Қорқыт туралы ақиқат және аңыз


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Жоба жұмысы
Тақырыбы: «Қорқыт туралы ақиқат және аңыз»
Орындағандар: Қарабекова Б. С
Ерболатова Г. Е
Қабылхан М. Ғ
Әнеш А. Б.
Нұрғалиева А. О.
Семей- 2015
Жоспар
І Кіріспе
ІІ ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ
2. 1. Қорқыт туралы ақиқат пен шындық.
2. 2. Қорқыт -Исламға қатысы бар тұлға
2. 3. «Қорқыттың көріндегі» сыр
ІІІ Тұжырым
ІV Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз тұтасып кеткен, оның ақиқаты қайсы, аңызы қайсы анықтау бұдан он екі ғасыр бұрын болған оқиғаны айна қатесіз анықтап беру қиын. Алайда соған қарамастан Қорқыт туралы түркі әлеміндегі зерттеулер саны бүгінде 1000-нан асады. Бізді, философия білімі саласындағы мамандарды тарихи шындықтан гөрі, аңыздағы ақиқат немесе «Аңыздағы Қорқыт» бейнесі қызықтырады. Ғылымға қажеті, бізге деген қажеттілік Қорқыт көтерген идея шындығы. Кейде аңыздағы немесе мифтағы идеяның тарихи салмағы оқиғадан салмағы әлдеқайда асып жатады, себебі шындықтың өзі тек нақтылық деректен емес, мифтен құралатындығын біздер жаңа-жаңа түсіне бастадық. Аристотель айтпақшы, абсолютті шындық ешқашан болмайды. Шындық миф, миф шындық болып жүре беретіні әлімсақтан белгілі. Сондықтан Қорқыт туралы тарихи деректерден гөрі, оның мифтік бейнесі, яғни ол көтерген проблема құндырақ. Біздің мақсат тарихты жоққа шығару емес, тарихты тиімді пайдалану. Адамдардың тек ақиқатқа сеніп, тәрбиелік және адамгершілік тұрғысынан маңызға ие мұралардан құр қалдырмау. Аңыз әңгіменің яғни, біздің тілде ”Қиялға толы” бейнелердің дәл қазіргі уақыт кеңістігінде ақиқаттан маңыздырақ немесе аңыздан туған ақиқаттың көрсеткішін, құндылығын дәлелдеу, түсіндіру. Бұл тұста екі мәселенің басы айқындалмақ: 1. Тарихта болған, бірақ аңызға айналып жеткен, ғұлама Қорқыттың төл дүниетанымы туралы сөз. 2. Сонау 12 ғасыр бұрын айтылған асыл ойларды ұмыттырмай, әрбір ұрпақ жадына сақтап, келер ұрпаққа беріп отырған түркі халықтарының парасаттылығы. Даналықты дана халық қана сақтай алады. Хатқа түспей жеткен, аңызға айналған Қорқыт баба даналығы неде дегенге келсек, біздің сүйенеріміз баршамызға белгілі бір түсінік, ол: «Қайда барсаң -Қорқыттың көрі»-деген идея. Осы идеяға негізделген Қорқыт туралы аңыздар көп, оның бәрі көпшілікке белгілі. Осы аңыздарды жинақтай келе Қорқыттанушылар мынадай қорытындыға келген: «Қорқыт ажалмен күрескен» немесе «Қорқыт ажалды жеңген », тағы басқа сияқты пікірлер. Демек, Қорқыт дүниетанымының мәнін ашып, оның ерекшелігін білдіре ала ма? Енді осы мәселеге тоқталайық.
Қорқыт былай деген деп, соған сүйеніп ой жарыстыруға, одан қалған жазба мұра жоқ. Бар нәрсе «қайда барсаң -Қорқыттың көрі», -деген он екі ғасырлық тарихы бар аталы сөз-идея. Осы идеяда өте терең астарлы мән жатыр. Оны талдау үшін қосымша деректерге сүйенейік. Айталық, VIII ғасырда Қорқыт дүниеде бар кезде, түркі дүниетанымына нендей ұғым -түсініктер тән еді? Бұл бір мәселе, екіншіден, сол заманда әлемдік ой қандай дәрежеде еді? Осыдан барып Қорқыт не оқыды, не білді деген сөз шығады. Қорқыттың өз заманының аса білімді, тым сауатты адам болғаны туралы еш талас жоқ.
Қорқыт заманында Заратуштра ілімі кеңінен белгілі болған, қорқыт заманында осы аймақта буддизм де, христиан діндері де тарап үлгерген. Демек, Қорқыт ғасыры христиандық дәстүрде айтылатындай, түнек ғасыры емес, білім мен өнердің мол ғасыры. Қорқыт оқығанын қайталап, көргенін жырлап қойған адам емес. Олай болғанда оның есімі ел аузында сақталмас еді. Ол өз заманының синтезі болған тұлға. Оның ой топшылаулары замандастарына әрі түсінікті, әрі түсініксіз болған. Замандастарына түсінікті зиялының аты аңызға айналмайды. Есімі аңызға айналатын құпиясы өз ішіндегі жұмбақ жандар. Қарапайым түсінікке симағанда ғұламалар есімі аңызға айналады. Сондықтан Қорқыт туралы шындықты ол туралы аңыздардан іздеген жөн. Қорқыт ажалдан қашқаны үшін тарихта қалмас еді. Мәселе, Қорқыттың аса ақылдылығы мен даналығында, оның кереметтігінде, қазіргі тілмен айтсақ әулиелік архаизімінде. Яғни, оның ажалмен күресі бергі әңгіме, мәселе төркіні тереңде. Біздің пайымдау бойынша, Қорқыттың ажалға қарсы күресі, аңызға айналуы-акциденциялық іс. Мәселе ажалда емес, адам болмысының жұмбақтығында. Қорқыт дүниетанымының қазығы-ажал, мәңгілік өмір емес, адам, оның болмысы. Қорқыт Ажал философиясы емес, Өмір философиясы туралы айтып отыр. Өмірге адам-бөгде. Аңызда адамның, яғни Қорқыттың еркінен тыс, оған көр қазып жатады. Бұл жерде жеке адам еркі және тағдыр деген мәселе тұр. Адам табиғатынан, туа бітісінен өзінің шектеулі кеңістігінде ғұмыр кешеді. Оның өз шамасы, әрі шарасы бар. Өлшеулі шамадан асып, шара жасай алмайды. Осы тұста Абайдың әлдебір нелердің әсерінен “қам көңіл болғанда тулайын десе шара жоқ” дегені еске түседі. ”Шара” дегенді хакім Абай ұғым ретінде қолданған. Шарадан асып-төгілу деген қазақи түсінік бар. Әдетте оны біз бір нәрсенің өз мөлшерінен асып, рәсуә болғанына қатысты айтамыз. Шарасынан асқан соң, ол зат, өзімен өзі болудан қалып, өзге күйлерге түсіп кетеді. Мысалы, шарасынан асқан су қайта жиналып, еш уақытта көл болмай, өзге күй кешеді де, бірте-бірте шалшыққа айналады. Шарасынан асқан өзге нәрселерде солай. Сонда шарадан асу, рәсуә болу. Ал Қорқыт болса адамның шарасынан асуын аңсаған. Шарадан асып тасу үшін де қуат қажет емес пе?Абай соны айтқан. Қорқыт та соны айтып отыр. Қорқыттың әрекеті адамның шарасынан асатын іске бағытталған. Ол адам баласы біліп болмайтын істі білгісі келді. Ол үшін адамды шарасынан шығаратын қуат қажет. Соны Қорқыт іздеген, ол адамның шамасы. Яғни, шараны тулататын шама керек, бірақ адамның шамасы шектеулі. Шама деген өлшемнің, мөлшердің сапалы белгісі, бірақ өзі сапа емес. Аңыз ақиқатқа бастайтын сана, бірақ ақиқаттың өзі емес. Аңызда мән толық көрінбей жасырын болмақ. Бейнемен мысал айтатын болсақ:айсбергтің көрінгені аңыз, көрінбегі соның мәні. Қорқыт дүниетанымы-сол көрінбей жатқаны. Қорқыт екі проблема көтерген:ғұмыр проблемасы, ол мәңгілік проблема және өмір сүру проблемасы, ол тұрмыстық өткінші проблема. Өткінші өмірде, шынында да, қайда барсаң алдыңнан Қорқыттың көрі деген тікелей өлімге, ажалға қатысты мәселе емес. Бұлай деп түсіну тым қарадүрсіндік. Бұл аңыздық вариант. Адам ажалдан қорқып өмір сүрмейді. Адам баласы ажалды ойлап қайғырмайды, ол өзінің көп іске дәрменсіздігіне, әрекеттерінің шектеулігіне, мына өмірге су сияқты сіңіп кете алмауына қапаланып қайғырады. Қайғы деген қорқу емес. Абай “қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды арман”, - деген. Демек, қайғы дегеніміз арманның ұлғаюы, есею, толысу, кәмелетке жетудің жолы. Асан қайғы тұлғасы да осы ойға саяды. Асанның қайғысы ел мұраты мен арманынан туған. Асан өзіне емес, еліне Жерұйық іздеп қайғы жолына түскен. Қайғы хакімдіктің белгісі. Қайғы адамның жалғыздығының бір көрінісі. Жалғыздық хакімдерге тән, себебі олар М. Жұмабаев тілімен айтсақ, алға кеткен жүйріктер. Қорқыттың да жағдайы солай. Ол өз заманына түсінікті болмаған. Дана Қорқыт ажалдан қашқан жан емес, ол ажалдың құпиясын, сырын түсінуге тырысқан. Бұл жерде өзекті екі проблема тұрған:бірі ғұмыр, екіншісі осы ғұмырда өмір сүру. Яғни, ол өмір философиясы және өмір сүру философиясының мәселерін өз заманында өз заманында күн тәртібіне қойған. Бірақ дәл қазіргі қоғамда да бұл күн тәртібіне қойылу қажет.
Зерттеу нысаны: Қорқыт және Қорқыт өмірі
Зерттеу пәні: Аңыз, Әфсәна
Зерттеу мақсаты: Қорқыт туралы ақиқаты қайсы, аңызы қайсы анықтау. Аңыз әңгіменің, яғни, біздің тілде «Қиялға толы» бейнелердің дәл қазіргі уақыт кеңістігінде ақиқаттан маңыздырақ немесе аңыздан туған ақиқаттың көрсеткішін, құндылығын дәлелдеу, түсіндіру.
Зерттеу міндеті:
1. Қорқыт өміріндегі ақиқатты айқындап ашып көрсету;
2. Қорқыт өмірінің ақиқаты мен аңызының ерекшеліктерін, айырмашылықтар- ын, белгілерін дәлме - дәл көрсету;
3. Қорқыт аңыздарының басты идеологиясы болып табылатын өмір және өмір сүру философиясының мәселелерін қазіргі қоғам бейнесімен салыстыра отырып, күн тәртібіне қою;
4. «Қайда барсаң - Қорқыттың көрі» аталы сөзінің қоғам түсінігіндегі пікірлерге сай еместігін дәлелдей отырып, мағыналық сипатын тереңінен түсіндіріп, өмір бар жерде өлімнің бар екендігін көрсете отырып, ой салу;
5. Қорқыт ата-Исламға қатысы бар тұлға деген араб деректерін негізге ала отырып, аңыздың дінге байланысы бар екендігі, соның ішінде имандылыққа шақыру идеясының жатқандығын зерттеу барысында саралап қана қоймай, баса көрсету; аңыздарға жаңаша көзқарас қалыптастыру;
Зерттеу тұжырымдары:
- Қорқыт бабамыздың қалдырған гуманистік ниеттегі дидактикалық мұралардың маңызын елімізде кеңінен насихаттау;
- Қорқыт аңыздарын толыққанды шығарма ретінде жанр және стиль мәселелері тарапынан зерттеп, ғылыми айналымға ұсыну;
- Қорқыт мұрасын болашақ ұрпаққа насихаттау арқылы ұлттық мәдениеттің, адамгершілік қағидаларының даму бағытын көркейтіп, нығайту;
- Қорқыт аңыздарын тарихи-мәдени тұрғыдан дәріптеу.
- Он екі ғасырдан астам бұрын айтқан өсиет қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс - тіршілігімен жақсы үйлесім табуына жағдай жасау;
- Қарапайым кемел ойды келешегіне үлкен бағдар белгілеп әлемдік өркениет көшіне ілесіп Орталық Азияның барысы болуға бел байлап отырған еліміз үшін қоғам арасында зерделеу;
- Қорқыт аңызының негізгі идеясын Ислам дінімен байланыстыра отырып, адамгершілік тұрғысынан шоқтығы биік екенін дәлеледеу;
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер , Қорқыт ата туралы аңыз ақиқатқа жанасатын болса, онда адамдар уақыт пен кеңістік қадірін түсінеді, өйткені аңыздағы оқиға желісі қазіргі қоғамның көрінісіне сайма - сай келеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, тақырып бойынша алынған сауалнамадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу әдістері : Зерттеу барысында қозғалған мәселелер аясында тарихи, әдеби, мәдени әдебиеттерді пайдалану арқылы негізгі бағыты анықталып, сұрыпталды, дәлелденді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: Қорқыттың өмір сүрген уақыты Ислам дінінің пайда болып, орныққан кезеңімен сәйкес келеді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектерінде түркілердің алғаш рет Исламды қалай қабылдағаны туралы тың деректер айтылады. Ол түркілер Исламды Пайғамбарымыз (с. ғ. с) өмір сүрген дәуірінде қабылдай бастаған дейді [4] . Олай болса, Қорқыт атаны Ислам дінінің өкілі деп толық айта аламыз.
Зерттеудің практикалық мәні: мектеп бағдарламасына « Қорқыттану» пәнін енгізуге болады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (26. 10-1. 11) - зерттеу мәселеріне байланысты ғылыми еңбектерге талдау жасалынып, отандық және түркі халықтарының материалдарына талдау жасалды. Зерттеудің ғылыми аппараттары нақтыланды. Тәжірибе іске асырылды. Материалдарды талдау нәтижесінде ретінде постерлер дайындалды.
Екінші кезеңде (2. 11-8. 11) - болашақ студенттердің, яғни мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамыту моделі әзірленіп, оның көрсеткіштері, деңгейлері, өлшемдері анықталды. « Қорқыт ата » тақырыбында анкета жүргізілді.
Үшінші кезеңде (9. 11-15. 11) - сауалнама жүргізу барысында алынған мәліметтердің қорытындысы шығарылды, нәтижелері статистикалық өңдеуден өтті. Ғылыми жоба талапқа сай рәсімделді.
Зерттеудің әдіснамалық негізі : Зерттеу жұмысында әдебиет ғылымының іргелі зерттеулері, «Аңыз адам» жураналының мәліметтері негізге алынды. Жұмыстың ғылыми негіздері ретінде шетел ғалымдарынан В. М. Жирмунский, қазақ ғалымдарынанШ. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, М. Әуезов, С. Қасқабасов, Қ. Жұбанов, М. Жарқымбеков, Б. Оспанов, Т. Қоңыратбай еңбектері басшылыққа алынды.
ІІ ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ
2. 1 Қорқыт туралы ақиқат пен шындық
Қорқыт қазақ халқының тарихындағы сұлу легенда, ұлы суреттердің бірі. Халық аузынан қалған қандай легенда болса да, Қорқыт пернесінен асқан асқарлы бейне өткен ғасырлардың ешбірінде болған емес. Қоқыт -тарихи адам. Тарихи жазулардың меңзеуінше Қорқыт баста айтқан 7-8 ғ билік құрған Оғыз ханмен замандас. Сондықтан Оғыз ханның легендасы жүрген кезде Қорқыттың жыры бірге жүреді. Тарих пен шежіре сөзге қарағанда, Оғыз да, Қорқыт та Қаңлы ұлысынан өскен. Ескі оғыз тілінде айтылатын «Қорқыт» жырындағы батырлар тегісімен Оғыз ханның ұрпақтары деседе болады. Арал теңізі бойында осы күнге дейін айтылатын «Баяндар», «Қазанбек», «Байбөрі», «Қарабек», «Тұраналы», «Дерсе хан» жырлары Қорқыт эпопейінің әр түрлі тараулары, және тарихтың көрсетуі бойынша бұл айтқан кісілер бір кездегі Оғыз-қыпшақ жұртының ел қорғайтын ерлері болған. Орта ғасырдың асқан ғалымы Рашид-Еддин «Монғол тарихында» жазатын Оғыз ханның ақылшы биі, «Жаңакентті» Ер-қиыл қожа дегені, сол ер Қорқыттың өзі болуға тиісті.
Қорқыттың әңгімесі жай қиялдан шыққан нәрсе емес. Қорқыт бір кездегі қауым тіршілігіндегі белгілі орын алған атақты адамның бірі. Қай кездегі легендаға айналған адам бейнесін алсақта, ол бейне бір кездегі тарихи шындықтан туғанына сөз жоқ. Оның ішінде Қорқыттың тарихи адам болғанына ешкім таласпауына тиісті. Оғыз легендасынан кейін Қорқыт заманымен байланысқан ескі әңгіменің бірі «Ергенек көң» әңгімесі. Мұнда Қорқыттың арғы атасы «Қият» руының қалай өрбігені туралы айтылады. Ел жауынгершілікке түсіп, балапан басына, тұрымтай туысына кеткенде монғол-қазақ руынан Қиян, Ноғай деген екі жігіт Алтай тауының адам бармас бір құзына бекініп, ұшы-қиыры жоқ бір үлкен сайды мкекн қылып жатады. Арада екі жүз жыл өткен соң олар көбейіп «Ергенек көң» сайына симай, одан шыққысы келеді. Бірақ тау асып шығатын асу жоқ, жан-жағының бәрі самаладай» биік тау, құз жаратас. Жүкті, малды шығаруға жол іздейді. Ол таудың бір бөлігі «Темір тау» екен. Олпрдың ішінде бір көрікші ұста бар екен. Ұста айтады:Осы тауды ағызып, содан кейін шығайық-, дейді. Таудың жетпіс жерінен жетпіс көрік қойып, көмір жағып тауды ағызады, тасты қопарады. Жүкті түйе өткендей жол боғанда, одан «қиян» далаға шығарады. Содан қияннан өрбіген тұқымы «Бөрте -шене» аталып, неше жыл өткен соң олардан Шыңғыс туады. Сол зманнан бері Бөрте-шене -көк бөріге жылында сегіз айда бір той жасап, «Көк бөрі» (көкпар) тарту жұртқа салт болады. Ескі грек жырында Зевс «Крит » аралында жалғыз өсіп, оны Амелной деген киік сүтін емізіп жүреді, болмаса «Дафнис Холоя» тау ішіндегі үңгірде жатқанда оған қой барып сүтін емізіп жүреді.
Ескі қазақ жырында «бөрінің басы» күштің, биліктің белгісі түрінде айтылса, Зевсті емізген «киіктің мүйізі», ескі грек жұртына байлықтың, игіліктің белгісі болып табылған. Сүйтіп есейген патриархал дәуірдегі жұртшылық талпынуы бойынша рухани мәдениеті бірсыпыра өрлеп, тарихқа Қорқыт сияқты асқан дананың ұлы бейнесі шығады. Қорқыт пен Оғыз шыққан дәуірде Маңғыстау, Сырдария, Жетісу, Алтай өлкелері ерекше тіршілікке кіріп, еңбек еткен жұрт тегісімен мағыналы іске, өнімді кәсіпке үйренді. Алтын, күміс, темір қорту істеріншығарып, одан не түрлі сымбатты бұйымдар жасады. Осы күнге дейін жер астынан қазып табатын толып жатқан тас жазулар, алтын, күміс ыдыстар, неше түрлі ескіріп қалған қаланың орындары - сол ескі заманның жосығы болатын. Қорқыт, Оғыз атамен байланысқан осы сияқты даналық істер кейін жұрт алдында жыр болып қалғандықтан, бара-бара олардың бұл даналық ісіне Қорқыт пен Оғыздың сұлу ертегісі туады. Қорқыт пен Оғыз дәуірінің ерекшелігі, бұл кезде жұртқа жаңадан жосын шығарып, ұлыс ішінен тақпақшы шешен, билік айтатын қариялар көбейеді. Бұл айтқан тақпақ, би қария сөздері бұрынғы үйсін заманында (ІІІ-І-Ү) болса да, тап осы айтқан ҮІ-Х ғасыр арасындағыдай емес еді. Міне бұл айтқан «шешендік», «би сөз », «жыр-сөзі» жалпы өнершілік Қорқыт дәуірінен былай қарай ерекше өркендеп ой-сананың есеюі Қорқыт атымен байланысқандықтан, бұл дәуірді (ҮІ-Х) Қорқыт заманы деп атаса да болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz