Табиғи және синтетикалық талшықтар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Табиғи және синтетикалық талшықтар
Орындаған: Қойшыбаева Қ.
Тобы : ТК-321
Тексерген: Нұрымхан Г. Н.
Семей, 2015 жыл
Жоспар
І КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Табиғи талшықтар. Өсімдік текті талшықтар. Мақта.
- Зығыр
- Синтетикалық талшықтар
- Полиамид талшықтар
- Капрон талшықтар
- Полиакрил талшықтар
- Нитрон талшықтар
- Хлорин талшықтар
- Лавсан талшықтар
III ҚОРТЫНДЫ
IY ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының мақсаты: синтетикалық талшықтардың құрамын, жасалу жолын және артықшылықтары мен кемшіліктерің қарастыру.
Зерттеу тақырыбының міндеттері- синтетикалық талшықтар жайлы
-жан-жақты толық қарастыру;
-оның химиялық құрамын, құрлысын, алыну жолын қарастыру;
Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциалын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан-жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудын қарқынды жолына кешіру негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Қиімге қойылатын талаптар гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық түрғыдан бөлініп қаралады.
Гигиеналық талаптардың өзі - адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналық көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал еткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс.
Киім жасау үшін талшықтар қолданылады.
Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 ТАБИҒИ ТАЛШЫҚТАР. ӨСІМДІК ТЕКТІ ТАЛШЫҚТАР. МАҚТА.
Мақта талшығын алуға арналған тұқымында ұзындығы 1-50 мм жіңішке талшықтар өсетін, бір жылдық бұталы өсімдік. Мақта өсімдігінің негізгі екі түрі кең тараған: орташа талшықты, орташа ұзындық беретін (2535 мм), жіңішке талшықты талшығының ұзындығы 35-50 мм. Мақта өсімдігінің өсіп өнетін кезеңі мақтаның селекциялық сортына және оның өсетін аймағына байланысты 90-180 күн аралығында тербеледі. Тұқымдардың еккеннен кейін екі айдан соң өсімдік 150 см биіктікке дейін көтеріледі де, оның жапырақтары пай- да болып гүлденуі басталады. Гүлдердің ішінде талшықпен жабылған тұқымы бар, қауашақ пайда болады. Мақта пісіп жетілген кезде қауашақ жарылады және талшықтар сыртқа шығады. Мақтаны жинау кезінде қауашақтан мақта-шикізат деп аталатын тұқымды талшықтарды бөліп алады. Мақта тазалағыш зауатта, арнайы талшық бөлгіш машинада тұқымнан талшық бөлініп алынады. Алынған мақта талшығы буылып, нығыздалып жиналады, содан кейін талшықтарды мақтаны алғашқы өңдеу фабрикасына жіберіледі. Талшықтар тұқымдардан тазаланғаннан кейін қысқа талшықтар алынады, оны мақтадан жасалатын беймата материалдарын өндіру үшін қолданады. Құрылысы бойынша мақта талшықтары негізі целлюлозадан (С^Н^О^) тұратын, созылған пішіндегі өсімдік жасушасы болып келеді. Целлюлоза глюкозаның қалдығынан жасалған полимер (қалдық саны 1 жетеді) .
Мақта талшығы бұйымда талшықтың жақсы тізбектелуін және кеуектілігін қамтамасыз ететін, спираль тәрізді құрылымымен сипатталады. Талшықтың беті кутикула деп аталатын, қорғаушы қабықты болып келеді. Ол целлюлозадан басқа, майлы, балауызды заттардан тұрады, бұл қасиет талшықтың химиялық беріктігін жоғарлатады. Кутикула аз су сіңіргіштік пен ылғал тартқыштық қасиетімен сипатталады, ол талшықтың сыртқы әсерлерге төзімділігін арттырады. Талшықтың бұралаңдық қасиеті иіру үдерісінде маңызы зор, осы қасиеттің арқасында жеке талшықтардың арасындағы сырғанаушылық қасиеті төмендейді. Бұл талшықтан иірімжіп жасағанда, оның ұзындық бірлігінде ширатылу саны төмендейді. Мақтаның гүлі өзінің төменгі жағында үш гүлді жапырақшасы бар. Гүл жапырақшалары мақта пісіп жетілгенде кебеді және талшықты жинау кезінде ол қоқымнан тазаландырады. Мақтаның цүрылысы. Мақтаның жеке талшықтары көзбен қарағанда 652 мм дейінгі ұзындықты, өте жіңішке (15-25 мм) талшық болып келеді. Мақта талшығын микроскоппен қарағанда ирлеңді қабысып қалған құбыр анық көрінеді. Талшықтың бұралаңдық қасиеті олардан берік иірімжіп алуға мүмкіндік беретін жақсы тізбектелуін көрсетеді. Жетілген талшықтар, құбыр енінің жартысына тең қалыңдықты дамыған қабырғаларымен сипатталады, ирелең саны 1-10мм болып келеді. Мұндай талшықтар ирелеңдік беріктігімен, иілгіштігімен, тізбектілігімен, жұмсақтығымен, құбырда ауаның едәуір болуының арқасында жақсы жылу сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді, бірақ жылтыр-лығы болмайды. Жетілмеген талшықтар жұқарақ қабырғалы, кеңірек құбырлы және аз бұралаңдығымен ерекшеленеді, олардың сапасы төмен. Мүлдем жетілмеген талшықтардың целлюлозалық қабырғасы болмайды, бұралаңдық қасиеті жоқ, мұндай талшықтарды пайдалану жарамсыз болып келеді. Қатты жетілген талшықтар өте дамып кеткен қабырғаларымен ерекшеленеді, олардың құбыры шамалы, бұралаңдылық қасиеті жоқ. Мұндай талшықтар жақсы беріктік және жылтырлық қасиетімен сипатталады, бірақ иілгіштігі және тізбектілігі аз, қаттылығы жоғары болып келеді. Мақтаның химиялық құрамы оның жетілуіне байланысты. Жақсы пішкен талшықтар целлюлозадан (95-96 %) және әр түрлі қоспалардан майдан, балауыздан, азотты және минералды заттардан тұрады.
Мақтаның табиғи түсі - ақ немесе ақ сары, кейбір жағдайда қою сары және жасылдау болуы мүмкін. Сипағанда талшық жұмсақ, жылы. Мақта талшығы жылтыр болмайды, күңгірт болып келеді. Піспеген талшықтар өте жұқа қабырғалы, кең кұбырлы және аз бұралаңдық қасиетімен ерекшеленеді, олардың сапасы өте төмен. Мақта талшығының қасиеттері: мақта талшыгының ұзындыгы 12 - 55 мм, болғандықтан жіңішке және берік иірімжіп алынады; жіңішкелік қасиеті (көлденең кесілген сызықты өлшем) талшықтың ұзындығына байланысты болып келеді. Талшық неғұрлым ұзын болса, соғұрлым жіңішке болады. Мақта талшығының орташа жіңішкелігі - 0, 015 - 0, 025 мм; қалыпты піскен мақта талшыгының беріктігі 4, 8-5 кг (ылғалды жағдайда 20 % ұлғаяды) үзілу күшімен анықталады. Оның үзілу ұзындығы - 24-35 км, беріктік шегі 25-35 кг/мм2; үзу кезіндегі мақта талшыгының ұзаруы - 7-8 %; ылғал сіңіргіштік басқа талшықтармен салыстырғанда мақта талшығының осы қасиеті жоғары бағаланады, ылғалға төзімді. мақта талшығы жоғары жылуға төзімді, оны 150°С температураға дейін қыздыруға болады, 200 °С жоғары температурада талшық балқиды және ол тұнық-қоңыр түске боялады. Мақта талшығы күн сәулесінің әсерінен әлсірейді, өңделмеген ма- таларды 940 сағат бойы тікелей күн сәулесімен жарықтандырғанда. олардың беріктігі 40% дейін төмендейді. Мақта талшығы қызады, тұтанады және жақсы жанады, жану кезінде жалынды өшіретін болса 200°С жоғары температурада талшық балқиды және ол тұнық-қоңыр түске боялады. Мақта талшығы күн сәулесінің әсерінен әлсірейді, өңделмеген ма- таларды 940 сағат бойы тікелей күн сәулесімен жарықтандырғанда. олардың беріктігі 40 % дейін төмендейді. Мақта талшығы қызады, тұтанады және жақсы жанады. Егер жану кезінде жалынды өшіретін болса, онда жанып жатқан соңы бықсып түтінденеді, түтіні ашық түсті болып келеді, жанған қағаздың иісі шығады. Сілтінің әсері. Мақтаның талшығы сілтінің әсеріне төзімді. Суық күйдіргіш сілтімен (күйдіргіш) өңдеу мақта талшығының құрылымы өзгереді, ол - ісінеді және өзінің иілгіштігін жоғалтады. Мақта матасын суық күйдіргіш сілтілі натрмен өңдеу арқылы тазалау мерсерлеу деп аталады. Мерсерлеу матаға жылтырлық, үлкен беріктік қасиетін береді және бояуға қабілеттілігін жоғарылатады. Мақта матасын күйдіргіш сілті ерітіндісінде ауаны жіберу арқылы қайнату кезінде мақта талшығының целлюлозасы ауа оттегісімен қышқылданады және оның беріктігі азаяды. Сол үшін күйдіргішпен
Мақта талшығының жалпы көрінісі ішкиімді жуғанда қайнату жабық ыдыста орындалады, ал ішкиімді қайнатқаннан кейін бірден дұрыстап шаю керек. Бейорганикалық және минералды қышқылдар (тұз, күкіртті. азотты) сұйытылған ерітіндіде мақта талшықтарын бұзады. Концентрацияланған қышқылдар мақта талшықтарын ерітуі және шала күйдіруі мүмкін.
1. 2 ЗЫҒЫР
Зығыр өсімдігінің сабағының қабығының қабатынан алы- натын талшықты зығыр талшығы деп аталады. Бұл бір жылдық шөптік өсімдік. Сабақта талшықтық қабат көлбеу жата орналасады. Оның биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Зығырдың екі түрі өседі, тұқым алынатын бұйра шашты зығыр. Зығыр талшығының құрылысы. Зығыр талшығы сабақта 1 қабықшамен және 3 ағашпен, өзара жабысқан 2 қабықты шоғыр көлденең жата орналасады. Сабақтың қабықты қабатынан бөлінген зығырлы техникалык талшықтар қарапайым талшықтармен (өте ұсаққа бөлінбейтін даралық) бірге жабысқан жұқа будалы болып келеді. Қарапайым талшықтардың ұштары бойлық, жұқа, үшкірленген пішінді, жабық құбырлы және иілген қалың түрімен сипатталады, ол 1. 7- суретте көрсетілген. Техникалық талшықтар иірімжіп иіретін және мата өндіретін талшық болып табылады. Зығыр мақта сияқты негізінен целлюлозадан (80 %) тұрады. Бұдан басқа техникалық зығыр талшықты дөрекілендіретін, ауырлататын және оған тұрақты ашық-сұр немесе тұнық сұр түс беретін жабысқақтан тұрады. Зығыр талшығының қасиеті. Техникалық зығыр талшығының ұзындыгы 400-700мм шекте, ал қарапайым талшықтың ұзындығы - 20- 30мм ауытқиды. Техникалық талшықтың жіңішкелілігі өте әртүрлі, ол қарапайым талшықтың жіңішкелігіне және олардың бумадағы санына байланы- сты. Қарапайым талшықтың жіңішкелігі мақта талшығына жақын. 0, 015-0, 025 мм болып келеді. Зығырдың қарапайым талшығының мықтылыгы 10 г үзілу күшімен анықталады. Оның үзілу ұзындығы - 60-62 км және мықтылық шегі 80-120 кг/мм2. Техникалық талшықтың мықтылығы 200 г үзілмелі жүктемемен анықталады, оның үзілу ұзындығы - 40 км, ал беріктік шегі - 50-60 кг/мм2 Үзілу кезіндегі зығыр талшығының ұзаруы - 1, 5-2, 5%. Ылгал тартқыштыгы - зығыр талшығының бағалы қасиеті. Ол үшін қалыпты ылғалдылық 12 %. Зығыр талшығы ылғалды тез сіңіреді және оны тез береді, яғни кебеді. Ылғалдың әсері. Ылғалды жағдайда зығырдың қарапайым талшығының мықтылығы мақта талшығынікі секілді болады. Бұл судың әсерімен жабысқақ - пектиналық - заттар бумада жұмсарады және қарапайым талшықтардың арасындағы байланыстар әлсірейді, буманың беріктігінің әлсіреуін тудырады.
Зығыр талшықтары мақта талшығы секілді қызу температура- сын көтере алады және сілтілерден бұзылмайды, ал қышқылдардан бұзылады. Зығыр талшықтары мақта талшықтарына қарағанда күн сәулесінің әсеріне төзімдірек болады. Өңделмеген матадағы зығыр талшығының мықтылығы 990 сағат бойы тікелей күн сәулесінің жарығын түсірген кезде 50 % төмендейді.
Жаққан кезде зығыр талшығы мақта секілді жанады. Зығыр қалың қабырғалы, тар құбырлы, жабық ұшты болып келеді, талшықтың беттігі біркелкі және тегіс, нәтижесінде мақта матасына қарағанда зығыр матасы аз кірленеді және жеңіл жуылады. Зығырдың бұл қасиеті ішкиімдік жаймалар үшін өте құнды. Зығыр талшықтары ылғалды тарту кезінде басқа тоқыма талшықтарына қарағанда, ылғалды тез сіңіреді және береді, ол - мақта матасына қарағанда мықты, салыстырмалы үзілу күші 60 сН/текс, үзілу кезінде ұзаруы 2-3 % құрайды. Зығыр талшығында лингиннің құрамы оны жарықтың, ауарайының, микроорганизмдердің әсеріне төзімдірек етеді. Талшықтың термиялық бұзылуы 160°С температурага дейін болмайды. Зыгыр талшыгының химиялық қасиеті мақтаға ұқсас, ол сілтінің әсеріне төзімді, бірақ қышқылға төзімсіз. Зығыр матасының табиғи әдемі, жібекті жылтырлы сыртқы түріне байланысты мерсерлеуге ұшырамайды. Бір жағынан төмен серпімділігіне бола, зығыр талшығы тез мыжылады, ағартылуы және боялуы қиындайды. Жоғары гигиеналық және мықтылық қасиетінің арқасында зығыр талшығынан іш киімдік, жаймалық мата (дене іш киімі, төсек, дастархан жаймасы), жаздық костюмдік-көйлектік маталар алынады. Зығыр матасының жартысы басқа талшықтардың қоспасынан өндіріледі, көптеген бөлігі негізі бойынша мақта иірімжіпті жартылай зығырлы жаймалық маталарда қолданылады. Зығыр талшығынан кенептен тоқылған мата, өртке арналған қолғаптар, баулар, аяқ киім-дік жіптер, ал зығырдың қалдығынан өте дөрекі маталар, ол - қаптық, брезенттер, жайғақтар өндіріледі. Жаңазеландиялық зығыр өсімдіктің жапырағынан қосылған, талшықты материал. Бұл зығыр түрінің отаны Жаңа Зеландия, соны- мен қатар, қазіргі уақытта ол Австралияда, Үндістанда, Оңтүстік Америкада, Ресейде, Сочида және Сухумда кеңінен таралған. Жаңазеландиялық зыгыр өсімдігі тропикалық белбеуге қарағанда біркелкі. Оны егу үшін кеппеген ылғалды, бірақ батпақ емес топырақ қажет. Зығыр тамырдың ұшы мен тұқымнан ажыратылып алынады, ол жай өседі. Тамырдан 1, 2м ұзындыққа жететін және көлемді енді, көптеген жапырақтар алынады. Жапырақтың розеткасының ортасынан сары гүлдердің бір жақ шоқтарынан шыққан, гүлді тілше пайда болады. Зығырдың гүлді сабағы әрбір үш жыл сайын шығады. Талшық арқан және дөрекі мата дайындау үшін қолданылады. Зығырдың техникалық ұзындығы 1 м жетеді. Олар кендір мен зығырға қарағанда берік, сары түсті, бірақ сынғыш және тез үзіледі. Тұқымдық қауашақтың, гүлдің және қарапайым талшықтардың жалпы көрнісі. Зеландияның зығыр талшығының техникалық талшығы 1, 75 м ұзындыққа дейін жетеді. Кендірдің қарапайым талшығының құрылысы зығыр талшығының құрылысына ұқсас, көлденең қимада қарапайым талшықтар сопақша пішінді және кең құбырлы, ұшы қосарланған болып келеді. Химиялық қатынаста кендір талшықтары сыртқы ағаштық зат - бастозаны қолдану арқылы целлюлозаны құрайды. Кендір бір жылдық шөпті өсімдіктен алынады. Орташа орыстық сораның сабағының ұзындығы 1-2м, оңтүстіктікі - 4м. Сораны бастапқы өңдеу зығырды өңдеуге ұқсас. Зығырмен салыстырғанда кендір талшығы дөрекілеу және беріктігі аз. Ұзын кендір талшығынан арқан, қысқалардан - кендір жіп, ораушы және қапты маталар өндіріледі.
Кендір киім, желкен және арқан дайындау үшін қолданылатын талшықты материал. Кендір зығырға қарағанда ағартылуы қиын. Бұл талшықтан өндірілген судың әсеріне түсетін арқандар, торлар, кендір жіптер, өртке арналған қолғаптар өте маңызды қасиет шіруге жай ұшырайды. Кенеп және джут. Жөке мен құлқайыр тұқымдасқа жататын, бір жылдық кенеп пен джут өсімдігінен алынады. Кенеп пен джуттың негізінде қаптық және ыдыстық маталар өндіріледі. Сипағанда құрғақ, бірақ ылғал тартқыштығы жоғары болуынан кендірден жасалған қаптар үлкен ылғалды қасиетімен сипатталатын, тауарды сақтау және тасу үшін қолданылады. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында кенепті өсіруден Солтүстік Иран атақты бола бастады, сондай-ақ, Кавказда, Орта Азияда кеңінен таралды. Кенеп өсімдіктің сабағынан алынған талшықты материал. Кенеп иран тілінен ауда-рылған, ол «иірімжіп» деген мағына береді. Кенеп биіктігі 1, 5 метрге жететін, бір жылдық шөпті өсімдік. Гүлдері өте қысқа гүл аяғында отырған, ол жоғарғы жапырақтың қуысында үштен немесе біреуден орналасқан. Гүл жапырағының негізінде күңгірт- қызыл дақты, сары түсті, қауашағы өткір ұшты, сопақша пішінді, ағаш тәріздес, кенеп 1. 9-суретте көрсетілген. Джут - үнді сөзінен аударылғанда - «ораушы қап» деген мағынаны білдіреді. Джуттың отаны Үндістанның Танга, Брамаптры және Мигра өзендерінің аймағы болып саналады, сондай-ақ, ол Африкада, Америкада, Қытайда, Египетте және Ташкент ықшам аудандарында өсіріледі. Джут - бір жылдық шөпті өсімдік. Оның сабағының биіктігі - 3-5м және қалыңдығы - 25-35 мм. Жапырағы сопақша өткір, ірі-тісті, гүлі ұсақ, сары. Джут тұзды көлемі үлкен, жақсы тыңайтылған, тасқын сумен суарылған топырақты жақсы көреді.
2. 1 СИНТЕТИКАЛЫҚ ТАЛШЫҚТАР. ПОЛИАМИД ТАЛШЫҚТАР
Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап жоғары механикалық беріктік. Ол затта әсер ететін, молекула аралық тартылыс күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір біріне жақын орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және балқымадан иіру.
Синтетикалық талшықтардың смола балқымасынан қалыптасуы(мысалы: капрон) схемасы суретте көрсетілген қондырғыда жүргізеді.
Ұсақталған смоланы бункерден қондырғының балқу жүретін бас тетігіне береді. Қыздырылып тұратын торда смола балқиды. Қоймалжың балқыма фильерге түседі, одан жіңішке ағым түрінде шахтаға шығады. Шахтаға суық ауа беріледі. Ағым суығанда жіңішке талшықтар алынады. Оларды әр түрлі жылдамдықпен айналып тұратын роликтерге созады және жіпке айналдырады.
Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден алынатын болса, сол мономерден алады(полителен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар)
2. 2 КАПРОН ТАЛШЫҚТАРЫ (ПЕРЛОН, СИЛОН)
Капрон талшықтары жоғары молекулалық зат капрон смоласынан щығарылады. Смола макромолекулаларының сызықтық стуктурасы бар екенін формула көрсетіп тұр. Олар шамамен 200 аминокапрон звеноларынан тұрады. Капрон смоласы алынатын бастапқы өнім капролактам деп аталады. Оны әр түрлі оңай қосылыстардан: фенолдан, аниленнен, циклогексаннан алуға болады.
Таза капролактам кристалдық ақ зат, қалыпты қысымда қайнау температурасы 258C, балқу температурасы 69-71C. Барлық дерлік еріткіштерде ериді. Капрон амид байланысы деп аталатын байланыстары бар полиамид талшықтары тобына жатқызылады.
Капрон талшығы өте бағалы механикалық қасиеттерімен белгілі және кеңінен қолданылады. Бірқатар техникалық мақсаттардан басқа, ол әр түрлі тігін және трикотаж бұйымдарын: шұлық және басқалар, сонымен қатар, балық аулауға қажетті заттар, жасанды талшық және т. б. даярлау үшін қажет. Капрон талшығы мақтанікінен екі есе берік, суда ісінбейді, қара күйеге желінбейді. Одан жасалған жасалған бұйымдарды өтектемесе де болады: тез кеуіп, олар фабрикада берілген бастапқы қалпына келеді. Капроннан иірілген жіп табиғи жібек жіптен 15-20 есе иілгіш. Капрон пластмасса түрінде де пайдаланылады, одан механизмдер үшін тетіктер жасайды. Капрон талшығы негізінде алынған маталардың кемшілігі, олардың ылңал сіңіре алмайтындығы. Соның салдарынан терінің тершеңдік ауруы және аллергиялық реакция туындайды.
Капрон жіптері вискоз жібегінің жіптерінен 4 есе жеңіл, олардың беріктігі2-3есе көп. Бұл капроннан, парашют ашылғанда кенеттен жұлқуда үзілмейтін, жеңіл парашют маталарын жасауға мүмкіндік береді. Капрон талшығынан істелген корд аса беріктігімен белгілі.
Егер автомобиль немесе велосипед шинасын кессе, сонда резинаға престелген иірілген жіптер көрінеді. Осы корд. Кордтан ленталар жасайды және оларды шикі резинамен сіңіреді. Әр шина осындай резиналанған ленталар қатарынан тұрады; олар бір біріне крест тәрізді салынған корд, темір бетондағы темір каркас секілді резинада байланыстырғыш қаңқа болып табылады. Капрон талшығының кемшілігі қышқыл әрекетіне онша төзе алмайды, оның макромолекулалары амидтік байланыс тұсынан гидролизге ұшырайды.
Эластик үлпілдек, аса созылғыш, талшық, одан іш киім, ұйық, шұлық, трикотаж бұйымдары жасалады. Мэронның да қасиеті соған ұқсас, бірақ эластиктен созылғыштығы нашарлау.
Анид адипин қышқылы мен гексаметилен диаминнен өндіріледі, технологиясы капронды өндіргенмен бірдей. Қасиеттері де капронға ұқсас, бірақ оған қарағанда жылуға төзімді және созылғыш келеді. Механикалық тоқымалар, әсіресе корд, текстиль т. б. бұйымдарды даярлауда кеңінен қолданылады. Анидті АҚШта нейлон, Жапонияда пропилон, Англияда найлон деп аталады.
Энант(найлон7) амиэнант қышқылынан алынады. Көп қасиеттері капронға ұқсас, бірақ жарыққа және жылуға берік. Бұдан корд, штапель жиырылмайтын тоқыма т. б. Шығарылады.
2. 3 НИТРОН ТАЛШЫҒЫ (НИТРИЛОН, ОРЛОН, ДАЙНЕЛЬ)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz