Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар туралы ақпарат


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәріматындағы университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: : "Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар"

Орындаған: Тілесова Д. А.

Тексерген:Төлеубекова С. С.

Семей 2015

Кіріспе

Тамақ өнімдерінен пайда болған қауіптілік болуы оны пайдаланғаннан кейін түсініктемелер береді жəне тамақ өнімдері қауіпсіздігін бақылауды жəне басқаруды іске асыру бойынша стандартты əзірлеуге əкелді. Өйткені тамақ өнімдерін өндіру жəне тұтынудың кез келген сатысында қауіптілік пайда болуы мүмкін, тамақ өнімдерінің барлық сатысына қауіпсіздікті басқару бойынша іс-шараларды іске асыру маңызды. Осылайша тамақ өнімдері қауіпсіздігінің кепілдігін қамтамасыз етуге өндіру жəне тұтыну саласындағы барлық қатысушылардың біріккен күшімен іске асырады. Тамақ өнімдерін өндіру жəне тұтыну сатысы ұйымның кең ауқымын, жем жəне шикізат өндірушілерді, тамақ өнімдерін дайындаушыларды, мердігерден көтерме сауда дүкендері жəне қоғамдық тамақтандыру кəсіпорнына дейін тамақ өнімдерін тасымалдау жəне сақталуын іске асыратын кəсіпорындарды (ораушы материалдар, жуушы құралдары, тағамдық қоспалар жəне ингредиенттерін өндіретін ұйымдармен бірге) өзіне қосады. Оларға сондай-ақ қызмет көрсететін ұйымдар жатады. Осы стандарт өндірістен бастап дайын тамақ өнімдерін тұтынушыға дейін барлық саладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді жəне мынадай негізгі элементтерді қосады: - ақпаратпен интерактивті алмасуды; - менеджмент жүйесін; - алдын ала шартты құру программасын; - сыни бақылау нүктелері бойынша қауіптілікті талдау принциптері (НАССР) . Тамақ өнімдерін өндіру жəне тұтынудың барлық сатысында ақпаратпен алмасу тамақ өнімдерін өндіру мен тұтынудың барлық кезеңінде қауіптілік пайда болуына бақылау жəне басқаруды қамтамасыз ету үшін қажет. Осымен тамақ өнімдерін өндіру жəне тұтыну саласындағы ұйымдар-қатысушылардың арасында ақпаратпен алмасу кіріс жəне шығыс кезеңдерінде жобаланады. Тұтынушылар мен жеткізушілердің арасында айқындалған қауіпітілік пен басқару шаралары туралы ақпаратпен алмасу тұтынушылар мен жеткізушілер талаптарын айқындауға көмектеседі (мысалы, осы талаптардың іске асатындығына жəне қажеттігіне қатысты жəне олардың дайын өнімге əсері) . Ұйым рөлі жəне оның тамақ өнімдерін өндіру жəне тұтыну саласындағы орны тұтынушыға қауіпсіз тамақ өнімдерін жеткізу мақсатымен барлық сала бойынша ақпаратпен интерактивті алмасу нəтижелілігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тамақ өнімдерін өндіру мен тұтыну саласындағы мүдделі тараптардың арасында ақпаратпен алмасу мысалы 1-суретте көрсетілген. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің нəтижелі жүйесі құрылымды менеджмент жүйесі шеңберінде əзірленеді, іске асырылады жəне көкейкестендіріледі жəне менеджмент бойынша ұйымның жалпы қызметіне кіреді. Бұл ұйымдар мен мүдделі тараптары үшін ең жоғары басымдылықты қамтамасыз етеді. Осы стандартқа менеджмент жүйесінің сыйысымдылығын қамтамасыз ету мақсатымен ҚР СТ ИСО 9001 стандарт элементтері түрлендірілген. Осы стандарт пен ҚР СТ ИСО 9001 арасындағы айқасқан сілтемелер А қосымшасында келтірілген. Осы стандарт менеджмент жүйесіне арналған басқа да стандарттан тəуелсіз қолдана алады. Оны енгізу ұйым ішінде əрекет ететіен менеджмент жүйелері талаптарымен келісілген немесе интеграцияланған болуы мүмкін жəне де сол уақытта ұйымдар осы стандарт талаптарына жауап беретін тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесін əзірлеу үшін əрекеттегі менеджмент жүйесін пайдалана алады.

Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі

Жалпы талаптар . Ұйым тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент тиімді жүйесін жұмыс жағдайында құруы, құжаттауы, енгізуі жəне ұстап тұруы тиіс жəне осы стандарт талаптарына сəйкес оны қажеттілігінше жаңартуы тиіс. Ұйым тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесінің қолданылу саласын анықтауы тиіс. Қолданылу саласында тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесінің əрекеті таралатын өнімдері немесе өнім санаты, процестер жəне өндіру орны келісілген болуы тиіс. Ұйым: а) тамақ өнімдері қауіптілігін сəйкестендіру, бағалау жəне бақылауын қамтамасыз ету, олардың негізді пайда болуы жүйені қолданылу саласы шеңберіндегі өнімдерімен байланысты күтіле алады, осылайша осы ұйымның өнімі тұтынушыға тікелей немесе жанама зиян келтіре алмайды; b) оның өнімдерімен байланысты қауіпсіздік мəселелері бойынша тамақ өнімдерін өңдеу жəне тұтыну саласындағы ұйымдарға тиісті ақпаратты беру; c) осы стандартты қажет ететін тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті дəрежедегі ұйымдар шеңберінде тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесін салыстырмалы əзірлеу, енгізу жəне жаңартуды ұсыну; d) ұйым қызметі жүйесін көрсетуін қамтамасыз ету жəне тамақ өнімдері қауіптілігін тиісті бақылау туралы жаңа ақпаратты қарастыру үшін тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесін кезеңді бағалау жəне қажеттілігінше жаңартуы тиіс. Егер ұйым дайын өнімге əсер ете алатын қандай да бір процесс қатарына беруге шешсе, ол осы процестер бақылауын қамтамасыз етуі тиіс. Процестердің орындалуынабақылау мердігер тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесіне сəйкестендіруі жəне құжаттауы тиіс.

Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесін тексеру

Ішкі аудит Ұйым тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі: a) жоспарланған іс-шараларға, ұйымдар белгіленген тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі талаптарына қойылатын талаптарға, осы стандарт талаптарына сəйкес келетінін, сондай-ақ б) тиімді енгізілген жəне көкейкестендірілгенін анықтау үшін жоспарланған уақыт аралығында ішкі аудиттерді жүргізеді. Аудиттер программасын алдағы тексерілетін процестер мен өндірістік телімдердің маңыздылығын назарға ала отырып, сондай-ақ бұрынғы өткен аудит нəтижелері бойынша қабылданған көкейкестендіру бойынша кез келген əрекеттерді жоспарлау керек (8. 5. 2 жəне 5. 8. 2 тармақтарын қараңыз) . Аудит критерийі, қолданылу саласын, кезеңділігін жəне əдістерін анықтауы қажет. Аудиторларды таңдау жəне аудитты жүргізу тəртібі аудит процесінің объективтілігін мен бейтараптылығын қамтамасыз етуі тиіс. Аудиторларменшік жұмысты тексермеуі тиіс. Аудитты жоспарлау жəне жүргізу, сондай-ақ аудит нəтижелері туралы жазбалар мен есептерді жүргізу міндеттілігі жəне оған қойылатын талаптар құжатталған процедурада анықталуы тиіс. Тексерілетін өндірістік телімдерге жауапты басшылар табылған сəйкессіздікті жəне оның себептерін жою жөніндегі əрекеттердің тез арада қабылдауын қамтамасыз етуі тиіс. Кейінгі əрекеттер қабылданған əрекеттердің тексерілуін жəне тексеру нəтижелері туралы есептерді қосуы тиіс. 8. 4. 2 Тексерудің жеке нəтижелерін бағалау Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі топ жоспарланған тексерудің жеке нəтижелерін жүйелі түрде бағалауы тиіс (7. 8 тармағын қараңыз) . Егер тексеру нəтижелері жоспарланған іс-шаралар сəйкестігін растамаса, онда ұйым қажет етілетін сəйкестікті қамтамасыз ету жөнінде əрекетті қабылдауы тиіс. Осындай əрекет кем дегенде: a) ақпаратпен алмасудың нақты процедуралар мен арналарын (5. 6 ж/е 7. 7 тармақтары) ; b) оперативті АШП (7. 5) жəне НАССР жоспары белгіленген (7. 6. 1) қауіптілікті талдау нəтижелерін; c) АШП (7. 2. 2 тармағын қараңыз) ; d) адам ресурстарына басқару тиімділігі жəне дайындауды қосуы тиіс (6. 2) . 8. 4. 3 Тексеру нəтижелерін талдау Тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобы ішкі аудит (8. 4. 1) жəне сыртқы аудит нəтижелерін қоса, тексеру нəтижелерін талдауы тиіс. Талдау: а) жүйенің жалпы нəтижелілігі жоспарлық шараларға сəйкес келетінін жəне ұйымда тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі құрылғанын растау; b) тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесін жаңарту жəне жақсарту қажеттілігін анықтау; c) қауіпсіз емес өнім ықтималдығын арттыруға арналған тенденцияны айқындау; d) тексерілетін жұмыс телімдері мəртебесі мен маңыздылығына қатысты ішкі аудит жоспарын жоспарлауға ақпаратты анықтау; e) барлық орындалған түзетулер мен түзетуші əрекеттердің нəтижелі болғанына дəлелдеме ұсыну үшін жүргізілуі тиіс. Талдау нəтижелері жəне олармен негізделген əрекеттер тіркелген жəне басшылық тарапынан талдау үшін кіріс деректер ретінде сəйкесті нысанда жоғары басшыға ұсынылуы тиіс (5. 8. 2 тармағын қараңыз) . Олар тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесін жаңарту үшін кіріс деректер ретінде пайдаланылуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар
ИСО 22000:2005 “Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар”
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Оқыту тиімділігін бағалау модельдері
Минералды заттар мөлшері
Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)
Экспортқа арналған жылқы етіне қойылатын талаптар
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Қонақтарға шектеулі қызмет ұсынатын кәсіпорын
ХАССП ЖҮЙЕСІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАҒИДАТТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz