Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай жайлы мәлімет
1. Бұқар жырау толғаударындағы Абылай бейнесі
2. Абылай бейнесі тарихи шындық көзімен
3. Ұқсастықтары
2. Абылай бейнесі тарихи шындық көзімен
3. Ұқсастықтары
Біз бүгінде Абылай хан жайлы айтқанда оның өз елін аялаудағы, өз жерін жат көзден қорғаудағы аса қырағылығы мен қайтпас қайсарлығын еске түсіреміз. Оны жан-жақты жырлап, оның жетістігі мен кемістігін де жұрт алдында жайып салып отырған Бұқар жырау ол жайында:
Алыстан тоят тіледің,
Қылышыңды тасқа біледің.
Алмаған жауың қоймадың,
Алған сайын тоймадың.
Несібеңді жаттан тіледің, –
десе, Шоқан осы жырау айтқан пікірді одан әрі жандандырып: «Абылай дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған», – деп жазса, біз мұны өте дұрыс баға деп білеміз.
Бүгіннің белес-белес биігінен өткен ата-баба жолына көз жіберсек, олардың әділетті істеріне, әлуетті мінездеріне, жомарт жандарына, асқақ та айбынды жырларына таң-тамаша қаламыз. Бұл орайда, әсіресе XVIII ғасырдағы ата-бабамыздың береке-бірлікке, ынтымаққа, ерен ерлікке толы ғажайып заманы қызықтырмай қоймайды. Қаншама ала шапқын, ұрыс-керіс болғанына қарамай, ел іші әділетті билік құрған соң да ол кезең «қой үстіне бозторғой жұмыртқалаған» дәуір болыпты деседі. Біз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына жүгінсек, ол: «қалмақтың құтын қашырып, Сарыарқадан аударған, қалмақтың басына қан жаудырған Абылай хан екен. Сол заманда сүрген дәуренді Қазақбайдың баласы Абылайдан бұрын көрген емес, Абылайдан соң бұл заманға дейін де көрген емес» – десе, әрине, «ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деген сөз де дәл осындайдан туған. Әйтпесе қалың қазақ қашаннан бір-бірімен балдай тату болса жер де, көк те өзіміздің меншігіміздей, қара жерде алшаңдап баспас па едік?!

1. Абылай хан. Өмірі мен қызыметіне қатысты құжаттар мен материалдардың жинағы. – Петропавл ЖШС «Астана» баспасы. – 2005. -477б.
2. Абылай хан: - Алматы: МП «Айқап», - 1992. -32б.
3. Әбеуов Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінен.- Алматы: Қазақстан. – 1994. -144б.
4. Көкбай ақын Жамантаев. Абылай / құрастырған С Қармендин. – Алматы: Дария – пресс. -1993. -147б.
5. Қасымбаев, Жанұзақ. Абылай хан: Тарих. Тұлға. Уақыт. / Қасымбаев, Жанұзақ. – Алматы: Аруна, 2003. -88бет.
6. Тарақ Ә. Алаштың айбын – ардағы – Абылай хан (Әдеби – тарихи монография) – Алматы: «Қазақстан» баспа үйі, - 2003. -240б.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СОБӨЖ
Тақырыбы: Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай тарих және көркемдік шындық деген тақырыпта 13-15 бет көлемінде реферат жазу
Тексерген: А.О.Тоқсамбаева
Орындаған: А.Қ.Тоқсанова
Топ: КЯ-409с
Семей, 2015 жыл
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай
тарих және көркемдік шындық
Жоспар:
1. Бұқар жырау толғаударындағы Абылай бейнесі
2. Абылай бейнесі тарихи шындық көзімен
3. Ұқсастықтары
Біз бүгінде Абылай хан жайлы айтқанда оның өз елін аялаудағы, өз жерін жат көзден қорғаудағы аса қырағылығы мен қайтпас қайсарлығын еске түсіреміз. Оны жан-жақты жырлап, оның жетістігі мен кемістігін де жұрт алдында жайып салып отырған Бұқар жырау ол жайында:
Алыстан тоят тіледің,
Қылышыңды тасқа біледің.
Алмаған жауың қоймадың,
Алған сайын тоймадың.
Несібеңді жаттан тіледің, -
десе, Шоқан осы жырау айтқан пікірді одан әрі жандандырып: Абылай дәуірі - қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған, - деп жазса, біз мұны өте дұрыс баға деп білеміз.
Бүгіннің белес-белес биігінен өткен ата-баба жолына көз жіберсек, олардың әділетті істеріне, әлуетті мінездеріне, жомарт жандарына, асқақ та айбынды жырларына таң-тамаша қаламыз. Бұл орайда, әсіресе XVIII ғасырдағы ата-бабамыздың береке-бірлікке, ынтымаққа, ерен ерлікке толы ғажайып заманы қызықтырмай қоймайды. Қаншама ала шапқын, ұрыс-керіс болғанына қарамай, ел іші әділетті билік құрған соң да ол кезең қой үстіне бозторғой жұмыртқалаған дәуір болыпты деседі. Біз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына жүгінсек, ол: қалмақтың құтын қашырып, Сарыарқадан аударған, қалмақтың басына қан жаудырған Абылай хан екен. Сол заманда сүрген дәуренді Қазақбайдың баласы Абылайдан бұрын көрген емес, Абылайдан соң бұл заманға дейін де көрген емес - десе, әрине, ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп деген сөз де дәл осындайдан туған. Әйтпесе қалың қазақ қашаннан бір-бірімен балдай тату болса жер де, көк те өзіміздің меншігіміздей, қара жерде алшаңдап баспас па едік?! Осы себепті де Бұқар жырау:
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін.
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз,
- деп толғанған ғой.
Расында, ауызбірлікті болуды ата-бабамыз айтқан. Өйтпесе Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді деген қанатты сөз де тегіннен-тегін шықпас еді. Бүгінгі әңгіме арқауына айналып отырған Бұқар жыраудың хан - Абылайдан бастап, ел бастаған көсемге, сөз бастаған шешенге ақыл-тоқтау айтпағаны бар ма?!
Бір заманда өткен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің ынтымағы қай кезде де ауадай қажет. Аталарымызға қарасақ, ұйыған сүттей, үлбіреген гүлдей ел екенбіз, осы күнге дейін арамызға ши жүгіртіп, арандатқан да бөгде пейіл, бөтен жұрт екен.
Енді бүгін егемен ел болдық, Аллаға шүкір, қазақпын деп еңсемізді көтеріп жүретін жағдайға жеттік. Әсіресе дәл осы кезеңде ел намысын ту етіп көтерген Абылай ханның жолы да, оған нұсқа айтқан Бұқардың кемеңгерлігі де аса қымбат, аса қастерлі.
Бұқардың бүкіл өлең-толғауларын, аңыз-әңгімелерін, шежіресін жазып қалдырған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: Қаржас Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау деген қария болған екен. Заманындағы сыншылар ол кісіні Көмекей әулие дейді екен. Сол Бұқар Абылай ханға айтқан екен: Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше еңсегей бойлы Ер Есімге де жолдас болдым, сен оның бір түстігіне де жарамайсың, - депті.
Ақынның осындай асыл қасиетіне терең бойлаған Мұхтар Әуезов: Ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс болатын жақсылардың сөзі көптің көзінде мінсіз, толық болуы шарт. Көлденең кісі мін таба алмайтындай қорғасындай ауыр, оқтай жұмыр, өтімді болуы керек. Сол себепті бұлардың сөзі асыл өлең өлшеуімен шығуы шарт болған. Айтылған сөз: тақпақ, толғау сияқты болса ғана ел көзіне мінсіз, асыл болып көрінетін, - дейді.
Біз XVIII ғасырды әдебиетіміздің алтын ғасыры деп бағалайтын болсақ, онда сол кезеңнің алтын шаңырағы деп Бұқарды айтқан болар едік. Өйткені Бұқар - бүкіл сол дәуірдің тарихи шындығы мен әлеуметтік мәселелерінің жыршысы. Атамыздың әр толғауы дастан сияқты қабылданады. Енді біз жыраудың Абылай ханға айтқанына құлақ түрейік:
Ай, Абылай, сен он бір жасыңда
Әншейін-ақ ұл едің.
Он бес жасқа келгенде
Арқада Әбілмәмбет төренің
Түйесін баққан құл едің,
Абылай атың жоқ еді,
Сабалақ атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар.
Жиырма беске келгенде,
Бақыт берді басыңа,
Тақыт берді астыңа.
Отыз жасқа келгенде,
Дүниеге кең едің.
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде
Шайқалып аққан сең едің.
Қырық жасқа келгенде
Алтын тонның жеңі едің.
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің.
Елу жасқа келгенде
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің.
Елу бес жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң, маужырап барып соларсың.
Алпыс бес жасқа келгенде,
Әрбір атқа қонарсың.
Жыраудың осы толғауы адамның ішкі жан дүниесін еріксіз тербейді, ханның қарсы алдында тұрып, оның кеше кім болғанын, қаймықпай жырлайды. Тіпті, Сабалақ деген атпен түйе баққанын да, әншейін-ақ екінің бірі болғанын да айтып салады. Осы орайда Бұқарға қандай риза болсаңыз, хан басымен осындай зілбатпан сөзді көтерген Абылайға да сүйсінесіз. Бұдан әрі қарай жыраудың Абылай ханның жеке басындағы айрықша қасиеттерді термелеп кетуі де оның кемеңгерлігін, аса парасатты жан екенін байқатады. Әсіресе ханның әр жасының өзіндік қадір-қасиетін сымға тартқан күмістей шебер суреттеуі, мөлдірете айта білуі кім-кімді де ойландырып тастары анық. Ақын Абылайдың жиырма бес жасында Алланың жебеп-желеуімен басында бағының, астында тағының болғанын бір дәріптесе, отыз жасқа келгенде бүкіл әлемге ой көзімен қарап, еш нәрседен тарынбағанын, бар әлемге кең тыныспен қарағанын да байқаған. Ал ханның не бәрі отыз бес жасында Қарасудың бетінде шайқалып аққан сең екенін де ескертіп кетеді. Біз жыраудың қырық, қырық бес, елу жасындағы Абылайдың алған қамалы мен шыққан биігін соншама дәл айтқанына да дән риза боламыз.
Ханның барлық іс-әрекетін екі көзімен бірдей бақылап отырған жырау оның не істеп не қоятынына дейін күнделікті араласып отырған:
Абылай ханның қасында
Бұқарекең жырлайды.
Жырлағанда не дейді,
Соғыспа деп жырлайды.
Бұқарекең деген кәріңіз,
Соғыссаң кетер сәніңіз.
Бізден бұрын өтіпті
Әзіреті Әліңіз.
Жаулық жолын сүймеңіз,
Мұнау жалған сұм дүние
Өтпей қалмас демеңіз.
Пұсырман болсаң кетіңіз,
Сырдарияның суынан
Көлденең кесіп өтіңіз.
Жырау бұдан әрі қарай орыспенен арада тыныштық сақтауды, жөнсіз ерегеспеуді үндейді. Абылайды бейбітшілікке, ынтымаққа шақырады. Ол осы ойын өлеңмен толғап кетеді:
Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма.
Орыспенен соғысып,
Басыңа моншақ көтерген
Жұртыңа жаулық сағынба.
Күнінде мендей жырлайтын
Тоқсан үште қария
Енді саған табылмас, - дейді.
Жырау Абылай ханның аласұрған көңілін сабырға шақырып, бейбіт күнге үндейді. Ел арасының тыныштығын ойлайды. Біз жыраудың тереңнен тебіренген нұсқалы сөзіне нанамыз. Ол халықтың қамын, елінің есендігін, басы бүтін бауырының амандығын ойлайды.
Абылай ханның соғыстағы ерлігін, бейбіт кездегі ақыл-парасатын жан-жақты жырлаған жырау оның қасындағы жансерік батырларын да, қырағы жолдастарын да барынша марапаттап, әрқайсының өзіндік қасиетін жырға қосқан. Соғыстағы ерліктерін шебер толғаған:
Қалданменен ұрысып,
Жеті күндей сүрісіп,
Сондағы жолдас адамдар:
Қара Керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шақшақұлы Жәнібек,
Сіргелі қара Тілеуке,
Қарақалпақ Құлашбек,
Тігеден шыққан Естербек,
Шапырашты Наурызбай,
Құдаменді Жібекбай қасында,
Бақ дәулеті басында
Секербай мен Шүйбекбай,
Тансық қожа, Мамыт бар,
Қасқарауұлы Молдабай,
Қатардан жақсы қалдырмай,
Айнақұл Бәти ішінде,
Өңкей батыр жиылып,
Абылай салды жарлықты.
Қалдан ханды қашырып,
Шеп салған жерін бұздырып,
Ұрысты қатты қыздырып,
Қасым ханның шешесін
Хан Абылай алған-ды.
Біз Абылай хан туралы қаншама толғау, жыр, өлең, дастан жазған ақындарды білеміз, алайда олардың ішінде ең озығы, ең дұрысы Бұқар жырау толғаулары деп білеміз. Жырау ханға ащы да айтады, тұщы да айтады, соның бәрін халық мүддесі үшін, ел қамы үшін толғайды. Біз осы орайда Садыр, қайда барасың? атты туындыға тоқталсақ, елден бөліне көшкен ауыл ағасына басу, тоқтау айта келіп, ханды ел тұтқасы, ел басшысы ретінде оның алдына көлденең тартады, еліңді құрметте, ханыңды қадірле, сені ешқайда жібере алмаймыз, жұрт ішіне бүлік салма, райдан қайт, көшті тоқтат, - деп бұйыра сөйлеп:
Абылай алдында сен бітсең
Құдандалы таныспын.
Абылай алдында бітпесең,
Атасын білмес алыспын, - дейді.
Біздің бұдан байқайтынымыз, жырау ханды ылғи ұрсып немесе үнемі мақтап-марапаттап отырмаған, істің жолы мен жөніне қарай әрекет жасаған.
Бұқар жырау Абылай ханды жанашырлықпен жіті бақылағаны сонша, оның кіммен некеленуінің қажет екеніне дейін жырлаған:
Ай, Абылай, Абылай,
Қатын алма қарадан,
Қара тумас сарадан.
Алды кетпес баладан,
Арты кетпес жаладан,
- дей келіп: Бұқар - туған халқы, өскен жері үшін, елінің болашағы үшін ерінбей тер төккен ғұлама. Оның асыл туындысы көнермей, жұрт қажетіне жарай бермек.
2. Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) ақтабан шұбырынды жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған Сабалақ деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz