Тазымен із кесу, аң қағу



1. Аңшы құралы
2. Із туралы
3. Аңға шығатын мезгіл
4. Тазымен аң қағу
5. Қасқыр алу тазы үшін ең қиын шаруа
Аңшы құралы құсбегі құралынан сәл өзгешелеу, Киетін киімі саятшы киіміндей қимылдап-қозғалуға икемді әрі жеңіл болғаны дұрыс. Тазысын ерткен аңшы далада көп жортып, күні бойы қимылдап, жан-жақты шолып, жіті көп бақылайтындықтан күн сәулесі қарға шағылысып көзін шаршатады. Сонан кәзін қорғайтын "көзқарықтық" немесе "көзілдірік" деп аталатын құрал тағады. Оны адамның екі шықшытын басып тұратындай етіп кәдімгі көзілдірік пішінінде кесіп алған тері, ұзындығы бір қарыс, ені үш елі былғары, қара түсті қалың матадан екі көзге келетін ортасын ойық етіп жасайды. "Кезілдірікті" аңшы көзіне тағып, екі ұшына тағылған баумен бір-біріне байлайды.
Оны қарда мал бағып жүрген қосшы (жылқышы) мен қойшылар жиі киген. Аталған аспап күн сәулесі қарға шағылысып, көзі жасаурап, қышып ауруынан қазақ "көздің қарығуы" (орысша оны "снежная слепота" атайды) деп аталатын сырқаттан сақтайды. Қар жиі жауатын өңірдің малының көзі де қарығып ауыратындықтан тіптен малдың көзіне де киізден, былғарыдан істеп байлаған. Тазы итін көзқарығудан сақтау үшін көзінің шарасын айыалдыра кәдімгі ошақтың қара күйесін жағып қояды.
Бірақ қыста даладаұүзақ жүрген кезде тағатын нағыз көзілдірік жылқы терісінен жасалады, дейді белгілі шебер Д.Шоқпарұлы. Оған жылқының иленбеген шикі терісін жібітіп, түгін жидітіп алған соң, көзді жауып тұратын тұсын сопақшалап, кәзілдірік пішінінде пішіп алады да, көздің тұсынан көлденең тілік тіліп, тері тобарсыған (шала кепкен) кезде тіліктердің арасындағы жолақты көлбеу бағытқа бұрып, тері көңге айналғанша көлеңкеде кептіріп қояды. Оған шүберектен ызылған бау немесе биязы жарғақтан тілінген бүлдірге таққан.
Тазы ерткен аңшы қолына аңды ұрып алатын құрал - сабы ұзын дойыр қамшы немесе қайын сойыл, шоқпар алады. Түлкіге шықса қолына түлкі соғатын ұзын құрық алады. Бастысы, тазыны жетектеп байлап алатын шылбыр да артық етпейді. Тазыны үйреткенде оны қажет кезін дежекіп, ұрып та алатын ұзындығы бір құлаштай шыбыртқы аңшының қолынан түспейді. Ал саятта тазының жүрегін жалғап, аузын қимылдататын ет, тамақ салып алып жүретін көлемі үлкендеу "жемқалта" жанынан тастамайды.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Тазымен із кесу, аң қағу
Орындаған: Нурсеитова а
Тексерген: Туманбаев В.М

семей 2015
Жоспар:
1. Аңшы құралы
2. Із туралы
3. Аңға шығатын мезгіл
4. Тазымен аң қағу
5. Қасқыр алу тазы үшін ең қиын шаруа
Аңшы құралы құсбегі құралынан сәл өзгешелеу, Киетін киімі саятшы киіміндей қимылдап-қозғалуға икемді әрі жеңіл болғаны дұрыс. Тазысын ерткен аңшы далада көп жортып, күні бойы қимылдап, жан-жақты шолып, жіті көп бақылайтындықтан күн сәулесі қарға шағылысып көзін шаршатады. Сонан кәзін қорғайтын "көзқарықтық" немесе "көзілдірік" деп аталатын құрал тағады. Оны адамның екі шықшытын басып тұратындай етіп кәдімгі көзілдірік пішінінде кесіп алған тері, ұзындығы бір қарыс, ені үш елі былғары, қара түсті қалың матадан екі көзге келетін ортасын ойық етіп жасайды. "Кезілдірікті" аңшы көзіне тағып, екі ұшына тағылған баумен бір-біріне байлайды.
Оны қарда мал бағып жүрген қосшы (жылқышы) мен қойшылар жиі киген. Аталған аспап күн сәулесі қарға шағылысып, көзі жасаурап, қышып ауруынан қазақ "көздің қарығуы" (орысша оны "снежная слепота" атайды) деп аталатын сырқаттан сақтайды. Қар жиі жауатын өңірдің малының көзі де қарығып ауыратындықтан тіптен малдың көзіне де киізден, былғарыдан істеп байлаған. Тазы итін көзқарығудан сақтау үшін көзінің шарасын айыалдыра кәдімгі ошақтың қара күйесін жағып қояды.
Бірақ қыста даладаұүзақ жүрген кезде тағатын нағыз көзілдірік жылқы терісінен жасалады, дейді белгілі шебер Д.Шоқпарұлы. Оған жылқының иленбеген шикі терісін жібітіп, түгін жидітіп алған соң, көзді жауып тұратын тұсын сопақшалап, кәзілдірік пішінінде пішіп алады да, көздің тұсынан көлденең тілік тіліп, тері тобарсыған (шала кепкен) кезде тіліктердің арасындағы жолақты көлбеу бағытқа бұрып, тері көңге айналғанша көлеңкеде кептіріп қояды. Оған шүберектен ызылған бау немесе биязы жарғақтан тілінген бүлдірге таққан.
Тазы ерткен аңшы қолына аңды ұрып алатын құрал - сабы ұзын дойыр қамшы немесе қайын сойыл, шоқпар алады. Түлкіге шықса қолына түлкі соғатын ұзын құрық алады. Бастысы, тазыны жетектеп байлап алатын шылбыр да артық етпейді. Тазыны үйреткенде оны қажет кезін дежекіп, ұрып та алатын ұзындығы бір құлаштай шыбыртқы аңшының қолынан түспейді. Ал саятта тазының жүрегін жалғап, аузын қимылдататын ет, тамақ салып алып жүретін көлемі үлкендеу "жемқалта" жанынан тастамайды.

Аңшы да саят аты тәрізді ұзақ жүріске төзімді атты таңдайды. Ердің айылын төстей тартады, саятшыдан гөрі өрлеп-құлдилай, қияда, ойда көп жүретін болғандықтан, аттың ер-тұрманы толық сайма-сай, өмілдірік, құйысқан, қосымша айыл тартылуы шарт. Ердің қасынан сусын құйылған теріден жасалған жанторсығы, жаз жамылғысын, қыс ішігін қанжығадан тастамаған.
Аңшының ажырамас атрибуты - пышақ бірнеше мәрте суарып жасаған өткір келеді. Кәдімгі пышақтан айырмасы аз. Тек қарбаласта суырылып түсіп қалмауы үшін пышақтың дүміне орнатылған шығырығымен қынға бекітілген бүлдіргімен байлап қояды. Оған қоса аңның сирағын шығару, пұшпағын алуға қолайлы түрлі өткір кездік, бәкі қоса алып жүреді.
Аң-құсты үркітуге адам аяғы бара алмайтын жерге жыңғыл, жықпылға қарай ортасында көлемі адамның алақанындай, екі ұшына тағылған баулы зақпымен тас атады.
Бұған қоса аңшы аң үркітетін аспаптар - шың, кепшік, дауылпаз, сақпан тәрізді шуылдақ шығаратын аспаптарды және олжасын байлайтын белқанжыға, шәңгек алып шығады.
Аңшы олжасын белқанжығаға іліп, аттың қанжығасына байлаған. Оған көбіне қоян, үйрек, қырғауыл ұсақ олжаларын іледі. Оны арқанның немесе қамшының өрімі тәрізді етіп өрілген жуан таспалардың ұшын тұйықтап қойған немесе темір шығырық тағып жасайды. Өрімнің бас жағына да шығырық тағылып, оған ілгек бекітіледі. Ол ілгек кісе белдікке немесе қанжығаға байланады. Таспаның ұшындағы шығыршықтардан таспаның өзін өткізіп, тұзақтап алып, оған түз тағысын сирағынан қыстырып алады.
Аңшылар қасқыр, қабан, мәлін, сілеусін тәрізді ірі аңдарға қақпан құрғанда шынжырдың бір басына шәңгек байлап қоятын. Оны тармақтала өскен бұтақтары бар қатты ағаштан немесе еліктің мүйізінен немесе темірден жасайды. Қақпанды сүйреп кеткен кезде шәңгекжерді сызып, із қалдырып отырады. Соны бағдар етіп тазысын қосып азулы жыртқышты алдырады. Кейде шәңгектің ілмектері ағаштың түбіріне ілініп те қалады.
Шәңгекті құсбегі балапанды ұядан аларда биік шыңқұздарға өрмелеп шыққанда пайдаланады. Шәңгек байланған арқанды жоғары лақтырып, кері тартып көреді, егер шәңгектің ілгегі ағаш, бұта түбірі, тастың бедері т.б. берік ілінгеніне көзі жетсе, сол жіптің көмегімен тырмысып жоғары өрмелейді.
Аңшылар саятта көбіне тазымен жүрген кезде топ-тобымен шыққан кезде кең алқаптағы аң-құсты қуып үркітуге сан алуан шуыл шығаратын аспаптарды қолданады. Оның жиі қолданылатын түрі - сақпан. Оның тұтқасынан ұстап айналдырғанда дырылдаған дыбыс шығаратын, ортасында кертікті тістері бар айналып тұрған екі қақпақты тетік. Тағы бір түрі - тұтқасынан ұстап сілкігенде қақпақтары бір-біріне тиіп, сартылдаған дыбыс шығарады.
Шеңбері ағаштан дөңгеленте иіліп, шанағына түгінен тазартылған ешкінің немесе түйенің шылғи терісін керіп жасаған дабыл ну орман-тоғайдағы құстарды, аңдарды үркітуге көбіне оңтайлы деп есептеген.
Беті дөңес, дөңгелек келген металл ағаш қаққышпен соққанда шыңылдаған дыбыс шығаратыншың, жорықтарда айбар беріп, қыр көрсететін дауылпазды қолданады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Із туралы
Жер бетіне жұққан, жабысқан, қарға, балшыққа, топыраққа, құмға батып түскен белгі - аяқ-қолдың таңбасы ізі.
Аңның жынысын, жасын, салмағын іздің мөрі, желісіне, аяқ алысына қарай аңның жаралы ма, сау ма, қалай қарай, не үшін кетіп бара жатқанын, әлде бір жемтік аулап жүр ме немесе жем аулап қайтып келе ме және т.б. қарекетін ажыратуға болады. Іздің ескі немесе жаңасын анықтағанда ауа райын: жауын-шашын мен қалың түскен шықты әуелі ескереді. Егер көлеңкелеу жердегі із болса қатарынан осындай із таңбасын түсіріп, салыстырып қарайды. Ізді кескенде үстін басып алмай, ізді жанамалап жүреді. Қара сүрлеуде із кесу, аңшы үшін ең қиын кезең.
Ұзақ уақытқа дейін сақталатын және тез өшетін іздер де болады. Дымқыл топырақтағы, су жағасындағы қайраңдағы іздер ұзақ сақталады. Сусыған құмға түскен іздер жел соққанша ғана жатуы мүмкін. Қара жерге қатты топыраққа түскен таңба ұзақ сақталады, оны өлшеу, байқау оңай. Қиыршық құм аралас жерлерде ешқандай белгі таңбалар жоқ, шұқанақ тектес іздерді күн шығып немесе батып бара жатқан кезде оңай байқауға болады. Боз қырауға түскен із ап-айқын түседі, қара күзде, жер қыртысы қатқан кез де аңның ізінен жерге терең таңба түспейді, тіпті ат тұяғының өзінен де қатқан тоңда болар-болмас қана сызат қалады.
Жұмсақ қармен жүргенде аң түяғымен немесе табанымен қарды ысырып, іздің бетінен түбіне дейін сызат қалдырып отырады. Оны ысырма жол деп атайды. Ал енді бір басқа аяқты қайта көтергенде, ол қар үстімен сүйретіліп, тағы сызық қалдырса ол сүйретпе жол деп аталады. Аң дұрыс жүріп отырғанда ысырма жол әр уақытта тереңдеу, тікелеу келеді де, сүйретпе жол жайылыңқы, тайыздау келеді. Қар өте қалың болса, олар біріне-бірі қосылып, із шұңқырының арасы қосылып кетеді және оны "қар кешу" деп атайды. Үгілме қар тым қалың болса, онда із бен ысырма, сүйретпе жолдар қосылып, тұп-тұтас шұбырынды сүрлеуге айналады. Егер қар қалыңырақ (20-35 см) болса, оған түскен із сопақша шұңқыр түрде болады.
Із мөрінде тұяқтың ұшы аңның жүрген жағына қарай бағытталып жатады. Ал табан шұңқырлары мен ойықтарының ашаланған жағы аңның беталыс бағытына қарама-қарсы болады. Іздің бағытын сүйретпе із жолына қарап анықтау оңай: сүйретпе жол ысырма жолға қарағанда тікелеу әрі таяздау келеді. Аң аяғын көтергенде, тұяққа немесе табан астына жентектеліп басылған қар түйіршіктерін бірге ала шығады. Ол түйіршіктер екпінмен ылғи алға қарай түсіп отырады. Соған қарап та аңның қалай қарай жүріп отырғанын анықтауға болады.
Сусыма, қиыршық қардағы жаңа ізді ескі ізден ажыратып алу да оңай емес. Мұнда қар құм сияқты сусып, тез ойылады да, ізден ешбір бедер қалдырмай, оның орны ойылып-ойылып қалады. Кейбір әккі тазылар ескі із бен жаңа ізді, аңның алға не кейін жүргенін айыра береді. Жаңа ізге түссе жаны қалмай, аласұра жүгіреді де, басын ізден алмайды.
Аңшылар іздің бір бүйірінен көлденең кесіп, аңның ізіне түсіп қуып келген із шиырға, сүрдекке, жолға шықса аңшы ізді тастай салып, аңның қашқан бағытына өтеді де, шиырдың, сүрдектің сыртынан орағытады. Ал шиырдан суырылып шыққан соны жердегі өзі қуған ізді көлденең кесіп, тауып алуды "із кесу" деп атайды. Кейде із алыстан орап кеткені байқалса, аңшы аңның баратын жерін, өтетін жерін мөлшерлейді де, қуған ізді тастай салып, сол өзі мөлшерлеген жерінен барып ізді тағы кездестіреді.

Ені тар, әрі кішкене ғана түлкі ізі бірінен соң бірі қондырылған ноқат тәрізді, адымының ұзындығы 23-28 см-дей, алдыңғы аяғының таңбасы 4x5, артқы аяғының таңбасы 3x3,5 см шамасында болады. Шеңберлене алдына қарай созылыңқы түлкі ізі таңбасында тырнағы бар төрт бақай және өкше ізі ажыратылады. Түлкінің қарға түскен ізіндегі қимыл-әрекетінен, аяқ басып, адым алуынан, секіріп қарғу қимылынан оның өзі күшіктүлкі ме, ересек түлкі ме, кәрі түлкі ме, жас түлкі ме, қаншық па, арлан ба дегенді де айырады. Ондайда іздің үлкен-кішілігі, үшкілі-доғалы, тік не сыпырып басқандығы, дөңгелек не сопақтау түсуі және жортуының ұзақ-қысқалығы, осының бәрі солтүлкі жөніндегі нақты деректер ретінде қабылданады. Отырған орнынан сол түлкінің аңынан қағылған, қағылмағанын байқайды.
Жем тауып жеп әбден дәніккен түлкі ешқайда бұрылмай тура тартады. Су жағасына шығып, сілкініп, таранып, тазаланатын құстарды аулайтын әдет болса, олардан қалған белгі - құстың қауырсыны, жүн, қан-жын тамған дақтар байқалады.
Қуғыншы келе жатқанын сезген түлкі қашқан бетінде бірер түлкінің ізі кезігіп қалса болғаны, өз жолын кесіп өткен сол ізге өз ізін соғады да, сол ізге аяғын аудармай басып, өзі аңшының жүріп өткен жолынан кері қарай қашады. Аңшы оны байқап өзі қуған түлкінің ізін тауып, қайта қуғанша, түлкі ұзап кетеді.
Түлкінің із жолының ені өте кішкентайлығы сондай, түлкі ізі бірінен кейін бірі мұқият қондырылған, қосарланған екі ноқат тізбегі сияқты әсер қалдырады. Адымының ұзындығы 23-28 см, жеке із таңбасының мөлшері: алдыңғы аяғынікі- 4x5 см, артқы аяғынікі 3x3,5 см келеді.Түлкінің ізіне ұқсайтын шибөрінің іздері Сырдария өзенінің жағалауларында кездескен дейді із кесуші маман А.Лесняк. Шиебөрі ізінің қасқыр ізінен айырмашылығы оның із таңбасы екі-үш есе кіші, әрі ортаңғы бақайының томпақ табаны бүйір бақайынікінен сәл үлкендеу болады.
Түлкінің із тастауындағы бір қулығы - қашып бара жатқан бағытынан кері айналып, өзі басып өткен ізді дәлме-дәл басып келген бойдағы ізін артқа қарай жағалап, ізін суытып кетеді. Ал аңшының алдында енді екі із пайда болады. Бірі - қашып бара жатқан із, оны өзі қуып келеді, екіншісі - аңшыға қарсы жолыққан із. Аңшылар әдетте өзі қуған ізден адаспауы шарт. Сол тәртіп бойынша аңшы өз ізін қуа береді. Сол қуған күйі түлкінің қайта қайтқан жеріне барғанда бір-ақ байқайды. Түлкі иек артпадан жүздеген қадам жерден көрінсе, бабына келген тазы оны 3-4 жүз қадам жерге дейін қуып жетіп ұстайды. Әккі тазылар білдірмей, түлкіге мейлінше жақындап келуге тырысады.
Қасқырдың із таңбасы жинақы, бақайының табақ еті қатты, тырнағы қайратты, әрі жуантық келетіндіктен олардың ізі айқын, ілгері қарай сәл сүйірлеу болады. Бүйір бақайларының таңбасы алдыңғы бақайларының өкше тұсына жақын жатады. Алдыңғы аяғының өкшесі ішіне қарай қисайыңқы бітеді, ал артқы аяқтың өкшелері сыртына қарай сәл қисайған болады. Қасқыр көп бұлтақтамай бір аяғының ізін екінші аяғымен басып, түзу жүріп отырады. Мұны қасқырдың шуама ізі атайды. Ал жараланған қасқырдың тұяқтарының ұшы қар бетіне сызылып, сүйретіліп түсетіндіктен, оны сүйретпе із атайды. Ал алдыңғы аяғы жараланған қасқырды екі сау қасқыр аузына ағаш тістеп, ортасына жаралысын асып, "зембілдей" отырып алып кетуге әрекеттенетіндіктен ол ізі мен мұндалап "ақсақ із" салады.
Қасқырдың ізі ұзын, түзу желімен түседі: артқы аяғын алдыңғы аяғының ізінің үстіне дәл басып отырады.
Ал иттің ізі қасқырға ұқсас болғанымен, өзгешелігі бар: иттің ізі айқын емес, көмескілеу болып түседі, пошымы қасқырдыкіндей сүйірлеу емес, жалпақтау, бүйір бақайларының таңбасы алдыңғы бақайларының өкше тұсынан жоғары асып, алдыңғы аяқ өкшесінің сыртқы жағы сәл ішке қарай иіліңкі, артқы аяқтың өкшесі сыртқа қарай бейімдеу тұрады. Сондай-ақ жолда тіміскілеп жүретіндектен "ирек" болады. Ал қасқырлар жан жағына бұрылмай тура (тік) жүретіндіктен ізі (траекториясы) "түзу" болады. Қасқыр ізі таңбасының ұзындығы 9-13 см болса, иттің ізінің мөрінің ұзындығы 5-10 см ден аспайды. Қасқыр иттен (иттің бақай табанының таңбасы көмескілеу) гөрі ауыр келетіндіктен ізі тереңдеу, бақайларының мөрі айқынырақ түседі. Тырнағы келе жатқан бағытына қарай, тіке, түзу болып түседі. Қасқырарланының ізі дөңгелектеу, ал қаншығынікі сәл сопақшалау келеді. Қасқырдың да, иттің де ал-дыңғы аяғының таңбасы артқы аяғыныкінен ірілеу болады.

Өте айлакер қасқыр іздерін бірге жүрген кезде жасырып, санын, тобын білдірмеуге әрекеттенетіндігі табиғи құбылыс. Қасқыр бірінің ізін бірі басып, бір ғана ізбен жүріп "жалғызқасқыр" жүргендей әсер қалдырады. Иттің ізі қосарлана бір аяғының ізін екінші аяғы дәл баспай, артқы аяқ не алдыңғы аяқтың ізін жартылай басады, не соның қасына түседі. Топты қаншық қасқыр бастап, ең соңынан арланы жүреді. Ит жүгірген кезде ізі қасқырдыкіндей емес, сәл иректеу жүреді.
Бірақ қасқыр жол бойы кездескен өзен-су өткелі, тоғай, тау, ор, шұңқыр тәрізді кедергілерден өткенде бөлініп жүруге тура келеді. Әккі қырағы аңшылар мұндайда қасқырдың ұяластары немесе тобы қанша екендігін шамамен долбарлап біліп қояды. Қасқырдың ең бір ерекшелігі апанының маңындағы ауылдың қорасы мен малына әсте тиіспейді. Ал бөлтірігін алса, апанын бұзса ашынып, тура шабуылдайды.
Жазда күн ысып, бөлтіріктер қатайып оларға су тасып үлгере алмайтындай халге түскенде өзен-су жағасына жақындатып, шөптесін жерге әкеліп, бөлтірігін тығады. Ондайда бірнеше бөлтірігін желкесінен тістеп бірнеше рет тасымайды, керісінше, өзіжеген малдың қарынын алып, соған бөлтіріктерін салып бір-ақ рет көтеріп алып кетеді. Ал ініне жортуылдан келген соң тура келмей кемінде үш мәрте айналып жүріп, айналада қауіп жоқ екендігіне көзі жеткен соң ғана кіреді. Бөрі мен бөлтіріктің ізін үлкен-кішілігіне қарай ажырататын аңшылар ол жерлерге тазыны әкеліп салып бөлтірікті тірідей алдырады. Бөлтіріктің терісі біркелкі қарақоңыр, жүні майда түбітті келеді және қазақтар оны малақай жасауға жақсы дейді.
Қолға ұстаған бөлтірікті тазы күшікке үйірсек етіп жұп құрса, ізге жақсы түседі. Бөлтіріктің із кесудегі ерекшелігі ауадан иісті қармап, із таңбасына тұмсығын тығып жүреді.
Тазының ізшілдігі сонша, іздің ішінен қоянның ізін ажыратып, қуып кететіні және оның қалың шеңгелдің ішінен де, су қатқанда да мұздың үстімен жүгіріп, қамыс, қоғаны өзі "сүзіп" шығатыны да кездеседі. Қоянның табан ізінде төрт саусағының тұяғы бірдей байқалады, ортадағы екі тұяқ алға қарай озыңқы, ал сыртқы тұяғы ішкі тұяғынан сәл артқа қарай қалыс болады. Артқы аяқтан алдыңғы аяқ ізі үлкен, әрі анық болып түседі. Қар бетіндегі қоян ізінде алдыңғы екі аяқ ізі бір сызықта "қатарласып", ал артқы екі аяқ ізі үзынынан бір-бірінің артында "тізіліп" түседі. Кәрілеу қоянның ізі жайыла түссе, жастауынікі тұяғы өткір, саусақ сүйектері тік келетіндіктен тік, анық, жіңішке болып түседі.
Қоян жүгірген кезде әрдайым із тастап, бір жерде бірнеше рет қайталай айналып, бір ізбен екі реттен жүріп, екі қабаттап, әлден уақытта жалт беріп, қарғып кетіп, із желісін үзіп, адастырып жүреді. Жүгірген кезде қоян аяғын алдыңғы аяғының алдына тастап, төрт тармақты із жасап жүгіреді, бұл төрт таңбаның алдыңғысы артқы аяғының ізі де, артқысы алдыңғы аяғының ізі болады. "Төрт тармақтың" арасы 40-60 см болады да, ал әлденеден үркіп қашқан қоян 2-2,5 метрге дейін қарғиды. Қоянның жеке аяғының қарға түскен таңбасында бақайының тырнағы анық көрінбейді, өйткені қоян тырнағы қалың жүннің арасында тұрады да, таңбасы түспейді. Қоян із таңбасындағы шұңқыр ұзындығы 7-8 см, ені 3-3,5 см келеді.
Қарақұйрық ізінің таңбасы "картадағы жүректің" суреті тәріздес, сопақтау, үшкір келеді, батыңқы түспейді. Қатқыл жерлерде көмескі болады, өйткені тұяқтың таңбасы түгел түспей, тек үшкір қырынан сызат қана қалады. Тұяқ таңбасының көлемі Зх3,5-4,5 см. Алдыңғы тұяқ артқы тұяғынан сәл үлкендеу келеді. Қарақұйрық шапқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістемесі
Иттің таралуы мен түрі[
Аңшылық кәсібінің мәдениеттегі орны
Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту
Қазақ тіліндегі «Аңшылық» концептісі
Аңшылық иттердің шығу тегі және жіктелуі
Қызметтік иттер
Аңшылық пен саятшылыққа (АС) қатысты атаулардың семантикасы
Аңшылық-шаруашылықтағы құрал-жабдықтар
Қазақ халқының салт-дәстүрлері жайында
Пәндер