Есеп циклі және қаржылық есепті дайындау



1. Шаруашылық операцияларын өлшеу мәселелері
2. Кіріспе бухгалтерлік баланс
3. Шаруашылық операцияларын тіркеу мен талдау және оларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету
4. Қорытынды баланс
Заңды тұлға болып танылған, кез-келген ұйымдар өрісінде атқарылатын кызметтерді - шаруашылық фактілерінің біртұтас жиынтығы дейді. Шаруашылық фактілері әр түрлі әрекеттерден, жекелеген шаруашылық фактілерінен құралған оқиғаларды есепке алудан тұрады. Жекелеген шаруашылық фактілерінің орындалу нәтижесінде шаруашылық үрдісі жөніндегі ақпараттар қалыптасып, әрбір шаруашылық фактісінің мазмұны есепке алынады. Есеп ақпараттарына байкау мен өлшеуге түсетін ақпараттар ғана жатады. Өлшенген немесе байқалған объектіні бағалау шаруашылық фактілерінің орындалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда ғана көрсетіледі. Бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жинақтау және ақпараттарға жазылған әрбір жекелеген есеп объектілерінің жағдайы мен қозғалысын, сондай-ақ бухгалтерлік байқау мен бақылау үшін арнайы әдіс - бухгалтерлік есеп счеттары қолданылады. Бухгалтерлік есеп счеттары байқауға (көзге көрінетін) түсетін бухгалтерлік есеп объектілері өрісіндегі жекелеген шаруашылық фактілерінің мазмүнын тіркеп, тіркелген фактілердің сандық және сомалық нәтижесін шығаруға арналған. Бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу екіжақтылық принципке негізделген. Бүл түрғыда біздер экономикалық құбылыстардың екі аспектіден тұратындығын: көбею мен азаю, беру мен алу, пайда болуы мен жойылуынан және экономикалық қатынастардың барлығы да екіжақтылық жазуға түсетіндігін білуіміз керек.
Екіжақты жазу деп - ақшалай өлшеммен өлшенген бірдей сомадағы шаруашылық фактілерін (операцияларды) бухгалтерлік есеп счеттарына тіркеу әдісін айтамыз. Әрбір шаруашылық фактісі коммуникациялық принципке қарай тиісті түлғаларға хабарлауны керек. Хабарланған (орын алған) бухгалтерлік есеп әдісіндегі (проводка) бір фактінің мазмұны екіжақты жазуға түседі. Факті деп - өз қасиетіне қарай үйымдардың шаруашылық қызметі жөніндегі жекелеген мәліметтерді ресмилендіруді айтамыз. Фактісіз екіжақты жазудың орындалуы мүмкін емес.
Бухгалтерлік баланс деп - ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы үйымның каражаттарын) және бұларды қаржыландыру көздерін экономикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады. Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе қаражаттардың қалай жүмсалғандығын, қайда және не үшін жүмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы үйымды күрып қалыптастырушы жеке түлғаның, үйым иесінің салған ақшасынан түрады.
Нәтижесінде активтердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда кайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы үйымның аталуы және балаистың қай уақытқа қорытындыланып жасалған күні жазылады.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Семей қаласы
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
Есеп және аудит кафедрасы
Шағын және орта бизнестегі бухгалтерлік есеп пәні

СӨЖ

Тақырып : Есеп циклі және қаржылық есепті дайындау.

Орындаған: Нәсіпбек Айғаным.УА-205 тобы.
Тексерген: Серекбаева Б.С

Семей қаласы
2015 ж
Жоспар:

1. Шаруашылық операцияларын өлшеу мәселелері
2. Кіріспе бухгалтерлік баланс
3. Шаруашылық операцияларын тіркеу мен талдау және оларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету
4. Қорытынды баланс

Заңды тұлға болып танылған, кез-келген ұйымдар өрісінде атқарылатын кызметтерді - шаруашылық фактілерінің біртұтас жиынтығы дейді. Шаруашылық фактілері әр түрлі әрекеттерден, жекелеген шаруашылық фактілерінен құралған оқиғаларды есепке алудан тұрады. Жекелеген шаруашылық фактілерінің орындалу нәтижесінде шаруашылық үрдісі жөніндегі ақпараттар қалыптасып, әрбір шаруашылық фактісінің мазмұны есепке алынады. Есеп ақпараттарына байкау мен өлшеуге түсетін ақпараттар ғана жатады. Өлшенген немесе байқалған объектіні бағалау шаруашылық фактілерінің орындалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда ғана көрсетіледі. Бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жинақтау және ақпараттарға жазылған әрбір жекелеген есеп объектілерінің жағдайы мен қозғалысын, сондай-ақ бухгалтерлік байқау мен бақылау үшін арнайы әдіс - бухгалтерлік есеп счеттары қолданылады. Бухгалтерлік есеп счеттары байқауға (көзге көрінетін) түсетін бухгалтерлік есеп объектілері өрісіндегі жекелеген шаруашылық фактілерінің мазмүнын тіркеп, тіркелген фактілердің сандық және сомалық нәтижесін шығаруға арналған. Бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу екіжақтылық принципке негізделген. Бүл түрғыда біздер экономикалық құбылыстардың екі аспектіден тұратындығын: көбею мен азаю, беру мен алу, пайда болуы мен жойылуынан және экономикалық қатынастардың барлығы да екіжақтылық жазуға түсетіндігін білуіміз керек.
Екіжақты жазу деп - ақшалай өлшеммен өлшенген бірдей сомадағы шаруашылық фактілерін (операцияларды) бухгалтерлік есеп счеттарына тіркеу әдісін айтамыз. Әрбір шаруашылық фактісі коммуникациялық принципке қарай тиісті түлғаларға хабарлауны керек. Хабарланған (орын алған) бухгалтерлік есеп әдісіндегі (проводка) бір фактінің мазмұны екіжақты жазуға түседі. Факті деп - өз қасиетіне қарай үйымдардың шаруашылық қызметі жөніндегі жекелеген мәліметтерді ресмилендіруді айтамыз. Фактісіз екіжақты жазудың орындалуы мүмкін емес.
Бухгалтерлік баланс деп - ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы үйымның каражаттарын) және бұларды қаржыландыру көздерін экономикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады. Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе қаражаттардың қалай жүмсалғандығын, қайда және не үшін жүмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы үйымды күрып қалыптастырушы жеке түлғаның, үйым иесінің салған ақшасынан түрады.
Нәтижесінде активтердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда кайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы үйымның аталуы және балаистың қай уақытқа қорытындыланып жасалған күні жазылады.
Көптеген түлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір кезеңдерге қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа тұлғаларға қанша көлемде берешегінің бар екендігін көрсетіп отырады. Яғни бухгалтерлік баланс осы ұйымның қолда бар активті қаражаттарын және берешектерін белгілі бір уақытқа қарай көрсетіп отырады деу орнықты үғым. Белгілі бір ұйымның қолда бар мүліктері активтер деп аталынады. Ал осы ұйымның басқаларға берешегі міндеттемелер деп аталынады. Активтер құрамына осы ұйымның меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар, тасымалдау құралдары, өлшеу т.б. приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші машиналар т.с.с. жатады. Сонымен қатар осы үйым меншігіндегі шикізаттар мен материалдар, босалқы бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай өлшеммен өлшеніп, осы ұйымның меншігінде болады.
Осы жерде ұйымдар өзінің активті қаражаттарын толықтырып, бұларды өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы үшін әртүрлі көздерден ақша алу мүмкіндігі болатындығын тағы да қайталайық- Қосымша алынатын ақшаларды, бұлар компаниялардан немесе банктерден алады. Алған ақшалары үшін осы ұйым қарыз алушының қатарына (категориясына) түседі. Қарызға алынған ақшаларды міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған несиелерден бөлек осы үйым басқа да тұлғалардан көп көлемде қарыз ақшалар алуына болады (мысалы, өзінің үлес қосушы акционерлерінен). Ірі акционерлерден алынған қаражаттарды акционерлік капитал деп атайды. Осы үйымды қолдаушы кейбір акционерлік компаниялар акцияларға жазылады немесе акционерлер осы үйымның қызметін жалғастыра беру үшін белгісіз уақытқа дейін акционерлік ақша береді. Қандай да болмасын алынған акционерлік капитал, ең соңында жазылған акцияларға сай қайтарылады. Акцияға жазылған, түбінде қайтарылатын ақшаны міндеттемелер деп атайды. Нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік баланс әр түрлі әдістермен жасалынып, әрқашан да активтер мен міндеттемелер сомасы бірдей тепе-теңдік жағдайда болады. Бухгалтерлік баланс жекелеген синтетикалық счеттар қалдығын жинақтаудан туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізі болып табылады. Әрбір келесі кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік есеп мәліметтерін топтастырып жинақтау мақсатында баланс күрылады. Баланс қүруды екі жақты принциптің қолданбалы әдісі деп те түсінуге болады. Әрбір келесі кезеңге баланс қүруда бүрында бухгалтерлік баланста көрсетілген көрсеткіштер, яғни (мәліметтер) баланстың жекелеген элементтері арнайы счеттарға таратылып жазылады. Әрбір жекелеген счеттар материалдық және қаржылық объектілерге, мысалға, несиелендірушілер, алашақтар, берешектер, меншік иелері, инвесторлар, негізгі қүралдар, қоюшылар т.с.с. жатады. Бухгалтерлік баланс үйымдардың каржылық жағдайын белгілі бір кезеңге карай жинақтап көрсетеді. Баланс деп - ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалык маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады.
Кәсіпорындар (ұйымдар). Ұйымдар деп - кез келген шаруашылық қызмет атқарушы құрылымдарды айтады. Бұлардың түпкі мақсаты пайда түсіріп, пайдамен жүмыс істеу болып табылады.
Ұйымдардың шаруашылық қызметі өрісінде көптеген операциялар (фактілер) орындалып, әрбір операциялар мазмүны тиісті счеттарға жазылатындығын білдік. Әрбір шаруашылық операцияларының мазмүнын счеттарға жазу кезінде екі жақтылық принципке сай бухгалтерлік баланстың активі мен пассивіндегі сомалар жинағы бірдей болып, тепе-теңдікте болуы шарт.
Шаруашылық операцияларының мазмүны мен сомасы үйымдардың активті қаражаттары, меншікті капитал және міндеттемелердің қалыптасуы мен қозғалыста болуына тікелей әсер етеді. Яғни баланстың активі мен пассивіне жазылған сомалар баланстың тиісті жекелеген баптарының сомасын өзгертіп отырады. Бір операция баланстың екі бабын өзгертеді. Баланс баптарының өзгеруі активтер мен пассивтер өрісінде ғана болады.
Баланс баптарының өзгеру сипатына қарай нақтылы орын алған шаруашылық операциялары мазмүнын төрт типке бөліп қарау керек.
Бірінші тип - шаруашылық операцияларының мазмүны мен сомасы тек қана баланстың активтеріндегі баптарды өзгертеді. Бірдей сома баланстың актив жағындағы бір бапты көбейтіп, бір бапты азайтады. Баланстык жинақ өзгермейді.
Екінші тип - шаруашылық операцияларының мазмұны мен сомасы тек қана баланстың пассив жағындағы баптарды өзгертеді. Бірдей сома баланстың пассив жағындағы бір бапты көбейтіп, бір бапты азайтады. Баланстық жинақ өзгермейді.
Үшінші тип - шаруашылық операцияларының мазмүны мен сомасы баланстың әрі активтік, әрі пассивтік жақтарындағы баптарды көбейту жағына қарай өзгертеді. Яғни бірдей сомаға баланстың активі мен пассивінің жинағы көбейеді.
Төртінші тип - шаруашылық операцияларының мазмүны мен сомасы баланстың әрі активтік, әрі пассивтік жақтарындағы баптарды азайту жағына қарай өзгертеді. Яғни бірдей сомаға баланстың активі мен пассивінің жинағын азайтады.
Баланс баптарының өзгерісі кез-келген шаруашылық операцияларының сомаларына қарай туындап отырады. Баланс баптарында болатын өзгерістердің барлығының сомалары актвитік және пассивтік жинақтықтың бірдей сомада болуын қамтамасыз етуі керек. Тепе-теңдіктің бұзылуы есеп жүргізудегі жіберілген қатені көрсетеді. Баланс сомасының тепе-теңдігі нәтижесіне карай үйымның қаржы жағдайын бақылау мен тексеру жүмыстарын жүйелі жүргізуге мүмкіндік туады.
Сонымен, қандайда болмасын шаруашылық операциялары жоғарыда айтылған 4 типтік өзгеріске түсіп, баланстағы сомаларға әсер ететіндігін білдік.
1. Баланстың актив жағындағы баптардың бірі көбейіп (+), бірі азаяды (-). Жинақ өзгермейді;
2. Баланстың пассив жағындағы баптардың бірі көбейіп (+), бірі азаяды (-). Жинақ өзгермейді;
3. Баланстың активі мен пассиві де (+) көбейеді. Жалпы жинақ сомасы да көбейеді.
4. Баланстың активі де, пассиві де (-) азаяды. Жалпы жинақ сомасы да азаяды.
Қорытынды:
а) Әрбір шаруашылық операцияларының негізінде бірдей сома екі жақты өзгеріске түседі.
Екі жақты өзгеріс баланстағы активті қаражаттар мен меншікті капитал және міндеттемелердің қалыптасуы мен бүлардың ағымдағы қозғалысын көрсетеді. Мүндай өзгеріс не активті қаражатар, не меншікті капитал мен міндеттемелер өрісінде (не активінде, не пассивінде) туындайды;
б) Әрбір шаруашылық операциялары бірдей уақытта активті қаражаттар мен меншікті капитал және міндеттемелер сомасын өзгерте отырып, баланс жинағының не көбейгендігін, не азайғандығын көрсетеді;
в) Баланстың актив жағы мен пассив жағындағы екі жақты жинақ теңдігі кез-келген шаруашылық операцияларынан кейін міндетті түрде сақталуы керек.
Аталмыш қорытындының түпкі мақсаты - шаруашылық операцияларын тудыратын екі жақтылық принципті дәлелдеу және болып табылады.
Счеттарға жазылған мәліметттер мен көрсеткіштер арқылы ұйымдарда қалыптасқан активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болып отыратын өзгерістер есебін күнделікті бақылау, бұлардың дұрыс жұмсалып, сақталуын тексеру және басқару жұмысын тиімді жолдармен шешіп отыру мәселелерін анықтауға болатындығын түйіндедік.
Әрбір счеттардағы қалған қалдық сомалары негізінде бухгалтерлік баланс жасалатындығына көз жеткіздік. Яғни бухгалтерлік счеттар мен белгілі бір мерзімге жасалынатын баланс арасында тығыз экономикалық байланыс орнаған.
Баланстың бастапқы көрсеткіштері негізінде счеттар ашылып, ал счеттардың соңғы қалдығы негізінде баланс жасалынады. Счеттар ашу дегеніміз - алдыңғы кезеңге жасалған баланстағы бастапкы көрсеткіштердің мәліметтерін счеттардың дебеті мен кредитіне түсіру болып табылады. Бұл ережені іске асыру үшін, ұйымның активті каражаттарының бастапқы баптарындағы сомаларды счеттардың бастапқы дебеттік қалдығына жазу, ал баланстың меншікті капиталы мен міндеттемелері жөніндегі баптарындағы сомаларды счеттардың кредиттік қалдығына жазу керек.
Сонымен баланстың әрбір жекелеген баптарына сай счеттар ашылады. Мысалға, баланстың актив жағындағы материалды емес активтер бабына қарай материалды емес активтер счеты ашылып, бұлардың бастапқы құны мен амортизациялық аударымы жеке счеттарға жазылатындығы көрсетілген. Баланстың негізгі құралдар бабына қарай негізгі қүралдар есебін жүргізуге белгіленген счет ашылған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық операциялар циклдері аудитінің ерекшеліктері
Өндіріс циклы
Аудит түрлері
Кредиторлық берешек сомасының шынайлығын тексеру
Қысқа мерзімді активтер. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Материалдық қорлар
Ақша қаражаттарының есебінің мәні
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен ақша құралдарының аудиті
Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау
Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Пәндер