Былғары және тері өндірісінің шикізаты жайлы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ТЕРІ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТЫ
Тексерген: Бауыржанова. А. З
Орындаған: Мусина. М. Қ
Семей 2015
Жоспар
- Терінің құрылымы
- Терінің топографиялық бөліктері
- Шикізаттың қасиеттері және алдын ала өңдеу
- Пайдаланған әдебиеттер
БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ТЕРІ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТЫ
Былғары мен тері шикізатына үй жануарлары мен жабайы аңдардың терісі жатады. Былғары өндірісінің шикізат қоры мал шаруашылығы болып табылады.
Жалпы алғанда, былғары мен терінің тауарлық қасиеттері олардың қай түліктің терісінен жасалғанына ғана емес, сол түліктің қандай тұқымның терісінен жасалғанына да байланысты.
Терінің құрылымы .
Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Ол организмді сыртқы орта әсерінен қорғайды және сонымен қатар, денедегі зат алмасу, сыртқа шығару, жылу реттеу процессіне қатысады. Жануардың сыртынан денесіне қарай санағанда тері түкті немесе жүнді жабыннан, эпидермистен (қыртыс), дерма (өзең) мен тері асты клеткалардан (шел) түрады, төмендегі бейнеленген. Былғары шығару үшін терінің өзеңі, ал тері және тон үшін өзеңге қоса қыртысы мен түкті жабыны пайдаланылады.
Қыртыс - терінің түкті жабыны астында жатқан үстіңгі қабаты.
Қыртыс ақуызды клеткалардан қүралған. Оның өзеңімен шекарасы тегіс емес. Түк қалташаларына жақын қыртыс өзеңге еніп жатады, ал ол өз кезеңінде қыртысқа емізікшелермен бойлап кеткен. Сондықтан да қыртысы сылынып тасталған тері бетінде белгілі бір суреттер көрініп түрады, оны бедер (мерея) деп атайды.
Үлбір жасау үшін терідегі қыртысты бүзбай сақтау керек. Егер ол бүзылса, түктің өзеңмен байланысы нашарлап, кейінірек түгі түсіп қалатын болады.
Қыртысы сақталған өзеңді тері ткані деп атайды.
Өзең - терінің негізгі қабаты, ол коллагенді, эластинді және ретику- лин талшықтарының күрделі шиеленісуінен қүралған.
Қарапайым коллаген талшықтарының диаметрі шамамен 5 мкм болып келеді. Осындай көптеген (30-300) қарапайым колла- ген талшықтары диаметрі шамамен 200 мкм болып келетін коллаген талшықтарының тобын қүрайды.
Ал, қарапайым коллаген талшықтарының өзі диаметрі 0, 1 мкм болатын 200-3000 фибриллалар жиынтығынан түрады. Коллаген талшықтарының тобы өзең қалыңдығына көлбей орналасады да, олардың көлбеу бүрышы және жуандығы жануарлардың табиғаты мен терінің қүрылымына байланысты болады.
Эластин талшықтары топ қүрамайды, бірақ тарам - тарам бо- лып кеткендіктен, қалың торлар жасайды. Ол торлар көбінесе түк қалташалары мен қан тамырлары айналасында орналасады.
Ретикулин талшықтары тері өзеңінің барлық көлемінде қалың тор- лар қүрайды, әсіресе көп жиналуы өзеңнің қыртыспен астасқан жерінде болады. Өзең талшықтары арасында талшықаралық зат болады. Оның қүрамына былғары даярлау барысында өзеңнен шығып кететін альбу- миндер, глобулиндер, мукоидтар, муциндер, мукополисахаридтер және басқа белок тәріздес заттар енеді.
Тері өзеңі екі қабаттан түрады. Бірі емізікше мен торлы қабаттардың шекарасы түк қалташалары орналасқан деңгей арқылы өтеді. Ал, шошқа, түйе және борсық терілерінің ерекшелігі - өзеңдегі бүл екі қабаттың шекарасы анық білінбейді, себебі түк каналдары өзеңінің өн бойынан өтіп жатады, терінің тік кесілген көрінісі.
ю
Терінің тік кесілген көрінісі 1- мүйізденген қабаты; 2- өсуші қабат, 3- дерма (өзең) ; 4- емізікше, біртүкті қабат; 5- торлы қабат; 6- тері асты клетчаткасы (шел) ;
7-май қабаты; 8- коллагенді талшықтар тобы; 9- коллагенді талшықтар тобының көлденең (қиындысы) кесілгендегі көрінісі; 10- тері бездері; 11- мускулдар; 12 - түк қалташасы; 13-май бездері; 14- түк.
Емізікше қабат жүмсақ және ыдыраңқы болып келеді, өйткені онда тері мен май бездері, түк тамырлары және көптеген қан тамырлары бар.
Торлы қабат біркелкі шиеленіскен қуатты талшықтар тобынан қүралған, сондықтан ол терінің беріктігіне үлкен әсер етеді.
Мал денесінің белгілі бір мүшелеріне сай келетін және нақты қасиеттерінің жиынтығымен ерекшеленетін (қалыңдығымен, түкті жа- бын ерекшеліктерімен) тері учаскелері топографиялық бөлік деп ата- лады. Терінің топографиялық бөлігі 11. 2- суретте көрсетілген.
Тері асты шел қабаты борпылдақ талшықтардан түрады. Талшықтар арасында май мен қан тамырлары көптеп орналасады.
Малдың түкті жабыны деп теріні жауып түрған көптеген талшықтардың жиынтығын айтады.
Түк талшықтары кератин белогінен түрады. Әр жүн талшығының тууы мен дамуы түк қалташалары деп аталатын арнайы үяларда жүреді.
Терінің топографиялық бөліктері
а - мүйізді ірі малдың терісі; б- жылқы терісі, штрихпен белгіленген ең қалың тығыз жері жая - «Шпигель»; в - тиін терісі
Түк қалташығы мен жүн қалташығының үзынынан қиғандағы көрінісі А-шаш (жүн талшығы) ; Б - түк қалташығы; 1- кутикула немесе сырт қабаты; 2 - қабыршақ қабат; 3- жүрекше (ортаңғы қабат) ;
4 - түк қалташыгының ішкі қабаты; 5- түк қалташыгының сыртқы қабаты; 6- түктің бүршігі; 7- түк тамырының ішкі жағы;
8- түк тамырының сыртқы жағы.
Аң терісіндегі жүн талшығының түрлері
а- сезуші; ә- бағыттаушы; б-қылшық; в- аралықтық; г-түбіт
Жүннің әр талшығы үзына бойында үш бөліктен түрады:
1) қылтық немесе сыртқы бөлік,
2) түбір немесе қылтықтың түк қалташасындағы жалғасы және
3) тамыр - түбірдің жіңішкерген бөлігі. Ал жүн талшықтарының көлденеңінен кесіп қараса, шеңберлі орналасқан үш қабатты байқауға болады: сырт қабаты немесе кутику- ла, қабыршақ қабат және жүрекше .
Жүннің толық алмасуын түлеу дейді.
Жүннің әр талшығының формасы оның жуандығы мен ұзындығына және қылтығының бұйра түзулігіне байланысты.
Қылтықтың бүйра-түзуінің 6 түрі бар: тік, иілген сынық, толқынды, ирек және бүйра.
Аң терісінде жүн талшығының бес санаты бар: бағыттаушы, қылшықты, аралықтық, түбіт және сезуші.
Шикізаттың қасиеттері және алдын ала өңдеу
Шикізаттың былгары мен тері жасауға жарамдылыгын анықтайтын маңызды қасиеттері. Терінің сапасы, яғни оның толық бағалы былғары мен терінің белгілі бір түрлерін шығаруға жарамдылығы және илеу тәсілдерінің ерекшеліктері терінің төмендегідей қасиеттерімен анықталады.
Терінің қалыңдығы былғарының неге жарайтынын және 100 шар- шы метр былғары шығару үшін қанша шикізат кететінін анықтайды. Терінің жамбасынан мойынына дейін (үзына бойына) және жон арқасының етегіне дейін (көлденеңінен) кішіреюін тартылуы (ширау, жиырылуы) деп атайды.
Терінің ауданы оның пішімділік қасиеттерін анықтайды. Ауданы 20 дм дейінгі шикізат өңдеу тиімсіз деп саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz