Гаусс Крюгер проекциясы және тік бұрышты координаттар



Кіріспе
1.Картографиялық проекция
2.Гаусс Крюгер проекциясы
3.Тік бұрышты координаттар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Картографиялық проекция теориясы (басқаша аты – математикалық картография) Жер эллипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен ғана кескінделетін проекцияларды құру әдістерін қарастырады. Проекциялар ұсақ және орта масштабты карталар жасауға қолданылатындықтан, Жер эллипсоидысы бетінің сферадан айырмашылығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі бір радиус R мөлшерінде ғана бейнеленеді.Картографиялық проекциядағы меридиандар (А=const болған жағдайында) мен параллельдерден (В=const жағдайда) картографиялық тор құралады.
Картографиялық проекция теориясының дамуы геодезияның, астрономияның, географияның, математиканың дамуымен тығыз байланысты. Оның ғылыми негізі Ежелгі Грекияда (біздің заманымыздан бұрын 6 – I ғасыр) жасалды. Ең көне Картографиялық проекция – жұлдыздар картасын жасауға қолданылған милеттік Фалестіңгномондық проекциясы. Картографиялық проекция біздің заманымыздан бұрын III ғасырда Гиппархтың, Птолемейдің, б.з. XVI ғасырында Г.Меркатордың, XVII – XVIII ғасырларда Р.Бонның, Д.Кассинидің, И.Ламберттің, Л.Эйлердің, Ж.Лагранждың XIX ғасырда К.Гаусстың, А.Тиссоның еңбектерінде дамыды. КСРО картографтары В.В. Каврайский, Н.А. Урмаев, тағы басқа еңбектері теорияны одан әрі жетілдірді.
Әр түрлі Картографиялық проекцияларда құрылған карталар нақты жер бетінің кескінін біраз бұрмалап көрсетеді. Бұрмалану үш түрлі болады:
а) бұрыштық (картадағы бұрыштар глобустағы бұрыштарға тең болмайды);
ә) аудандық (аудандардың масштабы картаның әр аумағында әр түрлі);
б) сызықтық (картаның бір сызығының әрбір нүктесінде масштаб әр түрлі).
Бұл үш түрлі бұрмаланудың үшеуі де глобуста болмайды.
Картографиялық проекция бұрмалану сипатына қарай төмендегідей жіктеледі:
Тең бұрышты (конформдық) Картографиялық проекцияларға масштаб тек нүктенің орнына ғана тәуелді болады, ал бағытына байланысты болмайды. Мұндай проекциялардағы бұрмалану эллипстері шеңберге айналады; мысалы, Меркатор проекциясы мен стереография проекциясы;
Тең шамалы (эквиваленттік) Картографиялық проекцияларда аудандар сақталады: мұндай проекцияларда жасалған карталардағы фигуралардың ауданы осы фигуралардың ауданына пропорционал, ал пропорционалдық коэффициенті картаның бас масштабының квадратына кері шама болады. Бұрмалану эллипстерінің ауданы әр уақытта да өзгермейді, тек олардың пішіні мен бағдары жағынан ғана айырмашылығы болады. Еркін Картографиялық проекциялар тең бұрышты да тең шамалы да проекцияларға жатпайды.
Олардың ішінде тең аралық (бас масштабтары бірі-біріне тең) және ортодромиялық (шарының үлкен шеңбері – ортодромиялары түзу сызықпен кескінделеді)проекциялар ерекшеленеді.
Мещеряков Г.А., Теоретические основы математической картографии, М., 1968;
Справочник по катографии, М., 1988.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

Картография пәнінен

СӨЖ

Тақырыбы: Гаусс Крюгер проекциясы және тік бұрышты координаттар

Орындаған: ГК-407С
тобының студенті Меңдыбаева М.Б.

Семей 2015 жыл

Жоспар

Кіріспе

1.Картографиялық проекция
2.Гаусс Крюгер проекциясы
3.Тік бұрышты координаттар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Картографиялық проекция теориясы (басқаша аты – математикалық
картография) Жер эллипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін
бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен ғана
кескінделетін проекцияларды құру әдістерін қарастырады. Проекциялар ұсақ
және орта масштабты карталар жасауға қолданылатындықтан, Жер эллипсоидысы
бетінің сферадан айырмашылығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі
бір радиус R мөлшерінде ғана бейнеленеді.Картографиялық проекциядағы
меридиандар (А=const болған жағдайында) мен параллельдерден (В=const
жағдайда) картографиялық тор құралады.
Картографиялық проекция теориясының
дамуы геодезияның, астрономияның, г еографияның, математиканың дамуымен
тығыз байланысты. Оның ғылыми негізі Ежелгі Грекияда (біздің заманымыздан
бұрын 6 – I ғасыр) жасалды. Ең көне Картографиялық проекция
– жұлдыздар картасын жасауға қолданылған милеттік Фалестіңгномондық
проекциясы. Картографиялық проекция біздің заманымыздан бұрын III
ғасырда Гиппархтың, Птолемейдің, б.з. XVI ғасырында Г.Меркатордың, XVII
– XVIII ғасырларда Р.Бонның, Д.Кассинидің, И.Ламберттің, Л.Эйлердің,
Ж.Лагранждың XIX ғасырда К.Гаусстың, А.Тиссоның еңбектерінде
дамыды. КСРО картографтары В.В. Каврайский, Н.А. Урмаев, тағы басқа
еңбектері теорияны одан әрі жетілдірді.
Әр түрлі Картографиялық проекцияларда құрылған карталар нақты жер
бетінің кескінін біраз бұрмалап көрсетеді. Бұрмалану үш түрлі болады:
а) бұрыштық (картадағы бұрыштар глобустағы бұрыштарға тең болмайды);
ә) аудандық (аудандардың масштабы картаның әр аумағында әр түрлі);
б) сызықтық (картаның бір сызығының әрбір нүктесінде масштаб әр түрлі).
Бұл үш түрлі бұрмаланудың үшеуі де глобуста болмайды.
Картографиялық проекция бұрмалану сипатына қарай төмендегідей
жіктеледі:
Тең бұрышты (конформдық) Картографиялық проекцияларға масштаб тек
нүктенің орнына ғана тәуелді болады, ал бағытына байланысты болмайды.
Мұндай проекциялардағы бұрмалану эллипстері шеңберге айналады; мысалы,
Меркатор проекциясы мен стереография проекциясы;
Тең шамалы (эквиваленттік) Картографиял ық проекцияларда аудандар
сақталады: мұндай проекцияларда жасалған карталардағы фигуралардың ауданы
осы фигуралардың ауданына пропорционал, ал пропорционалдық коэффициенті
картаның бас масштабының квадратына кері шама болады. Бұрмалану
эллипстерінің ауданы әр уақытта да өзгермейді, тек олардың пішіні мен
бағдары жағынан ғана айырмашылығы болады. Еркін Картографиялық проекциялар
тең бұрышты да тең шамалы да проекцияларға жатпайды.
Олардың ішінде тең аралық (бас масштабтары бірі-біріне тең) және
ортодромиялық (шарының үлкен шеңбері – ортодромиялары түзу сызықпен
кескінделеді)проекциялар ерекшеленеді.
Сфераның жазықтыққа (қағаз бетіне) жайғанда тең бұрыштық, тең шамалық,
тең аралық және ортодромиялық қасиеттері пайдаланылмайды. Кескінделетін
аймақтың әр жеріндегі бұрмалануды көрсету үшін төмендегі әдістер
қолданылады:
а) карта торының немесе эскизінің әр жерінде бұрмалану эллипсі
көрсетіледі;
ә) изоколдар (мәні бірдей бұрмалану сызықтары) беріледі;
б) карталардың әр жерінде кейбір сфералық сызықтар (көбінесе,
ортодромия “О” мен локсодромия “Л”) сызылады.

1.Картографиялық проекция

Картографиялық проекция, картографиялық кескін – Жер эллипсоидының
(шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта
бейнелеу.
Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық
проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең ауданды, тең бұрышты, тең
аралықты және еркін проекциялар.
Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық объектілердің
ауданы бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен аумақтарда бұрыштар мен
геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға ұшырайды.
Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың бұрмалануы жоқ.
Сонымен қатар мұндай карталарда аумағы шағын жерлер пішіні де дәл
кескінделеді. Ал ұзындықтың масштабы картаның кез келген нүктесінде барлық
бағытта да бірдей мөлшерде сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен географиялық
объектілердің ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды.
Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты тек канa бір
басты бағыт бойынша, тек параллель — немесе мередиан бойымен ғана
сақталады. Бұрыштар мен ауданнын бүрмалануы соншалықты байқала бермейді.
Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның, ұзындықтың
бұрмалануы аз мөлшерде картаның кез келген нүктесінде кездеседі.
Географиялық объектілерді жазықтыққа көшіру үшін пайдаланылатын көмекші
геометриялық беттердің түріне және картографиялық тордың ерекшелігіне қарай
проекциялар: цилиндрлік, конустық ж әне азиммуттық деп бөлінеді.
Азимуттық проекцияда параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар
бір нүктеден жан-жаққа бойлық бұрыштарының көрсеткішіне сәйкес бөлінген
түзу сызықтар түрінде таралады. Азимуттық проекциялар жекелеген материктер
мен полюстік аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады.
Цилиндрлік проекцияда параллельдер мен меридиандар көп жағзайда бір-
біріне тікбұрыш жасап орналасады. Цилиндрлік проекциялар дүниежүзілік
карталардың барлық түрін жасауда кеңінен пайдаланылады.
Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орнасқан аумақтар үшін өте
қолайлы, бұрмалану аз байқалады.
Сондықтан Ресей, Қазақстан және ТМД  елдерінің карталары көбінесе осы
проекциялар негізінде жасалады.

2. Гаусс Крюгер проекциясы

1928 ж. КСРО-да барлық геодезия және топографиялық жұмыстарға арналған
геодезия мәжілісінде Бессель эллипсоидында Гаусс - Крюгер проекциясы
қабылданған болатын. Бұл проекцияда 1:500000 - нан ірі масштабты
топографиялық карталарды жасай бастады, ал 1939 ж. бастап Гаусс-Крюгер
проекциясы 1:500000 масштабты картасында қолданылды.
1825 ж. К.Гаусс алғашқы рет бір жазықтықты екіншісінің үстіне шексіз
кіші бөлшектер түрінде бейнелеп сақтап отырудың жалпы шешімін тапты. 1912
ж. А.Крюгер жазықтықта қолданылған формулаларды есептеп, баспадан шығарды.
Осыдан кейін бұл проекция Гаусс - Крюгер атауын алып, топография-
геодезиялық жұмыстарда кең қолданыла бастады.  Гаусс – Крюгердің тең
бұрышты көлденең-цилиндрлі проекциялау заңы бойынша проекцияланады.
Сондықтан жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6° сайын меридиандармен 60 зонаға
бөлінеді, олар полюстен полюске дейін созылады. Зоналардың нөмірлері
батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианнан жүргізіледі, ал Грнивич
меридианы бірінші зонаның батыс шекарасы болып саналады. Әрбір зонаның
ортадағы меридианы остік меридиан деп аталады. Меридиандар мен параллельдер
қисықтармен бейнеленеді, меридиан зонасы мен экваторға салыстырмалы түрде
симметриялы, бірақ олардың қисықтығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гаусс Крюгер проекциясы.Тік бұрышты координаттар
Гаусс-Крюгер проекциясы және тiк бұрышты координаталар жүйесі
Геодезия туралы негізгі мәліметтер. Жердің пішіні мен өлшемдері туралы негізгі мәліметтер
Инженерлі – геодезияллық жұмыстарда беттік қатынасы мен координат жүйелерін таңдау
Гаусс-Крюгер проекциясы. Тік бұрышты координаталар
Картогафиялық проекциялар
«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
Координат жүйесінің жоғарғы геодезия қолданылуы
Проекциялардың жіктелуі мен дамуы
Картографиялық проекциялар және олардың түрлері
Пәндер