орманы мемлекеттік орман табиғи
резерваты, 8 мемлекеттік табиғи қорықшалар, 1 республикалық табиғат
ескерткіші және 5 облыстық табиғат ескерткіштері. Бұлардың негізгі қызметі
биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру, ғылыми - зерттеу,
рекреациялық және экологиялық - ағартушылық қызметтерді жүргізу. Келешекте
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін ары қарай дамыту, қазіргі
барларын кеңейту және Сауыр, Тарбағатай, Зайсан қазан шұңқырында жаңадан
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Облыс аумағында құстардың 375 түрі. сүт қоректілердің 109 түрі
мекендейді. Олардың ішінен құстардың 38 түрі және сүт қоректілердің 12 түрі
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Құдыр, бұғы, марал,
қабан, елік, сібір тау ешкісі, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан
елеулі түрлердің ішінен - барыс, сабаншы, қызыл қасқыр, арқар сияқты
жануарлардың бағалы кәсіптік түрлерінің бізде мекендеуі облымызға тән
сипат. Аң аулауға пайдалынылатын жерлердің көлемі 23,6 млн. гектарды
құрайды, аның ішінде аң аулауды пайдаланушыларға бекітілгені - 19,8 млн.
гектар, жалпы мақсатқа пайдаланылатын жерлер (резервтік қор) - 3,8 млн.
гектар.
Облыста аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін 24 аңшылық шаруашылығы
жұмыс істейді. Негізгі аңшылықты пайдаланушыларға өзінің бөлімшелерінде
Семей ауданаралық аңшылар мен балық аулаушылардың қоғамдық бірлестігі бар
аңшылар мен балық аулаушылардың Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық
бірлестігі, сондай- ақ Көкпекті ауданындағы Бритоусов ЖШС-і, Зайсан
ауданындағы Востоктурсервис, ал Глубокий ауданындағы Бауыржан шаруа
қожалығы және Черемшанка құс фабрикасы плюс ЖШС-і сияқты аңшылық
шаруашылықтары жатады [3, б.145].
Айталық, республикамыздың барлық орман қоры өзінің табиғаттағы ролі
мен халық шаруашылығындағы маңызына байланысты 3 топқа бөлінген.
Бірінші топтағы ормандар барлық мемлекеттік орман қорының 88%, яғни
19,2 млн га жерді алып жатыр. Бұл топқа: өзен мен көл, тау беткейлерінденгі
су тәртібін реттейтін, жел тегеуірін тежеп құмдарды бекітетін, топырақты
эрозиядан сақтап, егістіктерге ықтасатын болатын ормандар, жол бойы мен
елді мекен төңірегіндегі орман алқаптары, санитарлық - гигиеналық маңызы
бар сауықтыру орындарының маңындағы ормандар, парктер мен қорықтар
территориясындағы ормандар жатқызылған. Бірінші топтпғы орман ағаштарының
шаруашылық маңызынан гөрі, экологиялық, яғни табиғат қорғау ролі басым.
Сондықтан да бұл ормандарда ағаш дайындау ісіне үзілді-кесілді тыйым
салынған. Мұнда тек күтіп баптау жұмыстары жүргізіледі.
Екінші топтпғы ормандағы ағаштары ертеректе көп мөлшерде
кесілгендіктен қоры азайған, бірақ әлі де болса шаруашылыққа маңызы бар
ормандар қатарына жатады.
Үшінші топтағы ормандардың экономикалық маңызы басым болғандықтан
шаруашылыққа кеңінен пайдаланылады. Бұлардың көлемі, 1,7 млн га яғни барлық
орман қорының 8,1 %. Үшінші топтағы ормандардың барлығы дерлік Кенді Алтай
өлкесінде шоғырланған. Мұнда өндіріс қажетіне жарамды 152 млн м³ ағаш қоры
бар, оның жылда 2,5 млн м³ дайындалып отырады.
Қазақстанда өсетін ағаштардың да түрлері сан алуан. Мәселен,
республика орман қорының 53 % қатқыл жапырақты сексеуілдің 19% қылқан
жапырақты шырша мен қарағайдан, бал қарағай мен самырсыннан, 13% жалпақ
жапырақты – терек пен қайыннаң, емен мен үйенкінің және т.б.ағаштардың, ал
15% бұталардың үлесіне тиеді.
Енді осы ағаштармен қысқаш танысып өтелік. Алғашқы сипаттамамыз
қылқан жапырақтылар жайында болады.
Майқарағай (пихта) - бұл қылқан жапырақты ағаш республикамыздың
шығысында ғана, ішінара Жоңғар Алатауында өседі. Олардың жалпы көлемі 371
мың га шамасында. Май қарағай дінінің диаметрі жарты метрге, биіктігі 30 -
35 метрге дейін жетіп, 150 - 200 жылдай жасайтын ағаш.
Ағашты целлюлоза ретінде - қағаз өнеркәсібінде және құрылыста кеңіне
пайдаланылады.
Шырша. Қазақстанда шыршаның екі түрі өседі. Олар Кенді Алтай жерінде
таралған Сібір шыршасы және Жоңғар мен Іле Алатауында өсетін Тянь-Шань
немесе Шренк шыршасы. Осы орайда айта кететін бір жәй ол шырша ағашының өте
баяу өсетіндігі. Тянь - Шань шыршасы 1 - 1,5метрлік биіктікке шамамен 15 -
20 жылда жетсе, ал сібір шыршасына ол биіктікке жету үшін 10 - 15 жыл уақыт
керек.
Балқарағай (лиственница) - бұл қылқан жапырақты ағаштың Қазақстанда
екі түрі өседі: Сібір және Сукачев бал қарағайы. Сібір бал қарағайы
Алтайда, Сауыр мен Тарбағатайда, ал Сукачев бал қарағайы Солтүстік
Қазақстан, Павлодар облыстарында таралған. Биіктігі 40 - 50 метрг,дінінің
диаметрі 1,5 метрге дейін жетеді. Басқа қылқан жапырақтылардан айырмашылығы
– бал қарағай жылда жапырақ тастап отырады, әрі діңі өте қатты келеді.
Суыққа төзімді, күн сәулесін қалайтын бал қарағай 700 - 800 жыл бойы өседі.
Қарағай (сосна). Республикамызда қарағай ормандары 600 мың га жерді
алып жатыр. Олардың қалдық алқаптары – Қазақстанның ұсақ шоқылы
аймақтарында Қалба жотасында, Батыс Сібір жазығында, Торғай және Ертіс
өзенінің жағалауында сақталған.
Самырсын (кедр). Реликті самырсын ағашы Кенді Алтай тауларының 1500
метрден 2300 метрге дейінгі биіктіктерде өседі. Олар бал қарағай, шырша,
май қарағай ағаштарымен бірігіп орман алқаптарын құрайды. Қазақстанда
самырсын ағаштарының жалпы көлемі 41 мың га шамасында. Самырсын ағашы
қарағай өте ұқсас, бірақ оның қылдары ұзын, әрі қою жасыл түсті болады. 600
жылға дейін өсетін самырсын табиғаттың барлық қолайсыз жағдайларына өте
төзімді келеді. Сарғыш түсті ағаш сүрегі мықты әрі иілуге жақсы
келетіндіктен, одан бағалы жиһаз, музыка аспаптарын, қарындаш жасалады.
Самырсынды тегінен - тегін тайганың наныдеп атамаған,өйткені оның
жаңғақтарының дәні өте дәмді, әрі жұғымды келеді. Оны хайуанаттардың
орманды қоныстаған түрлерінің бәрі азық етеді.
Самырсын жаңғағы орман шаруашылықтарында көптеп жиналып, олардан аса
бағалы самырсын майы алынады. Жалпы 1га самырсын орманы өзінің тіршілігінің
барысында 60 - 70 мыңның көлемінде жаңғағын бере алады екен. Осындай байлық
қоры самырсын ағашының, сонымен қатар экологиялық маңызы да ерекше.
Арша. Кипаристер тұқымдасына жататын аршаның Қазақстанда 10 түрі
кездеседі. Олар – ағаш түрінде, бұта немесе жерге жайылып жатаған түрінде
өсетін өсімдік. Ертеде-ақ арша ағшын түрлі бұйымдар жасау, үй құрылысы үшін
де кеңінен пайдаланылып келген. Қазір мықты, әрі салмақты әдемі арша діңі
қарындаш және басқа да өндіріске шикізат есебінде пайдаланылады. Арша аса
пайдалы ағаш болғандықтан көгалдандыру ісінеде кеңінен қолданылғаны жөн.
Бірақ, әзірге республикамызда елді мекендерді көркейту жұмыстарына арша
ағашын көптеп пайдалану өріс ала алмай келеді.
Тал. Қазақстанда жабық тұқымды бұл ағаштың 65 түрі өседі. Олар алып
ағаш түрінде, шағын бұта кейпіндегі түрінде кездеседі.
Қайың. Қайың табиғат көркі ғана емес, үлкен шаруашылық маңызы бар
шипалық қасиеті де мол ағаш. Қазақстанда қайыңның 21 түрі өседі. Олар
шамамен 800 мың га жерді алып жатыр. Яғни, бұл республика орман қорының 20
% деген сөз. Қайың топырақ пен ауа райын көп талғамайды. Сол себепті де ол
жер бетінде көп тараған ағаштардың бірі. Қайың шамамен 150-200 жыл тіршілік
етеді.
Қайың - аса бағалы дәрі - дәрмектік шикізат беретін ағаш. Қайыңның
табиғи сөлінде адам организіміне ас қажетті глюкоза мен микроэлементтер өте
көп. Қайың сөлі адамның жұлын жүйкесіне игі әсер етіп, қан толтырады.
Терек. Басқа ағаштарға қарағанда тез жетілген теректің Қазақстанда 15
түрі кездеседі. Олар вегетациялық жағдай қолайлы болған жылдары бір
маусымда 2,5 метрге дейін өседі. Терек - целлюлоза – қағаз өндірісінің
құнды шикізаты, ол аса жоғары сортта қағаз алу үшін жұмсалады [25, б.158].
Жоғарыда біз қысқаша сипаттап кеткен ағаштардан басқа республика
топырағында алып емен, саялы қарағаш, үйенкі, қандыағаш, жиде және басқа да
толып жатқан ағаш пен бұта түрлері өседі.
Әсіресе, өлкемізде сексуіл өскен аймақ көп. Бұл республикамыздағы
тікелей орман өскен алқаптың 53% деген сөз.
Қазақстанда сексеуілдің ақ, қар және зайсан сексеуілі деген 3 түрі
өседі. Шөл даланың аптап ыстығында, қарып түсер аңызақ жел өтінде бар
тіршілікке сая болар сексеуіл ғана сияқты.
Сонымен кең байтақ қазақ жерінде өседі деген ағаш түрлерінің қайсы
бірінің қысқаша сипаты осындай. Жалпы Республика территориясында сүректі
ағаштардың - 67 түрі, бұталардың 260 - тан астам түрлері өседі. Олар біріге
келіп экологиялық жүйе – орманды құрайды. Ертіс өзенінің бойын қуалай өскен
жолақты қарағай ормандары да негізінен қарағай ағаштарынан тұрады. Бұл
ормандардың көлемі 360 мың гектардан астам. Далалы аймақта жатқан Қалба
жотасының табиғаты да қарағайлы ормандардың жақсы жетілуіне өте қолайлы.
Қазақстан Республикасының барлық өндірістік салаарында болып жатқан
өзгерістер орман шаруащылығы басқармасын да айналып өткен жоқ. Кейінгі
жылдарда ағаш өнімдеріне сұраныстың күрт өсуі, орман шаруашылықтары өзін -
өзі басқару жұйесінің дәрменсіздігі ормандарға кері әсерін тигізді.
Нарықтық қатынас табиғатын жете түсінбеу ірі - ірі аймақтардағы билік
органдарының өз аймақтарында орналасқан орманда өз меншігіне балап, талан -
таражға салынуына, табиғи байлықтың құрдымға кете жаздауына әкеліп соқты.
Осылардың бәрі Орман көдексін қайта қарап, толықтырулар керектігін қажет
етті.
Президенттің мемлекеттік басқаоу органдары мен бұқарлық ақпарат
құралдарының айырықша мән беруінің арқасында Орман кодексі қабылданып.
Қазақстан Республикасында ормандар мемлекет меншігі екендігін айқындап
берді.
Зайсан орман шаруашылығы Шығыс Қазақстан обылысының оңтүстік –
шығысында, Зайсан, Тарбағатай аудандарының әкімшіліктері орналасқан. Оны
Сауыр, Маңырақ және Тарбағатай таулары сілемдерін қуалай өскен таулы
ормандар құрайды. Осы таулы өңірлерден ары Зайсан және Қара Ертіс жазықтары
басталады да орман ағаштары сейіліп, алыстай - алыстай сексеуілді
құмдауытқа ұласады.
Орман шаруашылығы Кендірлік, Үйдене, Шағаноба, Қара Ертіс өзендері
бассейінінде орналасқан. Аталмыш аумақты Ертіс, Теректі, Обалы, Сындырма,
Құртқа, Жеменей, Темірсу, Мұзтау, Үшбұлақ өзендері қайшылап жатыр. Тегінде
ол Зайсан және Қаратал атты екі орманшылыққа бөлінеді. Құрамына 12
мекен кіреді [5, б.156].
Қаратал орманшылығы жерінде ботаникалық Қаратал құмы қорығы
орналасқан. Қорық 1978 жылы 6-сәуірде құрылған. Жалпы аумағы – 1300га.
Шығыс Қазақстан обылысы бойынша жабайы шырғанақтың ең көп шоғырланған
жері осы жерде болғандықтан, аталмыш қорық мұны келешекте сақтап қалу,
молайту мақсатында құрылған. Қаратал құмы емдік қасиеті бар шөптермен
қатар, жабайы аң мен құстардың өсіп өнуіне де қолайлы.

1.2 Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының тарихы

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасы өзінің пайда
болуын 1939 жылдан бастап есептейді, бірақ басқарманың құрылуы туралы нақты
дерек сақталмаған. Басқарма 1946 жылдың наурыз айына дейін Қазақ ССР Халық
Комиссарлары Кеңесінің жанындағы жергілікті мақсаттағы Орман басқармасына
бағынысты болды, алайда 1946 жылғы 28 наурыздағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі
Президиумының Жарлығымен Қазақ ССР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ ССР
Министрлер Кеңесі болып қайта құрылуына байланысты жергілікті мақсаттағы
орман басқармасы базасындағы қор құрушыға бағынушының атауы өзгерді. Қазақ
ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 15 шілдедегі Жарлығымен Қазақ
ССР Орман шаруашылығы министрлігі құрылды, осыған байланысты Шығыс
Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының бағы-ныштылығы өзгерді.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1953 жылғы 15 сәуірдегі Жарлығымен
Қазақ ССР Ауыл шаруашылық министрлігі мен Орман шаруашылығы министрлігі
Ауыл шаруашылық министрлігі болып қосылды, осыған байланысты облыстық орман
шаруашылығы басқармалары таратылып, облыстық ауыл шаруашылығы
басқармаларының жанынан орман шаруашылығы басқармалары құрылды. Осылай
Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасы пайда болды.
1956 жылы Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасы
құрылған уақытта, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1956 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 607 қаулысына сәйкес Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің жанынан Орман
шаруашылығы Бас басқармасы құрылды.
1957 жылғы 4 маусымдағы Заңмен Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы
Орман шаруашылығының Бас басқармасы Қазақ ССР ауыл шаруашылығы
министрлігімен қосылды, нәтижесінде Шығыс Қазақстан облыстық ауыл
шаруашылық басқармасы жанынан қайтадан орман шаруашылығы басқармасы
құрылды.
1960 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 18 қарашадағы №
911 қаулысы негізінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанынан Орман шаруашылығы
және орман қорғау Бас басқармасы, ал облыстарда Еңбекшілер депутаттары
Кеңесінің атқару комитеттері жанынан орман шаруашылығы және орман қорғау
басқармасы құрылды.
Қазақ ССР Орман шаруашылығы министрлігінің 1987 жылғы 30 қарашадағы №
172 бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысы Еңбекшілер депутаттарының
атқару комитетінің орман шаруашылығы және орман қорғау басқармасы 1988
жылғы 1 қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан орман шаруашылығы өндірістік
бірлестігі болып аты өзгертілді.
Үкіметтің 1996 жылғы 26 сәуірдегі № 513 қаулысы негізінде Шығыс Қазақ-
стан орман шаруашылығы өндірістік бірлестігі 1996 жылғы 14 маусымнан бастап
Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы бірлестігі болып аты өзгертілді.
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 1997 жылғы 1 тамыздағы №
60 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы бірлестігі
1997 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Шығыс Қазақстан
облыстық орман және аңшылық шаруашылығы бірлестігі болып аты өзгертілді.
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 1998 жылғы 4 сәуірдегі №
27 бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық
шаруашылығы бірлестігі 1998 жылғы 4 сәуірден бастап Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі орман, балық және аңшылық
шаруашылығы комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман, балық және аңшылық
шаруашылығы басқармасы болып аты өзгертілді.
Үкіметтің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 198 қаулысы негізінде Шығыс
Қазақстан облыстық орман, балық және аңшылық шаруашылығы басқармасы 2000
жылғы 1 маусымнан бастап, Қазақстан Республикасының Табиғат ресурстары және
қоршаған ортаны қорғау министрлігі орман, балық және аңшылық шаруашылығы
комитетінің Орман және биоресурс бойынша Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық
басқармасы болып аты өзгертілді.
Үкіметтің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысы негізінде Орман
және биоресурс бойынша Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы 2002
жылғы 29 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман
және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы болып аты өзгертілді [15,
б.181].

1.3 Орманды жерлердің жер бедері мен топырақ ерекшеліктері

Топырақты өңдеу топыраққа ғана емес, сонымен бірге өсімдікке және
бүкіл қоршаған ортаға жан-жақты әсер етеді.
Топырақты жан - жақты өңдеу дегеніміздің мәні егістердің жақсы дамуы,
оларды эрозиядан, арам шөптерден, аурулардан, зиянкестерден қорғау үшін
оның қолайлы жағдайлар жасауға, топырақтың тиімді құнарлылығына әсер ету
дәрежесін айтамыз.
Топырақты өңдеу мынадай комплексті міндеттерді шешеді.
1) Топырақтың су және ауа режимдерін реттеу, егіншілік үшін
пайдалы қоректену режимін және заттар айналымын жақсартуды
қамтамасыз етуші микробиологиялық процестерді күшейту.
2) Мәдени өсімдік тамырларының тығыздығы, қаттылығы, аэра-
ция жөнінен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.
3) Топырақты эрозиядан және егісті арам шөптерден, аурулар
мен зиянкестерден қорғау.
4) Жыртылған қабатта өсімдік қалдықтары мен тыңайтқыш-
тарды сіңіру және бірдей тең орналастыру.
5) Мәдени өсімдіктердің тұқымдарын сіңіру үшін қолайлы жағ-
дайлар жасау.
6) Топырақтың тамыр жиналатын қабатының қуатын және
өсімдіктің жалпы өніп - өскіштігін арттыру.
Топырақты өңдеудің нәтижесінде бүкіл жыртылатын қабаттың немесе бір
бөлігінің құрылымы өзгереді, оның тығыздығы, қаттылығы, агрегаттылығы,
ылғалдылығы, су сіңіргіштігі секілді аса маңызды агрофизикалық
көрсеткіштері осы жыртылатын қабаттың құрылымына байланысты.
Топырақты өңдеудің жүйесі негізіне ең алдымен егіншілік аймағының
немесе ауданының табиғи жағдайларын талдау алынуға тиіс.
Топырақ - климат ерекшеліктерін ескере отырып, топырақты өңдеу
тәсілдерін дұрыс орналастыру ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін арттырудың
маңызды құралы қызметін атқарады.
Шығыс Қазақстан облысында топырақты өңдеудің мынадай жүйесінің зор
маңызы бар: тәлімі жерлерде жаздық және күздік дақылдар егуге арнап,
суармалы егіншілік жағдайында, сондай - ақ, жел және су эрозиясына ұшыраған
жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіргенде өңдеу. Топырақты эрозиядан
қорғауда, құрғақшылыққа қарсы күресуде және түптеп келгенде ауыл
шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алуда агроорман мелиоративтік
шараларды жүргізудің үлкен маңызы бар.
Орманның өсуіне топырақтың ықпал жасайтыны әбден айқын. Ағаш
тамырлары 5 – 10 метр, кейде одан да көбірек (30метр) тереңдікке дейін
кетеді. Қазіргі дәуірде топырақ деп, өсімдіктердің ықпалымен өзгерген жер
деп жердің үстіңгі қабатын айтамыз. Ағаштың тамырлары жердің біраз
тереңдігіне дейін кететін болғандықтан, сол тамыр тарамдарының барған
жеріне шейінгі жердің барлық қабатында белгілі өзгерістер болады деп
есептеу керек.
Табиғи жолмен пайда болған ағаштардың құрамы жер қыртысының
ықпалына сәйкес құралғандықтан ормандардың географиясын өзгерту үшін
топырақтың сипатын, құнарлылығын жақсарту қажет. Ағаштардың
өнімталдығы, тез өсетіндігі, биіктігі, ағаштың техникалық сапасы,
тамырларының формалары, ормандардың зиянды факторларға қарсыласуы өсіп
тұрған жерінің топырағына байланысты. Орман ағаштарын желдің зақым
келтіруінен, тұрақсыз ауа температурасының әр түрлі әрекетінен,
жануарлардың зақым келтіруінен, зиянды жәндіктер мен дерттерден сақтау
жөнінде топырақ үлкен роль атқарады. Әрбір ағаш өзінің өсетін жерінің
топырағына қарай бейімделеді. Дегенмен, кез - келғен жерде ағаш
тұқымдарының барлығы бірдей өсе бермейді. Мысалы, таза құмда қарағай,
батпақты жерде қайың мен емен ешқашан өскен емес. Бұйрат құмда қарағай,
өзен жағаларында түрлі тал, сулы топырақта қара қандағаш өсетінін жұрт
ертеден жақсы біледі.
Тау жынысының топырағы орманның құрамы мен сипатына үлкен ықпал
жасайды, геологтар орманның құрамы мен сипатын оның топырағына қарай
айырады. Қоңыр саздақ жерде өсімдікке жұғымды да нәрлі коректік элементтер
мен ылғал мол болғандықтан, ондай жер жөке ағашының өсуі үшін қолайлы
келеді.
Топырақ пен климат ағаштың техникалық сапасына да елеулі әсерін
тигізеді. Мысалы, жауыны мол, күні жылы, жеңіл топырақта өскен ағаштың
діңгектері бұтақтарынан жақсы тазарады; күні жылы, бірақ жауыны аз жердің
ағаштарының діңгектері көп бұтақты болады.
Тау жыныстарынан пайда болған карбонатты топырақта қарағай мен шырша
тез еседі, бірақ бұлардың ағашының техникалық сапасы нашар болады. Мысалы,
әк тасты құрғақ топырақта өскен шаған ағашы сыңғыш келеді.
Климат пен топырақтық ағаштың техникалық сапасы мен оның қабығының
қалыңдығына тигізетін әсері ағаштың теңіз денгейінен қандай биіктікте
өсетініне байланысты. Мысалы, теңіз деңгейінен 520 метр биіктікте өскен
ағаштың қабығынық қалыңдығы 7сантиметр болса, 1800 метр биіктікте өскен
ағаштың қабығынын қалыңдығы 9,8 сантиметрге дейін болады [7, б.162].
Биік тауда жер бедері текшеленіп қазылған жердің солтүстік беткейінде
өскен еменнің діңгектерінің техникалық сапасы түстік беткейлерде өскен емен
діңгегінен жақсы болады. Өзен алқабында өсетін еменнің бұтақтары көп
болады, бірақ еменнің шіруі мерзімінен ерте басталады, сондықтан мұндай
жерлерде емен ағашын кесуді ерте бастаған дұрыc. Ағаштың қабығынан иілік
заттың мол алынуы және олардың сапасы жақсы болуы да өсетін жерінің
топырағына байланысты.

Кесте 1 Қазақстан Республикасы және Шығыс Қазақстан бойынша
орман қорларының көрсеткіштері
Қазақстан 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Республикасы, Шығыс
Қазақстан обылысы
Орман қоры, мың га 26246,426640,426156,526345,026 216,526464,226446,0
3665,0 3632,1 3631,5 3604,6 3632,0 3632,6 3634,9
Орман тұқымын 21886 21243 20556 21545 21245 21986 21858
дайындау, кг 265 112 789 498 241 212 544
Ағаш отырғызу және 7,0 6,0 8,4 5,5 6,5 6,0 7,5
егу, мың га 0,3 5,0 0,9 0,7 0,2 0,4 5,5
Мемлекеттік 12,1 9,3 12,6 12,2 8,9 12,6 12,5
мақсатта орманды 0,7 1,1 1,0 1,2 0,7 1,3 0,7
қалпына келтіру,
мың га
Орманның табиғи 5,1 3,1 4,2 5,2 3,2 5,1 3,2
жаңаруына 0,2 0,4 0,3 0,2 0,4 0,2 0,5
жәрдемдесу, мың га
Қылқан жапырақты 140053 136193 117990 136154 140256 114589 136259
бөренелер өндіру, 61042 49387 45513 45125 61025 43250 46982
текше метр
Жалпақ 31563 18944 27769 21658 31548 18458 27856
жапырақтылардан 5418 3127 4478 4415 5148 4485 3128
бөренелер өндіру,
текше метр
Отындық ағаш өндру,473250 590825 347416 473652 551452 341256 472352
текше метр 45159 54212 16070 45142 54125 45123 45152

Ағаш тамыры және оның тарамданып есуі де топыраққа тәуелді екенін
айтпай кетуге болмайды. Өйткені құнарлылығы әр түрлі топырақта өскен бір
ағаш тұқымының желге мықтылығы әр түрлі болатындығы белгілі. Ағаш
тамырларының қалыптасуына топырақ үлкен ықпал жасайды. Мысалы, құмда және
жеңіл саздақ топырақта өскен қарағайдың өзек тамыры (6 метрге дейін)
тереңге жайылып өседі, ал батпақ топырақта оның тамырлары жер бетімен
жақын өркендейді. Сондықтан батпақ топырақта өскен қарағайдың бойы аласа
бөрікбасы селдір болады, тамыр желісі тайызда және әлсіз болғандықтан
желге төтеп бере алмайды, көбірек құлап рәсуа болады. Жері батпақты
өңірлерде қарағай ұрығы мен шыбығын бұрын орман болған жерлерге отырғызған
жөн. Бұрын ағаш өсіп, кейін жойылып кеткен ағаштың тамырларының ізі жаңадан
отырғызылған ағаштың тамыр жүйесі жақсы дамуы үшін үлкен роль атқарады.
Өйткені ескі тамырдың ізімен қарағайдың майда, жаңа өспірім шыбықтарының
тамыры да жүріп дамиды да, желге мықты болып өседі. Ағаштың ескі
тамырларының ізі жауын суының тереңге сіңуіне жол ашады, жас қарағайдың
тамырлары осы ізбен тереңге қарай бойлап өседі де, зауза құртының
зақымдауынан аман болады.
Мәңгі тоңдан жататын топырақта ағаштың барлық тұқымдарының тамырлары
жер бетімен жарыса тарайды. Сондықтан мұндай жерде ағаштар желден құлағыш
келеді, дінгектері иіліп өседі, кейде өздігінен көлденең сұлап түседі.
Таудың тастақ топырағында өсетін ағаштардың тамыр жүйелері көп
терендікке бара бермейді. Егер ағаштың тамыр жүйесі тастардың арасындағы
жарықтарға кездессе, онда тамыр жүйесі жарықты қуалап тереңге кетеді,
тамыры тереңге жайылған шырша мен самырсынның желге мықтылығы күшейе
түседі.
Топырақ ылғалының ролі. Орманның ойдағыдай өсуі үшін топырақтың
ылғалы жеткілікті болуы шарт. Бірақ топырақ ылғалы артық та, кем де болмай,
бір шама болғаны дұрыс. Топырақ ылғалы тым артық болса, ол орманға су
зиянды ықпалын тигізеді, егер орманға су тұрып қалып, ұзақ мерзімге дейін
кеппей тұрса, жас ұрықтар өнбей қалады, ал өнгенінің тамырлары мезгілсіз
шіріп кетеді. Топырақ тым құрғақ болса, ағаштың тамыр жүйесі ылғалға
зәрулік етеді. Мұндай топырақта күл элементтері мен азот мол болғанымен
ағаш тұқымдары қурап кетеді. Топырақтың ылғалы кенет өзгеріске ұшыраса (не
көбейсе, не азайса) орманның өсуіне зиянды әсерін тигізеді, кейде орман
ағаштарының құрып кетуіне әкеліп соқтырады.
Әр түрлі ағаш тұқымы ылғалды әр түрлі мөлшерде қажет етеді және
топырақ ылғалында болған өзгерісті бірі тез, екіншісі баяу сезеді. Қандай
ағаш тұқымы болмасын, өскен топырағының ылғалының аз - көбіне үйлесіп
кетпесе жақсы өспейді, кейде тіпті құрып кетеді.
Табиғатта әр ағаш тұқымы бірі биік жерде, екінші біреуі ойпат жерде
ойдағыдай өсіп, өнім беретінін орманшылар көптен біледі. Мысалы, түкті
қайың ылғалды ойпатта, сүйелді қайың биік құрғақ қыратта жақсы өседі. Орман
ағашының өсуіне жер асты суынық тигізетін ықпалы жер бетімен іркілмей
ағып кететін судың ықпалымен бірдей болмайды, өйткені жер бетімен сіңбей
ағып кететін су тез кеуіп кетеді де, өсімдікке ықпалын тигізбейді. Бірақ
жер асты суының әр түрлі ағаш тұқымдарына және бір тұқым ағашының өзіне
тигізетін әсері судың сипатына (ағынды не ағынсыздығына), метеорологиялық
элементтерінің тұрақты - тұрақсыздығына, топырақтың физиологиялық
құрылымына байланысты түрліше болады.
Батыс Сібір мен Семей және Павлодар облыстарының қарағай жолағы
орманының топырағында судың жер бетінен алыстық тереңдігі әрқилы болады.
Мәселен, тегістеу бұйрат құмда өсетін қарағайдың астындағы жердің суы 4 -
6метр тереңдікте болатын болса, шөпті жерде өсетін қарағай ағашының жер
асты суы 0,6 - 2,0 метр тереңдікте болады. Солтүстіктің тығыз топырағында
жер асты суы төмендеген сайын орманның өсімталдығы арта түседі.
Емен, терек, тал, қарағай ағаштары су уақытша жайылатын өзен
алқаптарында өсе береді. Кейбір ағаш тұқымдары, мысалы, бүк теңіз климатына
үйреніп, ылғалы мол өңірде өсетін болғандықтан топырақта ылғал кемісе төзе
алмайды. Ал кейбір ағаш тұқымдары топырақта ылғал молдығын көтере алмайды.
Байқаулар мынаны көрсетіп отыр: желі қатты құрғақ далалы аймақтарда
ағаш биіктігінен 26 - 40 есе жоғары қар тоқтататын орман алқаптары тиімді
болып отыр. Жел бірқалыпты тұратын тау етегі аймақтарында - қардың биіктігі
10 - 17 есе. Құрғақ далалы аймақта қарды мейлінше жақсы бөлетін 4 және 5
қатарлы орман алқаптары болып табылады. Қысқы жел қатты болған жылдары 4
және 5 қатармен егілген орман қорғаныс алқаптарында тоқтатылған қар 3
қатарлы егілген орман алқаптағыларынан гөрі екі есе қалың болды. Топырақтың
үсікке ұрынбауы да қар жабынының қаншалықты қалыңдығына байланысты. Құрғақ
далалы аймақтарда егін қорғайтын орман алқаптарында топырақтың тоңы 40 - 50
сантиметрден аспайды, ал ашық алаңдарда ол 150 - 180 сантиметрге дейін
жетіп, яғни топырақтың үсікке ұрынуы 3 - 4 есе арта түседі. Тау етегі
аймақтарында орман алқаптарымен қорғалған топырақтық тоңы 40 - 45
сантиметрден аспайды, ал ашық алаңдарда – 80 - 90 сантиметрге дейін жетеді.
Көктемде ауаның температурасы тез көтеріліп, ашық алаңдардағы қар суы
топыраққа сіңбестен ағып кетеді. Орман алқабымен қорғалған егістіктегі қар
одан 5 - 15 күн кейін ериді. Соның нәтижесінде кұрғақ далалы аймақта орман
алқабымен қорғалған топырақтың 1метр қалыңдығына дейін ашық жердегіден гөрі
60 – 100 мм көп ылғалданады.
Қажетті агротехниканы дұрыс сақтағанда орман алқабына отырғызылған
ағаштар жақсы көндігіп ең қатал топырақ - климат наластырылады. Орман
алқаптарының мейлінше тиімдісі жел өткізетін, ал топырақты жел эрозиясынан
қорғау үшін торкөзді жел өткізетін конструкциялары мейлінше тиімді. Орман
алқаптарын бір ғана негізгі тұқымдардан тұратын 3 - 4 қатардан
қалыптастырған жөн [8, б.98].
Желі онша қатты емес аймақтарда ауыспалы егістіктердің
айналасына үш қатарлы алқап жүйесін және егістің ішінде 2 - 3 қатарлы орман
алқабын жасау ұсынылады; желі күрт қатты соғатын аймақтарда егісті айнала 4
- 5 қатар және егістің ішінде 3 - 4 қатар етіп орман алқабын жасау
ұсынылады. Перспективалы конструкция алу үшін ағаш өсімдігін қара
топырақта әрбір 1,5 метр сайын (терек үшін 2 метр), қатарлардың
аралығын - 2,5 – 3 метр, қызылқоңыр топырақта: қатарда - 1 -1,5 метр,
қатарлардың аралығын 3,5 – 4 метр етіп орналастырады.

2 АҒАШ ДАЙЫНДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ МЕН
ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Ағаштан көпшілік қолды бұйымдар жасап шығару орман шаруашылықтарының
міндеттерінің бірі. Орман шаруашылығы шеберханалары әр түрлі ыдыстар, химия
өнімдері, ағаш материалдар, мәдени тұрмысқа қажетті заттар жасап шығарады.
Оларды жасау үшін күтім және сауықтыру үшін кесілген ағашты, ағаш
дайындалған орманның қалдығын пайдаланады. Олар жетіспесе орманды қалпына
келтіру және негізгі кесік ағаштарын қолданады.
Орман шаруашылығында ағаш бұйымдарын жасау отын әзірлеу, оларды тасу
жұмыстарын шаруашылық есеп негізінде ұйымдастырылған цехтар орындайды.
Көпшілік қолды бұйымдар жасайтын цехтар қазіргі қалдықтарды іске
асыратын бұрыңғы шеберханалар орнына ұйымдастырылды. Орман
шаруашылықтарының бұл тіршілігі пайдалы әрекет болды. Көмекші кәсіптің
арқасында орман шаруашылықтарының жұмысшылары жыл бойы жұмыспен қамтамасыз
етілді. Орман шаруашылығында тұрғылықты жұмыс істейтін қызметкерлердің
көбеюі маусымды жұмыстардың дер кезінде орындалуына қолайлы жағдай жасады.
1994 жылдың бас кезінде 156 орман шаруашылығында көпшілік қолды
бұйымдар жасайтын 135 цех болған, олар жылына 8 - 8,5 млн. теңгенің
бұйымдарын шығарып тұрған еді. Кейінгі жылдарда цехтардың
шығарған бұйымдарының құны да, бұйымдарының түрлері де көбейді. Мәселен,
2006 жылы 14 млн. теңгенің 150 түрлі бұйымдары шығарылды. Бұл цехтардың
істеп шығарған негізгі бұйымдары: штакет, сыпырғыш, терезе ағаштары, есік,
бал арасының ұялары, шетен, автомашиналар қорабы, доға, шарбақ комбайннің
ағаш бөлшектері, штукатураның кереге шабағы, отын, тілме материалдар,
қадама, балтасап, бағана, кеспек, стол, орындық, сырық, күрек, қора-
қопсыларға керекті бөлшектер.
Шаруашылық есеп негізінде жұмыс істейтін орман шаруашылығы цехтарының
жасаған көпшілік қолды бұйымдары мен тасыған ағаштарының аудандар бойынша
өсу қарқыны өте жоғары.
Орман шаруашылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығын жоспарлау туралы
Қарқаралы аймағының табиғат ресурстарының жағдайы және экологиясы
Қоршаған орта мен адам денсаулығы жайлы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Орман шаруашылығы мәселелерін шешудің жолдары
Қазақстанның табиғат жағдайлары
ТМД Елдері
Орман шаруашылығы аумағын өртке қарсы орналастыру жобасы
Алматы облысы, Қарасай ауданына жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру
Пәндер