Жылу мен электр энергияны аралас өндіруге арналған бутурбиналар жайлы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ
АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ
Инженерлік-технологиялық факультеті
СӨЖ
Тақырыбы «Жылу мен электр энергияны аралас өндіруге арналған бутурбиналар »
Орындаған:Семейхан. А
ТЭ-317
Тексерген:Қасымов. А. Б
Семей 2015ж
Жоспар
- Кіріспе
- Жылу және электр энергиясын өндірудің екі әдісі бар
- Энергиясын тұтынған кәсіпорындар
- Қортынды
Кіріспе
Өнім өндіру туралы, су электр стансалары, жылу электр стансалары және қазандықтар жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы, электр энергиясын (электрлі теңгерім), жылу энергиясын, газды өндіру және тұтыну туралы, өнеркәсіптегі қызметшілер еңбегінің электрмен жарақтануы туралы, қуаттардың барысы мен пайдалануы туралы, энергетикалық жабдықтардың құрамы туралы жалпымемлекеттік статистикалық есептілік энергетика статистикасы бойынша негізгі ақпарат дереккөздері болып табылады.
Тұтастай отын-энергетикалық қорлардың кірісі пен шығысы (жоғалғаны және қалдықтарын қоса) арасындағы толық сандық сәйкестілігін (отын-энергетикалық теңгерім) көрсететін көрсеткіштер жүйесі туралы деректерді қалыптастыру «Отын-энергетикалық теңгерімді құру бойынша әдіснамалық ұсыныстарға» сәйкес жүзеге асырылады, ЖІӨ-нің энергиялық сыйымдылығы мен көміртегі сыйымдылығын есептеу «Энергиялық тиімділікті бағалау көрсеткіштерін есептеу бойынша әдіснамалық ұсыныстарда» келтірілген.
Жылу энергия өндірісі сферасының қуаты өсуінің төмен деңгейін ескерсек, 2003-2011ж. ж. динамикадан болашақта әр жыл сайынғы жылу энергия өсуінің аралығы өзгеруі 1, 9% болатынын болжауға болады. Нәтижесінде 2020 жылы жылу өндірісінің жалпы көлемі 116 114, 59 мың. Гкал-ны құрамақ. Энергетикалық зерттеу институтының адам басына шаққандағы меншікті жылу тұтынудың жалпы есебіне сәйкес, 2020 жылғы болжамдық халық санындағы Қазақстан Республикасы халқының қажеттілігін қамтамасыз ететін керекті жылу көлемі 240 000 мың. Гкал-ны құрауы қажет . Осы себепті жылу энергиясы өндірісін кеңейту қажеттілігі туындайды немесе жылумен қамтамасыз ету саласында энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу қажет болып табылады.
2011-2020 жылдарғы Қазақстан Республикасының тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау мәліметі бойынша 2010 жылы Қазақстанда ғимараттардағы жылу энергиясының жылдық шығымы шаршы метрге шамамен 270 кВт-ты құрады, яғни еуропалық орташа көрсеткіштен шаршы метріне 100-120 кВт-қа көп. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде жалпы жылу энергиясы өндірісіндегі тарату кезінде жылу жоғалудың орташа көрсеткіші - 6-7%, Финляндияда - 4%, Қазақстан Республикасында 15-тен 30%-ға дейін жетеді.
Жылу және электр энергиясын өндірудің екі әдісі бар
Электр энергиясын өндіруге бағытталған конденсациялық электр станциясы (КЭС) ;
Жылу және электр энергиясын қатар өндіруге бағытталған аралас жылумен қамтамасыз ету - жылуфикация.
Жылуфикация орталықтан жылумен қамтамасыз етудің жоғары формасы. Электр және жылу энергияларымен эффективті қамтамасыз ету жылуфикация үрдісімен байланысты. Жылуфикация - қос (параллельді) энергияны, яғни электр және жылу энергияларды өңдеу кезіндегі көп тұтынушыларды бір ортада (орталықтандырылған) қамтамасыз ету.
Жылуфикациядағы энергия көзі - жылу электр орталығы деп аталады. Жылуфикация альтернативті үрдіс - жылу және электр энергияларын бөлек-бөлек өңдеу. Бұл жағдайда электр энергиясы өндірілетін көзі - конденсациялық электр стансация (КЭС) деп аталады. Ал жылу энергиясын өңдеу көзі - ол қуаттылықттары әртүрлі қазандықтар. Конденсациялық электр стансацияларының тағы бір түрі - мемлекеттік аудандық электр станциясы (МАЭС) .
Жылуфикацияда энергиямен рационалды қамтамасыз етудің 2 түпкі бастамалары орын алады:
- Бір мезгіл параллельді екі электр және жылу энергияларын өңдеу.
- Көп тұтынушыларды бір ортадан жылумен қамтамасыз ету.
Жылуфикацияға шектеу - көп тұтынушылардың шоғырлануының қажеттілігі, яғни қала қажет, онсыз мүмкін емес.
Орталықтан жылумен қаматамасыз етудің артықшылықтары:
- Елдегі көп шағын жылу көздері жойылып, бұлардың орнына қуаты жоғары жылу көзі салынады. Салыну орыны географиялық нүктенің үстем жел бағыттарына байланыстырғанда ық шеті, мұндай жағдайда қаланың экономикалық жағдайы жақсарады. Ауа атмосферасы тазалығы деңгейі жоғарылайды.
- Қуатты жылу көздердің оттық кеңістіктерінде сапасы төмен оттықтарды эффективті жағуға жағдай туады.
- Экономикалық және тәжірибелік іске асыру жағынан қуаты жоғары жылу көздерде түтіндерді зиянды заттардан тазарту үрдісін шағын көздерді тазарту үрдісімен салыстырғанда ыңғайлы.
Жылуфикацияның эффективтігі (жылуфикацияның эффективтігін T-S диаграммада дәлелдеу) конденсациялық электр станциясының және жылуфикациялық электр станциясының идеалды бу циклдерін салыстырумен анықталады.
T - абсолютті температура, К.
S - энтропия, кДж/кг · К.
Конденсациялық электр станциясының және жылуфикациялық электр станциясының идеалды бу циклдерінің диаграммаларының схемасы
Энергиясын тұтынған кәсіпорындарЭлектр энергиясын өндіріп бөлетін кәсіпорындар, сондай-ақ электр энергиясын тұтынған кәсіпорындар бойынша электрлі теңгерімді құру және энергетикалық жабдықтардың құрамы туралы деректер жыл сайын келесі көрсеткіштер бойынша қалыптасады:
-электр энергияның кірісі және шығысы;
-электр энергияны тұтыну;
-электр энергияның шығындары;
-еңбектің электрмен қамтамасыз етілуі;
-жылу электр стансаларының, гидро электр стансаларының және өзге де электрлі стансаларының қуаты.
Электрдің теңгерімін Э есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
, мұнда
- өндірілген электр энергиясының көлемі;
- республика сыртынан алынған электр энергиясының көлемі;
- тұтынылған электр энергиясының көлемі;
- республика сыртына жіберілген электр энергиясының көлемі;
соның ішінде тұтынылған электр энергиясының көлемін құрайды:
,
мұнда
- экономика салаларында тұтынылған электр энергияның көздері;
- халықпен тұтынылған электр энергияның көлемі;
- көшелерді жарықтандыруға жіберілген электр энергияның көлемі;
- шығындалған электр энергияның көлемі;
Өнеркәсіптегі еңбектің электрмен жарақтануын есептеу формуласы
:
, (3)
мұнда
- өнеркәсіп кәсіпорындарымен тұтынылған электр энергияның көлемі;
- өнеркәсіпте қосымша жұмыс істейтіндердің есебінсіз, жұмыс істейтіндердің саны;
Электр энергияны өндіріп бөлетін, бумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар бойынша электр стансалары мен қазандықтар жұмысы туралы деректердің қалыптасуы келесі көрсеткіштер бойынша іске асырылады:
-жылу және гидро электр стансаларымен өндірілген және жіберілген электр энергия;
-жылу электр стансаларымен, қазандықтармен өндірілген және жіберілген жылу энергия;
-жылу энергияның шығындары;
-электр стансалар мен қазандықтардың электр және жылу қуаты ;
-жылумен қамтамасыз ететін көздер саны және жылу желілердің ұзындығы;
-электр стансалар мен қазандықтардың қуатын пайдалану.
Газ тәріздес отынды тарататын барлық кәсіпорындарға жыл сайын табиғи және сұйытылған газды жіберетін кәсіпорындардың жұмысы туралы деректерді құру мына көрсеткіштермен жүзеге асырылады:
-елді мекендердің газдандырылғаны;
-тұтынушыларға газдың жіберілуі;
-газдың шығындары;
-газ желілерінің ұзындығы.
Жыл сайын өнеркәсіптік емес кәсіпорындардағы дербес энергия көздерінің жұмысы туралы деректерді құру, қолданыста сондай энергия көздері бар, мына көрсеткіштермен жүзеге асырылады:
-дербес энергия көздерімен электр энергиясын өндіруі;
-дербес энергия көздерімен жылу энергиясын өндіруі.
Жылу энергиясының көптеп жоғалуына
Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы құрылымында жылу тораптары орталықтан жылумен қамтамасыз ету жүйесінің басты элементтері болып табылады. Қалалардағы магистралды және қосымша жылу тораптарының қанағаттанарлықсыз күйінің салдарынан жылу энергиясын тасымалдау кезінде жылу энергиясының жоғалуы көптеп кездеседі.
Қазақстандағы бар жылу тораптарынындағы жылу энергиясының көптеп жоғалуына (әр түрлі бағалаулар бойынша 15%-дан 30%-ға дейін) бірнеше факторлар әсер етеді. Оларға мыналар жатады:
- ірі өнеркәсіп тұтынушыларының жоғалу салдарынан жылу тұтыну көлемінің азаюы;
- жылу тораптарының төмен өткізу қабілеті;
- жылумен қамтамасыз ету аумағындағы аз меншікті жылу жүктемесі;
- желі төсемдеріне ескірген технологияны қолдану;
- ғимараттың тиімсіз жылу қорғанысы (термооқшаулау) ;
коммерциялық есепке алу позициясына:
- аудан бірлігіндегі жылу шығымын есептеу мен бақылау жасаудың тиімді әдісінің жоқтығы;
- аудан бірлігіндегі жылытуға жалпы қалалық нормативті қолдану, үйдің кіре берісі мен қабат санын, ғимараттың әр түрлі жылу сақтау мүмкіндігін ескермеу.
Жоғарыда аталғандарға толықтыру ретінде, жылумен қамтамасыз ету үрдісін есепке ала отырып, келесі проблемаларды атап көрсетуге болады:
- жылуды өндіру мен тасымалдауда шығынды азайтуды жақсартуға мүмкіндік беретін, жылумен қамтамасыз ету саласында инвестиция тартуды арттыратын тиімді тарифтік саясаттың жоқтығы;
- жылуды үнемдеу туралы бар технологиялармен халықтың хабарсыз болу жайттары;
- жылуды үнемдеу саясатына қатысты заңнамалық регламенттердің, жылу энергиясын тұтыну көлеміне автоматты реттеу механизмдерін енгізу келісімшарттарының жоқтығы;
- жылумен қамтамасыз етуде энергия аудиті және энергия менеджменті механизмдерін қолданудың толық қамтылмауы;
- альтернативті энергия көздерінен жылу алуға және қолда бар негізгі қорларға реконструкция жасауға ынталандырудың жоқтығы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz