Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау, дамыту. Жеке кәсіпкерлік туралы заң



I. КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУ
2. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢ
III. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуметі мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ-та барлық жұмыс күшінің 50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімің 33 пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми - зерттеу жұмыстарының 3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнер тапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту. Жеке кәсіпкерлік туралы заң

Тексерген: Есенбекова З.Ж
Орындаған:Қайырбек Ж.С
Тобы: ТК-421

СЕМЕЙ 2015
ЖОСПАР:
I. КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУ
2. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢ
III. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан халқына Жолдауында: Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуметі мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ-та барлық жұмыс күшінің 50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімің 33 пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми - зерттеу жұмыстарының 3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнер тапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптасыру әлі жүріп жатыр. 1990-жылдардың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан да аз жұмысшысы бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да көп жұмысшысы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.
Бизнеске қатысына қарай, шағын деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын, кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
Бүгінгі күні шағын кәсіпорындар тиімді болып табылатын өндіріс түрлері аз емес. Көптеген ғалымдар өркениетті базарлы экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады, үшіншілері осы және басқа да меншікті мойындайды. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.

ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУ

Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Осыған байланысты бизнес бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы тиіс. Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы Заңында елімізде жеке бизнесті қолдауға арнайы тарау(4тарау) арналған. Осы заңда анықталған төмендегідей бағыттар мен жолдарды атап көрсетуге болады.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
Жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, индустриялық аймақтарды және жеке бизнес инфрақұрлымының басқа да объектілерін құру және дамыту;
Бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде келесілерді атауға болады:

* Мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемеларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру;
* Орталық мемлекетік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық орталықтарды ұйымдастыру;
* Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құру;
* Бизнес-инкубаторлардың және идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жоғарыда аталған бағыттармен бірге келесілерді де қамтиды:

+ Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік, қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдалану үшін жағдай жасау;
+ Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекетік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу;
+ Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
+ Оңтайлы салық режимін белгілеу;
+ Шағын кәсіпкерлікке кредит берудің бағдарламаларын қабылдау, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен гранттар мен займдар беру;
+ Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
+ Мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды сатып алудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету;
+ Жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар дайындауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:

# Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
# Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
# Шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi үшiн қолжетiмдiлiгi;
# Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту:

1. Қаржылық қолдау көрсету;
2. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының желiсiн ұйымдастыру;
3. Бизнес-инкубаторлардың қызметiн ұйымдастыру;
4. Бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру;
5. Өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылық қолдау:

1. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;
2. Екiншi деңгейдегi банктер және микрокредит беру арқылы кредит берудi ұйымдастыру;
3. Экономика салаларында әлеуметтiк маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру;
4. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5. Бюджет қаражаты есебiнен қарыздар беру;
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
8. Лизинг жолымен жүзеге асырылады.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары халықты жеке кәсiпкерлiкке тарту, жаңа шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн құру мақсатында құрылады.

Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының мiндеттерi:

1. Кәсiпкерлiк ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау;
2. Маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенiн көрсету;
3. Инвестициялық және бизнес-жобаларды әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi, консультациялық және басқа да қызметтер көрсету;
4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң инновациялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;
5. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кәсiби өсуiне жәрдемдесу;
6. Ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
7. Семинарлар, тренингтер өткiзу;
8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң деректер базасын қалыптастыру;
9. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерiн талдау мен қорыту болып табылады.

Мемлекеттік даму институттары Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы иновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сыйымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
Жеке кәсіпкерлік туралы заңда алғаш рет индустриялық аймақтар құру мен дамыту мәселесі көтерілді. Индустриялық аймақ деп комуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет және бизнес субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді айтамыз. Индустриялық аймақтар жеке бизнесті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Олардың негізгі міндеттеріне өнеркәсіп саласындағы жеке бизнесті жедел дамытуға жәрдемдесу; жаңа өндірістер инфрақұрлымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру; өндіріс тиімділігін арттыру және халықты жұмыспен қамту жатқызылады.
Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық бизнес пен венчурлік бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
Қазақстан Республикасында бизнесті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Атап айтсақ, қазіргі кезге дейін шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 7 мемлекеттік бағдарламасы (1992-1994жж. 1996-1998жж. 1999-2000жж. 2001-2002жж. 2004-2006жж. 2005-2007жж. 2007-2010жж.) қабылданып, жүзеге асырылды. Соңғы бағдарлама экономикалық дамудың нақты жағдайына, елдегі шағын және орта бизнестің даму тенденциясын, шетелдік озық тәжірибелерді зерттей отырып, жан-жақты зерттеулер негізінде қабылданды. Ол Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2007-2010 жылдарға арналған Бағдарламасы деп аталады.
Бағдарлама мақсаты - шағын және орта бизнес субъектілерінің қызмет сферасын барынша кеңейтуге және олардың қызметін барынша жандандыруға бағытталған институционалды шарттарды жетілдіру арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды.
Жалпы алғанда елімізде шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға Елбасының өзі ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде барлық мемлекеттік мәселелерде, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауларында атап көрсетеді.
Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Кәсiпкерлiктiң түсiнiгi, негiзгi белгiлерi және түрлерi
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау, дамыту
Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Пәндер