Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары жайлы мәлімет


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала) . Ғ. Қараштың ізденіс жылдары.

Орындаған: Қажыбекова А. С.

Тексерген: Еспенбетов А. С.

Семей 2015

Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы

Шәді Жәңгірұлы - шығыс классикалық әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін жете меңгерген ақын, есімдері әлемге мәшһүр шығыс шайырлары поэзиясындағы дәстүрлі тақырыптар мен сюжеттерді, гуманистік, ағартушылық мотивтерді өзінше жырлап, мазмұн мен түр жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, төлтума шығармалар жазған дарынды қаламгер», - дейді ақын шығармашылығын монографиялық тұрғыда зерттеген Н. Келімбетов. Қазақ елінің оқу мен өнерді үйренуінің аса қажет екенін насихаттап, халық тарихына, ел-жұрттың тұрмыс жағдайына баса назар аударған, сонымен бірге арғы- бергі хандарымыздың өмірбаянына үңіліп, бізге жеткізген зиялы ақындарымыздың бірі.

Шәді төре Жәңгірұлы (1852-1933 ж. ж. ) бұрынғы Сырдария губерниясы, Түркістан уезі, Жылыбұлақ болысында (қазіргі Созақ ауданы) дүниеге келген .

Шәді Жәңгірұлы Абылай ханның тікелей ұрпағы. Хан Кененің інісі. Абылайдың ұлы-Қасым хан. Қасымның Кіші жүзден алған Қанат деген әйелі болған деседі. Содан Есенгелді, Саржан деген ұлдары туғаны тарихтан мәлім. Есенгелдінің ұлы-Жәңгір төре. Сонда Шәді ақын Абылай ханның шөбересі.

Шәді Жәңгірұлы қазіргі Шымкент облысының Созақ ауданындағы Қызылкөл деген жерде туған. Шын аты - Сұлтанбек, анасы еркелетіп «Шәді» атап кеткен. Абылайдың нәсілінен тараған ұрпақ.

Абылай

Уәли Қасым (қасқа жолды Қасым)

Шыңғыс Есенгелді, Ержан, Құдайменде

Шоқан Кенесары, Наурызбай

Жәңгір

Шәді

«Шоқан сияқты Шәді Төре Жәңгірұлы да Абылайханның нәсілінен тараған ұрпақ. «Арқар ұранды» Абылайың бір баласы- Уәли, одан Шыңғыс, Шыңғыстан Шоқан туады. Бір баласы Қасым. Осы Қасқа жолды Қасымнан Есенгелді, Ержан, Құдайменде, Кенесары, Наурызбай туады. Шәді - Есенгелдінің немересі. Өз әкесі - Жәңгір. Кенесары мен Жәңгір қол бастаған батыр болса, Есенгелді елге сөзі өтімді би, шешен екен. Осы Есенгелдіден Жәңгір туады. Он бес жасқа толғанда Жәңгірді Кенесары өз қолына алып, еншілес інісі ретінде ұстайды. Жәңгір Кенесарының оң қолы, қажырлы қайраткерлерінің бірі болған. Кенесары Қасымұлы өмір бойы патша үкіметімен соғысып өтеді. Ақыры қырғыздардың қолынан қаза табады. 1847 жылы Кенесары мерт болған соң, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік ретімен осы Жәңгір алған», дей келе зерттеуші Мәуті ханымның Кенесары әйелдерінің ішіндегі аса ақылды, зерек. өнерлі, шешен, елге қадірлі болғандығын айтып өтеді. Халық «Мәтей ханым» атап кеткен. Әмеңгерлікпен Жәңгірге тиеді. Жәңгір мен Мәуітіден Шәді туады. Шәді төре - олардың әрі тұңғышы, әрі кенжесі, әрі жалғыз ұлы болады. Шәді төре Жәңгір мен Мәуті ханымның әрі түңғышы, әрі кенжесі, жалғыз үлы болыпты, Осы себепті анасы мен әкесі болашақ ақынды мәпелеп өсірген. Анасы еркелетіп «Шәді» деп атап, кейін жүрт оның Сұлтанбек деген атын тастап, Шәді деп кеткен», - дейді.

1861 жылы тоғыз жасында Шәдіні әкесі ауыл молдасына дәріс алсын деп береді. Зерек, алғырлығымен Шәді хат танып шығады. Келер жылы әкесі Шәдіні Шаян мешітінің молдасына береді. Осында оқып жүріп Щәді өз бетінше қисса, хикаяларын оқуға дағдыланады. 1864 жылы Шәді Шымкенттегі Абдолла Шәріп дейтін ғұламадан дәріс алып, араб- парсы тілдерін меңгереді . 13 жасар баланың қабілетін таныған Шәріп оған «1001 түн», «Тотынама», «Шахнама» сияқты ертегілерін үнемі айтып, оқып беріп отырған . Шымкентте екі жылдай жүріп, ұстазының қолындағы араб әдебиеті қазынасын өз бетінше толық игеріп шығады. 1865 жылы Шымкентті Черняев әскері алған соң, Абдулла Шариф Ташкентке кетеді. 1866 жылы Шәді ұстазының артынан Ташкентке барып, Орта Азия ақындары мен ғүламаларынан дәріс алады. Араб, шығыс әдебиетін зерттеп, игереді. Ол Ташкент медресесінің бірінде 7-8 ай оқыған соң оны тастап, Бұхарадағы Көкілташ медресесіне түседі. Шәді Бұхарадағы «Көкелташ» медресесін бітіріп, сол кездегі өзбек, түрікмен, қарақалпақ шайырларының көбімен достасады. Дін жолын қоса үйрететін медреседе оқыса да, Шәдінің ақындық дінезі мұқалмай, өткір, сыншыл тілі жасымайды. Оған сол кездегі өзімен тұстас дүмше молдалар мен сараң байларға арнаған өлеңдері кепілдік етеді. «Шәдінің ақындық дәуірі де осы медреседе оқып жүрген кезінен басталады» [2, 53] - дейді Қ. Әбдіқадыров) .

1870 жылы еліне қайтып, бұдан кейін оқу оқымайды. Жеті жылдан соң әкссі Жәңгір қайтыс болады. Мұнан соң Шәді үй шаруасынан ұзап шыға алмай, кітап оқу, қисса, дастан жазу жұмыстарымен айналысады. Осы уақыттан бастап дүниеден өткенге дейін Шәді үй шаруасымен қоса жыр дастан жазумен айналысады.

1877 жылы әкесі Жәңгір, көп ұзамай анасы Мәуіті дүние салады. Енді үй ішінің бар тауқыметі Шәдінің мойнына түседі. Осы кезде ол зергерлікпен айналысқан. Созақ, Түркістан өңірінде белгілі зергер атанған.

1931 жылы ауыл белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, Марғұланға жер аудартады. Асан Қатыпұлы дейтін жиенінің қолында тұрып, 1933 жылдың 12 қыркүйегінде қайтыс болады.

Шәді төре төңкеріске дейін ең көп кітабы шыққан ақын. Негізгі тақырыбы-дін. Осы салада көлемді еңбек жазып, тер төккен ғалым ағамыз Немат Келімбетов 13 кітаптың атын атап, түсін түстейді. Бұл кітаптардың санын 22-ге жеткізетіндер бар. Қазақ Ғылым акдемиясының қолжазба қорында акиық ақынның 9 кітабы бар екен. Шәді ақынның діни білімі жоғары болған. Шәдінің тағы бір ерекшелігі-өзі тұстас ақындар айтысқа түсіп жатқанда, «Олар айтыс ақындары ғой, мен жазба ақынмын, жазушымын», -дейді екен. Ол кезде жазба ақындары көп болмаған. Яғни, Шәді қазақ жазба әдебиетінің қалыптасу кезеңінде осы салаға үлкен еңбек сіңірген, әдебиет тарихында өзіндік орны бар тұлға.

Қазір жұрттың бәрі жақсы білетін Тұрмағамбет Ізтілеуов деген ақын бар. Ол Көкенташ медресесін бітіріп келеді. Өзі жас, өзі білімді, жалындап жүрген кезі болса керек. Содан Созақта жатқан Шәдіге хат жазып, жұмбақ жасырып, ұрынады. Содан Шәді «Жұмбағың жұмбақ емес, оңай шештім. Хатыңның соңында «Төресін атың өрге шауып тұрған»деп кішкене кектеніпсің. Мықты болсаң қайта хат жазып, тиісіп көр», -деген жауап жазады. Бірақ Тұрмағамбет қайта ұрынбайды. Бұл айтыс Т. Ізтілеуов шығармаларының толық жинағына енген. Шәдінің ақындық деңгейі Тұрмағамбеттен кем болған.

Шәді Көкенташ медресесін бітіріп, шатырхат алады. Қазіргі диплом. Сөйтіп елге келіп, Қарнақта медресе ұстайды. Бала оқытып, жоғарыда аталған дастандарды сол кезде жазады. Сөйтіп жүргенде Кеңес үкіметі орнайды. Коммунистік жүйенің тәртібі қатал. Өз дегеніне көнбей, бұра тартқандарды аямайды. Әсіресе, қожа, молда, тіпті, ескіше сауаты бар жандарға қатты тиіскен. Төренің тұқымы, әрі діни тақырыпта еңбек жазған Шәді де, сөз жоқ, қуғын көреді. Зерттеушілердің, елдегі көнекөз қариялардың айтуынша, өмірінің соңы өте ауыр өткен адам деседі. Әуелі «әйгілі Созақ көтерілісіне қатысты» деген айыппен абақтыға жабылып, кейін Тәжікстан, Өзбекстан жаққа жер аударылып кетеді. Содан туындылары талан-таражға түсіп, оның атын айтуға да тыйым салынады. Шәді ақынның зеттелмеу себебі де осы.

Шәдіні Аралда түрмеге қамайды. Сөйтсе, таңертең Шәді азан шақырса түрменің барлық есіктері ашылып кетеді екен. Содан түрменің бастығы қорқып, оны Барсакелмес аралына жер аударып жібереді. Шал адам, қуғында жүреді, сақал - шашы өсіп, үсті - басы кірлейді. Содан әлгі түрменің бастығы қазақ екен, жаны ашып, Шәдіні параходпен екі күнге Аралға жунып келуге жібереді. Қай үйге кірерін білмей келе жатса, бір - екі адам «Сияр шәріпті» оқып отырады. Шәді ақын бір - екі жеріне түзету жасайды. Ауылдың молдасы: «сен мені түзейтін кімсің», - деп шамданады. Мен «Сияр шәріпті» жазған адаммын дейді. Содан жаңа үйдің әйелі «Шәді ақын келді» деп қуанып, оны төрге шығарып қонақ етеді. Екі күннен соң параходпен түрмеге қайтады. Ішінде Шәді жоқ. «Ақсақал мені алдапты ғой, енді қайттім» деп үйіне келсе, Шәді ақын төрде отыр екен. Сөйтсе, Шәдінің түскен үйі түрме бастығының үйі екен. Анасы өтініш жасаған соң, түрме бастығы оны өлді деп акт жасап, қашырып жібереді. Шәді төре Өзбекстанға солай жер аударылған екен.

Ашаршылық кезінде, шамамен, 1933 жыл, Шәдіні тізеден көміп кете салған екен. Арада 25 жыл өткенде моланың бір шеті ашылып қалады. Сол ауылдың қариялары бар сүйегін қайта жерлеу үшін ашады. Сөйтсе, Шәдінің сақал-шашы мен тырнағы өсіп кеткен. Денесі 25 жылда бұзылмаған дейді. Құранды көп оқыған адамның ішіне Құран түсіп кетеді де, денесі бұзылмайды деген сөз бар, соның рас болғаны да. Бұл оқиғаны сол ауылдың адамдары әлі күнге жыр қылып айтады.

Ақындық- Алладан берілетін қасиет. Шәді ақынның көріпкелдік, әулиелік қасиеттері туралы ел арасында әңгіме көп. Шәдінің бұзылмай сақталған мүрдесі сол әңгіменің дәлелі. Әлемді таң қалдырған өзіміздің Мәшһүр Жүсіптің мүрдесі ше? Көп оқыған ілім адамды өзгеше күйге түсірсе керек. Қалай десек те, Шәді тегін адам емес. Әйтеуір бір қасиеті бар.

Содан кейін Жүсіпбек Самарқаннан көк тас әкеліп қойып, белгі соғады. Сол кезде Сталин дүниеден өтіп, жылымық болады. Сыр бойына келіп, содан қартайып, дүниеден өтеді. Жүсіпбектің Сейітқасым деген баласы болады. Сейітқасым мен Бектай екеуі Өзбекстанға Шәдінің моласын іздеп барады. Таппай жүрсе, бір көк тас көмулі жатыр екен. Қазып Шәді алып қараса, «Жиһангерұлы, 1933 жылы қайтыс болған» деп араб тілінде жазылған екен. Олар көк тасты түзеп қойып, құран бағыштап қайтады. Келген соң Бектай Сүлейменов Шәді туралы «Оңтүстік Қазақстан» газетіне мақала жазып апарады. Қызылорда мен Жамбылдың облыстық газеттеріне береді. Бәрақ ешкім баспайды. Заман солай болды ғой ол кезде. Одан бері де 30 жыл уақыт өтті. Әбден ізденіп, шаршаған Бекең менің хабарымды естіп, хабарласқан жері екен ғой.

Шәді қолына қалам алып, ақындық жолына түскеннен бастап, ұсақ өлендермен қатар, көлемді дастандар жазумен де айналысады. Ол дастандарын ретімен Ташкент, Қазан, Орынбор қалаларында бастырып шығарады. Шәді төре бас аяғы 40-тан астам хикаялы дастан, жырлар жазған. Шәді өз шығармаларын көбіне XIX ғасырдың 80-90 жылдары, әсіресе XX ғасырдың алғашқы он жылдарында жазған. Шәді көбіне хикаялармен, дастан жазады. Өйткені, жасынан шығыс классиктерін оқып, солардан сусындаған таланттың шығармашылығы-дастандар еді. Шәді діндар қаламгер болған. Оның діни негізде жазылған шығармалары өте көп. Олар: “Сияр-шәріп”, “Фех-қайдан”, “Ахуал-қиямет”, “Назым Ахмет Жами”, “Назым Ибраһим Халиолла”, “Хазіреті Мұса мен Перғауын”, “Мұсаның таурат алғаны”, «Хикаят Орка - Күлше», «Хикаят Қамарзаман», «Тарихат», (Абылай хан жайында дастан ) , «Төрт дәруіш», «Ресей патшалығында Романов нәсілінен хумырнамалық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқының ахуалы», «Ибраһим пайғамбардың хикаясы», «Назым Сияр Шәриф немесе Пайғамбардың ақ жолы туралы», т. б. i

Ақын Мұхаммед(с. ғ. с. ) пайғамбардың өмірі жайлы жазған. Тіпті, роман жазған деген деректер де кездеседі. Бірақ кешегі қуғын-сүргіннің кезінде қолды болып кеткен. Әсіресе, жоғарыда аталған «Сияр шәріп» деген еңбегі бүкіл түркі әлеміне, парсы шығанағы мен Орта Азияға танымал болған.

Шәді Оңтүстік өңіріндегі өзі тұстас белгілі ақын-жыраулардың бәрімен таныс-біліс болған. Кейде олармен әзіл-оспақта айтысып жүрген. Солардың ішінен ол Молда Мұсаны, Майлыны, Құлыншақты, Бұдабайды, Мәделіні, Тұрмағамбетті өте құрметтеп, жоғары бағалаған.

1910 жылдың күз айларында ақын Россия туралы көлемді, тарихи поэма жазады. Поэмада автор орыс және қазақ халықтары тарихының аса маңызды, кезеңдерін ғылыми, прогресшіл тұрғыдан дәл түсініп бағалайды. Бұл туралы 1916 жылы көтерілісшілердің алдында сөйлеген сөзінде Аманкелді Иманов былай дейді: «Түркістан қаласынан шыққан ақын Шәді Жәңгіров бізге Россияның тарихын аударып берді, оны біз зор мақтанышпен оқимыз».

Шәді әрбір адам ғылым үйренуге, өнер білуге, әлемнің белгісіз сырларын зерттеп түсінуге, әрі өнер-ғылымның күш-қуатын халық игілігіне жаратуға тиісті дегендей пікір айтады. Мұндай пікірлерін ақын кейде діни сөздермен астарлап та айтады, яғни сөзінің ғылыми прогресшіл пікірлерін дәлелдеу үшін діни сөздерді, деректерді, аңыздарды пайдаланады.

Революцияға дейінгі қазақ әдебиеті тарихы туралы, әсіресе қазақ әдебиетінің Шығыс классик әдебиетімен байланысы, дәстүрі жайлы еңбектерде сөз арасында Шәді ақын және оның шығармалары туралы бірді-екілі пікір айтылады. Ал кейде не өзінің, не жеке шығармаларының аты аталады.

Шәді ақын туралы бірді-екілі пікір айтатын ғылыми-зерттеулер мен мақалалардан мынадай қорытынды жасауға болады:

Бірінші, зерттеушілердің барлығы да Шәдінің кезінде талай-талай көркем ойлы, қызықты дастандар жазған, шығармалары халық арасында қолжазба күйіндеі де, кітап болып та кең тарап кеткен, артына мол, құнды әдеби мұра қалдырған, дарынды, үлкен ақын екенін мойындайды;

Екінші, атаған авторлардың бәрі Шәдінің Шығыс классик әдебиетінен еркін сусындап, соның жақсы дәстүрін мықты қолданған, қазақ әдебиетінде назира дәстүрін дамыта түскен, білімдар, ілгерішіл ақын болғанын айтады;

Үшінші, ақын жөнінде пікір айтушылардың бәрі Шәдінің шығармаларын өзіндік ерекшеліктерімен зерттеу, сөйтіп оның ең жақсы деген туындыларын халық игілігіне жарату - әдебиеттану ғылымының алдындағы өте қызықты, аса күрделі мәселе, кешіктірмей қолға алатын міндет деп біледі.

Шәді Жәңгірұлы өз шығармаларының басым көпшілігін түрлі баспалардан кезінде бастырып шығарған ақын. Бұл кезде кітап бастырып шығару ісі біршама жандана бастаған болатын. Мәселен, бір ғана Қазан қаласының өзінде XIX ғасырда қазақ және шығыс кітаптарын басқан он үш баспахана жұмыс істеген. Қазан қаласы қазақ ікітаптарын бастыруда елеулі орын алған тұңғыш баспа болса, сонымен қатар қазак кітаптары XIX ғасырда Петербург, Уфа, Ташкент, Оренбург, Семей, Омбы, Орал, Верный, Астрахань қалаларында да шыға бастайды. Оған Россияның жалпы мәдени дамуы, экономикасының өрлеуі зор әсер еткенін көреміз. Жалпы XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде осы қалалардан орта есеппен бір мыңнан астам атаулы қазақ кітаптары басылып шыққан, олардың тиражы орта есеппен алғанда бес миллион данаға жетеді.

Шәді Жәңгірұлының шығармалары, негізінен, Ташкент, Қазан, Орынбор қалаларында басылып шыққан, Ташкентте Ғүлам Хасан Ғарифжанов баспаханасынан литографиялық әдіспен шығарылған, көбіне дерлік өзбек нашриятшылары Сейдахмет Сүлейменқожаұлы мен Кәрімжан Хакімжанұлының қаражатымен басылып отырған. Ал, татарлар Шамсүтдин Хұсайынов және ағайынды Мүхамеджан мен Шәріпжан Кәрімовтар Шәді ақынның шығармаларын Қазан, Орынбор баспаларында бастырып шығарған.

Ғұмар Қарашев шығармашылығы

gumar1[1].jpg

Жоспары

1. Ғұмар Қараштың өмірі мен қызметі

2. Өлеңдері.

3. Аударма жанрына қосқан үлесі

4. Мысалдары.

5. Көсемөздері

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның саяси-құқықтық, қоғамдық және философиялық ой-пікірін өзінше дамытып, өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ірі тұлғалардың бірі - Ғұмар Қарашев. Ол туралы соңғы бір-екі жыл аралығында ғана баспасөз беттерінде бірнеше мақалалар басылды. Көп жылдар бойы оның философиясы терең, көтерілген проблемасы өте көкейкесті, баға жетпейтін еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен шаңға көміліп, кітап қоймаларының түпкір-түпкірлерінде “қажетсіз” болып жатты. Халықтың тарихына, оның рухани мұрасына жаны ашымаған коммунистік партияның шала сауатты идеологтары Ғ. Қарашаевтың есімін жазуға да, айтуға да тиым салды. Қын түбінде алтын кездік жатпас демекші, әйтеуір ақиқат орнауының нәтижесінде Ғ. Қарашевтың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды.

Ғұмар Қарашев туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөз беттерінде, архив қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның есімі ХХ ғасырдың бас кезеңінде татар, башқұрт, қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген газет, журналдар мен кітаптардың беттерінен түскен емес және Рессейдің бүкіл түрік тілдес халықтарын аузына қаратқандығын мақтанышпен мойындауға тиіспіз. Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа шеккен, халықты ұлттық бірлікке, ынтымақтастыққа шақырып, іштей күрең қабақ болып жатқан қазақ еліне даналы ақыл берген де Ғұмар Қарашев еді. Осыған қарамастан оның “Алаш” партиясын жақтағаны және оның құрамында белсенді мүше болуына байланысты қайраткердің есімін коммунистік идеологияның ұлттық нигилистері тарихтан мүлдем сызып тастауға жан аямай тер төкті.

Ғ. Қарашаевтың творчествосы туралы зерттеулер “кемелденген социализм” дәуірінің ызғары өңменімізден өтіп, зерттеушілердің үстінен құс ұшырып, астынан ит жүгірткен заманның өзінде-ақ оның творчестволық қызметі, жазған философиялық еңбектері, қоғамдық саяси көзқарастары зерттеушілердің назарларынан тыс қалмаған еді, ол туралы мәліметтер оқтын-оқтын баспасөзде басылып жатты. 1958 жылы Москва қаласында жарық көрген “Антология казахской поэзии” деп аталатын үлкен жинақта “Покинувшей невесте” және “Не понимаю” деп аталатын өлеңдері беріліп, ол “қазақтың ірі ақыны” деп бағаланады. (1) Сонымен қатар 1965 жылы “Ғылым” баспасынан жарық көрген “Қазақ әдебиеті тарихының” ІІ томында аяулы ағамыздың әдеби шығармаларына біршама талдау жасалынады. Осы зерттеуде ол туралы “Қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі - Ғұмар Қарашев”, -деп баға берумен қатар, “оның творчестволық мұрасы әр алуан, әрі мол. Оның мұрасын соны тудырған дәуірдің күрделі шындығымен байланысты, тұтас күйде алып, сын тұрғысынан қарай талдап тексеру, байыптылықпен игеру қажет, ”(2) -деп тұжырым жасалынды.

Ғұмар Қарашевты бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда, білгілі ғалым, ірі ғылым қайраткері, академик С. З. Зиманов пен зерттеуші-ғалым М. Ш. Ысмағұлов көп үлес қосты. Олар 1962 жылы Москвада жарық көрген “Философская энциклопедия” атты үлкен еңбекте Ғ. Қарашевтың қысқаша өмірбаяны мен философиялық ой-тұжырымдарына бір-екі ауыз сөзбен баға бере келе, былай деп жазады: “ . . . казахский поэт, публицист, мыслитель . . . подвергал критике некоторые догмы ислама, ратовал за реформу школы, призывал к сближению с русским народом. Философской основой его творчества становится стихиний материализм”(3) .

1966 жылы “Жазушы” баспасыннан шыққан Айқын Нұрқатовтың “Абайдың ақындық дәстүрі” деген монографиялық еңбегінде ақынның әдеби мұраларына шағын талдау жасалынып, зерттеуші былай деп жазады: “Қазақтың ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетінде көп еңбек еткен, көп мұра қалдырған ақындардың бірі - Ғұмар Қарашев. Оның сондай мұрасында қос қыртыс қайшылықтар мен қателіктер де аз емес. Сондай-ақ, сол қайшылықты сарындардың әр кезіндегі сипаты да бір қалыпты болмаған.

Ғ. Қарашевтың творчестволық мұрасы мол әрі қайшылықты. Бірақ оның сол мұрасы әлі күнге дейін толық жиналған да, түбегейлі зерттелген де емес”(4) .

Халқымыздың сонау адал перзентінің шығармаларын насихаттауға көрнекті жазушы, ғалым Мұхтар Мағауин біршама еңбек сіңірді. Ол 1978 жылы цензорлық бақылауға қарамастан Ғ. Қарашевтың бірнеше өлеңдерін Ленинград қаласында басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағына енгізді (5) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары
Ш.Жәңгіровтың мен Ғ.Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ. Қараштың ізденіс жылдары жайлы
Ғұмар Қараштың өмір жолын көрсету
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Ғұмар Қараш өлеңдеріндегі ой-таным
Ғұмар Қараштың өмірі мен қызметі
Ғұмар Қараш өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz