Құрылыс конструкциялары және даму тарихы



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Құрылыс конструкциялары және даму тарихы
2. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар
2.1 Құрылыс конструкцияларын жобалауда шектiк жағдайлар бойынша есептеу, әдiсiн қолдану. Берiктiк қоры коэффициенттерi.
2.2 Құрылыс конструкцияларын есептеудiң негiздерi мен шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеу
3. Бетон туралы жалпы түсінік. Бетонның классы мен маркалары
4. Деформация модулі мен серпінділік модулі
III Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Құрылыс конструкцияларының пайда болуы қоғамның материалдық тұрмысымен және өндiргiш күштердiң дамуымен тығыз байланысты. Бәрiнен де бұрын тастан жасалған конструкциялар қолданылды. Алғашқы өңделмеген тастан жасалған ғимараттар тас ғасырында жасалды. Соңынан өндiрiс құралдарының дамуына байланысты конструкциялар үшiн күйдiрiлген кiрпiштер пайдаланылды. Ежелгi құл ұстау заманы және феодалдық дәуiрде тастан жасалған конструкциялар дамудың шегiне жеттi. Бiздiң заманымызға дейiн сақталған тас сәулетiнiң (зодчество) көптеген ескерткiштерiн әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен кездестiруге болады. Солардың мысалы ретiндеXғасырда салынған алғашқы тас палаталарын, Киев Русiнiң храмдарын айтуға болады. 1333 жылы Москва Кремлiнде Архангель соборы, 1367 жылы Кремль қабырғалары салынды және де одан 100 жылдан аса уақыт өте қайта жөнделiп,күнi бүгiнге дейiн маңызын жойған жоқ. Тас конструкциялар қолдануға өте қолайлы, ұзақ мерзiмдi және отқа төзiмдi конструкциялар, түрлі жасанды накладка және арматура енгізілген тастар қолданылады.
Қазiргi уақытта түрлi жасанды тастар және арматура енгiзiлген тастар қолданылады.
Таспен бiрге ертеректе қолданылған конструкциялардың бiрi- ағаш конструкциялары. Кейiнiрек ағаш үй қүрылысында бөрене (кесiлген) түрiнде қолданылды.
ХII-ХVIII ғасырлардағы орыс халқы сәулет өнерiнiң көрнектi үлгiлерiн Москва, Киев, Новгород және басқа қалалардан кездестiруге болады. Ертедегi сәулетшiлер ғимараттарды есептеудiң ешқандай әдiсiн бiлмедi, сондықтан олар құрылыста өздерiнiң практикалық тәжiрибелерiне сүйендi.
XVIII-XIX ғасырларда плотина, көпiр, өнеркәсiп және қоғамдық үй сияқты ғимараттар мен инженерлiк конструкциялар үшiн ағаш кеңiнен қолданылады.
Ағаш конструкцияларының iшiндегi дамығаны-желiмделген, заводта дайындалған ағаш конструкциялары.
Ағаштан жасалған конструкциялардың салыстырмалы берiктiгiне, жеңiл өңделетiнiне, азғантай меншiктi салмағына қарамастан олардың оңай шiритiнiне, жанғыштығына байланысты қолдану саласы азаяды.
ХII ғасырдың басынан металдан жасалған құрылыс конструкциялары қолданыла бастады. Олар алғашқыда шойыннан байланыс, тартпа түрiнде шойыннан жасалып, конструкцияларда қолданылды.
Жеке көтергiш конструкция ретiнде ХVII-ХVIII ғасырларда қолданыла бастады. Капитализмнiң дамуы темiр жолдардың, көпiрлердiң, өнеркәсiп үйлерiнiң жаппай салынуына әсер етiп, металл конструкциялардың кең тарауына және дамуына ықпалын тигiздi.
1. Цай Т. Н., Бородич М. К., Мандриков А. П. – Строительные конструкции, Лань 2012

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Құрылыс конструкциялары және даму тарихы. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар. Бетонның классы мен маркалары. Деформация модулі мен серпінділік модулі.

Орындаған: Аскарова Асель,СТ-309 тобы
Тексерген: Дюсембаев А.М.

Семей 2015
Мазмұны
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Құрылыс конструкциялары және даму тарихы
2. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар
2.1 Құрылыс конструкцияларын жобалауда шектiк жағдайлар бойынша есептеу, әдiсiн қолдану. Берiктiк қоры коэффициенттерi.
2.2 Құрылыс конструкцияларын есептеудiң негiздерi мен шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеу
3. Бетон туралы жалпы түсінік. Бетонның классы мен маркалары
4. Деформация модулі мен серпінділік модулі
III Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

1. Құрылыс конструкциялары және даму тарихы.
Құрылыс конструкцияларының пайда болуы қоғамның материалдық тұрмысымен және өндiргiш күштердiң дамуымен тығыз байланысты. Бәрiнен де бұрын тастан жасалған конструкциялар қолданылды. Алғашқы өңделмеген тастан жасалған ғимараттар тас ғасырында жасалды. Соңынан өндiрiс құралдарының дамуына байланысты конструкциялар үшiн күйдiрiлген кiрпiштер пайдаланылды. Ежелгi құл ұстау заманы және феодалдық дәуiрде тастан жасалған конструкциялар дамудың шегiне жеттi. Бiздiң заманымызға дейiн сақталған тас сәулетiнiң (зодчество) көптеген ескерткiштерiн әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен кездестiруге болады. Солардың мысалы ретiндеXғасырда салынған алғашқы тас палаталарын, Киев Русiнiң храмдарын айтуға болады. 1333 жылы Москва Кремлiнде Архангель соборы, 1367 жылы Кремль қабырғалары салынды және де одан 100 жылдан аса уақыт өте қайта жөнделiп,күнi бүгiнге дейiн маңызын жойған жоқ. Тас конструкциялар қолдануға өте қолайлы, ұзақ мерзiмдi және отқа төзiмдi конструкциялар, түрлі жасанды накладка және арматура енгізілген тастар қолданылады.
Қазiргi уақытта түрлi жасанды тастар және арматура енгiзiлген тастар қолданылады.
Таспен бiрге ертеректе қолданылған конструкциялардың бiрi- ағаш конструкциялары. Кейiнiрек ағаш үй қүрылысында бөрене (кесiлген) түрiнде қолданылды.
ХII-ХVIII ғасырлардағы орыс халқы сәулет өнерiнiң көрнектi үлгiлерiн Москва, Киев, Новгород және басқа қалалардан кездестiруге болады. Ертедегi сәулетшiлер ғимараттарды есептеудiң ешқандай әдiсiн бiлмедi, сондықтан олар құрылыста өздерiнiң практикалық тәжiрибелерiне сүйендi.
XVIII-XIX ғасырларда плотина, көпiр, өнеркәсiп және қоғамдық үй сияқты ғимараттар мен инженерлiк конструкциялар үшiн ағаш кеңiнен қолданылады.
Ағаш конструкцияларының iшiндегi дамығаны-желiмделген, заводта дайындалған ағаш конструкциялары.
Ағаштан жасалған конструкциялардың салыстырмалы берiктiгiне, жеңiл өңделетiнiне, азғантай меншiктi салмағына қарамастан олардың оңай шiритiнiне, жанғыштығына байланысты қолдану саласы азаяды.
ХII ғасырдың басынан металдан жасалған құрылыс конструкциялары қолданыла бастады. Олар алғашқыда шойыннан байланыс, тартпа түрiнде шойыннан жасалып, конструкцияларда қолданылды.
Жеке көтергiш конструкция ретiнде ХVII-ХVIII ғасырларда қолданыла бастады. Капитализмнiң дамуы темiр жолдардың, көпiрлердiң, өнеркәсiп үйлерiнiң жаппай салынуына әсер етiп, металл конструкциялардың кең тарауына және дамуына ықпалын тигiздi.
Металл конструкциялар алғашқыда шойыннан кейiннен болат түрiнде қолданылды. Металл конструкциялардың жоғары берiктiгiне байланысты өзiндiк салмағы аз. Металл конструкцияларды шығарудың өнiмдiлiгi жоғары, оларды заводтарда шығару, құрастыру тез аз, шығынмен орындалады. Соған қарамастан тотығуға өте тез ұшырайтын болғандықтан қорғаныш бояуын ауыстырып отыру-қосымша шығын болып есептеледi.
Алғашқыда шегелеп тойтаратын (заклепка), содан соң балқытылған металл арқылы бiрiктiрiлген конструкциялар қолданылды. Кейiнiрек алюминий қорытпаларынан және алдын-ала кернеуленген металдан жасалған конструкциялар қолданыла бастады. Содан соң 1850-1885 жылдары темiрбетон конструкциялар пайда болды. Олар бiр уақытта бiрнеше жоғары дамыған елдерде (Англия, Германия, Франция, АҚШ) пайда болды.
Россияда 1917 жылға дейiн-ақ темiрбетоннан өндiрiс үйлерiнiң жабындары, су қоймалары, көпiрлер, өтпе жолдар (жолды кесiп өтетiн көпiр жасап, оларды бiрiнiң үстiнен бiрiн өткiзу) жасалды.
Темiрбетонның құрылыста кең құлаш жайып дамуы, оларды индустриялық әдiстер қолданып, жиналмалы темiрбетон конструкциялар түрiнде дайындап, жаппай пайдалануға мүмкіндік берді.

2. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Құрылыс конструкцияларына жобалау, дайындау, тасымалдау, монтаждау және тұтыну кезінде олар қанағаттандыратын талаптар қойылады. Жобалау кезiнде конструкцияның берiк, мықты болуы қарастырылады, рационалды конструкциялық шешiм қабылданады, материал шығыны аз болуына көңiл бөлiнедi. Құрылыс конструкциялары шешiмдерiнiң барлық кезеңдердегi тиiмдiлiгi олардың материалдарына және оның берiктiктерінің толықтай пайдалануына тiкелей байланысты.
Жобалау кезiнде материалдар шығыны көрсеткiштерiн, конструкцияның дайындалу қиыншылығын, уақытын, бағаланылуын көрсететiн бiрнеше конструктивтік шешімдерінің нұсқалары құрылып, салыстырылып, олардың ең тиiмдiсi алынады.
Материалдық шығыны аз конструкция деп, бүкiл қимасы түгел көтеру қабiлеттiлiгiне жұмсалатын, берiктiгi бiр қалыпты конструкцияны айтады. Құрылыс конструкцияларының жетiстiктерi мен кемшiлiктерi төмендегідей негiзгi көрсеткiштер арқылы анықталады:
1. Салмағы. Салмағы жөнiнен жетiстiгi бар құрылыс конструкциясы деп, бiрдей жағдайларда салмағы аз болатын конструкцияны айтады.
Мысалы: белгiлi бiр сығу күшiне жұмыс жасайтын металл конструкцияларының салмағын 1-ге тең деп есептейтiн болсақ, онда сол күшке жұмыс жасайтын ағаштан жасалған конструкциялардың салмағы одан 1-1,5, темiрбетон - 3-7, тас конструкциялары - 15-25 есе үлкен болады.
2. Отқа төзiмдiлiк. Темiрбетон және тас конструкциялары отқа төзiмдi. Алдын-ала кернеуленген темiрбетон конструкциялардың отқа төзiмдiлiгi аз болады. Металл конструкциялары отқа төзiмсiз. Ағаш конструкциялары iшiнде шомбал, көлемдi конструкциялар отқа төзiмдi.
3. Индустриалдығы.Темiр, темiрбетон, iрi блокты тас конструкциялар және дайын ағаш конструкциялар индустриалды конструкциялар болып есептеледi.
4. Тұтыну шығыны. Металл конструкцияларын коррозиядан қорғау үшiн бояу-сыр, ағаш конструкцияларын шiруден сақтау үшiн оларға сiңiретiн әртүрлi заттар керек, ал олардан басқа конструкциялардың шығыны жоқ десе болады.
Металдан, бетоннан, тастан, темiрбетоннан және арматура салынған тастан жасалған конструкциялар мәңгiлiк. Ағаш конструкцияларын жақсы күтiп, шiруден сақтаса, олар да үзақ жұмыс жасайды. Кейбiр ағаш конструкциялары 100 жылдан аса жұмыс жасайды.
6. Қолданылу салалары. Тастан және арматураланған тастан жасалған конструкциялар негiзiнен бағаналар және қабырғалар үшiн қолданылады.
Бетон және темiрбетон конструкциялар бiртұтас, жиналмалы-бiртұтас және жиналмалы конструкциялар түрiнде қолданылады.
Бiртұтас конструкциялар негiзiнен гидротехникалық (дамбы, бөгет) ғимараттарда ауыр күштердi көтеретiн iргетастар ұшiн қолданылады.
Жиналмалы-бiртұтас конструкциялар жабын тақталары, арқалықтар түрiнде азаматтық және өнеркәсiп үйлерiнде, көпiрге өтетiн аралық конструкциялар үшiн қолданылады.
Металл конструкциялары үлкен аралық жабын, биiк мұнаралар мен дiңгектер, қара металлургия зауыттарының қаңқалары мен жабындары, ангарлар, павильондар және қоймалар үшiн қолданылады.
Алюминий қорытпаларынан жасалған конструкциялар жеңiл салмақтарына байланысты үлкен аралықты, иiлуге және созылуға жұмыс жасайтын конструкциялар үшiн қолданылады.
Ағаш конструкцияларын негiзiнен орманға бай аудандарда, жергiлiктi материал ретiнде, кейбiр арнайы ғимараттар үшiн қолданады.

2.1 Құрылыс конструкцияларын жобалауда шектiк жағдайлар бойынша есептеу әдiсiн қолдану. Берiктiк қоры коэффициенттерi.

Кеңес Одағында 1955 жылға дейiн материалына байланысты конструкцияларды есептеуде әр түрлi әдiстер қолданылды. Металл және ағаш конструкцияларын шектеулi кернеу, бетон, темiрбетон, тас және арматураланған тас конструкцияларын қиратқыш күштер, темiр жол көпiрлерiнiң темiр-бетон конструкцияларын шектеулi кернеу әдiстерi бойынша есептейтiн.
1955 жылдың 1 қаңтарынан бастап, құрылыс конструкцияларын есептеудегi ең негiзгi әдiс ретiнде, шектiк жағдайда есептеу әдiсi енгiзiлдi.
Бұрынғы қолданылған есептеу әдiстерiнiң өзiндiк кемшiлiктерi болатын. Олар:
- қиратқыш күштер әдiсi бойынша есептеуде бiрiккен коэффициенттер жүйесiн қолдану: ол коэффициенттер жүктемеде болатын айнымалылықты, өзгерiстердi дәл бағалай алмады, сондықтан ол конструкцияның көтергiштiк қабiлетiн дұрыс есептеуге мүмкiндiк бермедi;
- ал шектеулi кернеу бойынша есептеу - материалдардың иiлiмдiлiк, созылымдық қабiлетiн есепке алмады; ол материалдардың берiктiк қабiлетiн толық жұмсауға мүмкiндiк бермей, материалдар шығынына ұшыратуға мәжбүр еттi.
Шектiк жағдайда есептеу әдiсi бойынша берiктiктiң бiрiккен коэффициенттерi орнына жекелеген коэффициенттер (тәжiрибе жүзiнде анықталған) қолданылады.
Күштер үшiн, олардың айнымалылығын бағалайтын, күштер бойынша - сенiмдiлiк коэффициентi; нақты жағдайларда конструкцияға күштердiң бiрiгiп әсер етуiн ескеретiн- күштердiң бiрiгу коэффициентi және ғимараттардың тағайындалу жауапкершiлiгiн ескеретiн- коэффициент енгiзiлдi. Конструкция материалының берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн - материал бойынша сенiмдiлiк коэффициентi, сонымен бірге жұмыс жағдай ерекшелiктерiн ескеретін - - коэффициентi енгiзiлдi.
Шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеуде жекелеген коэффициенттердiң қолданылуы, сонымен бiрге материалдардың созымдылығы қасиеттерiнiң есепке алынуы - конструкция есебiн, оның нақты жағдайлардағы жұмысына сәйкестіндіре түседi.

2.2 Құрылыс конструкцияларын есептеудiң негiздерi мен шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеу.

Конструкцияның шектiк жағдайы дегенiмiз - конструкцияның дайындалу және пайдалану талаптарын қанағаттандырмауы.
Құрылыс мөлшерлерi және ережелерiнде шектiк жағдайдың екi тобы қарастырылады:
1) конструкцияның көтергiштiк қабiлетiнiң жойылуы немесе пайдалануға тіптен жарамсыздығы;
2) қажетті деңгейде пайдалануға жарамсыздығы.
Шектiк жағдайдың I-тобы бойынша есептеудiң мақсаты: конструкцияны қираудан (морт, тұтқыр, шаршап қирау), оның пiшiнiн, тұру қалпын жоюдан сақтау.
Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есептеудің мақсаты: конструкция бөліктерінің шектен тыс орын ауыстыруын болдырмау, жарықтың пайда болуы мен ашылуына жол бермеу. I - топ бойынша есеп шарты түрiнде жазылады, мұндағы, - конструкцияның қарастырылатын элементiндегi қолайсыз сыртқы күш әсерiнен пайда болатын ең үлкен iшкi күш; - элемент қимасының геометриялық өлшемдеріне, материалының берiктiгiне байланысты ең аз көтергiштiк қабілеті.
Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есеп

шарты бойынша жүргiзiледi, мұндағы, -тұтыну кезiнде пайда болатын жарықтың ашылу енi, деформацияның мөлшерi; -мөлшерлер (нормалар) бойынша пайдалануға кепiлдiк беретiн, немесе жобалау кезiнде берiлетiн шектi мөлшер.
Құрылыс конструкциялары берiк, қатты және орнықты болуы керек.

3. Бетон туралы түсінік. Бетоның маркалары және классы.
Бетон (французша: bton, лат. bіtumen -- тау шайыры), құйматас -- жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс,алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс конструкциялары
Құрылыс конструкциялары даму тарихы. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар. Бетонның класы мен маркасы. Деформация модулі мен серпімділік модулі
Құрылыстық конструкциялар
Қазақстан құрылыс материалдар өнеркәсібі
Сәулеттік конструкция
Газбен қаныққан мұнай
«Жасыл» құрылыс
Қала құрылыс шешімі
Құрылыс туралы жалпы түсінік
Құрлыс туралы түсінік
Пәндер